~ 212 ~
Сонымен қатар, ата-аналар чатына балаларды қатыстырып шақыру видеосынтүсіріп жіберуге
де өте тиімді.
3. Жиналыстың тақырыбына сай ата-аналарға нақты кеңестер жазылғанжадынамалар
жасауға болады. Жадынама мазмұны қысқа да нұсқа, үлкен шрифтпен жазу керек.
4. Ата-аналарды жиналысқа тарту үшін алдын ала тақырыпқа сайәртүрлі форматта:
ойын, жарыс немесе топ балаларықолдан жасаған заттардан (бұйым, көрпешілер)
көрмеұйымдастырған тиімді. Педагог жасалған әр жұмысқа тоқталып ата-аналарға
таныстырылым жүргізеді.
5. Ата-аналардың назарын аудару үшін, алдын ала жиналыс тақырыбына сай балалардан
сұхбат алып, олардың жауаптарын бейне таспаға түсіріпжазып алудың ықпалы мол болады.
6. Ата-аналарды жиналысқа тарту үшін алдын ала жиналыс тақырыбына сай
балалармен бірлесе қолдан жасалған плакаттардықолдану тиімді.
7. Ата-аналар комитетінің отырысын жиналысқа дейін бір ай бұрын өткізу керек.Себебі
осындай отырысбарысында жиналыста талқылауға салынатын өзекті сұрақтарды алдын ала
анықтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: