Общественные науки, история, философия



Pdf көрінісі
бет39/59
Дата18.01.2017
өлшемі7,13 Mb.
#2127
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59

Список литературы: 
  
1.
 
Шабунина  В.А  Педагогические  проблемы  гуманизации  процесса  воспитания  студентов  с/.х. 
вуза: монография / В.А. Шабунина. - М., МСХА,2001.-227 с. 
2.
 
Сохранов  В.В      Формирование  у  учащейся  молодежи  опыта  саморегуляции  поведения  /  В.В. 
Сохранов, А.П. Шумилин, Н.Н. Коньков, - Пенза-Херсон: Изд-во ПГПУ им. В,Г, Белинского, 1992, - 120 с, 
 
 
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ҚҦЗЫРЕТТІЛІК КӚЗҚАРАСЫ 
 
Утемисова А.А., п.ғ.к, 
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
Бехтольд Т.Г.,  магистр, Оспанова М. Ж.,  ҚБ жӛніндегі бӛлімінің маманы 
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті 
 
Мақалада  жоғары  білім  беруді жетілдірудің  қазіргі  заманғы  кезеңінде  жоғары  білім беру  жүйесіне енгізілетін  құзыреттілік 
кӛзқарас және құзыретті топтастыру түсініктері қарастырылды. 
В  статье  рассмотрены  понятия  компетентносного  похода  и  классификации  компетенций,  внедряемых  в  систему  высшего 
образования на современном этапе модернизации высшего образования. 

200 
 
In  article  concepts  of  a  competence-based  campaign  and  classification  of  the  competences  introduced  in  system  of  the  higher 
education at the present stage of modernization of the higher education are considered. 
 
Қазіргі кезде жоғары кәсіби білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында құзыреттілік 
кӛзқарас белсенді түрде енгізілуде. 
Кәсіби  білім  берудің  батыс  еуропалық  жүйесінің  қатарында  «құзырет  негізінде  оқыту»  деген 
қалыптасқан сӛз бар. АҚШ-та маманның білімі ескірудің ӛлшем бірлігі деп аталады, яғни ол құзыреттіліктің 
жартылай  ыдырауға  ұшырайтын,  маманның  құзыреттілігі  50%-ға  тӛмендейтін  түсінік  бар.  Зерттеулер  кӛп 
мамандықтар бойынша жоғары аталған шегі кемінде 5 жылдан соң келетінін растайды. Қазақстандық білім 
беру жүйесінде бұл кезең оқуды аяқтамай жатып одан да бұрын болады. Сондықтан құзыреттілік кӛзқарас 
негізінде оқыту қазіргі уақытта ең ӛзекті мәселе, ӛйткені құзыреттілік кӛзқарас негізінде оқыту – бұл соңғы 
ӛнім  -  түлектің  білімі,  дағдысы  және  іскерлігінің  сапасына  бағытталған  білім  беруді  жетілдірудің  басты 
бағыты. Құзыреттілік кӛзқарас негізіне құзырет және құзыреттілік түсініктері жатады. 
Әдебиеттерде «құзырет» және «құзыреттілік» түсініктеріне әр түрлі кӛзқарас бар. 
«Құзырет» терминінің (латын тілінен аударғанда – сәйкестік, мӛлшерлестік) екі мағынасы бар: 
- кез келген мекеменің немесе тұлғаның ӛкілеттік шеңбері; 

түйіндер 
шеңбері, 
онда 
осы 
тұлғалардың 
білімі 
мен 
тәжірибесінің 
болуы.                                                                                           
 
«Құзырет» түсінігіне білім алушының когнитивтік және операционалды - технологиялық құрамдас 
бӛлігімен  қатар,  уәждемелік,  әдептік,  әлеуметтік  және  тәртіптік    қызметтері  жатады.  Мұндай  құзырет 
мағынасының кең анықтамасы оқыту нәтижесі ретінде бағалау және ӛлшеуі қиынға әкеліп соғады. Мысалы, 
В.М.Шепель  құзырет  анықтамасына  білім,  дағды,  тәжірибе,  білімін  пайдалануға  теориялық-қолданбалы 
дайындығын  қосып  отыр.  В.С.Безруков  құзыреттілік  мағынасында  «кәсіби  сауатты  ойларын,  бағаларын, 
пікірлерін  айтуға  мүмкіндік  беретін  білімдері  мен  дағдыларын  игеру»  деп  түсінеді.  Э.Ф.Зеер, 
О.Н.Шахматова  кәсіби  құзыреттілік  мағынасында  кәсіби  білімдер  мен  дағдылардың  жиынтығы,  сондай-ақ 
кәсіби  қызметін  орындау  тәсілдері  бар  деп  түсінеді.  A.Л.  Журавлев,  Н.Ф.  Талызина,  P.X.  Шакуров,  А.И. 
Щербаков және басқалары «құзыреттілік» түсінігіне білім, дағды және іскерлік, сондай-ақ қызметті орындау 
тәсілдерін  енгізеді.  И.  Апюшина  және  Н.  А.  Дмитриевскаяның  ойынша  құзырет  -  бұл  кәсіби  қызмет 
үрдісіндегі  қызмет  талаптарын,  нақты  жағдайды  және  ұйымның  бизнес  мақсаттарын  анықтайтын  білім, 
дағды және қарым-қатынастардың біртұтастығы деп санайды. Сонымен, жоғары айтылған пікірлерді талдай 
отырып,  «құзыреттілік»  -  бұл  түлектердің  нақты  салаларда  қызметті  орындау  үшін  дайындау  нәтижесі 
ретінде шығатын жеке тұлғаның қасиеттерін біріктіріп сипаттау деп қорытындылауға болады. Басқа сӛзбен 
айтқанда, құзырет – бұл білім, ал құзыреттілік – бұл біліктілік (іс-әрекет). 
А.  В.  Хуторский  «білім  беру  құзыреті»  терминін  жеке  тұлғалық  және  әлеуметтік  маңызды  тиімді 
қызметін  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  нақты  болмыс  объектілерінің  белгілі  бір  шеңберіне  қатысты  ӛзара 
байланысқан  мағыналық  бағыты,  білімі,  дағдысы,  іскерлігі  және  білім  алушының  қызмет  тәжірибесінің 
жиынтығы  кӛрсетілген  білім  берудің  дайындығына    басты  талап  ретінде  қолданады.  И.А.  Зимнийдің 
айтуынша,  құзырет  –  бұл  кейбір  ішкі,  әлеуетті,  жасырылған  психологиялық  жаңа  құрылымдар:  білімдер, 
түсініктер,  кейіннен  адамның  құзыреттілігінен  шығатын  құндылықтар  мен  қарым-қатынастар  жүйесі,  іс-
әрекеттер бағдарламалары (алгоритмдері). 
TUNING атты жалпы еуропалық  жобада  «... құзырет  және дағдылар түсінігі  - ол білу және түсіну 
(академиялық саладағы теориялық білімдері, білу және түсіну қабілеті), іс-әрекет жасау үшін білім (нақты 
жағдайларда  білімін  тәжірибелік  және  жедел  пайдалану),  қалай  болуын  білу  (құндылықтар  әлеуметтік 
контексінде  басқалармен  ӛмір  сүру  және  қабылдау  тәсілінің  ажырамас  бӛлігі  ретінде).  В.И.  Байденконың 
ойынша құзырет сипаттамалардың (білімге және оны пайдалануға, кӛзқарасқа, әдетке және жауапкершілікке 
жататын)  үйлесуі,  онда  жеке  тұлғаның  осы  құзыреттерді  іске  асыра  алатын  деңгейі  немесе  дәрежесі 
кӛрсетіледі».  Негізгі  құзырет  топтарын  белгілеудің  теориялық  негізі  болып  отандық  психологиядағы 
келтірілген ережелері себеп болады, нақты айтқанда, адам – ол тілдесу, тану, еңбек субъектісі туралы, адам 
ӛзін  қоғамға,  басқа  адамдарға,  ӛзіне,  еңбегіне  деген  қарым-қатынас  жүйесінде  кӛрсете  алады;  адамның  
құзыреттілігінде акмеологиялық даму векторы бар; кәсібилік құзыреттіліктерді қосып алады. 
Осы  бағыттары  бойынша  жалпы  құзырет  үш  топқа  бӛлінді:  инструменталды,  тұлғаралық  және 
жүйелік.  Әр  маман  игеріп  алуға  тиіс    инструменталды  құзыреттерге  когнитивті  қабілеттерді,  идеялар  мен 
тапқырлықты  түсіну  және  пайдалану  қабілеттері;    әдіснамалық  қабілеттер,  қоршаған  ортаны  түсіну  және 
басқару, уақытты ұйымдастыру, шешім қабылдау стратегияларын жасау қабілеті; техниканы пайдаланумен 
байланысты  біліктілігі,  компьютерлік  дағдылары  мен  ақпаратты  басқару  қабілеттері;  коммуникативтік 
дағдылары енеді. 
Тұлғаралық  құзыреттерді  игеру  сезім  мен  қарым-қатынасты  білдіру  іскерлігімен,  сыни  тұрғыдан 
пайымдау  және  ӛзара  сынауға  қабілеттілігімен  байланысты  қабілеттерін;  әлеуметтік  ӛзара  іс-әрекет  және 
ынтымақтастық процестерімен, топта жұмыс істеумен байланысты әлеуметтік дағдыларды дамытуға себеп 
болады. 
Жүйелік  құзыреттеріне  біртұтас  бӛліктерінің  бір-бірімен  қосылатын  қабылдау  қабілеті  және  әр 
қайсы  құрамдас  бӛлігінің  жүйедегі  орнын  бағалау,  жүйені  жетілдіру  және  жаңа  жүйелерді  құрастыру 
мақсатында ӛзгерістерді жоспарлау қабілеттілігі енеді. 

201 
 
Сонымен  инструменталды,  тұлғаралық,  жүйелік  құзыреттерді  қалыптастыру  және  құзыреттілік 
кӛзқарасы негізінде оқыту олардың оқу процесіндегі соңғы нәтиже ретінде қалыптастыру деп есептеледі.  
Біздің  білім  беру  жүйесінде  «құзыреттілік  кӛзқарас»  термині  білім  беру  мақсаттарын  анықтаудың 
жалпы  принциптері,  білім  берудің  мазмұнын  іріктеу,  білім  беру  процесін  ұйымдастыру  және  білім  беру 
нәтижелерін  бағалау  жиынтығы  ретінде  қалыптасқан.  Құзыреттілік  кӛзқарас  мәні  мен  құзыретті 
қалыптастырудың  мәселелері  Н.  Хомский,  В.  Н.  Куницина,  В.  И.  Байденко,  А.  В.  Хуторской,  Н.  А. 
Гришанова, О. Б. Томилина, К.Г.Татур, Г. Р. Сергеева, И. А. Зимний, А. К. Маркова және тағы басқалардың 
еңбектерінде талданған. 
Құзыреттілік  кӛзқарас  алған  білімдерін  пайдалану  қабілетіне  назар  аударады.  Осындай  кӛзқарас 
білім беру мақсаттарын ӛзгертеді, олар білім алушылардың жаңа мүмкіндіктерін, жеке тұлғалық әлеуетінің 
ӛсуін кӛрсетеді,  мысалы оқуға үйрену, яғни оқу қызметінің саласында мәселелерді  шешуге үйрену, соның 
ішінде  таным  қызметінің  мақсатын  анықтау,  ақпараттың  қажетті  кӛздерін  таңдау,  қойылған  мақсатқа 
жетудің  оңтайлы  тәсілдерін  табу,  алынған  нәтижелерді  бағалау,  ӛз  қызметін  ұйымдастыру,  басқа  білім 
алушылармен  ынтымақта  болу.  Тиісті  ғылыми  аппаратын  пайдала  отырып,  ақиқат  құбылысын,  олардың 
мәнін,  себептерін,  ӛзара  байланысын  түсіндіруге  үйрету,  яғни  тану  мәселелерін  шешу.  Қазіргі  заманғы 
ӛмірдегі  негізгі  мәселелері  -  экологиялық,  саяси,  мәдениаралық  ӛзара  әрекеттесу  және  басқаларға 
бейімделуге үйрету, яғни аналитикалық мәселелерді шешу. Түрлі мәдениет және дүниетанымды кӛрсететін 
рухани  құндылықтар  әлемінде  бейімделуге  үйрету,  яғни  аксиологиялық  мәселелерді  шешу.  Белгілі  бір 
әлеуметтік  рӛлдерін  (сайлаушының,  азаматтың,  тұтынушының,  емделушінің,  ұйымдастырушының,  отбасы 
мүшесінің  және  т.б.)  іске  асырумен  байланысты  мәселелерді  шешуге  үйрету.  Кәсіби  және  басқа  қызмет 
түрлері (коммуникативтік, ақпаратты іздеу және талдау, шешім қабылдау, бірлескен қызметті ұйымдастыру 
және т.с.с.) үшін жалпы мәселелерді шешуге үйрету. Кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу мекемелерінде әрі 
қарай оқуға дайындығын қоса отырып, кәсіби таңдау мәселелерін шешуге үйрету. 
Осындай  білім  беру  деңгейін  арттыру  оны  жаңғырту  бағдарламасына  бағытталған  білім  берудің 
жаңа сапасына жету дегенді  білдіреді. Білім берудің жаңа сапасы білім беру мекемелер түлектерінің жаңа 
мүмкіндіктерін,  бұрыңғы  түлектер  буыны  шеше  алмаған  мәселелерді  шешу  қабілеттері  туралы  мәнін 
түсіндіреді. 
Адамның  білім  деңгейі  неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым  қызмет  саласы  кең  және  ӛз  еркімен  іс-
әрекет жасауға қабілетті кез келген жағдайлардың белгісіздік дәрежесі жоғары, неғұрлым қызметтің барлық 
мүмкін тәсілдерін игерсе, осындай тәсілдерінен біреуін таңдау тиянақты болады. 
Сонымен  білім  берудегі  құзыреттілік  кӛзқарас  білім  беру  саласындағы  әлеуметтік  күтулерге  және 
білім беру процесінің қатысушылар мүдделеріне әділ түрде талапқа сай болып келеді. Сонымен қатар осы 
кӛзқарас  білім  беру  жүйесінде  қалыптасқан  кӛптеген  стереотиптермен,  білім  алушының  оқу  қызметін 
бағалаудағы  бар  критерийлерімен,  оқытушылардың  педагогикалық  қызметімен,  әкімшілік  жұмысымен 
қарама-қайшылыққа  түседі.  Жоғары  кәсіби-техникалық  мектебінде  оқыту  тәжірибесі  білім  беру 
саласындағы бұрыннан келе жатқан дағдарысты жеңбек түгіл, оқу процесінің қатысушыларының кӛбісі әлгі 
күнге  дейін  сезбейтіні  кӛрсетіледі.  Оқу  процесінде  жетекші  болып  әлгі  күнге  дейін  түсіндірмелі-
иллюстрациялық  дидактикалық  кӛзқарас  қалады,  оның  қызмет  үлгісі  (мен  сияқты  жаса)  оқытудың  дара 
мазмұны  ретінде  беріледі.  Әлбетте,  бұл  уақыт  талаптарына  сай  емес,  тәжірибенің  жаңа  сұраныстарына 
қарама-қайшы болып келеді. Қазіргі уақытта, курсанттарды ойлаудың (теориялық, диалектикалық, қисынды, 
талдауға,  синтезге,  жүйелік  кӛзқарасқа)  нақты  тәсілдеріне  үйрету  қажеттілігі  туды.  Олардың 
шығармашылық қабілеттерін (меңгерген білімдерін кез келген жағдайда міндеттерді ӛз бетімен қоюды қоса 
алғанмен  пайдалануға  үйрену,  сондай-ақ  міндеттерді  шешудің  жаңа  тәсілдерін  іздеу)  дамыту, 
оқытушылардың  кәсіби  шеберлігін  арттыру,  олардың  ӛз педагогикалық  қызметін қалыпты  және  қалыпсыз 
жағдайларда еркін жүзеге асыра алатындай болу. 
Жоғары  кәсіби  білім  беруді  жаңғыртудың  осы  кезеңінде  құзыреттілік  кӛзқарас  кадрлардың 
тәжірибелі-эксперименталды  жұмысы,  теориялық  және  әдіснамалық  қайта  даярлау  арқылы  педагогикалық 
білім беру жүйесіндегі құзыреттілік кӛзқарасты іске асыруды енгізу қажет. 
 
Әдебиеттер: 
 
1.
 
Унт И.Э. Индивидуализация и дифференциация обучения. – М.: Педагогика, 1990. 
2.
 
Татур  Ю.  Г.  Компетентностный  подход  в  описании  результатов  и  проектировании  стандартов 
высшего 
профессионального 
образования: 
Материалы 
II 
методологического 
семинара. 
М.: 
Исследовательский центр проблем качества специалистов, 2004. 
3.
 
Зимняя  И.  А.  Ключевые  компетенции  -  новая  парадигма  результата  образования  //  Высшее 
образование сегодня. 2003. № 5. 
4.
 
Байденко  В.  И.  Выявление  состава  компетенций  выпускников  вузов  как  необходимый  этап 
проектирования ГОС ВПО нового поколения: Методическое пособие СПб., 2006. 
5.
 
Кузьмина  Н.  В.  Акмсологическая  теория  качества  Монография.  М.:  Исследовательский  центр 
специалистов образования: проблем качества специалистов, 2001;  
6.
 
Небеден О. Е. Комнегентностный подход в образовании// Школьные технологии. 2004. № 5. 

202 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Есекешова М.Д., п.ғ.к., доцент 
С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті 
 
 
 
 
Мақалада креатив ұғымына анықтама берілген және білім алушылардың креативтілігін қалыптастырудың ӛзекті мәселелері 
қарастырылған. 
Автор  в  статье  анализирует  теоретические  аспекты  формирования  креативности,  рассматривается  факторы  развития 
креативности. 
The author of  the article considers the levels  of developing  the personal creative qualities.  He gives the conception  of creativeness. 
The exercise game for the definition of the creative level is offered. The researcher‘s works are analyzed, which are considered the activity and 
mechanism of creativeness 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасында: «...экономиканың барлық салары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды 
даярлаудың  сапасын  арттыру»  және  «... кәсіби міндеттердің дербес әрі  шығармашылық тұрғыдан шешуге, 
кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті 
кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді 
басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады...» деп атап кӛрсеткен. 
Осыған орай, Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан 
талпыныстар  жағдайында  оқытудың  әртүрлі  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып,  терең,  білімді,  ізденімпаз, 
барлық  іс-әрекетінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  ӛз  болмысын  таныта  алатын  шығармашыл  жеке 
тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.  
Сондықтан  зерттеушілер  ӛркениетке  жетудің  жолын  әр  адамның  шығармашылық  қызығушылық 
деңгейімен,  жаңашылдық  болмысымен  байланыстырады.  Прогреске  ұмтылған  демократиялық  мемлекет 
үшін    аумалы-тӛкпелі  күрделі    ӛмірде    адамдардың  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуіне,  ӛзгелердің  пікіріне  байланбай,  
шешім  қабылдау  үшін  ӛзіне    жауапкершілік  ала  білуіне  дайын  болуы  аса  маңызды.  Бұл  міндетті    жүзеге 
асыруға ықпал етуші шешуші факторлардың бірі креативтілік болып табылады. 
 «Креативтілік»  түсінігі  отандық  ғылыми  лексиконда    таяу    жылдарда  ғана  пайда  болды.  Бұл 
дәстүрлі    қызметтік  түсінікті  мазмұн  түрінде  айқындаудың  күрделілігіне  және  оның  ғылыми  категория 
шеңберінде қатаң негізделуіне  байланысты болса керек. 
 «Креатив» ұғымын қарастыру барысында сан алуан ғылыми зерттеулердің бір-екеуіне ғана тоқталу 
мүмкін  емес.  Аталған  ұғымның  ӛзі,  адамның  жеке  қасиеті  ретінде  19  ғасырдың    30  жылдары  мен  20 
ғасырдың 60 жылдарынан бері кең ауқымда зерттелініп келеді.  
Л.Терстоунның  зерттеулерінде  креативті  қабілеттер  интеллектуалды  қабілеттермен  пара  –  пар 
еместігі айтылып, креативтіліктің мынадай кӛріністерін ұсынады:  
1. Қабылдау жылдамдығы, идеяларды жүйелей алу.  
2.Танымдық белсенділіктің интеллектуалды факторлары (зейін концентрациясы, креативтілік т.б.). 
3.
 
Жаңа идеяларға сезімталдық. 
4. Сананың ерекше күйі. 
Жалпы,  креативтілік  анықтамасы  Дж.Гилфорд  еңбегінен  кейін  кеңінен  тарала 
 
бастады.  Дж. 
Гилфорд ӛзінің интеллект құрылымының моделінде танымдық қабілетті ойлаудың конвергентті типімен, ал 
креативтілікті - дивергентпмен байланыстырады.  
Креативтілік    түсінігін  айқындайтын  әдістердің  әртүрлілігіне  қарамастан  олар    дарындылықтың 
анықтаушы компоненттерінің бірі ретінде индивидтің психикалық сапалық-қасиетін танытады.  Қандай да 
бір  істе  «тек  жоғары  нәтижелерге»  жету  дарындылықтың  құрамдас  бӛлігі    ретінде  ӛзге  факторлардың 
жиынтығын білдіретін жаңа шығармашылық іс-қимыл (интеллект, дәлеледеу және басқалар) деген сӛз.  
Ғалымдардың  еңбектерін  саралай  келе  креативтіліктің  жеке  тұлғада  әр  салада  болатынын  кӛреміз. 
Креативтілік  ұғымы  оқушының  шығармашылық,  танымдық  белсенділігі  арқылы  кӛрінетін  жеке  тұлғаның 
жаңаны жасаушы, тың идеяларды ұсынушы, проблемалық жағдайда оңтайлы шешім қабылдаушы ретінде 
түсіндіріледі, 
Креативтілік  белгілері  тӛмендегідей  анықталады:  ой  ұшқырлығы,  ойлау  ерекшелігінің  болуы,  ӛзіне 
баға берушілік, ӛзбеттілік, даралық ерекшелік, инттеллектуалды қабілеттің ерекше түрі . 
Жалпы  креативтілік  ұғымына  қатысты  анықтамаларды  талдай  келе,  тӛмендегідей  топтастыруға 
болады: 
1)  креативтілік  -  шығармашылыққа  қабілеттілік:  тұлғаны  сипаттайтын  шығармашылық 
қабілеттердің денгейі, креативтілік - адамның қалыптан тыс ойлай алуы; индивидтің жаңа идеяларды ашуға 
қабілеттілігі;  шығармашылық  дарындылық  денгейі;  креативтілік  индивидтің  тез  арада  шығармашылық 
шешім қабылдай алу;  
2)  креативтілік  –  адамның  интеллектуалдық  белсенділігінің  жоғары  денгейі,  оның  нәтижесінде 
құбылыстардың мәніне терең бойлау, мәселе кӛтеріп, оны тапқырлықпен шешу;  

203 
 
3)  белгілі  бір  үрдістердің    жиынтығы,  әрекет,  үрдіс:  креативтілік  -  адамның  қажеттілігінен 
туындайтын  табиғи  үрдіс;  бұл  үрдіс  мынадай  кезеңдерден  тұрады:  а)  білімнің  жетіспейтінін  сезінуден 
болатын  қолайсыздық,  сезімталдық;  ә)  мәселені  анықтау,  шешімді  іздеу,  болжамдар  ұсыну;  б)  шешімнің 
нәтижесін жариялау, тұжырымдау;  
4) кӛптеген пайдалы да жаңа идеяларды туғызуға қабілеттілік: креативтілік – жаңа идеялар тудыру, 
оларды  шешуде  қалыптан  тыс  тәсілдерді  пайдалана  алу;  креативтілік  -  адамның  қарапайым  ойлауынан 
жоғары тұрған ойлау арқылы жаңа идеялар туғызу;  
5)  Жаңаны  қабылдай,  түсіне  алуға  қабілеттілік,  ӛзгерістен  қорықпау:  креативтілік  -  қалыптан  тыс 
жағдаяттарды  шеше  алу;  креативтілік  -  ӛзгерістен  қаймықпау,  шешімді  іздегенде  және  оның  дұрыстығын 
дәлелдеуде кӛрінетін қасиет. 
Қазіргі  кездегі  психологиялық-педагогикалық  еңбектерден    креативтілік  ұғымының  әрі  қарай 
толыға түскенін аңғаруға болады.  Креативтілік жаңа ӛнім алатын адамның интеллектуалдық қабілеті ғана 
емес,  оның  психикалық  толысқандығының  белгісі  ретiнде  де  қарастырылады.  Креативтіліктің  белгілеріне 
ғалымдар  ӛнертапқыштық  бастамалылық,  интуиция,  болжай  алушылық,  прогностикалық  ойдың,  сезімнің 
еріктілігі мен еркіндігі, тапқырлықты жатқызады. 
Креативтілікке  баулу  әлі  де  болса  зерттеуді  талап  ететін  мәселе.  Ӛйткені,  креативтілікке  адамды 
үйретуге бола ма, жоқ әлде ол туа бітетін қасиет пе деген секілді пікірлер тӛңірегіндегі талас-тартыстар әлі 
күнге жүріп жатыр.  
Шығармашылық қабілеттердің дамуына оң немесе теріс ықпалын тигізетін сыртқы орта факторлары 
бар. Осы  уақытқа дейін зерттеушілер шешуші рӛлді бала қалыптасатын, және, бірінші кезекте, отбасылық 
қарым-қатынас  ықпалының  арнайы  микроортасына  беріп  келген  болатын.    Әлеуметтендіру  барысында 
шығармашыл тұлға мен әлеуметтік ортада ерекше қарым-қатынас орнайды.  
Жалпы,  бағдарламалардың  бірізділендіру  салдарынан  және  қатаң  тәртіптің  басымдығынан 
креативтер «қанағаттарлық  бағаға» бағытталған ортаның қысымына түседі. Мұғалімдер болса, креативтерді 
«мақтаншақ»,  ӛзін  ӛзі  кӛрсетуге  құмар  ұстамсыз,  қыңыр  және  т.б.  деп  бағалайды.    Креативтердің 
репродуктивті жұмыстарға қарсылық білдіруі, олардың қандай да болмасын істің бірсарындылығына деген 
асқан  сезімталдығы  жалқаулық,  қыңырлық  деп  бағаланады.  Дарынды  балалар  кӛп  жағдайда  құрбы-
құрдастарының  қудалау  объектісіне  айналады.    Сондықтан,  Гилфорд  келтірген деректер  бойынша,  бұндай 
балалар мектептегі оқу мерзімі аяқталған шақта ӛзінің қабілеттерін жасырып бүркемелеуді үйренеді немесе 
депрессияға(торығуға)    түсіп  кетеді.  Алайда,  олар  бәрібір  интеллекттің  бастапқы  даму  деңгейлерінен 
жылдам ӛтеді және адамгершілік санасының даму деңгейлерінің ең жоғары сатысына кӛтеріледі.   
Шығармашыл  балаларға  қолайлы  жағдай  туғызу  оқушының  әлеуметтік  мәртебесінің  ӛзгеруіне 
әкеледі, және де сыныптағы барлық оқушылардың «құндылық бағдарын» ӛзгертуге, шығармашылық ойлау 
қабілетінің  мәртебесін  жоғарлатуға  мүмкіндік  береді,  бұл,  ӛз  кезегінде,  барлық  оқушылардың 
шығармашылық қабілеттілігінің дамуына әсер етеді. 
Сонымен,  креативтілік  қоршаған  орта  факторларымен  айқындалады.  Адам  шығармашыл  не 
интеллектуалды  болып  тумайды.  Оның  бәрі  әр  адамда  кездесетін  түрлі  әлеуетті    жүзеге  асыру  үшін  орта 
беретін  мүмкіндікке  байланысты.    Креативтілікті  дамыту  үшін  демократиялық  деңгейде  қарым-қатынас 
жасайтын және баланың шығармашыл тұлғаға еліктеуіне болатын қатаң тәртіпке келтірілмеген орта қажет.   
Мұндай орта жан-жақты дамыған, ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасқан, ой-ӛрісі кең, ӛз ой-пікірін еркін жеткізе 
алатын, шығармашыл, белсенді, терең білімді креативті тұлға қалыптасуына әсер етеді.  
     
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Дружинин  В.Н. Психология общих способностей. – СПб: Питер, 2000.  
2.  Дж.Гилфорд.  Три  стороны  интеллекта  //  Психология  мышления/Под  ред.  А.М.Матюшкина.  –
М.,1965 
3.Torrance E.P. Teaching Creative and Gifted Learners. In: M.C. Wittrock (Ed.). Handbook of Research on 
Teaching, (3
rd
 ed.). /E.P. Torrance. - N.-Y.: Macmillan Press, 1986.  
4. Богоявленская Д.Б. Пути к творчеству. М., 1981. 
5. Вишнякова Н.Ф. Креативная психопедагогика. – Минск, 1995.   
 
 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ 
ҦЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӚЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Есекешова М.Д., п.ғ.к., доцент, Тастанбекова Н.Д., «Кәсіптік білім» магистрі 
С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті 
 
 
Мақалада  болашақ  кәсіптік  білім  беру  педагогтарының  бойында  кәсіби  біліктіліктерін  қалыптастыруда  педагогикалық 
тәжірибенің алатын орны анықталған. Кәсіби біліктілік ұғымының жіктелуі кӛрсетілген. Кәсіби біліктілік түрлеріне анықтама берілді. 
Жаңа формациядағы оқытушы бейнесіне қойылатын талаптар.   Мұғалім бойында кездесуі тиіс қасиеттерге түсінік берілген. 

204 
 
В    данной  статье  определенно  место  педагогической  практики  в  формировании  профессиональных  умений  у  будущих 
педагогов профессионального обучения. Дана классификация понятию «профессиональные умения». Даны определения видам умений. 
Требования,  предъявляемые  к  образу  педагогов  новой  формации.    Определены      качества,  которые  необходимо  сформировать  у 
будущих педагогов профессионального обучения. 
The place of teaching practice in the formation of professional skills of future teachers of vocational training is definitely this article. 
The classification of the concept of "professional skills" and the definitions of types of skills are given. Qualities which  are necessary to form of 
the future teachers of vocational training are defined. 
 
Кәсіптік  білім  беру  мекемелерінің  алдында  тұрған  ең  басты  міндет  -  болашақ  педагог  психолог 
мамандарын  кәсіби  тұрғыда  бағыттылығын,  кәсіби  біліктігін  қалыптастыру  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда 
жоғары  оқу  орнын  бітіруші  түлектер  дербес  еңбек  жолында  бірқатар  қиындықтарға  жолығатындары 
тәжірибеде анықталып отырғандықтан, кәсіби бағыттылығын қалыптастыруда іс-тәжірибе түрлерін барынша 
жаңа мазмұнды, жүйелі жүргізу міндеті қойылып отыр.  
Ғылыми салада білімді технологияландыру жӛніндегі зерттеулер пайда болып кәсіби дайындықтың 
мазмұндық  және  жеке  аспектілері  мен  қатар  оның  технологиялық  аспектілеріне  де    қызығушылық 
кӛрсетілуде. ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі білім беру проблемаларын шешудің жаңа бағыттарын қажет 
етеді.  Біліктілікті  арттыруда  ұстаздар  қауымына  үлкен  жауапкершілік  жүктеледі,  ол  ӛз  бетінше 
шығармашылық пен жұмыс жасау кезінде педагогтар қауымы ӛзінің кӛп жылғы іс-тәжірибесін құрастырып 
шығарып, мен шығармашыл мұғаліммін дейтін, ал, қазіргі педагогтар шығармашыл негіз – шығармашылық 
іс-әрекет, уақыт, күш, сапа мен сан кӛрсеткішінен тұратын біртұтастық құрылым үрдісін кӛрсетуде. Күннен 
күнге педагогтар қауымы ӛздеріне қойылатын талап пен міндетті нақты түсініп, қоғам қажеттілігінде жеке 
тұлғалық қасиет танытуда. Егер парадигма білім, білік, тәрбиені қалыптастыру болса, ал оқыту арқылы жеке 
тұлғаның  мәдениетін,  ғылыми  шығармашылдығын  дамытуға,  яғни  мектеп  оқушыларының  ӛзін-ӛзі 
тәрбиеленуіне әкеледі.   
Педагогтардың кәсіби ӛсуін жетілдіру барысында жеке тұлғаға сенімділікпен қарау факторы ерекше 
орын  алады.  Ағылшын  оқымыстысы  Дуглас  Марк  Тредер  «Адамдар  оған  сенім  білдіргенде  үлкен  ӛмірлік 
энергия  алды»,-деген.  Менеджменттің  басты  шарты-жетістік.  Жетістікке  ұмтылу-адамды  дамытуға 
бағытталған үлкен күш.  
Оқымысты  В.В.Краевский  ұсынысы  бойынша  біліктілікті  кӛтеру  тұжырымдамасы  тӛмендегі 
құрамдарды қамтиды: 
1.
 
Біліктілікті кӛтеру – бұл базалық мамандық бойынша қосымша білім алу және алған білімі 
негізінде ӛз қызметін дамытуға кәсіптік біліктілігін жетілдіру. 
2.
 
Біліктілікті кӛтеру проблемалары әлеуметтік жағдайда болады. 
3.
 
Педагогтарды әдістемелік, әдіснамалық рефлексия негізінде оқытудың ӛзектілігі. 
Педагогикалық  іс-тәжірибенің,  студенттердің  кәсіби  білігін  қалыптастыруда  қоғамдық  пәндер, 
психологиялық-педагогикалық  пәндер,  арнаулы  пәндер  бойынша  білім,  біліктілігі  және  дағдылар 
жиынтығын қарастырамыз. Сондықтан біз осы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламаларында студенттердің 
кәсіби бағдарын, кәсіби білігін қалыптастыруда қандай мүмкіндіктер бар екендігіне талдау жасаймыз. 
Мамандарды  қайта  даярлықтан  ӛзкізу  мазмұнына  педагогикалық  зерттеудің  әдістемесін  енгізу, 
мұғалімдердің  педагогикалық  ой-ӛрісін  дамыту  мақсатында  ойластырылады.  Мұғалімдердің  алған 
білімдерін тәжірибеде қолдануына ерекше назар аударылады. 
Мұғалім бойында болуға тиісті қасиеттер: 
1.
 
Балаларды сүйе білу – мұғалімнің маңызды сапасы; 
2.
 
Баланы,  оқушыны  құрметтеу,  әр  адамның  бойынан  тұлғаны  кӛре  білу  –  мұғалімге  қажетті 
қасиет; 
3.
 
Балаға сену – оқу процесіндегі жетістік кепілі, гуманизімнің оптимистік бағытын кӛрсетеді. 
4.
 
Баланы  білу  –  тұлғаның  жан-дүниесін  білмейінше  тәрбие  соқыр  болады;  гуманды  болу  – 
адамды тани білу деген сӛз. 
5.
 
Баланы түсіну – оның орнына ӛзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені оның кӛзімен кӛре білу қажет. 
6.
 
Жеке тұлғаға түсіністікпен қарау  -  әрбір  тұлғаның  қайталанбайтын ӛзіндік рухани әлемі,  ӛмір 
тәжірибесі, әдеттері мен кӛзқарастары болады. 
7.
 
Жеке абырой сезімін сақтау және дамыту – онсыз тәрбие де, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу мүмкін емес. 
8.
 
Оқу тәрбиесіне қатысу ретінде баланың досына айналу, оған қолдау кӛрсету және кӛмектесу. 
9.
 
Тұтастай ойлау білу. Жаңа ғасыр мұғалімі кері проблемалар мен кӛңіл-күйді оңды дүниелерге 
айналдыра білу керек. Ондай мұғалім іс жүзінде психолог болады. 
10.
 
 Педагогикалық  еңбек  мәдениетіне  бағытталу  –  мұғалімнің  тұтастай  дүниетанымын 
қалыптастыруға бағытталу. 
11.
 
Тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылдыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу. 
12.
 
Тұлғаның  дүниені тұтастай қабылдауына кӛмектесу. 
13.
 
Оқушының дұрыс таңдау жасауына кӛмектесу. 
14.
 
Оқыту әдістемелері мен технологияларымен жұмыс істеу. 
Педагогикалық іс-тәжірибе үрдісінде болашақ мұғалімдерді кәсіби білікке баулу нәтижелі болады: 
егер  педагогикалық  іс-тәжірибенің  кәсіби  бағдар  беруге  арналған  міндеті  мен  мақсаты  айқындалып,  оны 
ұйымдастыруға  байланысты  осы  кезге  дейін  жинақталған  алдыңғы  қатарлы  іс-тәжірибелер  ескерілген 

205 
 
жағдайда, студенттерді педагогикалық іс-тәжірибеге дайындау кезінде арнайы курстарды оқыту барысында 
олардың  әдістемелік,  ұйымдастырушылық,  болжағыштық,  диагностикалық,  зерттеушілік,  дидактикалық  
біліктерін  қалыптастыратындай  жұмыс  түрлері  ұйымдастырылса,  cонда  болашақ  мұғалімдерді  оқу-тәрбие 
жұмысында даярлау тиімділігі артады. 
Сонымен  қатар,  практиканттар  оқу-тәрбие  іс-тәжірибесі  үрдісінде  ғылыми-зерттеу  және  кәсіптік 
бағдар беру жұмыстарымен шұғылдандырсақ, олардың шығармашылық белсенділігі шыңдала түседі. 
Болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  іскерліктерін  қалыптастыру  педагогикалық  іс-тәжірибеге 
білімгерлермен алдын ала жүргізілетін жүйелі дайындық және қазіргі таңдағы білім беру стандарттары мен 
тұжырымдама  талаптарына  сәйкес  ұйымдастырылған  педагогикалық  іс-тәжірибенің  нәтижесі  негізінде 
жүзеге  асады.  Болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  деңгейінің  қалыптасуы  оқушыларға  берілетін  білім  мен 
тәрбиенің тиянақтылығына, нәтижелігіне, олардың шығармашылығының дамуына жағдай жасайды. 
Мұғалімнің  кәсіби  білік  дағдылары  ӛз  кезегінде  оның  жеке  кәсіби  педагогикалық  мәдениетін 
кӛрсететін  ӛлшем.  Оған  мұғалімнің  жеке  мәдени  деңгейі,  адамгершілігі,  тәлім-тәрбиесі,  ізденімпаздығы, 
зерттеушілігі  жатады.  Мұғалім  кәсіби  білімін  үдіксіз  жетілдірген  жағдайда  ғана  оқушының  танымдық, 
шығармашылық  қабілетін  дамытып,  ғылымға  деген  қызығуын  қалыптастыра  алады.  Сондай-ақ,  мұғалім 
жаңалық  жаршысы  ретінде  оқытудың  тиімді  тәсілдерін,  озық  тәжірибелерді  сараптап,  шығармашылық 
ізденіс үстінде болуы керек. 
Әр жеке адамның ӛміріндегі кәсіптік-әлеуметтік психологиялық тұрғыдан дамуы, оның оқып білім 
алуы мен тәрбиеленуіне ұстаздың білігі қажет болып табылады. Осыған байланысты мұғалім еңбегі үздіксіз 
ізденісті, ӛз білімі  мен тәжибесін жетілдіріп отыруды талап  етеді.  Мектеп жұмысын  ӛмірдің талабына сай 
жүргізу,  оқу-тәрбие  саласындағы  зерттеушілік,  тәжірибе  алмасу  жақтарына  мән  беру  мұғалімдерінің 
ізденісіне шек қоймау, қайта оған жағдай жасап отыру ұстаздың іскерлік негіздерін меңгеруіне ықпал етеді. 
Ұстаздың ӛз бетінше білім жетілдіру, осы саладағы үздіксіз ізденісі, озат тәжірибені қолдану, оны ӛзгелерге 
насихаттауы,  жаңашылдық  танытуы,  іскерлік  негіздері  педагогикалық  білікке  жеткізудің  бір  жолы  болып 
саналады [3].  
Сонымен,  болашақ  маманның  кәсіби  қызметке  даярлығын  қалыптасыруда  мұғалім  және  болашақ 
маман  келешекте  атқаратын  қызметінің  мақсатын  анық  білуі  керек.  Ал  мақсаты  нәтижелі  болу  үшін 
болашақ маманның  кәсіптік білім алу кезінен бастап маманның  атқаратын нақты іс-әрекет  жағдайы, оның 
еңбек қызметтері талап етілетін білім мен дағдысы анықталады. 
Қорыта  келе,  жоғары  оқу  орнын  бітіретін  болашақ  педагог  маманның  қызметке  даярлығын 
қалыптастыру тӛмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:  
-
 
болашақ маманның алдына нақты мақсат қойып, оны орындауға жетелейді
-
 
оқу үрдісін тиімді және белсенді ұйымдастыруға кӛмектеседі; 
-
 
болашақ маманның кәсіби қызметке даярлықтың маңыздылығын түсіну үшін, мамандыққа және 
жеке тұлғаға қойылатын талаптарды нақтылайды. 
Сонымен, кәсіби қызметке даяр болашақ мұғалім кәсіптік білім беретін оқу орны үшін де, жұмыс 
берушілер үшін де, Тәуелсіздік Қазақстанымыздың болашағы үшін де ӛте маңызды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет