Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата18.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2168
1   2   3   4   5   6   7   8

САРЫБАСШӨП  (Erysіmum),  а қ б а с қ у р а й   –  

орамжапырақ  тұқымдасына  жататын  бір,  екі,  көп  

жылдық  өсімдіктер.  Қазақстанның  далалық  жер- 

леріндегі  шалғындарда,  таудың  тасты  шатқалда- 

рында, қыраттарда, тоғайлардың арасында өсетін 15 

түрі бар. Олардың биікт. 5 – 100 см, сабағы тік, жоғ. 

жағы бұтақталып тармақталған, жалаң, кейде сыр-

тында түгі болады. Жіңішке жапырақтарының шеті 

тілімденбеген,  бүтін,  үш  бөлікті  және  жұлдызша 

тәрізді  түктер  жапқан.  Тостағанша  жапырақша-

лары  тік  орналасқан  төм.  бөлігі  қапшық  тәрізді. 

Желегі ұзын тырнаққа ұқсайды, түстері сары, күл-

гін, қошқыл, өте сирек жағдайларда ақ түсті бола-

ды. Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. 

Жемісі  –  ұзынша  келген  төрт  қырлы  бұршаққын. 

Оның  ашылатын жері дара орт. жүйкеден тұрады. 



Сарыбай

525

дөңестеніп,  көл  суының  деңгейінен  3  м-ге  дейін 

биіктейді.  Кей  жерлерін  су  басуына  байланысты 

шағын жеке аралдар пайда болған.



САРЫЕСІК  АТЫРАу  –  Балқаш  көлінің  оңт-нде, 

Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды 

алқап. Алматы обл. Балқаш, Көксу, Кербұлақ және 

Қаратал аудандарының жерінде. Ұз. 240 – 250 км, 

ені  120  –  180  км,  ауд.  40  мың  км

2

-ге  жуық.  Қыр- 



қааралық  ойпаңдарында  сор  не  тақыр  жерлер 

кездеседі.  Жер  асты  суы  2  –  80  м  аралығындағы 

тереңдіктен шығады (Нарынбай, Ағашаяқ, Шекара, 

Шеңгелді,  Бидайшы  құдықтары).  Климаты  тым 

континенттік.  Қаңтар  айының  орташа  темп-расы 

–9 – 14ºС, шілдеде 25ºС. Жылдық жауын-шашын-

ның  орташа  мөлш.  150  –  180  мм.  С-да  Іле  өз-нің 

көне арналарының (Шетбақанас, Ортабақанас, Ор- 

тасу)  ізі  сақталған.  Сонымен  бірге  жеке  төбелер 

(Көшқонар, Қарқаралы, Босаған, Орта Көкдомбақ, 

Қаражды, т.б.) мен қоныс (Қарқаралы, Мыңғылши, 

Ұзынарал),  қыстаулар  (Арыстан,  Сәрсембай,  На- 

рын,  Бесшағыл,  т.б.)  кездеседі.  Іленің  атырауын-

да  қара  сексеуіл,  жүзгін,  жусан,  теріскен,  еркек 

шөп, құм қияғы, изен, сортаң жерлерінде күйреуік, 

Балқаш көлі жағалауында жыңғыл өседі. Негізінен 

мал жайылымы үшін пайдаланылады. Көктем, күз 

айларында  Сарыарқа  өңірінің  қазақтары  Сарыесік 

түбегі арқылы өтіп, С. құмын қыстау еткен. 

САРЫЖАЗ  –  Тянь-Шаньның  солт.-шығыс  бөлі-

гіндегі  таулы  жота.  Қазақстан  (Райымбек  ауд.  же-

рінде) мен Қырғызстан шекарасында, Инелшік пен 

Сарыжаз  өз.  аралығында  орналасқан.  Абс.  биікт. 

4799 м. Ұз. 50 км. С. жотасы көбіне метаморфтан-

ған  тақтатас  пен  әктасты  интрузивтік  граниттен 

түзілген. Беткейлерінде биік тау шалғындары өседі. 

Тау бастарында бірнеше мұздықтар бар. Тау етегі –  

жайлау. 

САРЫЖЫЛАН  (Ophіsaurus  apodus)  –  қабыршақ- 

тылар отрядына жататын сарыбауыр кесіртке. Оңт.-

батыс  Еуропада,  Орт.  және  Оңт.-батыс  Азияда,  ал 

Қазақстанда Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарын-

да кездеседі. Денесінің ұз. 1,2 м-дей, салм. 550 г-

дай.  Сыртқы  түрі  жылан  тәрізді,  аяғы  болмайды 

(тек  еркектерінде  артқы  аяғының  жұрнағы  сақ-

талған).  Басы  ірі,  біркелкі  қалқанмен  жабылған. 

С-ның  арқасы  қоңыр  не  қоңырқай,  бауыры  сар-

ғыш  қоңыр  немесе  қызғылт  түсті  болады.  Нағыз 

жыландардан  негізгі  айырмашылығы  қозғалмалы 

қабағы,  құйрығы  ұзын  болады.  С.  тау  өзендерінің 

миктер басым. Арқар, тауешкі, барыс, ұлар, гима-

лай  тазқарасы,  т.б.  кездеседі.  Туристік  мәні  зор. 

Жазда жайлау ретінде пайдаланылады.

САРЫБҰЛАҚ  –  Лепсі  алабындағы  өзен.  Алматы 

обл.  Сарқант,  Ақсу  аудандары  жерімен  ағады.  Ұз. 

172  км,  су  жиналатын  алабы  1880  км

2

.  Аралқұм 



құмды  алқабындағы  Алтай  к-нен  басталып,  Лепсі 

т.  ж.  ст-на  40  км-дей  жетпей,  Лепсі  өз-не  құяды. 

Жағасы  жайпақ,  жайылмасы  кең.  Көлге  құятын 

Басқан өз-нің суымен толығады. Жазда қарасуларға 

бөлініп қалады. Алабы – жайылым.

САРЫБҰЛАҚ  –  Шу  алабындағы  өзен.  Жамбыл 

обл-ның  Мойынқұм,  Сарысу  аудандары  жерімен 

ағады.  Ұз.  127  км,  су  жиналатын  алабы  3720  км

2



Бетпақдаланың оңт. бөлігіндегі аласа төбешіктерден 

басталып, Жуансор елді мекені тұсында тартылып 

қалады. Қар суымен толығады. Жағасы аласа жар-

лы. Көктемде арнасында 10 – 15 күндей ағын болып, 

жазда тартылып, су тапшы жылдары құрғақ арнаға 

айналады. Жылдық орташа су ағымы Ақбастау өз-

не құяр тұсында 0,05 м

3

/с.



САРЫБҰЛАҚ – Нұра алабындағы өзен. Қарағанды 

обл-ның  Қарқаралы  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  126 

км, су жиналатын алабы 1949 км

2

. Бақты тауының 



батыс  беткейінен  басталып,  Байтайлақ  тауына 

жетпей  Талды  өз-не  құяды.  Оң  жағалауы  жарлы, 

сол жағы жайпақ. Жер асты, жауын-шашын сула-

рымен  толығады.  Көп  жылдық  орташа  су  ағымы 

0,04  м

3

/с.  Суын  шаруашылық  қажетіне  және  мал 



суаруға пайдаланады.

САРЫБҰЛАҚ  –  Айтау  тауындағы  өзен.  Жамбыл 

обл.  Мойынқұм  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  82  км,  су 

жиналатын  алабы  210  км

2

.  Бастауын  Айтаудың 



шығыс  баурайынан  алып,  әуелі  солт-ке,  одан  ке-

йін батысқа қарай бұрылып ағады да, Сексеуілдала 

жазығына жетпей тартылып қалады. Су арнасында 

көктем айларында (наурыз – мамыр) ғана болады. 

Жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. 

Жағалауы мал жайылымы үшін пайдаланылады.



САРЫЕСІК  –  Балқаш  көлінің  оңт.  жағалауының 

орт. бөлігіндегі түбек. Алматы обл. Балқаш ауд-нда 

орналасқан. Түбек көл айдынының батыс жағында- 

ғы  тұщы  бөлігін  шығыстағы  тұзды  бөліктен  бө-

ліп  тұрады.  Солт-ке  қарай  бағытталған  түбектің 

ұз. 30 км, ені 7 км. С. пен Балқаштың солт. жаға-

лауы  аралығында,  ені  4  км-дей  Ұзынарал  бұғазы 

бар. Түбектің саздауыт, жазық жағы орт. бөлігінде 



Сарыжылан

Нұра алабындағы Сарыбұлақ өзені

Сарыесік Атырау құмды алқабы


526

мен  селеулі-бетегелі  өсімдіктер  өскен  қара  топы-

рақты болып келеді. Жануарлар дүниесінен қасқыр, 

түлкі,  елік,  суыр,  ондатр,  сарышұнақ;  құстардан 

бүркіт,  қаршыға,  кезқұйрық,  күйкентай,  тұйғын, 

құр, шіл, көлдерде үйрек, қаз, аққу, су жағалай қыз-

ғыш, тауқұдірет, т.б. мекендейді. А. ш-на жарамды 

жер аум. 661,5 мың га, оның 301,1 мың га-сы егістік 

жер, 4,6 мың га шабындық, 257,5 мың га жайылым 

(2008).  Аудан  жерімен  респ.  маңызы  бар  Қоста- 

най  –  Көкшетау,  Сарыкөл  –  Тимирязев  және  Қос- 

танай – Петропавл автомоб. жолдары өтеді.



САРЫҚАСҚА  –  Ертіс  алабындағы  тұйық  көл. 

Қарағанды обл-ның Қарқаралы ауд. жерінде. Аум. 

10,2 км

2

. Ұз. 6 км, енді жері 2 км-ге жетеді, жағалау 



бойының ұз. 19 км. Жағалаулары оңт-нде тік жар-

лы, солт-нде жайпақ, сортаңды. Қар, жер асты сула-

рымен толығады. Оңт-не кішігірім өзендер құяды. 

Суы тұзды, алабы – жайылым.



САРЫҚОБДА – Жайық алабындағы өзен. Ақтөбе 

обл-ның  Алға  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  75  км,  су 

жиналатын алабы 1390 км

2

. С. Болгарка а-ның оңт-



ндегі  11  км  жерден  басталып,  Көксай  а.  тұсында 

Қарақобда  өз-не  құяды.  Қар,  жер  асты  суларымен 

толығады. Арнасы тар, тік жарлы, жайылмасы 25 – 

35 м. Жылдық орташа су ағымы Ильинка а. тұсында 

0,96 м

3

/с. Балыққа бай. Суымен егін суғарылады.



аңғарларын,  жеміс  бақтары  мен  егістіктерді  ме-

кендейді. Кейде теңіз деңгейінен 2000 м биіктікке 

де  көтеріліп,  тіршілік  етеді.  Суда  жақсы  жүзеді, 

қауіп  төнген  сәтте  суға  қарай  қашуға  тырысады 

не  тастардың,  шөп-бұталардың  астына  жасыры-

нады.  Адамды  шақпайды,  қолға  тез  үйренеді,  ін 

қазбайды.  Наурыздың  соңы  –  сәуірдің  басында 

қысқы ұйқыдан оянады. Аналығы маусым – шілде 

айларында  пішіні  сопақ  8  –  10  жұмыртқа  салады. 

Тамыздың ортасында жас С-дар пайда бола бастай-

ды.  Омыртқасыздармен  (көбінесе  жәндіктер  жә- 

не  моллюскілермен),  ұсақ  омыртқалылармен  жә- 

не жерге түскен жеміспен қоректенеді. Зиянды жән- 

діктерді  жеп  пайда  келтіреді.  С.  табиғатта  өте 

сирек кездеседі. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қо- 

рығында  қорғалады.  Қазақстанның  «Қызыл  кіта-

бына» енгізілген.

САРЫЖЫЛҒА – Сырдария алабындағы өзен. Оңт. 

Қазақстан  обл.  Сарыағаш  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз. 

103  км.  Қоржынтаудың  солт.-батысындағы  бұлақ-

тардан  басталып,  Құмқұдық  а.  тұсында  Құркелес 

өз-не  құяды.  Аңғары  кең,  арнасы  тік  жарлы.  Қар, 

жер  асты  суларымен  толығады.  Көктемде  суы 

толығып, жазда қарасуларға бөлінеді. Жылдық ор-

таша су ағымы сағасында 0,88 м

3

/с. Суы шаруашы-



лық қажетіне пайдаланылады. 

САРЫКЕҢГІР  –  Сарысу  алабындағы  өзен. 

Қарағанды обл. Ұлытау ауд. жерімен ағады. Ұз. 143 

км, су жиналатын алабы 3380 км

2

. С. Желдіадырдың 



оңт-ндегі  Жақсы  Сасықбастау,  Арғанаты  таулары-

ның  бөктерлеріндегі  бұлақтардан  басталып,  Қо- 

тыржал  тауының  батысында  Қаракеңгір  өз-не 

құяды. Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жауын-ша-

шын  суымен  толығады.  Көктемде  тасып,  жазда 

қарасуларға  бөлінеді.  Жылдық  орташа  су  ағымы 

Қаракеңгірге  құяр  жерінде  0,70  м

3

/с.  Аңғары  мал 



жайылымы. 

САРЫКӨЛ  –  Есіл  алабындағы  тұщы  көл.  Қос- 

танай обл-ның Сарыкөл ауд. жерінде. Ауд. 37,9 км

2



ұз. 8,2 км, ені 6,2 км-ге жетеді. Жағалау бойының ұз. 



24,6 км, орташа тереңд. 1,6 м. Көл жағалауы жайпақ, 

жағасы құмайтты, биікт. 0,5 – 1 м. Солт. мен шығы-

сындағы шығанақ жағалауында қамыс, құрақ өседі. 

Түбі тегіс, лайлы. Көл жағалауына салынған 2 бөгет 

бар.  Суы  шаруашылық  қажетіне  пайдаланылады. 

Балық өсіріледі. 



САРЫКӨЛ  АуДАНЫ  –  Қостанай  обл-ның  қиыр 

шығысындағы  әкімш.-аумақтық  бөлініс.  1936  ж. 

құрылған. Жер аум. 6,1 мың км

2

. Тұрғыны 24,2 мың 



адам,  орташа  тығызд.  1  км

2

-ге  3,9  адамнан  келеді 



(2010). Аудандағы 40 елді мекен 1 кенттік, 11 ауыл-

дық  округке  біріктірілген.  Орт.  –  Сарыкөл  кенті. 

Ірі елді мекендері: Сарыкөл, Барвиновка, Веселый 

Подол, Маяк, Севастополь. С. а-ның жері Батыс Сібір 

жазығының оңт. бөлігіндегі Обаған мен Есіл өзен-

дері  суайырығының  орманды-далалы  орт.  бөлігін 

алып жатыр. Жері негізінен жазық. Кен байлықтары 

құрылыс  материалдарынан  тұрады.  Климаты  тым 

континенттік.  Қаңтардың  орташа  темп-расы  –17 

– 18ºС, шілдеде 19 – 20ºС. Жауын-шашынның жыл-

дық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Ауданның батыс 

шетімен Обаған өз. ағып өтеді. Көлдер аз. Олардың 

ең үлкендері – Сарыкөл, Қоскөл. Жер қыртысы не-

гізінен  қайың  мен  терек  аралас  келген  ормандар 



Сарыжылға

Сарықобда өзенінің орта ағысы

Сарыкөл көлінің жағалауы


527

САРЫОБА  –  Есіл  алабындағы  ағынсыз  көл. 

Қостанай обл. Ұзынкөл ауд. жерінде. Аум. 28,8 км

2



Ұз.  10,8  км,  енді  жері  4  км,  жағалауының  жалпы 



ұз. 30,8 км. Орташа тереңд. 1,3 м. Көл жағасы жай-

пақ,  табаны  лайлы-құмды.  Оңт.  бөлігінде  қамыс, 

солт-нің жағалық өңірінде құрақ өседі. Суы тұщы. 

Шаруашылық қажетіне пайдаланылады.



САРЫОЙ – Бетпақдаланың оңт.-шығысында, Жам- 

был  обл.  Мойынқұм  ауд-ның  орта  тұсында  орна-

ласқан  үстірт.  Теңіз  деңгейінен  235  –  255  м  биік-

тікте жатыр. Оңт-нде Оба тауы (286 м) орналасқан. 

Үстіртті  жазықтың  жер  бедері  тегіс.  Солт.  бөлігі 

сай-жыралармен,  құрғақ  арналармен  тілімденген. 

Оңт.-шығысынан  жазда  кеуіп  қалатын  бірнеше 

шағын өзендер бастау алады. Олар Шу өз-нің орта 

ағысына келіп құяды. С. үстіртінің батысынан жаз-

да  кеуіп  қалатын  біршама  ұзын  Қаратал  өз.  ағып 

өтеді.  Жер  бедерінде  шөлге  тән  жусан,  сары  қау, 

күйреуік, баялыш, теріскен, ши, т.б. сораң шөптер 

өседі. Үстірт қысқы мал жайылымы ретінде пайда-

ланылады. 



САРЫӨЗЕН, К і ш і ө з е н  – Еділ-Жайық алабын-

дағы өзен. Батыс Қазақстан обл. Жәнібек, Казталов 

аудандары жерімен ағып өтеді. Жалпы ұз. 271 км, 

су жиналатын алабы 1,7 мың км

2

. Ресейдің Ершов қ. 



(Орынбор обл.) маңындағы бұлақтан бастау алып, 

Жаңақазан а. тұсында Сарыой (Сарай) көліне құяды. 

Аңғары кең, ағысы баяу. Қар, жауын-шашын, жер 

асты суларымен толығады. Көктемде деңгейі көте-

ріліп, орта және төм. бөлігінде жайылмаға айнала-

Сарыөзен

САРЫҚОПА – Тобыл алабындағы көл. Қостанай 

обл. Жангелдин ауд. жерінде. Тізбектеліп бір-біріне 

жалғасып жатқан шағын 5 көлден тұрады. Жалпы 

ауд. 336 км

2

, су жиналатын алабы 17440 км



2

. Орташа 

тереңд.  2  м.  Көлдің  батыс  жағалауы  түйетайлы, 

біртіндеп  жазыққа  ұласады,  ал  шығыс  жағалауы 

биік  (5  –  15  м).  Көлге  Теке,  Сарыөзен  өзендері 

құяды. Су мол жылдары көл қазаншұңқырындағы 

су  деңгейінен  асып  Сарысу,  Тәуіш  өзендері  ар-

қылы  Торғайға  құяды.  Балыққа  (мөңке,  алабұға, 

қарабалық) бай. Суымен шабындық суғарылады. 

САРЫҚОРА – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт.-

шығыс сілеміндегі жота. Алматы обл. Алакөл ауд. 

жерінде  орналасқан.  Абс.  биікт.  2552  м.  Оңт.-ба-

тыстан  солт.-шығысқа  қарай  Қытаймен  арадағы 

мемл.  шекара  бойымен  50  км-ге  созылып,  Жетісу 

қақпасына  тіреледі.  Биік  жері  пермьнің  жанар-

таулық  жыныстарынан  түзілген.  Батыс  бөлігінде 

Селке  асуы  жатыр.  Осы  тұсынан  Сарышілде  өз. 

бастау  алады.  Солт.  баурайы  мен  шатқалдары  ор-

манмен көмкерілген. Етегінде бұталар, беткейінде 

тау шалғыны өседі.

САРЫҚҰМ – Балқаш көлі жағалауының солт-нде-

гі құмды алқап. Қарағанды обл. Шет ауд. жерінде. 

Жәмші  өз-н  бойлай  42  км-ге  созылып  жатыр,  ені 

17  км-дей.  Ауд.  350  км

2

.  Жәмші  өз-нің  ескі  арна-



сына жиналған шөгінділерден пайда болған. Грунт 

суының (3 м тереңдікте) минералдылығы әр түрлі. 

Құм төбешіктері еркек шөп, жусан, т.б-мен бекіген, 

ойпаң  жерінде  жиде,  сораң  шөптер  өседі.  Қысқы 

жайылым ретінде пайдаланылады.

САРЫҚҰМ – Ақтөбе обл. Байғанин ауд-ның оңт.-

батыс  бөлігіндегі  құм.  Жем  өз-нің  орта  ағысымен 

Доңызтау  кемерінің  солт.-батыс  аралығындағы 

жазықта, теңіз деңгейінен 60 – 80 м биіктікте жа-

тыр.  Пішіні  төрт  бұрышты,  ауд.  230  км

2

.  Жазық 



түйетайлы төбешікті және қырқалы келеді. Эфемер, 

жусан,  еркек  шөп,  т.б.  өсімдіктермен  бекіген.  3  –  

5 м тереңдікте тұщы грунт суы кездеседі. Көктем- 

гі,  жазғы  мал  жайылымы.  Құмның  батыс  шетінде  

Дияр а. орналасқан.

САРЫМОЙЫН  –  Тобыл  және  Торғай  өзендері 

аралығындағы көл. Қостанай обл. Наурызым ауд. 

жерінде.  Аум.  126  км

2

,  ұз.  21,4  км,  енді  жері  6,2 



км, ең терең жері 1,2 м. Жағалауы қатты тілімден- 

ген. Қар, жер асты суларымен толығады. Деңгейі- 

нің жылдық ауытқуы 2 м-ге жетеді. Су мол жыл-

дары Жаркөл көліне қосылады. Көлге Ащысу өз. 

құяды. Жағалауында қамыс өседі, суымен шабын-

дық суғарылады. Көлде табан, алабұға, қарабалық 

бар. Атырабында мемл. Наурызым  қорығы орна-

ласқан.


САРЫМСАҚТЫ  ЖОТАСЫ  –  Оңт.  Алтайдағы 

таулы  жота.  Шығыс  Қазақстан  обл.  Қатонқарағай 

ауд. жерінде орналасқан. Батыстан (Нарын жотасы-

ның шығысынан) шығысқа қарай 60 км, енді жері 

шамамен 25–30 км-ге созылып жатыр. Ең биік же- 

рі  –  Бүркітауыл  (3370  м).  Мұздықтары  бар.  Жота 

гранит, тақтатас, құмтастардан түзілген. Таулы жо-

таның солт. беткейінде 2300 – 2400 м биіктікке де-

йін орман ағаштары; ал солт. беткейінің төм. бөлі-

гінде және оңт. беткейінің альпілік белдеуіне дейін 

қуаң дала өсімдігі өседі. С. ж. Күршім, Бұқтырма, 

Нарын өзендерінің суайрығы саналады.

Сарымсақты жотасы

Жайық алабындағы Сарыөзен өзені



528

ды.  Жазда  қарасуларға  бөлініп,  суы  кермектенеді. 

Жылдық  орташа  су  ағымы  5,1  м

3

/с.  Өзен  суын  а. 



ш-на пайдаланады. Бойында бірнеше тоғандар мен 

бөгендер салынған.



САРЫӨЗЕН,  Қ о ң ы р а у л ы   –  Торғай  алабын-

дағы  өзен.  Ақмола  обл-ның  Жарқайың,  Қостанай 

обл-ның  Амангелді,  Жангелдин  аудандары  жері-

мен  ағады.  Ұз.  164  км.  Су  жиналатын  алабы 

10100  км

2

.  Сарыадыр  қыратынан  басталып,  Са- 



ға а. тұсында Сарықопа көліне құяды. Суы мол жыл-

дары Тәуіш өз. арқылы Торғай өз-не жетеді. Ірі сала-

сы – Үлкен Дәмді өз. Арнасының ені 20 – 50 м, кей 

жерінде 160 м-ге жетеді. Жайылмасы 10 – 40 м, кей-

де 60 – 80 м-ге жетеді. С. сәуір – мамыр айларында 

тасып, су деңгейі 2,5, кейде 4,8 м-ге дейін көтеріледі. 

Жауын-шашын,  жер  асты  суларымен  толығады. 

Жылдық  орташа  су  ағымы  сағасында  3,57  м

3

/с. 


Жазда қарасуларға бөлініп кетеді. Төм. ағысындағы 

суы ауыз суға жарамды.



САРЫӨЗЕН – Ертіс алабындағы өзен. Қарағанды 

обл.  Қарқаралы  ауд.  және  Шығыс  Қазақстан  обл. 

Семей қалалық әкімдігі аумағы жерімен ағады. Ұз. 

115  км,  су  жиналатын  алабы  6056  км

2

.  Мыржық, 



Ақшоқы тауларынан басталып, Ақмолайсор (Шал- 

қарсор)  көліне  құяды.  С.  шоқылы,  жонды  өңірді 

басып өтеді. Өзен бойында кішкене тұйық көлдер 

көп.  Жауын-шашын  суымен  толығады.  Сәуірдің 

аяғында  суы  тасып,  жазда  қарасуларға  айналады. 

Суы  егістік,  мал  суаруға  пайдаланылады.  Аңғары 

шабындық, жайылмасы – мал жайылымы.

САРЫСу – Телікөл алабындағы өзен. Қарағанды, 

Қызылорда  облыстары  жерімен  ағады.  Сарыарқа 

тауларындағы  Жақсы  Сарысу,  Байназар  мен  Жақ- 

сытағылы таулары маңынан басталатын Жаман Са- 

рысу өз. қосылысынан пайда болатын С. Сырдария 

алабындағы  Телікөлге  құяды.  Ұз.  800  км,  су  жи-

налатын  алабы  81,6  –  99,1  мың  км

2

.  Қуаң  жылда-



ры  Телікөл-Ащыкөл  ойысына  жетпей  құмға  сіңіп 

кетеді.  Салалары:  Жаман  Сарысу,  Жақсы  Сарысу, 

Атасу, Талдысай, Кеңгір, Құрманақа, Талдыманақа, 

Құмдыеспе,  Қаракеңгір.  С-дың  орташа  жылдық 

су ағымы 7,5 м

3

/с, сағасында 0,10 м



3

/с. Ағысының 

жылд. 0,6 – 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, 

сондықтан  да  жылдық  су  ағымының  96,6%-ы  сә- 

уір  –  мамыр  айларында,  3,1%-ы  күзде,  0,3%-ы 

қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы 



Сарыөзен

онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, 

орта және төм. ағыстарында тұздылау келеді. Суы 

желтоқсанда  қатып,  наурыздың  аяғында  ериді. 

Арнасының  ені  бастауында  15  –  20  м,  орта  бөлі-

гінде 40 – 60 м, саға жағында 150 – 200 м-ге дейін 

кеңейеді;  бас  жағында  тар  болып  келетін  аңғары 

төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арна-

сының түбі және жағалауы құмды және құмды-мал-

татасты  шөгінді  жыныстардан  түзілген.  Мұндағы 

бозғылт  қоңыр  топырақта  жусанды-бетегелі-шы-

тырлы  өсімдікті  шөлейт  ландшафтысы  қалыптас-

қан,  сағалық  бөлігінде  шөлдік  ландшафт  басым. 

Көктемгі  Сырдария  суының  біраз  бөлігі  Телікөл 

каналы арқылы С. сағасына қосылады. 

САРЫСу АуДАНЫ – Жамбыл обл-ның батысында 

орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер 

аум. 31,3 мың км

2

. Тұрғыны 45 мың адам, орташа ты-



ғызд. 1 км

2

-ге 1,5 адамнан келеді (2010). Аудандағы 



29 елді мекен 7 ауылдық әкімш. округке және 1 қа-

лалық әкімдікке біріктірілген. Ауд. орт. – Жаңатас қ. 

Ірі елді мекендері: Жаңатас қ., Саудакент, Жайылма, 

Өндіріс, Игілік, Түркістан, Ұйым, Жаңаарық, және 

Тоғызкент  а-дары.  Аудан  жері  негізінен  жазық, 

тек оңт. бөлігі ғана таулы. Мұнда Қаратау жотасы-

ның орт. бөлігіндегі Үлкен Борлытау (Ақтау) тауы 

орналасқан.  Ауданның  ең  биік  жері  де  осы  тұста 

(Айуантөбе  тауы,  1024  м).  Солт-н  Мойынқұм  мен 

Бетпақдаланың  оңт.  бөлігі  қамтыған.  Бетпақдала 

өңіріне  аласа  таулы  құрғақ  ландшафт  тән.  Мұнда 

аласа  келген  Қазанғап  (298  м),  Андағұл  (330  м), 

Көкшетау (325 м), Сарытөбе (290 м) таулары және 

Ескібұтақ,  Сортаң,  Соркілем,  Қаттытақыр,  т.б. 

қоныстар  бар.  Жер  қойнауынан  фосфорит,  хим. 

шикізаттар, ас тұзы, т.б. кен орындары барланған. 

Оның  кейбіреулері  өндіріледі.  Ауданның  климаты 

континенттік, қысы солт-нде суық, аязды, оңт-нде 

жұмсақ, жазы барлық бөлігінде ыстық, қуаң, аңы-

зақты.  Орташа  темп-ра  қаңтар  айында  –6  –  12ºС, 

шілдеде  22  –  27ºС.  Жауын-шашынның  жылдық 

орташа  мөлш.  150  –  250  мм.  Аудан  жерінен  Шу, 

Талас,  Бүркітті,  Шабақты,  Көктал  өз.  ағып  өтеді. 

Ақжар,  Тұзкөл,  Үлкен  Қамқалы,  Соркөл  көлдері 

бар.  Шабақты,  Бүркітті  өзендерінде  Ынталы, 

Бүркітті  бөгендері  салынған.  Жері  бозғылт  қоңыр 

(оңт-нде), сұр, сортаңды сұр (солт-нде) және  Шу, 

Талас өзендері аңғарында, Мойынқұмда шалғынды 

сұр, құмайтты топырақ қалыптасқан. Жусан, бетеге, 

Телікөл алабындағы Сарысу өзені

Қаратау жотасының солтүстік беткейі


529

бұйырғын, баялыш, көкпек, сарсазан, күйреуік, т.б. 

шөлдің  сораң  шөптері,  Шу  аңғарында  қамыс,  ши, 

Мойынқұмда  сексеуіл,  жыңғыл  өседі.  Аңдардан: 

қасқыр, түлкі, қоян, ақ бөкен, арқар, таутеке, жаба-

йы шошқа; құстардан үйрек, қаз, дала бүркіті, т.б. 

кездеседі. А.ш-на жарамды жері 2,3 млн. га. Аудан 

жері  арқылы  Жаңатас  –  Қаратау  –  Тараз  автомоб. 

және т.ж. өтеді.

САРЫТАу  –  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауының  солт. 

сілеміне  кіретін  жекелеген  тау  жотасы.  Алматы 

обл.  Ақсу  ауд.  жерінде  орналасқан.  Абс.  биікт.  

2073 м. Ұз. 25 км, енді жері 10 – 12 км. Шығысын- 

да – Ақсу, батысында Бүйен өзендерімен шектесе- 

ді.  Жер  бедері  солт.-батыс  жағында  көлбеу,  солт.-

шығысында  өте  тік.  Батысы  мен  солт-ндегі  бет-

кейлері  түйетайлы.  Тау  палеозой  дәуірінің  герцин 

тау  жасалу  кезеңінде  қалыптасқан.  Кейінгі  текто- 

ник. қозғалыстар кезінде негізгі жоталардан бөлін- 

ген. Геол. жыныстары кристалдық тақтатастардан, 

кварцит  пен  құмдауыттан  тұрады.  Тау  қоңыржай 

белдеудің  тұран  континенттік  аймағына  жата-

ды.  Жылдық  жауын-шашын  мөлш.  500  –  750  мм. 

Қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16ºС, шілдеде 

16 – 20ºС. Етегінен төбесіне қарай қызғылт қоңыр 

топырақ  әлсіз  қордалы  қара  топыраққа  алмасады. 

Селеулі-бетегелі  шалғын  2000  м  биіктікте  шырша 

мен  самырсынға,  көк  терек,  қайың,  шетен  аралас 

орманға айналады. Баурайында бірнеше бұлақ көз-

дері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет