№3(79)/2015 Серия педагогика


Ғылыми-зерттеу іс-əрекеті педагогтың кəсіби дамуы



Pdf көрінісі
бет23/37
Дата18.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#2183
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37

Ғылыми-зерттеу іс-əрекеті педагогтың кəсіби дамуы  
сапасын арттыру факторы ретінде 
Мақалада  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  жүйесінде  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын ұйымдастыру мəселелері қарастырылған, мəселенің көкейкестілігі негізделген. Ғылыми-
зерттеу  іс-əрекеті  білім  беруді  сапалы  ұйымдастырудың  катализаторы  бола  отырып,  біліктілікті 
арттыру  институттары  үдерісінің  бөлінбес  бөлігіне  айналады.  Ғылыми  зерттеулер  педагогтардың 
кəсіби  іс-əрекетінің  табыстылығын  қамтамасыз  ететін  құзырлылықтарды,  ақпаратты  іздеу,  талдау 
игеру жəне жаңарту дағдыларын қалыптастыратын маңызды ресурс жəне құрал болып табылады. 
 
А.А.Mukhatayev, A.B.Aitzhanova 
Research activity as the factor of quality of professional  
development of teachers 
In the article are examined the questions of organization of research work in the system training of 
pedagogical workers, actuality of problem is reasonable. Research activity, being the catalyst of quality 
organization of education, becomes inalienable part of process in the  training  institutes. Scientific researches 
are 
an essential 
resource and instrument on forming of teachers 
competencies
, skills of search, analysis, 
mastering and updating of information, providing success of professional activity. 

А.А.Мухатаев, А.Б.Айтжанова 
168 
Вестник Карагандинского университета 
References 
1  Mukanova S.D., Muhataev A.A. Organization of teaching work in the training: Methodological recommendations, Karaganda: 
Branch of JSC «NCPD «Orleu» IPD of Karaganda region, 2015, 34 p. 
2  The State Program for Development of Education of the Republic of Kazakhstan for 2011–2020, [ER]. Access mode: 
http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1000001118 
3  Vozgova Z.V. Basic Research, 2013, 6, p. 730–734. 
4  Kochanowski V.P. The basis of the philosophy of science: textbook for graduate students, edit. Third, Rostov-on-Don, 2006, 
p. 61. 
5  Novikov A.G. The role of science in modern education, [ER]. Access mode: http://do.gendocs.ru/download/docs-
291715/291715.doc 
6  Kochanowski V.P. Philosophy postgraduate, Rostov-on-Don, 2003, p. 153. 
7  Kusainov A.K. The quality of education in the world and in Kazakhstan, Almaty, 2013, p. 165. 
8  Creative pedagogy. Methodology, the theory, practice: Monograph, edited. V.V. Popov, Yu.G. Kruglov, Moscow: BINOM. 
Laboratoriya znaniy, 2012, p. 14. 
9  Filippov V. Narodnoe obrazovanie, 2000, 2, p. 42–51. 
10  Yuryevich S.N. Scientific provision of advanced training (Scientific-methodical magazine), 2009, Issue 2, р. 29–33. 
11  Kespikov V.N., Solodkova M.I., Ilyasov D.F., Ilyina A.V. Scientific provision of skills development (scientific and methodi-
cal magazine), 2012, Issue 4, р. 40–45. 
12  Guidelines for self-evaluation, assessment of the effectiveness and efficiency of the organization of additional vocational 
training and quality management DPO: a practical guide / N.N. Aniskina, L.E. Kovaleva, T. Fedoseyeva, Yaroslavl: Publishing 
House N.P. Pastukhov, 2013, 37 р. 
13  Tavgen O.I. Man and education: Academic Herald Institute of Adult Education of Russian Academy of Education, 2006, 7, 
р. 28–31. 
14  Model Rules of activity types of organizations of additional education for adults, [ER]. Access mode: 
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1300008829 
15  Development Strategy of JSC «National Centre of Excellence «Оrleu», [ER]. Access mode: http://www.orleu-edu.kz/Strategy 
16  Muhatayev A.A. Directory head of the educational institution, 2013, 10 (82), p. 55–57. 
17  Strong regions — strong center: Strategic plan for the development of the Branch of JSC «National center for professional 
development «Orleu» Institute for professional development of Karaganda region for 2014–2016, Karaganda, 2014, 42 p. 
 
 
 

Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
169 
ƏОЖ  62:7,05 
С.Ж.Бодиков
1
, А.Кароглы
2
  
1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті; 
2
Гази университеті, Түркия 
(E-mail: seyfolla_aa@mail.ru) 
Экодизайндағы табиғи материалдар пайдаланудағы жобалау əдістері 
Мақалада  сəулеттік  нысандарды  жобалаудағы    экологиялық  дəстүрлі  жəне  заманауи  материалдарды  
пайдаланудың  жаңа  жолдары  мен  тəсілдері  қарастырылған.  Авторлар  жобалаудағы  жаңа  əдістерді 
қолдану  экологиялық  жаңа  талаптар  жəне  аймақтағы  климаттық  ерекшеліктерді  ескере  отырып, 
талдаған.  Дизайндық  нысандарды  жəне  заттарды  жобалаудағы  əр  түрлі  табиғи  материалдар 
қолданудың  үздік  үлгілері  ұсынылған.  Сəулеттік  нысандардың  əлемдік  үлгілерін  зерттей  отырып, 
экодизайн мəселелерін жоғары оқу орнында оқытудың əдіснамасы сарапталған. 
Кілт  сөздер:  экодизайн,  қаныққан  бояу,  тұтынушы,  қоғам,  экология,  дизайнер,  сəулет,  интерьер, 
табиғи материал. 
 
Егер  жоба  жағдайларын  жан-жақты  ұғыну    материалдар  саласында  заттың  жұмыс  істейтін 
əлеуметтік-мəдени  нормасы,  орындау  жəне  қолдану  технологиясы  тұтынушы  адамның  өміріндегі 
материалдық  үдерістер  үшін  кедергі  болады  деген  қорытындыға  келсе,  онда  дизайнер  аспаптық 
ұстаныммен айналысады. Нақты заттық əлемге жататын осы ұстаным негізінде адамның бейнесі бар. 
Бұл  дизайнерді  затты  көруге,  онда  ең  алдымен  тіршіліктің  өндірістік-технологиялық  үдерістерін 
бейнелеуге шабыттандырады. Зат материалдық үлгі сияқты түсіндіріледі, бағаланады жəне көрінеді 
немесе  тиімді  жұмыс  істейтін  құрылма,  онда  барлық  мəдени-тарихи  жамылғылар  тасталғандай. 
Заттың осындай монистік баян етілуі оның үлгісін ұйымдастыруға — тұрмысқа бейімділігіне басты 
талапты  анықтайды.  Көбінесе  бəрінен  де  заттың  жайлылығы,  ықшамдылығы,  жабдықталынуы, 
икемділігі,  тиімділігі,  тазалығы  жəне  т.б.  бағаланады.  Жобалау-бейнелеу  үлгісінде  заттар 
құрылманың толық жоспары сияқты. Мұндай қосылыстар аспаптық көзқарас тұрғысынан материал, 
қызметтің  техникалық  шешімі  (құрылма),  технологиясы  əсерлі  құралдар,  шығарманың  мазмұнын 
білдірудің  материалдық  тілі  дегенді  білдіреді.  Дизайнердің  затқа  көзқарасы  қандай  болса  да,  оның 
бейнесінің  негізін,  яғни  шындықтың  өзінен  жобаның    мақсатын    іздеуі  тиіс.  Ізденістің  жалпы 
қағидасы  (осы  жағдайда — материалдық  үлгі  сияқты  зат)  нақты  əлеуметтік-техникалық  ортамен 
заттың мүлтіксіз үлгісін оймен келтіру болып табылады. Мұнда затқа аспаптық көзқарас тұрғысынан 
қойылған  негізгі  көркемдік  жобалау  міндеттерін  тұжырымдау  көмектеседі:  жалпы  қабылданған 
норманы  қайта  қалыптастыру,  тіршіліктің  өндірістік-технологиялық  үдерісін  тиімді  ұйымдастыру 
пайдасына стереотиптерді бұзу. 
Заманауи қоғам — бұл тұтынушы қоғам. Біздің айналамыз зиянды жəне қауіпті материалдардан 
жасалған нəрселерге толы жəне үйіміз, жұмыс орны жəне өзге де ғимараттар əр түрлі ластанудың көзі 
болып табылады. Жəне де бізді шу, ойын-сауық, күнделікті жарнама, бетонды пейзаж жəне қаныққан 
бояудағы алыстан мен мұндалаған ашық түстегі ілінген жарнамалар кері əсерін тигізеді.  
Дизайн  мен  сəулеттің  жаңа  үрдісінің  негізі — табиғат.  Бұл  үрдіс  экодизайн  деп  аталады.  Бұл 
ағымның шеңберінде жоспарға азық-түліктің мол мөлшерін қысқарту, сонымен қатар материал мен 
технологияны,  қажеттіліктің  жаңа  құрылымын  түбегейлі  қайта  қарастыру  кіреді.  Адамның 
физикалық жəне психикалық денсаулығы арасындағы байланысты ешкім де жоққа шығара алмайды. 
Экодизайнның  пайда  болуы  қоршаған  ортаның  кенеттен  нашарлауына  жауап  берді,  əсіресе  «қайта 
тұтыну»  дағдарысына  жауап  тапты.  Экодизайнның  сəулетшіге  жəне  дизайнерге  қоятын  негізгі 
талабы:  бұйымды  қауіпсіз  пайдалану,  денсаулыққа  зиян  келтірмеуі,  шу,  тербеліс,  шығарулар, 
сəулеленудің  аз  мөлшері,  экологиялық  зиянды  болдырмау.  Міне,  осыдан  экодизайнның  негізгі 
қағидалары шығады: материалдардың шығу тегіне, жобалау, жасау, қолдану жəне пайдалану кезінде 
қорларды үнемдеу,  қоршаған ортаны қорғаудан бастап, жануарларға да дұрыс қарым-қатынас жасау, 
адам құқығын қорғаумен аяқталады. Экологиялық дизайн мен сəулеттің дамуы біздің əрқайсымызға 
аса  қажет.  Экодизайн — адамға  жайлы,  əрі  ыңғайлы,  əрі  үйлесімді  болатын  қоршаған  ортаны 
қорғауға  баса  назар  аудартатын    дизайндағы  жəне  сəулеттегі  ағым.  Əдемі  жəне  ыңғайлылығы  ғана 
емес,  сонымен  қатар  жобалау,  жасау,  қолдану  жəне  пайдалану  кезінде  қолданылатын 

С.Ж.Бодиков, А.Кароглы 
170 
Вестник Карагандинского университета 
материалдардың  сипаттамасы.  Негізінде  экологиялық  таза,  сондай-ақ  бірегей  материалдар  жəне 
күнделікті  қолданылатын,  мысалы  (жел,  күн  генераторы),  энергияны  табу  көзі  əлемде  кеңінен 
танымал. 
Қазіргі  əлем  азық-түлік  пен  қызмет  көрсетулердің  алуан  түрін,  мүмкіндігін  ұсынады.  Ал  біз 
қоршаған  ортамызды  «лақтыруға  қимайтын»  ескі  нəрселермен  толтырдық.  Осының  бəрі  адамның 
жүйке-тамырына жəне сана-сезіміне кері əсерін тигізетініне ешкім есеп бермейді [1]. 
Барлық  жұмыстар  негізгі  мақсатта  əзірленді — су  қорларын  сақтау  қажеттілігі  туралы  жəне 
пластик  қалдықтарының  жағымсыз  салдары  туралы,  пластик  бөтелкелердің  аз  зиян  келтірмейтіні 
жөнінде қоғамға мəлімдеу. Осындай керемет ойлар Австралияға таратылды. Таунсвиллдің жергілікті 
суретшісі Гарт Янкович  техникалық жұмыс аяқталғаннан кейін су қоймасын суреттеп салды [2]. 
Дизайнер  Анна  Гарфрот  қоршаған  орта  жəне  табиғи  ресурстар  туралы  əр  түрлі  ой  білдіруге 
болады  деп  өз  пікірін  айтады.  Мысалы,  Лондонда  мемлекеттік  канал  қоршауының  шыбықтарында 
жазылған  жай  сөз  «қайта  ойлану»  жобасы  (негізгі  ресурстар  ретінде  су,  газ  тұтынатын  электр 
станциясы  болып  табылатын)  түскен  сарғайған  жапырақтардың  көмегімен  өз  көзқарастарын  жəне 
ресурстарды  тұрақты  тұтыну  жəне  болашақ  туралы  ойлауды  қайта  қарастырады.  Пластикалық 
бөтелкелерді  пайдалануды  үгіттейді.  Лондон  көшелерінде  олар  нағыз  өнерге  айналды.  Егер  сүт 
төгіліп немесе сүтті ішіп  бөтелке бос қалса, бөтелкені тастау деген емес деп санайды. Қолданылған 
екі  литр  сүт  бөтелкесін  ашық  түске  бояп,  экофигураға  айналдырады.  Экодизайн    экологияға  зиян 
келтірмейтін,  мəселелерді  шешуге  назар  аудартатын  əрдайым  əдемі  жəне  қажет,  экодизайннің 
элементтерін  əркімнің  өз  үйінде  де  пайдалануға  кеңес  береміз,  мысалы,  бокалдар  жиынтығы 
экологиялық таза технологияны пайдалана отырып жасалады. 
Интерьердегі  замануи  экодизайн  (грек.  Eikos — үй,  тұрған  жері) — «экологиялық» «нақыш», 
таза  ауа  жəне  табиғатта  жүргендей  сезім  тудыратын  табиғи  материалдардан  жасалған  интерьер. 
Бүгінгі  күнде  ең  қажет  заманауи  нақышы  болып  табылады.  Экодизайн — адам  тұрған  жерді 
табиғатпен байланыстыру. Экодизайнның мəні қоршаған ортамен оңтайлы үйлестірілген үйдің ішкі 
көрінісі.  Адам  «экологиялық»  жайда  өзін  жақсы  сезініп,  қаланың  қапырық  ауасынан  демалады. 
Экодизайн немесе табиғат нағыз табиғи материал, түс, пішінін дұрыстығы есебінен құралады. 
Экодизайнның  негізгі  элементтері:  негізгі  материалдар — ағаш,  тас,  балшық,  шыны,  табиғи 
материалдан  жасалған  маталар.  Негізгі  түстер:  ашық  қоңыр,  қоңыр,  ақ  (қара  немесе  қарақошқыл 
ағаш), нəзік түрлі-түсті. Көбінесе табиғи түстер қолданылады: ақшыл-жасыл, ақшыл-көкшіл, шөптің, 
судың, тастың, ағаштың түсі. 
Табиғатқа жақын немесе жақындығын сезіну, жарық, кең бөлмеде рахатқа бөленіп, адам жеңіл 
демалады.  Бұл  нақышта  даму  тарихы,  сонымен  қатар  сəулеттің  атақты  ескерткіштері  де  жоқ. 
Нақышты  бірегей  деп  атау  қиын.  Мысалы,  сəулетші  Алвар  Аалто — «модернизм  əкесі»  шатыры 
таралып өсетін ағашпен көмкерілген үй жобасын жасады. Экодизайн туралы ХХ ғ. аяғында айтыла 
бастады, өйткені адамдар экология мəселесінен шаршады жəне пəтерде, үйде өздерінің «таза» əлемін 
жасай  бастады.  Бұл  дизайн  табиғаттың  өзінен  туындағандықтан,  өте  қызықты.  Адам  дүние  мен 
табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оны сақтауға тырысты, бұл сұлулықты пəтерде, үйде, саяжайда 
жасауға  ұмтылды.  Əрине,  табиғатқа  жүгіну  басқа  да  нақыштарда  кездеседі.  Ол  кескіндемеде, 
əшекейлеуде,  текстурада,  сəулет  элементтерінде  жəне  мүсіндерде  көрсетілді.  Əсіресе  табиғат 
тақырыбы модернде бейнеленді. Егер модерн классикалық нақыш элементтеріне сүйенсе, экодизайн 
табиғи емес техника жəне электроникадан тартынбай заманауи нақышқа сүйенді. Кантри экодизайн 
болып  табылады.  Экодизайнның  «арғы  бабасы»  скандинавия  дизайнерлері,  сонымен  қатар  жапон 
дəстүрлестері болып саналады, олар табиғи материал мен жаңашылдық үлгінің қосылуының негізін 
жасады.  Өзінің  жағымды  энергиясымен  денсаулыққа  жəне  дұрыс  өмір  сүруге  көңіл  бөлуге  əсерін 
тигізді, экодизайн өзіне табынушыларды тауып, заманауи үйлер мен пəтерлерде кеңінен қолданыла 
бастады.  Бүгінде  экодизайнның  басқа  нақыштармен  араласуын  жиі  көруге  болады,  басқа  сөзбен 
айтқанда интерьердің нақышқа келуі. 
Əрине,  зиянсыз  жəне  табиғи  материалдарды  ғана  қолдануға  болады  деген  ережеден  басқа 
интерьерде экодизайнды жасауда кейбір аксиомаларға бағынуға болмайды. Сіздің мінезіңіз, əдетіңіз, 
құмарлығыңыз,  жасыңыз,  тіпті  мəртебеңіз  жасалған  интерьерде  бейнеленуі  мүмкін  дей  тұрғанмен, 
экодизайнның  қатарында  болу  даусыз.  Интерьерде  экодизайнды  қолдану  кеңінен  таралған. 
Экодизайнның  негізгі  қағидасы — бəрі  табиғи  болуы  керек.  Сондықтан  жиһаз  бен  декорда  ДСП, 
пластик жəне хромдалған зат мүлдем болмауы тиіс [3]. 

Экодизайндағы табиғи материалдар… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
171 
Экодизайнның  бір  артықшылығы — бұл  өз  қиялыңды  енгізу  үшін  мүмкіндіктің  молдығы. 
Жиһазды  өңдеу  кезінде  табиғи  материалды  жəне  кез  келген  түсті  пайдалануға  болады.  Қамысты 
немесе  басқа  да  жапырақ,  өзен  тастарын  қабырғаның  қаптамасы  ретінде  қолдануға  болады. 
Экологиялық нақышта табиғи материалдармен ресімделінеді. Бұл нақыш ағаш, тас, сабақтар, мақта, 
зығыр,  күйдірілген  балшықты  ұсынады.  Əр  түрлі  оюмен,  бедермен,  ашық  бояумен  жəне  қызықты 
құрылмамен  ауыстыру  міндетті  емес.  Пəтердің  белгілі  бір  ретпен  қалыптастырылған  əрі  сəндеп 
жабдықталған  ішкі  кеңістігі  тек  қана  қарапайым  жəне  табиғи  болсын.  Пəтер  интерьерін 
қалыптастыруда  оның  сəулеттік  шешімі  жəне  құрылыс  жабдықтары:  бөлменін  саны  мен  өзара 
ыңғайластырылған,  олардың  көлемі,  терезе  мен  есіктің,  үй  жылытқыштары,  жапсарластырып 
салынған  шкафтың,  санитарлық  аспаптардың,  асханадағы  ыдыс-аяқ  жуғыш  пен  газ  не  электр 
плитаның  т.  б.  орналасуын  эко-дизайнмен  байланыстыру  елеулі  рөл  атқарады.  Пəтер  интерьері 
тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан жəне жиһаздан құралады. 
Интерьерді  жабдықтаудың  қажетті  шарты — қолайлылық  пен  əсемдік.  Интерьердің  барлық 
элементтері өзара əдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық 
əсем болуы. Осының бəрін табиғи материалдардан тиіс [4].  
Экодизайнның қабырғасы: ағаш тақта, тығындалған жабын, өсімдік оюлар мен қағаз түскиіздер, 
тіпті суретсіз немесе табиғи түскиіз, керамикалық тақталар əшекей тастар, ақ балшық. Экодизайнның 
төбесі; ағаш тақта немесе ақталған аппақ түстегі төбе — экодизайнның интерьеріне арналған нағыз 
шешім.  Экодизайнның  едені:  эконақышта    табиғи  реңкпен  тас  немесе  терракоттан  салады. 
Эконақышта  ағаш,  тақтай,  бамбук  немесе  тығын  ағаш  та  қолданылады.  Экодизайн  жиһазы:  табиғи 
ағаштан,  тастан  немесе  мəрмəрдан  жасалынады.  Экодизайн  жиһазының  декормен,  материалдармен, 
түстермен өзара үйлесімділігімен сипатталынады. Көшіп-қонуға ыңғайлы жеңіл материалдардан, əр 
түрлі  пішінде,  тасымалдауға  оңай  жиналмалы-құрастырмалы,  адамға  жайлы  таза  ағаштан  жиһаздар 
жасалынады.  Жиһаз  əр  түрлі  нұсқалардың  барынша  үйлесуін  қамтамасыз  етеді.  Құрастырмалы 
жиһазға  қабырғаға  жапсарластырып,  көлденең  орналастырылатын  шкафтар,  шкаф-қалқалар, 
құрастырмалы  үстелдер,  кереуеттер  жəне  т.б.  жатады.  Ауыстырмалы  жиһаздың  құралмасы 
бөлшектерінің  орнын  ауыстыру  арқылы  оның  мақсаты  мен  көлемін  өзгертуге  мүмкіндік  береді. 
Жиһазды  негізінен  ағаштан  жəне  ағаш  материалдардан  (ағаш  жоңқалы  немесе  талшықты 
тақтайшалардан,  үйеңкіден  т.б.)  жасайды.  Қаптама  жабынды  ретінде  табиғи  шыбықтарды 
пайдаланады.  Мысалға,  ағаш  төсекті  алсақ — жатып  тынығуға  арналған  жайлы  жиһаз.  Қайқылау 
келген  екі  басы  жатуға  ыңғайлы  жалпақ  арқалығымен  бірге  бөлек  дайындалып,  төрт  аяғы  сүйек, 
күміс, əр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте əсем 
көркемделетін  екі  бетімен  тұтасады.  Қақ  ағаштың  түзу  тақтайларынан  құрастырылады.  Ағаш  төсек 
пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, 
ағаш шабу өнерінің жергілікті дəстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсекке кейде cəндеп 
көрпе-төсек те жиналады [5]. 
Экодизайн маталары да басқаша энергетика береді. Жүннен жасалған кілем, алаша, жапқыштар, 
шыттан  перделер,  жиһазды  қаптайтын  мата,  мақта  маталары  да  экодизайнның  бір  бөлігі.  Тіпті 
экодизайндегі  заттарды  алсақ:  шыныдан  немесе  балшықтан  жасалған  гүл  салғыштар,  өрілген 
себеттер,  сандықтар,  ағаш  бұтақтары,  кептірілген  жапырақтар  табиғатпен  ұштасып  жатыр. 
Экодизайндегі ыдыс қарапайым, біркелкі жұмсақ түсте болуы тиіс. Ең жақсы керамикадан жасалған 
ыдыстар, ағаштан жасалған қасық, табақ, мақта сүлгілер, жез, күміс, қалайы сияқты табиғаттың жер 
асты байлықтарынан жасалған ыдыстар. 
Балық  салынған  аквариум,  террариум  немесе  тордағы  құс — осының  бəрі  дерлік  табиғат 
аясында отырғандай сезімге қалдырады.  
Экодизайн  кейіннен  айтыла  бастағанмен,  ал  қазақ  халқы  экодизайнды  баяғы  заманнан 
қолданылып  келеді  деп  əбден  айтуға  болады.  Киіз,  кигіз — қойдың  күзем  жүнінен  басылған,  үй 
тұрмысында  пайдаланылатын  бұйым.  Көшпелі  халық  өмірінде  киіздің  алатын  орны  ерекше.  Киіз 
қазақ  жеріндегі  көшпелі  тайпаларда  б.з.б. I-мыңжылдықта  белгілі  болған.  Киіз  үйді  алсақ,  ондағы 
жиһаз,  ыдыс,  адамға  қажет  тұрмыс-тіршіліктің  бəрі  табиғи  материалдардан  жасалынып  кеңінен 
қолданылған.  Дастарқан  ас  қоюға  арналған  мата  төсеніш,  жүн  жіптен  тоқылған  дорба,  ағаштан 
жүкаяқ, теріден бөстек. Заманауи экодизайнде минимализмді талап етсе, дəстүрлі нақыштағы қазақ 
халқының  киіз  үйі,  қолданылған  тұрмыстық  заттары  қажеттілікке  қарай  жасалынып  қолданылды. 
Артық  зат  болмаған.  Экодизайн  нақышты  жəне  əдемі  үйдің  ішкі  көрінісі  ғана  емес,  ол  табиғат 
адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат — 

С.Ж.Бодиков, А.Кароглы 
172 
Вестник Карагандинского университета 
сұлулықтың таусылмас көзі. Табиғат ана дем ал деп ауаны сыйлады. Сарқырап аққан өзен бен мөлдір 
таза бұлақ, адам аяғы баспаған орман-тоғай, сырын ішіне бүккен тау-тас — табиғаттың таңғажайыбы.  
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: ru.wikipedia.org/wiki/Экодизайн 
2  Уткин М.Ф., Шимко В.Т. и др. Архитектурно-дизайнерское проектирование жилой среды. Городская застройка. — 
М.: Архитектура, 2010. — С. 200. 
3  Минервин  Г.Б.  Дизайн  архитектурной  среды.  Основы  проектирования  оборудования  для  жилых  и  общественных 
зданий. — М.: Архитектура–С, 2004. 
4  Эстетические ценности предметно-пространственной среды / Под общ. ред. А.В.Иконникова; ВНИИ техн. эстетики. 
— М.: Стройиздат, 1990. — 336 с.:ил. 
5  Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. — М.: Мол. гвардия, 1994. — 334 с.  
 
 
С.Ж.Бодиков, А.Кароглы  
Использование природных материалов в экодизайне  
методами проектирования  
В  статье  рассматриваются  особенности  проблемы  экологического  дизайна  и  использования 
природных 
материалов 
при 
проектировании 
современных 
архитектурных 
объектов. 
Проанализированы современные методы проектирования архитектурных зданий и сооружений в свете 
современных  экологических    требований  и  климатических  особенностей  региона.  Рассмотрены 
способы применения природных, а также современных строительных материалов при проектировании 
дизайн-объектов. Представлен анализ мировых аналогов архитектурных объектов. 
 
S.Zh.Bodikov, A.Karoglu 
Use of natural materials in ecodesign by design methods 
In article features problems of ecological design and use of natural materials are considered at design of 
modern architectural objects. Modern methods of design of architectural buildings and constructions in the 
light of modern ecological requirements and climatic features of the region are analysed. Methods of 
application of natural, and also modern construction materials at proyektirovany design are considered — 
objects. Are studied and carried out the analysis of world analogs of architectural objects. 
 
 
References 
1  [ER]. Access mode: ru.wikipedia.org/wiki/Экодизайн 
2  Utkin M.F., Shimko V.T. et al. Architectural Design living environment. Urban sprawl, Moscow: Architecture, 2010, p. 200. 
3  Minervin G.B. The design of the built environment. Fundamentals of design of equipment for residential and public build-
ings, Moscow: Architecture–S, 2004. 
4  The aesthetic value of object-spatial environment, under total., edit. A.V.Ikonnikova; Institute tehn. Aesthetics, Moscow: 
Stroyizdat, 1990, 336 p.: il. 
5  Nesterenko O.I. Short Encyclopedia of design, Moscow: Molodaya gvardiya, 1994, 334 р. 
 
 
 

Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
173 
ƏОЖ 37.02:574 
А.Б.Мырзабаев
1
, А.К.Мыңбаева

1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мелекеттік университеті; 
2
Əл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы 
(E-mail: mba_57@mail.ru) 
Экология: əдіснама жəне тұжырымның дамуы 
Мақала  экологиялық  проблемаға  арналған.  Тірі  табиғатта  организмдердің  тіршілік  етуіне  сыртқы 
күштің əсері басым болуда. Бұл жағдай адамзат қоғамының табиғатпен əсерлесуінің күшеюінен. Осы 
мəселеге қатысты планетамыздағы жалғыз саналы тіршілік иесі адамның биосферамен бұл байланысы 
көп  қырлы.  Өйткені  өзінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  адам  жүздеген,  мыңдаған  жабайы  тірі 
ағзалар  түрлерін  пайдаланды.  Бүгінгі  таңда  техномасса  (бір  жылда  адамның  жасап  шығарғаны) 
биомассадан (жабайы тірі ағзалар салмағы) бірнеше есе асып түседі. Техникалық ландшафтар өндіріс 
қалдықтарынан  жасалуда.  Тұтас  бір  аймақта  тіршілік  белгілері  жойылған.  Табиғат  тек  қор  ретінде 
қаралады,  бұл  техникамен  қаруланған  адамның  қоршаған  ортаға  тигізген  кері  əсерінің  анық  жемісі 
екендігі айтылады. 
Кілт сөздер: биосфера, биомасса, техномасса, əдіснама, гоминид эволюциясы, химиялық  элементтер,  
коэволюция, геологиялық күш.   
 
Тіршілік табиғаттың ерекше, аса күрделі құбылысы ретінде сыртқы қоршаған дүниеге сан түрлі 
əсер  етеді.  Тірі  табиғат  (тіршілік)  əр  түрлі  тұрғыдағы  (бір  жасушалы  микроағзадан  бастап  күрделі 
ағзаларға  дейін)  көріністе  бола  отырып  тек  қана өзінің  тіршілік  əрекетінің  заттарын  жасап  қоймай, 
табиғатты да түпкілікті етіп басқа түрге енгізеді.  
Экология  биологиялық  пəн  ретінде  тарихи  қажеттіліктен  пайда  болған,  бірте-бірте  ол  күрделі 
жүйелі концепциялы жəне зерттеу негізінің əдіснамасы бар білімнің ғылымаралық саласына айналды. 
Қазіргі  экологиялық  білім  эмпирикалық  қорытындылар  жиынтығы  түрінде  беріліп  жүр.  Келе-келе 
осы концепцияның эволюциясында биосферадағы адамның доминантты рөлін мойындау əдіснамалық 
жəне дүниетанымдық тұрғыдан құнды бола бастады. Осының салдарынан биосфераның дамуы үшін 
адамның  жауапкершілігі  жоғарылады.  В.И.  Вернадскийдің  ноосфера  жөніндегі  ілімінде  адамның 
қоршаған  ортаны  белсенді  өзгертуі,  қайта  құруындағы  ауқымды  əрекетінің  проблемасын  оқып 
үйрену туралы пікірлер айтады. Онда ноосфера тек қана табиғатты іргелі өзгертумен емес, адамның 
өзін  де  іргелі  өзгертумен  байланысты  биосфераның  басқа  қасиеттегі,  жаңа  көріністегі  жоғарғы 
сатысы  деп  тұжырымдайды [1]. Ойланып  қарасақ,  осы  күнге  дейін  адам  ғылым  мен  білімді  тек 
техниканың жоғары деңгейде дамуына ғана бағыттаған сияқты. Сондықтан қазір «техносфера» деген 
ұғым пайда болған. Əзірге ғылым мен техника негізінен табиғи қорларды мүмкіндігінше пайдалану 
жəне қайткен күнде де адам мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді. Ал ғалымның 
ой-пікірі мен тілегі бұл емес. Бұл Жердегі пендешілік пиғылдан туындаған, əрбір адам өзін тек жерде 
«қонақ»  сезінетін  өткінші  психология  қалыптасқан.  Адам  табиғатта  өзін  жат  сезінеді.  Табиғи 
үрдістердің заңды нəтижесі адамның шығуына əкеліп отыр, сондықтан ми қалыптасып сананың негізі 
болды. Сана – ғылыми ой-пікірге, ол еңбек əрекетімен үйлесіп биосфераның ноосфераға айналуына 
жеткізеді. Олай болса адамның осы өзгертуші əрекеттерінің бəрі қатаң ғылыми, шын мəнінде, барлық 
жүріп жатқан үрдістерді саналы түйсініп, оларды «табиғат мүддесімен» сəйкестендіруі қажет [2]. 
Осы  негізде  бірінші  болып  дүниенің  «экологиялық  тұйықтығын»  сезіну  тұр.  Педагогика 
саласының кез келген адамы осыны əуелі өзі түсінуі қажет. Ол əліппедегі дыбыстар мен əріпті алғаш 
танытқан  ұстаз  сияқты  болуы  тиіс.  Адамзат  жасап  шығарған  мериалдық  мəдениет  ауқымы  аса  кең 
жəне  оның  даму  қарқыны  үнемі  ұлғаюда.  Алдыңғы  күні  «запорожец»  міндік,  кеше  «ракетаға» 
отырдық,  бүгін  адамды  «клондап»  біттік,  ертең...,  бүрсігүні ... А.С.  Пушкиннің  «Алтын  балық» 
ертегісіндегінің кебін киіп қаламыз ба? Немесе Абайдың «Ескендір» поэмасындағы  
Бұл — адам көз сүйегі, — деді ханға, — 
Тоя ма адам көзі мың мен санға? 
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, 
Өлсе тояр көзіне кұм құйылғанда... — 
дегендей болмасына кім кепіл?! 

А.Б.Мырзабаев, А.К.Мыңбаева 
174 
Вестник Карагандинского университета 
Бүгінгі  таңда  техномасса  (бір  жылда  адамның  жасап  шығарғаны)  биомассадан  (жабайы  тірі 
ағзалар салмағы) бірнеше есе асып түседі. Бұл үрейлі, табиғат — биосфера — адам жүйесіндегі теп-
теңдікке ойлана қараудың қажеттілігін ұштай түседі. Техниканың биосфераға жəне табиғатқа жалпы 
алғандағы  əсерін  тек  қана  қолданбалы  тұрғыда  ғана  емес,  терең  теориялық  ұғыну  тұрғысында  да 
оқып  үйренуді  қажет  етеді.  Техника  қазір  адамға  тек  көмекші  күш  қана  болудан  қалып  барады. 
Техносфера  табиғатты  одан  əрі  өзгертуде,  бұрынғы  ландшафтарды  өзгерте  отырып,  жаңаларын 
жасауда.  Жердің  басқа  (сфераларына)  қабаттарына  қарқынды  əсер  етуде,  оның  ішінде  əсіресе 
биосфераға.  Техникалық  ландшафтар  өндіріс  қалдықтарынан  жасалуда.  Тұтас  бір  аймақта  тіршілік 
белгілері  жойылған.  Табиғат  тек  қор  ретінде  қаралады,  бұл — техникамен  қаруланған  адамның 
қоршаған  ортаға  тигізген  кері  əсерінің  анық  жемісі.  Осының  бəрін  бұл  проблеманы  түйсінуде 
жаратылыстану  жəне  қоғамдық  ғылымдардың  өзара  əсерлерінің  жеткіліксіздігі  деуге  болады.  Қазір 
адам  өмірінде  техниканың  маңызы  аса  зор,  ендеше,  осымен  қатар  техносфераны  ізгілендіру  
проблемасы өткірлене түсуде [3, 4]. 
Экологиялық  проблемаларға  өнегелілік  тұрғысынан  қарау  бұрыннан  айтылуда,  ол  қазір  тіпті 
адам  мен  табиғат  арақатынасы  жəне  бізді  қоршаған  əлем,  дүние  сияқты  көнеленіп  барады.  Ата-
бабаларымыз  заманында  ыстық-суыққа  қарамай  көшіп  қонып  жүріп-ақ,  ғасырлар  бойы  ұрпақтан 
ұрпақ жалғасып, табиғатпен үйлесімді өмір сүрген. 
Шетел  ғалымдары  мынадай  тəжірибе  жасаған.  Ағаш  жапырақтарын  жұлып  əкеліп  ертіндіге 
салып  отырған,  біраз  уақыттан  соң  тағы  да  сол  ағаштан  жапырақтар  жұлып  əкелген  де  басқа 
тостағандағы  ертіндіге  салған.  Осылай  бірнеше  рет  қайталап  əрбір  ыдысқа  салынған.  Нəтижесінде 
бірінші  жұлып  əкелінген  жапырақтар  ертіндіге  ешқандай  зат  бөлмеген.  Бірте-бірте  əрбір  ыдыстағы 
ерітінді  ақшыл-қоңырқай,  одан  қызыл  түске  дейін  боялған.  Соңғы  ерітінділер  у-ға  айналған.  Басқа, 
осыған  дейін  тиіспеген  өсімдіктердің  де  жапырақтарында  у  пайда  болған.  Бұл  нені  көрсетеді? 
Өсімдіктер өзін-өзі қорғай бастайды, өзін жеуге жарамсыз ету үшін денелерінде у жасап шығарады. 
Онымен қоса маңайындағы басқа да өсімдіктерге «хабар» береді де («өсімдік тілі») оларда сақтанып, 
қорғануға көшіп денелерінде у пайда болады. 
Осыдан мынадай ойға келуге болады: ата-бабаларымызыдың бір жерге малды қайта-қайта жая 
бермей  жайлауға  көп  жерлер  алып  қоныстануы,  күзекке,  қыстауға  т.б.  жайылым  ауыстырып 
отырулары  ойландыратын  жай.  Бұл,  біріншіден,  табиғатты  қорғау,  Жер-ананы  түсіну  болса,  екінші 
жағынан — өздерін ауру-сырқаудан, уланудан сақтаған. 
Ал  қазіргі  күні  ғылым  мен  техниканың  дамуы  неге  біздерді  тереңге,  қашыққа  көз  тастауға 
үйретпейді?  Тек  тұрған  жеріміздің  ғана  емес,  тұтасымен  алғанда  тіршіліктің  барлық  көрінісінде 
табиғатпен  үйлесімді  байланыстан  айырылғанбыз.  Адамзат  Жерде  өзін  уақытша  ғана  өсіп  ұшып 
кететін  қаңбақша  сезінеді.  Болашақты  ойлап,  ұрпақтың  қамын  жемейді.  Бұл  кездейсоқтық, 
уақытшалық психологияның санамызда мықтап бекітілгендігі. 
Мысалы,  кенгурулар  Австралияда  ауыл  шаруашылығына  көп  «зиян»  келтіретінін  айтайық. 
Ағаштар  көптеп  қырқылған,  жердің  көбі  егістік...  адам  өзін  ғана  ойлайды,  өзі  тоқ  болса,  өзі  əдемі 
болса, өзіне зиян болмаса, өзіне қолайлы болса... т.б., кенгуру сияқтылар не болса ол болсын.  
Сондықтан  адам  планетамыздың  эволюциясына  тікелей  жауапты  бұл  ноосфера  жөніндегі 
В.И. Вернадский  ілімінің  өзегі.  Жалпы  дамуымыздың,  өркениеттік  дамудың  стихиялылығы 
биосфераны  тіршілік  мекеніне  жарамсыз  етеді.  Осыған  байланысты  адам  өз  қажеттілігін  биосфера 
мүмкіндігімен  шамалауы  керек.  Табиғат,  биосфера  эволюциясының  күрделі  сипатын  жəне 
носфераның пайда болуының, ондағы адамның орны мен рөлін анықтаудың қиындығы осында [1, 5]. 
«Homo sapiens» (ақыл  ойы  жетілген  адам)  ретінде  адамның  пайда  болуы  сол  кезеңнің  өзінен 
бастап  биосфераға  əсер  етсе,  қазіргі  кезеңде  ол  тіпті  биосфераны  ғана  өзгертіп  қоймай,  оның 
планеталық əсерін де қатты өзгертті. 
Гоминид эволюциясының бастапқы кезінде алғашқы адам тəрізді маймылдардың сыртқы ортаға 
тигізетін  əсері  басқа  өздері  сияқты  сүт  қоректілер  əсерінен  айырмашылығы  болмады.  Негізінен 
кейінірек отты пайдаланудан басталған қоршаған ортаға тигізген əсер келе-келе адамды органикалық 
[6]  жəне  бейорганикалық  заттарды  өзгертетін  шешуші  факторға  айналдырды.  Сондықтан 
эволюциялық  үрдісті,  ондағы  адамның  рөлін  зерттеп  тану — бүгінгі  таңда  теориялық  жəне 
практикалық маңызы бар мəселе. 
Жерде  тіршіліктің  пайда  болуының  өзі  осы  планетаның  кейіпін  жəне  оның  құрам  бөлігі — 
климат, температура, ландшафтын өзгертті. Биосфераның дамуы, — бұл табиғи құбылыс, — ол тірі 
ағзалар  мен  ортаның  өзара  əрекеттестігінің  жоғары  бір  көрінісі.  В.И.Вернадский  пікірінде  бұл 

Экология: əдіснама жəне тұжырымның дамуы 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
175 
планеталық интеграция, яғни тірі жəне өлінің өзара байланысының, өзара əрекетінің ұлғаюы, дамуы 
[7].  Міне,  мыңдаған  жылдар  бойы  бұл  əрекеттестікке  үшінші  бір  күш  араласып  отыр,  ол — адам. 
Планетамыздағы  жалғыз  саналы  тіршілік  иесі  адамның  биосферамен  бұл  байланысы  көпқырлы. 
Өйткені  өзінің  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  адам  жүздеген,  мыңдаған  жабайы  тірі  ағзалар 
түрлерін пайдаланды. Ол, бір жағынан, жабайы өсімдіктер мен жануарларды санадан тыс (əрі саналы) 
түрде жойып отырды, екінші жағынан (бұл да санадан тыс жəне саналы тұрғыда) өсімдіктерді мəдени 
формаларға  айналдырып,  жануарларды  үй  жануарларына  айналдырып  немесе  осылардың  жаңа 
мəдени  түрлерін  шығарды.  Осы  əрекеттің  барлығы  айналып  келгенде  биосферада  бұрын  болмаған 
əрекеттер — бір түрлердің жойылуы мен екінші бір түрлердің пайда болуына əкеліп соқтырды. Бұл 
«саналы  адамның»  атына  сай  келмейтін  алғашқы  қылықтарының  жайы.  Қазіргі  таңдағы  асқынған 
экологиялық  жағдайдың,  ауқымды  экологиялық  апаттың  басы  əріден  басталғанын  осыдан  көруге 
болады. 
... Адамзат, тұтасымен алғанда, қуатты геологиялық күш болып тұр. Оның алдында, оның ойы 
мен еңбегі алдында еркін ойлайтын адамзат мүддесі үшін биосфераны қайта құру мəселесі тұр. Бұл 
биосфераның  жаңа  күйі,  біз  оны  байқамай  оған  жақындап  келеміз,  ол  «ноосфера».  Біздің 
демократияның үлгі, мұраты стихиялық геологиялық үрдіспен, табиғат заңдарымен бірлесе (үндесе) 
жылжып  ноосфераға  сай  келеді.  Сондықтан  біздің  болашағымызға  сеніммен  қарауға  болады.  Ол 
біздің қолымызда. «Біз оны босатпаймыз» [7] деген В.И.Вернадскийдің пікірі бар. 
Осы  айтылғандардан  түйетін  ой  «адам  қуатты  геологиялық  күш»  болса,  биосфераны  қайта 
құруды  қандай  негізде  қарағанымыз  жөн.  Ол  ноосфераны  құруды  эволюциялық  дамумен  біртұтас 
қарау. 
Адам  санасында  (балада  да,  үлкенде  де)  бір-біріне  тəуелсіз  екі  ұғым  қалыптасқан,  ол 
экологиялық жəне эволюциялық. Осы ұғымдар санада қатар болады, бірақ өзара əрекеттеспейді, бұл — 
осы  уақытқа  дейін  көңіл  аударылмай  келген  мəселе.  Олай  болса,  оқу-тəрбие  үрдісінің  барлық 
сатысында  (балабақшадан — жоғарғы  оқу  орнына  дейін)  экология  мен  эволюция  ұғымдарының 
тығыз  байланысын  адам  санасына  жеткізу  қажет.  Биосфераның  тіршілік  ету  принциптерінде  «тірі 
заттың əрекет ету тəсілдері» деген ұғым бар. 
Тірі  ағза  жер  қыртысының  ажыратылмайтын  бөлігі  жəне  оны  өзгертушісі,  ал  тірі  зат — 
геохимиялық  үрдістерге  қатынасатын  ағзалар  жиынтығы.  Ағзалар  қоршаған  ортадан  өз  денелерін 
құрайтын  химиялық  элементтер  алады.  Ал,  тіршілік  əрекетінде  жəне  өлген  соң  оларды  сол  ортаға 
қайтарады.  Сөйтіп,  тіршілік  жəне  өлі  зат  химиялық  элементтер  айналымында  өзара  тығыз 
байланысты болады. Осында тірі зат негізгі жүйеқұраушы фактор болып биосфераны біртұтас етеді. 
Ендеше,  биосфераның  біртұтастығы — тарихи  қалыптасқан,  ұзақ  эволюциялық  жəне  экологиялық 
«жетілудің» нəтижесі, динамикалық үндестіктің жоғарғы көрінісі. 
Қазіргі  жаратылыстануда  «коэволюция»  деген  ұғым  бар,  ол — түрлердің  өзара  бейімделуі. 
Биоценозды  жүйе  ретінде  бірге  тіршілік  етуін  жəне  тұрақтылығын  көтеретін  осы  коэволюция. 
Осыдан адам жəне оның қоғамы мен биосфера арасында «коэволюция» қажеттігі түсінікті. Бұл өзара 
байланыс  қалай,  қандай  негізде  құрылуы  тиіс?  Осыған  дейінгі  адамзат  тіршілігінде  бұл  байланыс 
болды ма, болса неге жеткізді дұрыс па, бұрыс па? 
Ойлантатын жай, биосфера — тек кездейсоқ ағзалар жиынтығы емес, миллиондаған жылдардағы 
эволюцияның  нəтижесі,  ал  адам  кім,  тірі  ағза  ретінде  жалпы  алғанда,  ол  да  эволюция  нəтижесі. 
Осыдан маймыл адамнан басталған дамудағы «саналы адам» қалай өзгерген. 
Көпшілік ғалымдар, философтар «адамның мəні тек қана əлеуметтік, ал биологиялық, анығырақ 
айтсақ, əлеуметтік-биологиялық жағы тек оған қосымша (органикалық қосымша) болып, бағынышты, 
жанама түрдегі мазмұн сияқты» деген ортақ пікірде [5, 8]. Біз адамды оның қоғамдық байланыстар 
жүйесінен  бөліп  қараймыз,  ал  ол  оның  күнделікті  тіршілік  жағдайында  көрініп  тұр.  Дұрысырақ 
айтсақ,  адамдағы  табиғаттың  биологиялық  сипаты  жəне  үрдістері  əлеуметтік  əсерге  үнемі  түсіп 
отырады.  Əлеуметтік  əсердің  күші — өркениеттік  қысымнан  туындайды,  қоғамның  техникалық 
қарулануының ықпалы. Адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде ол өте аз болды. 
Ғылымның  алдыңғы  шебі  мəдениет  жүйесінен  бастау  алып  жаңа  ой-пікірлер  қысымымен 
дамиды.  Зерттеу  бағыттары  үздіксіз  қайта  қаралып,  ғалымдардың  күш-жігері  сан  алуан  көкейкесті 
проблемаларды  шешуге  бағытталады.  Ал  оқу  құралдары  жаңа  пəндер  тудырып  жатқан  ғылымның 
алдыңғы  шебінен  ондаған  жылдарға  қалып  қояды.  Жаңа  туған  білімнің  проблемасы  болады,  онда 
қателіктер жəне адасулар орын алады. 

А.Б.Мырзабаев, А.К.Мыңбаева 
176 
Вестник Карагандинского университета 
Өкінішке  орай,  жалпы  мəдениет  деңгейіндегі  ақтаңдақтар,  адамдар  ұрпағының  бірнеше 
сатылары  тіршілік  əлемінің  заңдылықтары  мен  ерекшеліктерін  ескермеуі — бүгінгі  таңдағы  да 
шындық.  Адамзаттың  өз  қателігінен  үйренгісі  келмейтіні,  бар  ақиқатқа  ден  қоймайтынына  орман-
тоғайларды кескеннен соң өзендердің тартылуы, сауатсыз игеруден тұзданған жəне жарамсыз болып 
қалған егістік алқаптар, құрып бара жатқан Арал теңізі... т.б. 
Жалпы алғанда, адамның қоршаған ортаға сауатсыз араласуы бүгінгі күнде табиғатқа да қоғамға 
да кері əсерін тигізуде, бұл əсердің салдары өндіргіш күштердің жоғары деңгейде дамуынан ауқымды 
сипат алуда жəне ғаламдық экологиялық проблемалар тудыруда. 
Педагогика саласының алдындағы үлкен проблема білім берудің барлық деңгейінде табиғат — 
биосфера — адам жүйесін  оқу-тəрбие  үрдісінде жаңа  бағытқа,  дұрыс жолға  қою.  Себебі,  эволюция 
нəтижесінің жалғыз  ғана  саналы  тіршілік  иесі — адам  бəріне жауапты.  Осы  жұмыстың  əліппесі — 
табиғат  өзінің  құрам  бөліктері  жөнінен  сансыз  көп  түрлі  болса  да — біртұтас  екенін  түсіну.  Осы 
тұрғысында мынадай бағытта іс-шаралар жүргізілуі тиіс: 
1. Табиғаттағы  тепе-теңдік  жағдайын  түсіну,  биосфера  үшін  үнемі  баланс  қажеттігі,  бұл, 
мысалы,  оттегі  мен  көміртегінің  бөлінуі  мен  сіңірілуі  арасындағы;  өсімдіктер  мен  жануарлар 
арасындағы,  олардың  көбеюі,  дамуы,  өлуі,  шектелуі  арасындағы;  ауаның,  топырақтың,  судың 
құрамындағы,  тіпті  ағзаның  ішкі  тепе-теңдігі  (гомеостаз),  тірі  жүйе  ашық  жүйе  болғандықтан, 
динамикалық тепе-теңдік керек. 
2. Адамның  ғылыми  əлем  бейнесінің  мəдениет  жүйесіндегі  орнын,  оның  мəнін,  мақсатын, 
антропогенез, салауатты өмір салты құнын түсіну. 
3. Экологияны эволюциялық дамумен байланыстыра қарау. 
4. Органикалық дүние тарихын биосфера тарихы ретінде «қайта түсіну». 
5. Жас  ұрпақтың  ер  жеткенде  «бəрі  биолог»  болмайтынын  ескеріп, «биолог  еместер»  үшін 
экологиялық, биологиялық сауаттылық негізін беру. 
6. Биоэтика мəселесі, бұл — əр адамның санасында, жанында туа біткен «ішкі бақылаушысы», 
адамның  бойындағы  жалпы  адамдық  моралі.  Өмірді,  тіршілікті  аса  жоғары  құндылық  деп  түсіну, 
тіршілікті «пір тұту», қадірлеу, аялау. 
7. Табиғатпен  үндестікте  өмір  сүру,  даму  мəселесін  ата-бабаларымыздың  сауатты  тіршілік 
əрекетінен оқып-үйренуге мəн беру. 
Қорыта  келе,  осы  айтылған  жағдайларды  бір  жүйеге  келтіретін,  оқу-тəрбие  жұмыстарында 
дұрыс жолға қоятын «педагогикалық ноосфера» негізі жасалуы қажет. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Вернадский В.И.  Философские мысли натуралиста. — М.: Наука, 1988. — 519 с. 
2  Комиссаров Б.Д. Методологические проблемы школьного биологического образования. — М.: Просвещение, 1991. — 187 с. 
3  Моисеев Н.Н. Человек и ноосфера. — М.: Мол. гвардия, 1990. — 113 с.  
4  Иванов В.Г. Конфликт ценностей и решение проблем экологии. — М.: Знание, 1991. — 313 с. 
5  Такенов Ж. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане. — Алматы: Казахстан, 2004. — 211 с.  
6  Люцис К. Биологическая энциклопедия. — М., 1991. — 734 с.  
7  Вернадский В.И. Химическое строение биосферы Земли и ее окружения. — М.: Наука, 1987. — 340 с. 
8  Тарасов К.Е., Черненко Е.К. Социальная детерминированность биологии человека. — М.: Мысль, 1979. — 366 с. 
 
 
А.Б.Мырзабаев, А.К.Мынбаева
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет