М. Х. Дулати атындағы Тарму-дің Ғылыми кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған



Pdf көрінісі
бет2/110
Дата18.01.2017
өлшемі15,4 Mb.
#2185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110

ҚАЛАЛАР

р/с

Қала 

атауы

Қаланың бұрынғы атауы, 

құрылған жылы

Орыс тіліндегі жазылуы

1

Тараз I-IІ ғ. 



Тараз

2

Жаңатас 



Жанатас, 1969

Жанатас


3

Қаратау 


Шолақтау, 1963

Каратау


4

Шу 


Чу, 1960

Шу

Тараз қаласы – Əулиеата (1864 ж.), Жамбыл (1938 ж.), Тараз (1997 ж.) деп 

аталды.  Тараз  қаласының  құрылуының 2000 жылдығы  елімізде  кеңінен 

атап өтілді. 



АУДАНДАР

р/с

Аудан атауы

Орыс тіліндегі 

жазылуы

Аудан 

орталығының 

атауы

Орыс 

тіліндегі 

жазылуы

1

2

3

4

5

1

Байзақ ауд. 



Байзакский р-н

Сарыкемер

Сарыкемер

2

Жамбыл ауд. 



Жамбылский р-н

Аса


Аса

3

Жуалы ауд. 



Жуалынский р-н

Б. Момышұлы 

Б. Момышулы

4

Қордай ауд. 



Кордайский р-н

Қордай 


Кордай

5

Меркі ауд. 



Меркенский р-н

Меркі


Мерке

6

Мойынқұм ауд. 



Мойынкумский р-н

Мойынқұм


Мойынкум

7

Т. Рысқұлов ауд.  Т. Рыскуловский р-н Құлан



Кулан

8

Сарысу ауд. 



Сарысуский р-н

Жаңатас 


Жанатас

9

Талас ауд. 



Таласский р-н

Қаратау 


Каратау

10

Шу ауд. 



Шуский р-н

Төле би 


Толе би

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ

 

Жамбыл облысында 10 аудан, 153 округ бар, оның ішінде:



• 120 ауылдық округ

• 19 селолық округ

• 5 кенттік округ

• 9 ауылдық аймақ

• 3 аудан бағынысындағы қала

• 1 облыстық маңызы бар қала. 



ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

16

17

Тараз қаласы – Жамбыл облысының əкімшілік орталығы. 

Халық саны – 343 мың адам. 

Қала аумағы 120 шаршы шақырым құрайды. 



Ерекшеліктері мен көрнекті орындары

Тараз қаласы түркі халқының тарихи жəне мəдени ескерткіштеріне бай. 

Тараз  қалашығы,  Қали  Жүністің  моншасы,  Қарахан  кесенесі,  Тектұрмас, 

Əбдіқадыр мешіт-медресесі, Ж. Жабаев ескерткіші жəне т.б. 

Тараз қалашығы қазіргі қаланың орталық бөлігінде орналасқан. 2007 жы-

лы  «Ұлы  Жібек  Жолы  ежелгі  қалалары»  атты  мұражай  ашылды.  Қарахан 

кесенесі  діни  мемориал  ғимараттар  санына  енеді  жəне  тарих  бойынша  ол 

əулие (Əулие ата) Қарахан мүрдесінің үстінен соғылған, сондықтан қаланы 

1836-1936 жж. аралығында соның атымен атаған. 

Қазіргі  кезде 2012 жылдан  Тараз  қаласының  Орталық  базары  орнынан 

архе ологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. 

Ықшамаудандар тізімі

Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

«Ақбұлақ» ықшамауданы



Микрорайон «Акбулак»

2

«Қаратау» ықшамауданы



Микрорайон «Каратау»

3

«Жайлау» ықшамауданы



Микрорайон «Жайлау»

4

«Салтанат» ықшамауданы



Микрорайон «Салтанат»

5

«Қарасу» ықшамауданы



Микрорайон «Карасу»

6

«Талас» ықшамауданы



Микрорайон «Талас»

7

«Самал» ықшамауданы



Микрорайон «Самал»

8

 



«Алатау» ықшамауданы

Микрорайон «Алатау»

9

«Мыңбұлақ» ықшамауданы



Микрорайон «Мынбулак»

10 «Аса» ықшамауданы 

Микрорайон «Аса»

11 «Жансая» ықшамауданы

Микрорайон «Жансая»

12 «Астана» ықшамауданы

Микрорайон «Астана»

13 «Бəйтерек» ықшамауданы

Микрорайон «Байтерек»

Шағын аудандар тізімі



Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

Құмшағал шағын ауданы



Микрорайон Кумшагал

2

Қызыл-Абад шағын ауданы



Микрорайон Кызыл-Абад

3

Көлтоған шағын ауданы



Микрорайон Кольтоган

4

Шөлдала шағын ауданы



Микрорайон Шолдала

5

Жиделі шағын ауданы



Микрорайон Жидели

Алқаптар тізімі



Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

Қарасай (Казпоселок) алқабы



Массив Карасай

2

Арай алқабы



Массив Арай

3

Барысхан алқабы



Массив Барысхан

4

Көктем алқабы



Массив Коктем

5

Бурыл алқабы



Массив Бурыл

6

Қамұқат алқабы



Массив Хамукат

7

Төрткөл алқабы



Массив Тортколь

8

Шалғай Қарасу алқабы



Массив Дальний Карасу

9

Гидрокомплекс алқабы



Массив Гидрокомплекс

10 Аэропорт алқабы

Массив Аэропорт

11 Дорожник алқабы

Массив Дорожник

12 Ақжол алқабы

Массив Акжол

13 Жігер алқабы

Массив Жигер

14 Орман алқабы

Массив Орман

15 Рассвет алқабы

Массив Рассвет

Скверлер тізімі

р/с

Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

«Атшабар» сквері



Сквер «Атшабар»

2

«Желтоқсан» сквері



Сквер «Желтоксан»

3

«Абай» сквері



Сквер Абая

Даңғылдар тізімі

р/с

Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

Абай даңғылы 



Проспект Абая 

2

Төле би даңғылы 



Проспект Толе би 

3

Жамбыл даңғылы 



Проспект Жамбыла 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

18

19

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

ТАРАЗ – Қазақстанның  оңтүстігінде  ежелден  келе  жатқан  қала,  Жамбыл 

облысының əкімшілік орталығы. Тұрғыны 343, 3 мың адам (2013). Taлac өзенінің 

сол  жағалауында  орналасқан.  Тараз – Қазақстанның  маңызды  экономикалық 

мəдени  орталықтарының  бірі.  Қалада 40-тан  астам  ірі  кəсіпорындар («НОД-

ФОС», «Суперфосфат», «Химпром», «Қаратау», «Фосфорит», «Тараз», т.б.) жұ-

мыс істейді. Таразда 3 жоғары оқу орны, 4 колледж, жалпы білім беретін мек-

тептер (66), 50-ден  аса  балабақша, 11 аурухана,  емханалар,  санаторийлер (7), 

стадиондар (3) жəне  спорт  залдары (81), мешіттер (7), кітапханалар (20-дан 

астам), мəдениет үйлері мен театрлар (2), саябақтар бар. Талас өзенінің батыс 

жағындағы Талас – Aca жазығында аса үлкен аумақты алып жатыр. Қаланың ба-

тыс жəне оңтүстік-батыс жағында 10 – 20 км жерде Кіші жəне Үлкен Қаратай тау 

сілемдері, ал оңтүстігі мен шығысында 15 км жерде Талас Алатауы орналасқан. 

Солтүстігі  мен  шығысында  Мойынқұм  құмы  жатыр.  Жалпы  Тараз  теңізден 

490 – 700 м биіктікте тұр. 



Климаты. Қаланың қысы жылы, жазы ыстық, құрғақ. Ең суық айы – қаң тар-

да ғы орташа температура – 5, 1°С. Ең төменгі температура – 36, 2°С-ке жетеді. 

Оңтүстіктен  жəне  оңтүстік-батыстан  соғатын  циклондарға  байланысты  кей 

жыл  дары  желтоқсан-қаңтарда  ауа  райы +2°С-қа,  тіпті  онан  да  жоғары  жылы 

болуы мүмкін. Қар көбінесе, қараша айының аяқ кезінен (кей жылдары қазан 

айының екінші жартысында) бастап жауады. Қардың қалыңдығы 10-15 см бола-

ды. 114 – 220 күн (орташа 161 күн) жатады. Жалпы қаладағы бұлтты күндер ша-

мамен 50 күнге созылады, қалған уақытта күн ашық. Жазы ыстық, құрғақ, шілде 

айында 47°С-қа  дейін  жетеді.  Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлшері 

353 мм. Қаладағы негізгі су артериясы Талас өзені Қырғыз жеріндегі Қаракөл 

жəне Үшкеней тау өзендерінің бірігуі нəтижесінде пайда болады. Таразға жет-

кенше судың едəуір бөлігі ауыл шаруашылығы егістіктерді суару үшін пайдала-

нылады. ГРЭС-тің маңайында қолдан жасалынған көлшік бар. Қала үшін екінші 

бір маңызды өзен – Aca қар суымен тек көктемде толығады. 



Тарихы. Тараз Қазақстан ғана емес, Орталық Азиядағы ең көне қалалардың 

бірі. Белгілі тарихшы Л. H. Гумилевтің айтуынша, Тараздың алғашқы аты Та-



лас  бол ған.  Қытай  деректерінде  қаланың  негізін  б.  з.  д. I ғ-да  Ғұн  билеушісі 

Чжан-Чжин (Чжичжи) қалап, атын To-ло-со деп атаған. Қала 630 жылға дейін 



То-ло-со, онан соң Талас, ал 893 ж. Тараз деп аталған. Кейбір зерттеушілердің 

пікірінше қа ланы алғаш салушылар Парфия шеберлері, рим легионерлері жəне 

жергілікті халық болған. Қала екі жыл салынып, аса мықты қамалға айналған. 

Toпырақ  үйінділері  мен  ағаш  қабырғалардан,  қарауыл  мұнараларынан  жəне 

цитадельден тұрған. VI ғ.-да Еуразия даласында аса ірі Түрік қағанаты (552 – 

745) пайда болды. Кейіннен ол 2 қағандыққа (Батыс жəне Шығыс) бөлінді. Та-

раз Батыс түрік қағанатына қарады. Батыс түрік қағанаты VI ғ-дың 2-жартысы-

нан бастап қатты күшейіп Қытай, Иран, Византия, Үндістан елдерімен саяси-

экономикалық  қарым-қатынастар  жасасты.  Аталған  мемлекеттер  қағандық 

аумағы  арқылы  өтетін  Ұлы  Жібек  жолына  өз  үстемдіктерін  жүргізу  үшін 

бəсекелестікке  түсті,  əрі  осы  сауда  жолының  негізгі  қожайыны  түркілерді  өз 

одақтастарына  айналдыруға  тырысты.  Орта  Азияны  жаулап  алған  түркілер 

Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне апаратын сауда жолдарының негізгі бөлігіне 

Саябақтар тізімі

р/с

Қазақ тіліндегі атауы

Орыс тіліндегі атауы

1

Қазақстан Республикасы Тұңғыш 



Президентінің саябағы 

Парк Первого Президента 

Республики Казахстан 

2

Т. Рысқұлов атындағы мəдениет жəне 



демалыс саябағы 

Парк имени Т. Рыскулова 

3

«Даңқ» аллеясы 



Аллея «Славы»

4

«Махаббат» аллеясы 



Аллея «Любви»

5

К. Əзірбаев аллеясы 



Аллея К. Азербаева 

6

Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақ 



Парк имени К. Рыскулбекова 

7

Кеңес Одағының батыры Бауыржан 



Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағы

Парк «Жеңіс» имени Героя 

Советского Союза Бауыржана 

Момышулы


8

«Зербұлақ» демалыс аймағы 

Зона отдыха «Зербулак» 

9

«Мамыр» саябағы 



Парк «Майская роща»

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

20

21

бақылау орнатты. Негізгі сауда жасаушылар соғдылар, парсылар (Пайкендтен 

(Бұхараның  жаны)  Сирияға  дейінгі  аралықта)  болды.  Қазақ  ғалымы,  акаде-

мик Ə. Марғұлан ар хео ло гиялық қазба деректеріне сүйене отырып Тараз б.з.б. 

III-II  ғасырларда  ір ге сі  қаланған  деген  қорытынды  жасайды.  Ал,  академик 

B. B. Бартольд ұзақ зерттеу лер нəтижесінде ескі қаланың орны қазіргі Орталық 

базар орналасқан алаң деп көрсетті. Apхеологтар ұзақ жылдар бойы зерттеу-

лер жүргізіп, Тараз қаласы Iғ-дың бас кезінен бастап салына бастаған деген 

қорытынды жасады. Тараз қа ла сы I ғ-дан бастап аса мықты бекіністері бар, 

халқы  көп  қамалға  айналды.  Б.з.б. I ғ-дан  бастап  Талас  өзені  бойын  қаңлы 

тайпалары мекендей бастады. VI ғ-дан бас  тап осы өңірде түркі тілдес ұлттар 

қалыптаса  бастады.  Түркі  халықтарының  бір неше  ғасырлар  бойғы  тарихы 

ортақ болды. Зерттеушілердің көрсетуінше, Тараз, сондай-ақ Орта Азияның 

басқа  да  қалаларындағы VI-X ғ-лардағы  негізгі  тұр ғындар  түркілер  болды. 

Дегенмен  ол  қалаларда  соғдылар,  арабтар,  парсылар,  сирия лықтар  да  көп 

болды. Əсіресе, Батыс Түрік қағанаты соғды мəдениетімен ты ғыз байланыста 

болды (соғдылардың орталығы Самарқанд қаласы болды). VIII ғ-дан бас тап 

Батыс түрік қағанаты құрамындағы тайпалар арасында өзара соғыс бас талды. 

Нəтижесінде, Іле өзенінен ығысқан түргештер Талас өңіріне келіп орналасты. 

VIII ғ-дың орта тұсынан бастап Тараз олардың астанасына айналды. 751 ж. 

осы  маңда  өткен  Атлах  шайқасында  түргештер  арабтармен  одақ таса  оты-

рып, шабуылдап келе жатқан қытай əскерлеріне күйрете соққы берді. Шай-

қастан кейін арабтар кейін қайтып кетті де, түргештер өзара бір-бірімен со-

ғысып жатқан тайпаларға бөлініп кетті. Осындай жағдайда түргештерді 766 ж. 

солтүстік-батыстан келген екінші бір түркі тайпасы – қарлұқтар ығыстырды. 

Қарлұқтар бірте-бірте Іле, Шу, Талас, Тянь-Шань өңірлеріндегі түркі тайпала-

рын өздеріне бағындырды. Қарлұқ мемлекетінің де (VIII-IX ғ.) астанасы Тараз 

қа  ласы  болды.  Бұл  кезеңде  Тараз  өзі  ғана  өсіп  қоймай,  айналасында  Жікіл, 

Барсхан қалалары пайда болды. Орта Азияда пайда болған Caмани мемлекеті 

күшейе ке ле 893 ж. Талас өңірін өзіне бағындырды. Бұл кезде Тараз аса ірі əрі 

бай қала бо   латын. Осы кезден бастап тəжіктер Талас қаласын Тараз деп атай 

бастады. 955 ж.  Талас өңіріне қарахандардың билігі орнады. Қараханидтер 

960 ж.  Исламды мем   лекеттік дін деп жариялады. 

1456-64 ж. Шу бойында Қазақ хандығы құрылды да, қала XVI ғ-дың аяқ ке -

зі нен бастап қазақ ордасына қосылды. 1513 ж. Қасым ханның жорығы ке зінде 

Тараз қаласының аты өтеді. 1723 ж. Талас өңірі жоңғарлардың шап қын шы  лы ғы  -

на ұшы рады. 1729 ж. Аңырақай шайқасынан кейін қазақ рулары ата ме кен  де рі не 

қай та бастады. 1771 ж. Абылай хан үш жүздің тағына отырды. 

1914  ж. I дүниежүзілік  соғыс  басталғаннан  кейін  халыққа  салынатын  са-

лық мөл шері 3-4 есе өсті. 1916 ж. 25 маусымда əйгілі патша жарлығы шықты. 

Əулиеата аймағында жаппай халық көтерілісі басталды. Меркідегі көтеріліске 

Ташкент  тен келген Т. Рысқұлов қатынасты. 

 Əулиеата мен Меркіде «Қазақ жастарының революциялық одағы» құрылды. 

Əулиеатада Кеңес өкіметі орнады (1917 ж. 19 қарашада). 1918 ж. 11-16 маусым-

да қазақтардың уездік съезі өтіп, оны Т. Рысқұлов басқарды. 1918 ж. жазда елде 

азамат соғысы басталды. Жер-жерде Keңес үкіметіне қарсы бас көтерулер бо-

лып жатты. 1920 ж. көктемнен бастап уезде Кеңес өкіметі түпкілікті орнады. 

1936 ж. Əулиеатаның аты Мирзоян болып, 1937 ж. Жамбыл қаласы болып 

өз гертілді. 

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін халықтың талап-тілегін ескере отырып, 

Президент H. Назарбаев 1997 ж. 8 қаңтардағы Жарлығымен Жамбыл қаласына 

та  рихи аты Тараз атауын қайтарды. 

Сондай-ақ Тараз қаласы туралы мəліметтерді, нақтылап айтсақ, Қытайдың 

6000 жылды қамтып жазылған «Цянь-хань-шу» («Кейінгі Хань əулетінің тари-

хы») деген жылнамасында жазылған. Оны алғаш орысшаға қысқаша аударған 

орыс тың қытайтанушысы Н. Бичурин болатын, ал Л.Н. Гумилев соған сүйеніп 

жаз ған «Таласская битва 36-го года н. э.» деген мақаласында Талас өзенінің жа-

ға сында жеткен ғұндардың билеушісі Шөже қаған (қағанның қытайша атауы 

Чжи Чжи) б.з.б. 42-41 жылдары Талас кентін салғызғанын жазған. Ғұндардың 

империясы ол кезде Моңғолия далаларында көшпенді сəнбилерден қирай же-

ңі ліп,  Тарбағатайға,  одан  Жетісуға  жəне  Таласқа  келіп  паналаған.  Кейін  осы 

Талас  қаласының  түбінде  алтын  айдаһарлы  байрағын  көтеріп  келіп,  Шашты 

(Ташкентті)  жаулап  алған  қытайлардың  Тан  империясының  сансыз  əскерін 

Исламның  жасыл  туын  желбіретіп  жеткен  Араб  халифатының  жаһангерлері 

қар сы алып, екі жақ үш күн, үш түн соғысады. 

Төртінші  күні  Көкбөрінің  басы  салынған  ақ  туын  көтеріп,  Түргеш  қа ға-

на   тының  садақшылары  арабтарға  көмекке  асығып  жетеді.  Өліспей  бе ріс пе-

ген шайқас жалғаса береді. Бесінші күні тағы бір бөрілі байрағы бар көш пелі 

мемлекеттің, бұл жолы Қарлұқ қағандығының əскерлері келіп, ен ді қытайлардың 

ту сыртынан тиіседі. Қытайлар бас сауғалай қашып, сол зыт қан нан өлі-тірісіне 

қарамай Ұлы Қытай қорғанына жеткенге дейін қашады. Содан кейін қытайлар 

ешқашан  Таласқа  дейін  жетіп  соғысқан  емес.  Ол  кезде  көшпенді  түргештер, 

қарлұқтар,  оғыздар  ата  жаулары  қытайға  қарсы  тұрып,  арабтардың  жағында 

соғысқанымен, Ислам діні дегенді білген емес еді. Ислам дінінің Орта Азияға 

таралуы осылай басталған. Бұл көне тарихтың бəрінде де «Талас» атты қала ата-

уы анық жазылған. Арабтар ол қаланы «Атлах» деп атаған. 

«Талас» атты ғұндар салғызған қала қалайша «Тараз» болып аталып кетіп 

жүр. 892 жылы Бұхардан қалың əскермен келген Исмаил Самани қаланы жаулап 

алды. Көне қала сөйтіп құдіретті Самани əулеті билеген империяның иелігінде 

қалды. Саманидтер мемлекеті парсы (соның ішінде тəжік) тілінде сөйлейтін ел 

еді. Олардың билігінен кейін ортағасырлық тəжік тілінің «р» мен «л» дыбыста-

рын алмастыра айтатын əсерімен «Тараз» (Талас-Тараз) аталып кеткен. Кейін 

Тараз қаласында талай-талай Шығыстың ұлы ғұламалары тұрды. Шығыстың 


ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫ

22

23

жеті шайыры көне Тараздың көркі мен сəн-салтанатын тамсана жырға қосты. 

Ол қаланы б.з.б. 41-42 жылдары ғұндардың ең ақырғы қағандарының бірі Шөже 

қағанның өзі салдырған. Бұл қаланың түбінде 751 жылы біздің көшпенді ата-

бабаларымыздың ең алғаш рет исламның жасыл туының астында соғысқаны 

тарихтан белгілі. 

Тараз қаласы – ежелгі заманнан белгілі қала. 630 ж. қытай саяхатшысы Сю-

ань-Цзан өз жазбасында Таразды Ұлы Жібек жолының бойында тұрған маң ыз-

ды сауда орны деп атайды. VІІІ ғ. Тараз қаласы Арғу-Талас, Алтын-Арғу, Талас 

ұл ыс атауларымен мəлім болғаны анық. 

Ежелгі Тараз тарихы оқиғаларға бай. Өзі өмір сүрген дəуірде VІ-ІХ ғғ. қала 

қарлұқтарға қарады, ал Исмаил Ахмет жаулап алғаннан кейін, ХІ ғ. соңында Са-

манидтер əулеті иеліктерінің құрамына енді. Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғ. Тараз 

Қараханидтер мемлекетінің астанасы болды. 

ХІ ғ. ғұлама ғалымы М. Қашқари Тараз тұрғындары түрік, соғды тілдерінде 

сөйлегенін тілге тиек етеді. 

ХІ  ғ.  Таразда  ақша  сарайы  жұмыс  істеген.  Көптеген  Шығыс  елдеріндегі 

археологиялық қазбалар кезінде Таразда жасалған күміс дирхемдер табылды. 

Тараз, Дех, Адахкес, Бехлу, Шелжі, Сус, Нужикес, Жекіл секілді шаһарлары бар 

үлкен аймақтың орталығы болды. 

Тараз қаласы Ақсақ Темір заманында Жаңа Талас аталады да, ХV-XVII ғғ. 

қалада аздаған үйлер сақталып, ХІХ ғ. оның орнына Əулиеата шаһары салы-

нады. 

Сонымен  Тараз  қаласы  өзінің 2000 жылдық  дəуірінде  атауы  тоғыз  рет 



өзгерген: 

1) Талас; 2) Тараз; 3) Янги Тараз; Ежелгі Тараз өзара қырқысу соғыстарын, 

қа ра қытай (ХІІ ғ. аяғы) жəне моңғол шапқыншылықтарын (1220 ж.) басынан 

өт кере отырып, тарих сахнасынан шет қалды. Бұл кезеңдерде Жаңа (Яны), Жаңа 

Талас деген аттармен белгілі еді. Бұл кезеңдегі Тараз тарихы италиялық Пла-

но Карпини мен Франция королі Людовик ІХ елшісі монах Вильгельм Рубрук 

жазба ларында кездеседі. 

Моңғолдар  дəуірінде  Тараздың  оңтүстігінде  Янгинің  болғанын  білеміз. 

Аламри бірінші рет Янгинің Тараздан бөлектігін көрсеткен. 

М.Х. Дулатидің баяндауынша Янги – Тараздың моңғолша аты, онда өзеннің 

арғы  бетіндегі  янгиліктер  тұрған  (Дулати  М.Х.  Тарихи-и-Рашиди.  Алматы, 

2003, 614, 166-бб). 

4) Долос; Қытай тарихшыларының қолжазбаларында қаланы Долос деп те 

ата ған. 5) Наманган көше; 6) 1826 жылы Аулие-Ата; 7) 1936-1938 жылы Мир-

зоян; 8) 1938 жылы Джамбул; 9) Тараз 1997 жылы Президенттің Жарлығымен 

(08.01.1997 ж.  №3315а) ежелгі тарихи аты қалпына келтірілді. 

Атаудың мағынасы жайлы толық та, дара анық, дұрыс пікір айту өте қиын. 

Атаудың шығу төркіні мен Тараз атауы Талас деген өзен атының дыбыстық 

тұр ғыдан өзгерген түрі дегенді қолдаушыларға қарсы, Талас, Тараз екі бөлек, 

дербес атау деушілер бар. Бұл екі атаудың да көне түркі тілдеріне тəн сөздер 

екенін айтқан. Ал ғалым Ғ. Ақпанбектің пікірінше: «Тарихи аты қайтарылған 

Тараз қаласы да аспан əлемімен байланысты». 

«Тараз» сөзінің мəні – «əдеміліктің үлгісі» дегенге келеді. «Тараз қыз» – «тал 

бойлы талдырмаш қыз» (Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Ал-

маты, 1977, 711-бб.). Сол сияқты «тараз» – «үлгі, жүйе» деген мағынада. Ғылым 

мен мəдениеті өркендеген көрікті қала. Қаланың үлгісі, əсемдік пен сұлулықтың 

эталоны, стандартындай деп танылған. 

Сондай-ақ  Тараз  ойконимі  туралы  мəліметтер  жинау  барысында  анық -

тағанымыз Мəскеудің В.И. Ленин атындағы кітапханасында «План города Ау-

лие-Ата в 1864 году» деген карта-сызбасы бар көрінеді. Карта-сызбаның төменгі 

жағында: «Масштаб 200 сажень в дюйме» (сажень – 2, 13 см, дюйм – 2, 54 см) 

деп көрсетілген. Бұл құнды карта 1890 ж.  Петербург қаласында типографиялық 

тəсілмен басылып шыққан. Бұл картаның құрастырылған мерзімі белгісіз, бірақ 

ол, байқауымызша, Əулиеата қаласын орыс əскерлерінің басып алған кезеңіне 

сай келеді. 

Талас – басы Талас жотасынан басталып, Жамбыл облысында аяқталатын 

өзен аты. Талас жотасының, Талас (Тараз) қаласының аттары осы өзен атынан 

алынғаны бұдан əлдеқайда ерте, түркі-моңғол тіл бірлігі заманынан белгілі. 

Қырғыз Республикасы жерінен өтіп, Қазақстан Республикасының Жамбыл 

облысы  Талас  ауданына  келетін  Талас  өзенінің  ұзындығы 661 шақырым,  бас 

алабының айдыны 52, 7 мың шаршы шақырым. 

Қырғыз  Алатауынан  бас  алып,  Талас  даласы  арқылы  аққан  бұл  өзен 

Мойынқұм құмдарына сіңіп кетеді. Көне түркі жазба ескерткіштерінде Талас 

өзені V ғ. мəлім. Өзен бойына VІ ғ. қала салынып, тарихта Тараз деген атпен 

белгілі болады. Зерттеуші ғалымдардың бір тобы Тараз атауы Талас өзені атауы-

ның дыбыстық (фонетикалық) тұрғыдан өзгерген түрі деп қарайды. Яғни сонор 

(үнді) л дыбысы сонор (үнді) р дыбысына, қатаң дауыссыз с дыбысы дауыссыз 

з дыбысына алмасқан деген болжам айтады. 

Тілдік  табиғаты  жағынан  «Талас»  атауы  дербес  мағыналы:  тал  жəне  ас 

сөздерінің  бірігуі  арқылы  жасалғаны  анық  байқалады.  А.  Əбдірахмановтың 

болжауынша: «Сөз түбірі түркі-моңғол тілдеріндегі далай//талай (теңіз, мұхит, 

көл, өзен) деген түбірге – з/с көптік жалғауы (кейде жаңа сөз тудыратын зат есім 

жұрнағы  болуы  да  ықтимал)  қосылып  жасалған  талуй//талай  «теңіз»  жəне 

«өзен»  мағынасында  Күлтегін  жəне  Тоныкөк  ескерткіштерінде  бар.  Сондай-

ақ  «талай»  сөзі  ХІІІ  ғ.  жазылған  «Оғызнамада» «өзен»  мағынасында  анық 

жазылған», – дейді. 

Біздің  пайымдауымызша,  Талас,  Талғар  топонимдерінің  құрамындағы  тал 

сөзі өзара мəндес əрі бір түбірден болуы керек. Э. Мурзаевтың көрсетуінше, тə-

жік тілінде таль – «тау, жота, жон, шоқы, биік, төбе» (Мурзаев Э.М. Словарь 

народных географических названий. Москва, 1984. 653-б.). Атаудың екінші сың-

арындағы  ас  сөзі  орал-алтай  тілдерінде  ерте  замандарда  қолданылса,  қазірде 

кейбір тілдер қорында берік сақталған. Мысалы: ханты тілінде ас – «су, үлкен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет