2. Бірінші тәжірибедегі катодты құбыр бойымен судың деңгейінің
көтерілуін дәлелдеу үшін Рейсс U-тәрізді құбыр алып, судың электролизінің
өнімдерін бөлу мақсатында оның төменгі бөлігін ұнтақталған кварцпен
толтырып, электродтарға сыртқы кернеу (100 В) жібергенде, судың теріс
зарядты электродқа (катодқа) қарай қозғалғанын, су деңгейінің көтерілгенін
және оң зарядты электрод бар жақта су деңгейінің төмендегенін байқады. Бұл
құбылысты ол электроосмос деп атады.
Сонымен осы тәжірибелер негізінде ДЖ-ні электр өрісімен
байланыстыратын екі құбылыс: электрофорез және электроосмос ашылды.
Электрофорез-бұл сыртқы электр өрісі әсерінен дисперстік фаза бөлшектерінің дисперсиялық ортаға қатысты тасымалдануы (орын алмастыруы). Электроосмос-бұл сыртқы электр өрісі әсерінен дисперсиялық ортаның қозғалмайтын ДФ-ға (түтікті-кеуекті) қатысты тасымалдануы (орын алмастыруы). Коллоидтық бөлшектерде (мицеллалар гранулаларында) электр заряды
болатындықтан, олар сыртқы электр өрісіне қалай болса солай қарай алмайды.
Коллоидтық ерітінділерге электр өрісін түсіргенде әуеліде ретсіз қозғалып
жүрген ДФ бөлшектері қозғалыстың басым бағытын қабылдай бастайды, яғни
олар қарама-қарсы зарядталған электродтар жағына қарай тасымалдана
жылжи бастайды. Коллоидтық ерітіндінің сұйық бөлігі қарама-қарсы бағытқа
қарай қозғалатын болады. Сөйтіп коллоидтық бөлшек мицелласының бұзылуы
жүреді.
3. Біраз кейінірек, XIX ғ. екінші жартысында себеп-салдарлы байланыс
сипатына қарай электрофорез бен электроосмосқа кері екі құб ылыс табылды.
Г.Квинке 1859 ж. электроосмосқа қарама-қарсы эффекті тапты. Суды кеуекті
диафрагма арқылы сүзгенде (аққызғанда, өткізгенде) оның екі жағының
арасында ықпалынан сұйық ағып өтетін қысымға пропорционал потенциалдар
айырымы (Э.Қ.К.) туады. Бұл электроосмосқа кері құбылыс ағын (немесе ағып өту) потенциалы-Квинке эффектісі деп аталады. 4. Төртінші, электрофорезге кері құбылысты 1878(9) ж. Е.Дорн ашты.
Кварц бөлшектері суда механикалық шөккенде гальванометрде потенциалдар
айырымын (ЭҚК) тіркелген. Бұл құбылыс, яғни қатты бөлшектер (құмның,
шыны моншақтардың) сұйықта қозғалғанда (тұнбаға түскенде) әртүрлі биікте
орналасқан екі электрод арасында потенциалдар айырымының пайда болуы