𝜎
0
-таза еріткіштің (судың) беттік керілуі;
К-константа.
Салыстырмалы түрде концентрация үлкен болса, онда концентрацияға (С)
байланысты σ – ның кемуі Шишковскийдің эмпирикалық мына теңдеуімен
сипатталады:
∆𝜎 = 𝜎
0
− 𝜎 = 𝐵𝑙𝑛(1 + КС) немесе 𝜎 = 𝜎
0
− 𝐵𝑙𝑛(1 + КС).
Мұндағы В-БАЗ табиғатына тәуелділігі аз константа, ол гомологтық қатарда
өзгермейді және 20ºС-да 0,2-қа тең болады; К-
меншікті капиллярлық
тұрақты деп аталатын константа, әрбір БАЗ үшін тән сипаттама және
көмірсутек тізбегі бір СН
2
-тобына ұзарғанда ол 3÷3,5 есе артады.
Шишковский теңдеуін Гиббс және Лэнгмюр теңдеулерін бірге шешу
арқылы теориялық жолмен алуға болады.
Жоғарыда келтірілгендей G-да, K-да гомологтық қатарда көмірсутек
радикал (R) бір СН
2
тобына артқанда бірдей шамаға, яғни 3÷3,5 есеге артады.
Бұл беттік активтілік (G) пен адсорбциялық активтілік (K) түсініктерінің
ортақтылығын білдіреді.
K және G қатынастары шамалары әртүрлі гомологтық қатарларда неге
бірдей болады деген сұраққа жауап беру үшін гомологтық қатардағы екі көрші
мүшенің адсорбция жұмыстарын 300K-де қарастыру қажет:
𝐴
𝑛
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛
және
𝐴
𝑛+1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛+1
.
Жұмыстар айырымын есептеп табайық: Ол:
∆𝐴 = 𝐴
𝑛
− 𝐴
𝑛−1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛
− 𝑅𝑇𝑙𝑛К
𝑛−1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛
К
𝑛
К
𝑛−1
= 𝑅𝑇𝑙𝑛3,5 = 2 ∙ 300° ∙
2,3𝑙𝑔3,5 = 750 кал/моль
болады.
Бұдан мынаны жазуға болады:
RT
lnK
n
= RT
lnK
n-1
+750 = RT
lnK
n-2
+2∙750 = RT
lnK
n-3
+3∙750=…,
яғни жалпы түрде: 𝑅𝑇𝑙𝑛𝑘
𝑛
= 𝐶 + 𝑛 ∙ 750 болады. БАЗ-дың беттік қабаттан (s)
көлемдік фазаға (α) тасымалдану жұмысы
𝑊 = 𝜇
0𝛼
+ 𝜇
0𝑆
= 𝑅𝑇𝑙𝑛К = 𝐶 + 750 ∙ 𝑛
формуласымен анықталады.
Келтірілген есептеу бұл процессте әрбір СН
2
тобы үшін 750кал/моль
жұмыс жұмсауды қажет ететінін көрсетеді. Бұл-су дипольдері арасын бір-
бірінен СН
2
тобы шамасына ашу жұмысы болып табылады. Бұл аддитивті
және алифатты қаныққан қосылыстардың әртүрлі қатарлары үшін бірдей
шама. Гомологтық қатардағы көрші екі мүше үшін жұмыстар айырымы
(инкременті) логарифм таңбасы астындағы 3÷3,5 есе болатын, Траубе
ережесіндегі шамаға айналады. Сонымен, Траубе ережесінің мәні мынада:
әрбір СН
2
буын үшін адсорбция жұмысы тұрақты және 750 кал/моль болады.
Әдебиеттер: [1-10]; [11-14];[28-33].
Достарыңызбен бөлісу: