М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет96/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   110

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

686

687

егіншілік,  қолөнер  мəдениетінің  дамуына  олардың  «Жібек  жолы»  маршру-

тында  орналасуының,  Қытаймен,  Орта  Азия  елдерімен  экономикалық  қарым-

қатынасының игі ықпал жасағаны даусыз. 

Заманымыздың VI-VII ғғ. бастап, бұрынғы Үйсін ордасына бағынған Дулат 

тай пасы осы одақта үстем орынға көтеріліп, бұл одақ Дулаттар, яғни Бес тай-

палы Дулаттар деген жаңа атпен аталды. Сонда да Үйсін аты сақталып отырды, 

бірақ бұрынғы дəуірлерге қарағанда жазба деректерде сирек кездесетін болған. 

Үйсіннің батысқа – Іле алқабына қоныс аударғаннан кейінгі тіршілік өңірі бы-

лай баяндалады. 

«Ханнама. Батыс өңір баянында» Үйсіннің «Шығыс Ғұнмен», «Атымзеланың 

батысы  Үйсінмен  шекараласады»  делінген. «Ханнама.  Батыс  өңір  баянының» 

толықтырылған түсініктемесінде: «Алдыңғы касидың батысы Агнимен, Артқы 

касидың батысы Үйсінмен іргелеседі», – деген. Осыған негізделгенде Үйсіннің 

шығысы  Ғұнмен  шекараласудан  тыс,  тағы  бір  бөлігі  Артқы  Қаси,  Атымзела 

елімен де шекараласады. Атымзела туралы (астанасы – Ғуалұтлық) «Ханнама. 

Батыс өңір баяының» кіріспесінде: «Басқақ Артқы Қасидің батысындағы Атым-

зела елінде» делінген. Бұл шамамен қазіргі Манас өңіріне тура келеді. «Шыңжаң 

тұжы»  деген  кітаптың  əкімшілік  туралы  дерегінде: «Манас  Атымзела  елі  мен 

Үйсін елінің шығыс шекарасында», «Көрқарасу Батыс хəн, Шығыс хəн əулеттері, 

үш патшалық заманында Үйсін елінің жерінде...» делінген [5. 266б.]. 

Урле елі астанасы – Урле қаласы, Кесуғ елі астанасы – Кесуғ, Ағни елі астана-

сы – Ғұнқа қаласы, Беглұқ елі астанасы – Қандық, Занғуан елі астанасы – Занғуан 

қаласы, Барыс елі астанасы – Шайолүнге, Батыс саме елі астанасы – Ғуадатлүнге, 

Шығыс саме елі астанасы – Дуатхалүкте, Қап елі астанасы – Даңқал үкте, Ғаға 

елі хан астанасы – Қасидегі Леулүк, Алдыңғы Қаси елі астанасы – Жяухы, Артқы 

Қаси елі хан ордасы – Модалүкте [5. 266-267 бб.]. 

«Ханнамада...» Оңтүстігі Үйсін елінің «қала мемлекеттерімен шекаралас» деп 

жазылса, осы кітапта Агни, Күсəн, Гамук, Уынсұғ елдерін Үйсін елімен шека-

раласады деп жазылған. Сондықтан Үйсін елінің оңтүстік шекарасы Мұзарттың 

солтүстігі болса, онда Текес, Жұлдыз өзендері алабы үйсіндердің тіршілік еткен 

өңірі болуға тиіс. «Хəндай шиюкау» деген кітаптың үш бумасында Үйсіндер ту-

ралы: «Үйсін қазіргі Іле өзенінің алқабын, Хан əулеті заманында оның солтүстігін 

мекендеген. Ал өзеннің оңтүстігі түгелдей үйсіндердің жері» делінген. 

Соңғы  жылдардың  Шыңжаң  археологиясының  деректеріне  негізделсек, 

«Іле  өзенінің  жоғарғы  аңғарындағы  Текес,  Күнес,  Нылқы,  Шапшалдан  жəне 

солтүстікте  Еренқабырғадан  асқаннан  Жихунға  дейінгі  өңірлерден  бірталай 

қорымдар  табылған.  Бұл  қорымдардан  қазып  алынған  жəдігерлерді  сараптау 

нəтижесінде, олардың соңғы Хан заманынікі екендігі анықталды. Обаның пішіні 

мен  молаға  көмілген  заттарды  талдау  жасағанда,  олардың  соңғы  Хан  əулеті 

заманындағы Үйсіндердің обасы екендігі анықталды. Мұнан тыс Кеңес Одағы 

жеріндегі Шу өзені жағасы мен Ыстықкөлдің солтүстік жағалауларындағы Прже-

вальск  қаласының  маңынан  жəне  Қаратаудың  солтүстік  бөктерінде  Билікөлге 

жақын маңдағы Берікқара шатқалынан Үйсіндердің көптеген обасы табылған» 

[5. 115 б.]. 

Б.д. д V ғ. жазылған «Геродот салған жер пішіні» атты картада жер-су атаулары-

мен қоса Талас, Шу өзендері бейнеленген. 

Ал енді К. Птоломейдің б.д. I-II ғғ. «География бойынша нұсқауында» жер ту-

ралы қолда бар мағлұматтардың бəрі жинақталып, бір жүйеге келтірілген. Мұнда 

«Скиф  де  Имаус»  аумағы  белгіленген.  Карта  градустарға  бөлініп,  тік  корпус 

жасалған. Онда Тараз қаласы шамамен солтүстік ендіктің 41 мен 55 көр сететін 

осы заманғы картаға деңгейлес келеді. 

Б.д. III ғ. қытай саяхатшысы Сюань-Цзан картасында Азия туралы гео гра фия-

лық  мағлұматтар  келтірілген.  Саяхатшы  онда  тек  өзі  болған  елдердің  табиғат 

жағ  дайларын  ғана  емес,  сонымен  бірге  алуан  түрлі  халықтардың  əдет-ғұрпы, 

өмір салты жайында жазған. 

Саяхатшының  «Таң  əулетінің  тарихында»  атты  еңбегінде  қалалар  атаула-

ры кел тірілген. Онда Талас өзенінің жоғары сағасына орналасқан Суяб қаласы 

Талас,  Аса  өзендерінің  маңында  сауда-саттық  орны  болғанын  атап  көрсетеді. 

Сюань-Цзянның  баяндауынша,  Талас  қаласы  ірі  сауда  орталығына  айналып, 

онда көптеген елдердің көпестері жиналатын болған. Қаланың аумағы 8-9 шар-

шы км бол  ған. Сонымен бірге саяхатшы «Мыңқайнарды» Мыңбұлақ деп сипат-

тап жаз ған. 

ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОЙКОНИМДЕР

VII ғ. араб географы Ибн Хордатбехтің «Саяхаттар мен мемлекеттер кітабы» 

атты еңбегінде ол Талас алқабын көшіп-қонуға қолайлы жылы аймақ ретінде атап 

көрсетеді. Испиджап (Сайрам) қаласынан Тараз қаласына дейінгі жолды егжей-

тегежейлі суреттейді. Мысал ретінде ол Тараз туралы былай дейді: «Тараз – бау-

бақшасы көп, даңқы шыққан, бекінісі күшті шаһар. Оның үйлері үйме-жүйме 

тығыз салынған, төрт дарбазасы бар, жағалай ор қазылған, шаһар маңында халқы 

көп елді мекен қоныс тепкен, шаһар дарбазасының түбінен үлкен өзен ағып жа-

тыр, щаһардың бір бөлігі өзеннің арғы бетіне орналасқан, өзен үстінен жол өтеді, 

мешіт хан базардың ортасында орналасқан», – деп көрсетеді. 

Дегенмен ежелгі авторлардың қайсысы болсын Талас (Тараз) шаһарының ескі 

орнын дəл көрсетуге қиналған. Археологтар бұл қаланы ұзақ уақыт таба алмай 

бірталай болжамдар айтқан-ды. Өйткені оны баз біреулер Талас өзенінің оң жақ 

жағалауында орналасқан Түймекент қаласының орны десе, басқалары Қарабура 

өзеніндегі Талас мекені, ал үшіншілері оны атақты ортағасырлық Садырқорған 

қаласы деп түсіндіреді. Академик В. Бартольд Тараз Əулие-Ата шаһарының ор-

нында болған деп түйіндейді. Бұл пікірді ұстануда Мұхаммед Ибн-Ахмед Мак-

дисиге (Макдиси – Иерусалимде туған араб географы атақты архитектор болған. 

Макдиси «бұрын-соңды өмір сүрген ең білімді географ» деп танылған. Оның 985 

жылы жазылған «Өлкелерді танудағы ең жақсы бөлімдер» деп аталатын еңбегі 

бар.  Бұл  туынды – Шығыс,  сонымен  қатар  Орта  Азия  жəне  Қазақстан  елдері 

қалаларының  сипаттамаларын  егжей-тегжейлі,  жүйелі  түрде  (келтірген  еңбек) 

сілтеме жасайды. 


