ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҰЛТТЫҚ
БІЛІМ БЕРУ
СТАТИСТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
TIMSS-2011
Халықаралық зерттеу нәтижелері
Ұлттық
есеп
АСТАНА 2013
УДК 371
ББК 74.204
Н 35
Н 35
Қазақстанның
жалпы білім беретін мектептердің 4
және 8 сынып оқушыларының оқу
жетістіктерін бағалаудың ғылыми зерттеу нәтижелері.
Ұлттық
есеп.
-
Астана: ҰББСО, 2013.
-
237 бет
ISBN 978-601-7080-71-6
Ұлттық
есепте IEA (International Association for Evaluation of Educational Achievement) Білім
беру жетістіктерін бағалау Халықаралық ассоциациясымен ұйымдастырылған TIMSS
- 2011
(TIMSS -
Trends in International Mathematics and Science Study) мектептік математика мен
жаратылыс ғылымдарынан білім беру сапасын халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері
қолданылған.
Басылымға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық білім беру
статистикасы және бағалау орталығының Ғылыми
-
әдістемелік кеңесімен ұсынылған (2013
жылғы 7 ақпандағы №1 хаттама)
ISBN 978-601-7080-71-6
ББК 74.204 УДК 371
© ҰБСБО Редакциялық қызметі, 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ .....……………………………………………………………....……………………
5
1 БӨЛІМ. TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ ......................………..........………………
7
1.1.
Зерттеудің концептуалды моделі ..……………………………......……………………… 9
1.2.
Оқушыларды іріктеуді қалыптастыру …………………………............................……… 12
2 БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СӘЙКЕСТЕНДІРУ БОЙЫНША 4 ЖӘНЕ 8 СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕСІ …………...……………………........................
17
2.1.
Оқушылардың жаратылыстанудан дайындық деңгейі. Жаратылыстану бойынша
тест тапсырмаларының орындалуына талдау ..…………………………...........……………
19
2.2.
Оқушылардың математикадан дайындық деңгейі. Математикадан тест
тапсырмаларының орындалуына талдау ….............................................................................
64
3
БӨЛІМ. ОҚУ ЖОСПАРЫ: МАЗМҰНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ……............................ 124
3.1.Зерттеуге қатысушы жетекші елдердің оқу бағдарламалары .......................................… 126
3.2.
Қазақстандық мектептердің оқу бағдарламасы ……………….........................……… 141
4
БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЙМАҚ ШЕГІНДЕГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ …..................... 170
4.1. 4-
сынып оқушыларының нәтижелері ..…….......……..................................................... 172
4.2. 8-
сынып оқушыларының нәтижелері ………...................................................………… 181
5 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ….......... 194
5.1.
Оқушылардың білім ресурстары ………………………................................................. 196
5.2. Мектептің білім ресурстары ………................................................................................ 205
ҚОРЫТЫНДЫ …………………........................................................................................….
217
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ ………...............................……………………………………….
218
ГЛОССАРИЙ ……………………............................................................…………………… 219
БИБЛИОГРАФИЯ ………………...................………………………………………………. 220
ҚОСЫМША …………………………...............................................………………………… 224
5
TIMSS
PIRLS
International Study Center
TIMSS-
2011 Ұлттық есебі
Кіріспе
Білім берудің ұлттық жүйесінің барлық деңгейлерінде білім беру
қызметтерінің
қол
жетімділігі
бойынша
Қазақстан
әлемдік
көшбасшылардың қатарына кіреді. Білім беру сапасы саласында
жетекші орындарға қол жеткізу зор (амбициялық) мақсаттардың және
даму қозғалтқышының бірі болып табылады.
Білім беру жүйесін дамыту нәтижесі ретінде оқып үйренушілердің
білім және қабілет сапасының білім беру деңгейін ұлттық емтихандар
ғана емес, сонымен қатар еліне тәуелсіз халықаралық мониторингтік
зерттеулер анықтайды.
Оқып үйренушілердің білім беру жетістіктерін сырттай бағалау
нәтижелері бойынша алынған ақпарат білім беру мазмұнын жетілдірудің
шынайы құралдарының бірі болып табылады.
IEA - International Association for the Evaluation of Educational
Achievement білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық
ассоциациямен әр төрт жылда өткізілетін TIMSS
- Trends in International
Mathematics and Science Study Халықаралық мониторингтік зерттеу
әлемнің 50
-
ден астам елдерінде математикадан және жаратылыстану
ғылымдары бойынша даму тенденциясын бақылауға мүмкіндік береді
Осылайша біз мектептегі білім беру жүйесін жаңғыртудың ғана емес,
сонымен қатар халықаралық практикалық тәжірибесі туралы бірігей
материалын аламыз. Мектепте балаларды оқытудың табыстылығы
–
ауқымды жұмыс нәтижесі және білім беру жүйесіне қатысты барлық
адамдарың тығыз өзара әрекеттестігі: мұғалім
–
ата
-
ана
–
жоо
оқытушысы
–
стандарттар мен оқулықтарды жасаушы және т.б.
TIMSS-
2011 құралдары көпшілік елдер үшін ортақ болып табылады,
тест тапсырмаларының ауқымды банкінен құралған, көптеген
халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша оларды шешу қазіргі
әлемде оқушының алған білімдерін сәтті жүзеге асыру үшін қажет.
Ұлттық есептің ақпараттық аналитикалық материалы қазақстандық
оқушылардың TIMSS
–
2011 қатысу нәтижелерін тарату стратегиясын
жүзеге асыруға бағытталған. Қатысушы елдердің мектеп
бағдарламаларына салыстыру жүргізілді, оқушылардың білім беру
жетістіктерін бағалаудың негізгі тәсілдері көрсетілген, зерттеудің
құрамдас бір бөлігі ретінде қатысушылар сауалнамаларын өндеу
нәтижелері ұсынылған.
TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ
1 БӨЛІМ
TIMSS-
2011 Ұлттық есебі
9
1
БӨЛІМ. TIMSS халықаралық зерттеуі
1.1.
Зерттеудің концептуалды моделі
TIMSS -
Trends in International Mathematics and Science Study мектептегі білім
беру сапасын халықаралық зерттеуі әлемнің 60-тан астам елінің жаратылыстану-
математика бағытындағы даму тенденциясы туралы ақпаратты ұсынушы жетекші
мониторингтік жоба болып табылады.
TIMSS халықаралық зерттеуінің әдістемелік негізі К.Трэверс және А.
Вестбэримен құрастырылған оқушылардың білім берудегі жетістіктерін
бағалаудың концептуалды моделі болып табылады. ( 1.1.1 сурет).
1.1.1 сурет. TIMSS концептуалды моделі
Дерекнама: Концептуалды тәсілі , Ресей білім беру академиясы, Мазмұн мен әдістер институты
IEA Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастықтың
зерттеу моделіне білім беру сапасын бағалау саласында зерттеу жүргізу
нәтижесінде аталған ұйыммен жинақталған тәжірибе кіреді. Аталған Модель білім
беру жүйесінің түрлі элементтері арасындағы күрделі өзара байланысты түсінуге
көмектеседі. Ұсынылған Модельде Білім беру үш деңгей позициясында
қарастырылады.
Білім беру саласындағы
сарапшылардың
сауалнамасы
Мектеп әкімшілігінің
сауалнамасы
Оқушылардың
сауалнамасы
Білім берудің жүзеге
асырылатын деңгейі
Білім берудің
жоспарлы деңгейі
Білім берудің қол
жеткен деңгейі
Математика және
жаратылыстану
ғылымдарынан білім беру
саласы сарапылыарының
Пән мұғалімінің
сауалнамасы
Оқушылардың
оқудағы
жетістіктерін
бағалайтын тест
Оқушыны
сипаттайтын
көрсеткіштер
Мектепті және оның
ортасын, оқу үдерісін
сипаттайтын
көрсеткіштер
Білім беру жүйесін
және жалпы елді
сипаттайтын
көрсеткіштер
TIMSS-
2011 Ұлттық есебі
10
жоспарлаушы – мектепке әлеуметтік тапсырыс, жүзеге асырылатын –
мектептің нақты оқу үдерісі қол жеткізген – осы мектеп оқытуының нәтижелері.
Жоспарлаушы деңгейде, макро-деңгейде, білім берудің ресми мақсаттары
қалыптасады. Қоғамда жинақталған педагогикалық және әдістемелік идеялар
жиынтығы бағдарламаларда, оқулықтарда және әдістемелік нұсқаулықтарда
көрініс табады. Мектеп және сынып деңгейінде мұғалім нақты оқу үдерісінде білім
берудің жоспарланған мазмұнын жүзеге асырады – білім берудің жүзеге
асырылатын деңгейі. Қол жеткізген деңгейде оқушы, оның білімі, қабілеті және
қатынасы бағаланады. Осылайша, көрсетілген деңгейлердің сұрақтар тобы TIMSS
зерттеуінің құралардын жасауға негіз болып табылады.
TIMSS зерттеу моделі оқушылардың жетістіктерін бағалау саласында бұрын
жүргізілген халықаралық зерттеулерге айтылған сыни ескертулерді есепке ала
отыра жасалды. TIMSS моделі оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың
жаңа тәсілдерін ғана анықтамайды, сонымен бірге, алынған мәліметтердің
талдауына басты назар аударады. Факторлардың ауқымды көлемін зерттеу
қажеттілігі талданатын жүйеніің элементтерін біршама ұлғайтуға және білім беру
жүйесінде өзара әрекеттестік факторлардың нәтижелі модельдерін жасауға әкелді.
Осылайша, жетілдірілген TIMSS моделі мектептегі бар білім беру сапасын бағалау
тәсілдерінің барлық негізгі талаптарына жауап береді.
TIMSS жобасын жүзеге асыруда танымал ғылыми-зерттеу орталықтары
қатысады: білім беру саласындағы тестілеу қызметі (ETS - Educational Testing
Service, АҚШ), Канадалық статистика орталығы (Statistics Canada), Білім беру
жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық (IEA, Нидерланды), Білім беру
жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық қауымдастықтың мәліметтерін өндеу
орталығы (DPC IEA - Data Processing Center IEA, Германия).
TIMSS жобасының кеңес комитеттерінің құрамына әлемнің 50-ден астам
елдерінен білім беру сапасын бағалаудың жетекші сарапшылары кірді. TIMSS
зерттеуінің халықаралық үйлестіру орталығы Бостон колледжі (ISC - International
Study Center, Boston College, АҚШ) болып табылады.
Зерттеуге танымал беделді ұйымдардың қатысуы жүргізіліп жатқан зерттеудің
жоғары сапасын қамтамасыз етіп қана қоймай, эксперименталды тексеруден өткен
халықаралық стандарттар негізінде оқушылардың білім алатын жетістіктерін
бағалудың инновациялық тәсілдерін жасауға көмектесті.
«TIMSS Assessment Frameworks» арнайы шекті құжатында жаратылыстану-
математика циклі пәндері бойынша оқып үйренушілердің білім беру жетістіктерін
бағалаудың ортақ тәсілдері анықталды – тестілерді және тест тапсырмаларын құру,
сыртқы ақпараттың нақты өлшемдерін анықтады.
TIMSS халықаралық зерттеу құралдары:
оқушылар жетістіктерінің тестілері;
респонденттер сауалнамалары (оқушылардың және пән мұғалімдерінің,
мектеп әкімшілігінің, ұлттық үйлестіруші, зерттеуді жүргізу сапасының
халықаралық бақылаушысы);
әдістемелік кешен (зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу, іріктеулерді
қалыптастыру, тестілерді жүргізу, еркін жауапты тапсырмаларды тексеру,
мәліметтерді енгізу бойынша ұлттық және мектеп үйлестірушілерінің нұсқаулығы);
бағдарламалық кешен (мектептер, сыныптар және оқушылардың, зерттеу
нәтижелерінің халықаралық және ұлттық дерекқоры).
TIMSS-
2011 Ұлттық есебі
11
TIMSS зерттеуінің негізгі компоненттері төменде берілген принциптер
негізінде жасалған білім алу жетістіктерінің тестілері болып табылады:
тексерілетін мазмұн мен оқу-танымдық іс-әрекет түрлерін сәйкес қамту;
қатысушы елдердің оқыту материалдарына максималды сәйкестік;
тексерілуі тиіс оқу материалының математика және жаратылыстану
ғылымдарынан білім беруді дамыту тарапынан маңыздылығы;
тест тапсырмаларының оқушылардың жас ерекшелігі жетістіктерін бағалауға
сәйкестігі.
Төртінші сынып оқушыларына арналған TIMSS-2011 зерттеу
тестілерінде математикадан 175 тапсырма және 172-жаратылыстанудан. 8-
сынып оқушыларына математика мен жаратылыстанудан 217 тапсырмадан
ұсынылған.
4-
сынып оқушысының тест буклетінің әр нұсқасы 44-тен 50-ге дейін, сегізінші
сынып оқушысында 55-тен 60-қа дейін жауаптардың әр түрлі түрлері болуы
мүмкін. 4-сыныптарда барлық тест буклетін орындауға 72 минут бөлінеді, сегізінші
сынып оқушыларына тест тапсырмаларын орындауға 90 минут бөлінеді.
Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық қауымдастықтың
Мәліметтерді өңдеу орталығы (DPC IEA, Германия) TIMSS диапазонымен
белгіленген Халықаралық стандарттарға сәйкес нәтижелерді 0-ден 1000 баллға
дейін бағалау арқылы есепке алады. Орта статистикалық балл 500.
TIMSS бағалау технологиясы тесттік тапсырмаларды оқушылардың дайындық
деңгейі бойынша төрт деңгейге бөледі – ілгерілеу, жоғары, орта және төмен,
олардың әрқайсысына белгілі бір мөлшерде балл тағайындалған – сәйкесінше 625-
550-475-400.
Жабық түрдегі тапсырмалардың дұрыс жауаптарын халықаралық сарапшылар
1
баллға бағалайды. Ашық түрдегі тапсырмалардың әр жауабы Бағалау бойынша
нұсқаулыққа сәйкес арнайы код беру арқылы бағаланады. Осы нұсқаулық арнайы
екі мағыналы кодты беру механизмін анықтайды – «дұрыс жауап», «жартылай
дұрыс жауап», «қате жауап».
Ұлттық үйлестіруші кодтау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жаратылыстану-
математика циклі бойынша сарапшылар тобын қатыстырады. Жұмыс
қорытындысы іріктеу талаптарына сәйкес WinDEM халықаралық мәліметтер
қорына енгізіледі.
TIMSS концепциясының ерекшелігі тесттен өтушілердің нәтижелері
концептуалды факторлар призмасы арқылы өтеді. Ол шетелдік құрастыру
сарапшылардың пікірінше, алынған қорытындылардың кейбір себептерін
түсіндіріп береді. Мұндай қосымша сыртқы ақпаратты респонденттердің
сауалнамаларын өндеу барысында алуға болады. Ұлттық үйлестірушіге жіберілген
ақпараттық сауалнамалар бастауыш және негізгі мектептегі ұлттық математика
және жаратылыстану ғылымдары бойынша білім берудің мазмұны мен
ұйымдастырылу мәселелерін қарастырады (бағдарламалар, стандарттар,
оқулықтар, білім беру жетістіктерін бағалау жүйесі және т.б.)
4-
сынып және 8-сынып оқушылары олардың мектеп пәндеріне, мұғалімдер
тарапынан сабақтардың ұйымдастырылуына, отбасын сипаттайтын сұрақтарға
жекелей жауап береді. Пән мұғалімінің сауалнамасында бастауыш және негізгі
мектепте математика мен жаратылыстану сабақтарын жүргізу ерекшеліктері,
мұғалімнің кәсіби мәліметтері, педагогикалық қызметке олардың көзқарасы туралы
ақпарат болады.
TIMSS-
2011 Ұлттық есебі
12
Зерттеуге қатысушы мектеп әкімшілігі басқарып отырған білім беру
мекемелеріндегі оқу үдерісін жүргізуге байланысты сұрақтарға жауап береді. Әр
сауаланаманы толтыруға 30 минут беріледі.
TIMSS-
ге қатысушы елдің тестілеу сипатына зерттеу құралдарын ауыстыру
зерттеудің Ұлтық үйлестірушісімен жүзеге асырылады. Содан соң Халықаралық
консорциумға
халықаралық
дәрежедегі
аудармашылардың
қатысуымен
сараптамадан өтуге бағытталады.
TIMSS зерттеулері барлық қатысушы елдер үшін бірыңғай Халықаралық
үйлестіру орталығымен жасалған нұсқауға сәйкес жүргізіледі. Зерттеудің әр кезеңі
қатысушыларды іріктеуді қалыптастырудан, оның тәсілдерін аудару және
бейімдеу, тестілеуді және сауалнамаларды жүргізу бастап мәліметтерді тексеру
мен өндеуге дейін халықаралық сарапшылардың тікелеу қадағалуымен жүзеге
асырылады. Қатысушы елдер мектептеріндегі зерттеу Білім беру министрілігі және
Білім беру жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық қауымдастық (IEA)
арасындағы Әріптестік туралы келісім шегінде анықталған Ұлттық үйлестіруші
арқылы жүзеге асырылады.
Осылайша мемлекет әлем елдеріндегі 4-сынып және 8-сынып оқушыларының
математика мен жратылыстану ғылымдары бойәынша білім деңгейлеріне
салыстырмалы бағалау жүргізу үшін сәйкес қол жетімді инфроқұрылыммен және
ресурстармен қамтамасыз етуге кепілдік береді.
1.2.
Оқушыларды іріктеуді қалыптастыру
Оқушылардың білім алудағы жетістіктерін бағалау бойынша алынған
мониторингтік зерттеу нәтижелерінің нақтылығы тікелей қатысушыларды іріктеу
процедурасын жүргізуге байланысты.
Әлемнің 63 елінің бастауыш және негізгі мектебінен 600 мыңнан астам оқушы
TIMSS-
2011 зерттеулеріне қатысты. 34 ел, соның ішінде Қазақстан зерттеудің
бірден екі бағытына қатысты – 4-8 сынып оқушыларының математика және
жаратылыстану білім беру сапасын бағалау (1.2.1- кестесі).
1.2.1 кестесі. TIMSS-2011 зерттеуіне қатысушылар
№
Ел
4 сынып
8 сынып
№
Ел
4 сынып
8 сынып
2011 2007 2011 2007
2011 2007 2011 2007
1 Австралия
♦
♦
♦
♦
31 Марокко
♦
♦
♦
♦
2 Австрия
♦
♦
32 Нидерланды
♦
♦
3 Әзірбайжан
♦
33 Жаңа Зеландия
♦
♦
♦
4 Англия
♦
♦
♦
♦
34 Норвегия
♦
♦
♦
♦
5 Армения
♦
♦
♦
♦
35 БАӘ
♦
♦
6 Бахрейн
♦
♦
♦
36 Оман
♦
♦
♦
7 Бельгия (Фландрия)
♦
37 Палестин
Автономиясы
♦
♦
8 Венгрия
♦
♦
♦
♦
38 Польша
♦
9 Гана
♦
39 Португалия
♦
10 Германия
♦
♦
40 Ресей Федерациясы
♦
♦
♦
♦
11 Гонконг
♦
♦
♦
♦
41 Румыния
♦
♦
♦
12 Грузия
♦
♦
42 Сауд Арабиясы
♦
♦
♦
13 Дания
♦
♦
43 Солтүстік Ирландия
♦
14 Йемен
♦
♦
44 Сербия
♦
♦
15 Израиль
♦
♦
45 Сингапур
♦
♦
♦
♦
16 Индонезия
♦
♦
46 Сирия
♦
♦
TIMSS-
2011 Ұлттық есебі
13
17 Иордания
♦
♦
47 Словакия
Республикасы
♦
♦
18 Иран
♦
♦
♦
♦
48 Словения
♦
♦
♦
♦
19 Ирландия
♦
49 АҚШ
♦
♦
♦
♦
20 Испания
♦
50 Таиланд
♦
♦
♦
21 Италия
♦
♦
♦
♦
51 Тунис
♦
♦
♦
♦
22 Қазақстан
♦
♦
♦
52 Түркия
♦
♦
♦
23 Катар
♦
♦
♦
53 Украина
♦
♦
♦
24 Қытай Тайбэйі
♦
♦
♦
♦
54 Финляндия
♦
♦
25 Кувейт
♦
♦
♦
55 Хорватия
♦
26 Ливан
♦
♦
56 Чехия Республикасы
♦
♦
♦
27 Литва
♦
♦
♦
♦
57 Чили
♦
♦
28 Македония
♦
58 Швеция
♦
♦
♦
♦
29 Малайзия
♦
♦
59 Корея Республикасы
♦
♦
♦
30 Мальта
♦
♦
60 Жапония
♦
♦
♦
♦
Дерекнама : білім жетістіктерін бағалау жөніндегі қауымдастықтың TIMSS-2011 халықаралық есебі
TIMSS зерттеуінің қатысушыларын алдын ала сапалы түрде теу
Халықаралық үйлестіру орталығының жоспарына сәйкес жүргізіледі. TIMSS
Стандарт талаптарына зерттелетін жиынтық сипаттамаларының сәйкес болуы елдің
зерттеуге қатысу шарты болып табылады.
Аумағы үлкен ел әкімшілік бөлінуіне сәйкес страттарға бөлінеді. Страттарды
іріктеу үшін зерттелу жиынтығы бойынша әр аймақтың оқушылар саны туралы
ақпарат жиналады.
Халықралық үйлестіру орталығы ықтималды-үйлесімді әдіс арқылы әр елден
150-
ден кем емес мектеп-қатысушыға іріктеу жүргізеді. Іріктелген мектептерге
төрт таңбалы сәйкестендіру нөмірі бекітіледі. Сонымен бірге іріктеудің іріктеу
көрнекілігі (репрезанттығы) бұзылған жағдайда (форс-мажорлы жағдайлар)
іріктелген білім беру мекемесін алмастыра алатын мектептер анықталады. Әр
мектеп үшін екі алмастырушы мектеп анықталады.
Осылайша, Қазақстан оқушылары мен мектептерді ұлттық іріктеу
Халықаралық
ұйым
(IEA)
талаптарына
сәйкес
қалыптастырылған.
Алмастырушылар ретінде келесілер қолданылды:
•
аймақтар бойынша мектептер (16 алмастырушы);
•
тек 4-сынып, тек 8-сынып, сондай-ақ 4-сынып және 8-сыныптар бойынша
мектептердің жалпы саны (3 алмастырушы);
•
мектептердің орналасуы (қала/ауыл - 2 алмастырушы);
•
оқыту тілі (қазақ, орыс, аралас - 3 алмастырушы);
•
мектеп типі (бастауыш, негізгі, орта - 3 алмастырушы).
Зерттеу ұйымдастырушыларымен іріктелген мектеп-қатысушыларының тізімі
өнделіп, Бас іріктеу талаптарына сәйкес WinW3S дерекнамасына енгізілді.
Әр қатысушы ел шегінде зерттеу нәтижелерінің сәйкестілігін қамтамасыз ету
мақсатында іріктелген сынып оқушыларының жоспарланған санының 85% кем
емес оқушы қатысуы керек. Оқушыларды іріктеуді қалыптастырудың әр бір әрекеті
арнайы нысандарда бекітіліп,TIMSS үйлестіруші орталығына бағытталады.
Зерттеудің тексерілетін құрамы, елдің 4-сынып және 8-сынып оқушылары,
оның басты жиынтығын құрайды. Елмен ұсынылған 4-сынып және 8-сынып
оқушыларының жалпы тізімінен тесттің 10 нұсқасына 400 оқушы іріктеп алынады
(бастауыш және негізгі мектеп оқушыларынан 4000 оқушыдан. Шығарылуға тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |