Жиналыс тың басталуы Құрметті ата-аналар, біздің «Алтын бесік» атты балабақшамызға қош келдіңіздер!
Қадамдарыңызға нұр бітсін. Біздің балабақшамыздың тұсауы салтанатты түрде
2012 жылдың 28 желтоқсан айында кесілген болатын. Жиналысымызды бастамас
бұрын біз сіздермен «Карусель» әдісі бойынша сәлемдесіп, бір-бірімізге жылы сөз
айтайық. Ол үшін мен сіздерді ортаға шақырамын. Шақырту билетінің нөмірі
бойынша екі командаға бөлінеміз де екі шеңбер құраймыз (сыртқы шеңбер –
екінші, ішкі шеңбер – бірінші), енді карусель секілді айналып отырып бір
бірімізбен - бірінші айналымда өзіміді таныстырамыз, екінші айналымда
сәлемдесеміз, үшінші айналымда жылы сөз айтамыз.
Ата – аналар жұмысымызды бастамас бұрын топқа «ата», «ана», «бала»,
«балабақша» қима сөздер арқылы бөлінеміз де бір шумақ өлең айтып
орындарымызға барып жайғасып отырамыз.
Құрметті ата – аналар Балаларыңыздың келген тобының атауы «_____________»
болады (Слайд). Балаларыңызға тәлім-тәрбие беретін осы топтың тәрбиешілері:
_____________, _________________ және көмекші __________________болады.