Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата18.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2168
1   2   3   4   5   6   7   8

СуБЕДЕ (Menyanthes) – өзімен аттас тұқымдасқа 

жататын  көп  жылдық  шөптесін  өсімдік.  Қазақ- 

станда  Тобыл-Есіл атырабында, Мұғалжарда,  Зай- 

сан, Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауының мүкті жә- 

не  ылғалды-батпақты  жерлерінде  өсетін  1  түрі  –  

үшжапырақты  С.  (М.  trіfolіata)  бар.  Оның  биікт. 

15  –  35  см,  тамыр  сабақтары  жіпше  тәрізді  ұзын. 

Сөгеті тауы



542

сүйсініп  жейтін  жемі.  С-ның  сабаны  мен  топаны 

басқа  дәнді  масақты  дақылдардікімен  салыстыр-

ғанда құнарлы, мал азығы эталоны ретінде алынған, 

яғни 1 кг С. 1 мал азықтық өлшемге тең. Бұршақ, 

жем бұршақ, ноғатық, сиыржоңышқа аралас пішен 

алуға, сүрлемге салуға болады. С-ның бұршақ, сиыр 

жоңышқамен  қоспасының  екпе  сүдігер  үшін  ма-

ңызы  зор.  С.  бір  мезгілде  пісіп-жетілмейтіндіктен 

(алдымен  жоғ.  жағындағы,  бір  аптадан  кейін  төм. 

масақтың  дәндері  піседі),  жинау  кезінде  тікелей 

ормай, бөлектеп жинаған дұрыс. Сабағы да дәніне 

қарағанда  кештеу  піседі.  Республика  бойынша  С-

ның жалпы егіс аум. 143 мың га, оның ішінде суар-

малы аймақта 3 мың га. С. республиканың барлық 

облыстарында өсіріледі, дегенмен оның негізгі егіс 

көлемі Ақмола (22,6 мың га), Қостанай (50,7 мың 

га), Солт. Қазақстан (30,1 мың га), Павлодар (21,3 

мың га) облыстарында шоғырланған. Қазақстан бо-

йынша С-ның әр га-нан алынған түсім 8 ц болды.



СҰҢҚАР – Хантау тауының ең биік жері. Жамбыл 

обл. Мойынқұм ауд-ның оңт.-шығысында орналас-

қан. Абс. биікт. 1052 м. Су, жел, т.б. табиғат әсері-

нен  мүжілген  аласа  тау.  Тау  баурайынан  бірнеше 

өзендер (ұз. 15 – 25 км) бастау алады. Олардың ең 

ірісі Сарыбұлақ өз. Шөл аймақта орналасуына бай-

ланысты тау өңірінде шөлге төзімді жусан, бетеге, 

қараған, т.б. өсімдіктер өседі.



СҰҢҚАРЛАР  (Falconіdae)  –  сұңқартәрізділер  от-

рядына жататын құс тұқымдасы. Дене тұрқы 15 –  

66  см.  Қазақстанда  сұңқар  туысының  10  түрі  (ақ  

сұңқар,  бидайық,  ителгі,  бөктергі,  лашын,  тұрым- 

тай,  жағалтай,  лаггар,  дала  күйкентайы  және  кә-

дімгі күйкентай) бар. Денесі өте ықшамды, кеудесі 

жұмыр, қанаттары мен құйрық қауырсындары артқа 

қарай сүзіле бітіп садақтың жебесіне ұқсап тұрады. 

С-дың  барлық  түрлерінің  де  үстіңгі  тұмсығының 

ұшына жақын екі жиегінде төмен қарай үшбұрышты 

орналасқан  өскіні  (тісшесі)  болады.  Олардың  ау-

зына  қарай  орналасқан  тұмсық  жиектері  де  өте 

өткір,  қиғаш  болып  келеді.  Көпшілік  түрлерінің 

танау  тесігі  дөңгеленіп,  шұңқыр  тесік  түрінде  бо-

лады. Қанаттарының ұз. 110 – 135 см, салм. 1 – 2 

кг. Тырнақтары өте үшкір. Қауырсындарының түсі 

біркелкі,  көбіне  бозғылт,  сұр,  ақшыл,  не  теңбіл, 

Ұзын  сағақты  сабақтары  жоғары  жағында  кезек-

тесе  орналасады.  Жапырақтары  сабақ  түбінен 

өсіп,  үш-үштен  орналасады  (ұз.  3  –  15,  ені  1,5  –  

7  мм).  Жапырақсыз  сидам  сабағының  ұшында 

гүлшоғыры  болады.  Гүлі  ақ,  ақшыл  қызыл.  Ма- 

мыр  –  шілде  айларында  гүлдеп,  шілде  –  тамызда 

жеміс  салады.  Жемісі  –  екіге  жарылатын  ұзынша 

қорапша.  С.  жапырағының  құрамында  глюкозид-

мениатин;  сабағында  –  май,  холин,  шайыр,  йодты 

заттар; тамырында – метионинглюкозиді, илік зат-

тар  болады.  Халық  медицинасында  С-ні  туберку-

лезді, қызбаны, қырқұлақ, ішек ауруларын, безгекті 

емдеуге  пайдаланады.  Медицинада  оны  асқазан 

қышқылы азайғанда тәбет көтеретін және өт айдай-

тын дәрі ретінде қолданады.



СуЛЫСОР – Ертіс алабындағы көл. Павлодар обл. 

Баянауыл ауд. Ақмектеп а-нан шығысқа қарай 25 км 

жерде. Аум. 12,6 км

2

. Көл теңіз деңгейінен 193,1 м 



биіктікте жатыр. Ұз. 4,9 км, енді жері 3,4 км, жаға-

лауының ұз. 19,0 км. Жағалауы негізінен жатаған, 

топырағы  сортаң.  Көлді  Ащысу  өз.  жарып  ағады. 

Суы тұзды.



СуЫҚАДЫР  –  Шу-Іле  тауларында,  Желтау  та-

уының  қиыр  солт.-батысындағы  тау.  Жамбыл  обл. 

Мойынқұм  ауд-ның  шығысында  орналасқан.  Абс. 

биікт.  599  м.  С.  тауы  негізінен  төм.  палеозойдың 

тақтатасы  мен  магмалық  жыныстарынан  түзілген. 

Cай-жыралармен аздап тілімденген тау беткейлері 

жазыққа ұласады. С. өңірінің шөлді ландшафтын-

да шөлге төзімді сораң шөптер өседі. Баурайы мал 

жайылымы.

СуЫР  (Marmota)  –  кемірушілер  отряды,  тиінтә- 

різділер  тұқымдасына  жататын  сүтқоректі.  Қа- 

зақстанның  орманды  даласында,  шөлді  жерле- 

рі  мен  таулы  аймақтарында  кездесетін  4  түрі: 

д а л а   С-ы  (М.  Bobas),  с ұ р   С.  (М.  baіbacіna), 

ұ з ы н қ ұ й р ы қ  С. (М. caudata) және м е н з б и р 

С-ы бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұз. 10 –  

25 см, салм. 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жи-

рен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. 

Ашық алқапта тереңд. 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бір-

неше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топталып тір-

шілік етеді. Жылына 7 айдай ұйықтайды. Шөптесін 

өсімдіктермен  қоректенеді.  Жылына  бір  рет  нау- 

рыз – сәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік 

етеді. Дала С-ы мен ұзынқұйрық С-дың кәсіптік ма-

ңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт 

киім тігіледі. С. майы халық медицинасында әр түрлі 

ауруларға ем ретінде пайдаланылады. 



СҰЛЫ (Avena) – астық тұқымдасына жататын бір 

(екпе түрлері) және көп жылдық шөптесін өсімдік, 

дәнді  дақыл.  Ең  көп  тараған  түрі  –  е к п е   С. 

(А.satіva). С-ның биікт. 60 – 100 см, гүлшоғыры – 

масақ. Тұқымы – дәнек, 1 – 2ºС-та 8 – 10 күнде көктеп 

шығады, өскіні 7 – 8ºС-тық қысқа мерзімді суыққа 

шыдайды. 3 – 4 жапырақты сатысында (көктегеннен 

кейін 7 – 9 күн) түптенеді. Вегетациялық кезеңі 80 –  

110  күн,  ылғал  сүйгіш.  Өздігінен  тозаңданады. 

Шымды  күлгін,  орманның  сұр  топырағында,  қара 

топырақта жақсы өседі. С. – азық-түліктік, жақсы 

мал  азықтық  дақыл.  Құрамында  белок  (9  –  15%), 

майлы заттар (4 – 6%) және крахмал (40 – 56%), ви-

таминдер, т.б. бар. Диеталық және балалар тағамы. 

Дәнегінен  жарма,  ұн  жасалады.  С.  –    жылқының 

Сулысор

Сұлы


543

Сүңгуір

шымқай шұбар, кейде ақ түсті дарабастары кезде-

седі. Ұясын жерге, жартас бетіне, ағаш басына сала-

ды, көбінесе ескі ұяны пайдаланады. Сәуір – мамыр 

айларында әрбір ұяға 2 – 6 жұмыртқа салып, көбіне 

мекиендері 25 – 30 күн басып, маусым – шілдеде ба-

лапан  шығарады.  Балапандарының  қауырсындары 

селдіреп,  біраз  уақыт  қызылшақа  болып  жүреді. 

Бірер  аптадан  соң  ғана  ақ  үрпектеніп  тығыздала 

бастайды.  Түпкі  қою  қауырсындары  жетілген  са-

йын ақ үрпек қауырсындары сыртқа қарай ығысып, 

біртіндеп түлеп, түсіп отырады. С-лар ұсақ құстар, 

кемірушілер,  өлекселермен  қоректенеді.  С.  басқа 

қыран  құстардай  қорегін  бүріп  (іліп)  ұстаудың 

орнына,  көбінесе  қорегін  артқы  саусағымен  (те-

геурінімен)  теуіп  түсіреді.  Қорегін  ұстау  тәсілдері 

«оқша атылу», «сыпырту», «түю», «шүю» деп ата-

лады.  Республикада  4  түрі  (ақ  сұңқар,  бидайық, 

ителгі,  лашын)  қорғауға  алынып,  Қазақстанның 

«Қызыл кітабына» енгізілген. 



СҰҢҚЫЛДАҚ АҚҚу (Cygnus cygnus) – қазтәріз-

ділер отряды үйректер тұқымдасына жататын құс. 

Қазақстанның  солт.  аймақтарындағы  су  айдында-

рында кездеседі, оңт. шекарасы Балқаш, Алакөл ен-

діктеріне сәйкес келеді. Денесінің ұз. 160, қанатын 

созғандағы ұз. 250, қанатының ұз. 62, құйрығының 

ұз.  20  см.  Ақ  қауырсындары  жұмсақ,  тығыз  және 

үлпек мамықты. Тұмсығының түсі көбіне сары, қы-

зыл сары, аяқтары қара түсті болады. Саусақтарының 

арасы  тері  жарғақпен  байланысқан.  Жүзген  кезде 

денесі  су  бетінде  қалқып  бара  жатқандай  болып 

көрінеді,  мойнын  тік  ұстап,  қатты  қарлыққан  үн 

шығарады.  Сондықтан  С.  а.  атанған.  Қанаттарын 

көтеріп,  біраз  жерге  жүгіріп  барып  ұшады.  Жұп 

құрып тіршілік етеді. Жыл құсы. Жыныстық жағы-

нан төрт жасында жетіледі. Көктемде ұшып келіп, 

ұясын су жағалауындағы қалың қамыстың арасына 

салады, ішіне мамық қауырсындарын төсейді. Оған 

3 – 7 жұмыртқасын салып, мекиені 35 – 40 күндей 

басады.  Балапандарының  қауырсындары  күл  түс-

тес, бірнеше рет түлеген соң, үш жаста ересектеріне 

ұқсайды. Олар жылына 2 рет түлейді. Өсімдіктердің 

жас бұтағымен және судағы ұсақ омыртқасыздармен 

қоректенеді. С. а-дың саны жылдан-жылға азайып 

барады.  Алматы  хайуанаттар  паркінде  ұсталады, 

сонда көбейіп, ұрпақ береді. С. а. қорғауға алынып, 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

СҰРЖЫЛАН  (Vіperіdae)  –  қабыршақтылар  отря-

дына  жататын  улы  жыландардың  бір  тұқымдасы. 

Қозғалмалы жоғары жақ сүйегінің арт жағында тү-

тікті бір не екі үлкен тістері болады және олар улы 

бездерімен жалғасады. Улы бездерінен бөлінген уы 

бұлшық еттері жиырылғанда тіс түтігі арқылы ағып, 

тісі кірген жерге құйылады. Қазақстанда 2 түрі кез-

деседі:  1)  к ә д і м г і     С.  (V.  вerus)  Алтайды,  рес- 

публиканың  солт.  аймақтары  мен  орманды  бел-

демдерін  мекендейді.  Денесінің  ұз.  60  –  90  см, 

басы  үстінен  қарағанда  үшбұрыш  сияқты  болып, 

денесінен  бөлініп  тұрады.  Денесінің  үстіңгі  жағы 

қоңыр  сұр,  кейде  қап-қара,  бауыры  ақшылдау  бо-

лады. Жемі – ұсақ кемірушілер, бақа, кесірткелер. 

Қорегін  түнде  аулайды.  2)  д а л а     С-ы  (V.  ursіnі) 

Қазақстанның  шөлді  аймақтарының  біраз  бөлігін 

(Үстірт,  Мойынқұм,  Қызылқұм,  Бетпақдала),  да-

лалық  жерлердегі  өзен  аңғарлары  мен  көлдердің 

жағалауын,  батпақты  жерлерді  мекендейді.  Тауда  

2000 м биіктікке дейін таралған. Денесінің ұз. 35 –  

57  см,  түсі  сұр,  қоңыр  сұр,  арқасында  басынан 

құйрығына  дейін  созылған  қара  не  қызыл  қоңыр 

ирек жолағы болады. С-дардың уы адам мен малға 

қауіпті,  уын  медицинада  пайдаланады.  С.  жылан 

уын алу үшін ауланады.

СҮЙЕЛЖАЗАР (Helіotropіum) – айлауық тұқымда-

сына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсім-

діктер не жартылай бұталар. Қазақстанның шөлейт- 

ті, сортаңды жерлерінде, өзендер мен жылғалардың 

бойында өсетін 7 түрі бар. Биікт. 10 – 50 см аралы- 

ғында. Сыртын түк жапқан сабағы бұтақталып өсе- 

ді. Жай жапырақтарының жиегі тегіс, өркен бойына 

кезектесіп орналасады. Жеке гүліндегі тостағанша 

жапырақшаларының саны – бесеу, олар түп жағынан 

бірігіп, түтік тәрізді, күлтесімен бірге қурап түседі 

(күлтесінің сыртында жемісімен бірге түсетін түр-

лері де бар). Ақ, сары түсті күлтесі де бесеу. Гүлдері 

қос жынысты. Аталығы – бесеу, жіпшесі өте қысқа, 

аналығы  екі  жеміс  жапырағынан  тұрады,  жаты-

ны қысқа, аналықтың аузы біз тәрізді үшкір. Ұсақ 

гүлдері  ирек  гүлшоғырына  жиналып,  бір  жағына 

қарай бұрылып, иіліп тұрады. Гүлшоғырының төм. 

бөлігіне  бекіген  гүлдерінің  сағағы  өте  қысқа,  ал 

ұшына  жақындаған  сайын  сағақсыз  орналасады. 

Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс береді. 

Жемісі  –  құрғақ  төрт  жаңғақша.  Олар  екі-екіден 

бірігіп  немесе  әрқайсысы  жеке-жеке  орналасады. 

С-дың 1 түрі – кішкентай С. (Н. parvulum), ол тек 

Іле Алатауында (Бұғыты тауында) ғана кездесетін 

эндемик. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіл-

ген. С-дың гүлінен аралар бал жинайды. 



СҮМБІЛ (Adіanthum) – қырыққұлақтәрізділер тұ- 

қымдасына жататын көп жылдық споралы шөпте- 

сін  өсімдік.  Қазақстанда  Жетісу  (Жоңғар)  және  

Іле  Алатауларындағы,  Батыс  Тянь-Шаньдағы  тас-

ты жерлерде, өзен, бұлақтар жағалауларында, сар- 

қырама  астында  өсетін  1  түрі  –  ш о л п а н ш а ш 

С.  (А.  capіllus  venerіs)  бар.  Оның  биікт.  10  –  30 

см.  Қара  түсті  қабыршақпен  қапталған  тамыр  са-

бағы  төселмелі.  Жапырақтары  (вайя)  жұқа,  екі  не 

үш-үштен  бірігіп,  қауырсын  тәрізді  тілімденген. 

Жапырақ  сағағы  жіңішке,  қара  қоңыр,  жылтырап 

тұрады.  Спора  арқылы  немесе  тамырының  кесін-

дісімен көбейеді, үш жолақты спорасы шілде – та-

мыз айларында жетіледі. Шолпаншаш С-ді әсемдік 

өсімдік  ретінде  гүлзарларда  өсіреді  және  дәрілік 

қасиеті бар, сондықтан медицинада тыныс жолда-

рын  емдеуге  пайдаланылады.  С.  Ақсу-Жабағылы 

қорығында  қорғауға  алынған.  Сирек  кездесетін 

өсімдік  ретінде  Қазақстанның  «Қызыл  кітабына» 

енгізілген. 



СҮҢГуІР  ҮЙРЕК  (Aythya  Nyroca)  –  жалпақтұм- 

сықтылар  отрядының  үйрек  тұқымдасына  жата-

тын құс. Негізінен Қазақстанда 4 түрі: алакөз С. ү. 

(А.nyroca) Зайсанда, Іле-Шу атырабында, Сырдария 

өзендерінің аңғарларында; көгілдір С. ү. (А. ferіna) 

(дене тұрқы 50 см-дей, салм. 0,7 – 1,1 кг, қоразының 

басы және мойны жирен, арқасы көгілдір сұр түсті) 

негізінен республикамыздың солт. бөлігінде, Алакөл 

ойысында; айдарлы С. ү. (А. fulіgula) Қазақстанның 

солт-нен  оңт.-шығысына  дейінгі  жерлерде;  айдар-

сыз  С.  ү.  (А.  marіla)  кездеседі.  С.  ү.  –  жыл  құсы. 


544

Ұяларын  тайыз  суға,  бөген  не  көл  жағалауларына 

салады. Сәуір – мамыр айларында 5 – 14 жұмыртқа 

салып, оларды мекиені 4 аптадай басады. Балапаны 

1,5 – 2 айда қанаттанып, өздігінен ұша алады. С. ү. 

су өсімдіктері және омыртқасыздармен қоректенеді. 

Әуесқойлық және кәсіптік жолмен ауланады. 

СҮРТІСу,  К ү р е м ө з е н   –  Сарысу  алабындағы 

өзен. Ақмола обл-ның Қорғалжын, Қарағанды обл-

ның Жаңаарқа аудандары жерімен ағады. Ұз. 104 км, 

су жиналатын алабы 6300 км

2

. Аймысық, Суықбастау 



тауларындағы  бұлақтардан  басталып,  Қамыс  елді 

мекеніне жетпей Сарысуға құяды. Аңғары кең, арна-

сы көбіне тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты сула-

рымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 57 

т.ж. айырмасы тұсында 3,10 м

3

/с. Алабы жайылымға, 



шабындыққа пайдаланылады. 

СҮТТІГЕН  (Tuphorbіa)  –  сүттіген  тұқымдасына 

жататын  бір  не  көп  жылдық  өсімдіктер  мен  шала 

бұталар. Т а л ш ы қ  С-і (Т. vіrgata) республиканың 

орманды,  шалғынды  жерлерінде,  егістіктерінде 

жиі кездесетін арамшөп. Биікт. 15 – 20 см, тамыры 

тармақталып,  сабағы  тік  өседі.  Қандауыр  тәрізді 

жапырағы  бүтін  жиекті.  Гүлдері  дара  жынысты, 

жасылдау  сарғыш  түсті.  Маусым  –  тамыз  айлар-

ында  гүлдеп,  шілде  –  қыркүйекте  жеміс  береді. 

Жемісі  –  үш  ұялы  қауашақ.  С-нің  көпшілік  түрі-

нің  сабағы  сүтті,  шырынды  болады,  кейбіреуінің 

ұрығында іш өткізетін май бар. Өте улы өсімдік. 

Көкшіл  С.  (Е.  helіoscopіa)  –  дәрілік  өсімдік. 

Халық  медицинасында  С-ді  іш  өткізетін,  несеп 

жүргізетін және ішек құртын түсіретін, сондай-ақ 

қатерлі ісіктерді емдейтін дәрі ретінде қолданады. 

2  түрі:  берік  С.  (Е.  sclerocyathіum)  және  Ярослав 

С-і  (Е.  jaroslavіі)  өте  сирек  кездесетін  өсімдіктер 

ретінде  қорғауға  алынып,  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына» енгізілген. 



СЫБЫРЛАҚ  АҚҚу  (Cygnus  olor)  –  қазтәрізді-

лер  отрядының  үйрек  тұқымдасына  жататын  құс. 

Қазақстанның жазық аймақтарындағы су айдында-

рында кездеседі. Саны сұңқылдақ аққуға қарағанда 

көп. Денесінің ұз. 180 см, қанатын жайғанда ұз. 260, 

қанатының ұз. 70, құйрығының ұз. 18 см, салм. 8 –  

13 кг. Қоразы мекиенінен ірі. Қауырсыны аппақ, ба-

лапанында сұр түсті болады. Мойны жіңішке, қызыл 

түсті тұмсығында қара бұдыр анық көрінеді. Аяғы 

көбінесе  қара  түсті.  Суда  жүзгенде  мойны  иіліп, 

латын  әліпбиіндегі  S  әрпіне  ұқсайды.  Ұшқан  кез-

де дыбыс шығармайды, мазасызданған кезде кейде 

сыбырлағандай болады, құстың аты осы қасиетіне 

қарай қойылған. Жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, 

ұясына 5 – 7 жұмыртқа салып, оны мекиені бір ай-

дай  басады.  Қазан  айының  соңында  жылы  жаққа 

қайтады.  Негізінен  су  астындағы  өсімдіктермен, 

ішінара  омыртқасыздармен  де  қоректенеді.  Өте 

сымбатты және кәсіптік маңызы бар құс.

СЫЛДЫРШӨП (Sіlene) – қалампыр тұқымдасына 

жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсім-

діктер.  Облыстың  барлық  аймағында  кездесетін 

62 түрі бар. Сабақтары тік, кейде жатаған болады. 

Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, пішіндері 

әр түрлі (ұзынша, дөңгелек, т.б.). Гүлдері қос жы-

нысты, кейде дара жынысты. Тостағанша жапырақ-

шалары бес тісті. Желектері ақ, қызғылт, сары жа-

сыл түсті, саны – бесеу. Аталығы 10, жатын түйіні 

үш ұялы. Мамыр – қыркүйек айларында гүлдеп, же-

міс салады. Жиі кездесетін түрі – торсылдақ С. (S. 

latіfolіa). Ол Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің жағала-

уында,  Тарбағатай,  Жетісу  (Жоңғар),  Іле,  Күнгей, 

Қырғыз Алатаулары мен Кетпен тауларының шал-

ғынды  жерлері  мен  селдір  ормандарында  өседі. 

Биікт. 40 – 100 см. Жапырақтары ұзынша, дөңгелек. 

Ақ түсті гүлдері шашақша масақ гүлшоғырына топ-

талған. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, же-

міс салады. Жемісі – ақ түсті қорапша. Салбыр С-тің 

(S. nutans) биікт. 30 – 60 см. Сабағы түкті, жабысқақ. 

Гүлдері  ақшыл  күрең,  шоқталып  өседі.  Маусым  –  

тамызда  гүлдеп,  жеміс  береді.  Жемісі  –  сопақ  қа-

уашақ.  Салбыр  С.  –  дәрілік  өсімдік,  оны  жүйке 

жүйесін  тыныштандыру,  қабынулар  мен  ауырсы-

нуды басу және қан тоқтату үшін пайдаланады. С-

тың 5 түрі: Мүслім С-і (S.muslіmіі), Сырдария С-і 

(S.jaxartіca),  Тянь-Шань  С-і  (S.  tіanschanіca)  және 

бетпақдала сылдыршөбі, бор сылдыршөбі – өте си-

рек кездесетін өсімдіктер ретінде қорғауға алынып, 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.



СЫНТАСТЫ,  Ж е л қ у а р   –  Тобыл  алабындағы 

өзен.  Ұз.  152  км.  Су  жиналатын  алабы  5100  км

2



Ресейдің  Челябі  обл-ндағы  3  кішкене  жылғадан 



басталып, Қостанай обл. Жітіқара ауд. Шекубай а. 

тұсында Желқуар деген атпен Тобыл өз-не құяды. 

Аңғары 3 – 5 км, жайылмасы 250 – 300 м, арнасы-

ның ені 15 – 40, кей жерінде 120 – 200 м. Жауын-ша-

шын, ішінара ыза суымен толығады. Төм. ағысында 

өзенге ыза суы көп қосылатындықтан жаздың ыс-

тық  айларында  да  су  ағыны  тоқталмайды.  Суы 

тұщы, ауыз суға, мал, бау-бақша суаруға пайдала-

нылады.  Өзенге  7,86  млн.  м

3

  су  сыятын  Желқуар 



бөгені салынған.

СЫРДАРИЯ  –  Орталық  Азиядағы  ірі  өзендердің 

бірі.  Бастауын  Орт.  Тянь-Шань  сілемдерінен  ала-

ды.  Нарын  мен  Қарадария  өзендерінің  қосылған 

жерінен  бастап  С.  деп  аталады,  Арал  т-не  құяды. 

Жалпы ұз. 2219 км (Нарын өз-нің бастауынан 3026 

км), су жиналатын алабы 462 мың км

2

. Орта және 



төм. ағысы Қазақстан жерінде; республикадағы ұз. 

1400  км,  су  жиналатын  алабы  240  мың  км

2

.  Өзен 


бастауын  тау  деңгейінен  жоғары  3300  –  4400  м 

биіктікте  жатқан  таулы  өңірден  алады.  Алабында 

өзен суын толықтырушы, жалпы ауд. 2208 км

2

 бо-



латын 1713 мұздық бар. Қазақстан жеріндегі (Оңт. 

Қазақстан және Қызылорда облыстары) алабы негі-

зінен құмды болып келеді. Қызылқұмның солт-мен, 

Арал  Қарақұмының  оңт-мен  ағады.  С-ның  130-ға 

жуық  саласы  бар;  Қазақстандағы  ірілері  –  Келес, 

Құркелес, Арыс, т.б. С. негізінен қар және аздап мұз-

дық, жауын-шашын суларымен толысады. Жылдық 

ағынының 20,7%-ы көктемде, 47,3%-ы жазда–күзде,  

32%-ы қыста өтеді. С. ағынының орташа жылдық 

модулі (қосылатын су мөлшері) 8 л/с/км

2

. Деңгейі 



сәуір айынан көтеріле бастайды, маусым – шілде ай-

ларында ең жоғары шегіне жетеді. Содан кейін суы 

азая түседі. Жылдық орташа су мөлшері Қазақстан 

шегіне енген тұсында (Сарыағаш ауд., Көкбұлақ а.) 

730 м

3

/с, Қызылорда қ. тұсында арнасымен секунды-



на 673 м

3

, сағасына таяу жерде (Қазалы қ. тұсында) 



446 м

3

 су өтеді. Өзен суы Түркістан қ-на дейін жел-



тоқсан  айынан  бастап  қатып,  наурыздың  аяғында 

ери  бастайды.  Мұзының  қалыңд.  ақпан  –  наурыз 



Сүртісу

545

Сырдария

Сырдария өзенінің орта ағысы

айларында  66  –  68  см-ге  жетеді.  Суының  орташа 

темп-расы жаз айларында 23 – 25ºС (кейде 29ºС-қа 

дейін көтеріледі) шамасында. Су лайлылығы 1150 –  

1200  г/м

3

  (республикадағы  ең  лайлы  өзен),  суы, 



негізінен,  гидрокарбонатты  келеді.  Өзенде  сазан, 

көксерке, табан, ақмарқа, қаяз, жайын, т.б. балық-

тар бар. Суы мол жылдары Қазалы қ-на дейін кеме 

жүзген. С. алабында Жаңадария, Қуаңдария сияқты 

көне құрғақ арналар көп кездеседі; бұлардың көпші-

лігі суғару-суландыру каналдарына айналдырылған. 

Жалпы  мәлімет  бойынша  19  ғ-дың  ортасында  С. 

атырауында 3 мыңға жуық көл (қазіргі уақытта 123 

көл)  болғаны  айтылады.  С.  бойы  ежелгі  заманнан 

бері халық тығыз қоныстанған, суғармалы егінші- 

лік  кеңінен  дамыған  мәдениет  ошақтарының  бірі  

болып саналады. Көне грек жазбаларында Сырда- 

рия өз. «Яксарт» деп аталған. Ал әл-Бируни кезеңіне 

дейін  «Хасарт»  делінсе,  Орта  Азияға  арабтардың 

келуімен  (7  ғ.)  «Сейхун»  деп  аталған.  Сыр  бойын 

алғаш  зерттеген  орыс  саяхатшылары  Д.Гладышев 

және  И.Муравиннің  (1741)  жазба  есептерінде  С. 

деп  жазылған.  1880  –  90  ж.  аралығындағы  газет 

тігінділеріндегі  С.  өз.  туралы  деректерден  Сыр 

бойы,  әсіресе,  Ақмешіт  (Қызылорда)  өңірі  көп 

өзгерістерге  түскені  байқалады.  Өзен  арнасын  ал-

ғашқы  кезде  оңт.-батысқа,  кейіннен  солт.-батысқа 

қарай өзгерткен. Оның ескі арналары (1831 ж. кар-

та бойынша) бүгінгі арнасы мен Іңкәрдария арна-

сын  құрап,  Арал  т-не  барып  құйғанын,  Сырдария 

және  Жаңадария  аңғарларының  жалғасы  Арал 

т-нің  астында  қалғандығын  ғалымдар  деректер-

мен  дәлелдеп,  тұжырымдаған.  Бұл  тұжырымдар 

бойынша  С-ның  ең  алғашқы  арналарының  бірі  –  

Іңкәрдария. Бұл өзен бүгінде құммен көміліп қал-

ған, су келетін тармақтарының ізі білінер-білінбес. 

Акад. С.Толстовтың зерттеулерінде (1946 – 50) С-

ның  төм.  ағысында  суғармалы  жердің  бүгінгіден 

төрт есе көп болғаны айтылады. С. өңірі жайында 

акад. В.Бартольд пен В.Жирмунский «…Қорқытты 

қадірлеудің  Сырдария  жағасында  мың  жылдық 

өнегесі бар» деп, Сыр өз-нің сан ғасырлық тарихын 

меңзейді.  18  –  19  ғ-ларда  және  20  ғ-дың  орта  ке-

зінде С. өз-нде су тасу жиірек болған. Бұл құбылыс 

2003  –  04  жылдардың  көктемінде  қайталанған. 

1958  ж.  Жаңадария,  1961  ж.  Қуаңдарияның  арна-

сымен су аққан. Бүгіндері ізі сақталған Аламесек, 

Жамандария  сияқты  өзен,  көлдердің  бойымен  19 

ғ-да шағын кемелер жүзген. Бүгінгі С. аңғары елі-

міздегі күрішті өңір болып саналады. Өзен ағынын 

реттеп, суын егістік (күріш, мақта, бау-бақша) пен 

шабындықтарды суғаруға және суландыруға тиімді 

пайдалану  үшін  өзен  бойында  бірнеше  бөгендер 

мен каналдар салынған. Өзен суының кейінгі 20 –  

30  жыл  ішінде  қарқынды  игерілуіне  байланысты 

1975 – 80 жылдардан бастап С. Арал т-не жетпей 

тартылып  қалатын  болды.  Қазіргі  уақытта  С.  өз.  

алабының суын мемлекетаралық бөлу Халықаралық 

үйлестіруші су ш. комиссиясының (ХҮСШК) бақы- 

лауымен жүргізіледі. С. 2009 ж. Кіші Аралға 4,2 км

3

 



су берді. 2005 ж. Кіші Аралға 24 млрд. м

3

 су жинал-



ған. Келешекте ол 30 млрд. м

3

-ге жетеді. С. бойында 



Шардара,  Қызылорда,  Қазалы  қ-лары  және  көпте-

ген ірі кенттер, т.б. елді мекендер орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет