болады. Шығыс септігінің мағыналық сипатындағы тағы бір
47
ерекшелігі, жатыс септігі тəрізді, өзі жалғанатын сөздің семантика-
сына байланысты мағынаны да білдіреді. Оған жоғарыда келтірілген
өлшем, мөлшер мағынасы дəлел бола алады.
Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінде жеке септік жалғауы
ретінде танылмайтын, қазақ тіліндегі септіктер жүйесінде кейіннен
қалыптасқан септік жалғауы – көмектес септігі. Қазақ тілін басқа
түркі тілдерінен ерекшелендіретін бір белгі – көмектес септігінің
дербес септік ретінде танылуы. Көмектес септігінің грамматикалық
көрсеткіштері (
-мен//-бен//-пен//-менен// -бенен// -пенен) тіліміздің
сингармонизм заңына бағынбай, жуан буынды сөздерге де осы
тұлғада жалғана береді. Грамматикалық мағынасына қарай іс-
əрекеттің, амалдың мезгілін, мекенін, жүзеге асу құралы мен тəсілін
т.б. белгілерін білдіреді. Көмектес септігінің мағыналық құрамы
аса күрделі. Ғалым Н. Оралбай зат есімге үстейтін грамматикалық
мағынасына қарай көмектес септігінің мынадай мағыналарын бөліп
көрсетеді: 1) қимылдың құралы:
балтамен шапты; 2) ортақтық
мағына:
туыстарымен жасады; 3) қимылдың тəсілі:
ақылмен істе;
4) қимылдың мекені:
жолмен жүрді; 5) қимылдың мезгілі:
күнімен
күтті, т.б.
Ғалым А. Ысқақов осы мағыналарға көмектес септігінің
қимылдың астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын білдіретін
мағыналарды да қосады. Мысалы,
кезумен келеді, қалғумен
тыңдайды, т.б.
«Қазақ тілінің грамматикасында» (1967) көмектес септігіндегі
сөздерді мағынасына қарай мынадай топтарға бөледі: 1) істің,
қимылдың, амалдың немен, қандай құралмен істелгендігі, яғни
құралдық мағына:
жіппен байлау, сыпырғышпен сыпыру, т.б.; 2) іс-
əрекетті, қимылды атқаруға қатынасқан адамды білдіру:
Асқармен
келді, Омармен сөйлесті, т.б.; 3) істің, қимылдың амалы:
ынтамен
тыңдау, сөзбен жеңу, т.б.; 4) істің, қимылдың мақсаты:
бір оймен
келу, т.б.; 5) іс-қимылдың қай жерде, ненің бойында өткендігі:
жолмен
жүру; 6) мезгіл мағыналы сөздерге жалғанғанда үстеулік мағынаға
ие болады:
күнімен, түнімен, т.б.; 7) есімшенің өткен шағына
жалғанғанда қарсылық мəнге ие болады:
көргенмен, айтқанмен, т.б.
Бұл қатарда көмектес септігінің көнеленуі арқылы мезгіл (
күнімен,
түнімен), сын-қимыл (
ынтамен) үстеулеріне ауысқан сөздер де бар.
Көмектес септігінің мағыналық қырларындағы мұндай ерекшеліктер
оның септіктер жүйесіндегі өзіндік орнын, сипатын танытады.
Тіл біліміндегі аналитизм, аналитикалық форма ұғымдарын зат
48
есімнің септік категориясына қатысты қолданып, септік жал ғау-
ла рын аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан қарастыратын тұ-
жырымдар да бар. Ғалым Н. Оралбай осы ұғымға қатысына
қарай қазақ тіліндегі септік категориясын синтетикалық жəне
аналитикалық септік деп екіге бөліп, сөздің септік жалғаулары
арқылы түрленуін септіктің синтетикалық парадигмасы, ал септік
категориясы мағынасының көмекші сөздер арқылы күрделенген
түрін аналитикалық септік деп атайды. Мысалы,
жұмыстан келді –
жұмыстан кейін келді, үйге барды – үйге дейін барды, т.б. Бұлардың
алғашқылары синтетикалық септік, кейінгілері аналитикалық септік.
Ғалым аналитикалық септікті жасалуына қарай көмекші есімді
аналитикалық септік жəне септеулік шылаулар арқылы жасалған
аналитикалық септік деп екіге бөледі. Жалпы, аналитикалық фор-
ма, аналитикалық формант ұғымдары сөз таптарының ішінде,
негізінен, етістікке қатысты қолданылып, қазақ тілі морфология-
сында аналитикалық етістік, етістіктің аналитикалық формасы,
аналитикалық формант ұғымдары əбден орныққан, қалыптасқан.
Ал аталған ұғымның есім сөз таптарына, оның ішінде зат есім мен
сын есімге қатысы, жекелеген тұжырымдарда болмаса, өз алдына
дербес зерттеу нысанына алынбай жүргендігі белгілі. Сол сияқты
аналитикалық септік мəселесін де қазақ тілінің грамматикасында
ғылыми айналымға əлі толық енбеген, кеңінен қарастыруды қажет
ететін өзекті мəселелердің бірі ретінде қарауға болады.
Зат есімнің грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуінің бір
жолы – оның жіктелуі. «Қазақ тілінің грамматикасында» (1967)
қазақ тіліндегі зат есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен
ерекшелендіретін белгілердің бірі ретінде жақтылық пен жақсыздық
категориясын бөліп көрсетеді. Оның ішінде жақтылық категориясы-
на жіктелуге қабілеті бар барлық зат есімдерді, ал жақсыздық катего-
риясына жіктелуге қабілетсіз, яғни жіктік жалғауын қабылдамайтын
зат есімдерді жатқызады. Ғалым К. Аханов жіктік жалғауын жақтық
мағынаның көрсеткіші ретінде анықтап, қазақ тілінде етістіктермен
қатар баяндауыш қызметінде жұмсалғанда зат есім, сын есім, сан
есім жəне кейбір есімдіктердің де жіктелетінін атап көрсетеді. Есім
сөздердің жіктік жалғауын қабылдап, тұлғалық өзгеріске түсуін ба-
яндауышты бастауышпен қиыстыра байланыстырудың негізгі шар-
ты ретінде түсіндіреді. Ғалым Н. Оралбай зат есімдердің жіктелуін
олардың синтаксистік қызметімен байланыстырады. Жіктік
жалғаулары баяндауыш болатын сөздерге жалғанатындықтан,
49
зат есімдер де баяндауыш қызметінде жіктеу жүйесімен толық
түрленеді. Ал басқа мағыналық топтары қолданылу ыңғайына
қарай субъектілік мəнге ие болған жағдайда ғана жіктік жалғауын
қабылдайды. Сондықтан жақтық мағынаның етістіктерден болған
баяндауыш арқылы берілетінін негізге алсақ, зат есімнің жіктік
жалғауын қабылдауын оның синтаксистік қызметі тұрғысынан
түсіндіру қажет. Ал жақ категориясы, негізінен, етістіктерге тəн
грамматикалық категория ретінде қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: