46
бөлiкте iшкi программалардың тек қана тақырыптары келтiрiледi, ал олардың толық
анықтамасы модульдiң орындалатын бөлiгiнде көрсетiледi.
Модульдiң орындалатын бөлiгi арнайы
Implementation сӛзiмен басталып, интерфейстiк бӛлiктегi
жарияланған iшкi программаның баяндауынан құралады, яғни модулдiң интерфейстiк бӛлiгiнде
аталған iшкi программалардың денелерi осы бӛлiкте анықталуы қажет. Iшкi программалардың
толық анықтамасында процедураның немесе функцияның тақырыбы қысқартылған түрде кӛрсетiлуi
мүмкiн: procedure немесе function түйiндi сӛздер, олардың атаулары және ‗ ;‘ таңба келтiрiледi.
Егер iшкi программаның тақырыбы толық кӛрсетiлсе, онда ол интерфейстiк бӛлiктегiмен бiрдей
болуы керек. Сонымен қатар, бұл бӛлiкте аталмыш модульдiң инициализациялау бӛлiгiнде
қолданылатын жергiлiктi обьектiлерi - қосымша түрлерi, тұрақтылары, айнымалы шамалары, белгiлерi
жариялануы мүмкiн.
Модульдердi инициализациялау бөлiгiнде негiзгi программа iске қосылмай тұрғандағы
орындалатын операторлар жиыны кӛрсетiледi. Әдетте бұл операторлар негiзгi программаның
жҰмысын даярлау әрекеттерiнен орындайды. Мысалы, айнымалыларды инициализациялау, яғни
бастапқы мәндерiн анықтау жұмыстары, файлдарды ашу әрекеттерi және т.б. Осы операторлар негiзгi
программаға басқаруды бергенге дейiн орындалады да негiзгi программаны жұмысқа дайындау үшiн
қолданылады.
Модульдердiң аяқтау бөлiгiнде негiзгi программа жұмысын тоқтатқандағы орындалатын iс -
әрекеттер кӛрсетiледi. Мысалы, файлдарды жабу, компьютердiң ресурстарын босату және т.б.
жұмыстар. Бұл бӛлiктiң болмауы немесе тек қана begin және end сӛздерiнен құрылып, бос болуы да
мүмкiн.
Егер программада бiрнеше Unit қолданылса, онда олардың инициализациялаушы бӛлiктерi Uses
тiзiмiндегi кӛрсетiлген ретте орындалады. Ал бiрнеше модульдерде аяқтау бӛлiктерi кӛрсетiлсе, онда
осы бӛлiктер модульдердiң Uses тiзiмiндегi ретiне керi орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: