СЕЛКЕ, С е л к е н – Жетісу (Жоңғар) Алатауының
оңт.-шығыс сілемдерінде орналасқан асу. Алматы
обл. Алакөл ауд. жерінде, Қытай мен Қазақстан ара-
сындағы шекараны бойлай жатқан Сарықора тауы-
нан өтетін жол. Биікт. 2552 м. С-ден маусым – қазан
айларында асып өтуге болады. Палеозой дәуірінің
2-жартысында болған герцин тау жасалу кезеңінде
қалыптасқан. Кристалдық жыныстар плейстоцен
және төрттік кезеңнің шөгінділерімен жабылған.
Асу баурайынан Сарышілде өз. бастау алады. С-де
шырша мен самырсын, қайың, көк терек пен ақ те-
рек өседі.
СЕМЕЙ ОБЛЫСЫ – Қазақстанның шығысында
1997 жылға дейін болған әкімш. аумақ. Алғаш
1854 ж. ұйымдастырылды. Оған 5 округ: Ішкі, Ая-
көз, Көкпекті, Қапал және Алатау қарады. Әр ок-
ругқа 5 – 20 болыс қарады. Әр болыс 10 – 12 ауыл-
дан тұрды. Әр ауылда 50 – 70 түтін болды. С. о-н
қазақтардан басқа Ресейден қоныс аударған казак-
орыстар да мекендеді. Олардың қоныстары бірте-
бірте өнеркәсіп пен сауда орт-на айнала бастады.
1870 ж. жаңа әкімш. бөлініске байланысты С. о. 4
округтан (Семей, Қарқаралы, Көкпекті, Павлодар)
құрылды. 1870 жылғы есеп бойынша С. о-нда
510163 адам тұрды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың
бас кезінде С. о. 5 уезге бөлінді. Олар: Зайсан,
Өскемен, Семей, Қарқаралы және Павлодар. 1893
жылғы жалпы санақ бойынша облыста 684500
тұрғын болды. Олар негізінен Орта жүздің әр
түрлі тайпалары мен руларының өкілдері еді.
Кеңес өкіметі кезінде С. о. Қазақ КСР-інің әкімш.
бөлігінің бірі ретінде 1939 ж. қайта құрылды. Жері
СЕЙТЕН – Ертіс алабындағы ағынсыз көл. Пав-
лодар обл. Шарбақты ауд. Чигириновка а-ның солт.-
батысына қарай 15 км жерде орналасқан. Теңіз дең-
гейінен 138 м биіктікте, ауд. 15,8 км
2
, ұз. 5,4 км,
енді жері 4,4 км, жағалау бойының ұз. 19,2 км,
тереңд. 2 м. Жағалаулары тік жарлы келген,
жарларының биікт. 3 – 13 м. Пішіні – сопақша. Суы
ащы, шаруашылыққа жарамсыз.
СЕКСЕуІЛ (Haloxylon) – алабұталар тұқымдасына
жататын көп жылдық өсімдіктер, аса биік емес ағаш,
бұта. Биікт. 12 м-ге дейін жетеді. Азияның шөлдері
мен шөлейт аймақтарында 10 түрі өседі. Діңі бұ-
дырлы, жас өркендері бунақты болады. Жапырағы
ұсақ, қабыршақ тәрізді, қарама-қарсы орналасқан.
Гүлі ұсақ, қос жынысты, бір үйлі. Өркені мен тұ-
қымы арқылы өсіп-өнеді. 30 – 60 жылдай өмір
сүреді. Жемісі – дәнек. Ал оның грекше «халок-
силон» атауы «тұзды ағаш» деген мағына береді.
Олар әбден қурағанда топыраққа өте көп мөлшерде
тұз бөлінеді, сондықтан С. діңінің астына көпте-
ген өсімдіктер тіршілік ете алмайды. Қазақстанда
3 түрі (ақ С., Зайсан С-і және қара С.) өседі. А қ
С. (Н. persіcum), биікт. 5 м-дей, дің қабығы ақшыл
сұрғылт, ірі бұта не аласа ағаш. Қызылорда обл.
Арал т. маңында, Бетпақдалада, Мойынқұмда,
Балқаш – Алакөл ойысында, Түркістан маңында,
Шу-Іле, Қаратау тауларында кездеседі. Қара С.
(Н. aphyllum), биікт. 10 м-дей, діңі қара сұрғылт,
қызыл күрең. Үстірттің солт-нде, Арал маңында,
Мойынқұмда, Балқаш – Алакөл ойысында кезде-
седі. Зайсан С-і (Н. ammodendron), биікт. 2 м-дей,
қабығы қызыл күреңдеу немесе ақшыл сұр. Зайсан,
Алакөл маңы, Шелек, Шарын өзендері бойында,
Солт. Үстіртте кездеседі. С-дің кез келген түрінің
шаруашылық маңызы зор. Оның сүрегінен сірке
қышқылы, метил спирті, ацетон, шайыр алына-
ды. Көк бұтақшасында лимон қышқылы (1 – 3%),
қымыздық қышқылы (20 – 25%), күл (20 – 25%)
бар. Құрамында сақар мен сода көп. Отын ретінде,
сортаң жерлерді көгалдандыруға, құм бекітуге пай-
даланылады. С-дің жас өркендерін қыста қой, түйе
жақсы жейді.
СЕКСЕуІЛДІДАЛА – Бетпақдаланың оңт.-шығыс
бөлігі. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд-нда. Оңт.-шы-
ғыстан (Бірлік а. маңынан) солт.-батысқа, Керегетас
жалына дейін 110 – 120 км-ге созылып жатыр, ені
20 – 30 км. Абс. биікт. 300 – 400 м, солт.-шығысында
Семей
Сексеуілдідала даласы
534
СЕМСЕРШӨП (Cladіum) – қияқөлеңдер тұқым-
дасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанда Қаратау жотасындағы тау өзендері
мен суқоймаларының жағалауларында кездесетін 1
түрі – к ә д і м г і С. (С. marіscus) бар. Оның биікт.
1,5 м-дей. Тамыры жуан, таспа жапырақтары ұзын,
ұшына қарай үшбұрыштанып, жиегі ара тісті үшкір,
семсер тәрізді болады, өсімдіктің аты осыған байла-
нысты қойылған. Гүлі қос жынысты, тығыздалған
масақтардан жиналып, шоқ-шоқ болып, сыпыртқы
гүлшоғырын құрайды. Тұқымынан көбейеді, мау-
сым – шілде айларында гүлдеп, жеміс береді. Жемі-
сі – қою қоңыр түсті жаңғақша, олар су арқылы та-
ралады. Кәдімгі С. – өте сирек кездесетін өсімдік,
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
СЕПКІЛГҮЛ (Frіtіllarіa) – лалагүлділер тұқым-
дасына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік.
Дүние жүзінде солт. қоңыржай аймақтарда өсетін
100-ге жуық түрі, ал Қазақстанда далалық аймақ-
тарда, шалғынды жерлерде, альпі және субальпі
белдеулеріндегі тау баурайларында өсетін 5 түрі
(шоғыр С., шатыраш С., ақшыл С., кіші С., орыс С-і)
бар. Олардың биікт. 15 – 50 см, жуашығы ұсақ, до-
малақ болады. Бұтақсыз сабағына жапырақтары ке-
зектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Ірі гүлі
дара не сабағының ұшында бірнешеу болады, түсі
ақ, сары, қызғылт, қоңыр. Гүлінің сыртын шырын-
ды алты жапырақтан құралған гүл серіктері қоршап
жатады. Сәуірден маусым айына дейін гүлдеп, же-
міс салады. Жемісі – алты қырлы, кейде қанатты
қауашақ. С-дің гүлдері әдемі, сондықтан әсемдік
үшін өсіріледі. С-дің бір түрі – ақшыл сепкілгүл
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
СЕРГЕЕВ БӨГЕНІ – Солт. Қазақстан обл-ның
Шал ақын ауд-нда. Есілдің теңіз деңгейінен 125 –
130 м-лік жазық өңірінен өтетін орта бөлігіндегі
аңғарында жатыр. 1969 ж. іске қосылған. Сергеевка
қ-нан бастап оңт-ке қарай 35 км-ге созылған. Ша-
расының ауд. 117 км
2
, сыйымд. 695 млн. м
3
. Енді
жері 8 км, орташа тереңд. 5,9 м. Бөгетінің биікт.
33 м. Жағасының ұз. 264 км. Бөгенге Иманбұрлық
өз. құяды. Есіл суын тиімді пайдалану мақсаты-
мен салынған. Бөгеннің облыстағы негізгі астықты
өңірлерінің бірі – Шал ақын ауд. экономикасындағы
маңызы зор.
СЕРЕКТАС – Алматы обл. Көксу ауд-ның шығыс
жағындағы табиғат ескерткіші. Лабасы тауының
солт-нде, Көксу өз-не салынған аспалы көпірдің
дәл тұсында. С. үшкір, үш шошақ тастан тұрады.
Оны жұрт «Найзатас» деп те атайды. Тастың биікт.
50 – 60 м. Осы тастың түбінен ертеде бұлақ аққан.
Ел арасындағы деректерге қарағанда, қос ғашық –
Мұңлық пен Зарлық елінен қашып шығып, күн
ыстықта осы найзатастың түбіндегі бұлақтан су
ішкен.
СИРЕНЬ (Syrіnga), м а м ы р г ү л – майшетен
тұқымдасына жататын ағаш не бұта. 30-ға жуық
түрі белгілі. Қазақстанда саябақтар мен сквер-
лерде, қала бақтарында өсетін 1 түрі – кәдімгі С.
(S.vulgarіs) бар. Оның биікт. 3 м-дей, жапырақ-
тары қарама-қарсы орналасқан, жалпақ жүрек пі-
шінді, бүтін жиекті. Гүлі ұсақ, хош иісті, ақ, күлгін
түсті. Гүлшоғыры – сыпыртқы. Тұқымы арқылы
және вегетативтік жолмен (телу, сұлама, бұтақ,
179,6 мың
2
. Халқы 757 мың (1975). 13 ауданға
бөлінді. Облыс орт. Семей қ. болды. Қазақстан
Республикасы үкіметінің елді мекендерді іріленді-
ру саясатына байланысты 1997 ж. сәуірде С. о. орт.
Өскемен қ. болып белгіленген Шығыс Қазақстан
обл-мен біріктірілді.
СЕМЕЙТАу – Сарыарқаның қиыр шығыс бөлігін-
дегі шоқылы аласа тау. Шығыс Қазақстан обл. Семей
қ-нан оңт.-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан.
Солт.-батыстан оңт-ке қарай доғаша иіліп жатыр.
Ең биік жері – Қарақұс тауы (606 м), ұз. 45 км. С.
Шаған, Мырзабек, Мұқыр өзендерінің суайрығы
саналады. Батысында бірнеше шағын тұзды көлдер
(Қарабастұз, Балықтыкөл, Шұға) орналасқан. Жоғ.
пермь мен төм. триастың гранит, сиенит, граноди-
оритті жыныстарынан түзілген. Беткейлерінде бе-
теге, жусан және бұта өседі. Баурайында бірнеше
бұлақ бар.
СЕМЕНОВ-ТЯН-ШАНСКИЙ ШЫҢЫ – Же-
тісу (Жоңғар) Алатауының солт. сілемінің орт. жо-
тасындағы Кіші Басқан тауындағы шың. Абс.
биікт. – 4560 м. Шың басының пішіні пирамида тә-
різді. Оның солт. беткейінде Абай мұздығы жатыр.
Семейтау
Семейтау тауы
Семенов-Тян-Шанский шыңы
535
сында өсуін тоқтатады. Ұрғашысы 20 – 35 жыл, бұ-
қасы 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Сүт бағытындағы
С-дан 9 – 12 жыл жақсы өнім алынады, бұдан ке-
йін олардың тісі қажалып, өнімділігі төмендейді.
С-ды етке 1,5 – 2 жасында бордақылап немесе
жайып семіртіп өткізген жөн. Асыл тұқымды сиыр-
ларды тұқым алу үшін 5 – 10 жыл пайдаланады.
Ұрғашы тайыншалардың жыныстық қабілеті 7 – 10
айлығында, бұқаларда 8 – 10 айлығында жетіледі.
Алайда шағылысқа қашарды 18 – 22, бұқаны 14 –
18 айлығында қосады. Бұзаулағаннан алғашқы
күйлеуіне дейінгі мерзім шамамен үш аптаға созы-
лады, күйті 19 – 22 күнге, буаздығы орта есеппен 285
күнге созылады. Ұрғашысы әдетте бір бұзау таба-
ды, егіз бұзау табатыны сирек (2%-ға жуық). Егіздің
ұрғашы сыңарлары көбіне төл беруге қабілетсіз.
Тұқымына байланысты жаңа туған бұзаудың салм.
18 – 45 кг, кейде 60 кг; ұрғашысына қарағанда еркек
бұзаудың салм. 1 – 3 кг артық болады. Олардың еті
мен майы салыстырмалы түрде аз, ал сүйектері тірі
салмағының 30%-ын құрайды. Ересек С-дың салм.
250 – 600 кг, ең таңдаулысы 1000 кг; бұқасы 300 –
900 кг; ең таңдаулысы 1600 кг-нан асады. С-ды ет
және сүт алу мақсатында өсіреді. Бұлардың өнімі
тұқымының ерекшелігіне, азықтандыру және күтіп
бағу дәрежесіне байланысты. Сүтті С. тұқымының
орташа өнімі жылына 3500 – 400 кг, сүтінің майл.
3,6 – 4%. Бір сауын маусымында 20000 кг сүт беретін
(голланд тұқымы) сиырлар бар. Ең жоғары тәуліктік
сауым мөлшері 82,2 кг (ярослав тұқымы). Сауылым
мерзімі 280 – 320 күнге созылады, суалу кезеңі 1,5 –
2 ай. Тез жетілетін тұқымдардың ең мол сүт беретін
кезеңі 4-тумасында. С-дың етті тұқымдарының ет
өнімділігі жоғары, сүт бағытындағы С-ларға қара-
ғанда тез семіреді және шығымы жоғары сапалы ет
береді. Бордақыланған С-лар майды ішкі органда-
рына, тері астына ғана емес, жұқа қабаттар түрінде
ет талшықтарының арасына да (мәрмәр түстес ет)
қалыптастырады. Бордақыланған жас малдардың
еті өте құнды, дене тіндері және олардың хим. құ-
рамы жасына байланысты өзгеріп отырады. Сойыс
шығымы тұқымына байланысты 48 – 70% аралы-
ғында. С-дың қыстағы басты азығы пішен, сүрлем
және құрама жем, ал жазда жайылым шөбі және қо-
сымша азық (сүрлем, құрама жем). С-дың сүті ба-
ғалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі
шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары
а.ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңі-
нен пайдаланылады. Ал етінің тамақтық сапасы
жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және
диеталық қасиеті бар. Сойылған С-дан алынатын
әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор.
Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу ар-
қылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді
препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б. алына-
ды. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін
арба, шана тартуға пайдаланады. Қазақстанда
сүтті тұқымнан симменталь сиыры, алатау сиыры,
әулиеата сиыры, қырдың қызыл сиыры, латыштың
қызыл-қоңыр сиыры, т.б.; етті тұқымнан қазақтың
ақбас сиыры, әулиекөл сиыры, герефорд, қалмақ
сиыры, т.б. өсіріледі.
СИЫРБҰРШАҚ, л о б и я (Vіgna) – бұршақ тұ-
қымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Қазақстан-
қалемше) көбейтіледі. Оңт. аймақта сәуір – мамыр,
ал солт. өңірде маусым айында гүлдейді. Жемісі –
қос жақтаулы қорапша. С. топырағы құнарлы, ыл-
ғалдылығы орташа ашық жерде жақсы өседі, 2 – 3
жылда гүлдейді. Құрғақшылыққа, суыққа төзімді,
С-нің көптеген түрі әсемдік үшін топтап, жекелеп
отырғызылады. Оның сүрегі қатты, күлгін, қо-
ңыр түсті, ойып әшекейлеуге, ағаштан жасалған
бұйымдарды әдемілеп жылтыратуға пайдаланыла-
ды. Гүлінен алынатын экстрат парфюмерияда қолда-
нылады. Қазақстанда «Сәтбаев есімізде», «Декан»,
«Моника», т.б. сорттары аудандастырылған.
СИЫР, і р і қ а р а , м ү й і з д і і р і қ а р а –
сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс
мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Оның жа-
байы және қолға үйретілген түрлері бар. С-дың
дене бітімі олардың өнімділік бағытына (сүт, ет)
байланысты болады. Сүт бағытындағы С-дың де-
несі ұзын, сүйегі салыстырмалы түрде жіңішке,
терісі жұқа, жұмсақ, түгі жылтыр, қарны кең, басы
мен мойны ұзын, құрсағы мен желіні үлкен бола-
ды. Ет бағытындағы С-дың тұрқы төртпақ әрі кең,
омыраулы, аяғы мен мойны қысқалау, желіні кіші-
леу, сүтті малға қарағанда бұлшық еттері жақсы
жетілген, терісі қалың әрі жұмсақ, тері астындағы
май қабаты жақсы дамыған. С-дың барлығының
да түгінің ұзындығы мен қалыңдығы бірдей, де-
несін тегіс жабады, тек қарыны, шабы мен желін
айналасының түгі жіңішке әрі сирек болады. Мойын
астындағы терісі қатпарланған, мүйіздері қуыс әрі
қысқа, тұмсығының алдыңғы жағында мұрын ай-
насы болады. Асқазаны төрт камералы (месқарын,
жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар), соның арқасында
олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға
мүмкіндігі бар. Жағының жоғ. жағында күрек тіс-
тері болмайды, желіні төрт емшекті. С-дың жыны-
сы мен жасына байланысты жас төлін – бұзау, алты
айға толғанға дейінгі төлін (еркек, ұрғашысын)
– баспақ, бір жастағы төлін (еркек, ұрғашысын) –
тайынша, бір жастағы ұрғашысын – қашар, бір жас
пен екі жас аралығындағы ұрғашысын – құнажын,
екі жас пен үш жас аралығындағысын (еркек, ұр-
ғашысын) – дөнежін, еркегін – бұқа, піштірілген
еркегін – өгіз деп атайды. С-лар 5 жасқа дейін өсіп
жетіледі, кейбір кеш жетілетін тұқымдары 6 – 7 жа-
Сиырбұршақ
Сиреньнің гүлдеген кезі
536
түлкі, қоян, жабайы шошқа, киік, күзен, борсық, ба-
уырымен жорғалаушылар мекендейді. А.ш-на пай-
даланылатын жер аум. 353,8 мың га, оның ішінде
жыртылған жер 6,2 мың га, шабындық 4,6 мың га,
жайылым 350,3 мың га.
СОКОЛОВ ТЕМІР КЕНІ, Қостанай обл. Қостанай
ауд. Рудный қ-нан солт-ке қарай 5 км жерде орна-
ласқан. Аэромагн. түсірулер кезінде ашылған (1949,
В.П.Носиков). 1949 – 55 ж. барланып, 1951 және
1964 ж. қорының шамасы есептелініп, бекітілді.
Кен орны Сергеев брахисинклині немесе Соколов-
Сарыбай антиклинінің шығыс қанатында визе-сер-
пухов жанартаутекті шөгінді тау жыныстары мен
төм.-жоғ. тас көмір интрузиясы жапсарында орна-
ласқан. Бұлардың бетінде қалыңд. 35 – 120 м-дей
мезозой-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері
жатыр. Кен денелерінің қалыңд. 1000 м Соколов
шоғырының скарнделген әктасты, туфты, туффит-
ті, андезитті, базальтты порфириттері арасында
қалыптасып, меридиандық белдеуге жақын ба-
ғытта 2,5 км-ге созылған. Құлау бағыты бойымен
кендер 350 – 1300 м тереңдікте орналасқан. Кен
ашық әдіспен өндіріледі. Кен денелерінің бітімі
шомбал, сеппелі, желілі, сиректеу жолақты. Басты
минералдары магнетит, пирит, мартит, гематит;
пайдалы қоспалары никель, марганец, кобальт, т.б.
Бай магнетит кентастарында 55,6%, ал кедей кен-
тастарда 31,2% темір бар. Жалпы қоры 1295 млн. т,
темірдің орташа мөлш. 40,2%. С. т. к-нің кентасы
Қарағанды металлургия комб-ның (Испат Кармет)
шикізаты.
СОҚЫР – Нұра алабындағы өзен. Қарағанды обл.
Бұқар жырау ауд. жерімен ағады. Ұз. 102 км, су жи-
налатын алабы 3220 км
2
. Күмісқұдық а-ның солт.-
шығысындағы қыраттан басталып, Керегетас тауы
тұсында Шерубайнұра өз-не құяды. Өзеннің оң
жағалауы аласа төбелі, сол жағалауы жазық дала.
Аңғарының ені жоғ. бөлігінде 2 – 5 км, сағасына
жақын жерде 5 – 8 км. Арнасы 30 – 40, 50 – 60 м.
Жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа
су ағымы Құрылыс а. тұсында 0,70 м
3
/с. Суы мал,
жер суаруға пайдаланылады.
СОЛТҮСТІК КАСПИЙ АРТЕЗИАН АЛАБЫ,
батысында Еділ, шығысында Орал алды үстірті,
солт-нде Жалпы Сырт қыраты, оңт-нде Каспий
т-мен қоршалып шеңбер тәрізді иіле орналасқан
Сиыржоңышқа
да суғармалы жерлерде өсетін 1 түрі – қ ы т а й С-ы
(V. sіnensіs) бар, оны көбіне С. деп атайды. Сабағы
тік не төсемелі, ұз. 20 – 200 см, жапырақтары ірі.
Тостағанша жапырақшалары қоңырау тәрізді, 4 – 5
қалақты, қос ерінді. Гүлі ақ не күлгін түсті, сырты-
нан қарағанда сарғылт жасыл болып көрінеді, олар
2 – 8-ден бірігіп, ұзын гүлсидамында шашақ тәрізді
гүлшоғырын құрайды. Маусым – тамыз айларында
гүлдеп, шілде – қыркүйекте жеміс салады. Жемі-
сі – бұршаққап. С-тың дәні дәмді, қоректілігі жо-
ғары (құрамында 24 – 28% белок, 2%-дай май бо-
лады), тағамға, жемге қосылады, көк балаусасы
пішенге, сүрлемге салуға және тыңайтқыш ре-
тінде пайдаланылады. С-ты жылқыдан басқа мал
түлігінің барлығы жейді.
СИЫРЖОҢЫШҚА (Vіcіa) – бұршақ тұқымда-
сына жататын бір не көп жылдық өсімдік, азықтық
дақыл. Дүние жүзінің қоңыржай белдеулерінде
150-дей түрі кездеседі. Қазақстанның барлық айма-
ғында өсетін 25 түрі бар. Ең көп тарағаны – егістік
С-сы (V. satіva). Оның биікт. 20 – 80 см, сабағы жі-
ңішке, төрт қырлы. Жапырағы күрделі, гүлі күлгін,
қарақошқыл, кейде ақ түсті болады. Мамыр – шілде
айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемісі піседі.
Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Вегетац. кезеңі 75 –
130 күнге созылады. Ылғалды жерде жақсы өседі.
Пішен, көк шөп, сүрлем дайындау үшін өсірілсе,
көбіне арпа, сұлы, бір жылдық райграспен қосып
егіледі. Гектарынан 350 – 400 ц көк шөп, 25 – 35 ц
тұқым алынады. Дән құрамында 30%-дан артық
протеин болады. С. – малға жақсы жемшөп, жас
төлге құнарлы азық, төл тез семіреді. С. егістігі қара
топырақты аймақта екпе пар, ал ылғалы мол оңт.
аймақта аңыздық дақыл ретінде пайдаланылады.
СОЗАҚ АуДАНЫ – Оңт. Қазақстан обл-ның солт-
ндегі әкімш.-аумақтық бөлініс. Жер аум. 41 мың
км
2
(облыс жерінің 35,0%-ы). Тұрғыны 55,5 мың
адам, орташа тығызд. 1 км
2
-ге 1,3 адамнан келеді
(2010). Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік
(Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке бірікті-
рілген. Орт. – Шолаққорған а. Аудандағы ірі елді
мекендер: Шолаққорған, Созақ, Теріскей, Таукент,
Қыземшек, Шақырық, Қарақұр, Құмкент ауыл-
дары. Аудан 1928 ж. аудан аумағындағы 7 болыс
негізінде құрылған. Жерінің басым бөлігі тасты-
құмды, шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) бо-
лып келеді. Оңт. және оңт.-батысын Қаратау жо-
тасы, солт.-батысын Ащыкөл ойысы, Таңбалы
соры, орт. бөлігін Таңбалы-Нұра қонысы, шығысын
Сүмбешетарал қонысы мен сор алып жатыр. Ең
биік жері – Қаратаудағы Бессаз (Мыңжылқы – 2176
м) тауы. Климаты тым континенттік. Қысы солт-
нде суық, оңт-нде біршама жылы. Жазы ыстық,
қуаң, аңызақты. Қаңтар айының жылдық орташа
темп-расы –7 – 12°С, шілдеде 24 – 27°С. Жауын-
шашынның жылдық орташа мөлш. 150 – 250 мм.
Қаратаудан Үшбас, Үштөбе, Торлан, Балдысу, Жы-
лыбұлақ, т.б. шағын өзендер бастау алады. Қы-
зылкөл, Ақжайқын, Айдын, т.б. көлдер бар. Аудан
жерінен уран кентасы, тас көмір өндіріледі. Жерінің
басым бөлігін сор, сортаң, құмды, сұр топырақ алып
жатыр. Өсімдіктерден жусан, бұйырғын, көкпек,
жыңғыл, сексеуіл; таулы өңірде киік оты, тобылғы,
қызылқайың өседі. Аң-құстардан қасқыр, қарсақ,
Созақ ауданындағы жайылым
537
жер асты су кені. Алаптың палеозой дәуіріне де-
йінгі тым көне қыртыстардан тұратын табанының
тереңдігі шет жақтарында 5 – 10 км, ал орт-нда 18
– 23 км-ге жетеді. С. К. а. а-ның тік кескінінің ор-
та шенінде, кунгур дәуірінің қыртысында маңын-
дағы тау жыныстары мен жер асты суларын тұзға
қанықтыратын қалың тұзды қабат қалыптас-
қан. Осыған қарамастан алаптың қойнауында әр
кезеңдерде тұщы су қабаттары пайда болған. Су
қабаттары геол. ерекшеліктеріне байланысты үш
ірі артезиандық бөлікке бөлінеді. Оларға солт.
Ресейге қарай созылған Жалпы Сырт қыратының
оңт-ндегі, солт.-шығысында Орал, Мұғалжар таулы
қыраттарының алдыңғы жағындағы және оңт-нде
Каспий ойысының тұзды күмбезді сулы алаптары
жатқызылады. Аталған үш артезиандық алаптың
солт.-шығыс бөлігінде қоры мол, минералд. 0,2 –
3 г/л, тұщы және аздап ащы жер асты сулары 300 –
800 м тереңдікте аллювий, палеоген, төм. бор ке-
уекті шөгінді жыныстарына таралып жатыр. Көзі
ашылған әр ұңғымадан тәулігіне 100 – 120 м
3
, кей
жерде арынды су шығады. Олардың табиғи қоры
мыңдаған млрд-қа жетеді, оның үстіне жыл сайын
1,2 – 1,5 млрд. м
3
– 1,5 млрд. м
3
сіңбе су қосылады.
Мұнымен қатар пермь дәуірінің тереңд. 0,5 – 2,5 км
құмтасты шөгінділері таралған жерлерінің (Ақтөбе
қ. маңы) тұздық суларында (1 л тұздықта) 15 – 43 мг
йод, 100 – 120 мг бром, 100 – 400 мг калий, 10 – 100
мг стронций, т.б. элементтер кездеседі. Алаптың
солт. бөлігіндегі аллювий, неоген-палеоген және
жоғ. бор сулы қабаттарында 150 – 300 м тереңдікте
жер асты сулары тараған. Ұңғымалары тәулігіне
30 – 60 м
3
су береді. Қоры ондаған млрд. м
3
, әр жыл-
дық тұщы су ресурсы 100 – 150 млн. м
3
-ге жетеді.
С. К. а. а-ндағы минералдылығы мен өнімі, қоры аз
жер асты сулары оңт. бөлігінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |