Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата18.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2168
1   2   3   4   5   6   7   8

СОЛТҮСТІК  ҚАЗАҚ  ЖАЗЫҒЫ,  С о л т ү с - 

т і к   Қ а з а қ с т а н   ж а з ы ғ ы   –  Батыс  Сібір 

жазығының  оңт.  бөлігі.  Жазық  Қостанай,  Солт. 

Қазақстан,  Ақмола  және  Павлодар  облыстары-

ның  жерін  қамтиды.  Батысында  Орал  сырты 

үстіртімен,  шығысында  Ертіс  өз-нің  аңғарымен 

шектесіп  жатыр.  Оңт-нде  Торғай  үстірті  Сары- 

арқамен  шектеседі.  Солт.  мен  шығысында  Батыс 

Сібір  жазығына  ұласады.  Жер  беті  тегіс  және  сәл 

белесті, солт. және солт.-шығысқа қарай еңкіш. Осы 

бағытта абс. биікт. 250 м-ден 110 м-ге дейін азая-

ды. Жазықтың беті сансыз көп қазаншұңқырлармен 

ойылған. Батыс және орт. бөліктерінде ұсақ жалдар 

мен қырқалар таралған. Геол. құрылымы жөнінен С. 

қ. ж. Батыс Сібір тақтатасына жатады. Тақтатастың 

іргетасын кембрийге дейінгі және палеозойлық қат-

парлы  түзілімдер  құрайды.  Платформ.  түзілімдер 

мезо-кайнозойдың  шөгінді  жыныстарынан  тұ-

рады.  Климаты  қоңыржай  ендіктердегі  ауа  мас-

сасының  әсерімен  қалыптасады.  Арктик.  ауаның 

да әсері үлкен. Қысы ұзақ, суық. Қаңтардың орта-

ша жылдық темп-расы   –17 – 19°С. Абс. минимум  

–50 – 53°С. Жазы қоңыржай, жылы. Шілденің орта-

ша темп-расы 19 – 21°С. Кейде ауаның темп-расы 

41 – 42°С-қа дейін көтеріледі. Жылдық жауын-ша-

шынның орташа мөлш. 300 – 400 мм, максимумы 

жаз  айларына,  минимумы  қыс  айларына  тура  ке-

леді.  Сондықтан  қыс  ұзаққа  созылғанымен,  қар 

жамылғысы  жұқа  болады.  Басты  өзендері  –  Ертіс 

және оның салалары: Есіл мен Тобыл. Өзендері кө-

бінесе қар суымен толығады, сәуірде қар ерігенде 

таси бастайды. Ауданы шағын, таяз суффоз. көлдер 

көп. Көбінің суы тұзды. С. қ. ж. орманды дала және 

дала белдемдерінде орналасқан. Орманды дала не-

гізінен  Есіл  жазығын  қамтиды.  Қара  топырақтың 

түрлерінде (сілтісіз, шалғындық және кәдімгі) шал-

ғынды дала мен әр түрлі шөпті-астық тұқымдасты 

дала, шақат топырақта қайыңды-көктеректі шоқтар 

тараған. Орманды даладағы қайың шоқтарында ор-

ман аң-құстары (елік, бұлан, ақкіс, шіл, ақ құр, т.б.) 

кездеседі.  Сондай-ақ  сарышұнақ,  қосаяқ,  аламан, 

ор қоян, қасқыр, түлкі, дала күзені, бозторғай, қара 

торғай, т.б. тіршілік етеді. С. қ. ж-ның ландшафты, 

әсіресе,  тың  игеруге  байланысты  қатты  өзгерген. 

Жер  бетінің  егістікке  жыртылу  мөлшері  әкімш. 

аудандар бойынша 50%-дан 70 – 80%-ға дейін же-

теді.  Кен  байлықтарынан  темір  кені  (Қостанай 

обл.), тас көмір (Екібастұз), ас тұзы өндіріледі.



СОЛТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  АРТЕЗИАН  АЛА- 

БЫ – жер асты суы өңірі. Орт. Қазақстанның ұсақ 

шоқылары мен Батыс Сібір ойпатының оңт. шетін 

қамтыған. Алаптың күшті арынды сулары бор кезе-

ңінің  құмды  шөгінділерімен  қоса,  палеоцен-эоцен 

және олигоценнің құм-сазбалшықты қабаттарымен 

байланысқан.  Минералдылығы  жоғары,  өнімділігі 

аз жер асты сулары кейбір жерлерде юра кезеңінің 

құм-сазбалшықты және палеозойдың жарықшақтық 

тау жыныстарында бар. Арынды сулар кең көлемді 

қамтып,  оңт-тен  солт-ке  қарай  тереңдей  түседі. 

Бор  кезеңінің  сулы  кешенінде  олардың  тереңд. 

алаптың оңт-нде 200 – 300 м болса, солт-ке қарай 

500  –  800  м-ге  дейін  жетеді.  Тереңде  жатқан  бор 

және  палеоцен-эоцен  горизонттарының  сулары 

Орт. Қазақстан таулы қыраттарының жарықшақты 

қабаттарының  суларымен,  Тобыл-Обаған  ойпа-

тынан  келетін  тұзды  және  Ертіс  маңындағы  аз 

тұзды  сулар  арқылы  толысады.  Жоғ.  олигоцен 

қабаттарының  астындағы  құмды  шөгінділерден 

құралған  ойпаттар  қысқы-көктемгі  жауын-ша-

шын суларымен толығады. Су алмасу жағдайлары 

өте  қиын  орналасқан  бор  және  палеогендік  су-

лар  жоғары  минералдылығымен  ерекшеленеді. 

Олардың  құрамы  хлорлы,  натрийлі  минералд.  8  –  

12  г/л-ге  жетеді.  Сарыарқаның  ұсақ  шоқыларына 

Солтүстік

Солтүстік Қазақ жазығы



538

рының  12,5%-ы  шоғырланған.  Облыстың  негіз- 

гі  кен  өндірісінің  кәсіпорны  болып  Обухов  кен 

байыту  комб.  саналады.  Сонымен  қатар  облыста 

республикадағы  шеелит  кентасы  қорының  3,1%-ы 

барланған. Бұл кентас, негізінен, Айыртау ауд-ндағы 

Баян кен орнында. Алтын өндіретін кен орындары-

на Байлұсты, Домбыралы, Солт. Байлұсты жатады. 

Мұнда республикадағы алтын қорының 3,1%-ы шо-

ғырланған. Облыста полиметалл кен орындарының 

кенбілінімдері  жиі  кездеседі.  Олардың  ішіндегі 

белгілісі  –  Имантау  мыс  кен  орны.  Мұнда  ежелгі 

мыс  өндіру  орны  сақталған.  Облыстың  әр  жерле-

рінде  темір  кентасының  кенбілінімдері  кездеседі. 

Олардың  ішіндегі  келешегі  бар  кен  орындарына 

Никольский – Бұрлық (Айыртау ауд.) кен орны жа- 

тады. Металл емес кен байлықтарына құрылыс ма- 

териалдары  (табиғи  құрылыс  тасы,  гравий,  құм, 

балшық,  т.б.),  кен  өндірісіне  қажет  металл  емес 

шикізаттар (слюдалар, асбест) және хим. минерал-

ды шикізаттар жатады. Облыста мұнай мен газдың 

шоғырлануына қолайлы тектоник. құрылымдар бар. 

Шал ақын және Ғ.Мүсірепов аудандарында, Солт.-

Торғай ойпаты мен Көкшетау қыратының түйіскен 

жерінде ұңғымамен мұнай және газдың болашағы 

бар  кен  қабаты  ашылды.  Облыстағы  мұнай  мен 

газдың болжамдық қоры 65 млн. т және 24 млрд. м

3



Облыстың басым кен орындары жер бетіне жақын 

жатыр және олар халық тығыз қоныстанған, авто-

моб. және т. ж-ға жақын аудандарда орналасқан. С. 

Қ. о-ның климаты тым континенттік. Жазы біршама 

жылы  және  құрғақтау,  қысы  суық,  аязды,  боран-

ды-бұрқасынды,  қар  жамылғысы  тұрақты  болады. 

Шілденің  орташа  темп-расы  барлық  жерде  дерлік 

19°С  шамасында.  Кей  жылдары  ең  жоғ.  темп-ра 

40°С-қа дейін жеткен, ал ең суық темп-ра –46°С-қа 

дейін және одан да төмен болған. Көктем мен күз 

айлары  ұзаққа  созылмайды.  Өсімдіктердің  қаулап 

өсетін мерзімінің ұзақтығы (10°С-тан жоғ. темп-ра 

болатын күндердің саны 129 – 134) дәнді дақылдар-

дың өсіп-жетілуіне толығымен жеткілікті. Жылдық 

жауын-шашынның  мөлшері  облыс  аумағының 

басым  бөлігінде  320  мм  шамасында,  оның  басым 

бөлігі (80%-ға дейін) жылдың жылы мерзімінде тү-

седі. Облыстың өзендер торы Есіл өз-нің орт. бөлігі 

мен  оның  салалары  –  Жақсы  Жаңғызтау  көлінен 

басталатын  Аққанбұрлық  және  Имантау  көлінен 



Солтүстік

жанасқан бор және палеогендік сулы қабаттардың 

минералд. 3 – 5 г/л. Бор шөгінділерінің жер асты су-

ларының өнімд. 1 – 3 л/с-тан аспайды. 700 – 1300 м  

тереңдіктегі судың темп-расы 30 – 50°С. Алап су-

ларының  елді  мекендерді  сумен  жабдықтаудағы 

маңызы төмен. 

СОЛТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  ОБЛЫСЫ  –  Қазақ- 

станның қиыр солт-ндегі әкімш.-аумақтық бөлініс. 

1936  ж.  29  шілдеде  құрылды.  1997  ж.  құрамына 

Көкшетау  обл.  енгізіліп,  1999  ж.  оның  үш  ауданы 

мен  Көкшетау  қ.  Ақмола  обл-на  берілді.  С.  Қ.  о-

ның құрамында 13 әкімш. аудан, 5 қала, 2 кент, 208 

ауылдық  округ,  774  ауылдық  елді  мекен  бар.  Жер 

аум. 98 мың км

2

. Тұрғыны 643,3 мың адам, орташа 



тығызд. 1 км

2

-ге 6,5 адамнан келеді (2010). Орт. –  



Петропавл  қ.  С.  Қ.  о.  солт-нде  Ресейдің  Қорған 

және Түмен (Тюмень) облыстарымен, солт.-шығы-

сында  Омбы  обл-мен,  шығысында  Павлодар,  оңт-

нде  Ақмола,  батысында  Қостанай  облыстарымен 

шектеседі.  Облыс  жері  батыстан  шығысқа  қарай 

542 км-ге, солт-тен оңт-ке қарай 350 км-ге созылып 

жатыр. Негізінен Батыс Сібір ойпатының оңт. шетін 

қамтитын Есіл даласын, оңт.-батысы мен оңт.-шы-

ғысында  Сарыарқаның  ұсақ  шоқылы  тауларын 

алып  жатыр.  Облыс  табиғаты  Батыс  Сібір  ойпаты 

мен Көкшетау қыратының табиғатына ұқсас келеді. 

Жер бедерінің басым бөлігі жазық, өзен торы сирек, 

астық тұқымдас өсімдіктер басым өскен шалғынды 

және  шалғынды-далалы  белдемдермен,  шоқ  ор-

мандармен, көлдермен ерекшеленеді. Есіл жазығы 

солт-ке қарай аласара отырып (180 – 115 м) үлкен 

жазық өңірді құрайды. Облыстың оңт.-батыс бөлі-

гін алып жатқан Көкшетау қыраты Бүркітті (372 м),  

Сырымбет (409 м), Тұяқ (425 м), Айыртау (523 м), 

Имантау (621 м), Тотықұс (480 м), Қараоба (267 м),  

Қыземшек (225 м), Жақсы Жаңғызтау (720 м), т.б. 

таулардан  тұрады.  Солт.  бөлігін  Есілдің  кең  аң-

ғары  мен  байырғы  Қамысты  өз-нің  көне  аңғары 

және жайпақ ойпаңдарымен бөлшектенген жалдар 

мен жондар құрайды. Обаған мен Есіл өзендерінің 

суайрықтарын  құрайтын  Есілдің  сол  жағалауында 

қырқалы-қазаншұңқырлы жазық, ал Есіл мен Ертіс 

өзендерінің суайрығында жайпақ жазық орналасқан. 

Батыс Сібір эпигерцинді тақтасы мен көне палео-

зойлық Қазақ қалқанының түйіскен жерінде жатқан 

облыс аумағы геол. тұрғыдан ерекше құрылымымен 

және ұзақ тарихи дамуымен ерекшеленеді. Облыс 

аумағы геол. тұрғыдан онша толық зерттелмесе де, 

мұнда көлемі және сапасы жағынан үлкенді-кішілі 

бірегей кентасты кен орындары баршылық. Облыс- 

та  республикадағы  уран  кен  қорының  23,7%-ы  

шоғырланған.  Оның  негізгі  мөлшері  Қосащы  кен-

тасты  алаңында  (негізінен  Қосащы,  Грачев  және 

Викторов  кен  орындары)  орналасқан.  Облыстың 

оңт.-шығысында  Семізбай  кен  орны  жатыр.  Уран 

кен  тілімдері,  сонымен  қатар  Сергеев  қ.  тұсында 

(Шал  ақын  ауд.),  Тайынша  ауд-ның  Орлиногор  а. 

тұсында  да  кездеседі.  Облыста  қалайының  респ. 

қорының  66,3%-ы  шоғырланған.  Ол,  негізінен, 

Сырымбет  кен  орнында.  Мұнда  қалайы  кені  ке-

шенді саналады. Оның құрамында қалайыдан бас- 

қа вольфрамит, сирек элементтерден – ниобий, цир- 

коний, т.б. бар. Титан-цирконий кентастары Тайын- 

ша ауд-нда орналасқан. Мұнда титанның респ. қо- 

Орманды дала



539

540

басталатын  Иманбұрлық  өзендері,  орт.  бөлігінде 

Шағалалы өз-нің төм. ағысы, шығыс бөлігінде жаз-

да қарасуларға бөлініп қалатын Ащықарасу, Ащысу 

өзендерінен, сондай-ақ Сілеті өз-нің төм. ағысынан 

тұрады.  Шаруашылық  үшін  Есілдің  маңызы  ерек- 

ше. Оның суын толық пайдалану мақсатында Сер- 

геев  қ-нан  оңт-ке  қарай  Сергеев  бөгені  мен  СЭС 

салынған.  Есілден  көптеген  су  құбырлары  жүйесі 

тартылып, жүздеген елді мекендер ауыз сумен қам-

тамасыз етілді. С. Қ. о. – көлдерге өте бай облыс-

тардың бірі. Олардың басым бөлігі солт. орманды-

дала, дала белдемдерінде орналасқан және көпші-

лігінің  суы  тұщы.  Ең  ірі  көлдері:  Толыбай,  Үлкен 

Қарақамыс, Тоқты, Қақ, Ақсуат, Жалтыр, Меңкесер, 

Аққұс, т.б. Облыстың оңт.-батыс бөлігіндегі қыратты 

өңірдің орманды-дала белдеміндегі көлдер Есіл өз-

нің суайрықтарында жайғасқан. Олардың ең ірілері: 

Ұлыкөл,  Тораңғыл,  Үлкен  Қоскөл,  Саумалкөл, 

Шалқаркөл, Имантау, Салқынкөл, Қалмақкөл, Жақсы 

Жаңғызтау, т.б. Облыстың оңт.-шығыс бөлігін алып 

жатқан және оған іргелес орналасқан батыс аумақта 

көлдер  сирек.  Олардың  негізгілері:  Шағалалытеңіз 

(тұщы), Қалыбек, Кіші Қараой, Үлкен Қараой, Теке, 

Көксеңгірсор, Сілетітеңіз, Жамантұз (тұзды), т.б. 

С. Қ. о. негізінен құнарлы қара топырақты орман-

ды  аймаққа  жатады.  Есіл  өз-нің  бойында  тұзы 

шайылған  қара  топырақ  тараса,  қара  шіріндісі 

орташа  кәдімгі  қара  топырақ  дала  белдемі  мен 

орманаралық далада тараған. Орманды-дала белде-

мінде шалғынды қара топырақ басым болса, облыс-

тың оңт.-шығысында сортаң қара топырақ көбірек 

кездеседі.  Облыстың  жері  түгелдей  дерлік  орман-

ды  дала  белдемінде  жатыр.  Негізгілері  негізінен 

қайыңдар  мен  теректерден  тұратын  орман  өседі, 

олар  кейде  тұтас  алқаптарды  қамти  отырып,  бір-

неше ондаған км-ге дейін созылып жатады. Ең ірі 

орманды алқаптар Мамлют, Қызылжар, Сандықтау, 

Аққайың және Айыртау аудандарында орналасқан. 

Орманаралық  ашық  кеңістіктерде  айрауық,  көде, 

атқонақ шөптері басым келетін шалғында, дала өңі-

рінде селеу, бетеге, аралас келетін астық тұқымдас 

өсімдіктер басым. Ал сортаң қара топырақты дала-

да кермек, ақ жусан, т.б. шөптесіндер өседі. Облыс 

аумағын  әр  түрлі  аң-құстар  мекендейді.  Олардың 

кейбіреуінің кәсіптік маңызы бар. Облыс аумағында 

аңдардан еліктер мен бұландар, ақ қоян мен ор қоян, 

сарышұнақ, суыр, қосаяқ, күзен, ақтышқан, қасқыр, 

түлкі, қарсақ, кәмшат; құстардан шіл, құр, тоқыл-

дақ,  ұзақ  қарға,  сарыторғай,  бөдене,  бозторғай; 

өзен-көлдерде  үйрек,  қаз,  аққу,  тырна,  көкқұтан, 

көл жағалай қызғыш, тауқұдірет; жыртқыш құстар-

дан  үкі,  жапалақ,  бүркіт,  кезқұйрық,  сұңқар,  қар-

шыға, т.б. кездеседі. Есіл өз. мен көлдерде шортан, 

алабұға,  шабақ,  табан  балық,  т.б.  балықтар  өседі. 

А.  ш-ның  басты  саласын  дәнді  дақылдар  мен  ет-

сүт бағытындағы мал және шошқа өсіру құрайды. 

А.  ш-на  жарамды  жері  8,4  млн.  га,  оның  50,4%-ы 

егістікке,  0,5%-ы  шабындыққа,  42,0%-ға  жуығы 

жайылымға  пайдаланылды.  Облыстың  жалпы  ай-

мақтық өнімі 2010 ж. 456,9 млрд. теңге болды. Бұл 

респ-дағы жалпы өнімнің  2,1%-ын құрайды. Соңғы 

5  жыл  ішінде  (2006–10)  аймақтық  өнім  1,9  есеге 

өсті.  Облыстың  шаруашылық  салалары  бойынша 

өнеркәсіп өнімдері 2 есеге жуық өсіп, 166,75 млрд. 

теңгеге жетті. Осы жылдар аралығында облыстың 

негізгі  капиталына  тартылған  инвестиция  көлемі 

51,2 млрд. теңгені құрады. Бұл 2006 жылмен салыс-

тырғанда 1,5 есеге өскен.

Облыстың денсаулық сақтау саласында 2010 ж. 29 

аурухана және 177 амбулаторлық емхана тіркелген. 

Олардағы барлық дәрігерлер саны 1,7 мыңға жуық 

болды.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  саны  соңғы  5 

жыл ішінде 535-ке жетті, бұл 2006 жылмен салыс-

тырғанда 10,7 есеге өскен. Олардағы балалар саны 

17,5 мыңға жетті. Күндізгі жалпы білім беретін 622 

мектепте  80,1  мың,  ал  кәсіптік  бағдар  беретін  31 

мектепте  18,1  мың  оқушы  білім  алуда.  2  жоғары 

оқу  орнында  9,4  мың  студент  дәріс  алады.  Облыс 

аумағын  ендік  бағытта  Оңт.  Сібір  және  Қоста- 

най – Көкшетау – Қарасу т. ж-дары, ал бойлық ба-

ғытта  Қорған  –  Новоишим,  ТрансҚазақстан  және 

Булаев – Молодогвардейск т. ж. кесіп өтеді. Автомоб. 

жолдарының маңыздылары: Петропавл – Қостанай, 

Петропавл  –  Көкшетау,  Петропавл  –  Сергеевка.  

Әуе  көлігі  Петропавл  қ-н  республиканың  бар- 

лық  облыс  орт-тарымен  байланыстырады.  Темір 

жолдың  жалпы  ұз.  883  км,  автомоб.  жолы  7533  км, 

өзен жолы 50 км-ді құрайды. 

СОНАЛЫ  –  Нұра  алабындағы  өзен.  Ақмола  обл. 

Қорғалжын  және  Қарағанды  обл.  Нұра  аудандары 

жерімен ағады. Ұз. 106 км, су жиналатын алабы 334 

км

2



. Өзен бастауын Қазығұрт, Амантау, Ырғай тау-

ларының  беткейіндегі  бұлақтардан  алып,  Соналы 

елді мекенінен 10 км-дей төменде Құланөтпес өз-не 

құяды. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жазда өзен 

иірімдерге  бөлініп  қалады.  Сағасының  тұсындағы 

жылдық орташа су ағымы 0,32 м

3

/с-ке тең.



СОРАҢ (Salsola) – алабұта тұқымдасына жататын 

бір  жылдық  шөптесін  өсімдіктер  мен  жартылай 

бұта,  бұта.  Қазақстанның  барлық  аймағына  тара-

ған  26  түрі  бар.  Олар  сортаңды  жерде,  тақырда, 

қиыршықтасты дөң баурайында, құмда өседі. Биікт.  

10 – 15, кейде 80 – 100 см. Сабағы түбінен бастап 

бұтақталған.  Көптеген  түрінің  жапырағы  кезекте-

сіп орналасқан, таспа пішіндес қалың келеді, жиек-

терінде тікендері болады. Гүлі қос жынысты, масақ 

немесе сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына топтанған. 

Өздігінен, кейде жел арқылы не жәндіктер арқылы 

тозаңданады.  Мамыр  –  қыркүйек  айларында  гүл-

дейді.  Қаңбақ  С.  (S.  сollіna),  түйеқарын  С.  (S.pes- 

tіfer),  Паульсен  С-ы  (S.  paulsenі)  –  түйе  сүйсініп 

жейтін шөптер. Рихтер С-ы, шеркез (S. rіchterі), күй- 

реуік С. (S. rіgіda) құм бекітуде, отын ретінде пайда-

ланылады.  Шеркездің  құрамында  сальсолин  және 

салсолидин алкалоидтары бар, медицинада қолда-

нылады. Жалпақ жапырақты С. (S. euryphylla) және 

Хиуа С-ы (S. chіwensіs) – өте сирек кездесетін өсім-

діктер  ретінде  Қазақстанның  «Қызыл  кітабына» 

енгізілген.



СОРАҢШӨП  (Salіcornіa)  –  алабұта  тұқымда-

сына  жататын  бір  жылдық  шөптесін  өсімдік.  С-

ті  бұзаубас  сораң  деп  те  атайды.  Қазақстанның 

ылғалы мол сортаң жерлерінде, теңіз, тұзды көл жа-

ғалауларында (Каспий, Арал т-дері, Балқаш көлі) 1 

түрі қызыл сораң  (S. еuropae) өседі. Биікт. 5 – 30 см, 

сабағы  тік,  түбінен  бастап  бұтақталады,  бунақты, 

шырынды,  тықыр  болып  бітеді.  Көкшіл,  сұр  не 

шымқай жасыл түсті. Жапырақтары өте ұсақ. Гүлі 

Соналы


541

Субеде

қос жынысты, үш-үштен топталып өседі. Гүлсерігі 

ромб  тәрізді,  саңылауынан  аталығы  мен  аналық 

аузы шығып тұрады. Гүлшоғыры – масақ. Маусым –  

тамыз  айларында  гүлдеп  жеміс  салады,  жемісі  –  

дәнек. Құрамында протеин, клетчатка, гүлінде қы- 

мыздық  қышқылы,  сілтілі  тұздар,  илік  заттар  бо-

лады.  Халық  медицинасында  ұнтағы  инсекти-

цид,  қайнатындысы  несеп  айдайтын  дәрі  ретінде 

құрқұлақ ауруына қарсы қолданылады. Кейбір ел-

дерде (мыс., Францияда) көкөніс ретінде пайдала-

нылады. С-ті түйе мен қой сүйсініп жейді.



СОРКӨЛ  –  Жем  алабындағы  көл.  Ақтөбе  обл. 

Байғанин ауд. Астаусалды тауынан оңт.-батысқа қа-

рай 18 км жерде. Ауд. 13,3 км

2

, су жиналатын алабы 



1020 км

2

. Жағасы тік жарлы. Жағалауы сай-жыра-



лы, қатты тілімденген. Батыс жағасы жайпақталып, 

тақырға ұласады. Суы ащы. Көл жағалауында қыс-

тау бар. Алабы – жайылым.

СОРМОЙЫЛДЫ  –  Ертіс  алабындағы  көлдер 

тобы.  Шығыс  Қазақстан  обл.  Бесқарағай  ауд.  же-

рінде,  теңіз  деңгейінен  160  м  биіктікте,  Қоянбай 

елді  мекенінен  оңт.-батысқа  қарай  18  км  жерде 

орналасқан. Аум. 12,72 км

2

, ұз. 7 км, енді жері 2,5 



км, жағалау бойының ұз. 44,2 км. Сортаңды жағасы 

жайпақ. Көбіне қар суымен толысады. Көктемдегі 

қар, жауын-шашын суларымен көлдер бірігіп, аум. 

2 – 2,5 есеге ұлғаяды. Суы тұзды. Су тапшы жылда-

ры тартылып қалады.

СОРШЫҒАНАҚ  –  Еділ-Жайық  алабындағы  көл. 

Батыс  Қазақстан  обл.  Казталов  ауд-ның  жерінде, 

ауд. 19 км

2

. Жағалауында Соршығанақ а. орналас-



қан.  Көлді  Қараөзен  жарып  ағады.  Жағалауы  кө-

біне  жайпақ,  солт.  жыралармен  тілімденген.  Суы 

тұщы, жаздың соңында минералд. артып, жағалауы 

сортаңданады.  Жағаларында  қамыс  өседі,  суында 

балық бар. Алабын жайылымға пайдаланады.

СОЯ (Glycіne) – бұршақ тұқымдасына жататын бір 

жылдық  шөптесін  өсімдік  туысы,  бұршақ  дәнді, 

майлы дақыл. Қазақстанда 1 ғана түрі – е к п е  С. 

өседі. Биікт. 40 – 100 см, жапырағы күрделі, үш құ-

лақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы 

ірі, тік. Жемісі – бұршақ. С-ның дәнінде 24 – 45% 

белок,  20  –  32%  көміртек,  13  –  37%  май,  D,  B,  E 

витаминдері  бар.  С.  жылу,  жарық,  ылғал  сүйгіш 

өсімдік,  тұқымы  10  –  11°С-та  көктейді,  5  –  7  см 

тереңдікке кең қатарлы тәсілмен себіледі. Вегетац. 

кезеңі 75 – 200 күн. Айқас тозаңданады. Қара шірін-

дісі мол қара топырақты жерде жақсы өседі, ал қыш-

қыл,  сор,  батпақты  топырақтарда  нашар  өседі.  С. 

ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары 

дайындалады,  тазартылған  майын  тағамға  пайда-

ланады. С. белогынан жасанды талшық, пластмас-

са,  желім  алынады.  С-ның майы сыр, бояу, сабын, 

маргарин  жасауда,  тоқыма  өнеркәсібінде  және  ме-

дицинада  қолданылады.  Сондай-ақ  С.  –  құнарлы 

мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 

6,5% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,2% клетчатка, ал 

100  кг  шөбінде  51%  мал  азықтық  өлшем  болады. 

С-дан  пішен,  жарма,  сүрлем,  күнжара,  т.б.  дайын-

далады.  Картоп,  жүгері,  жаздық  бидай,  т.б.  дақыл-

дар үшін жақсы алғы дақыл. Оны малға көк балауса 

түрінде беру, сүрлемге қосу үшін жүгері және қонақ 

жүгерімен араластырып егеді. Республикада Аврора, 

Гибридная-670,  Волгоградка-1,  Қазақстандық-200,  

Эврика-357,  т.б.  сорттары  аудандастырылған.  Негі- 

зінен Алматы обл-ның суғармалы егіншілігінде өсі-

ріледі. Қазақстандағы С. егісінің жалпы көлемі 25,6 

мың га, әр га-дан орта есеппен 14,5 ц өнім алынады. 



СӨГЕТІ  –  Іле  Алатауының  шығысындағы  Сөгеті 

және  Торыайғыр  таулары  аралығындағы  аңғар. 

Батыс Шілік, шығыс Шарын өзендері аңғарларына 

тіреледі. Ұз. 50 – 60 км, ені 20 – 25 км. Шығыс бө-

лігі көтеріңкі (абс. биікт. 1189 м). Шөлейтті сұр то-

пырақты жерінде бұта аралас бетеге, қау, қара жу-

сан, көкпек сияқты өсімдіктер өседі. Шығысындағы 

эрозияға  ұшыраған  сұр,  сортаңды  сұр  топырақты 

адырлы жерінде тасбұйырғын, бұйырғын өседі. С. 

аңғары арқылы Алматы – Шонжы – Нарынқол ав-

томоб. жолы өтеді.

СӨГЕТІ – Іле Алатауының шығыс сілеміндегі тау. 

Шілік, Шарын өзендері аралығында, оңт.-батыстан 

солт.-шығысқа қарай 80 – 90 км-ге созылып жатыр. 

Ені  15  –  20  км.  Ең  биік  жері  1889  м.  С.  тауы  тас 

көмір, пермь кезеңдерінің шөгінділері мен жанар-

таулық  (гранитті  интрузивтер  мен  туф-лавалы  эф-

фузивтер)  жыныстардан  түзілген.  Беткейлері  мен 

сайларында тас қорымдар мен жартастар жиі кезде-

седі. Таулы, шөлді, шөлейтті дала ландшафтылары 

дамыған.  Көктемгі  және  күзгі  мал  жайылымы  ре-

тінде пайдаланылады.

СТАЛАКТИТКА  ҮҢГІРІ  –  Оңт.  Қазақстан  обл. 

Түлкібас ауд. Т.Рысқұлов а-нан 5 км жердегі карст-

ты үңгір. Тас көмір кезеңінің әктасты жыныстары-

нан  түзілген.  Үңгір  аузы  көлбей  біткен,  ұз.  200  м 

шамасында. Үңгірдің нақты ұз. 25 м, биікт. 10 м-ге 

жетеді. Үңгірде әр түрлі түстегі табиғи сүңгілер қа-

лыптасқан. Сүңгілердің көпшілігі қираған.

СТАНОВОЕ  –  Есіл  алабындағы  көл.  Солт. 

Қазақстан обл. Мамлют ауд-ндағы Становое а-нан 

оңт-ке қарай 3 км жерде орналасқан. Аум. 29,8 км

2



ұз. 9,4 км, енді жері 4,5 км, жағалауының ұз. 32,6 

км. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Іргелес жат-

қан  елді  мекендер  көлдің  айналасын  шабындық 

және мал жайылымы ретінде пайдаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет