Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата18.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2168
1   2   3   4   5   6   7   8

САРЫТАу, Ү й с і н т а у ,   К е т п е н  (Ұзынқара) 

жотасының  оңт-нде,  Алматы  обл.  Райымбек  ауд. 

жерінде  орналасқан  жота.  Оңт.-батыстан  солт.-

шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, ені 15 км 

шамасында.  Абс.  биікт.  3523  м.  С.  төм.  тас  көмір 

кезеңінің шөгінділері мен гранитті интрузивтік тау 

жыныстарынан  түзілген.  Жота  қырқасы  арқылы 

Қазақстан  мен  Қытайдың  мемл.  шекарасы  өтеді. 

Солт. беткейінде 2800 – 3000 м биіктікке дейін ор-

ман өседі. Субальпі, альпілік шалғындар жазғы мал 

жайылымы  ретінде  пайдаланылады.  Қытайдағы 

бөлігінің  атауы  –  Үйсінтау,  қытайша  –  «Усунь 

Шань» деп аталады.

САРЫТОРҒАЙ, Ж е т і қ ы з  – Торғай алабындағы 

өзен.  Қарағанды  обл-ның  Ұлытау  және  Қостанай 

обл-ның  Амангелді  аудандары  жерімен  ағады.  Ұз. 

123 км. Су жиналатын алабы 5880 км

2

. Ұлытаудағы 



Сарлық және Қаражыланды жылғаларының қосыл-

ған жерінен басталып, Екідің а. тұсында Қараторғай 

өз-не  құяды.  Ірі  салалары  –  Тамды,  Терісбұтақ, 

Ханшабылған.  Аңғары  Тамды  өз-нің  сағасына  де-

йін 1,5 – 3 км, Терісбұтақ сағасынан 80 –  100 м, 

Ханшабылған  сағасынан  төмен  кеңейіп,  10  км-ге 

жетеді.  Арнасы  тік  жарлы  (4  м),  ені  20  –  400  м. 

Жауын-шашын  және  жер  асты  суларымен  толы-

ғады. Жылдық орташа су ағымы Екідің а. тұсында 

5,64 м


3

/с. Суы жазда ауыз суға, мал, жайылым суға-

руға пайдаланылады. 

САРЫШАҒАН  –  Балқаш  көлінің  батыс  бөлігін-

дегі  шығанақ.  Қарағанды  обл.  Ақтоғай  ауд-ның 

аумағында  орналасқан.  Көлге  шыға  берісіндегі 

жалпақтығы 20 км-ге жетеді. Ауд. 380 км

2

. Суының 



ең терең жері 6 – 7 м. Жағасы көбіне жарлауытты 

(4  –  6  м),  суы  таяз,  қамыс  өседі.  С.  жағалауында 

Сарышаған кенті орналасқан.

САРЫШАТЫР  (Hіeracіum) –  күрделігүлділер тұ- 

қымдасына  жататын  көп  жылдық  шөптесін  өсім- 

дік. Дүние жүзінде 1000-ға жуық түрі белгілі. Қа- 

зақстанда ашық ормандарда, ормандардың шетінде, 

бұталар арасында өсетін 24 түрі бар. Жиі кездесе-

тіні – т ү к т і  С. (H. pіlosella). Оның биікт. 5 – 35 

см.  Өсімдіктің  өрмелей  өсетін  өркендері  болады. 

Жапырақтары сопақша немесе сүйір, жоғ. жағы жа-

сыл, төм. бөлігі сұр не ақшыл түсті. Гүл сабақтары 

жапырақсыз. Сырт жағынан қарағанда қызғылт тіл 

тәрізді жолақтары бар қалқанша тәрізді дара гүлі се-

бет гүлшоғырына топталған. Мамыр – тамыз айла-

рында гүлдеп, маусым – қыркүйекте жеміс салады. 

Жемісі – қара қошқыл түсті, ұз. 2 мм-дей тұқымша. 

Түкті  С-дың  құрамында  ащы  заттар,  шайыр  мен 

шырыш,  кумарин,  флавоноидтар  болады.  Дәрілік 

өсімдік,  сары  ауруды,  өкпе  туберкулезін,  асқазан 

ауруларын,  сарыпты  емдеуде  пайдаланады.  С-

дың 1 түрі – күмбел С-ы (H. kumbelіcum) Іле және 

Күнгей  Алатауларында  ғана  кездесетін  эндемик. 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 

САРЫШЕШЕК,  р а м м а т о ф и л л ю м   (Rham- 

matophyllum)  –  орамжапырақ  тұқымдасына  жата-

тын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, кейде бұта. 

Қазақстанда  кездесетін  2  түрі  бар:  жуантамырлы 

С.  (Rh.  pachyrhіzum),  таудың  тасты  беткейлерінде 

өседі,  биікт.  10  –  30  см  аралығында.  Мұғалжар, 

Жетісу  (Жоңғар),  Күнгей  Алатауларында,  ұсақ 

шоқылы  аймақтарда,  Солт.  Үстіртте,  Арал  т-нің 

жағалауында,  Бетпақдала  мен  Алтайда  кездеседі, 

бұталы  С.  (Rh.  frutex)  шөлейтті  жерлерде  өседі, 

биікт. 50 см-дей. Бұлардың сабақтары бұтақталып 

келеді,  жапырақтары  ұзын,  жіңішке.  Тостағанша 

жапырақшаларының  пішіні  ұзынша,  күлтесінен 

екі  есе  қысқа.  Аталықтары  жіңішке,  бос  жатады. 

Аналық мойны қысқа. Гүлі  ақ немесе күлгін түсті, 

шашақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – маусым 

айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – түзу не-

месе  сәл  иіліп  келген  бұршаққын.  Ол  екі  жағына 

қақырап ашылады. Тұқымының сырты тегіс, қоңыр 

түсті. Бұталы С. – Бетпақдалада, Қарқаралыда және 

Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездесетін эндемик.

САРЫШҰНАҚ  (Cіtellus)  –  кеміргіштер  отряды, 

тиіндер тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда да-

лалық аймақтар мен шөл, шөлейтті аудандарды ме-

кендейтін 6 түрі (зорман, ұзынқұйрықты С., үлкен 

С., қызыл тұмсық С., кішкене С. және реликті С.) 

Сарышұнақ

Сарышаған шығанағының жартасты жағалауы



530

қуы 0,65 м. Суының минералд. 0,27 г/л – 2,16 г/л, 

мөлдірлігі 0,2 – 2,6 м. Көл суы хим. құрамына қарай 

гидрокарбонатты  келеді.  Көлде  балықтың  8  түрі 

бар (сазан, көксерке, алабұға, көкбас, т.б.). 1946 ж. 

мұнда Алакөл мемл. ондатр ш. құрылып, 1956 жыл-

дан  ондатр  терісі  дайындалады.  Көлде  үйрек,  қаз, 

бірқазан,  аққу,  балықшы,  шағала,  жағалауындағы 

қамыс арасында қабан, түлкі, мәлін (теңбіл мысық), 

т.б. мекендейді.



САСЫҚКӨЛ,  Ш ұ б а р к ө л   –  Үй  өз.  алабын-

дағы  көл.  Қостанай  обл.  Қарабалық  ауд.  жерінде, 

Новотроицкое  а-нан  оңт.-шығысқа  қарай  12  км 

жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 209 м биік-

тікте.  Дөңгелек  пішінді  көлдің  ауд.  20,9  км

2

,  ұз. 



5,4 км, ең енді жері 5 км-ге жетеді. Көл жағалауы 

жатық. Оңт-нде (3 км жерде) жазда құрғап қалатын 

батпақты-шалшықты  Шұбаркөл  соры  орналасқан. 

Көл суы кермек татиды. Жер асты, қар суларымен 

толығады. Көктемде Шұбаркөл сорымен ұласып ке-

теді. Суында балық бар. Жағалауы шабындық және 

мал жайылымына пайдаланылады.

САСЫҚҚуРАЙ  (Dorema)  –  шатыршагүлділер 

тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін эфе-

мероидты  (вегетациялық  мерзімі  қысқа)  өсімдік-

тер.  Қазақстанда  шөл  және  шөлейтті,  аласа  тау 

беткейлеріндегі  қорымтасты  жерлерде,  әсіресе, 

Қаратаудың  солт.-шығысындағы  сілемдерінде 

өсетін  2  түрі:  Қаратау  С-ы  (D.  karatavіense)  және 

құмдық С. (D. sabulosum) бар. Бұлардың биікт. 1 м-

дей. Тамырлары жуан, тамыр мойнын қураған жа-

пырақтар жауып жатады. Сабақтары да жуан, қалың 

түк жапқан, жоғ. жағы бұтақталып келеді. Жапырақ 

тақтасының үстіңгі беті жылтыр, астыңғы жағына 

қарай  түкті  келеді.  Сабақ  түбіндегі  жапырақтары 

ұзын  сағақты,  сабақ  ұшына  жақындаған  сайын 

сағақтары  қысқарады.  Гүлдері  өте  ұсақ,  қос  жы-

нысты, ақ немесе сары түсті, олар шатыр гүлшоғы-

рына топталған. Әр гүлшоғырында 15-ке дейін гүл-

дері болады. Тұқымынан көбейеді. Маусым айында 

гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі – түкті, эл-

липс пішінді, ілмешекті қос тұқымша. Ілмешек деп 

аталуы  –  қосақтасқан  құрғақ  жемістері  сырға  тә-

різді ілініп, төмен қарай салбырап тұрады. Қаратау 

С-ы өте сирек кездесетін эндемик өсімдік ретінде 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 



САСЫР (Ferula) – шатыршагүлділер тұқымдасына 

жататын көп жылдық монокарпты және поликарп- 

ты  шөптесін  өсімдіктер.  Қазақстанның  далалық, 

шөлді  және  таулы  аймақтарында  өсетін  48  түрі 

бар. Бұлардың тұрқы 14 – 40 см, құйрығының ұз. 4 –  

25 см, салм. 100 – 150 г. Жалпы түсі –  сарғыш сұр, 

жотасы  қоңырқай  тартқан,  жүні  жұмсақ,  қалың. 

Құлақ  қалқаны  кішкентай,  көзі  үлкен,  алдыңғы 

аяғы төрт саусақты, артқы аяғынан қысқалау, артқы 

аяғы бес саусақты. Жоғ. жақ сүйегінің оң жағында 

да,  сол  жағында  да  5  азу  тісі,  төм.  жағында  4  азу 

тісі  болады.  Тіршілік  әрекеті  көбінесе  күндіз  бас-

талады,  ін  қазады.  Жылына  6  –  9  ай  ұйықтайды. 

Шөптесін  өсімдіктермен,  кейде  жәндіктермен  қо-

ректенеді. Жылына 1 рет көбейіп, 2-ден 14-ке дейін 

ұрпақ әкеледі. 5 – 6 жыл тіршілік етеді. С. – дәнді 

дақылдардың зиянкесі, оба, сарып ауруларын тара-

тады. С-тың кәсіптік маңызы бар, терісі бағалы тү- 

рі – зорман.

САРЫШЫҒАНАҚ – Арал т-нің (Кіші Арал) солт.-

шығысында, Қызылорда обл. Арал ауд. аумағында 

орналасқан шығанақ. Кезінде құрлыққа 50 – 60 км 

сұғына  кіріп  жатқан.  Теңізге  шыға  берер  жерінің 

жалпақтығы (ені) 15 – 17 км, орташа тереңд. 15 м 

шамасында  болған.  Жағалауында  Арал  т-нің  ірі 

порты – Арал қ. орналасқан. 20 ғ-дың 80-жылдары-

нан бастап Арал т. суының тартылуына байланыс-

ты қала толқыған теңіз суынан 20 км жерде қалды. 

1980 жылға дейінгі С-тың пішіні, аумағы үлкен өз-

геріске ұшырады. Нәтижесінде оның құрлыққа еніп 

жатқан ұзындығы шамамен 30 км, ені 2 – 3 км, ал 

тереңд. 4 – 5 м-ге дейін азайды.

САРЫШЫҒАНАҚ  БӨГЕНІ  –  Батыс  Қазақстан 

обл.  Казталов  ауд.  жеріндегі  жасанды  суқоймасы. 

1944  ж.  Қараөзен  бойында  салынған,  1960  ж. 

жөндеуден  өтті.  Бөгеннің  ұз.  120  км,  ені  150  –  

180 м, теренд. 25 – 30 м, су сыйымд. 60 млн. м

3

, ай-



дыны 0,2 мың км

2

. Суы 15700 га жерді көлдетіп су-



ғаруға жетеді. Бөгеннен төменге қарай су жіберетін 

алты қақпа секундына 133 м

3

 және Баубек, Айдархан 



магистральды каналдары 40 м

3

 су өткізеді. Суында 



сазан,  шортан,  аққайран,  көксерке,  жайын,  табан, 

т.б. балықтар бар. Айналасы мал жайылымы. 



САСАЙ – Шалқар көлінің оңт. жағалауындағы тау. 

Батыс Қазақстан обл. Теректі ауд. жерінде орналас-

қан. Абс. биікт. 94 м. Тау басы доғалданып келген. 

Көлге қарайтын солт. беткейі тіктеу, оңт. көлбеуле-

ніп  жазыққа  ұласады.  Таудың  шығыс  баурайында 

Сарыөмір а. орналасқан. Жер қыртысы төрттік ке- 

зеңнің  шөгінділерінен  түзілген.  Бетеге,  боз,  еркек 

шөп,  т.б.  астық  тұқымдас  шөптесіндер  өседі.  Тау  

баурайы мал жайылымына пайдаланылады. 

САСЫҚКӨЛ  –  Алакөл  қазаншұңқырының  солт.-

батыс жағында орналасқан көл. Алматы обл. Алакөл 

ауд. мен Шығыс Қазақстан обл. Үржар ауд. жерінде. 

Ауд.  736  км

2

  (аралдарымен  қоса  есептегенде  747 



км

2

), ұз. 49,6 км, енді жері 19,8 км, жағалау бойының 



ұз. 182 км, орташа тереңд. 3,32 м (ең терең жері 4,7 

м). Суының көл. 2,43 млрд. м

3

. Шарасының түбі те-



гіс, батыстан шығысқа қарай аздап еңкіштеу келеді. 

Оңт.-шығыс бөлігінде Аралтөбе түбегі (абс. биікт. 

117  м),  солт.-батысында  Аралтөбе  аралы  бар.  Көл 

жағасы аласа, қамыс өскен. С-ге Тентек, Қаракөл, 

Ай өзендері құяды. Қарашаның аяғында суы қатып 

(ақпандағы қалыңд. 60 – 62 см), сәуірдің бас кезінде 

ери бастайды. Көктемде су деңгейі көтерілген кезде 

Ұялы (Қошқаркөл) көлімен (Алакөл мен С. аралы-

ғында) жалғасып кетеді. Деңгейінің жылдық ауыт-

Сарышығанақ

Сасықкөл көлінің қамысты жағалауы



531

Теңіз-Қорғалжын  ойысындағы  С-дің  құмсаздақты 

жағасы  көбіне  жайпақ  болып  келеді.  Көлге  көк-

темде жылғалар мен еріген қар суы құйылады. Суы 

тұзды,  қарашаның  басында  қатып,  сәуірдің  соңғы 

онкүндігінде ериді. Суында балық өседі. Алабы –  

шабындық.

САуРЫҚСАЙ – Теріскей Алатаудың сілемі – ме- 

ридиан жотасының батыс беткейіндегі күрделі аң-

ғарлық мұздық. Алматы обл. Райымбек ауд. жерінде, 

Байынқол  өз.  алабында  орналасқан.  Мұздықты 

1915 ж. геолог В.Резниченко ашты. Мұздықтан Ба- 

йынқолдың сол саласы – Саурықсай өз. басталады. 

Мұздықтың ұз. 5,1 км, ашық жері 4,8 км. Жалпы ауд. 

7,9 км


2

, мұзқар (фирн) алаңы 4,2 км

2

, ашық жатқан 



тілі 3,5 км

2

. С. шыңының биікт. 4440 м. Мұздықтың 



ашық жатқан тілі 3480 м биіктікте аяқталады. Ор- 

таша қалыңд. 76 м, көл. 0,6 км

3

.

САуЫР  ЖОТАСЫ  –  Зайсан  қатпарлығы  жүйе-



сіндегі тау жотасы; Шығыс Қазақстан обл. Зайсан 

ауд-нда.  Жота  47º  с.  е.  бойымен  150  км-ге  созыл-

ған,  оның  50  км-ге  жуығы  Қазақстанда.  Ең  биік 

жері Қытайдағы Мұзтау тауы (3690 м), қазақстан-

дық  бөлігіндегі  абс.  биікт.  3163  м.  Климаты  тым 

континенттік.  Қаңтар  айының  жылдық  орташа 

темп-расы –22 – 24ºС, шілдеде 20 – 22ºС. Тау бөк-

терінде  жауын-шашынның  орташа  мөлш.  150  –  

200  мм,  тау  басында  300  –  400  мм.  Көп  жылдық 

қар  жиегі  3150  м  шамасындағы  биіктіктен  өтеді. 

Жота  басында  (Қытай  жерінде)  жалпы  аум.  16,6 

км

2



  болатын  мұздықтар  бар.  Мұздықтардан  және 

жалпы  С.  ж-нан  Зайсан  көліне  құятын  Кендірлік 

(Қараүңгір), Теректі, Үлкен Жеменей, Үйдене, т.б. 

өзендер бастауын алады. Қазақстанға қарасты солт. 

беткейінің  1100  м-ге  дейінгі  бөлігінде  далалық, 

1900 м биіктікке дейін орман ландшафты, одан әрі 

альпі  шалғыны  басым.  Оңт.  беткейінде  сеңгірлі 

жақпартастар жиі кездеседі. Кендірлік өз. алабында 

Кендірлік (Қараүңгір) тас көмір кені бар.

САуЫСҚАН (Pіca pіca) – торғайтәрізділер отряды-

ның қарға тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның 

барлық өңірінде (далалық шоқ ормандарда, өзен бо-

йындағы  тоғайларда,  бұталы  жерлерде)  кездеседі. 

Дене мөлшері қарғадан кішірек, тұрқы 45 – 48 см, 

салм. 160 – 260 г. Басы, құйрығы қара, қауырсыны 

қара ала түсті. Бауыры, кеудесі және топшысы – ақ. 

С-ның  бір  ерекшелігі  –  ұзын  құйрығын  кесіртке 



Сауысқан

кездеседі,  оның  20-сы  –  эндемиктер.  Бұлардың 

биікт.  30  –  90  см,  кейде  2  м-дей  болады.  Сабағы 

жуан,  жапырағы  қауырсын  тәрізді,  шеті  тілімден-

ген.  Гүлі  ұсақ,  сары,  ақшыл  сары  түсті,  қос  жы-

нысты,  шатырша  гүлшоғырына  топталған.  Ма- 

мыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда 

жеміс салады. Тұқымы – дәнек. Көпшілік түрлері-

нің, мыс., сасық С. (F.foetіda), шайыр С-дың (F.schaіr 

немесе  F.Varіa)  құрамында  шайыр  көп.  Эфир,  ка-

медь  (жеміс  ағаштары  зақымданғанда  қабығынан 

бөлінетін, тез қатып қалатын қоймалжың шырыш) 

түзетін  өсімдіктер,  сондықтан  оларды  дәрі  жасау 

үшін  қолданады,  жемшөпке  қосып,  малға  береді. 

Сүмбіл С-дың (F. moschata) тұқымының құрамында 

жұпар  иіс  шығаратын  эфир  майы  болады,  оны 

парфюмериялық  өнімдер  жасауда  пайдаланады. 

Кейбір түрінің тамыры крахмалға бай, оны тағамға 

қосады. С-дың ірі жапырақтары құнарлы мал азығы 

болып саналады. 7 түрі: ақжолақ сасыр, тегіс С. (F. 

glaberrіma),  Іле  С-ы  (F.  іlіensіs),  ксероморфты  С. 

(F. xeromorpha), орамалы С. (F. іnvolucrata), Сөгеті 

С-ы (F. sugatensіs) және Тауқұм С-ы (F. taucumіca) 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.



САТЫ  –  Күнгей  Алатау  жотасының  шығыс  бөлі-

гіндегі  асу.  Алматы  обл.  Райымбек  ауд.  жерінде 

орналасқан.  Биікт.  3258  м.  Асу  арқылы  Шілік 

өз.  бойындағы  Саты  елді  мекенінен  Ыстықкөл 

қазаншұңқырының шығысындағы Түп елді мекені-

не дейін соқпақ жол өтеді.



САуМАЛКӨЛ  –  Есіл  алабындағы  ағынсыз  көл. 

Солт.  Қазақстан  обл.  Айыртау  ауд.  жерінде  өзі-

мен  аттас  ауылдың  шығысын  бойлай  орналасқан. 

Теңіз  деңгейінен  277,5  м  биіктікте.  Аум.  24,3  км

2



ұз.  8,2  км,  енді  жері  4,5  км,  жағалау  бойының  ұз. 



22,3  км,  орташа  тереңд.  4,1  м.  Көлдің  солт.  және 

батысы  адырлы,  аласа  төбешікті,  шығысы  жазық, 

түйетайлы. Көл атырабының басым бөлігі егіндікке 

жыртылған.  Біраз  жерінде  ағаш,  оңт.  жағалауын-

дағы 40 – 70 м өңірде аздап қамыс өседі. Түбі тегіс, 

көлге  шағын  4  өзен  құяды.  Суы  ішуге  жарамсыз, 

минералдылығы жоғары. Көлден балық ауланады.

САуМАЛКӨЛ  –  Нұра  алабындағы  ағынсыз  көл. 

Ақмола обл. Егіндікөл ауд. жерінде, Жұмай елді ме-

кенінен батысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен 

316,2 м биіктікте орналасқан. Аум. 13,2 км

2

, ұз. 6,8 



км, ең енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұз. 20,7 км. 

Есіл алабындағы Саумалкөл көлі

Сауыр жотасы


532

биікт.  20  –  100  см.  Бұл  туысқа  жататын  өсімдік-

тердің  ерекшелігі:  сабағы  4  қырлы,  аталығының 

саны  –  екеу,  жапырағы  сопақша,  жиегі  тегіс  не-

месе  сәл  тіс  тәрізді  иректелген,  өркен  бойына  қа-

рама-қарсы  орналасады.  Тостағанша  және  күлте 

жапырақшаларының  саны  бесеу,  олар  бір-бірімен 

бірігіп,  қос  ерін  құрайды.  Тостағаншалары  бірігіп 

кеткен.  Күлтесінің  түсі  жабайы  өсетін  түрлерінде 

қою  сиякөк,  ал  гүлзарлардағы  түрлерінде  ашық 

қызыл.  Аталық  жіпшелерінің  күлтеге  бекінген 

жерінен  сәл  төменірек  шырын  жиналатын  орны 

болады. Оны айнала түкті шеңбер қоршап жатады. 

Сондықтан  С-нің  гүлдеріне  оларды  тозаңдандыра 

алатын жәндіктер ғана қонады. Аналығы 2 жеміс жа-

пырағынан тұрады, мойны қос телімді. Мамырдан 

қыркүйекке  дейін  гүлдеп,  жеміс  салады.  Жемісі  – 

4-ке  бөлінетін  жаңғақша.  С.  –  хош  иісті,  дәрілік 

өсімдік.  Одан  алынатын  эфир  майы  медицинада, 

парфюмерияда  және  тамақ  өнеркәсібінде  қолда-

нылады. Гүлдері әдемі болғандықтан, гүлзарларда 

сәндік үшін өсіріледі.



СӘТБАЕВ  МҰЗДЫҒЫ  –  Жетісу  Алатауының 

солт.  беткейіндегі  аңғарлық  мұздық.  Алматы  обл. 

Сарқант ауд. жерінде. Лепсі өз. осы мұздықтан бас-

тауын  алады.  Мұздықтың  ауд.  7,5  км

2

,  ұз.  5,5  км, 



абляц.  (еру  және  булану  телімі)  ауд.  4,7  км

2

,  мұз 



көл.  0,50  км

3

.  Мұздықтың  ені  1  км-ге  жуық,  мұз-



дық тілі 2950 м-ге дейін төмендеген. Мұзқар (фирн) 

3520  м  биіктіктен  өтеді.  Мұздықты  алғаш  рет 

1912  ж.  С.Дмитриев,  1915  ж.  В.Сапожников  зерт-

теді.  1947  ж.  Қазақ  КСР-і  ҒА  Геогр.  секторының  

(1983 жылдан ин-т) экспед. абляция аумағын, мұз- 

дың  жылжу  жылдамдығын,  мұз  тілінің  жағдайын 

бақылап,  нақты  қорытындылар  жасады.  1947  ж. 

мұздыққа және оның шыңына (абс. биікт. 4291 м) 

кеңес геологы, ғалым және қоғам қайраткері, акад. 

Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді.



СӘуМЕНҚҰМ,  С ә м е н қ ұ м   –  Бетпақдаланың 

солт.-батысындағы  Сарысу  құмды  массивінің  бір 

бөлігі. Жетіқоңыр, Қарақойын, Мойынқұм құмдары 

аралығында солт-тен оңт-ке қарай созылып жатыр. 

Ауд. 300 км

2

. Қырқалы құм төбелердің биікт. 15 –  



20  м.  Шет  аймақтарында  аласарып,  жазыққа  ұла- 

сады. Осы тұста тұщы грунт суы жер бетіне жақын 

(1 – 2 м) орналасқан. Жусан, бұталы шөл өсімдіктері 

өседі. Жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдала-

нылады.

сияқты үзіп, шабуыл жасаған жыртқышқа қалдыра 



алады. Жыл бойы жұбымен жүреді. С. – отырықшы 

құс,  ұя  салған  жерінде  қыстайды.  Ағаш  басына 

қақпағы бар үлкен ұя жасайды. Ұясы терең, оның 

ішін  балшықпен  сылайды.  Сәуір  –  мамыр  айлар-

ында аналығы 4 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені  

17 – 19 тәулік бойы басады. Балапандары мамыр- 

дың аяғында ұядан ұшады. Үйірі қыркүйекте тар- 

қайды.  С-дар  жем  талғамайды.  А.  ш.,  орман  ш.  

зиянкестерін жеп, пайда келтіреді. 

САуЫСҚАН  ҚҰМЫ  –  Маңғыстау  үстіртіндегі, 

Бостанқұм құмының солт-ндегі құмды алқап. Маң- 

ғыстау обл. Маңғыстау ауд. жерінде. Абс. биікт. орт. 

бөлігінде 230 м. Ұсақ құм төбешіктің ауд. 350 км

2



тұщы грунт суы 1 – 4 м тереңдікте кездеседі. Шөл 



өсімдіктері  өседі.  Жыл  бойы  мал  жайылымы  ре-

тінде пайдаланылады.



САЯҚ  КЕНДІ  АуДАНЫ  –  Қарағанды  обл-нда  

Балқаш  қ-нан  шығысқа  қарай  200  км  жерде,  

Балқаш – Саяқ – Ақтоғай темір жолының бойында 

орналасқан кенді өңір. Кен орны 1930 ж. ашылып, 

кен  өндіру  жұмыстары  1970  ж.  басталды.  Батыс, 

солт.-батыс бағытта 60 км-ге созылған, ені 40 км бо-

латын Саяқ грабен-синклин құрылымында орналас-

қан. Кенді өңір тас көмірдің карбонатты-терригендік 

шөгінділерінен  құралған,  олардың  ұз.  30  –  40  км-

дей, қалыңд. 4000 м. Кентас денелері интрузивтер 

мен карбонатты шөгінділер жапсарындағы әктастар 

есебінен түзілген скарндармен байланысады. Олар 

қабатты, линза, баған және күрделі пішінді келеді. 

С. к. а. бір-бірінен алшақ орналасқан Саяқ І, ІІ, ІІІ, 

ІV,  Тастау,  Молдыбай,  Жамбас,  Берқара,  Жұмбақ, 

Үміт,  т.б.  кен  орындарын  біріктіреді.  Кентасының 

сапасы  жоғары.  Кен  орындарының  негізгі  өнеркә-

сіптік құндылығы скарндағы алтын-молибден-мыс 

ассоциациясымен  байланысты.  Басты  минералда-

ры:  борнит,  халькопирит,  буланжерит,  арсенопи-

рит,  кобальтин,  молибденит,  т.б.  Өндірістік  мәні 

бар  металдары:  мыс  (10  –  15%),  молибден  (0,01 

– 1%), кобальт (0,151%), алтын (орташа 7,8 г/т), т.б. 

Кентас  ашық  кеніш  арқылы  өндіріледі.  Ауданның 

кен орындары «Балқашмыс» кәсіпорнының шикізат 

базасы болып табылады. 



СӘЛБЕН  (Salvіa),  ш а л ф е й   –  еріндігүлділер 

тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  шөптесін 

өсімдіктер,  жартылай  бұта,  бұта.  Қазақстанның 

барлық  аймақтарына  тараған  8  түрі  бар.  Олардың 



Сауысқан

Сауысқан құмы

Сәтбаев мұздығы


533

Шу-Іле таулары сілемдерінің (Жамбыл, Шоғырлы, 

Майжарылған,  Хантау)  етегімен,  оңт.-шығысында 

Шу  өз-нің  аңғарымен  шектеседі.  Шөгінді  малта-

тастардан, құм мен саздақтан түзілген. Жер бедері 

көне  эроз.  арналармен  (ұз.  10  км,  ені  10  –  20  м), 

қалдық төбешіктермен (ұз. 6 км, ені 2 км, биікт. 10 –  

12  м),  белесті  құм  жалдармен  және  ойдым-ой- 

дым дефляц. ойыстармен ерекшеленеді. Жер асты 

сулары  5  –  7  м  тереңдікте  кездеседі,  минералд.  3 

г/л. Тұздылау құмды өңір табиғатына бейімделген 

сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүз-

гін, жыңғылбас, құм қарағаны, т.б. өсімдіктер өседі. 

Мал  жайылымы  ретінде  пайдаланылады,  сексеуіл 

өсіретін және дайындайтын шаруашылықтар орна-

ласқан.


СЕЛЕу  (Arіstіda)  –  астық  тұқымдасына  жататын 

көп жылдық, кейде бір жылдық өсімдіктер туысы. 

Қазақстанның  барлық  өңіріне  тараған  5  түрі  бар. 

Соның ішінде жиі кездесетіні: ақселеу (А. pennata). 

Оның  биікт.  30  –  40  см.  Тамыр  сабағының  ұз.  10 

м-дей. Сабағы түбінен бастап бұтақталған, тықыр, 

жылтыр. Жапырағы жіңішке (ені 3 мм), жиырылған, 

оның  астыңғы  жағы  жылтыр,  үстіңгі  жағы  тықыр 

түкті. Гүлшоғыры бытыраңқы жапырақ қынабымен 

қабысқан.  Бұтағы  қабыршақты,  қауырсын  тәрізді, 

түкті, ұз. 15 мм-дей. Масақтанғанша – мал азығы. 

Нарселеу  (А.  Karelіnіі)  Маңғыстау  обл-нда,  Бал- 

қаш – Алакөл ойысында, Қызылқұмда өседі. Биікт. 

80  –  150  см.  Жапырағы  жіңішке,  ені  3  мм.  С-дің 

осы  2  түрі  де  мамыр  –  маусым  айларында  гүл-

дейді.  Масағының  ұз.  2  см-дей.  2  түрінің  де  құм 

тоқтатудағы маңызы зор. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет