тұну (шөгу, отыру) потенциалы немесе седиментаци, немесе Дорн эффектісі деп аталды. Седиментация (тұну) потенциалы-бұл ДФ бөлшектерінің тұнбаға түсуі (тұнуы) жүретін сұйық бар ыдыста әртүрлі биікте орналасқан электродтарда потенциалдардың пайда болу құбылысы. Сыртқы электр өрісі тудыратын (электрофорез, электроосмос) немесе
электр өрісінің тууына әкелетін (ағу потенциалы, тұну потенциалы)
фазалардың бөліну беті бойымен салыстырмалы (бір-біріне қатысты) қозғалыс
құбылыстары электрокинетикалық құбылыстар (ЭКҚ) деп аталады. Бұл құбылыстарда электр өрісі мен жылдамдықтар (кинетикалық) өрісі
арасында өзара байланыс байқалады. Олар бір-бірімен не себептік принцип
бойынша, не нысанның белгісі бойынша жұптасып топтаса алады.
ЭКҚ-тар бірінші және екінші ретті құбылыстарға бөлінеді.