Көбіктерді жіктеу көбінесе олардың
еселігіне (β) негізделінеді: егер
β<10
болса, онда көбіктерді
сұйық көбіктер деп, ал егер
10≤β≤1000 болса, онда
құрғақ көбіктер деп атайды.
Көбіктердің негізгі сипаттамаларына
еселілік, дисперстік, уақыт
ішіндегі тұрақтылық жатады.
Көбіктерде
газ
көпіршіктері
дисперсиялық
ортаның
жұқа
қабатшасымен-көбік қабыршықтарымен бір-біріне сығылады. Егер үш
көпіршік арасында түйісу жүзеге асатын болса, онда жүйе тұрақты тепе-
теңдікте болады. Бұл көпіршіктер арасындағы сұйық қабыршықтары
Плато үшбұрышын құрайды. Қабыршықтар арасындағы бұрыштар
шамамен 120º болады. Қабыршықтар түйіскен жерлерде каналдар деп
аталатын жуандаулар (қалыңдықтар) пайда болады.
Көбіктер типтік лиофобтық жүйелерге жатады. Олар
термодинамикалық
тұрақсыз жүйелер. Оларда көбіктің құрылымын өзгертуге және оның
біртіндеп бұзылуына жеткізетін келесі процестер жүреді.
1. Кіші көпіршіктерден одан үлкендеу көпіршіктерге және беттік
көпіршіктерден сыртқы ортаға газдың диффузиялық тасымалы жүреді.
Көбіктердің агрегаттық тұрақсыздығы осыған байланысты болады.
2. Ауырлық күші әсерінен дисперсиялық ортаның ағып құйылуы болады.
Көбіктердің седиментациялық тұрақсыздығы осыған байланысты болады.
3. Келтірілген процестер көбік қабыршықтарының жұқаруына және
олардың біртіндеп бұзылуына әкеліп жеткізеді.
Тұрақты көбіктер тек арнайы заттар-
көбік түзушілердің қатысуында ғана
түзіле алады. Көбік түзушілер ретінде әдетте коллоидты БАЗ-дар және ЖМҚ-
тар қолданылады.
Осы заттар түзетін адсорбциялық қабаттар көбіктерден сұйықтың ағуын
тежеп (баяулатып), көбік қабыршықтарын тұрақтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: