№3(79)/2015 Серия педагогика


Жоғарғы білім беру жүйесінде болашақ экологтарды



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата18.01.2017
өлшемі3,79 Mb.
#2183
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37

Жоғарғы білім беру жүйесінде болашақ экологтарды  
кəсіптік дайындаудың талдау шарттары 
Мақалада  экологиялық  білім  халықаралық  ұйымдардың  жоғары  деңгейдегі  талқыланатын 
тақырыбына  айналғандығы  айтылған.  Қоғамның  жəне  табиғаттың  жарасымды  қарым-қатынас 
ізденістері 
экологиялық 
мəдениетті 
қалыптастыру 
үрдісінде 
жүретін 
қоғамның 
экологияландырылуына  алып  келеді.  Бұл  қоршаған  ортаны  қорғаудың  мəселелеріне  шешім  іздеу 
барысында адамның жоғары дəрежеде қызығушылық танытуына қажеттілік тудырды. Қоршаған орта 
мəселелеріне арналған  көптеген конференцияларда экологиялық білім адамның əлеуметтік жəне жеке 
экологиялық  санасын  қалыптастырудағы  құрылымды  трансформациялық    негізгі  құрал  ретінде 
анықталды.  Экологиялық  мəселелердің  шешілу  барысы  келешек  эколог-мамандардың  экологиялық 
білім деңгейіне жəне кəсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.  
 
Г.К.Длимбетова, А.Я.Алиева, Я.Калтэн, М.М.Акешова 
Анализ условия профессиональной подготовки будущих экологов  
в системе высшего образования 
Экологическое  образование  становится  предметом  обсуждения  международных  организаций  на  са-
мом  высоком  уровне.  Поиск  гармоничного  взаимодействия  общества  и  природы,  подчеркнуто  авто-
рами, приводит к экологизации общества в процессе формирования экологической культуры челове-
ка, что вызвало повышенный интерес людей к необходимости их участия в поиске решений проблем 
сохранения окружающей среды. На многих международных конференциях, посвященных проблемам 
окружающей среды, выделено в статье, экологическое образование определяется в качестве главного 
средства  конструктивной  трансформации  социального  и  индивидуального  экологического  сознания 
людей. Определено, что экологические проблемы решаются в зависимости от уровня экологического 
образования и профессиональной компетентности будущих экологов. 
 
 
References 
1  Alekseyev S.V. From the ecological education to the education for steady development: search for strategy, approaches, 
technologies, Saint Petersburg, 2001, p. 7. 
2  Dlimbetova G., Aliyeva A., Ayazbayeva A. Bioscience Biotechnology research Asia, April 2015, 12 (1), p. 311–319. 
3  Constitution of the Republic of Kazakhstan. Scientifically legal commentary / Under the publication of G.S.Sapargaliev, 
Almaty Nur-press, 2004, p. 185–190. 
4  Beysenova A.S. Project of the state strategy of ecological education and upbringing, Almaty, 1998. 
5  Nazlyogly, Education in the sphere of the environment, Ankara, 1995, p. 108. 
6  Senemogly, Environment and Ecology, Istanbul, 1991, p. 164. 
 
 
 
 
 
 

198 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 371.132 
Г.Қ.Белгібаева, С.А.Смағұлова 
 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: gilchi09@mail.ru)
 
Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі үрей мəселесі 
Авторлар  мұғалімнің  кəсіби  іс-əрекетін,  педагогикалық  іс-əрекет  мазмұнын  жан-жақты  сипаттай 
келіп,  педагогикалық  процесте  туындайтын  келелі  мəселелерге  тоқталады.  Мұғалімнің  кəсіби  іс-
əрекетінде  туындайтын  қиындықтарды  зерттеген  ғалымдардың  еңбегін  дəйек  ете  отырып,  үрей 
мəселесін  жан-жақты  сараптайды.  Мақалада  мұғалімнің  кəсіби  іс-əрекетінде  туындайтын  үрей 
мəселесі жəне оның тууына əсер ететін шарттар мен факторлар қарастырылды. «Үрей», «қорқыныш», 
«қобалжу», «мазасыздық»  ұғымдарына  жан-жақты  анықтама  беріліп,  үрей  түрлерін  бөліп  көрсетті. 
Мұғалім  іс-əрекетінде  туындайтын  үрей  түрлерімен  күресу  əдістері  мен  үрей  деңгейін  анықтауға 
арналған диагностикалық əдістер аталды.  
Кілт  сөздер:  мектеп,  мұғалім,  оқушылар,  педагогикалық  іс-əрекет,  күйзеліс,  үрей  түрлері,  қобалжу, 
мазасыздану, сенімсіздік.  
 
Күйзеліс (стресс), шамадан тыс көп міндеттің жүктелуі, үрей ұғымдары қазіргі қоғамымызға тəн 
ерекшеліктердің бірі болуда. Бұған осы қоғамда өмір сүретін адамдардың іс-əрекетіндегі шапшаңдық, 
ақпараттар легінің көптігі, мəселе түйінін шешерде жылдам шешім қабылдау қажеттігі жəне басқа да 
факторлар  əсер  етіп  отыр.  Қоғамда  орын  алған  келеңсіз  жағдайлар  білім  беру  саласына,  яғни 
мектепке де, соқпай кетпейтіні анық.  
Мұғалім қай кезде де өзінің қайталанбас жеке тұлғалық ерекшелігімен бағаланған. Мұғалімдерге 
басқа  маман  өкілдері  өте  құрметпен  қарайды,  себебі  кез  келген  маман  ұстаз  алдынан  өтеді,  білім 
алады. Үлгі тұтар ұстаздар қауымының үйдегі де, түздегі де тірлігі ел назарында. Өзгенің жəне өзінің 
іс-əрекетіне  үнемі  есеп  беріп  жүру,  болашақ  ұрпақ  білімі  мен  тəрбиесіне  деген  жауапкершілікті 
арқалау,  əлбетте,  оңай  іс  емес.  Педагог  кəсібі – жан  қалауы  болғанда  ғана  нəтижелі  болмақ. 
Материалдық құндылық көксеген адам дəрігер немесе педагог мамандығын таңдамайды, себебі бұл 
салаларда аса көп пайда табу мүмкін емес. Бұл сала қызметкерлері «адам» құндылығына басты назар 
аударып,  ауруларды  сырқатынан  айықтырудан  немесе  білім  нəрімен  сусындандырып,  саналы, 
тəрбиелі  ұрпақ  тəрбиелегеннен  рухани  байлық  алады.  Өз  кəсіби  іс-əрекетін  саналы  түрде,  аса 
жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен атқарғанда ғана «нағыз мұғалім» болуға болады.  
Мұғалімнің  кəсіби  іс-əрекеті — түрлі  оқыту  құралдары  арқылы  педагогикалық  процесс 
міндеттерін  шешеуге  бағытталған  кəсіби  белсенділік.  Педагогикалық  іс-əрекеттің  білім  беруші, 
тəрбиелеуші,  ұйымдастырушылық,  насихат  жүргізу,  басқарушылық,  диагностикалық  жəне  т.б. 
түрлері бар.  
Педагогикалық іс-əрекеттің сипаттамасы қандай?  
Педагогикалық іс-əрекет адамзат іс-əрекетінің кез келген түріне тəн сипаттамаларға ие. Бұл, ең 
алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пəнділік.  
Педагогикалық  іс-əрекетті  қарастырғанда  біз  оның  жоғарғы  продуктивті  сипаты  жөнінде 
айтамыз.  Педагогикалық  іс-əрекет,  іс-əрекеттің  басқа  түрлері  сияқты,  психологиялық  (пəндік) 
мазмұнмен  анықталады, оған  мотивация,  мақсат, пəн,  құралдар,  тəсілдер, өнім  мен  нəтиже  жатады. 
Өзінің  құрылымдық  ұйымдасуында  педагогикалық  іс-əрекет  əрекеттердің  (іскерліктер) 
жиынтығымен  сипатталады,  олар  ары  қарай  қарастырылады.  Педагогикалық  іс-əрекет  пəні  ретінде 
дамудың  шарты  мен  негізі  ретіндегі  оқытушылардың  пəндік  əлеуметтік  мəдени  тəжірибені 
игерулеріне  бағытталған  оқу  іс-əрекетінің  ұйымдастырылуы  болып  табылады.  Педагогикалық  іс-
əрекет  құралдары  ғылыми  білімдер  болып  (теоретикалық  жəне  эмпирикалық),  солардың  көмегімен 
жəне  солардың  негізінде  оқытылушылардың  тезаурусы  қалыптасады.  Білімдерді  «тасушы»  ретінде 
оқулық  мəтіндері  немесе  пəндік  айғақтың  фактілерін,  заңдылықтарын,  қасиеттерін  мұғалімнің 
ұйымдастырған  бақылауы  жағдайында  (зертханалық,  практикалық  сабақтарда,  даладағы  практика 
кезінде)  оқушының  жаңадан  жасаған  елестетулері  жатады.  Техникалық,  компьютерлік,  графикалық 
жəне т.б. құралдар қосымша құралдарға жатады.  
Педагогикалық  іс-əрекетте  əлеуметтік  мəдени  тəжірибені  беру  тəсілдері  ретінде  түсіндіру, 
көрсету  (иллюстрация)  оқу  міндетін  шешу  бойынша  оқушымен  бірігіп  атқарылатын  жұмыс, 

Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
199 
оқушының тəжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Педагогикалық іс-əрекеттің 
нəтижесі,  оқушының  бүкіл  аксиологиялық,  құлықтылық-этикалық,  эмоционалдық-мағыналық, 
заттық,  бағалаушы  құрастырушыларының  жиынтығымен  алғандағы  оның  қалыптасатын  жеке  дара 
тəжірибесі  болып  табылады.  Педагогикалық  іс-əрекеттің  нəтижесі  емтихандарда,  сынақтарда 
тапсырмаларды,  оқу-бақылау  жұмыстарын  орындау  критерийлері  бойынша  бағаланады. 
Педагогикалық  іс-əрекеттің  нəтижесі  оның  негізгі  мақсатының  орындалуы  ретінде  оқушының 
тұлғалық,  интеллектуалдық  дамуы,  оның  тұлға  ретінде,  іс-əрекет  субъекті  ретінде  жетілуі, 
қалыптасуы  болып  табылады.  Нəтиже,  оқушының  оқудың  басындағы  сапасы  мен  адамның  жан-
жақты дамуы тұрғысынан оның аяқты кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диагностикаланады [1].  
Көтеріліп  отырған  мəселе  зерттелмеді  деп  айтуға  болмайды.  Мұғалімнің  кəсіптік-
шығармашылық  дамуы  жөнінде  В.А.Афанасьева,  Н.Д.Хмель,  Ш.Т.Таубаева,  А.А.Бейсенбаева, 
М.Ə.Құдайқұлов,  А.К.Ахметов,  Б.А.  Тұрғынбаева  жəне  тағы  басқа  ғалымдар  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізді. 
Педагогтардың  кəсіби  іскерлігін  қалыптастыру  мəселелерін  П.П.Блонский,  Н.К.Крупская, 
А.В.Луначарский,  А.С.Макаренко  жəне  тағы  басқалар  жете  зерттеген.  Олар  кеңес  мұғалімін 
даярлаудың  мəнін,  мазмұны  мен  жүйесін  негіздеген.  Бүгінгі  педагогтар  Н.В.Кузьмина, 
В.А.Сластенин,  С.Т.Каргин,  Л.А.Шкутина,  С.Қ.Əбілдина,  Н.В.Мирза,  Қ.А.Сарбасова,  тағы  басқалар 
мұғалімді  кəсіби  даярлау  үдерісінің  психологиялық-педагогикалық  негіздеріне,  педагогикалық 
мамандықтың  мəніне,  өзіндік  ерекшеліктері  мен  функцияларына  тоқталады.  Мұғалім  іс-əрекетінде 
кездесетін  қиындықтар  (С.Г.Вершловский,  В.А.Метаева,  Л.М.Митина,  Т.С.Полякова),  мұғалімнің 
эмоционалдық мəдениеті (М.И.Кряхтунов) мəселелері зерттелді [2]. 
«Үрей» мəселесі дəстүрлі түрде белгілі бір жағдаятың немесе құбылыстың əсерінен туындаған 
эмоция ретінде қарастырылып келді жəне осы аспект С.Л. Рубинштейн (1946), П. Фресс, Ж. Пиаже 
(1975),  В.К.  Вилюнас (1976), П.В.  Симонов (1981), Л.М.  Аболин (1987), Л.А.  Гозман (1987), 
Б.И. Додонов (1987), Г.М.  Бреслав (2004) жəне  тағы  басқа  ғалымдар  еңбегінде  кездеседі.  Үрейлену 
мəселесін түрлі ғылым өкілдері: биологтар, медиктер, педагогтар, философтар, психологтар, фиолог-
лингвистер  зерттеді.  Көп  еңбектерде  үрей  табиғатын  эмоция,  яғни  əр  адамның  дербес  ерекшелігі 
ретінде түсіндіреді (Л.В. Домодедов, 1986; А.Е. Олынанникова, 1997; Е.С. Розенберг, 2004 жəне т.б.).  
Мұғалім  еңбегі  көп  салалы  қызметтен,  түрлі  кəсіби  іс-əрекеттен  тұрады.  Осы  уəжді  көптеген 
зерттеушілер ескере бермей: «Мұғалім қызметінде  қиындығының туу себебі — еңбек ақының төмен 
мөлшерде  болуы», — деп  көрсетеді.  Э.Днепров: «Мектепті  «өмір  сүру  минимумымен»  қамтамасыз 
еткенде ғана сапалы білім күтуге болады», — дейді [3]. 
Мұғалім  еңбек  ақысының  басқа  кəсіп  өкілдері  табысынан  аз  болуы,  əрине,  жағымсыз 
құбылыстар  орын  алуына  соқтырады.  Мəселен,  дарынды  педагогтардың  кəсібін  ауыстыруы, 
мұғалімнің кəсіби дамуы деңгейінің төмендеуі, қоғамда педагог беделінің төмендеуі т.б. Бірақ, осы 
жағдайларға  қарамастан,  көптеген  мұғалім  жағымды  өзгерістер  болатынына  дəмеленіп,  мектептегі 
кəсіби қызметін жалғастыруда. Бұлай үміттенуге желеу де бар.  
2014 жылғы 17 қаңтарда республика халқына арналған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір 
мүдде, бір болашақ» атты  Жолдауында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев:  «Біздің болашаққа 
барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ 
ғасырдағы дамыған ел дегеніміз — белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз 
не  істеуіміз  керек?  Біріншіден,  барлық  дамыған  елдердің  сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар. 
Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр…», деп 
көрсетті [4]. 
Елбасының  көтерген  мəселесі  аз  уақыттың  ішінде  шешімін  тауып  кетпесі  анық.  Сондықтан 
əзірге мұғалімдердің əлеуметтік-психологиялық мəселелері түбегейлі шешілді дей алмаймыз.  
«Еңбек  ақының  аздығы», «жұмыс  ауқымының  көптігі», «рухани  жəне  дене  еңбегін  көп  қажет 
ететіндігі»  сөз  болмаған  күнде  де,  мұғалімнің  кəсіби  іс-əрекеті  қоғамда  күрделі  қызмет  түрлерінің 
бірі  болып  саналады.  Педагог  кəсібі  мұғалімге  қоғамдық  жəне  моральдік  жауапкершілік 
жүктейтінімен ерекшеленеді. Шын мəнінде, елдің ертеңі — ұстаздар қолында. Əр оқушының өмірден 
өз орнын тауып, мемлекетіміздің азаматы, жетілген жеке тұлға болуы, əлбетте, педагогтардың кəсіби 
іс-əрекетінің сапасына тəуелді. Ал, бұл  мұғалім мойнына спецификалық жүктемеден бөлек, қосымша 
жауапкершілік  артып  отыр.  Бұл  өз  кезегінде  күйзеліске  (стреске)  əкелуі  мүмкін.  Кəсіби  іс-əрекеті 
оңды жолға қойылмаса, бұл педагогтың жеке тұлғалық сапалары төмендеуінен көрініс береді. Жүйке 
жүйесі сыр береді, үрей пайда болады.  

Г.Қ.Белгібаева, С.А.Смағұлова 
200 
Вестник Карагандинского университета 
Үрейді басқа психологиялық үдерістермен шатастырып алмау үшін мақала тақырыбына қатысты 
негізгі ұғымдардың анықтамаларына тоқталып өтейік.  
Үрей (гр. рапіһоп — қорқыныш сезімін туғызатын) — жалған немесе ақиқат қауіптерден жаппай 
үрейлену. Үрей моральдік-психикалық көңіл-күйдің, рух күшінің төмендеуі, қабылдаудың бəсеңдеуі, 
еліктеу,  ретсіз  қозғалыс,  илану  механизмдері  белсенді  əрекеттерінің  күшеюі.  Үрейленушілік — 
арнайы  əлеуметтік  жағдайларда  адамның  мазасыздануы  мен  үрейленуі,  қатты  əсерленгіштігі 
нəтижесінде болатын толғаныстар. 
Қорқыныш — индивидтің  биологиялық  не  əлеуметтік  тіршілігіне  қатерлі  жағдаяттарда 
туындайтын қауіп, қолайсыз эмоция. Қорқыныш — бір нəрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда 
пайда  болатын  сезім,  қауіп-қатер,  үрей.  Тіршілік  үшін  қауіпті  факторлардың  нақты  əрекетінен 
болатын ауру не басқа да зардап түрлерінен ерекше қорқыныш олардан күн ілгері болады. Қатердің 
сипатына байланысты қорқыныш сезімінің сипаты əр түрлі болады (қауіптену, қорқу, шошу, үрей). 
Егер қауіп негізі белгісіз, не түсініксіз болса, ондай күй алаңдау деп аталады. Функциялық тұрғыдан, 
қорқыныш — субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту. Қобалжу — қорқыныш үстінде пайда болған 
сезімдердің жиынтығы [5].  
Р.С.Немов  берген  анықтамаға  орай, «мазасыздық — ерекше  жағдайда  адамның  үрей  мен 
қорқыныш  сезімдерін  бойынан  өткізуі,  тұрақты  жəне  ахуалды  жағдайларда  жоғары  мазасыздану 
күйінде болуы» [6]. 
Үрей негізінде не жатыр? Қайдан, қалай пайда болады? Үрей сезімінің туындауына «белгісіздік» 
əсер  етеді,  мəселен,  кейде  біз  белгілі  бір  үдерістің  немесе  іс-əрекеттің  соңы  неге  апаратынын 
білмейміз, ең болмаса болжай да алмаймыз. Осы белгісіздік бойымызда қорқыныш сезімін ұялатады. 
Белгісіздік түбі бар құндылығымызды жоғалтуға, қауіп-қатерге əкелуі əбден мүмкін ғой. Белгісіздік 
көп  болған  сайын  үрей  күшейеді.  Сондықтан  жағымсыз  сезім  екеніне  қарамастан,  үрей  қалыпты 
құбылыс, адамның өзін-өзі сақтауға алып келетін психологиялық күй болып табылады.  
Үрей де тəн ауруы сияқты мақсатқа ие: ол — адам өмірін сақтап қалу. Үрей мен тəн ауруы көп 
жағдайда бірге туындайды. Ауру белгілері ағза жағдайы жөнінде ақпарат береді. Ауру ағза қызметі 
дұрыс атқарылмауы жайлы белгі береді жəне көп жағдайда адамды аман алып қалады. Үрей де, дəл 
ауру белгісі сияқты, адамды аман сақтау қызметін атқарады. Үрей адамға төнген қауіп-қатер жөнінде 
белгі береді жəне бізге əрекет жасауды ескертеді. Сақ болуды талап етеді, болуы мүмкін жағдаятты 
алдын ала талдап, сол үдерісте тиімді, дұрыс шешім қабылдауға əсер етеді. Ауру белгілері мен үрей 
қауіп-қатер жөнінде адамға берілген ескерту деп айтуға болады.  
Адамнан адамның үрейленетін кезі бола ма? Көп жағдайда мұндай үрей бейтаныс адамға сұрақ 
қояр  алдында  туындайды.  Мəселен,  бейтаныс  адамның  сұрақ  қоюшы  мен  сұраққа  деген  алғашқы 
реакциясы қандай болатынын болжау мүмкін емес.  
Шешім қабылдау алдында үрей туындай ма? Əдетте, адам өз шешіміне сенімсіз болған жағдайда 
үрей туындайды.  
Үрей туралы қорқынышты əрі қызықты мысал келтіруге болады. Өмірін қиюға бет алған адам 
өзін өліммен бетпе-бет келе алатын «батыр» сезінеді. Алайда психолог маманмен пікірлесу үстінде 
өмір  сүруден  қорыққанынан,  өлімге  бет  алғанын  мойындайды.  Яғни, «өлу»  мен  «өмір  сүру»  үрейі 
таласқа түседі. Үрейді жеңсе, тіршілік жалғасады.  
Неміс философы Пауль Тилих: «Үрей — белгісіз нəрседен қорқыныш. Үрейдің аты, бейнесі жоқ, 
бірақ адамның өзін, «менін» жоғалтуға əкеледі», — дейді.  
Үрей  күшті  эмоциялық  уайыммен  байланысты  болғандықтан,  күйзелісті  (стресті)  эмоцияға 
жатады. Бұл мұғалім денсаулығына нұсқан келтіруі мүмкін. Кез келген мұғалім кəсіби үрей мəселесі 
тууы  мүмкін  екенін  білуі  жəне  сол  жағдайды  басынан  кешіргенде,  яғни  күйзелістік  (стрестік) 
жағдаяттан шығу үшін өзінің психологиялық күйін ретке келтіре алуға дайын болуы қажет.  
Үрейленуді 5 түрге бөліп көрсетуге болады:  
 ырықты түрде үрейлену; 
 белгілі бір объекті немесе субъектімен тығыз байланысты үрей; 
 кеңістіктен үрейлену; 
 тірі денелерден үрейлену; 
 əлеуметтік үрей.  
Ырықты  үрейлену  кез  келген  заттан,  тіршілік  иесінен,  сондай-ақ  нақты  жағдаят  пен 
процестерден  үрейлену  болып  табылады.  Екінші,  белгілі  бір  объекті  немесе  субъектімен  тығыз 
байланысты  үрей — бұл  нақты  бір  оқиғадан  кейін  пайда  болған  үрейлену  түрі.  Мəселен,  ит  қауып 

Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
201 
алса,  адам  оны  өмірінің  соңына  дейін  ұмытпады.  Итті  көргенде  бойын  үрей  билеп,  қорғаныс 
реакциясы пайда болады. Кеңістіктен үрейленуге лифтіден, ұшақтан, көліктен, қараңғыдан жəне т.б. 
үрейленуді жатқызуға болады. Тірі денелерден үрейленуге тышқан, өрмекшілерден, жыланнан жəне 
т.б.  үрейлену  мысал  бола  алады.  Əлеуметтік  үрей  түріне  танысу,  амандасу,  қарым-қатынас  орнату 
кезінде туындайтын үрейді жатқызамыз.  
Адамның  балалық  шағында  немесе  жеткіншектік  кезеңінде  қалыптасқан  үрей  көп  жылдарға 
дейін  адам  бойында  сақталады.  Мұндай  жағдай  орын  алса,  міндетті  түрде  арнайы  мамандардың 
көмегіне  жүгінген  дұрыс.  Бойындағы  стеротиптен  құтылмайынша,  адам  үрейді  жеңбек  емес. 
Мəселен,  бала  бастауыш  сыныпта  қатал  мұғалімнен  қорықып  қалса,  мұғалім  немесе  мектеп 
ауыстырса да бойындағы үрей бірден кетпейді. Баланы əр түрлі мінез-құлықты мұғалім болатынын 
айтып сендіру жəне көзін жеткізу қажет. Сонда бала үрейді жеңіп, есінде қалған негативті жағдайды 
ұмытады.  
Адам  бойын  үрей  билесе,  қорқыныш  тудыратын  құбылыс  бар  деген  сөз.  Үрей  барлық  жас 
кезеңіне  тəн.  Ал,  бойды  билеген  үрейді  қалай,  қанша  уақытта  жоятыны  адамның  өзіне,  біліміне, 
көзқарасына, тəрбиесіне байланысты болмақ.  
«Кəсіби деформация» деген психологиялық термин бар. Кəсіби іс-əрекеттегі ішкі жəне сыртқы 
факторлардың əсерінен тұлға дамуының кері бағытқа өзгеруі. Көп жағдайда осы үдеріске мұғалімдер 
ұшырайды.  Мысалы,  мұғалімнің,  өз  шамалауы  бойынша,  беделі  өскен  сияқты,  сондықтан  өзгенің 
пікір, ұсынысына құлақ қоймайды, өзін бағалауы жоғарылайды, сынды көтермейді жəне т.б. Осыдан 
келіп педагогикалық ұжымда дұрыс кəсіби қарым-қатынасқа түсе алмайды, сөз таластырулар, кейде 
қақтығыстар  да  ұшырасады.  Бірнеше  мəрте  кедергіге  тап  болған  педагогта  қорғаныс  əрекеті  пайда 
болады. Бұл үрейдің туындауына жағдай жасайды.  
Педагогтардың  кəсіби  іс-əрекетінде  туындайтын  үрейлену  түрлерін  үшке  бөліп  көрсетуге 
болады: 
 басшылардан үрейлену; 
 педагогикалық ұжымнан үрейлену; 
 бəсекелестіктен үрейлену.  
Үрейленуге  əр  түрлі  факторлардың  əсері  болады.  Мəселен,  қызметтен  шығып  қалсам, 
материалдық  жағдайымды  төмендетіп  аламын  немесе  ұжыммен  қарым-қатынасқа  түсуде 
компромистік  стилді  ұстанбасам,  рухани  қажеттілігім  өтелмей  қалады  деген  ойлар  жоғарыда 
көрсеткен үрейлену түрлеріне алып келеді.  
Əр  мұғалімнің  жас  жəне  дербес  ерекшеліктеріне  орай  үрейдің  туу  себебі  де  əр  түрлі  болады. 
Шағын  ғана  мақала  аясында  мəселені  ғылыми  тұрғыда  талдап,  негіздеп,  түбегейлі  шешім  ұсыну 
мүмкін  емес.  Десек  те,  кəсіби  іс-əрекет  барысында  туындайтын  үрейге    əсер  ететін  шарттардың 
бірнешеуін атап өтейік: 
1. Мұғалімнің  үрейленуіне  негіз  болатын  шарттардың  бірі — жеке  өмірінен  бас  тарту. 
Педагогтардың  кəсіби  іс-əрекеті  жауапкершілікке  толы  екенін  жоғарыда  айтып  өттік.  Сондай-ақ 
уақытты  да  көп  мөлшерде  қажет  ететіні  құпия  емес.  Бар  қызметтік  əрекетін  білім  беруші  ұйымда 
аяқтап  кету  мүмкіндігі  кейде  бола  бермейді.  Сондықтан  тынығуға  арналған  уақытта  жұмыс  істеуге 
тура келетін сəттер жиі кездеседі. Мұғалім өз кəсіби іс-əрекетін уақытында, жүйелі, педагогикалық 
жүктемені  қалыптан  асырмай  орындайтын  болса,  қиындық  тумайды,  сəйкесінше  үрейленуге  негіз 
жоқ.  
2. Кей  мұғалімдер  компьютерде  жұмыс  жасауға  үрейленеді.  Олардың  компьютерде  жұмыс 
жасауға  деген  құлқы  да,  үйренуге  ниеті  де  жоқ.  Əлденені  білмей  қалсаңыз,  əріптестеріңіз  бен 
оқушылардан сұрауға болады. Осылай етсем «беделім түсер» деген үрейден арылу қажет.  
3. «Шарасыздық» — оқушылар  қойған  сұраққа  жауап  бере  алмай  қалсам?  деген  сұрақ 
төңірегінде  туындайтын  үрей.  Тəжірибелі  кəсіби  педагогтың  өзі  жағымсыз  жағдаятқа  түсіп  қалуы 
мүмкін. Қазір ақпараттар ағыны дəуірі. Оқушы көкейінде жүрген немесе ғаламтордан оқыған сұрағын 
қоя  салуы  мүмкін.  Қызық  жағдаят?  Бір  жағынан,  мұғалім  бəрін  білуі  қажет,  екінші  жағынан,  бəрін 
білу мүмкін емес қой. Сондықтан, мұғалім мұны мəселе деп күрделендіріп, үрейленбей, жағдаяттан 
тез  шығуды  ойлағаны  дұрыс.  Мəселен, «Балалар,  біз  Арафаттың  қойған  сұрағына  келесі  сабақта 
жауап береміз», — деп, немесе оқушыларға: «Бəріміз бірігіп осы сұраққа жауап іздеп көрейік, келесі 
сабақта Арафатқа жауап береміз» деп жағдаяттан шығуға болады.  
4. «Сүйкімсіздік» — оқушылар  алдында  қателесіп  кетсем?  деген  қорқыныш  төңірегінде 
туындайтын  үрей.  Бұл  жағдаятты  да,  дəл  алдында  айтып  өткеніміздей,  мəселе  ретінде  қарастырып, 

Г.Қ.Белгібаева, С.А.Смағұлова 
202 
Вестник Карагандинского университета 
ұтымды  жауап  беруді  ойлау  қажет.  Бұл  жағдаяттағы  ең  дұрыс  шешім — мойындау. «Иə,  мен 
қателесіп  тұр  екенмін,  балалар,  сендердің  айтқандарың  дұрыс,  жарайсыңдар»  деген  тəрізді  жауап 
айтуға болады. Жымиыңыз, дұрыс жауапты қайталап айтып, нақтылаңыз. Есіңізде болсын, қателесу 
құзыретті емессіз деген сөз емес, жаңа білімнің бастауы, кəсіби іскерлік пен дағдының қалыптасуы.  
5. «Көңіл  толмаушылық» — оқушыларға  ұнамай  қалсам  ше?  деген  сұрақ  төңірегінде 
туындайтын  үрей.  Сізді  ұнатпайтын  оқушы  міндетті  түрде  табылатынын  біліңіз.  Ал,  екінші  бір 
оқушыға қатты ұнап қаласыз.  
Оқушылар мұғалім тек «нашар» болғаны үшін бас тартпайды. Оқушы өз қызығушылығына сай 
келетін мұғаліммен жұмыс жасағанды ұнатады. Мұғалім оқушыға ұнау, ұнамауы қойылатын кəсіби 
талап емес, бұл  психологиялық сəйкестік немесе сəйкессіздік.  
6. «Уақытша» — мен бұл қызметке лайық емес шығармын? деген сұрақ төңірегінде туындайтын 
үрей.  Педагог  қызметі  ауыр,  алғысы  жоқ,  жүктемесі  көп  дерсіз.  Енді  осы  қызметте  тəуелсізбін,  өз 
мүмкіндіктерім  мен  идеяларымды  жүзеге  асыра  аламын, — деп  ойлап  көріңізші.  Осындай  қарама-
қайшы  сұрақтар  арасында  ұзақ  жүре  беруіңіз  мүмкін.  Үнемі  өзіңізге  дұрыс  сұрақ  қойып  жəне 
жауабын таба білсеңіз, бұл мəселе де сізге үрей туғыза алмайды.  
Мақаламыздың қорытындысында үрейді қалай жеңуге көмектесетін бірнеше əдістерге тоқталып 
өтейік: 
 үрей туғызған себепті анықтау; 
 үрейленетін адамнан немесе жағдаяттан келетін қауіп деңгейін анықтау; 
 өз артықшылықтары мен жетістіктерін саралау; 
 жеңіске қол жеткізетін жолдар мен амалдарды қарастыру. 
Үрей деңгейін төмендегі психодиагностикалық əдістер көмегі арқылы анықтауға болады: 
 қақтығыс  жағдайында  мінез-құлықтың  көрінуін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  К.Томас 
сұрақнамасы; 
 агрессия деңгейін анықтайтын А. Басс-А. Дарки сұрақнамасы; 
 ерік-жігерді зерттеуге арналған В.П. Прядеиннің сұрақнамасы; 
 тұлғаның өзін-өзі түзетуі В.П. Прядеин диагностикасы; 
 «К.  Леонгард  бойынша  мінез-құлық  пен  темперамент  түрлері  диагностикасы»  негізінде 
жасалған X. Смишек сұрақнамасы; 
 В.Л. Бакштанский, О.И. Ждановтардың психоэнергия диагностикасы; 
 Шуберттің тəуекелге баруға дайындық диагностикасы; 
 Дж. Гринбергтің стресті зерттеу шкаласы; 
 В.П. Прядеиннің «Жауапкершілік» диагностикасы; 
 И.М. Юсуповтың «Эмпатия» диагностикасы; 
 В.В.  Столин,  С.Р.  Пантелеевтардың  тұлғаның  өз-өзіне  деген  қарым-қатынасы  диагностикасы 
жəне т.б.  
Мұғалім,  егер  шын  мəнінде  мəн  беріп  қараса  жəне  кəсіби  іс-əрекетінде  жетістікке  жетуді 
көздесе, бойын билеген үрей мен стеротиптерді жеңуге əбден болады. Мұндағы басты құрал — өзіне 
сену мен шынайы ниеттің болуы.  
Қазіргі  кезде  мемлекетімізде  білім  беру  саласы  қарқынды  даму  үстінде  екенін  ұмытпайық. 
Мұғалімдерге үрей туғызатын факторлар азайып, олар өзін-өзі тұрақты психологиялық хал-ахуалмен 
қамтамасыз ете алуы қажет.  
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Зимняя И.А. Педагогикалық психология: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. — Екінш., толықт., түзет. жəне 
қайта өңд. бас. Орыс тіл аудар. М.А. Құсайынова. — М.: Логос; Алматы: TST-company, 2005. — 368 б. 
2  Назарбаев  Н.  Қазақстан  жолы – 2050: Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ. — [ЭР].  Қолжетімділік  тəртібі: 
http://www.inform.kz/kaz/article/2622266. 
3  Белгібаева  Г.Қ.,  Смағұлова  С.А.  Мұғалімнің  өзін-өзі  кəсіби  тұрғыдан  дамытуының  педагогикалық  шарттары: 
Монография. — Қарағанды: Гласир, 2013. — 200 б. 
4  Днепров  Э.Д.  Образование  и  политика.  Новейшая  политическая  история  российского  образования. — Т. 1. — М.: 
Мариос, 2006. — 456 с. 
5  Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. — 384 б. 
6  Немов Р.С. Общие основы психологии. — М.: Владос, 2003. — 688 с. 

Мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіндегі… 
Серия «Педагогика». № 3(79)/2015 
203 
Г.К.Бельгибаева, С.А.Смагулова  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет