Қазақстан республикасы президентінің жанындағЫ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата19.01.2017
өлшемі17,75 Mb.
#2200
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«ӨНЕРІМ - ӨМІРІМНІҢ БІР БӨЛШЕГІ»
Ұлы ақын А.С.Пушкиннің «Ақындар, ұнатыңдар сыршырайды, Сұлулық  содан ғана бұрқырайды. Құлпыртып жан-
дүние құбылысын, Ешкімді  қалдырмайды немқұрайлы», - деген өлең жолдары арқылы  сезімді селт еткізіп, сұлулыққа 
сұқтанатын адам табиғатын дәл бейнелегеніне тәнті боласың. Көзі көркемдікке, жаны сұлулыққа бала кезінен суарылып 
өскен Төлебек ағаның үйіне барып сұхбат құруға келістік. Табалдырықтан қош алған үй иелерімен амандасқан соң,  
кіреберістен бастап, үйдің барлық бөлмелерінің  қабырғаларын алып жатқан жар суреттері, портреттер мен пейзаждар, 
мүсіндерді  тамашалап, музей ішін аралап жүргендей күй кештім. Талғам, үйлесім, талант деген осы екен-ау деп  
таңқалдым.
                   
«БІР БАЙЛЫҒЫМ БАЛАЛЫҚ, 
КЕШЕ БОЛДЫ БҮГІН ЖОҚ»
Төлебек Есімғалиев  1962 жылы Күйгенкөл ауылында дүниеге келді. Халық 
даналығында «ұл табалдырықтан аттаудан бастап, ар-намысты сақтауға дейін 
әкеден үйренеді»  деген сөз бар. Әкесі Шұғай Есімғалиев  сан буын шәкіртті 
тәрбиелеп, білім берген ұстаз болатын. Тәлім-тәрбиесі мықты жас өрен өзіне 
сурет пәнінен сабақ берген Райхан Артықова апайының қадағалауымен 
бесінші сыныптан бастап сурет салуға ден қойды. Ұқыпты мұғалімі Төлебектің  
салған барлық суретін мектеп бітіргенше жинап, шашау шығармай, қазіргі 
тілмен айтқанда портфолио жасақтаған екен. Сонау өткен ғасырдың жетпісінші 
жылдарының ортасында  сол кездегі Т.Жароков атындағы кеңшардың партия 
ұйымының хатшысы Латиф Қойшыбаевтың қасында қолына қылқаламын ұстаған 
бір суретші  пайда болды. Бұл адам - Ленинградтан  архитектура институтын 
бітірген  аса талантты суретші-мүсінші  Мардан Саткин болатын. Бала Төлебек 
мектептегі сабағынан босаған бойда көшедегі кісі бойынан биік  қаңылтырға сурет 
салып жататын Мардан ағасының қасынан шықпайтын. Қиялдың көк дөненіне  мінген 
бозбала суретші болуға нық бекініп еді.
ӨНЕРДІ ҮЙРЕН, ҮЙРЕН ДЕ ЖИРЕН
1980-1982 жылдары Воронеж қаласында әскери борышын өтеген  Төлебек 
қабырға газетін салудан бастап, қызыл бұрыш, «күн көсемнің» кабинетін жабдықтау 
жұмыстарында  қылқаламын ұштай жүріп, тәжірибе жинақтай берді. Әскер қатарынан 
босаған соң, кәсіби мамандықты игеру мақсатында  Ақтөбе қаласындағы  мәдени-ағарту  
ШЕБЕР

125
Батыс Қазақстан облысы
училищесінің «Суретші-көркемдеуші» факультетіне оқуға түсті. Ұстаздары 
ағайынды Жарқынбай, Жақсыбай  Қожахметовтардан  кескіндеме өнерінің сан-
саласы - композиция, живопись, гобелен, гипс тағы басқа көптеген жанрдағы 
өнер туындыларымен жұмыстануды  игеріп, ағаштан, темірден түйін түюдің 
қыр-сырына машықтанды. Жарқынбай ағайының бір қолы жоқ болатын, 
өнер үшін жаралған қайсар жан  сау қолымен көз жауын алатын мүсіндерді 
маңдайдан тері моншақтай отырып, ағаштан ойып жасайтын. Өнер адамының 
жүрегі сезімтал, жараланғыш келеді ғой, шабыт кернегенде керемет жұмыстар 
туатын да,   көңіл-хошы болмағанда  ұстаздары «сен бүгін осы жұмысты 
атқармай-ақ қойшы» деп ескертер еді. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі 
Әділғали Баяндинмен бір топта оқыды. Екеуі қазіргі күні шығармашылық 
жұмыстары  туралы әрдайым бір-бірімен сөйлесіп тұрады. Оқу орнын 
тәмамдаған Төлебек  Ақтөбе облысының Қобда аудандық  мәдениет үйінде 
суретші-декоратор болып еңбек жолын бастап, кейін туған жерге оралып, аудан 
орталығындағы кинотеатрда, тұрмыстық қамту  үйінде, саябақта суретші болып 
жұмыс істеп, шыңдалды. Тума талантты суретшілер Амангелді Насипов, Талғат 
Сарбасовтармен талай дүниені өмірге әкелді. Қалыптасу жылдары  бедерлі 
болды. Білімін ұштап, Батыс Қазақстан  гуманитарлық академиясында «сурет, 
технология» пәнінің мұғалімі  мамандығында оқыды. Он сегіз жыл  А. Оразбаева 
атындағы ЖББ негізгі  мектебінде технология  пәнінің мұғалімі болып жемісті 
еңбек етті. Ұл мен қыз деп   бөлмей, шәкірттерін сурет салу, мүсін ою, гипспен 

126
ШЕБЕР
жұмыстану, іс машинамен киім тігу, квиллинг (қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау), папиемаше, оригами 
(қағаздан әртүрлі пішіндер жасау өнері), бисермен өнер туындыларын тудыруға баулыды. Мектептен тыс жұмыстар 
орталығында  қол еңбегінен үйірме жұмысын жүргізді. Әйгілі ұстаз Сухомлинскийдің:«Сабақ–мұғалімнің  жалпы 
педагогикалық мәдениетінің айнасы, оның интеллектуалдық байлығының  өлшемі, дүниетанымы мен эрудициясының  
көрсеткіші» деген қағидаға сүйенген Төлебек Шұғайұлы  әрі шәкірттерін өнерге баулу, бір 
жағынан ынталандыру мақсатында  тура сабақ жүріп жатқан мезгілде  олардың 
портреттерін өздеріне салып беретін. Әлі күнге кездескен кезде оқушылары сол 
суреттердің өз альбомдарында сақталғанын айтып жүреді.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЫҢДАЛУ 
ЖОЛЫНДА
2010 жылы  Төлебек  аға  «Дизайн» атты  жеке кәсіпкерлігін 
ашты. Соғыс көріністерін, тарихи кезеңдерді, жекелеген 
портреттер, халқымыздың тарихи тұлғаларының бейнелерін, 
ауылдың тыныс-тіршілігін, сұлу табиғат көріністерін қылқаламына 
арқау етті.  Жиһаз жасауға тапсырыс алды. Өткен жылы аудандық 
мәдениет үйінің фойесінде жеке шығармашылық көрмесін 
өткізді. Ағаның ауданның әр бұрышында қолтаңбасы сайрап 
жатыр. 

127
Батыс Қазақстан облысы
Өзі он сегіз жыл жұмыс 
істеген А.Оразбаева атындағы 
мектепті айтпағанда, Т.Жароков 
атындағы мектептегі   Тайыр 
ақынның портретінен бастап 
акт залы, асхананы безендіруге 
қатысты. Соғыс ардагерлері 
мен жергілікті жерден түлеген 
танымал тұлғаларды сомдаған 
портреттерінің өзі бір галерея. 
Үстіміздегі жылдың көктемінде 
аудан орталығындағы қоғамдық 
негіздегі мұражайдың қызметкері 
Қарлыға Күзембайқызымен бірлесе 
отырып, Ұлы Отан соғысының 
шарпуы тиген Жәнібектің сол кездегі 
көрінісі бейнеленген материалдар 
жинақтады, бейнефильмдерді саралады. Мақсат - соғыстың  от-
жалыны шарпыған  Жәнібек ауылының  бейнесі кескінделген  панорама жасау болатын.  
«Аудан әкімдігінің  қолдауымен  аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 
басшысы  Жақсылық Бисенғалиев екеуміз  арнайы Волгоград қаласына барып, қажетті бояу, жарықтандырушы 
құрал-жабдықтарды алып келдік. Мектептен тыс жұмыстар  орталығының және  А.Оразбаева атындағы ЖББ негізгі 
мектебінің  технология пәндерінің мұғалімдері Самиғолла Лұқпанов, Есенгелді Жексеновпен бірге бір айдың көлемінде  
демалыссыз  тер төгіп, панораманы Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында жұртшылыққа ұсындық»,-дейді ағамыз.
БАЛАЛАРЫ – БАЙЛЫҒЫ
Алаштың айбоз ұлы Мағжан Жұмабаев  бала тәрбиесі туралы толғай келе: «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда 
да ауыр өнер, жеке бір  ғылым иесі болуды  тілейтін өнер. Бала тар ойлы  ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші 
кінәлі, бала сұлулықтан  ләззат ала білмейтін  мылқау болса, бала  айыпты емес, тәрбиеші жазалы» деген болатын. 
Төлебек ағаның көзінің ағы мен қарасына балаған қос перзенті, егіз ұл-қызы  Нағым мен Нағима  М. Өтемісұлы 
атындағы  Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Мәдениет және өнер» факультетінде «Дизайн» және «Сурет» 
бөлімінің екінші курсының  озат студенттері. Кішкене кездерінен әкесінің    бояуларын қолға алып, түсқағаздың үстіне 
шиырлап сурет салуды ермек еткен талантты балаларының талабын ұштай білді ата-ана.  Төлебек Шұғайұлы  мектептен 
тыс жұмыстар орталығында  үйірмеге жетекшілік жасап жүргенінде сонау мұхит асып, Америка Құрама Штаттарында  
оздырылған халықаралық  «Біздер бейбітшілікті жақтаймыз!» атты конкурсқа  өзінен тәлім алып жүрген отыз шақты 
оқушысының жұмысын жіберіп, олардың он бірі  жүлдегер атанып, арнайы сертификатқа ие болған еді, ішінде ұлы 
Нағымның жұмысы озық болды. Ұлы қол еңбегіне бейім болса, қызы  суретші.  Нағима мектепте оқып жүргенінде  
«Жайық толқыны», «Южный Полюс» халықаралық балалар шығармашылығы,Әлем шығармашылығы халықаралық 
арт- фестивальдері мен Дельфий ойындарының, облыстық «Жас ұлан» байқауының   жеңімпазы, дипломанты 
атанса, университет қабырғасында жүріп  ІX Аймақтық  «Жас Дарын» жастар шығармашылық байқауының лауреаты, 
облыстық «Гүлдер әлемі» фестивалінің  жүлдегері атанып та үлгеріпті. Тобындағы дарынды да үздік  студент атанып 
отырған  Нағима  алдағы оқу жылында университеттің зор сенімін ақтап,  Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық  өнер 
академиясына әдістеме, тәжірибе алмасу мақсатында  алты айға  оқып келуге жолдама алып отыр. Қазірдің өзінде 
көптеген көрмелерге қатысып, халықаралық, аймақтық, облыстық байқаулардың жеңімпаз-жүлдегерлері атанып 
жүрген өрендер әкесі мен анасы, №1ЖББОМ-ның жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Фариза 
Батырбекованың  мақтаныштары.

128
ЗЕЛЕНОВ 
АУДАНЫ

129

130
Күздік дақылдардан 
рекорд орнатқан 
Зеленов диқандары
Биыл  Зеленов  ауданының  диқандары  күздік  дақылдарды  жинауда  соңғы 
20  жылда  бірінші  рет  жоғары  көрсеткішке  ие  болып,  рекордтық  деңгейді 
көрсетуде.  Тек ағымдағы жарты жылдың ішінде 263 жаңа жұмыс орны ашылып, 
түрлі бағытты қамтитын алты  нысан пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 
тәулігіне 7,2 тонна сүт өндіретін бес сүт фермасын құру жоспарлануда. Алдағы 
қараша  айында  Рубежин  және  Макаров  ауылдық  округтерінде  қуаттылығы 
жылына 30 млн және 15  млн болатын кірпіш зауыттары іске қосылмақ. Ал келер 
жылы  Щапов  ауылында  қуаттылығы  жылына    5000  тонна  құс  етін  өндіретін  
фабриканың құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Бұл туралы Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов 
айтып өтті. Ол бірінші жартыжылдық бойынша атқарылған 
жұмыстар мен  ауданның 2020 жылға дейінгі даму жоспа-
ры туралы баяндады.
– Бүгінгі таңда ауданда 22 ауылдық округ және 68 елді 
мекен болса, халық саны  56 426 адамды құрайды. Эконо-
микалық белсенді халық саны 34 828 адам немесе жалпы 
халық санының 61,7% пайызы. Әр түрлі салада жұмыспен 
қамтылғандар  саны  –  32598,  оның  ішінде  7727  адам  – 
өз  бетінше  жұмыспен  қамтылғандар,  сәйкесінше  олар 
экономикалық  белсенді  халықтың    22,2%-ын  құрайды.  
Жұмыссыздар – 2230 (6,4%), аз қамтылғандар – 4688 адам 
(8,3%).  Ресейдің    Орынбор,  Саратов,  Самара  облыстары-
мен шектесетін Зеленов ауданы ауыл шаруашылығы және 
өнеркәсіптің  түрлі  саласын  дамытуға  мүмкіндік  беретін 
ресурстық әлеуетке ие.
К.Жақыповтың  айтыунша,  бірінші  жартыжылдықта 
аудан  бойынша  өнеркәсіп  өндірісінің  көлемі  56,2  млрд 
теңгені  құрап,  өткен  жылғы  көрсеткіштен  7,1%-ға  арт-
са,  сәйкесінше  ауыл  шаруашылығы  өнімінің  жалпы 
көлемі  5,4  млрд  теңгені  құрап,  2015  жылдың  қаңтар-
маусым  айларындағы  көрсеткіштен  39,5%-ға  ұлғайған. 
Ал  мұнай-газ  өндіру  өнеркәсіптің  негізгі  саласы  болып 
табылатындықтан,  өнеркәсіп  өндірісі  жалпы  көлемінің 
91,4%-ын  құрайды.  Аудандағы  көмірсутек  шикізатының 
негізгі  қоры  Чинарев  мұнай-газ  конденсат  кен  орнында 
шоғырланған. Саланың жетекші кәсіпорны «Жайықмұнай» 
ЖШС болып табылады.
Азық-түлік  өнеркәсібі    өңдеуші  сектордағы  жал-
пы  өнімінің  92,4%-ын  қамтып,  бұл  салада  «БелесАгро» 
ЖШС  (диірмен  кешені),  «Каркула»  шаруа  қожалығы  (нан 
бөлкелік және сүт өнімдері), «Махорин» шаруа қожалығы 
(ет консервілеу), «Орал Каспий» ЖШС (балық өңдеу), жеке 
кәсіпкер «Пивень» (кондитерлік өндірісі) және т.б. жұмыс 
жасайды.  Биылғы  инвестиция  көлемі  35  пайызға  артып, 
негізгі  қаржы қоры 42 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 
мемлекеттік бюджетке 2,9 млрд теңге, аудандық бюджет-
ке  930,4 млн теңге жиналды, — деген аудан әкімі одан әрі 
әр шаруашылықтың даму жоспары туралы баяндады.
– Агроөндірістік кешен  ауданның әлеуметтік маңызды 
және ірі секторларының бірі болып табылса, оның негізін 
ауыл  шаруашылығы  құрайды.  Ауданда  «Кроун  Батыс» 
ЖШС    ірі    мал  бордақылау  алаңы,    «Щапово»  шаруа 
қожалығының    шошқа  фермасы,    қуатты  бидай  өңдеуші 
терминал «Белес Агро» ЖШС, жұмыртқа өндіруші «Ақас» 
құс  фабрикасы  жұмыс  істеуде.  Сонымен  қатар,  «Каркула 
В.Н.»  ЖШС  және  «Баян»  шаруа  қожалығы  аумағында  сүт 
өнімдерінің өндірісі және сүтті өңдеу бойынша шағын сүт 
цехтары жұмыс істейді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы 
дақылдары егінінің жалпы аумағы – 200 974 мың гектар, 

131
оның ішінде күздік дақылдар – 31 569 мың гектар, жаздық 
дақылдар – 93 439 мың гектар, майлы дақылдар – 22 284 
мың  гектар,  біржылдық  және  көпжылдық  шөптер  49  072 
мың  гектарды  құрады,  -  деп  аудан  шаруаларын  мақтан 
етті.
Биыл  бұнда  207  мың  тонна  күздік  және  жазғы 
дақылдар, 4681 майлы дақыл жиналған екен. Егістік жи-
науда  ауданның  кейбір  шаруашылықтарында  өнімділік 
көлемі  гектарына  45-48  центнерге  дейін  жетті.  Мұндай 
өнімділік 20 жылда бірінші рет байқалып отырғанын атап 
өту керек.
Көкөніс  шаруашылығын  дамытуда    аудан  халқы 
қажеттілігін  толығымен  өзінің  картоп  және  көкөніс 
өнімдерімен  қамтамасыз  ете  алады.  Ауданда  «Алтын 
Болашақ»  ШҚ,  «Жайна»  ШҚ,    «Дәуқара»  ШҚ-ның  жылы-
жайларында бау-бақша және көкөніс өнімдері жыл бойы 
өндіріледі.
Мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Ауданда жеті 
асыл тұқымды шаруашылық жұмыс істейді. Етті бағыттағы 
ірі қара мал өсірумен алты шаруашылық айналысады, бір 
шаруашылық сүтті бағыттағы мал өсірумен айналысуда.
Отандық  және  шетелдік  селекциялық  асыл  тұқымды 
мал алу бойынша жұмыс жолға қойылуда. Айталық, «Шка-
нов» шаруа қожалығы сүтті бағыттағы асыл тұқымды 100 
бас қашар, «Альменова» шаруа қожалығы етті бағыттағы 
қазақтың ақбас тұқымынан 52 бас ірі қара сатып алды. Со-
нымен қатар ауданда қазақтың ақбас тұқымынан 90 бас 
тұқымдық  бұқа,    «Құлан»  бағдарламасымен  «Жұмақай» 
шаруа  қожалығы  тауарлық  бағыттағы  20  бас  аналық 
жылқы сатып алды.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін өнімділігі тәулігіне 7,2 
тонна сүт өндіретін, 600 басқа шақталған бес сүт ферма-
сын құру жоспарлануда.
ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДА
Кәсіпкерлік бағыты бойынша ауданда 2652 орта және 
шағын бизнес субъектілері  тіркелсе, оның 2245-і жұмыс 
істеуде.  Кәсіпкерлік  саласында  жұмыс  істеушілер  саны 
4566 адамды құрап, 2,5%-ға өсіп отыр.
Шағын және орта бизнес саласында 263 жаңа жұмыс 
орны ашылып, ағымдағы жылдың алты айында алты  ны-
сан пайдалануға берілді.
«Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы 

132
жұмысын  бастағалы  Зеленов  ауданында  жалпы  сомасы 
10,6  млрд  теңге  болатын  барлығы  57  жоба  мақұлданып, 
мыңнан  астам  жаңа  жұмыс  орындары  ашылды.  Алдағы 
қараша айында Рубежин ауылдық округінде қуаттылығы 
жылына  30  млн  кірпіш  болатын  «134»  ЖШС  кірпіш  за-
уыты,  Макаров  ауылдық  округінде  қуаттылығы  жылы-
на 15 млн кірпіш болатын жеке кәсіпкер «Жанар» кірпіш 
зауыты,    Переметный  ауылдық  округінде  жеке  кәсіпкер 
«Ижанованың»  300  орындық  кафе-мейрамханасы  іске 
қосылып, сәйкесінше 70 жаңа жұмыс орны ашылатын бо-
лады. 
Ал 2017 жылы Щапов ауылдық округінде қуаттылығы 
жылына  5000 тонна құс етін өндіретін  «Жайық Агро ЛТД» 
ЖШС құс фабрикасының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
БАРЛЫҒЫ ХА ЛЫҚ ҮШІН
Ауыл шарауышылығы көркейіп, өркендеуі арқасында, 
Зеленов  ауданының  тұрғылықты  халқының  да  тұрмысы 
түзелуде.
Аудандағы ауылдардың 68 елді мекеннің 49-ы газбен 
қамтылған  болса,  биыл    Горбунов,  Кирсанов,  Мирный, 
Павлов,  Владимиров,  Кіші  Шаған,  Кожевников  және  Фа-
кел  ауылдарын  газдандыруға  техникалық-экономикалық 
негіздеме жасақтауға аудандық бюджеттен қаражат бөлу 
жоспарлануда. Ал, керісінше, сумен жабдықтау небәрі 26 
елді мекенді қамтыған. 2017 жылға республикалық бюд-
жет қаражатынан Володар, Көшім, Щапов, Павлов, Дари-
ян, Ақжол елді мекендеріне су құбырларын өткізу жоспар-
ланып отыр. 
Ауданның  білім  беру  жүйесіне  46  күндізгі  мектептің 
13-і  бейімделген  орындарда  орналасқан,  35  мектеп  екі 
ауысымда оқытады, 11 мектеп бір ауысымда.  Бүгінгі күні 
ауданда мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және 
тәрбиелеу  мәселесі  маңызды  мәселе  болып  тұр.  Қамту 
деңгейінің  төмендеу  себебінен  мектепке  дейінгі  білім 
беру және тәрбиелеу ұйымдарына кезекте тұрған балалар 
саны  көбеюде.  Аталған  мәселені  шешу  мақсатында  мек-
тепке дейінгі ғимараттар салу  жоспары құрылды. Олар:
– 2018 жылы Достық және Мичурин ауылдарында 200 
орындық балабақша құрылысы;
–  2019  жылы    Үлкен  Шаған  ауылында  120  орындық 
балабақша  құрылысы  және  Дариян  ауылында  280 
орындық балабақша құрылысы;
– 2020 жылы Володар және Новенький ауылдарында 
50 орындық балабақша салу жоспарланып отыр. 
Сонымен қатар, биыл Достық ауылында «Мемлекеттік-
жеке  меншік  әріптестік»  (МЖӘ)  бағдарламасы  аясында 
жеке кәсіпкер А.С.Туралиева 100 орындық жеке балабақша 
ашу жоспарлауда. 
Өкінішке орай, аудан бойынша биыл ұлттық бірыңғай 
тестілеуге  230  түлек  немесе  64%    қатысса,  ҰБТ-дан  ор-
таша балл – 80, 86 балды құрап, өткен жылғыдан төмен 
көрсеткіш көрсеткен. Яғни ҰБТ нәтижесі бойынша Зеленов 
ауданы облыс бойынша жетінші орында.
Ауданда 2020 жылға дейін бірнеше тұрғын үй құрылысы 
мен  спорт  және  мектеп  кешендерін  салу  жоспарлануда. 
Оның ішінде,  Переметный ауылдық округінің  Мұнайшы 
шағын  ауданында  23  бір  пәтерлі  тұрғын  үй  құрылысы, 
Переметный ауылдық округінің Калинин ауылында жалға 
берілетін  екі  қабатты  алты  пәтерлік  тұрғын  үй  және 
160  орындық  дене  шынықтыру-сауықтыру  кешенінің 
құрылысы,      Дариян  ауылында  100  орындық  интернаты 
бар, 300 оқушыға арналған орта жалпы білім беретін мек-
теп құрылысын салу жолға қойылған.
Еркін НҰРМАН,
Орал қаласы

133
ТАРИХ ТАРАУЛАРЫ
Ауданның әбден зерттеліп болмаған бай тарихы бар. Батыс Қазақстан облысының Зеленов ау-
даны Кеңес Үкіметі жағдайында қоғамымызда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және 
мәдени өзгерістердің нәтижесінде дербес әкімшілік-аумақтық құрылым болып қалыптасты. Ол 1933 
жылы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде құрылды.
Ауданды қазіргі заманға сай жасақтаудың бастауы Ресей отаршыл әкімшілігінің ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында қазақ жерлерін отарлық бөлшектеу мен шектеу кезеңіне жатқызылады. Қазақстанды 
әкімшілік - аумақтық жағынан орналастыру реформаларының мақсаты Ресей империясының әдеттегі 
даланы басқаруға қолайлы әдістерін енгізуді кездеуден туындады. Сол себепті 1867-1868 жылда-
ры Қазақстан аумағында 6 облыс құрылды. Қазіргі Зеленов ауданының жерлері Орал облысының 
Орал  уезінің  бірқатар  болыстықтарының  құрамына  жатқызылды.  1891  жылғы  Ереже  бойынша 
болыстықтардың аумақтарын өзгерту құқығы облыстық басқарма құзіретінде болды. Сол себепті 
болыс аумақтары айтарлықтай жиі өзгертілді. Уездер мен облыстардың аумақтары Ресей ішкі істер 
Министрлігінің шешімімен ғана бекітілді.
Ауданды одан әрі негіздеу Кеңес үкіметі жағдайында жүзеге асырылды. Кеңестердің 1920 жылғы 
12 қазандағы 1 құрылтай съезінің шешімі бойынша 6 уез құрамында Орал губерниясы құрылды. 
Құрамына 27 болыстық кіретін Орал ең ірі уез болды. Ол кезде қазіргі Зеленов ауданының құрамына 
негізінен алғанда Каменка, Круглоозерное, Ливкин, Скворкин және Шаған болыстықтары енген еді.
Жергілікті  жерлердегі  Кеңес  үкіметінің  әлсіздігі,  қаржы  мен  кадрлардың  жетіспеушілігі  1923 
жылы Қазақ АКСР-нің кезекті әкімшілік-аумақтық ірілендірілуіне әкеліп соқтырды. Облыста болы-
стар саны қысқарып, нәтижесінде Орал уезінде олардың тек қана 11-і қалды. Камен болыстығына 
Ливкин  болыстығы  қосылса,  Шаған  болыстығына  Круглоозерное  және  Скворкино  болыстықтары 
қосылды. Шаған болыстығының өзі 1925 жылға дейін Көшім болыстығы аталып келіп, кейін ғана осы 
күнгі атауына ие болды. Камен болыстығының орталығы Каменный кенті, ал Шаған болыстығының 
орталығы - Шаған кенті болды.
1927 жылы Орал губерниясы таратылды. Бұрынғы Орал губерниясының аумағында Орал және 
Гурьев округтері құрылды. Бұрынғы Орал уезінің бұрынғы Камен және Шаған болыстықтары Орал 
округінің құрамына кіретін Зеленов ауданын құрады. Сөйтіп, Зеленов ауданы аудандық деңгейдегі 
дербес бірлік ретінде Қазақстан картасында 1928 жылы пайда болды.
Аудан  құрамына  Қосшы,  Ермолчев,  Зеленов,  Социалистік,  Кордон,  Гремячий,  Янайкин,  Көшім, 
Екінші Шежін, Камен, Переметный, Семиглавый Map, Серебряков, Бірінші Шежін, Цыганов небәрі 15 
ауылдық кеңестің жерлері біріктірілді.
Ауданның негізгі тарихи қалыптасқан халқы қазақтар. XIX ғасырдың басынан бастап мұнда ка-
зактар қоныстана бастады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырда орыс-украин шаруаларының қоныс 
аударып келуіне байланысты көп ұлтты халықтың құрамы қалыптаса бастайды.
Қазіргі  Зеленов  ауданы  Батыс  Қазақстан  облысының  солтүстік-батыс  бөлігіне  орналасқан.  Ол 
Батыс  Қазақстан  облысының  Ақ  Орал,  Бөрлі,  Теректі  және  Тасқала  аудандарымен  және  Ресей 
Федерациясының Саратов және Орынбор облыстарының жерлерімен шектеседі. 
Зеленов ауданы 7,7 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. Аудан облыстың оң жағалаулық 
бөлігінің  солтүстігінде  орналасқан  және  солтүстігінде  Ресей  Федерациясымен,  шығысында 
облыстың Теректі, солтүстік-шығысында Бөрлі, батысында Тасқала, оңтүстігінде АқОрал ауданда-
рымен шектеседі. Теректі ауданымен шекаралас орта тұсын солтүстік-батысқа қарай созылып Орал 
қаласының жерлері алып жатыр.

134
ҚАЗТАЛОВКА 
АУДАНЫ

135
ҚАЗТАЛОВКА 
АУДАНЫ

136
Х
алық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттегі 
өшпейтін осынау Еділ мен Жайық тақырыбы 
Мұрат ақыннан, Махамбеттен бастау алатыны 
әдебиет сүйер қауымға жақсы белгілі. Мұрат 
ақын: “Жайықты келіп алғаны, Жағаға қолды салғаны, 
Еділді келіп алғаны, Етекке қолды салғаны”, – деп 
толғаса, Махамбет: “Жайық үшін жандастық, Еділ үшін 
егестік. Қиғаш үшін қырыл дық”, – деп атойлатады. 
Осылайша өр де асқақ рухты алға тарта отырып, қай-
ратына мінеді. Қалғып кеткен намысты дүр сілкіндіреді. 
Одан бергі кезеңде Ақжайық өзені тақырыбы ақын-
жазушылар Хамза Есенжановтың, Жұбан Молдағалиевтің, 
Қадыр Мырза Әлінің, Төлеген Айбер геновтің, Фариза 
Оңғарсынованың, Ақұш тап Бақтыгерееваның және Мұх-
тар Шахановтың шығармашылық қыз меттерінде көрініс 
тауып келеді. Әрине, бұл тізімді соза беруге де болады. 
Өйт кені, қазақта Жайықты жырға қоспаған суреткер 
сирек екенін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Алайда, 
олардың бәрінің аттарын атап, түрлерін түстеу шарт емес 
шығар. 
Қ АЗТА ЛОВ  АУД АНДЫҚ  МӘДЕНИЕТ  ҮЙІНДЕ  АҚЫН,  «А ЛАШ»  СЫЙЛЫҒЫНЫҢ  ИЕГЕРІ  АҚҰШТАП 
БАҚТЫГЕРЕЕВАМЕН  АҚ Ж АЙЫҚТЫҢ  «АҚШАҒА ЛАСЫ»  АТ ТЫ  ӘДЕБИ  С АЗДЫ  КЕЗДЕСУ  ӨТКІЗІЛДІ. 
КЕЗДЕСУДЕ  АҚЫН  ЕЛ,  ЖЕР  ТАҒДЫРЫ,  АНА  БЕЙНЕСІ,  Қ АЗАҚ  ҚЫЗД АРЫ  ЖӨНІНДЕ  ӘҢГІМЕЛЕР 
АЙТЫП, ИМАНДЫЛЫҚ ТАҚЫРЫБЫНД АҒЫ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА С А ЛДЫ. ӘСЕРЛІ ӨЛЕҢ ДЕРІН ОҚЫДЫ.
Ақжайықтың «Ақшағаласы»
Қазталовта
Осы арада басты айтайын дегеніміз, бү гінгі қазақ 
әдебиетінде Жайық тақы рыбын тиіп-қашып емес, 
тұтастай өзінің шығармашылық жолының басты өзегі, 
тұтқасы, негізгі нысанасы етіп ал ғандар онша көп те емес 
екенін оқыр манға жеткізу болатын. Көп те емес деймін 
ау, дәл осындай тұрпаттағы екі суреткер табыла қойса 
жақсы. Табыл маса ше? Сол екеудің бірі, тіпті, екін шісі 
табылмай қалған күннің өзінде Жайықтың бірден-бір 
дарабоз тұрақты жыршысы ақын Ақұштап Бақтыгереева 
десек, қателеспейтін шығармыз. 
Не нәрсеге де дәлел керек. Дәл ай  тылмаған сөз 
ұшқарылыққа ұрынды ра ды. Ендеше, Ақұштап ақынның 
Жай ық ты тұрақты, ұдайы жырлап келе жат қан бүгінгі 
қазақ әдебиетіндегі бірден-бір жыршы екенін қалай 
дәлелдей аламыз? 
Бірінші дәлел – Ақұштаптың тұлымшағы желбіреген 
өрімтал кезінен бастап Жайықты жырлауға талпынғаны. 
ІС ШАРА

137
Батыс Қазақстан облысы
Ол Жайыққа арнаған тұңғыш өлеңін шығарған кезде он 
бес жасқа да тола қоймаған екен. Міне, содан бері ақын 
Ақжайықты өзінің тұрақты тақырыбына айналдырып 
келе жатқаны оқырман дарға жақсы таныс. Сұңғыла ел-
жұрт ақынның Жайығым деп соққан сезімтал жүрегін 
қапысыз таныды. Сөйтіп, Ақұштап апамыз  Ақжайықтың 
ақ шағаласы атанды.
Бұл ақынның имандай шын сыры, қаяусыз көңілі 
деп білеміз. Анасы сыр қаттанып қалса, перзенті жанын 
қоярға жер таппай шырқырамай ма? Айналып, үйіріліп 
қасынан шықпай, қолындағы барын анасының аузына 
тоспай ма? Бүгінгі күні Ақұштап ақын да дәл осындай 
көңіл-күйде екені аңғарылады. Өйткені, оның анасы 
сынды Ақжайық – сырқат. Дерті жылдан-жылға меңдеп 
келе жатқандай. 
Қанатын Жайықтың кеберсіп, құрғап бара жатқан 
жағасына аяусыз соғып, араша сұрайды. Сенбесеңіз, міне, 
оқыңыз: 
“Жағдайың қалай, Жайығым, Көбейіп кетті-ау 
уайымың. Алдыңда туған еліңнің, Жоқ еді-ау сенің айы-
бың. Жағдайың қалай, Жайығым? Сән беріп едің жағаңа, 
Ән болып тарап далаңа, Жылдардың сынын көтермей, 
Сарқы лып арнаң бара ма? Шошынды-ау сенен шағала!” 
Арнасы жылдан-жылға тартылып бара жатқан 
Жайықтың жағалауында тұрған Жайық қызы тағы бірде: 
“Қа діріңді өстім мен жастан біліп, Әуе нінен ағынның 

138
дастанды ұғып. Аға тынсың сен онда өткел бермей, Жа-
нарларды арнаңмен жасқандырып. Тірлік сыйлап, 
жаралдың ән салуға, Жетер екен ғұ мырың қанша жылға? 
Көз алдымда ортайып кеткендейсің, Қажыдың ба, ерке 
өзен, шаршадың ба?” деп мұңға да бой алдырғандай 
болады.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет