8315 оқушы
Орта мектептерде
7996 оқушы
Негізгі мектептерде
246 оқушы
Бастауыш мектептерде
73 оқушы
Аудан бойынша
1407 мұғалім
Орта мектептерде
1320 мұғалім
Негізгі мектептерде
74 мұғалім
Бастауыш
мектептерде
13 мұғалім
41
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Кербұлақ аудандық білім бөлімінде 2013 жылдың 12-ақпанында мектеп
директорларының және оқу ісі жөніндегі орынбасарларының кезекті кеңесі өтілді.
Сол кеңесте төмендегі түрдегі сауалнама таратылды
Мұғалімнің ТАЖ-ы:_________________________________________________
Мектеп (қай мектепте жұмыс жасайды)_________________________________
Пәні (қай пәннің мұғалімі):___________________________________________
Еңбек өтілі:____________оның ішінде ШЖМ-те:________________________
Сыныптар (қай сыныптарда сабақ береді):______________________________
1.Шағын жинақталған мектеп дегенді қалай түсінесіз?
2.Сіз жұмыс жасайтын мектеп шағын жинақталған мектеп болып саналады ма?
(ия/жоқ)
3.Шағын жинақталған мектепте оқытудың қиыншылықтары қандай? т.б.
Сауалнама нәтижесінде төмендегі бағыттағы қиыншылықтар түрі айқындалды:
-
әмбебап кәсіби педагогикалық мамандардың жетіспеушілігі;
-
біліктілікті арттыру мүмкіндігінің аздығы;
-
тәрбие жұмыстарының тиімді ұйымдастырылмауы;
-
мұғалімдерге арналған оқу-әдістемелік құралдарының болмауы;
-
ақпараттық-коммуникативтік технологияға негізделген арнайы және вариативті оқу
бағдарламалары мен жоспардың болмауы;
-
интерактивті құралдармен жабдықталу деңгейі, мультимедиялық кабинеттер мен кең
жолақты интернетпен қамтамасыз етілмеуі.
Сондықтан біз болашақта «Шағын жинақталған мектептерде математиканы оқытуды
ұйымдастыруға» байланысты төмендегідей ой-тұжырымға келіп отырмыз:
- Аудан көлеміндегі бір-біріне жақын орналасқан мектептерді біріктіру. Егер де бір-біріне
жақын орналасқан 2 немесе 3 мектепті біріктіретін болсақ, ол мектептегі оқушылар саны
едәуір артады; әр мектепке бөлінген азды-көпті компьютерлер мен электронды тақталар бір
мектепте орналасса барлық оқушыға жеткілікті болар еді; кітап қоры молаятын еді; кадр
тапшылығы болмас еді; көппәнділіктен құтылар едік.
1-cурет «Мектептерді біріктіру үлгісі»
- Аудан бойынша «Шағын жинақталған мектептердегі» оқытуды онлайн-режимге
көшіру. Мұғалім бір мектепте отырып,басқа мектептермен де байланыса алады немесе бір
кабинетте бірнеше сыныпқа бір мезгілде сабақ жүргізе алады. Онлайн-режимде оқытуға
лайықты оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар құрылуы керек.
42
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
2-сурет «Мектептерді онлайн-режимде оқытуға біріктіру»
- Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы білім беру. Бұл әдісті мектептерді тасымалдау
мүмкін болмаса, онлайн-режим орнату қиын болса қолдана аламыз. Әрбір біріктірілген
сыныпта сабақ жүргізгенде, бір сыныпқа сабақ түсіндіріп жатқанда екінші сынып бос
отырмайтындай, электронды оқулықтан тапсырмалар беріп, уақытты үнемдей отырып, толық
түсіндіріп үлгеруге болады.
3-сурет «Біріктірілген сыныптарда сабақ жүргізу»
ШЖМ-терде қазіргі таңдағы оқу құралдарын қолданудағы негізгі қарама-қайшылық – толық,
тұтас сыныпты оқытуда қолданылатын оқыту әдістемесінің шағын мектепте қолдануға
қолайсыздығы.
Сондықтан, шағын жинақталған мектептердегі проблеманы шешу үшін мұғалімдерге
қажетті жекелеген пәндерден бағдарламалар дайындау, оқу-әдістемелік кешен әзірлеу және
олардың электрондық, мультимедиялық нұсқасы дайындалса және қашықтықтан оқыту
мүмкіндіктері ұйымдастырылса, онда ШЖМ-терде мұғалімдерде шығармашылықпен жұмыс
істеуге және сапалы білім беруге мүмкіндіктер артар еді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан, 26 желтоқсан, 2004 жыл
2.
Концепция развития малокомплектных школ в республике Казахстан на 2010-2020
годы. Астана, 2011
Панфилов атындағы
орта мектеп
(Қоғалы ауылы)
Шаған бастауыш
мектебі
Көкбастау бастауыш
мектебі
Водный бастауыш
мектебі
Мұғалім
5-сыныпқа
жаңа сабақ
түсіндіріледі
7-сынып
өзіндік
жұмыс
орындайды
6-сынып
есептер
шығарады
43
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ЕСТЕСТВЕННО - ТЕХНИЧЕСКИЕ НАУКИ
44
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
ӘОЖ 6327.727.
ШЕГІРТКЕЛЕР КҮБІРШЕСІНІҢ
САН МӨЛШЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
А.С. Акмуллаева, А.Б. Ержанова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Шегірткелер дернәсілінің жұмыртқадан жер бетіне шығуы ауа температурасына тікелей
байланысты болатындығы анықталды. 2011-2012 жылдары ауа температурасының жылы,
сонымен қатар құрғақшылық болуына шегірткенің өсіп-дамуына қолайлы болды. Осы жағдайда
шегіртке дернәсілдері ерте шықты. Зерттеу жұмыстары жүргізілген аумақтарда әр бір шаршы
метр жердгі саяқ шегірткелер күбіршесі 1-2 дана болды. Олардың тоғышар және аурулармен
залалдануы 9-12% жетті.
При изучении биоэкологических особенностей саранчовых установлено, что отрождение
личинок нестадных видов саранчовых зависит, в первую очередь, от погодных условий текущего
года. Так, в 2011-2012 годы теплая и засушливая погода благоприятствовала развитию саранчовых.
При осенних обследованиях территории при учете на 1 м
2
приходилось 1-2 кубышки. 9-12% кубышек
были поражены паразитами и болезнями.
During the study of locusts’ bioecologicalpeculiarities it was established that hatching of non-
gregarious locust species depends first of all on weather conditions of the current year. So, in 2011-2012
warm and dry weather was favorable for locust development During the autumn studies there were 1-2
pods per 1 m
2
.9-12 % of pods were infected by parasites and diseases.
Тірек сөздер: шегіртке күбіршесі, дернәсілі, тоғышарлармен залалдануы,
энтоможыртқыштар, энтомофильді микрофлорасы.
Қазақстанның оңтүстік аймағында мекендейтін шегіртке түрлерінің өсіп-даму циклы
бір генерациялы, яғни жылына бір рет өсіп-өніп көбейеді. Олар жұмыртқа фазасында
топырақтың беткі қабатына салынған күбірше ішінде қыстайды. Көктемде дернәсілдің шығу
мерзімі шегірткелердің қандай түрге жататындығына байланысты. Негізінен саяқ
шегірткелердің дернәсілдері жұмыртқадан жер бетіне шығуы 1 айға дейін созылады.
Дернәсілдерінің өсіп-дамуы 25-30, кейде 40 күнге дейін жалғасады. Осы мерзім ішінде
айқышты, қара жолақты саяқ шегірткелер 5-рет түлеп, ал сібірлік, ақ жолақты және қара
қанатты саяқ шегірткелермен тағы да басқа түрлері 4-рет түлейді. Әр түрлі жастағы
дернәсілдер бір-бірінен денесінің ұзындығы, түсі, мұртша бунақтарының саны, қанат
негізінің дамуы мен орналасу ерекшелігі арқылы ажыратуға болады. Әсіресе тұрақты
болатыны дернәсілдің қанат негізінің біліне бастау және мұртша бунақтарының саны. Соңғы
түлеуден кейін толық жетілген қанаттары бар ересек шегірткеге айналады.
Дернәсілдердің барлығы ашық күндері белсенді түрде қозғалыста болады. Ауаның
температурасы 10-12-ден 40
0
С болған жағдайда белсенді түрде қоректеніп, қозғалады, ал
10
0
С төмен, бұлтты және жауынды күндері қозғалмай, өсімдіктің төменгі жағына топтасады.
Кеш батар алдында өздерінің таңдаған өсімдіктерін тауып, сонда түнелтеді.
Шегірткелердің сан мөлшерінің өзгеріп тұруына жыртқыш және паразиттік
тіршілік ететін насекомдар мен насеком қоректі құстар едәуір әсер етеді. Жыртқыш
және паразит насекомдардың ішінде жарғақ қанаттылардың, паразит шыбындар мен
кейбір қоңыздардың личинкаларының маңызы өте зор. Олардың кейбіреулері
шегірткенің жұмыртқасы ішінде, ал екіншілері ересек шегірткенің ішінде паразиттік
тіршілік етеді [1, 2, 3].
Күзде жүргізілген зерттеулер арқылы ұрғашы шегірткелердің жұмыртқа салар
орындары бақыланды. Біріншіден биотоптардан энтомологиялық қаққыш көмегімен
шегірткелердің 1 м
2
жердегі саны және түр құрамы есепке алынды. Ал перпедикуляр сызық
45
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
бойымен әр 100 метр сайын тоқтап, үлгілер жиналып күбіршемен залалданған жер көлемі
анықталды. Олардың күбіршелерін топырақты қазу арқылы тереңдігі 0-5 см, ауданы 0,5-0,5
м жерден үлгі алынды. Жер көлеміне байланысты 10 га-дан 8 үлгі, 50 га – 15 үлгі, 100 га – 20
үлгі және 400 га – 40 үлгі жиналды. Алынған үлгілер диаметрі 3 мм сеткалы қаққыштан
өткізіліп, ондағы күбіршелер арнайы қаптарға салынды. Жиналған материалдардың
сыртында жиналған орны және күні жазылды. Шегіртке күбіршелерінің тоғышарлармен
залалдануы және энтоможыртқыштардың құрбаны болуы пайыздық көрсеткішпен
көрсетілді. Зертханалық жағдайда шегірткелердің дернәсілдеріне зиян келтірген эндо-
эктотоғышарлардың сан мөлшері және энтомофильді микрофлорасы анықталды.
Орташа күбіршенің тығыздығы мына теңдеумен анықталды:
4
x
B
A
,
мұндағы: А – 1 м
2
жердегі орташа күбірше тығыздығы;
б - жалпы күбірше саны;
В – жалпы үлгі саны.
Бұл аймақтарда сібірлік, айқышты саяқ шегірткелердің қанаттануы маусымның 1-ші
онкүндігінде басталды, ал Фишер, кіші айқышты саяқ шегірткелері маусымның ортасында
байқалды, сонымен қатар ақ жолақты саяқ шегіртке шілденің 2-ші онкүндігінде қанаттануы
басталды. Қанаттанған ересектері шағылысып, содан кейін 10-12 күннен соң ұрғашылары
жұмыртқа сала бастайды. Саяқ шегірткелер негізінен күбіршелерін тығыз топырақтың жерлерге,
жол жағалауына, кейде шөбі селдір құм топыраққа салады. Олардың қандай түрге жататына
байланысты күбіршелерінің үлкен-кішілігі, сыртқы пішіні әр түрлі болады. Күбіршелерінің
ұзындығы 8-41 мм дейін, ал сыртқы пішіні көбінесе сопақша болады. Әрбір ұрғашы шегіртке өз
өмірінде 9-15 күбірше салады, кейде одан да көбірек. Күбіршелердегі жұмыртқалардың саны әр
түрлі 5-17-ге дейін жетеді. Шегірткелердің жұмыртқа салуы шілденің 1-ші онкүндігінде
басталып, тамыздың басына дейін, яғни 1 айға жуық жұмыртқа салу кезеңі жүреді, ал кейде
тамыздың соңына дейін созылады.
Тұрақтылық
жағдайда
шегірткенің
дамуы
мен
кеңістік
жағдайындағы
шегіртке
популяцияларының өсіп-жетілуін қадағаладық. Сонымен қатар әртүрлі биотоптарда бір мезгілде
шегірткенің әр түрлі жастағы дернәсілдері мен қанаттанған ересектері кездеседі. Сондықтан
оларды 3 мезгілдік аспектіге бөлдік – көктемгі, ерте жазғы, жазғы.
Көктемгі түрлеріне - Arcyptera microptera, Aeropus sibiricus, Dociostaurus kraussi, Podisma
pedestris, ал ерте жазғы түрлеріне – Stauroderus scalaris, Dociostaurus brevicollisStenbothrus fischeri,
Oedaleus decorus, Calliptamus italicus және жазғы түріне – Chorthippus albomarginatus
жатқызылды.
Зиянкестердің маусымдық фазаларын зерттеп анықтау өсімдіктердің әр түрлі биотоптарында, әр
бір 3 күн сайын шегірткелерді энтомологиялық қаққыш арқылы жинап, жүргізілді.
Саяқ шегірткелер тобының биоэкологиясы негізінен аймақтағы ауа температурасына тікелей
байланысты. Күзгі зерттеу жұмыстары бойынша Ескелді ауданының Көкжазық, Ақын-Сара,
Бақтыбай және Қарабұлақ ауыл округтары аймақтарының жайылымдықтар, қара жолдар бойынан
200-300 гектар жерлер зерттеліп, шегірткелердің күбіршелері есепке алынды. Көпжылдық шөптер,
тыңайған жерлер және жайылымдықтар биотоптардан 600 күбірше жиналып, олардың түр құрамы
және күбірше тығыздығы айқындалды. Зерттеу барысында күбірше ішіндегі жұмыртқаларыдың
жыртқыш тоғышарлары – алагүлік қоңыздар, кейбір аурулармен және өрмекшілермен 9-12%
залалданған анықталды. Бұл жердегі максимальды көрсеткіші әр бір шаршы метр жерден 5-6
дана саяқ шегірткелер күбіршесі есепке алынды.
Ескелді аудан аймағында кездесетін зиянды түрлеріне: айқышты, сібірлік, қанатсыз,
кіші айқышты, ақ жолақты және Фишер саяқ шегірткелері жатады. Осы аталған
шегірткелердің фенологиясы мен биологиясы анықталды (1-кесте).
46
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
1-кесте. Саяқ шегірткелер тобының фенологиялық күнтізбесі
(Ескелді ауданы, 2011-2012 жж.)
Түрлері
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
Қыстайтын
фазасы
I
II
III
I
II
III I
II
III
I
II
III
I
II
III
I
II
III
Айқышты саяқ шегіртке
Arcyptera microptera F.- W.
0
0
0
-
-
-
+
+
+
+
+
0
0
0
0
0
0
0
0
0
Сібірлік саяқ шегіртке
Aeropus sibiricus L.
0
0
0
-
-
-
+
+
+
+
+
0
0
0
0
0
0
0
0
Қанатсыз саяқ шегіртке
Podisma pedestris L.
0
0
0
0
-
-
-
-
+
+
+
+
+
0
0
0
0
0
0
0
0
Кіші айқышты саяқ шегіртке
Dociostaurus brevicollis Ev.
0
0
0
0 0
0
-
-
-
+
+
+
+
0
0
0
0
0
0
0
0
Фишер саяқ шегіртке
Stenobothrus fischeri Ev.
0
0
0
0 0
-
-
-
-
+
+
+
+
+
0
0
0
0
0
0
0
Ақ жолақты саяқ шегіртке
ChorthippusalbomarginatusDeg.
0
0
0
0 0
0
0
-
-
-
-
+
+
+
+
+
0
0
0
0
0
Шартты белгілері: 0- күбіршенің ішіндегі жұмыртқа; -- дернәсіл; +- ересегі.
47
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
Айқышты саяқ шегіртке – Аrcyptera microptera F.- W. Көбінесе далалық,
жайылымдықтар мен тыңайған жерлерде басымдылық көрсетті. Көктем мезгілінде
дернәсілдің жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамырдың 1-ші онкүндігінде байқалды.
Бұдан кейін шегіртке дернәсілдері 5 рет түледі. Олардың қанаттануы маусымның 1-ші
онкүндігінде басталды. Шегірткенің бұл түрінің жаппай көбеюі 10-12 күннен кейін
аяқталды. Шағылысудан соң, 5-7 күннен кейін жұмыртқа салуы басталды. Бұл шегіртке
күбіршелерін негізінен қатты, сазды және құмдақ ылғалды топыраққа, өсімдіктері
сиректеу жерлерге салады. Күзде жүргізілген зерттеу жұмыстары бойынша
шегірткенің ұрғашылары жұмыртқаларын қара жолдар бойына, жайылымдықтарға
салып, күбіршенің орташа саны бір шаршы метр жерде 1-2 дана болды. Бір күбіршедегі
жұмыртқа саны 6-17 дейін жетті.
Сібірлік саяқ шегіртке – Aeropus sibiricus L. жаппай көбеюі Әсіресе орман
маңындағы аралас шөптерде, еркекшөп, жайылымдық биотоптарында басым кездесті.
Дернәсілінің жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамыр айының 1-ші онкүндігінде
байқалды. Шегіртке дернәсілі 4 рет түлеп, ал оның қанаттануы маусым айының 1-ші
онкүндігіне тұспа-тұс келді. Қанаттанған ересектері шағылысып, ал ұрғашыларының
жұмыртқа салуы шағылысудан 5-12 күн өткен соң басталды. Олар жұмыртқаларын
негізі бетегелі өсімдіктерге, жайылымдықтар мен ескі тыңайған жерлерге салды. Күздік
зерттеу нәтижесі бойынша, бұл шегіртке күбіршесінің орташа саны бір шаршы метр
жерде 5-10 дана болды. Бұл түр сирек кездесті, күбіршенің орташа саны 1-2 данаға
жетті. Олардың ішінде 7-10 жұмыртқадан болды.
Қара қанатты саяқ шегіртке - Stauroderus scalaris F.-W. Бұл шегірткенің
дернәсілдері сібірлік саяқ шегірткенің дернәсілдеріне қарағанда 7-10 күн кешігіп
шықты, дернәсілдері жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамырдың 2-ші онкүндігінде
байқалды. Олардың дамуы 27-30 күнге созылып, 4 рет түледі. Ересек шегірткелері
толық қанаттанған соң көп кешікпей жұмыртқалай бастады. Бақтыбай ауылында
жүргізілген күзгі маршруттық зерттеуде қара қанатты саяқ шегірткенің 1 м
2
жердегі
күбірше саны 3-5 дана болғаны және күбіршелерін жеңіл құмды топыраққа салғаны
анықталды.
Атбасарлық саяқ шегіртке - Dociostaurus kraussi Ingen. Шегіртке дернәсілдері
жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамырдың 1-ші онкүндігінде байқалды, олардың
дамуы 25-35 күнге созылды. Ересек шегірткелер толық қанаттанған соң 5-7 күннен
кейін жұмыртқалай бастады. Күбіршелерін тығыз топырақты және шөбі селдір, жеңіл
құм топырақты жерге салды. Қанатсыз саяқ шегіртке – Podisma pedestris L. Көбінесе
орман маңында, жайылымдықтарда, еркекшөп биотоптарында басым болды. Олардың
дернәсілінің жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамыр айының ортасында байқалды.
Қанаттануы маусым айының 2-ші онкүндігінде басталды.
Кіші айқышты саяқ шегіртке – Dociostaurus brevicollis Ev. Сан мөлшері жағынан
алғанда еркекшөп, көп жылдық шөптер және астық тұқымдас-жусанды биотоптарда
басымдылық көрсетті. Бұл түр негізінен көктемгі топқа жатады. Ал дамуы жөнінен
айқышты саяқ шегірткеден айырмашылығы, шегіртке дернәсілінің жұмыртқадан жер
бетіне шығуы мамырдың 3 –ші онкүндігінде басталды. Зерттеу жүргізілген жылдары
бұл түрдің саны басқаларға қарағанда жаппай басымдылық танытты. Дернәсілінің даму
мерзімі 30-35 күн. Шегірткенің қанаттануы маусымның 3-ші он күндігінде басталды. 7-
10 күннен кейін шағылысуы басталып, шегіртке ұрғашылары шағылысудан кейін 7-10
күннен кейін жұмыртқа сала бастады. Күбіршелерін табиғи ксерофильді өсімдікті
стацияларға және жусанды, жусанды-астықты өсімдік биотоптарындағы топыраққа
салды. Күздік зерттеу жұмыстары бойынша күбіршенің саны бір шаршы метр жерде 9-
15 данадан келді, ал жұмыртқа саны 10-15 болды.
Фишер шөптесін шегірткесі – Stenоbothrus fischeri Ev. Дернәсілдерінің
жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамырдың 2 –ші онкүндігінде басталып, ал
48
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 /2013
дернәсілдер 4 рет түлеп, олардың қанаттануы 28-30 күннен кейін басталды.
Шағылысуы 7-10 күннен кейін басталып, ал жұмыртқа салуы осындай мерзім
аралығынан соң басталды. Ұрғашылары күбіршелерін жеңіл топырақты, сирек өсімдік
қауымдастығына салды. Күбірше саны 1 м
2
жерге 10 данадан келді.
Қара жолақты саяқ шегіртке - Oedaleus decorus Germ. Ескелді ауданында шалғындық,
көп жылдық шөптер және еркекшөп биотоптарында бірен-саран түрде кездесті.
Дернәсілдері жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамыр айының аяғында басталды.
Олардың дамуы 35-45 күнге созылды, яғни осы аралықта олар 5 рет түледі.
Шегірткелер күбіршелерін астық тұқымдас өсімдіктер өсетін учаскеге салды.
Ақ жолақты саяқ шегіртке – Chorthippus albomarginatus Deg. Бұл түр егін маңындағы
астық тұқымдас-аралас шөптерде, жайылымдықтар, сонымен қатар далалық аймақтарда
жиі кездесті. Даму кезеңі тұрғысынан алғанда көктемгі және жазғы түрлерге жатады.
Дернәсілінің жұмыртқадан жер бетіне шығуы мамырдың 3-ші онкүндігінде басталып,
жаппай шығуы маусымның 1-ші онкүндігіне тұспа-тұс келді. Олардың дамуы шілденің
ортасынан тамыздың соңына дейін созылды. Бұл аралықта дернәсілдер 4 рет түлеп,
олардың дамуы 26 күнге созылды. Ұрғашылары күбіршелерін жұмсақтау және ылғалды
топыраққа, өсімдік қауымдастығы сиректеу, тыңайған жерлерге салды. Ал жұмыртқа
салуы қанаттанғаннан кейін 11-13 күнен соң басталды. Күздік есептеулердің нәтижесі
бойынша, күбірше саны 1 м
2
жерге 10-15 данадан келеді, жұмыртқа саны 5-10 дана.
Достарыңызбен бөлісу: |