~ 213 ~
балалардан алған сұхбаттарын қолдануға болады. Мұның бәрі жиналыстың тақырыбын ашып
қабылдауға көмектеседі. Жиналыстың бұл бөлігін өткізу барысында интерактивті әдіс-
тәсілдерді, жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолдануға болады.
3. Ата-аналар жиналысының соңғы бөлімінде баланың балабақшадағы іс-әрекеті жайлы,
бос уақытын ұйымдастыру, балабақша мен отбасының бірігіп өткізетін шаралары жайлы
әңгіме жүргізіледі.Ата-аналарға талқылауға берілген мәселелердің алдын алабірнеше шешу
нұсқаларын ойластырып қою керек, көмектесе алатын ата-аналарды анықтап сұрауға болады.
Кейбір сұрақтарды ата-аналар комитетімен алдын ала шешіп алуға болады.Жиналыс аяқталар
кезде хаттамада белгіленген сұрақтар бойынша шешімдермен таныстырып кездесу бойынша
қорытынды жасалады.Жиналысты белгіленген уақытта аяқтау, маңызды мәселелердің бірі
болып табылады. Ата-аналармен және ата-аналар өзара қарым-қатынас жасау уақыттарын
белгілеп беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: