Бірінші ретті ЭКҚ деп сыртқы электр өрісі әсерінен бір фазаның басқа
фазаға салыстырмалы қозғалысын түсіндіреді. Бұларға электрофорез және электроосмос жатады. Екінші ретті ЭКҚ деп бір фаза екіншісіне қатысты салыстырмалы
қозғалғанда электрокинетикалық потенциал пайда болатын құбылысты
түсінеді. Оларға ағу потенциалы және тұну (шөгу, тұнбаға түсіру)
потенциалдары жатады. Сонымен, бұл барлық құбылыстар диффуздық қабаттың қозғалмалы
заряды және ығысу шекарасындағы оған пропорционал (бірінші жуықтауда)
ζ(дзета)-потенциал көп болған сайын соншама күштірек дамыған болуы тиіс.