Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішінде грамматикалық құрылысы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата28.02.2022
өлшемі202,16 Kb.
#26676
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Темірхан Аяжан 5-семинар жұмысы

-ымыз,-іміз) ғана болғандықтан, тəуелді форманы ортақ тəуелдеу 

жəне оңаша тəуелдеу деп бөлуді тілдік дерек қуаттамайтындығын 

ескертеді. Соған қарамастан, қазақ тілінде тəуелдеудің аталған 

түрлері, олардың өзара ерекшелігі əбден орныққан, теориялық 

негіздері қалыптасқан деуге болады.   

Зат есімнің тəуелдік мағынасы тек тəуелдік жалғаулары арқылы 

ғана емес, сонымен қатар сөз түбіріне 

-нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары-

ның жалғануы арқылы да беріледі. Тəуелдік мағынаның тəуелдік 

жалғау жəне жұрнақ арқылы берілуіндегі ерекшелік олардың меншік 

иесіне немесе меншіктелетін затқа жалғануымен анықталады. Атап 

айтқанда, тəуелдік жалғау меншіктелетін затқа жалғанса, жұрнақ 

меншік иесіне жалғанады. Мысалы, 



менің кітабым, сенің қаламың, 

оның үйі; кітап менікі, қалам сенікі, үй онікі, т.б. 

Тəуелдік категориясының тілдік табиғатын анықтауда ғалымдар 

əртүрлі пікір білдіреді. Мəселен, А. Ысқақов иеленуші үш жақтың 

біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық 

категорияны тəуелдеу категориясы деп атаса, Н. Оралбай тəуелдік 

категориясын бір я көп заттың екінші бір затқа меншікті екенін 




42

білдіретін категория ретінде анықтайды. Қазақ тілі граммати-

каларында да тəуелдік категориясы белгілі бір заттың, нəрсенің 

кімнің меншігі екендігін білдіретін категория немесе өзге жүйедегі 

тілдерден түркі тілдерін типологиялық жағынан оқшаулап тұратын 

басты бір грамматикалық ен-таңбаның бірі ретінде сипатталады. Бұл 

анықтамалардың барлығына ортақ сипат: тəуелдік категориясының 

меншіктілік мағынамен байланысы, меншіктілік мағынаны білдіру 

категориясы ретінде анықталуы. 

Грамматикалық категорияның басты белгісі оның белгілі бір 

грамматикалық тəсілдер жəне көрсеткіштер арқылы берілуі екендігін 

ескерсек, тəуелдік категориясы тілде, негізінен, морфологиялық, 

синтаксистік жəне аралас тəсіл арқылы беріледі. Морфологиялық 

тəсіл зат есімге тəуелдік жалғауы немесе тəуелдік мағына үстейтін 

жұрнақтың жалғануы арқылы жүзеге асады. Мысалы, 

даланың 

шөбі, ауылдың кітапханасы, шөп даланікі, кітапхана ауылдікі, т.б. 

Синтаксистік тəсілде меншік иесі – біз, сіз есімдіктері мешіктелетін, 

тəуелденетін затпен тəуелдік жалғауы арқылы байланысып, 

меншіктелетін затты өзіне ешбір қосымшасыз тіркестіреді. Мысалы, 



сіздің ауыл, біздің мектеп, т.б. Ал аралас тəсіл біз, сіз есімдіктерінен 

басқа есімдіктер мен зат есімдердің меншік иесі қызметінде тұрып, 

меншіктелетін заттың үнемі тəуелдік жалғауында тұруы арқылы 

жасалады. Мысалы, 



біздің үйіміз, олардың достары, кітапхананың 

кітабы, т.б. 

Түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін басқа тілдер жүйесінен 

грамматикалық құрылысы жағынан ерекшелендіретін категория 

 

-



ның бірі – тəуелдік категориясының меншікті мағына білдіруші 

негізгі грамматикалық көрсеткіштерінің бірі – тəуелдік жалғауы. 

Тəуелдік жалғаулары жалғанған сөздер өзі тіркесетін сөзінің ілік 

септігі жалғауында тұруын қажет етеді. Зат есімдер үш жақта, жеке-

ше жəне көпше түрде тəуелденеді. Көпше түрде тəуелдену тəуелдік 

жалғауын көптік жалғауымен байланыстырады. Сөз құрамында 

көптік жалғауымен қатар келген жағдайда тəуелдік жалғауы орын 

тəртібі жағынан көптік жалғауынан кейін жалғанады. Тəуелдік 

жалғауы септік жəне жіктік жалғауларымен де байланысады. Бұл 

жағдайда орын тəртібі жағынан тəуелдік жалғауы сөзге аталған 

жалғаулардан бұрын жалғанады. 

Ғалым Ы. Маманов тəуелді форма, негізінен, зат есімге тəн фор-

ма бола тұра, зат есімнен басқа сөз таптарының да тəуелді форма-

мен түрленетіндігін атап көрсетеді. Соның негізінде əр сөз табының 




43

тəуелді формасының контекстегі жəне сөздің ішкі мағынасына бай-

ланысты бірнеше мағыналық қатынасын анықтайды. Олар: 1) тəуелді 

формадағы зат есімдердің ілік септігіндегі иеленуші сөзге үстейтін 

қатыстық мағыналары: меншіктілік қатынас (



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет