ӘОЖ 327.268.2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ Журунтаева С.Б. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Көкшетау қ. Батырбаева Н.К. Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Петропавловск қ. Балабақшадатәрбиешілердің күнделікті жұмыстарын бақылыпжәне сұхбаттасу жүргізу
барысында кез келген тәрбиеші, әсіресе, жас мамандар ата-аналармен жиналыс өткізген сәтте
қиыншылықтармен кездесетіндері жайында қорытындыжасадық.Тәрбиеші ата-аналармен
күнделікті қарым қатынаста болады. Ол бала тәрбиелеуде мықты жақтары мен әлсіз тұстарын
әрдайым көріп отырады. Ата-аналар баланың психикалық және физикалық дамуына
байланыста қызығушылықтарын қанағаттандыра алмайды, себебі педагогикалық стратегия-
ларды құру қолдарынан келмейді. Осындай мәселелерді шешу үшін жұмыс формасы ретінде
ата-аналар жиналысының орны бөлек болып табылады.Жиналыста бала мен ата-аналар
ұжымының мәселелері талқыланады.Ересек адамдар мен балалар арасында қарым-қатынасты
қалыптастыру үшін, педагогтар ұжымы мен ата-аналар үлкен, біртұтас отбасы ретінде
қарастырған маңызды. Бала өз ата-анасымен бірлесіп іс-әрекет жасаған жағдайда ғана
қызықты өмір сүре алады деп айтуға болады.Кейбір ата-аналардың уақыттарының жеткіліксіз
болуына, кей кезде тіпті тәрбиешімен сөйлесуге, ата-аналар жиналысына келугеде қолдары
тимейді және де өз балалары жайлы бәрін білемін деп ойлайды. Бұл жағдайда педагог ата-
ананы қажетті педагогикалық ақпаратпен қамтып, содан соң, қалайша ата-аналар жиналысын
тиімді ұйымдастырамын депойлануы тиіс.