79
ұжымдық ортада қалыптасқан дәстүр өзінің
өмір сүру заңдылығына толық ие болғаннан
кейін сол ұжымдық ортада, қоғамда жалға-
сын табады да, тұрақты орын алады. Сондай-
ақ, дәстүр көпшілік қауымға ортақ мәдениет-
ті түрде қолданыс табатын әдет-ғұрыптың
жинақталған түрлері мен рәсімдерін де
қамтиды», – деген ойды білдіреді.
Жоғарыда аталған ғалымдардың дәс-
түрлерге берген анықтамаларын мақұлдай
отырып, біз солардың қатарына халық
дәстүрлерінің бастаулары ретінде жеті ата
шежіресі және қазақ дастарқаны дәстүрлерін
енгіземіз. Өйткені ұлттық тәрбие қағидасы
бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті
атасына дейінгі ата тегін білуі міндетті. Егер
жеті атасына дейін ата тегін, тарихын
білмейтін ұрпақ болса, оны «Жеті атасын
білмейтін жетесіз» деп халық кінәлайды,
айыптайды. «Шыншыл, әділетті, иманды
болу – сонау арғы ата-бабамыздан бері
қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді
де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа
айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар»
деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын
талап етеді, әулеттік тағылымдар ата
дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа тірек
болады. Сол себепті өз шежіремізді білу
үшін де көптеген жұмыстар жүргіздік.
Сыныптастарымның сол түсініктерін тірек
ете отырып, жеті ата шежіресі танытудың
толық мүмкіндігі бар деп түйіндеймін.
Қасиетті қазақ халқының салт-дәс-
түрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі ба-
лалар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқта-
лып кетсем деймін. Қазақ халқының әлеу-
меттік тұрмыстық жағдайына байланысты
қалыптасқан қастерлі дәстүрдің бір түрі-
қонақжайлылық. Қонақ десе,қоң етін кесіп
беретін қазақпыз. Қазан шегелеу (салт)
өздері
жақсы
танитын,
әзіл-қалжыңы
жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас
қосып барып, « осы үйдің қазанын шегелей
келдік» -дейді. Үй иесі әзілмен жауап
қайырып»жақсы болды ғой, қазан шегелегіш
шебер іздеп отыр едік» деп қонақжайлық
танытып, оларға қонақасы береді. Демек
«қазан шегелеу» қонақ бола келдік деген
ұғымды
білдіреді
Қонақасы
(дәстүр)
қазақтың тарихи аңыз-әңгімелерінде Алаш
атамыз өзінің Ақарыс,, Бекарыс, Жанарыс
атты үш ұлына енші бөліп бергенде өзіне
тиісті еншісін «бұл бүкіл иісі қазақтың
бөлінбеген еншісі болсын мұны да сендерге
бөліп
берейін.
Бұл
үрім-бұтақтарыңа
жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар.
Алыстан
шаршап-шалдығып
келген
қонақтың еншісі-қонақасы болсын» деп
әруақты атамыз батасын берген екен.. Ауыз
тию(дәстүр,ырым).
Ақ дастархан үстіне келген дәмнен
ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан
міндетті түрде, ауыз тиеді. Кенесарының
інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары
болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау.
Адам- дар қауіп-қатерге ұшыра-ғанында
«Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара
гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған.
Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет
айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман
қалғанында әлгі адам ауыл аймағын
шақырып
құдайы
берген.
Ақсарбасқа
шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа
(жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас
атағанда қай малын айтса, соны құдайыға
союға тиіс.
Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас
келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не
есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен
әжелер оған «итаяғына» сал деп сақина,
күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына
салу» деген келіншек босанып баланы шара-
насынан жуатын суға яғни «шілде суына»
әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түйме
сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп,
нәрестені жуады. Жуып болғаннан кейін әлгі
заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып
бөлісіп алып, мәз мейрам болып тарасады.
«Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз
қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй»
дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің
келуін
«ұрын
келу»
десе,
қыздың
атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар»
дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады.
«Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды
тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен
жастар қатынасады. Күйеуден алынатын
«қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақ-
тар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар»
тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі.
Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы
тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып,
қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және
80
оның
іні
қарындастарына
да
түрлі
сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық
бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс.
Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас
тартса
бұрынғы
берілген
мал
қайтарылмайды және айып салынады.
Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал
толық қайтарылады әрі айып төлейді.
Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле,
шашың басар жар жар ау» (жар жар). Өмірде
қазақ салт дәстүрлерінің түрлері көп. Соның
ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны
бір бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің
ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық
өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық
сәті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ
босаға аттар арасындағы қимас та қызықты
кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке
сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат.
Бұған құда құдағилар шақырылады. Шашу
шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле
байғазысының бағасы да олқы болмайды.
Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы
көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық.
Оның көрімдігі де соған лайық болу керек.
Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын сауық,
көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін
ашқандай әсер етеді.
Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың
алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ
үшін тағы бір қызықты, ерекше сәт. Мұны
қазақ салт дәстүрін жетік білетін белгілі
этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай
деп жазған: «.... қазақта отаудың шаңырағын
албаты адам көтермейді. Бұған баласы көп,
кәрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да
алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте
үлкен болса кәрі күйеу шаңырақты аттың
үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат
мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды
отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов
«фәниден бақиға дейін»). Әдетте киіз үйдің
шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас
отаудың шаңырағын кәрі күйеуге көтертуде
үлкен мән, ырым бар. Өйткені «жасы үлкен
күйеу» қашанда елге сыйлы және тілектес
адам. Және күйеу қартайған сайын жұртына
қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы
жолдан әлі айрылған жоқ. Кәрі күйеу келсе,
ауылдың үлкен кішісі, еркек әйелі онымен
бір қағыспай, қажаспай қалмайды. Оның
шаңырақ көтеруінде де осындай терең
сыйластық бар.
Ұлттық салт-дәстүр – эстетикалық
тәрбие берудің құралы. «Өнерлінің өрісі
кең» дейді халқымыз. Өнердің қай саласы
болса да, адамдарға рухани күш¬-жігер
беріп, ерекше қуаныш, толқу сезімдерін
оятады. Қазақтың әдеби, музыка, тұрмыстық,
кәсіби фольклоры, халықтың ғасырлар бойы
болашақ
ұрпағын
тәрбиелеудің
асыл
арналары
болып
саналады.
Айтылған
фольклорлық мұралар, қазақтың тәлім-
¬тәрбиелік
әдет¬-ғұрыптарын,
салт¬-
дәстүрлерін, түрлі саладағы өнерпаздығын,
көркем--эстетикалық талғамын т.б. ұлттық
болмыстың қасиеттерін қамтиды.
Сондықтан,
ата-бабаларымыздың
рухани
және
материалдық
мәдени
құндылықтарын жас ұрпақтың бойына
сіңіру, әрі соның негізінде оларға ұлттық
мәнде тәрбие беру өзекті педагогикалық
мәселелердің бірі көптеген педагогикалық
ғылыми зерттеулердің өзегіне айналуда.
Сондықтан кейінгі жас ұрпақ ұлттық салт-
дәстүрлерді құрметтеуі керек.
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ
Жайылғанова Г.Қ.,
Шалқар қаласы №3 орта мектеп
Тәуелсіз еліміздің келе-
шегі, ол жас ұрпақ. Болашақта
еліміздің гүлденуі, дамыған
елдердің қатарына қосылуы жас
ұрпақтың оқу-тәрбиесіне тіке-
лей
қатысты.
Елбасымыз
Н.Назарбаев Білім және Ғылым қызметкер-
лерінің ІІ сьезінде: «Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан
сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін мінде ауыр» деген болатын.
81
Шынында да қазіргі заман мұғалімінен тек
өз пәнін терең білу ғана талап етілмейді,
одан
жоғары
кәсіби
біліктілік,
өз
мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын шығар-
машыл тұлғаны қалыптастыру, дарынды
балаларды тәрбиелеу шеберлігі сияқты
қасиеттер де талап етіледі. Өйткені қазіргі
жас буын жан-жақты терең білімді,
интеллектуалдық деңгейі жоғары жеке тұлға
болса,
олар
еліміздің
мықты
тірегі
болатынына сенімім мол.
Бүгінгі таңда ұстазға қоғамдағы ең
үлкен міндет – ХХІ ғасырға сай тұлғаны
қалыптастыру міндеті жүктеліп отыр. Бұл
міндетке дарынды баланы таңдау және
олардың бойындағы қабілетті бағалап,
өмірде жетістіктерге жетуге көмектесіу де
қосылады.
Әрбір баланы жеке тұлға десек, оның
өте күрделі, көп аспектілі қыры, ол –
дарындылық. Дарындылық деген не? Белгілі
ғалым Н.С.Лейтес дарындылықты үш топқа
бөлген: интеллектісі жоғары балалар, белгілі
бір бағытта жоғары нәтижеге жеткен балалар
және креативтілігі жоғары балалар. Дарынды
балалармен
жұмыс
істеу
барысында
байқағаным, олардың танымдық әрекетінің
даму ерекшелігі төмендегідей:
Ойлау қабілетінің жоғарылығы
Білуге деген құштарлығы
Жаңа ой тудыру қабілетінің болуы
Қиын істен жеңілді, жеңілден қиынды
көру ерекшелігі
Болжам жасау қабілеті
Зейінінің, есте сақтау мүмкіндігінің
жоғары болуы
Қызығушылығы мен қиялының болуы
Әрбір бала жас кезінен-ақ үлкен
жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі
ерте кезден бастап, белгілі бір қабілеттерін
байқатады (ән айтады, би билейді, сурет
салады, мүсіндер жасайды т.б). Бірақ бұл
қабілеттерді қалыптастырып дамытпаса,
уақыт өте келе ол ұмытылады, бірте-бірте
жойыла бастайды. Жас жеткіншектің өміріне
пайдасы болмайды. Испандық белгілі дәрігер
Хуан Уартенің пікірінше, талант адам
табиғатына байланысты дегенмен, оның
дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ұлы ақын
Абайдың да пікірі осы пікірмен сабақтас;
адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті
кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды:
«Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек
арқылы қалыптасады».
Сондықтан дарынды балалардың қабіле-
тін дамыту үшін ерінбей еңбек етуі керек.
Жоспарлы, мақсатты жүргізілген жұмыс қа-
на өз нәтижесін бермек. Дарынды оқушылар-
мен жұмыс портфолио жинақтаудан бастала-
ды. Оқушыға портфолио жөнінде түсінік
беріледі, портфолио жүргізу тәртібімен та-
нысады, қажетті ақпарат жинақтайды. Бұл
жинақталған портфолио дарынды оқушы
үшін де, оның мұғалімі үшін де пайдасы зор.
Онда әр дарынды оқушы туралы толық
мәлімет алуға болады. Портфолио мынадай
бөлімдерден тұрады: суреті бар түйіндеме
беті, оқушы туралы мағлұмат, құжаттар
портфолиосы (мақтау қағаздары, алғыс
хаттар),
пікір
портфолиосы (тезистер,
ұсыныс
хаттар)
жұмыс
портфолиосы
(мәнжазбалар, шығармашылық жұмыстар).
Дарынды оқушы осы портфолионы
жүйелі жүргізе алса, кез-келген қиындықты
жеңе алады. Ал мұғалім болса, осы
портфолио арқылы алдағы жұмыс бағытын
анықтай алады.
Дарынды
балалармен
жұмыс
жүргізгенде:
-
Диогностика жасаймын
-
Мақсатын айқындаймын
-
Болжам жүргіземін
-
Нақтылаймын
-
Іс-әрекетті ұйымдастырамын
-
Жаңа жұмыс тәсілдерін енгіземін.
-
Нәтижені тексеремін
-
Баға беремін
-
Қорытындылаймын
Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы
– жеке тұлғаны дамытуға бағытталады.
Мақсатым- қабілетті де дарынды шәкіртті
тәрбиелеу,
шығармашылық
ізденіске
жетелеу. Осы мақсат үрдісінен шығу үшін ең
алдымен оқушылардың ішінен дарынды,
талантты балаларды түрлі зерттеу әдістерін
пайдалана отырып анықтаймын. Негізінен өз
пәнім – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен
бейім оқушыларды 5-сыныптан бастап
ерекше
бақылап,
шығармашылық
жұмыстарға баулимын. Өздеріне ұнаған
ақындардың өлеңдерін «Поэзия дәптеріне»
жазуға тапсырма беремін.
Ақындық қабілеті бар оқушылармен
жеке жұмыс жасап, оларға өлеңді қалай жазу
82
керек, өлең ұйқастары, буын саны қалай
болуы керектігі туралы кеңестер беремін.
Шәкірттерім Аренова Мөлдір, Тілесова
Айнагүл, Сатыбаева Рысты, Мұзбаева
Жадыра «Ақтөбе балаларының шығармашы-
лық қобдишасы» және «Таң нұры» атты
кітаптарға өз өлең, шығармаларын жариялап,
көпшілікке танымал болды. Мектебіміздің
«Алтын белгі» иегері, талантты оқушымыз
М.Аренова аудандық, облыстық ақындар
мүшайрасының
жеңімпазы
болуы
–
еңбегімнің жемісі деп білемін.
Дарынды
оқушылармен
жұмыс
сабақта да, сабақтан тыс уақыттарда да
жүргізіледі. Әсіресе әдебиет сабағына
байланысты біздің мектептерімізде мән
берілмей келе жатқан бір мәселе: ол –
оқушыларымыздың көркем шығармаларды
мәнерлеп оқуға үйрету мәселесі. Өйткені сол
табиғаттың, көркем дүниенің, достық пен
махаббаттың небір оқиғалары баяндалатын
көрнекті тұлғаларды таныстыратын көркем
әдебиет болса, сол әдебиеттің түрлі
жанрдағы шығармаларын мәнерлеп оқу –
үлкен өнер.
«Дарынды ұстаз ғана дарынды шәкірт
тәрбиелей алады» десек, оқушыларды көр-
кем шығармаларды мәнерлеп оқуға үйрету
үшін мұғалімнің өзінің бойында да осындай
өнер болуы қажет. Сонау педучилищеде
(қазіргі гумманитарлық колледж) ұстазым
Зоя Бралова апай мәнерлеп оқу курстарын
жиі өткізетін. Бұрынғы шәкірт, қазіргі ұстаз
менің бойымдағы өлеңді мәнерлеп оқуға
деген құлшынысты алғаш оятқан да,
дамытқан да сол ұстазым еді. Ұстазым өз
бойындағы осы бір жақсы қасиетті менің
бойыма сіңірсе, енді ұстаз болғаннан кейін
мен де оқушыларға өз бойымдағы өнерді
үйретуге тырыстым. Шәкірттерім Жырбаева
Әсел Абай оқуларында, облыста, республи-
када жеңімпаз болса, Балымбетова Сымбат
О.Бөкей, Т.Ахтанов атындағы мәнерлеп оқу
конкурсында жүлделі І орынды иеленді. Ал
Ұзақбайқызы Салтанат, Дәулетова Айкөркем
аудандық, аймақтық Т.Ахтанов атындағы
мәнерлеп оқу конкурстарының бас жүлде-
лерін иеленді. Әсіресе шәкіртім Мұзбаева
Жадыра облыстық М.Махатаев оқуларының,
Абай оқуларының, аудандық, аумақтық
Т.Ахтанов, облыстық О.Бөкей атындағы
мәнерлеп оқу конкурстарының бас жүлдесін,
І, ІІ орындарын жеңіп алды. Қазір бұл
шәкірттерімнің барлығы Алматыдағы қара
шаңырақ білім ордасы Әл-Фараби атындағы
мемлекеттік
университеттің
филология,
журналистика факультеттерінің мемлекеттік
грантына ие болып, оқуға түсті. Ұстаздық
жолды таңдады.
Мен үшін – бұл үлкен мақтаныш.
«Шәкіртсіз ұстаз - тұл» дегендей, осындай
дарынды шәкірттерімнің болғанына қазіргі
екінің бірі бара бермейтін ұстаздық
мамандықты
таңдағаныма
қуанамын.
Мұғалім оқушы үшін ұстаз ғана емес,
сенімді серік, ақылшы дос болмағы ләзім.
Кез-келген
шәкірттің
шығармашылық
қабілетін тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі –
сәтсіз қадам жасаймын ба деген қорқыныш,
екіншісі – өз-өзіне риза болмау, үшіншісі –
жалқаулық. Сондықтан мұғалім әр шәкіртке
жеке тұлға ретінде қарап, осы үш нәрседен
аулақ болуын басты назарда ұстауы керек.
Оқушының дарындылығын дамыту
үшін мұғалімнің өзі де көркемдік өлшемдер-
мен қарулануы қажет деп ойлаймын. Кез-
келген жұмыстың механизмін түсінбейтін
мұғалім
оқушының
талантын
ұштап,
қабілетін шыңдамақ түгілі, оқушы жасаған
дүниеге нақты әділ баға беріп, көркемдік
дәрежесін тани алмайды. Оқушыға бағыт –
бағдар беруде ескеретін жайт:
-
Әдіс тәсілдерді меңгерту
-
Көркемдік шешімін табу үшін, образ
жасау үшін қажет боларлық жағдайларды
туғызу
-
Баға беру, тұжырым жасау.
Мәселен, оқушыны мәнерлеп оқу
конкурсына дайындау үшін ең алдымен оған
психологиялық жағынан көмек беремін.
«Сен озып шығуға тиіссің, сенде керемет
дауыс, талант бар. Сенің қолыңнан көп нәрсе
келеді» деген тұрғыда әңгіме қозғап,
олардың бойына өзіне деген сенімділікті
қалыптастырамын.
Оқылатын көркем шығарманың мән-
мағынасын түсіндіріп, образға қалай кіру
керектігін үйретемін. Алдымен өзім бірнеше
мәрте
мәнерлеп
оқып
көрсетемін.
Оқушының дауыс ырғағына, сырт келбетіне
үлкен мән бере отырып, сахына мәдениетіне
үйретуді басты назарда ұстаймын. Жас
жеткіншектерді
заман
талабына
сай
тәрбиелеуді мұғалімнің ролі зор.
83
Сондықтан «Бұлақ көрсең, көшін аш»
деген
ұлағатты
сөзге
сүйеніп,
бар
мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет,
дарынын ашуды өзіме парыз санаймын. Бала
бойындағы ерекше қабілетті танып, соған
байланысты жүйелі жұмыстар жүргізсе,
оның
болашағының
іргетасы
дұрыс
қаланатыны белгілі.
Ал,
тәрбиелеген
шәкірттері
биік
асулардан көрініп жатса, ұстаз еңбегінің де
зая кетпегені. Әрбір дарынды оқушының
есімі мектеп тарихында алтын әріппен
жазылмақ. Сондықтан дарынды оқушыларды
тәрбиелеуде жауаптылық танытып, ерінбей
еңбек етейік.
ОЙЫН ОЙҒА ЖЕТЕЛЕР
Жакешева Г.,
Ақтөбе қаласы №34 «Таңшолпан» МДҰ тәрбиешісі
Дүниеге даңғыл бір жол сала сап,
Баланың жетілген сәті тамаша – ақ
Ойын ойға жетелеп, бой өсірер,
Ойнай білген баладан бар болашақ.
Балаңыз қандай ойын ойнап жүр?
Оның балабақшада, мектепте, үйде қандай
ойын түрлерін жақсы көретінін, қайсысын
ерекше ұнататынын Сіз білесіз бе? Әрине,
көпшілік жағдайда ата-ана баланың ойнап
жатқан ойынына, оның пайдасына үңіле
бермейді. Дегенмен осы ойынның баланың
саналы болып өсуіне зор ықпалы бар.
Ұлы педагог Сухомлинский «Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз,
толық мәндегі ақыл ой тәрбиесі болмайды»
деген еді. Ойын – мектеп жасына дейінгі
баланың негізгі іс әрекеті болып табылады.
Ойын үстінде баланың тілі дамып, қандай да
бір өнерге бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығушылығы анық байқалады. Баланың
тілін, ой-өрісін дамыту қашаннан ойыннан
басталған емес пе? Баланың құрбы-
құрдастарымен
сан
түрлі
ойындар
ойнауының өзі тілінің, жеке тұлғалық
қасиеттердің қалыптасуындағы алғашқы
баспалдағы. Осыған орай М. Жұмабаев
баланың ойыны туралы: «Баланың қиялы,
әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын
балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда да
бала
өз
әсерлерін
пайдаланады.
Айналасында, тұрмыста, нені көрсе, соны
істейді. Мысалы, қазақ баласы біреуі ат
болып қашады, біреуі құрық салады.
Шырпыларды
тізіп
көш
жасайды.
Балшықтан мал, қуыршақтан қыз жасайды -
деп ұлттық тұрмысымызға тән ойын
үстіндегі бала болмысын, психологиясын
суреттейді.
Ойын мазмұны мен түріне қарай:
мазмұнды – бейнелі, қимыл қозғалыс,
дидактикалық,
құрылыс,
кейіптендіру
ойындар
болып
бөлінеді.
Балалардың
топтасып, бірлесіп ойнаған ойындары
арқылы бала бойында жақсы әдеттер мен
адамгершілік
қасиеттер
қалыптасады,
бірнәрсені
білуге
құмарлығы
артып,
танымдық қабілеттері дамиды, қимылдары
жетіледі.
Бала ойынмен өседі. Мектепке дейінгі
балалардың жан жақты дамуы үшін
ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы
адамзат мәдениетінің бірегей феномені,
оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет
феномені ретінде ойын оқытады, дамытады,
тәрбиелейді,
әлеуметтендіреді,
көңіл
көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол
сықақтап, күлдіріп, кез – келген әлеуметтік
мәртебенің шартты екендігін көрсетеді.
Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі
таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар.
Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі
таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар.
Сюжетті ролдік ойынның міндеті – баланың
қызығушылығын туғызып, сезімін оятып,
рухани – адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық,
жанашырлық
құндылықтарын
дамыта
отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай
білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар – бір
күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл
балабақшадан
бастау
алып,
өмір
баспалдақтарында
шыңдалып,
біртіндеп
қалыптасатын қасиет.
Бүгінде тәрбие ошағы саналатын
балабақшаларда
бала
бойына
білімді
тағылымды ойын арқылы дамыту жүйелі
|