ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
750
751
ойконимдерінің ішінде «қос» сөзінің қатысуымен жасалған ойконимдер бар.
Мысалы:
Қосапан (Т. Рысқұлов ауд.) – қос (сан есім) + апан (зас есім)
Қостөбе (Байзақ ауд.) – қос (сан есім) + төбе (зат есім)
Қостоған (Меркі ауд.) – қос (сан есім) +тоған (зат есім)
Қосбөлтек (Жуалы ауд.) – қос (сан есім) + бөлтек (зат есім), ал Қосақ (Байзақ
ауд.) тіліміздегі қос «екі», «екеу», «қосы зат» мəнінде қойылғандай. Сондай-ақ
көп, жалғыз мəніндегі сан есім сөздер арқылы да жасалатын ойконимдер бар.
Көптерек (Байзақ ауд.) – көп (сан есім) + терек (зат есім)
Жалғызтөбе (Байзақ ауд.) – жалғыз (сан есім) + төбе (зат есім).
6. Сын есім + зат есім.
Ойконимдердің сын есімнен жасалуында өзіндік бір сыр-сипат бар.
Өйткені, жердің ой-шұңқырын, бет-бедерін, түр-түсін т.б. алуан түрлі қасиетін
білдіретін сөздер негізінен сын есімдер. Сондықтан да елді-мекендерді сын есім
категориясындағы сөздердің қатысуынсыз атау мүмкін болмаған. Ал біріккен
тұлғалы ойконимдердің анықтауыш компоненттері ұдайы сын есімдерден жаса-
лып отырған.
Қаракемер (Жамбыл, Қордай, Т. Рысқұлов ауд.) – қара (сын есім) + кемер (зат
есім),
Қарасу (Меркі ауд.) – қара (сын есім) + су (зат есім)
Қараой (Жуалы ауд.) – қара (сын есім) + ой (зат есім)
Қарасаз (Жуалы ауд.) – қара (сын есім) + саз (зат есім)
Қаратас (Жуалы ауд.) – қара (сын есім) + тас (зат есім)
Қаратөбе (Жамбыл ауд.) – қара (сын есім) + төбе (зат есім)
Жоғарыда көрсетілгендей кейбір сын есімдер түр-түс мағынасында қолданыла
ма, əлде сөздің басқа да мағыналары бар ма, ол туралы жұмысымыздың
ойконимдердің семантикалық классификациясы тармағында айтқанбыз.
Сондай-ақ Жамбыл облысы ойконимдері құрамында ақ, сары, қызыл, көк,
қоңыр, ала сияқты түр-түсті білдіретін жəне жылы, ескі, жалпақ т.б. сын есімдер
мен зат есім сөздер біріккен тұлғалы ойконимдер кездеседі:
Ақбұлым (Жамбыл ауд.) – ақ (сын есім) + бұлым (зат есім)
Ақжар (Меркі ауд.) – ақ (сын есім) + жар (зат есім)
Сарыкемер (Байзақ ауд.) – сары (сын есім) + кемер (зат есім)
Сарыөзек (Мойынқұм ауд.) – сары (сын есім) + өзек (зат есім)
Мұнда бір ескере кететін жағдай, Ə. Əбдірахманов, К. Коңкобаев, Е. Қойшы-
баевтың сары сөзі «үлкен», «кең», «көп» деген мағынаны береді деген пікірлері
бір жерге саяды.
Жамбыл облысының сын есімдерінің қатысуымен келетін ойконимдер:
Қызылжар (Талас ауд.), Қызылсай (Жамбыл ауд.), Қызылабад (Жамбыл ауд.),
Қызылту (Т. Рысқұлов ауд.), Көктөбе (Қордай ауд.), Көкдөнен (Т. Рысқұлов ауд.),
Көкөзек (Байзақ ауд.), Көкдала (Сарысу ауд.), Көкадыр (Қордай ауд.), Көкарық (Т.
Рысқұлов ауд.), Алатау (Жуалы ауд.), Алаайғыр (Шу ауд.), Қоңыртөбе (Жамбыл
ауд.), Жылыбұлақ (Жуалы ауд.), Жалпақсаз (Т. Рысқұлов ауд.), Ескішу (Шу ауд.),
Беріктас (Қордай ауд.), Қасқабұлақ (Талас ауд.) т.б.
7. Туынды сын есім мен зат есімнен жасалған біріккен тұлғалы ойконимдерге:
Жарлысу (Т. Рысқұлов ауд.) – Жарлы (т. С.Е.) + су (з. е.)
Қайыңдысай (Меркі ауд.) – Қайыңды (т. С.Е.) + сай (з. е)
8. Жалқы есім мен жалпы есімнен жасалған біріккен тұлғалы ойконимдерге:
Аймантөбе (Байзақ ауд.) – Айман (ж. е.) + төбе (жалп. ес.)
Жанаткөл (Жуалы ауд.) – Жанат (ж. е.) + көл (жалп. ес.)
Күрделі тұлғалы ойконимдер
Біріккен ойконимдердің басым көпшілігі күрделі компонентті болып келсе де,
аймақ ойконимдері арасында үш сөздің бірігуінен жасалған күрделі тұлғалылары
да кездеседі. Олардың саны аз болып, микроойконимдерде ғана кездесіп отыра-
ды. Мысалы, Терісащыбұлақ (Жуалы ауд.), Ақтүйеөлгенсай (Қордай ауд.) т.б.
Негізінен түркі тілді ойконимдердің (топоним) үшнегізділері көп кездеспейді.
Біз жұмысымызда Жамбыл облысы ойконимдерін құрамына қарай топ тас-
тыр ғанымызда, тек қана екі түбір мофемадан тұратындарын біріккен тұл ғалы
ой конимдер, қосымша морфема арқылы жасалғандарын туынды ойко ним дер,
(бұған: ойконимдердің бірікен тұлғалы түрі де жəне жалаң тұлғалы түрі де жа-
тады), ал тіркесті жəне үш түбір морфемадан жасалғандарын күрделі тұлғалы
ойконимдер деп атадық.
Ойконимдер құрылысына қарай қос компонентті жəне көп компонентті түр-
де кездесіп отырады. Олар Жамбыл облысы ойконимдерінде жасалу заң ды лық-
тарына орай, күрделі тұлғалы ойконимдердің модельдік құры лым дар дарын ұсы-
намыз.
Тіркесті күрделі ойконимдер
Ойконимдер матаса байланысып, изафеттік құрылымдармен келеді де,
белгілі бір объектінің кімге немесе неге меншікті екендігін көрсете отырып,
номинациялық (атауыштық) қызмет атқарады. Мысалы, Т. Рысқұлов бөлімшесі
(Меркі ауд.), Бөген шаруашылығы (Шу ауд.) т.б.
Қос компонентті тіркестер ойконимдермен қабыса байланысып, белгілі бір
объектінің қасиетін, сын-сипатын береді. Мысалы, Қашқан теңіз (Мойынқұм
ауд.), Шолақ қайыңды (Т. Рысқұлов ауд.), Мамай қайыңды (Т. Рысқұлов ауд.), т.б.
Тіркесті ойконимдердің бұл түрі композитті топонимдер деп аталады.
Жамбыл облысы күрделі ойконимдерінің құрамында гибридті күрделі ойко-
нимдер мен калькаланған ойконимдер кездеседі. Гибридті күрделі ойконимдердің
бір компонентті төл сөз, ал екінші бір компоненті кірме сөз болып келеді. Мы-
салы, Жуантөбе (Жамбыл ауд.), «Октябрь Чарво» (Т. Рысқұлов ауд.), «Октябрь-
Жеңіс» ауылдары «Жить по новому» – «Жаңатұрмыс» (Т. Рысқұлов ауд.) т.б.
Ал кейбір атаулар қазақ жерінде бұрыннан бар топонимдерге сəйкес калькала-
нып жасалған. Олардың ішінде жартылай калькаланғаны да, толық калькалан-
ган мағынасы анық, түсініктілері де бар. Мысалы, «Красная звезда» – «Қызыл
жұлдыз» «Каменка», «Пригородное», «Ровное», «Плодоягодное», «Конезавод»,
«Политотдел», «Красная заря» – «Қызыл таң» т.б.
Жамбыл облысы ойконимдерінің күрделі түрі сөзжасам тəсілдерінің грам-
ма тикалық заңдылықтарына сəйкес аналитикалық тəсіл арқылы қалыптасқан
грамматикалық бірліктерге жатады. Сонымен, облыс топонимдерінің туынды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
752
753
түрлері қазақ тілінде қалыптасқан лексика-семантикалық, синтетикалық жəне
аналитикалық тəсілдері арқылы қалыптасып, ойконимдердің белгілі бір тобын
құрайды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ОЙКОНИМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕР АРҚЫЛЫ ЖАСАЛУЫ
Қазақ халқының географиялық терминологиясының аса бай болуы – халықтың
қа лыптасу тарихымен, шаруашылықты ұйымдастыру сипатымен, табиғат жағ-
дай ларымен, қазақ тілінің құрылымымен тығыз байланысты.
Географиялық ортадағы табиғат жағдайларын нақты бейнелеуге топонимдер
құрамында болатын халықтық жəне жергілікті географиялық терминдер себепші
болады» [31. 125б.]. Топонимика ғылымында индикатор – терминдер деп ата-
латын мұндай сөздер тобы физикалық географияның объектілерінің типін,
ландшафтық – бедерлік ерекшеліктерін, морфологиялық сипатын, шығу тегін
(генезис) сипаттайды. Осы тұрғыдан алғанда, табиғат жағдайларын сипаттайтын
елді мекен, жер атауларында жергілікті жердің ландшафтық келбеті бейнеленіп,
халықтың географиялық білімі жинақталған.
Халықтық географиялық терминдердің топонимикалық зерттеулеріндегі
маңызын белгілі географ, топонимист Э.М. Мурзаев былайша түйіндейді: «Тер-
миндер – топонимиканың негізі, олар географиялық атаулардың мағыналық
мазмұнын анықтайтын бөлігі болып табылады... кез келген топонимикалық зерт-
теу халықтық географиялық терминдерді талдаудан басталуы қажет жəне қазіргі,
сол сияқты түбірлі (субстратты) жергілікті терминология міндетті түрде ескерілуі
қажет» [26. 98-99 б].
Жамбыл облысы ойконимиясындағы қазақтың төл атауларына грамматикалық
талдау жасау барысында жалаң ойконимдер, жұрнақты ойконимдер, біріккен
тұлғалы ойконимдер, күрделі ойконимдердің бірігіп жəне тіркесіп келетін
түрлерінің кездесетіндігі, күрделі ойконимдердің осы екі түрінде де белсенді
қолданылатын сөздердің бар екендігі айтылған болатын. Ол сөздер – ұлттық
географиялық терминдер. Географиялық терминдер топоним жасауда белсенді
қызмет атқарып, түрлі позицияларда келе береді. Ойконим жасаудағы осындай
жан-жақты қызметіне орай ол терминдер, жоғарыда атап өткеніміздей, топо-
нимикада əр түрлі атауларға ие болып жүр. Оларды ұлттық географиялық тер-
миндер [15. 3б.], детерминативтер, термин-индикаторлар [28. 17б.; 31. 35б.],
тіпті топонимикалық форманттар деп, я болмаса күрделі сөздің компоненттері
деп те атау дағдысы қалыптасқан [28. 94 б.]. Бұл терминдердің осындай əр түрлі
атауларға ие болуының төмендегідей бірнеше себептері бар:
1) олардың топонимикалық форманттар деп аталуы қызметі жағынан
топонимикалық көмекшілерге (форманттарға) ұқсас болып келуінде жəне өнімді
қолданылуында. Бұл терминдер тек қазақ тілінің төл атауларымен ғана емес,
басқа тілден енген жер-су атауларымен де бірігуге қабілетті келеді;
2) детерминативтер, бір жағынан, түрлі ойконимдермен жиі-жиі бірігіп не-
месе тіркесіп келіп топоформанттарға жақындаса, екінші жағынан, топонимдік
жүйеде өзінің лексикалық мағынасын, семантикалық еркіндігін де толық сақтап
отырады;
3) олардың басым көпшілігі барлық түркі тілдес халықтардың тілдеріне ортақ
болып келеді;
4) бұл географиялық терминдер толық мағыналы сөзден аффикске дейінгі
жолды түгел өтіп шыққан жоқ. Олар – «орта жолдағы» сөздер;
5) детерминативтер құранды ойконимдерде постпозицияда келеді. Олардың
постпозицияда келуі – толық қалыптасқан құбылыс». Мысалы: Жаңақоныс,
Көктөбе, Ақкөл, Құмшағал, Қарашығанақ т.б.
6) детерминативтер күрделі ойконимдердің бірінші позициясында келген кез-
де атаулық мəнге ие болады да детерминативтік мəнінен айрылады. Мысалы:
Тасқұдық, Тастөбе, Белбасар, Тасшолақ, т.б.
7) детерминативтер жеке тұрып та жер-су атаулары қызметінде қолданыла
алады. Мысалы, Еспе – Мойынқұм ауданындағы елді мекен, Ауыл – Меркі
ауданындағы елді мекен, Арал – Меркі ауданындағы елді мекен, Қайнар –
Қордай ауданындағы елді мекен, Қайыр – Талас ауданындағы елді мекен.
Детерминативтердің бұлай қолданылуы топонимикада арнаулы тəсіл (топоними-
зация) ретінде қарастырылады. Осы келтірілген мысалдар детерминативтердің
ойконим құрамындағы атқаратын қызметінің ауқымды жəне жан-жақты екендігін
көрсетеді.
Жамбыл облысы ойконимдері құрамында көптеген детерминативтер кездеседі.
Жер бетінің бедер сипатына орай қойылған ойконимдердің көпшілігі мына
детерминативтердің қосылуы арқылы жасалады: құм, қайрақ, қайнар, бел, арал,
тас, ақыр, сор, саз, мойнақ, жар, шығанақ, бастау, тоған, апан, құдық, қия, , сай,
тау, шоқы, төбе, арық, жол, еспе, жал, өткел, арал, кемер, өзек, шағал, жота, су,
батыс, адыр, бөгет, ой, əуіт, тегістік, қайыр, бұлақ, суат, көл т.б. Бұл сөздердің
қатысуы арқылы көптеген ойконимдер пайда болған.
Енді кейбір детерминативтердің ойконим құрамында қалай кездесетініне тал-
дау жасаймыз.
1. Географиялық терминдер қатарына жататын кент, қоныс, қыстақ, абад, стан,
жайлау, қорған, балық, қала, бекініс, село – сел, город сөздерінің қатысуымен
жасалған елді мекен атаулары, яғни ойконимдер кездеседі. Детерминативтердің
номені (атауы) бойынша оның мағынасы аңғарылады. Бұл кент, қоныс, қыстақ,
абад, жайлау, қорған, балық, қала, бекініс сөздері мекен, орын, жай деген ұғымды
береді. Осы детерминативтердің қатысуымен Жамбыл облысында көптеген ой-
конимдер кездеседі. Мысалы: Саудакент (Сарысу ауд.), Түймекент (Байзақ ауд.),
Тоғызкент (Сарысу ауд.) Жаңақоныс (Талас ауд.), Новосел (Т. Рысқұлов ауд.),
Түркістан (Сарысу ауд.), Кəріқорған (Жуалы ауд.), Аралқыстақ (Меркі ауд.),
Қызылқыстақ (Меркі ауд.), Қарақыстақ (Т. Рысқұлов ауд.), Қызылабад (Жамбыл
ауд.), Пригородное (Жамбыл ауд.) жəне ерте ортағасырлық жəне ортағасырлық
ойконимдер қатарына жататын Көлтоған бекінісі, Көктөбе бекінісі, Жетімсай
қорғандары, Қосқорған елді мекені (VІІ-ХІІІ ғғ.) т.б.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
754
755
2. Жамбыл облысында төбе географиялық термині, детерминативінің қаты суы -
мен жасалған төмендегідей ойконимдер бар. Мысалы: Аймантөбе (Байзақ ауд.),
Ақтөбе (Байзақ, Талас, Сарысу ауд.), Ақыртөбе (Т. Рысқұлов ауд.), Бектөбе (Жам-
был ауд.), Жалғызтөбе (Байзақ ауд.), Жетітөбе (Жуалы ауд.), Жуантөбе (Жамбыл
ауд.), Жүндітөбе (ортағасырлық қала, Мойынқұм ауд.), Жайтөбе (Байзақ ауд.),
Көктөбе (Жуалы, Шу, Қордай ауд.), Қаратөбе (Жамбыл ауд.), Қоңыртөбе (Жам-
был ауд.), Қостөбе (Байзақ, Жамбыл ауд.), Майтөбе (Талас ауд.), Мамыртөбе (Т.
Рысқұлов ауд.), Тастөбе (Жамбыл ауд.), Шортөбе (Қордай ауд.) т.б.
3. Тау сөзінің қатысуынан жасалған мынадай ойконимдер бар: Хантау
(Мойынқұм ауд.), Қаратау (қала, Талас ауд.), Ақтаутас (Талас ауд.), Алатау (Жуа-
лы ауд.) т.б.
4. Тас. Қазақ тіліндегі негізгі мағынасы басқа түркі тілдеріндегі сияқты,
«қатты жыныс» дегенді білдіреді. Жамбыл облысындағы жиі кездесетін кейбір
атаулардың түбірі «тас» сөзімен байланысты болып келеді. Бұл жөнінде Ə. Х.
Марғұланның зерттеулерінен құнды деректер бар. Зерттеушілер терминдерге
қарап, тау жыныстарының құрамын білуге болатынын атап көрсетеді. Пішіні
жағынан белгілі бір нəрсеге ұқсастығына қарай, бұл тас детерминативінің ой-
конимдерге негіз болған. Мысалы: Маятас (Сарысу ауд.), Қақпатас (Қордай
ауд.), Беріктас (Қордай ауд.). Тасшолақ (Т. Рысқұлов ауд.) т.б. Негізінен тас
географиялық термині гидронимдерде де жиі кездеседі.
5. Қайнар, бастау, тоған, теңіз, су, əуіт, көл, өзек, өткел, арал, бұлақ, арық,
құдық сөздерінің қатысуымен аталатын мынадай ойконимдер бар. Мыса-
лы: Қызылқайнар (Жамбыл ауд.), Далақайнар (Шу ауд.), Көкқайнар (Шу ауд.),
Көлқайнар (Жамбыл ауд.), Көкбастау (Байзақ ауд.), Көлбастау (Жуалы ауд.), Са-
рыбастау (Қордай ауд.), Тасбастау (Жуалы ауд.), Тереңөзек (Т. Рысқұлов ауд.),
Үшарал (Талас, Сарысу ауд.), Қызылəуіт (Талас ауд.), Сазқұдық (Т. Рысқұлов
ауд.), Тойқұдық (Т. Рысқұлов ауд.), Көкөзек (Байзақ ауд.), Сарыөзек (Мойынқұм
ауд.), Тескентоған (Меркі ауд.), Сарыбұлақ (Қордай ауд.), Қасқабұлақ (Талас ауд.),
Шыңбұлақ (Жуалы ауд.), Құмарық (Т. Рысқұлов ауд.), Көкарық (Т. Рысқұлов
ауд.), Қарасу (Байзақ, Қордай, Меркі ауд.), Ақсу (Шу ауд.), Көксу, (Сарысу ауд.),
Жарлысу (Т. Рысқұлов ауд.), Билікөл (Жуалы ауд.), Жайлаукөл (Сарысу ауд.),
Алтынарық (Меркі ауд.), Тасөткел (Шу ауд.), Қашқантеңіз (Мойынқұм ауд.) т.б.
6. Сор. Сорлардың қалыптасуы жөніндегі мəліметтерді саралау барысын-
да олардың түрлерінің аймақтық ерекшеліктері бар екенін байқауға болады.
[13. 16-б.] В.И. Масальскийдің мəліметтеріне сəйкес, Қарақұмда сордың төрт
типі, Қызылқұмда үш типі тараған. Қарақұмдағы тұзды батпақ түріндегі сулы
сорлардың беті құрғақ мерзімде саздың жұқа қабатымен көмкеріліп, адам мен
жануарлар үшін тартпа балшық ретінде үлкен қауіп-қатер төндіреді. Сондықтан
мұндай сорларды қазақ Жамансор, Тентексор, Қарасор деп атағаН.В. Н.
Шнитниковтың (1925) мəліметтеріне сəйкес, Жетісу сорлары негізінен көлдер
маңында шоғырланады; алғашқыда жалаңаш, тартпа болған сорларға біртіндеп
өсімдіктер өсе бастайды. Көбінесе мұндай жерлерді біртекті өсімдіктер, мысалы,
көкпек алып жатады. А. Левшин 1825-1826 жж. қазақ даласының батыс бөлігін
аралаған Эверсманның деректерінің негізінде сорларды төмендегіше сипаттай-
ды:
1. Жазда онша кебе қоймайтын, қыста қатпайтын, жүруге қолайсыз батпақтар;
2. Жазда кеуіп, бетін əппақ тұз қабаты көмкеретін, өсімдіксіз құрғақ жерлер;
3. Ащы-тұщы көлдер ретінде сипаттайды.
Сонымен сорлар жергілікті жердегі табиғат ерекшеліктеріне қарай əр түрлі
болады; мұны құрамында сор термині кездесетін ойконимдерді талдау бары-
сында ескеру керек. Жамбыл облысында Сортөбе (Қордай ауд.), Сорбұлақ (Са-
рысу ауд.) атты ойконимдер бар. Бұл ойконимдер жазда кеуіп кететін, өсімдіксіз
құрғақ жерлерге қойылған. Бұл Сортөбе ойконимі бұрын 24. 06. 98 жылға дейін
фонетикалық өзгеріске түсіп, Шортөбе деп аталып келген.
7. Саз терминінің географиялық атау ретінде 2 мағынасы бар:
а) Ұсақ құрылымды, сарғыш түсті борпылдақ шөгінді тау жынысы; ылғал
күйінде тұтқыр қойыртпақ түзеді.
ə) Жер асты сулары шығып жатқан жерлердегі батпақты-шалғынды жерлер,
сулы шалғындар [15. 133б.].
Біздер үшін терминнің екінші жағына қатысты мəліметтер маңызды болып
табылады. Бұл мағынасында термин көптеген түркі тілдерінде қолданылып, ой-
конимдерге негіз болған. Жамбыл облысында құрамында «саз» термині бар ой-
коним кездеседі. Мысалы: Сазтерек (Байзақ ауд.) жəне Жалпақсаз (Жамбыл, Т.
Рысқұлов ауд.), Жаңасаз (Байзақ ауд.) т.б.
XX ғ. басында П.П. Румянцев жинаған жайылымдық қоныстардың Жалпақсаз,
Қалсаз, Ойсаз, Талғарсаз жəне т.б. аттары белгілі. Саздардың шабындықтар
ретінде пайдаланылғандығын əртүрлі деректер дəлелдейді.
8. Екі сыңары да детерминатив болып келетін ойконимдер. Мысалы: Көлқайнар
(Жамбыл ауд.), Көлтоған (Жамбыл ауд.), Тасөткел (Шу ауд.), Тастөбе (Жамбыл
ауд.), Құмөзек (Мойынқұм ауд.), Құмшағал (Жамбыл ауд.), Құмсуат (Жуалы
ауд.), Құмжота (Байзақ ауд.), Сортөбе (Қордай ауд.), Жарқұдық (Сарысу ауд.),
Жайлаукөл (Сарысу ауд.), Далақайнар (Шу ауд.) т.б.
Облыс топожүйесінде мынадай топоформанттар түрлері кездеседі:
1. -лы, -лі + детерминатив. Мысалы, Майлыкөл (Сарысу ауд.), Қандыөзек
(Мойынқұм ауд.), Қояндыөзек (Мойынқұм ауд.), Қайыңдысай (Меркі ауд.) т.б.;
2. -қан, -кен + детерминатив. Мысалы, Қашқантеңіз (Мойынқұм ауд.);
3. апеллятив + детерминатив. Мысалы, Қарасу (Қордай ауд.), Бектөбе
(Мойынқұм ауд.), Жаңасаз (Байзақ ауд.), Жайлаукөл (Сарысу ауд.), Мойынқұм
(аудан) т.б.;
4. детерминатив + апеллятив. Мысалы, Белбасар (Шу ауд.) т.б.;
5. апеллятив + апеллятив. Мысалы, Құмжота (Байзақ ауд.), Тастөбе (Жамбыл
ауд.), Беларық (Меркі ауд.) т.б.;
6. апеллятив + апеллятив. Мысалы, Қызылшаруа (Т. Рысқұлов ауд.), Жаңақоғам
(Шу ауд.), Алаайғыр (Шу ауд.) т.б.;
Сонымен, Жамбыл облысы ойконимиялық жүйесіне тəн детерминативтер
мен топоформанттардың бар екендігіне көзіміз жетті. Бұл детерминативтердің
ойконимдерді қалыптастырудағы қызметі мол. Сондай-ақ ойконимдердің туын-
ды түрлері белгілі бір жүйе бойынша, яғни топоформанттар негізінде қалыптасып
жасалады.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІ
З. ҚҰЛАМАНОВА
756
757
Қорыта айтсақ, Жамбыл облысы ойконимиясының өзіне тəн құрылымдық
ерекшеліктері бар екендігі анықталды. Нақтылап айтсақ, құм, қайрақ, қайнар,
бел, арал, тас, ақыр, сор, саз, мойнақ, жар, шығанақ, бастау, тоған, апан, құдық,
қия, сай, тау, шоқы, төбе, арық, жол, еспе, жал, өткел, арал, кемер, өзек, шағал,
жота, су, батыс, адыр, бөгет, ой, əуіт, тегістік, қайыр, бұлақ, суат, көл, т.б. сөздердің
қатысуы арқылы көптеген ойконимдер пайда болған.
Сонымен облыс ойконимдер жүйесінің құрылымдық сипаты – ойконимдерді
қалыптастыратын қосымшалар, олардың құрылымдық түрлері, жасалу
тəсілдері, детерминативтер мен олардың ойконимиядағы рөлі, топоформант-
тар мен олардың ойконимді пайда етудегі маңызы сияқты мəселердің басын
құрайтындығы дəлелденді.
ОЙКОНИМДЕРДІҢ ЭТНОМƏДЕНИ СИПАТЫ МЕН
АТАУЫШТЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Тіл адамдардың қоғамдағы ең басты қатынас құралы, адамдардың дүние
туралы жалпы білімін, ойын айтудың құралдарын белгілеулерінің жүйесі.
Адамдар тіл арқылы дүниені танып білсе, тілімен тұлға өзін-өзі танып
біледі. Тілдің информацияны сақтайтын жəне беретін өзіндік əлеуметтік
құрал іспеттес қасиеті бар. Тіл арқылы адам өз мінез-құлқын қоғамдағы іс-
əрекетін реттеп, бағыттап оты рады. Əрі бұл этностың өзінің тарихына, өмір
салтына, географиялық ор тасы на байланысты əлеуметтік тіл қалыптасады.
Тіл адамдардың рухани мəдениетінің фактісі ретінде өзінің функциясын
атқару мен даму барысында қоғамның рухани жəне материалдық өндірісінің,
адам дардың қоғамдық қатынасының жиынтығы болып есептеледі. Ол адам-
дар дың қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болады.
Кез-келген ұлттың күрделі жəне жай құрылымдарының, мəдениетінің,
салт-санасының, дəстүрінің танымының арасындағы айырмашылықтар тіл
феноменінде анық байқалады. Ал мəдениет жеке тілдің таңбалық жүйесінің
мазмұнын анықтайды. Əрбір мəдениетте интернационалды жəне ұлттық си-
пат бар, сонымен қатар əр тіл семантикасында адамзат мəдениетінің жалпы
универсалды компоненттері жəне белгілі бір халықтың өзіндік мəдениеті
көрінеді. Мəдениеттің тілге əсерінің сипаты əсіресе əр түрлі мəдениетке
негізделген тілдердің əртүрлісін қарастырғанда анық байқалады.
Тіл білімінде тіл мəдениетінің қарым-қатынасы соңғы екі ғасырда өзекті
мəселелердің біріне айналды. Бұл проблеманы күн тəртібіне қойып шеш-
кен неміс лингвисті В. Гумбольдт болып саналады. Ол ойын, негізінен, былай
тұжырымдайды:
«1. Материалдық жəне рухани мəдениет тілде көрінеді;
2. Кез келген мəдениет – ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрініс табады;
3. Ұлттық рухтың көрінісі оның мəдениетінде бейнеленеді;
4. Тіл – адам мен оны қоршаған ортаны жалғастырушы тетік».
В. Гумбольдтың бұл тұжырымдамасы Ш. Балли, И. Бодуэн де Куртэне, А. По-
тебня, Р. Якобсон жəне басқа зерттеушілер еңбегінде жалғасын табады. Қазақ
тіл білімінде М. Балақаев, Ə. Қайдар, Т. Жанұзақ, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов,
М. Копыленко, Ж. Манкеева, Е. Керімбаев, Г. Смағұлова т.б. еңбектерінде көрініс
табады.
Құндылық ретінде мəдениетті жалпы сипаттайтын – тіл, ол негізгі информация-
ны қордаландырады, сақтайды жəне жеткізеді. Бұл жөнінде Ə. Қайдар былай
дей ді: «Тіл – мəдениетті танып білудің басты құралы». Осыған сəйкес тіл əрбір
эт ностық қауымдастықта екі функцияны атқарады: бірінші, этностың мəдени
ерек шелігінің факторы; екінші, тіл – өз шеңберінде мəдениеттің ұрпақтан-
ұрпаққа сабақтасып дамуын қамтамасыз етеді.
Ойконимдердің этномəдени сипатын сөз еткенімізде, алдымен оның жалпы
мəдениетке қатысы, қоғамдық əлеуметтік мəні, республикалық, облыстық карт-
ларда берілуі, сонымен қатар жергілікті іс-қағаздарда, ауылдық округ, ауыл, об-
лыс, республикалық, халықаралық, əкімшілік, саяси карталарда жəне жазушылар
шығармасында қолданылуы болып табылады. Ең негізгісі яғни ойконимдердің
халық өміріндегі қолданысы болып табылады.
Ойконимдердің қоғамдық əлеуметтік мəні. Елді-мекендердің əлеуметтік мəні
– жердің ерекшелігін, тарихи орнын ескере отырып қойылуында ойконимдер
жансыз заттар мен құбылыстарды даралап, тіл білімінің бір саласын дамытады.
Тарихи əр кезеңдегі жалқы есімдер құрамы қоғамның бет-бейнесін ай қын-
дайды. Ұлан-байтақ немесе көлемі кішкене ғана жерді атау, ат беру қоғамның
қалыпты дамуына қызмет етеді. Елді мекен, жерге ат қою, адамның атын қой ған
сияқты қоғамдағы адамдардың қарым-қатынаста болуына, қоғамның про грес-
стік жолмен дамуына қажетті құралдардың бірі.
Мемлекетаралық қатынаста жерлерді атау арқылы адамдар бағдар жасап,
оның оңтайлы немес оңтайсыз, жайлы жайсыз екендігіне баға бере отырып,
анық тайды. Мемлекет пен мемлекеттің, қоғам мен қоғамның арасындағы
көптеген саяси, мəдени, рухани, этносаралық мəні бар мəселелер олардың мүд-
де лілігіне, практикалық пайдалылығына, зиянды-зиянсыздығына қарай сипатта-
лып шешіліп отырған.
Елді мекен арқылы адамдар сол жердің қаншалықты қоғамның дамуына,
өркендеуіне құндылығы мен қажеттілігінің бар екендігін анықтай отырып бо-
лашақта қала тұрғызу, шаруашылығын орнықтыру, қазба жұмыстарын жүр гізу,
мемлекет ретінде территориясын ұлғайту мақсатымен жаулап алу саясатын
жүргізу т.б. сияқты мəселелерді іс жүзіне асырады. Жер бетіндегі мем ле кет тердегі,
региондардағы, қалалардағы т.б. ойконимдер картаға түсіріліп, олар адам дардың
іс-əрекеттерінің арқауы ретінде қызмет атқарады.
Қандай этнос болмасын ол өзіндік мəдениетінің ортақтығымен сипатталады.
Оның көптеген функцияларының ішінде біз үшін керегі этникаға қатысты мə-
селелері. Этникалық қасиеттер мен этникалық мəдениет қабаттары сана, күн-
делікті тіл жəне отбасындағы дəстүрлі мəдениет арқылы сабақтасады. Ха лықтың
тілі сандаған ғасырлар бойы қалыптастырған мəдениетінің жəне ақыл- ойының
жинақ талған рухани қазынасы. Мəдениет (латын сөзі – өңдеу) [40. 382стр.] –
|