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

688

689

Макдисидің пайымдауынша, қаланы жарып өтетін үлкен өзен бар екені тура-

лы айтылады. Мұндай өзен тек арнасы толып ағатын Талас болуы мүмкін деп 

болжамдалады. 

Б.д.д. 36 жылдан бастап ауызға іліне бастаған Талас (Тараз) шаһары Ұлы Жібек 

жолының бойындағы экономикасы мен мəдениеті дамыған, ірі сауда орталығы 

болған,  қаңлылардың,  түркі  қағандарының,  қараханидтердің,  соғдылардың, 

т.б.  саяси  орталығына  айналғаны  белгілі.  Қала,  былайша  айтқанда,  сан  рет 

қиратылып, сан рет қалпына келтірілген. Қытай тарихшыларының жазбаларын-

да қаланы Долос деп те атаған. 

Талас-Тараздан  шыққан  саудагерлер  мен  саяхатшылар  дүниенің  төрт 

бұрышына жол тартқан. Сонымен бірге Араб, Византия, Үндістан, Қытай, Иран 

тағы басқа елдерден Таразға келіп жатқандарда есеп болмаған. Оған қазба кезінде 

табылған рим ақшалары жəне басқа экспонаттар дəлел болды. VIII ғ. екінші жар-

тысынан  бастап  Қазақстан  аумағында  феодалдану  процесі  күшейді,  қоғамда 

елеулі өзгерістер орын алады. Жаңа əуелгі ортағасырлық феодалдық мемлекеттік 

бірлестіктер пайда болады. Атап айтқанда, қарлұқтар өздерінің мемлекеттілігін 

негіздеді.  Жергілікті  түркі  тілдес  тайпалар  одақтары  солтүстік  шығыста 

Қырғыз қағанатымен, Ұйғыр мемлекетімен жəне батыстағы Хазар қағанатымен 

экономикалық-саяси байланыс жасап, барған сайын күшейе түседі. Мұның өзі 

Ұлы  Жібек  жолы  бойында  жаңа  қалаларды,  сауда,  қолөнер  орталықтарының 

пайда болуына ықпал жасады. Бұл жерде Шу, Талас өзендеріндегі Суяб, Тараз 

қалаларының  дамуы  тарихи  маңызды  роль  атқарды.  Шу  аңғарының  бойында 

соғдылар, түркілер, сириялықтар, парсылар мекен-жайлар салып, солар тұрған кем 

дегенде 18 ірі қала мен көптеген ұсақ елді мекендер болған. Олар: Құлан, Ақтөбе 

(Ақыр-төбе),  Мирке  (Меркі),  Жуантөбе  т.б.  Қала  маңындағы  тұрғындардың 

егістігі дуалмен қоршалған. Бұл қалалар Ала таудың жотасынан аққан өзендер 

бойына салынып, өркендеді. Олардың бар   лығы да стратегиялық мəнге ие болды. 

VII ғ. бастап Тараздың атағы əлемге жа й ыла бастайды. Ол VIII ғ. арабтарға, IХ ғ. 

саманидтерге бағындырылады, Х ғ. Қараханидтер династиясының орталығына 

айналып, XIII-XIV ғғ. Тараз Моңғол им  периясының құрамына кіреді. 

Сондықтан  да  Тараз  сан  ғасырларға  созылған  тарихымыздың  темірқазығы 

екенінде дау жоқ. Оның қоғамдық санамызға, салтымызға белгілі бір дəрежеде 

əсер еткені анық. Тараздың сол өңірге жасаған ықпалы зор екенін оның ай на ла-

сын дағы шоғырланған, Таразбен бірге дамыған қалалардан-ақ байқауға бо лады. 

Ежелгі Тараз шаһарының айналасындағы бой көтерген қалалар туралы қыс қаша 

мағлұматтар  берілген.  Оңтүстіктен  келе  жатқан  керуен  Таразға  жа қын  дағанда 

Мыңбұлақ, Жуалы жерінде тыныстап, осы өңірдегі Баркубе, Шараб, Будухкет, 

Тамтадж, Абартадж қалаларын аралайтын болған. Бұл қалаларды В. Бартольд, Г. 

Пацевич сияқты ғалымдар зерттеген. Дегенмен де бұл өңірдегі қа ла ларды терең 

зерттеп білу, талдау болашақтағы маңызды (актуальды) мəселеге ай налып отыр. 

Орта  ғасырдың  сəулет  өнерінің  інжу-маржаны  Айша  бибі  мавзолейінің  ма-

ңын дағы Жувикат қаласы да ғалымдардың назарын аударған. Талас қа ла сының 

аңғарында  орын  тепкен  қаланың  орны  төрт  бұрышты,  оның  шығыс  жағында 

биік  қорған  жасалынған.  Тараздың  батыс  жағында  екі  фарсах (1ф. – 15 км) 

қашықтықтағы қаланы соғдылар салған болу мүмкін деген жорамал бар. Қала 

орнын 1939 ж. А. Бернштам зерттеген. 

Тараздың  терістік  батыс  жағында  Қаракемер  ауылының  маңында  Адахмет 

жəне Дех Нуджикост қалаларының орны бар. Бұл қалалар туралы белгілі ғалым 

К. Байпақов өз жорамалын айтқан. 

Солтүстікке  жол  тартқан  керуен  Тамды,  Саудакент  қалаларына  келеді.  Там-

дыны Г. Пацевич зерттесе, Саудакентті 1901 ж. В. Колосовский көріп, 1946 ж. 

Ə. Марғұлан жан-жақты зерттеген. 

Тараздың теріскей жағында оннан астам қаланың немесе қорғанның орны бар. 

Таластың бойындағы Хамукат, Түймекент қалаларын айтпағанда Оххум (мүм кін 

Аққұм) қаласына археологтар ерекше назар аударған. Бұл қаланы алғаш А. Бар-

тольд, одан кейін А. Бернштам зерттейді. 

Ертеде Оххум туралы В. Бартольд былай жазады: «1894 ж.  Əулиеатадан сол-

түс тікке қарай орналасқан қираған құрылыстарды көруге бекіндім. Қырғыздар 

(қазақтар) бізге Талас өзенінің солтүстік жағалауында Əулиеатадан төмен 80 км 

қа шықтықта орналасқан Окум (жергілікті адамдар Оқын дейді) бекінісі туралы 

көп əңгіме айтты. Олардың сөзін негізге алған, біз, Садыр қорған тəрізді үлкен 

қа  ланың қалдығын кездестіруді күткен едік. Бірақ іс жүзінде бекіністің көлемі 

үл кен емес екен. Ол басқа да көлемі шағын көптеген бекіністер тəрізді бір шар-

шы км. аймақты алып жатыр». 

Ортағасырларда  ішкі  қамалдың  оңтүстік  шығыс  бұрышындағы  қала  бас қа -

рушысының биік сарайы (цитадель) алыстан көзге шалынған. Қаланың орны-

нан  табылған  түрлі  заттардың  сынығы  кезінде  Оххумның  гүлденген  қа ла 

болғандығын дəлелдейді. Мұнда табылған əр түрлі тұрмыстық заттар қал дық-

тары К. Байпақов зерттеген VII-VIII ғғ. Құланның (Луговая) керамикасына ұқ-

сай тындығы байқалады. 

Оххумға жақын жердегі қорғанды К. Байпаков Кинчат қаласы деп жорамал-

дайды [3]. Мұнда  қаланың  орталық  алаңы,  мұнара  орны  сақталған,  көптеген 

керамикалық ыдыстардың сынықтары табылған. 

Тектұрмас  қаласы  көне  шаһарлардың  бірі  болып  есептеледі.  Ғалымдардың 

археологиялық  зерттеулері  бойынша,  қорғанның  орны  төрт  бұрышты, 

аумағы 70х70  метр,  биіктігі 110 метр,  сондай-ақ  төменгі  бөлігінде  қорғаныс 

қабырғаларының орны анық білінетіндігі дəлелденген. Бұл қаланы тұңғыш рет 

орыс ғалымы А. Ремпель зерттеген [19]. 

Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі шаһарлардың біразы Талас өзенінің аң ғар-

ларында орналасқан. Зерттеулердің нəтижесінде жаңа ескерткіштер ашы лып, Та-

лас өзенінің аңғарларының тегістік ұзына бойына бір топ шаһар қалдықтарының 

жұрнақтарының  жатқаны  анықталған:  Чельтөбе,  Қаратөрткөл,  Қоңыртөбе, 

Жантөбе, Бектөбе жəне т.б. 

Тараз  қаласынан 15 км  оңтүстік  батыста  орналасқан  Қостөбе  атты  көне 

қала  қалдықтары  бар.  Ол  Тараздан  шығып,  өзен  бойымен  төмен  солтүстікке 

қарай Орталық жəне Шығыс Қазақстанға жүрген Жібек жолының кесіндісінде 

орналасқан. Бұл көне қалаға қазба жұмыстарының жүргізілуі кездейсоқ емес. Ол 

аңғардағы ең ірі қала қалдығы, сонымен қатар, оны топ белгілері бойынша Талас 

аңғарының ежелгі қаласы Жамұқатпен тепе-теңестіруге болады. X ғ. тарихшы-



ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

690

691

сы Нершахидың айтуы бойынша, бұл қаланың негізін VI ғ. Бұхардан шыққан 

келімсектер  қалаған  жəне  атауына  бұхаралықтардың  басшысы  Жамұхтың 

аты  берілген.  Макдиси  еңбектерінде  Жамұқат  «Үлкен  қала,  айналасында 

қабырға,  алқалы  мешіті  бар,  рабадында  базарлары  бар», – деп  сипатталады. 

А. Бернштамның ұйғаруы бойынша Жамұқат Тараз қаласынан оңтүстіктеу жер-

де орналасқан не Майтөбе, не Бесағаш қала қалдықтары сəйкес келуі керек 

[6. 118 б.]. 

630 ж. осы өңірде болған будда ғұламасы саяхатшы Шуан Заң (Сюань Цзян) 

кейін  өзінің  естелігінде: «Суябтың  батысында  бір-біріне  тəуелсіз,  бірақ  бəрі 

түріктерге бағынысты бастықтарға қарайтын оншақты қала бар. Ал қалаларда 

халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екінші бір бөлігі саудамен айналысады», – 

деп жазады. 

Құлан – VI-ХІІІ  ғғ.  ерте  ортағасырлық  қала.  Кеңес  өкіметінің  кезінде  көне 

шаһар Құланның орнында Луговой ауылы (Т. Рысқұлов ауданы) болды. В. Бар-

тольд [5. 260б.] пен Ə. Марғұлан [16] еңбектерінде Құлан Тарты деп те аталады. 

Құлан қаласының аты Ибн Əл Асирдің (араб зерттеушісі) де еңбегінде аталып, 

араб басқыншылары табан тіреген батыстағы ең соңғы нүкте ретінде көрсетіледі. 

Қазір бұл аудан Тұрар Рысқұловтың аты-жөнін иемденіп, ал орталығы ежелгі 

аты – Құланмен қайта аталды. Қытай діндары Сюань Цзянның тарихи жазба-

сында Құланның аты Цзюйлань деп көрсетеді. Құлан туралы араб географтары-

ның да деректері бар. Соның бірі Əл-Макдиси (Х ғ.): «Құлан – бекітілген қала, 

онда алқалы мешіт (Мəдине) бар. Ол бос қалған, үлкен Тараз жолында», – деп 

жазылған. Ал географиялық сөздіктің иесі Яқұт: «Құлани – түрік елінің Маурен-

нахр жағындағы шекарасында орналасқан сүйкімді қала», – дейді. 

Араб авторлары Ибн Хордатбек (IXғ.) пен Худама ибн Жафардың (Xғ.) жазба-

сында Шу-Талас алабында Тараз, Төменгі Нушаджан (Төменгі Барысхан), Қасра-

Бас, Көлшөп, Жолшөп, Құлан, Мерке, Асбара (Ашбара), Нұзкет (Xғ. Мухад даси 

бойынша – Нушкет), Харанжуан, Жол, Сарығ (түрік ханның астана сы), Кимирав, 

Навакет, Суяб жəне Пенджикет қалалары болған [5. 280-282с.]. 

Ал-Мухаддисидің  айтуынша,  Меркі  жəне  Құлан  қалаларында  берік  қорған, 

бекіністер  мен  мешіттер  тұрған.  Ибн-ал-Асирдің  көрсетуінше  (ХІІ  ғ.)  арабтар 

810  ж.  Құланға  шабуыл  жасаған.  Ашпара  (Аспара)  Ақсақ  Темірдің  əмірімен 

ХІV ғ. салынған [5. 287с.]. 

Талас жазығында бірнеше қаланың болғанын тарихшы ғалымдар еңбегінен 

анық көреміз. Ал-Мухаддаси Бехлу, Хамукент (немесе Жамукет), Сус (Сос) жəне 

көл атаса (Шамсад-дин Абу Абдаллах бин Ахмед ал-Мухаддиси. Китаб-ахсан 

аштакасимфи марифат ал-акалим. Лейден, 1877. с. 275), сол автор мен Махмуд 

Қашқари (ХІ ғ.) Жикл (Чигил, Шығыл) жəне Атлах қалаларын атайды [12. 1т. 

124б; 3т. 275б]. 

Сонымен бірге бұл аталған еңбекте Шу алабында Орда қаласы да көрсетілген 

[1т. 94б.]. 

В.В. Бартольд пікірінше, Талас алқабындағы бұл қалалардың барлығы да XVІ 

ғ. бі рінші жартысында қирап біткен. 

Махмуд Қашқари Таразға жақын жерде Қарғалық қорғанын, Таластың Тироз 

ата лып, Улуг Талас, жəне Куми Талас деп екіге бөлінетінін айтып кеткені мəлім 

[12. Іт. 347б.]. 

Құланның қатпар-қатпар тарихында қанды оқиғалар да аз болмаған. 740 ж.  

түркеш бегі Құрсұл Батыс Түрік қағанының соңғы тұяғы Ашин Сыньды өлтірген. 

Ал 840 ж. Құланға араб əскерлерінің де аяғы жеткен. Археолог К. Байпақов пен 

А. Нұржанов Құланның батыс жағында 14 фарсах (1ф – 15 км) жерде, Жамбыл 

(қазіргі  Тараз)  қаласының  орталығындағы  ескі  қала  қалдықтарының  орнында 

Тараз орналасқан, шығыста 4 фарсах қашықтықта қазірге дейін атауын сақтап 

қалған Меркі қаласы жатқан дейді [4]. 

Меркі – VIII ғ. бастап белгілі болған көне қала. Ырыс хан (Əмір Темір зама-

ны – ХІV ғ.) ал алаш мыңы Ақорданың сол қанаты болса, Қаңлы оң қанаты болды. 

Осы сол мыңдықтың ұлығы – тарақ таңбалы Жалайыр болған. Меркі Жалайыр-

дың шын аты деседі. 

Ибн-Хордатбек Жафар, Əл Макдиси сынды ортағасырлық зерттеушілердің ең-

бек терінде Меркі жайлы айтылған. Əл Макдиси еңбегінде Меркі орта дəрежелі 

бе кінісі мен цитаделі бар қала ретінде көрсетілген. 

Қазба жұмыстардың барысында қаланың жоғарғы мəдени қабаты ХІ-ХІІ ғғ. 

сəйкес келетіндігі айқындалған. 

Б.д.д. жəне ерте ортағасырларға (VІІІ ғ.) тəн Шу, Талас, Жетісу, Сырдарияның 

шығыс өңірлерінде 129 қала бекіністері мен қалашық орындары, тұрақтар та-

был ған. Олардың кейбіреулері қазіргі кезге дейін сақталып, өмір сүруде. 

Талас өңірінде олар 15-20 км арақашықтықты бір-бірінің аралығында ұстанды. 

Шу  өзендерінің  аңғарларындағы  қалалар  орналасуы  өте  анық  бекітілген. 

13  қа лашық  өзен  аңғарларында 15-35 км  бір-бірінен  алшақтықта  орналасқан, 

қал ғандары  солтүстік  сыртқы  тізбекті  Қырғызстан  ойпатындағы  жəне  Шу 

аңғарларына баратын жолды жасайды. 

Қалашықтардың алып жатқан жерлерін олардың ең маңызды белгісінің мəні 

деп  түсініп,  олардың  типологиясын  ұсынуға  жəне  оларды  жазба  деректердегі 

қалалармен  салыстыруға  болады.  Бірінші  типке  орталық  аймақты  қамтыған 

оншақты қалашықтар 30га саналған. Өте үлкен территорияларды ала отырып, 

дуалдармен қоршалған, жазба деректер, мағлұматтар бойынша, бұл қалашықтар 

қазіргі  қалалар  территориясын  толық  қамтыған.  Мысалға,  Тараз  қаласының 

қалдығы қазіргі Тараз қаласының көлемін толық алған. Тараз – Қазақстанның 

ерте ортағасырлар қалаларының ішіндегі анағұрлым белгілісі. 

Екінші  типтегі  қалашықтар,  мысалға,  Қызыл  өзен  Навакетпен  бірге 10-нан 

30  гектарға  дейінгі  аймақты  қамтыған.  Олардың  жартысы  Таластың  Ақтө-

бесі – Текабкетпен, Чалдовар – Суспен, Меркі – Миркимен, Аспара – Аспарамен, 

Кысымчы – Бунджикетпен сəйкестірілген. Бұл қалаларды ортаңғы категорияға 

жатқызған. 

