№3(79)/2015 Серия педагогика


Методологические основы создания инновационной системы



Pdf көрінісі
бет21/37
Дата18.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#2183
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37

Методологические основы создания инновационной системы  
технического и профессионального образования 
В статье рассматриваются актуальные вопросы, связанные с процессом реформирования и модерни-
зации  системы  технического  и  профессионального  образования.  Авторами  проанализированы 
вопросы  индустриально-инновационного  развития  казахстанской  экономики,  которые  предъявляют 
качественно новые требования к подготовке специалистов технического и профессионального образо-
вания. Выявлены и сформулированы исходные положения, обеспечивающие эффективное моделиро-
вание и организацию профессионального обучения. Доказана высокая эффективность именно иннова-
ционного пути профессионального обучения с позиции достижения основной цели — интегрирования 
образования и профессиональных квалификаций с потребностями рынка труда. 
 
K.A.Sarbassova, Zh.E.Alshynbaуeva 
The methodological fundamentals of creation of innovative system  
of technical and vocational education 
The relevance of the issue have  related to the process of reform and modernization of technical and 
vocational education. The Industrial and innovative development of economy of Kazakhstan makes y new re-
quirements to training of specialists of technical and vocational education. The problem of this research is de-
velopment of methodological fundamentals of creation of innovative system of technical and vocational 
education. The present paper aimed to identify and formulate principles to ensure effective modeling and 
organization of vocational training. High efficiency is an innovative way of vocational training from the 
standpoint of achieving the main goal — the integration of education professional qualifications with the re-
quirements of the labor market. 

Қ.А.Сарбасова, Ж.Е.Алшынбаева 
150 
Вестник Карагандинского университета 
References 
1  Nazarbayev N.A. Kazakhstanskaya pravda, 2012, 106 (28143), December, 14, р. 6, 7. 
2  Azgaldov G.G., Kostin A.V. The economic strategy, 2008, 2 (60), р. 162–164. 
3  Development Educational State program of the Republic of Kazakhstan for the years 2011–2020, Almaty, 2010, р. 52–54. 
4  Nazarbayev N.A. Kazakhstanskaya pravda, 2012, July 10, 97 (28456), р. 6, 7. 
5  Bazylkyzy G. World experience: dual training method, [ER]. Access mode: http://i-news.kz/news/2013/02/21/6895375.html. 
06.03.2013, p. 4, 5. 
6  Wnaybaev B.Zh. Dual model of professional-technical education, [ER]. Access mode: http://forum.eitiedu.kz/index.php/ 
2012/01/04/dualnaya-model-pt-obrazovaniya/ 10.03.2013, p. 5, 6. 
 
 
 
 

Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
151 
ƏОЖ 37.02 
К.Ж.Ибраева 
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана 
(E-mail: ibraeva_kz@mail.ru) 
Түркі халықтарының педагогикалық мұрасы  
мен тəрбиелік идеялары 
Мақалада түрік халықтарының тəжірибесінде тəрбиені зерттеудің теориялық əдіснамалық, əлеуметтік, 
тарихи-педагогикалық  қажеттілігі  жалпы  көзқарастары  бар.  Бұл  бүтін  бір  тарихи  кезеңнің  мінез-
құлқын  бойына  сіңірген,  қоғамдық,  саяси,  əлеуметтік  бітімі  қанық,  моральдық,  этикалық,  рухани 
қазынамыздың  негізі,  арқау  боларлық  дүние.  Ондағы  бүгінгі  тілімізге,  ой-толғамымызға  төркіндес, 
етене  жақын  орамдарды  көргенде,  қазақ  əдебиетінің  солармен  тікелей  сабақтаса  жалғасқан 
дидактикалық  поэзия  мен  шешендік  сөздердің,  билердің  орағытып,  ой  тастайтын  кең  тынысты 
толғамдарының дəстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Автор қоғам мүшелерінің мінез-құлық жəне 
əдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындыны талданған.  
Кілт сөздер: Құтты білік, Ж.Баласағұн, əдеби жəдігерлер, асыл мұра, ұлттық мінез-құлық, гуманизм, 
тарих,  дидактикалық поэзия мен шешендік сөздер. 
 
Əйел алмақ болсақ, егер қарарсың 
Жіті бағып, таңдаулысын аларсың. 
Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы 
Пəк ұятты болсын жанның тұнығы. 
 
Дұрыс үйдің қызын ал, қол тимеген, 
Сенен өзге еркек жүзін көрмеген. 
Сені сүйіп, басқа жанды білмесін, 
Жаман, тексіз қылық істеп жүрмесін. 
(4475) 
 
Қазіргі  өмірдің  əлеуметтік-экономикалық  тəртіптері  ортақтығы  жағдайында  дамыған 
этнопедагогика  халықтың  еңбек  пен  тұрмысы,  оның  педагогикалық  идеялары, ғасырлар бойы білім 
ұмтылысы,  тарихи  өзгерулердегі  əлеуметтік  əділетсіздікке  қарсы  күресі,  отбасындағы  өз 
балаларының жақсы болашағы туралы үмітін бейнелейді. 
Бұның толық бейнесі, əсіресе, тілде, отбасының күнделікті өмірінде, оның тəрбие тəжірибесінде, 
отбасы-тұрмыстық  мəдениетінде,  сонымен  бірге  тəрбиенің    фольклор  сияқты    маңызды  түрлерінде 
дейміз. 
Гуманизм,  табиғатпен  үйлесімділік,  халықтық,  еңбекке  тəрбиелеу,  сезімталдық,  тəрбиенің 
жүйелілігі  мен  бірізділігі,  талапкер  бірлігі,  бала  тұлғасына  ілтипат  пен  құрмет — бұлар  ұрпақ 
тəрбиелеудің  халықтық  жетекші  бастаулары  жүйесін  құрайды  деп  білеміз.  Ал  халықтық  тəрбиенің 
құрамды бөлігі — отбасы тəрбиесінің жалпы бағытын, оның мақсаты, мазмұнын жəне ұйымдастыру 
əдістемесін анықтайды [1]. 
Қазіргі  кезде  отбасы,  бала  тəрбиесіне  көңіл  бөлінгенмен  көптеген  кемшіліктеріміз  əлі  де 
əлеуметтік-экономикалық  жағдайға  байланысты  жоқ  емес.  Бала,  отбасы  тəрбиесі  əр  қоғамның  
кезінде болса да күрделі мəселе.  
Көне түркі заманын толғаған бұл туындыда да осынау өмірлік мəні терең тақырып арнайы орын 
алған.  Яғни,  Баласағұнның  шығармасындағы 62-тарауында (4475–4503) — қандай  əйелді  алу 
керектігі жайында өте терең, түсінікті жастарымызға ұғымды, əрбір отбасы ұлы мен қызына қазіргі 
күнде де ескертіп түсіндіруге болады. 
Ежелгі  қоғам  дəстүрінің  қазір  де  халық  санасында  жалғасқанының  куəсі  боламыз.  Ақын 
үйленудің,  өмірлік  жар  таңдаудың  оңай  еместігін,  отбасының  тағдырын  шешуші  келешекте  əйел 
баланың  өмір,  тұрмыс,  денсаулығына  байланысты  екенін  түсіндіріп,  ұрпақ  келешегі,  ел  келешегі 
осыдан  басталатынын  ескереді.  Белгілі  ақын,  ежелгі  түркі  əдебиетін  зерттеуші-ғалым  Асқар 
Егеубаевтың кісілік кітабы ғылыми эссесінде бұл тараудың мазмұны туралы былай депті: «Əйелдерді 

К.Ж.Ибраева 
152 
Вестник Карагандинского университета 
төрт-бес топқа «бөліп» мінездегенде, таңдағанда мəн беретін ең бір елеулі мəселе ретінде əлеуметтік 
жағдайды меңзейді». Ауқатты жерден шыққан əйел, төменгі кедей ортасынан шыққан əйелдің мінез-
құлқы,  қылығы  жырланады.  Сұлулыққа  табынғаннан  да  опа  таппайсың.  Бектігіне  қызығып  та 
бақытты  бола  алмассың.  Текті  бай  жерден  де  рахат  жоқ.  Əйел  алмай,  қайын  алғандай  болу  да 
бейшаралық... Ақылды, есті жігіт ақылды, пəк, жаны мейірімді жарды қалар, Ақылды əйел кездессе, 
жаныңды сал, үйленгін. Ондай жардан жоғарыда айтылған əйелдерге тəн жақсы қасиеттердің бəрін де 
табасың», — дейді Жүсіп Баласағұн [2].  
Ғұламаның осындай ретті өсиетіне неге көңіл аудармасқа бүгінгі жастарға? Біз жаңа қоғам құру 
үстіндеміз.  Алды-артымызды  толық  жинақтай  алмай  жатырмыз.  Бүгінгі  күні  отбасы  тəрбиесіне 
немқұрайлылық  таныту  қай  елдің  болмасын  болашағына  балта  шабар  зобалаң  екенін  естен 
шығармауымыз  керек. «Ұлын  өсіріп  ұлттымен,  қызын  өсіріп  қылықтымен  ауылдас»  болатын 
халыққа, «Ана — үйдің  берекесі,  бала — үйдің  мерекесі»  деген  қазақ  халқы.  Қазіргі  қазақ  неке 
отбасының  тəрбиесінің  жəй-күйіне  байланысты  жасыруы  болмайтын  тағы  бір  үлкен  шындық — ол 
жастар мəселесінің мемлекет тарапынан ескерусіз қалуы. Отан отбасынан басталғанмен үлкен өмірге 
жолдама алар балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарындағы мардымсыз тəрбие көздері бітелгендей 
күйде. Бұл қасірет. Бұл шет елдің əдепсіз менталитетіне көзсіз еліктеуге əкеп жол ашады. Осы орайда 
рухани бос кеңістіктерімізді тек қана имандылық нұрына суғарылған ата-баба дəстүрі ғана алатынын 
тағы  да  баса  айтқанымыз  жөн.  Неке-отбасы  тəрбиесіне  мемлекеттік  тұрғыда  шара  қолданбай 
тəуелсіздік тұғырынан сəулетті ету мүмкін емес. Əрине, ұрпақ тəрбиесі — ұлт болашағы, ал ана тілі 
ұлт  бесігі.  Адамды  адам  ететін  қоршаған  орта  жəне  отбасындағы  өнегелі  тəрбие  десек,  сол  ортаны 
танып білуге көмек беріп, көрсетуіміз абзал. 
Мəселен, «Аға болсаң, ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт», Інісі сабырлы болмай, Ағасы қадірлі 
болмас», «Арбаның  алдыңғы  дөңгелегі  қалай  дөңгелесе,  соңғы  дөңгелекте солай  дөңгелейді»  деген 
аталы  сөздер  бір  жан  ұядағы  балалардың  біріне-бірін  үлгі-өнеге  тұтуға  үйретіп,  тəрбиелеген.  Олар 
бірінің  білмегенін  екіншісі  толықтырып,  бір-бірне  қол  ұшын  беріп,  қамқоршы  əрі  қорған  болып, 
намысын  қорғауға  баулиды.  Олар  үлкенді-кішіге  ізет  көрсетіп,  өзін  қамқоршы  ретінде  ұстайды. 
А.С.Макаренко  айтқандай,  бала  тұлғасының  қалыптасуы  отбасының  өмір  сүру  тəсілінен,  олардың 
тəжірибесін қабылдауымен сипатталады. 
Қазақтарда  «Əке  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер»  деген  мақалды  ерекше  бағалаған. 
Ақын  Баласағұнда  бала  тəрбиесіне  арналған  тарауында  осы  проблеманы  қоғамдық-əлеуметтік 
деңгейге  көтере  жырлайды.  Жалпы  дастанда  бала,  ұрпақ  мəселесіне  қайта-қайта  оралып  отырып 
көптеген кеңес-нұсқауларын  жастарға жолдаған. 
Ұлттық  тəрбиенің  əліппесін  нəресте  шыр  етіп  жерге  түскен  күнінен  бастап,  тіпті  анасының 
құрсағында  жатқанда-ақ  сана-сезіммен  ақыл-ойының,  əдет-ғұрпының  өнегелі  түрде  қалыптасуына, 
үнемі  ықпал  етіп  отыру  қажет.  Халқымыз  «Жастан  берген  тəрбие — жас  шыбықты  игенмен  тең» 
дейтін нақыл сөзді бекер айтпаған. «Ұл мен «ұлы» сөзінің түбірі, төркіні бір. Ақынның тікелей бала 
тəрбиесі жөнінде, адам пендесі бақ-байлық, даңқ қуып өлерінде ғана есін жиып, бала тауып, бала өсір 
деп өкінер деген 63 тарауы арналған. «Тəрбиеші ал  ізгілікті, киелі, Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі. 
Ұл-қызыңа əдет үйрет, білім бер, қос жалғанда нəсіп көріп, күлімдер. Əйел əпер ұлға, қызды ерге бер, 
Қайғы-мұңсыз  тірлікке  не  тең  келер!  Ұлыңды  үйрет  күллі  өнер,  білімге.  Ол өнермен  дүние  табар 
түбінде деген ойшыл бабамыз халқымызға. 
Бұл өлеңінде халқымыздың дүние танымынан өрбіген жанұя, балалар мен ата-аналар жөніндегі 
ұғымдарын,  түсініктерін  ашып  көрсетуге  үлкен  орын  берілген.  Осы  үрдіс  халқымыздың  тұрмыс-
тіршілігінен,  өмір  тəжiрибесінен  шыққан  ежелгі  дəстүр.  Ата-ананы  сыйлау,  пір  тұту — түркі 
халықтарының  айнымас  қасиетінің  бірі.  Өмір  беріп,  өнеге  көрсеткен  əке,  ақ  сүтін  беріп,  тоғыз  ай, 
тоғыз  күн  құрсағында  сақтап,  құрсақ  тəрбиесінен  бастап,  əлпештеп  аялап    өсірген  ана  алдындағы 
қарыз  сезімі əр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылады. Ата-ананы құрмет тұту 
халқымыздың  қанында  барлығы дінімізде, салтымызда, ақынымызда,  жырымызда, əнімізде, күйіміз 
де қолдап  бірін-бірі толықтырып  дəлелдей түседі деп  білеміз.  
Қазақ  халқымыз  отбасындағы  осындай өзіне  тəн  тəрбиелік ережесі ұрпақтың ауыз бірлігін, 
бірін-бірі  жолына  қарай құрмет көрсетуі  ішкі жан сезімінің  сүйкімділігін, мінез-құлық  ережесінің  
қалыптасуының негізгі шарттары.  
Дүниеге  келген  баланың  бала  болып  өмір  сүріп  кете  салуы  да  оңай  емес.  Үлкен  күтім,  жылы 
алақан,  қамқор  əке,  ата,  əже,  ана  еңбектері  керек.  Сондықтан  əрбір  отбасының  мүшелерінің 

Түркі халықтарының педагогикалық… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
153 
қарттарын  қадірлеп  сый-құрмет  көрсетілуін,  ол нағыз  адам болатынына тəн  адамгершілік  қасиет  
деп түсіндіреді.  
Халқымыздың    тарихында    аты   əлемге əйгілі,  ұл-қыз  өсіріп,  еліне   елеулі,  халқына   қалаулы 
болған    аталар    болған.  Аналар    атымен    аталған    рулар  мен    жер    аттарын    кездестіреміз.  Олар: 
Домалақ ене, Қарашаш  ана,  Мұрын ана, Дəулет бике, Қарқабат ана сияқты  аналарымыз  еліне əйгілі  
боларлық    ұл-қыз  өсіріп,  бір  ру  тайпаның    атын  иеленіп,  өнегелі  істері  аңызға  айналып,  бүгінгі 
жастарымызға жетті деп білеміз. 
Осыған    орай  қазіргі  жастарға  да,  ескеру  керегі — ол  жар    таңдау,  ұл  болса    қызды  таңдап, 
дұрыс жүр шыңдап қарап,  сынап теңін  алу,  қыз болса, құлқы жақсы  болу,  келісті жағымды мінез, 
қылықтары болу керек деп  ескертуіміз қажет. Қыз  баланы  тəрбиелеу  бір  жөн де сақтап,  құтты  
қонысқа қондыру — əке-шешенің  қарызы. 
Жас  келіннің  бойына  бала  біткенін  сезісімен,  енесі  оны  өз  қаморлығына  алып,  оны  пəле-
жаладан, тіл-көзден  сақтау шараларын  істей береді. Яғни, қазақта бала тəрбиесі баланың  шешесінің 
бойына  бітуінен    басталады    десек,  артық  айтқандық    болмас.  Тіл-көз  тимесін    деп  молдаға  дұға 
жаздырып,  бой тұмар жасатып  береді.  
Қазақ  халқы    қызында,  ұлын    да  тəрбиеден    тыс    қалдырмаған.  Ана  құрсағында  басталған  
тəрбие  мектебі  дүниеге  келген  күннен  жалғасын тауып,  есейіп-еңкейген шақта да өзінің  ролін  
жоймағандығын  ғылыми педагогиканы  зерттеушілер  əрбір  халықтың өзіндік  ерекшелігін ескере  
отыра, тəрбиенің ғылыми  болжамын  жүргізуді  жалғастырса  керек деген. 
Баласағұнның қыз баланы тəрбиелеу жөнінде  ойлары мағынасы терең. Бала  көңілі орнықпаған, 
əрбір  жақсы-жаман жағдайларға  еліктегіш  деп қыз  балаға  қазақтың  «қызды қырық жерден тыю» 
дегенге  тоқталып: «Қызыңды үйде бексіз  ұзақ  ұстама, Ауырмай-ақ өлерсің  сен,  құсадан» — ұл-
қызына орынсыз жүргізбей, бейбастыққа да  жібермей, «үйіңде өсір, бөтен  жерде қалдырма!», дейді. 
Əрине, ата-ана тəрбиесін  көрмеген  ұрпақ — көргенсіз. Ұрпақ — болашағың, осыған  орай  халықтық  
сипаттың,  ұлттық  мінез-құлық    ерекшеліктерінің    қайнар    көзі  осы  «Құтты  білікте»  айқындалған. 
Халықтың ұлттық  ерекшелігінің  көріністері, наным-сенім, сана, салт-дəстүр белгілері,  оның  жалпы 
адамзаттық,  адамдық  қасиеттермен    ұласатын    көріністері  осы  Баласағұн  дастан  мен  қазақ 
əдебиетінің түйінді  байланыстарынан да  көрінеді. Халқымыздың  қанына  сіңген  қасиеттер; үлкенге 
құрмет,  кішіге  ізет,  барға    қанағат,  қонақ-жай    жомарттық,  мейірімділік,  бала  тəрбиесіндегі  
ұстамдылық  пен    балажандылық,  кішіпейілділік,  отбасындағы  ізгі  сипат  белгілері,  мемлекеттік    іс, 
тұрмыс, өмір, мораль, этика тақырыптарын толғаған. 
Өте құнды жастарға жазған «Үйлену туралы тақырыбында: «Қалыңдықты алу  оңай. Тойда оңай, 
Табу қиын, осы жағын  ойлағай, Таңдағанда — ақылына қарарсың, əдептісін, ісімерін қаларсың?!» — 
депті ақын,  адамшылық  қасиеттерге  сүйеніп адам,  қыз сынау  керектігін ескерген. Əрмен  қарай: 
«Адал  жарда  болмаса    ізі  күдіктің — Бақыты  сол,  байлығы  сол    жігіттің», — деп  жігітке    жар  
таңдағанда    жаны  таза,  ақылды,  ақ  ниетті,  əдептісін    таңдаған,  байлығың  да,  жақсы  мінездісін  де, 
яғни, барлық  жақсылықты қолыңа қондырарсың, дейді [3]. 
Ал, жігіттерге де «адамшылыққа — адамшылдық, (600, 601) қайырымға — қайырым ету туралы  
өсиеттерінде, «Адамшылық — адамға  тəн    қазына,  солай  қазір,  солай    болғын  бағыдан,  деп  
қайырымды    болу  керектігін»,  қызмет    еткен  азаматша  жаныңда,  Жайдай    көріп,  ар  жолынан  
жаңылма!  деген.  Жастардың  назарын  əдептілікке,  сыйласымдыққа  мейірімділікке  бейімдеуді  үлкен   
мəселе  етіп қояды.  
Жүсіп Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы 
баяндайды.  
Кісілер көп, кісілікке кендеміз,  
Адалы аз, адам атты пендеміз.  
Кісі сирек емес, сирек кісілік,  
Кісіліктің қадірін біл, түсініп! —  
деп  адамдардан  кісіліктің  жоқтығы,  ағайын-достық  арасындағы  қарым-қатынаста  жаттан 
айырмашылығының  болмауы,  халық  арасында  иман,  сенім  мен  жақсы  қасиеттің  қалмағанын  өкіне 
баяндайды.  Сонымен  бірге  жігіттікке ашынып,  өкініп,  қарттық  туралы  да айта  келе,  ол өзіне  ақыл-
кеңес  беру  арқылы,  қоғам  мүшелеріне  ықпал  еткісі  келеді.  Ақынның  дастан  жолдарында  айтылған 
мына сөздері:  
Сөзді тура, ащы, қатты сөйледім,  
Түзу сөзді ұғар түзу ел дедім.  

К.Ж.Ибраева 
154 
Вестник Карагандинского университета 
Оқушыға аса ауыр келмесін,  
Ашық айтып, көрінгенді термедім! —  
оның шын мəнінде ел жағдайына немқұрайлы қарамағандығын көрсетеді.  
Жалпы  ақын  адамның  кемелдену  жолдарын  айқындайды.  Оның  барлық  көріністері  өлең 
жолдарында  айтылады  жəне  оның  сапалық  белгілері  мынада  деп  ойлаймыз: 1. Адам  баласының 
қадір-қасиеті — білім  мен  ақылда.  Ол  адам  кемелденуінің  алғашқы  жолы.  Ғылым  іздеу — 
мұсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілік — адамзат үшін ең қажетті 
қасиет; 4. Даңқ пен дəулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды; 5. Əділеттің жолын қу, шыншыл 
бол; 6. Сараңдық  пен  ашкөздіктен  аулақ  бол; 7. Иттердің  басшысы  арыстан  болса,  иттер  де 
арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уəзір 
бола  алмайды.  Бек  қандай  болса,  уəзірі  де  сондай; 9. Намысшыл  ер  бол; 10. Өз  пайдаңнан  гөрі  ел 
пайдасын ойла. Қайырымды бол. 
Еліміздің  Президенті  Н.Назарбаев  «Мəдени  мұра»  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі 
мəжілісте сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей-ақ, «адамзат тарихының күретамыры — мəдениет, ал 
мəдениеттің  күретамыры  адамзаттың  ақыл-ойы  мен  іс-əрекетін  дүниеге  əкелген  материалдық 
құндылықтар  болып  табылады.  Бұл  бəрімізге  белгілі  ақиқат.  Қай  халықтың  болмасын  өзге  жұртқа 
ұқсамайтын, бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі — мəдениеті. 
Мəдениет — ұлттың  бет-бейнесі,  рухани  болмысы,  жаны,  ақыл-ойы,  парасаты.  Өркениетті  ұлт,  ең 
алдымен, тарихымен, мəдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, əлемдік мəдениеттің алтын 
қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мəдениеті арқылы 
ғана басқаға танылады» [2]. 
Ал  мəдениет  жетістіктерінің  бір  айғағы  болып  табылатын  халықтың  əдебиет  тарихын — сол 
халықтың  қоғамдық  санасы  мен  əлеуметтік  ой-пікірінің  даму  тарихы  деуге  болады.  Елдің  ой-өрісі 
мен философиялық даму дəрежесін анықтау үшін ең алдымен сол халықтың фольклоры мен ежелгі 
əдеби,  мəдени  мұраларына  көз  салынатыны  мəлім.  Өйткені  халықтың  рухани  мұрасы  көптеген 
ғасырлардан бері жиналған жемісі болып табылады.   
Міне,  сондай  мұраларымыздың  бірі — Жүсіп  Баласағұнның  моральдық-этикалық  мəселелерді 
көтеретін  «Құтты  білік»  дастаны.  Бұл  шығарма  мемлекетті  басқару  əдістерін,  адамгершілік 
принциптерін,  қоғамдық-саяси  мəні  бар  түрлі  ережелер  мен  заңдарды,  əдет-ғұрыптар  нормасын 
қамтыған, энциклопедиялық дəрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. «Құтты білік» — 
əлем  өркениетінен  мəңгілік  орын  алған  ақылман  дастан. XI ғасырда  қазақ  жерінде  жазылған,  түрік 
тектес  халықтардың  тұңғыш  классикалық  шығармасы.  Заманында  ирандықтар — «Туран 
шахнамасы»,  Шын  жұрты — «Хандардың  əдеп-қағидалары»,  машындықтар — «Мемлекеттің 
дəстүрі»,  күллі  шығыс — «Өмір  зейнеті», «Падишаларға  насихат»  деп  таныған.  Ал  осы  кітапты 
дүниежүзілік асыл қазынаға қосқан түрік жұртының өзі «Құтты білік» деп атап, əзіз кітап ұлылықтың 
негізі деп білген. Парасат пен ақыл-ой сұлулығын ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдырған осы еңбекте 
жар таңдау, бала тəрбиесі, ақыл-білім, тіл ұстартудан бастап елдік құру, мемлекет түзу, ел басқаруға 
дейінгі өмірлік, əлеуметтік мəні аса зор мəселелер жырланған.  
«Құтты білік» қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, 1986 ж. жеке том болып жарияланған. 1989 ж. 
Пекиннің  «Ұлттар»  баспасы  оның  қазақша  аудармасын  араб  əрпімен  екінші  қайтара  шығарды. 
«Құтты білік» кітабы осыдан он ғасыр бұрынғы елдік, халықтық қасиетімізді толық танытатын еңбек 
болған.  
Дастанның  басты  идеялары  төрт  принципке  негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс  басқару 
үшін  əділ  заңның  болуы; 2) бақ-дəулеттің  басқа  қонуы; 3) ақыл-парасаттың  қоғамдық  рөлі; 
4) қанағатшылдық  мəселесі.  Осы  принциптерді  ұстанған  еңбектің  негізі  əділдік  (Күнтолды),  бақыт 
(Айтолды),  ақыл  (Ойтолды),  молшылық  (Жетелеуші)  сияқты  кейіпкерлердің  сұхбаты  іспеттес 
жүргізіледі.  Адамгершілік,  имандылықты  насихаттайтын  саяси-философиялық  трактат  идеясы  əл-
Фарабидің  «Қайырымды  қаланың  тұрғындарының  көзқарастар  жайындағы»  ойлармен  ұқсас. 
Бұл еңбек  өз  уақытында  Қытай,  Үндістан,  Араб,  Парсы  ғұламалары  тарапынан  жоғары  бағаға  ие 
болды.  
Аталған  еңбектері  ұрпақ  тəрбиесіне  айрықша  мəн  беру  адамгершілікке  жетелейді.  Кең  байтақ 
өлкемізде  буыннан  буынға  жалғасып,  ұяттылық,  əдептілік,  имандылық,  көрегенділік,  мейірімділік, 
шарапаттылық, ізет пен ілтипат танытып отыру — əдеп нормалары, ұлттық тəлімнің ең көкейтестісі. 
Міне, сол қымбат қасиеттердің бəрі отбасы, ошақ қасында басталады. «Ел боламын десең, бесігіңді 

Түркі халықтарының педагогикалық… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
155 
түзе»  деген  қазақ  атамыз.  Жастарға  рухани  тəрбие  беру  құндылықтары — ар,  ұят,  адамгершілік, 
адамдық қасиеттерді ардақтау жəне сақтау. 
Əрбір адамның болашағы балалық жəне жастық шағындағы көргендері мен алған əсеріне тікелей 
байланысты.  Жастар  адамның  рухын  шыңдап,  жігер  беретін  ортада  ақыл-ойы  ұшқыр,  көргенді  боп 
өседі. Ізгілік — адамдықтың негізі, əрі адамгершілік қасиеттерінің жиынтығы. 
Құт  пен  ізгілік — егіз  ұғым.  Құт  пен  бақтың  бір  жерде  тұрақтамай,  көшіп-қонған  кезбе  күйі 
заманына,  адамына  қарай  қалыптасқан  салыстырмалы,  шартты  түсінік.  Көрген  көз,  естіген  құлақ, 
сөйтіп түйін түйген танымда жазық жоқ. Адамдық қасиет пен тірліктің шыңына шығып, басындағы 
бағын мəңгілік еткен адам аз. Содан да құт пен бақ өзіне жайлы орын таппай, ізгілік іздеп, шарқ ұрып 
кезбе атанған. Ал ізгілік — мəңгілік кепілі. 
Жүсіп  Баласағұн  таныған  кісіге  түпкі  ой-арманы  ізгілік  екенін  байқатады.  Ізгілікті  дəріптеу 
арқылы екі ақын түпкі ой-армандарын табыстырады. Ізгілікті дəріптеп, марапаттауға екі ақын өзіндік 
таным, қабылдауларын қолданған. «Құтты білік» дастанының мазмұны соншалық бай əрі ауқымды. 
Жүсіп Баласағұн адамдық əлемді мүсіндеуге əр қырынан келеді. Сөйтсе де əр түрлі тақырыптар бір 
ғана  ізгіліктің  қыр-сыры  мен  құдіретін  ашып,  танытуға  жұмсалады.  Дастанның  аты  «Құтты  білік» 
болса, сол құт пен бақты табатын білік — ізгілік. Əр түрлі астарлы ойлар мен түсінігі тереңге тартып 
кететін түрлі таным тарауларын таратып бақсақ, тағы да сол ізгіліктің қасиетін тани түсеміз. Ізгілік — 
Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы. 
Ізгілік Ж. Баласағұнның ең басты айтар ойы екенін айттық. Осы ізгілік туралы айтуды ақындағы 
ізгілікке  құштарлық  пен  ізгілікке  іңкəрліктен  бастаған  жөн.  Əрбір  кейіпкер  өз  аты  мен  затына 
айналған  ұғым,  қасиетті  таныту  қамында  көрінеді.  Айтолды — құт-береке,  бақтың  көрінісі.  Оқиға 
мен əңгіме-сұхбаттың басталар тұсында Айтолды тірлігі тақуалыққа жақын еді. 
Бірде өзін-өзі сөгіп қамыққан; 
Өнерім — мың, қалдым оқшау халықтан! 
Неге мұнда бекер жүріп қурайын... 
«Адамға  өткен  дəуір  бəрі — сабақ»  дегендей,  бабалар  тəжірибесінен  сұрыпталған  ой-пікірлер 
кейінгі ұрпаққа  аса қымбат. Олар болашақ мұғалімді қызмет барысында ізгі ұстанымдарға жүгінуге, 
өзін-өзі басқара білуге, өзін-өзі жетілдіре беруге т.б. кəсіби шеберлікке қажетті қасиеттерге жетелеуге 
бағытталған. Ата-бабаларымыз сөзге, оның мағынасына терең мəн берген. 
Өз заманында шоқтығы биік дара тұлға — Ж. Баласағұн. Ол мемлекет басқарудың еліне құт, бақ 
əкелу  өнерін  ізгілікті  ұстанымға  бағдарлау  мəселесін  «Құтты  білік»  еңбегінде  нұсқалы  тұрғыда 
тұжырымдап  берген.  Бұл  еңбекте  мемлекет  басқару  ісіне  қатысы  бар  барлық  тұлғалардың, 
қызметкерлердің, күтушілердің, т. б. болмыс-бітімін сипаттауда өз ісіне деген парызы мен қарызын 
айырықша  жауаптылықпен  орындауына  қатысты  үлгілер  құрған.  Аталған  еңбектен  біз  зерттеу 
жұмысымызға  қатысты  (ақыл,  парасат,  ниеті  түзу,  сөзі  шырын,  өнерлі,  білімді,  қолы  ашық,  пейілі 
кең,  кек  сақтамайтын  əсем  құлықтар  т.б.)  құнды  сөздерді  болашақ  мамандарға  асыл  қасиеттерді 
уағыздайтын өнеге-ғибрат үлгісі ретінде қолдана аламыз [3]. 
Баласағұн өз пікірлерінде  өскен  ортаның, кісінің  кісілігінің  қалыптасуына  əсер ететіндігін өте 
жақсы білген. Сондықтан ол «Азаматсың, бір күн дəмін  татқанға, Түбінде  бір  рахметің қайтқанда. 
Қайырымды бол, қырық  қатар  ғаламға,  Көзіңді ашып, білім берген адамға» (599) деген  ғой  ақылды 
бабамыз.  Мұндай  ортаның  ең  бастысы,  сайып  келгенде  жас  ұрпаққа  кісілік  қасиеттерін  
қалыптастыруына шешуші əсер ететін фактор өз отбасы, ата-əжесі  мен өз əке-шешесі, өз аға-жеңгесі, 
ағалары.  Осындай  ой-пікірлері  ұл  да,  қыз  да  ең  алдымен  өздерінен,  əке-шеше,  аға-жеңгелерінен 
үлкенді  сыйлау,  өзінен  кішілерді    де  кіші  деп  ілтипатынан    қалдырмауға,  жомарттылықты    да,  
үйрететін  мына бір ақыл сөздерінен  байқаймыз: «Досың болса,  алға тартқан ақылын, Хан көтер сен,  
сенсін    саған  жақының.  Қайда  жүрсең,  жасай  көрме  бетсіздік».  Самарқаулық,  ұмытшақтық — 
тексіздік. Бауырыңдай демеу болған жігітке, Сырт айналма, адамдықтан  түңілтпе!» (3.599). 
Қорыта  айтқанда,  Баласағұнның  жырларында,  шешендік  сөздерінде  қазіргі  мəдениетімізде  
тығыз ұштасады. Мұндай туындылардан  сол кездегі адамдардың, азаматтық қасиеттері  мен ұлттық 
ерекшеліктері жан-жақты көрінеді. Дұрыс  жар таңдау, ерге лайықты ат, отау  құру — мұның  бəрін 
қазақ  жігіт-қыздарына  көрсетуіміз абзал. 
Таза  рух,  келісімді  мінез-құлық  қасиетке  толы  қадір  мен  салт-сана,  ақыл-парасат,  адалдық, 
инабаттылық  бойына  сіңген адам  кемелденген толық адам  болып қалыптасады. 
Төл  төзімді,  салт-дəстүрімізді,  тарихымызды  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғастырып  отыру — тəлім-
тəрбие істерін  саналы  түрде  жүзден  асырудың алғышарты. 

К.Ж.Ибраева 
156 
Вестник Карагандинского университета 
Əдебиеттер тізімі 
1  Назарбаев  Н.Ə.  Қазақстан – 2030. Ел  Президентiнiң  Қазақстан  халқына  Жолдауы. — [ЭР].  Қолжетімділік  тəртібі: 
https://ru.wikipedia.org/wiki/Казахстан-2030 
2  Мемлекетiк  «Мəдени  мұра»  бағдарламасы // Егемен  Қазақстан. — 2003. — № 311–312. — 29 қараша. — 
[ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: ansya.ru/health/ltti-tlim-trbie-dis.../pg-8.html 
3  Баласағұн Жүсіп Құтты білік / Көне түркі тілінен аударған жəне алғысөзі мен түсінік. Жазғ. А.Егеубаев. — Алматы: 
Жазушы, 1986. — 616 б. 
 
 
К.Ж.Ибраева  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет