§ 4. Лексика құрамы және ондағы өзгерістер
XIX ғасырдың I жартысындағы (60-70-жылдарына дейінгі)
қазақтың төл әдеби тілінің лексикалық құрамының негізі –
алдыңғы дәуірлерден сұрыпталып, нормаланып келген сөз
байлығы болды. Оның басымы – қазақтың өз сөздері, екінші
қабаты – араб-парсылық кірме сөздер. Әдетте, сөздік – за-
ман айнасы. Сондықтан бұл кезеңде өздері білдіретін зат,
ұғымдардың өмірден бірте-бірте қалып бара жатқанына қарай
және сөз мағынасының ішкі семантикалық қозғалыс заңына
орай кейбір сөз топтарының тіл тәжірибесінен ығыса бастауы
немесе керісінше, қазақ даласына XIX ғасырда келе бастаған
жаңа әлеуметіік, экономикалық құбылыстарға байланысты
көптеген соны сөздердің пайда болуы сияқты процестер жүріп
жатты. Дегенмен бұл процесс әлі де күрт түрде емес, баяу, бірте-
бірте өзгеру сипатында болды. Бұған, біздіңше, екі фактор се-
беп болды. Бірі – бұрынғы ұғым, зат, құбылыстардың қоғам
өмірінен әлі де үзілді-кесілді кетпегендігі. Мысалы, кәдеден
қалып бара жатқан қару-жарақ атаулары мен қазақ қоғамының
ішкі саяси-әкімшілік құрылысына қатысты сөздердің көпшілігі
XIX ғасырдың I жартысында әлі де актив элементтер түрінде
сақталды.
205
Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі ілгергі
дәуірлердегі жаугершілік мотивтегі әдебиет үлгілерінің тілін
әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік туғызды. Демек, жаугер-
шілікке қатысты бұрынғы образдар, оларды жасайтын тілдік
құрал- тәсілдер молынан пайдаланылды. Бұл әсіресе жауынгер
ақын Махамбетте күшті сезіледі. Оның тілінде бұрынғы най-
за, садақ, сүңгі, жебе, қорамсақ, адырна, сауыт, оқ, кіреуке,
дулыға деген қару-жарақ, сауыт-сайман атаулары да, қол, шерік
(әскер), ер, жолдас, азамат («дружинник» мағынасында),
аламан сияқты «қару ұстайтындардың» атаулары да өз
мағыналарында еркін жұмсалады. Олар бұрынғыша тұрақты
эпитеттермен келіп, образ жасауға да актив қатысады: алты
құлаш ақ найза, толғамалы найза, қималы найза, қоңыраулы
найза; садақ толған сай кез оқ, қызыл сырлы жебе, қозы жа-
урын оқ, сұр жебелі оқ т.б. Бұл кезеңде тек Махамбет емес,
жалпы батырлық, жаугершілік тақырыпты да сөз еткен өзге
ақындар да бұрынғы әскери сөз қоймасына жүгінеді. Мысалы,
«Еспембет» поэмасында Дулат та кіреуке, жеңсіз берен, адыр-
на, бадана көз тоғыз тор сауыт, сары ырғай садақ, найза, сем-
сер, оқ, білтелі сөздерін қолданады. Сонымен қатар бұларда
әскер сөзі жандана бастайды, ол бұрынғы шерік, қол сөздерінің
тепе-тең баламасы ретінде жиі жұмсалады. Бірақ осы атаулар
әдебиет үлгілерінде азая береді. Тіпті «Мен едім Исатайдың
Шерниязы» деп өткен Шернияз ақында соғысқа, ұрысқа
қатысты сөздер әлдеқайда кем ұшырасады. XIX ғасырдың I
жартысындағы аты аталғандардан өзгелерде олар тіпті жоққа
тән.
Тілдегі өзгерістердің қауырт болмауының екінші себебі –
әдеби тілдің дамуындағы іліктестікке байланысты. Мысалы,
орда, хандық, «жұрт» мағынасындағы байтақ, «қазақ халқы»
ұғымын білдіретін алаш, «рулас, ағайын» мәніндегі қарындас,
«алыс, шет аймақ» мағынасындағы қырым, «тұтқын» мағы-
насындағы жетім «заңды, заңсыз» деген ұғымдарды беретін
теңдікті,. теңдіксіз сөздері, «ұл, бала» мағынасындағы көбеген,
көбек, ұлан, «ойрандалу, жаудан жеңілу» ұғымындағы бүлу,
«қоластындағы халық» мәніндегі астана жұрт, аса жұрт,
әлеуметтік топ ұғымындағы бұзық, оның синонимі – тентек,
206
«ұрыс» мағынасындағы соғыс, «жазу» мағынасындағы сызу
(«Шежіре туған адамның көкірегі сызған хатпен тең» – Ду-
лат) сөздерінің XIX ғасырдың 60-70-жылдарына дейінгі қазақ
әдеби тілінде орын алып келуі – әдеби тіл дәстүрінің жемісі.
Бұл сөздердің барлығы бұрынғы эпитеттерімен, тіркесу
үлгілерімен (модельдерімен) сақталып, әрдайым дерлік об-
раз үшін қолданылады. Махамбет: Алты сан алаш ат бөліп,
Достарыңызбен бөлісу: |