Үшінші типтегі қалашықтар аймағы 10 га-дан аз бөлігін (территорияны) қам-

тиды. Олардың жартысының жазбаларда көрсетілген қала аттары мен ұқ сас тығы 

табылған:  Жуантөбе – Атлахпен,  Төрткөлтөбе – Төменгі  Барсханмен,  Тойма-

кент – Адахкетпен,  Оххум – Дех-Нуджикеспен,  Луговое – Құланмен  иден ти-

фикацияланған. Бұлар шағын қалалар болып табылады. 


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ

З. ҚҰЛАМАНОВА

692

693

Аталмыш  өңірлерінде  басқа  да  ондаған  қоныстар  орналасқан.  Олар  ірі 

қалаларға баратын жолдар, шағын өзендер бойында орналасқан. Оолар құрылым 

бойынша  цитательдер  мен  шахристандарға  бөлінеді.  Тараз  (Жамбыл)  жəне 

Құлан (Луговое) қалаларының ескі жұртындағы қазба жұмыстары нəтижесінде 

VІ-VІІІ ғғ. қамал тəрізді құрылыс қалдықтарын тапқан. 

Талас өңіріндегі Қостөбе цитаделі Жамукатпен сəйкестендірілген. Бұл қаланың 

ішкі бекіністің алғашқы құрылысы VІ-VІІІ ғғ. жатады жəне олар қамал тəріздес 

құрылыс кешенін құрады дейді археологтар. 

Ерте ортағасырдағы Жетісу өңіріндегі қалалардың бекініс дуалдарынан Орта 

Азиядағы жəне Оңтүстік Қазақстандағы қалалармен ұқсастық пен біртектестікті 

байқауға болады. 

Сонымен, Жамбыл облысы өңірінің ерте замандардан ежелгі қала мəдение ті-

нің, жоғары дамыған өркениеттің ошағы болғандығын көптеген тарихи дерек-

тер,  оның  ішінде  көне  ойконимдердің  көптеп  шоғырлануы  бірден-бір  дəлел. 

Яғни зерттеліп отырған аймақтың көне ойконимдері, ономастикалық терминмен 

айт қанда, археоойконимдері сандық жағынан едəуір субстраттық қабат, күрделі 

оним дік жүйе құрайды. Əрі қарай облыс жеріндегі археоойконимдердің дəуірге 

ор наласуын, бұрынғы атау мен қазіргі атаулардың идентификациялау, сəйкестігін 

то лығырақ қарастырамыз. 

Сонымен қорыта айтсақ, аймақ ойконимдерінің пайда болу, даму, қалыптасу 

тарихы сонау б.д. б. ежелгі замандардан басталғанын тарих беттерін зерделей 

отыра көз жеткіздік. Жамбыл аймағындағы ежелгі заман жəне ерте ортағасырлық 

ойконимдер  туралы  қатарына  мына  төмендегі  атауларды  жатқызамыз:  Қаңлы 

мемлекеті, Үйсін мемлекеті, оның астанасы – Шығу (Чечук, Чичучень – «қызыл 

алқап»), Талас, Тараз, Суяб, Долос, Құлан, Меркі, Аққұм, Ақтөбе, Жуантөбе т.б. 



ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОЙКОНИМДЕР

(VIII-XVI ғғ.) 

Жамбыл облысының ортағасырлық ойконимдері туралы сөз еткенімізде, мін-

детті түрде ғылыми экспедициялар есептерін, жасаған археологиялық қазба жұ-

мыс тарын, тарихи өлкетану мұрағаттарын жинау бойынша жазған еңбектерін бас-

шы лыққа аламыз. 

«Жамбыл  облысында 2000 ж.  мемлекеттік  есепте 1072 ескерткіш,  олардың 

ішінде 849 – археология, 111 – тарихи, 107 – сəулет жəне қала құрылыстары, 5 – 

монументальді өнер ескерткіштері бар. Ескерткіштердің жалпы санынан Жиын-

тық қа 849 тарих пен мəдениет ескерткіштері» енгізілген, олардың көпшілігі ар хео-

ло гия ескерткіштері болып табылады» [32. 52 б.]. 

Ерекше ескеретін жайт – дереккөздерде тіркелген археоойконимдердің ежелгі 

кө не жазба деректердегі көне атаулары берілсе, кейбіреулері археологтар тарапы-

нан кейінгі Кеңес дəуірінде қойылған қазақша, орысша шартты атаулар. 

Осы археологиялық ескерткіштер облыс бойынша əрбір аудандарда мең герілді. 

Нақтылай айтсақ, Байзақ ауданында ортағасыр дəуірінің белгілі ірі қа лашықтары 

–  Оххум,  Түймекент,  Қаратөрткөлтөбе,  Қоңырбайтөбе,  Шөлтөбе  бе кінісі, 

Құрманбайтөбе елді мекені, Төрткөлдер. 

  Жамбыл  ауданында  археология  ес керкіштері  негізінен  ежелгі  керуен 

жолдарының  бойындағы:  Əулиебастау,  Бектөбе  сияқты  ірі  қалашықтар,  ерте 

темір ғасыры мен орта ғасырдағы Ақтөбе, Күзембайтөбе, Кішімүрде мекендері, 

бекіністер, ғаламат Ақыртас кешеніндегі тарихи ескерткіш – ортағасырлық діни 

сəулеттің  бірегей  ескерткіштері,  Тараз  қаласы  маңындағы  жерлерге  орналасқан 

Айша Бибі мен Бабаджа Хатун мазарлары. 

Жуалы ауданында археология ескерткіштерінің көпшілігі Қаратау жоталарының 

бойы мен Билікөл көлінің аумағында шоғырланған. Ортағасыр кезеңіне жататын 

қалашықтар, мекендердің ішіндегі ірілері – Безымянное, Бурнооктябрьское, Кре-

меневское, Мүрделітөбе. Қорымдар мен қорғандар: Берікқара, Жасалы, Жетітөбе, 

Саясу жəне Б.д.д. ІІ ғ. орта ғасырға дейінгі жартастағы кес кін дер. 

Қордай ауданында археологиялық ескерткіштер негізінен Шу өзені бас сейні мен 

Кіндіктас тауының террассасы жəне су айрықтарындағы қыраттарда шо ғырланған. 

Олардың  көпшілігі  қола  дəуірі  мен  ерте  темір  ғасырдағы  қорғанды  қор ымдар, 

VІІ-ХІV ғғ. əртүрлі типтегі 7 қалашық бар. Олардың ішіндегі ірілері: Қыс мышы, 

Георгиевское, Қақпақтас, Майбұлақ, Ыстөбе, Шортөбе. Жартастағы суреттер қола 

дəуірі мен ерте тас ғасыры, тас мүсіндер (VІ-VIII ғғ.). 

Сарысу  ауданы  ар хеология  ескеркіштері  Қаратау  жоталарының  солтүстік  ба-

урайлары мен Шу ал қа бына шоғырланған (VІІ-ХІІ ғғ.) 3 қалашық бар. Олардың 

ішіндегі  ең  ірісі – Саудакент, VІ-VІІ  ғғ.  Ақтөбе  мекені,  ХІ-ХІVғғ.  Көк-Кесене, 

Төрткөл бекіністері. 

Талас  ауданында  археология  ескерткіштері  Қаратау  жотасының  солтүстік 

етегіндегі ескі жолдардың маңында, Талас алқабы мен Билікөл көлінің жанында 

орналасқан. 

Ортағасырлық  қалашықтардың,  мекендердің,  бекіністердің  көпшілігі  Шу 

алқабында орналасқан. Атбайлар, Тамды, Тектұрмас, Биназартөбе, сондай-ақ Та-

лас өзенінің жайылмасы мен Ақкөліне жақын жердегі қола дəуірі мен ерте темір 

ғасырындағы палеолиттік тұрақтары, қорғандары.

Т.  Рысқұлов  ауданы  археология  ескеркіштері  көбінесе  Қырғыз  жоталарының 

солтүстік баурайларының маңы мен Жібек жолы ескі керуен жолдарының бой-

ларына  орналасқан.  Ол  Б.д.д. 1 мың  жылдықты  кейінгі  ортағасырдағы  кезеңді 

қамтиды.  Бұлар  қола  дəуіріне  жататын  жартастағы  кескіндерден;  ерте  темір 

ғасыры ортағасырға дейінгі 36 қорғанды қорымдар мен қорғандарды, VІ-ХІІ ғғ. 

Құлан, Бектөбе, Еңбекші, Өрнек, Қорағаты сияқты 6 қалашықты, 5 елді мекенді, 

3 бекіністі; Төрткөлді жəне т. б қамтиды; Шу ауданы археология ескеркіштерінің 

ішінде 3 ескерткіш мыс өндірумен байланысты қола дəуіріне жатса, 5 ескерткіш 

қола  дəуіріндегі  жартастардағы  кескіндердің  жиынтығының,  көпшілік  бөлігі  –

23-і  Кіндіктас  пен  Айтау  тау  баурайларында  шоғырланған  ерте  темір  ғасыры 

қорғандары мен қорымдары құрайды. Ортағасырлық кезеңге жататын 11 қалашық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет