Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата19.01.2017
өлшемі4,54 Mb.
#2235
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

 
84 
жолға  қойылған.  Түсіне  білгенге  әрбір 
ойынның  астарында  үлкен  тағылымдық 
тәрбие  жатыр.  Қандай  да  ойынның  түрі 
болмасын  баланың  ептілігін,  икемін,  жан  - 
жақты  қабілетін  дамытып  қана    қоймай, 
өмірге  деген  ұстанымын  қалыптастырып, 
ойын ұшқыр етеді. 
ХХІ  ғасыр  техника  ғасыры  дейміз. 
Ойын  баласының  телефон  мен  компьютерге 
үңіліп,  сондағы  миға  күш    түсіретін  шым-
шытырық  ойындарға  әуес  болмауына  мән 
беріңіз.  Одан  да  жүгіріп,  секіріп,  ойланып, 
кейіпке  еніп  ойнайтын  ойындарды  үй 
жағдайында Сіз де ойната біліңіз. Сонда ғана 
ойға 
жетелер 
ойынның 
пайдасын 
ұғынасыздар. 
 
 
БАСТАУЫШ КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ РОЛІ 
 
Искайрова У.К., 
Ақтөбе қаласы, №51 гимназияның бастауыш класс мұғалімі  
 
Соңғы  жылдары  қоғамдағы  тәрбиенің 
мақсаты  «Тұлғаны  жан-жақты,  үйлесімді 
етіп  тәрбиелеу»  деп  көрсетілген.  Демек 
бүгінде 
әрбір 
адамның 
жеке 
басын 
материалдық  және  рухаии  адамзаттық 
құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл 
мақсат-міндеттер 
жанұя 
тәрбиесін 
жақсатудан  бастау  алып,  ондағы  тәрбиелер 
мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін 
жетілдірумен  шешілмек.  Бүгінгі  таңда  ата-
аналардың 
жанұя 
тәрбиесі 
бойынша 
педагогикалық  білімдерін  жетілдіруде  ең 
негізгі  ұйытқы  болатын  мектеп,  соның 
ішінде сынып жетекшілері болып отыр. 
Мектептің  жанұя  тәрбиесіне  ықпалын 
арттыру  үшін  ата-аналарға  мектеп  есігін 
үнемі  ашып,  балалармен  өткізілетін  әртүрлі 
тәрбиелік 
іс-шаралар 
мен 
сабақтарға 
қатысуына мүмкіндік туғызу қажет.     
Бастауыш сынып оқушыларының  жеке 
тұлғасын қалыптастыруда мектептің ата-ана-
лары  мен  жүргізілетін  жұмысының  негізгі 
мақсаты  мыналардан  тұрады.  Біріншіден, 
ата-аналар мектепті балаларының шын жүре-
гімен  қабылдайтын  үйі  деп  санап  өздеріде 
мектеп  жұмысына  көмектесуге  дайын  бо-
луын  қамтамасыз  ету.  Екіншіден,  ата-ана-
ларды  жанұяда  баламен  өзара  қарым-қаты-
наста  болуға  үйрету.  Осындай  мақсатпен 
мектептің  әдістемелік  бірлестіктері  жанұя 
тәрбиесі  мәселелері  бойынша  ата-аналар  се-
минарларын  ұйымдастырады.  Онда  ата-ана-
лар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа 
ұмтылуының  табиғатын  және  баланың  бо-
йында  рухани  байлықты  қалыптастырудың 
маңыздылығын  ол  үшін  қоршаған  ортадан 
сүйіспеншілік  сезімінің,  мейірімділікпен 
сыйластықтың  қажеттілігіне  біледі.  Мектеп-
тің  ата-аналармен  жүргізетін  жұмысы  бала-
ның  мектепте  және  жанұяда,  тұтас  білім  бе-
рушілік  ортада  тәрбие  алуына  жағдай  жа-
сауға  бағытталған.  Жанұя  саналылық  пен 
ынтымақтастықтың  және  болашақтың  бас-
таулар негізі. Мұғалімдер жанұяның тәрбие-
лік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата-
аналардың  да  гумандық  педагогикалық  мы-
нандай идеясын мойындауына атсалысуда. 
Бала  туылғанда  пәк  болып,  тек  адам-
дық пен ізгілік қасиеттермен дүниеге келеді. 
Бұл ұлы заңдылық. Бірақ, пәктік ізгіниеттілік 
балада  өзімен-өзі  ұзақ  сақтала  қоймайды. 
Балаға  дұрыс  тәрбие  беру  мақсаты  -  оған 
дұрыс  білім  беруге  мүмкіндік  туғызады.  Ол 
үшін  ата-аналар  өз  балаларының  дүниеге 
келгенде  белгілі  бір  құлықпен  келетін,  оны 
өзгерту мүмкін емес екенінің білулері қажет. 
Баланың дара ерекшелігін біле отырып, оның 
дамуына жағдай туғызады. Ол үшін әрбір ата 
-  ана  жас  кезеңдеріне  сай  өзгерістерін,  оған 
дұрыс қатынас жасау жолдарын біліп отыру, 
мектеппен  сынып  жетекшісімен  тығыз  бай-
ланыста  болуы  керек.  Осыған  орай,  бүгінгі 
таңда ата-аналармен жанұя құрамына байла-
нысты келесі топтарға біріктіруге болады. 
• Отбасында жалғыз баласы бар ата – аналар 
• Көп балалы отбасылы ата – аналар 
• Отбасындағы ата - әжелер 
• Әкелер 
• Аналар, т.б. түрге жұмыс жүргізуге болады. 

 
85 
     
 
Ұлы  халқымыз  -  «Тәрбиеде  ұсақ  түйек 
болмауы  тиіс»  -  деп,  жанұя  мүмкіндігін  то-
лық  ата-аналармен  бөлісе  жұмысты  ұйым-
дастырады.  Оларға  балалы  жанұяда  тәрбие-
леуде  кеңестер  беріп,  ой  бөліседі.  Тіпті 
жазғы  демалыс  кезінде  де  балалармен  хат 
алысып,  хабарласады.  Олардың  өз  бетінше  
әрекет етіп, дамуына бағыт беріп отырады. 
1) Мектепке деген көзқарасыңыз қандай? 
2) Мектеп - ойын ордасы деп ойлайсызба? 
3)  Балаңызды  немесе  қызыңызды  мектепке 
қандай үмітпен жібересіз? 
4)  Балаға  қарайтын  уақыттың  жоқтығынан 
мектепке жіберемін деп ойлайсызба? 
5) Мектеп ұжымы жайлы не айтасыз? 
6)  Балаңыздың  жақсы  ұстазын  жақсы 
танисыз ба? 
7)  Ұстазының  білімін  жақсы  деп  бағалайсыз 
ба? 
8)  Баланың  ұстазымен  дос  бола  алады  деген 
сезімін расқа шығара аласыз ба? 
9)  Сіз  ұстазды  тек  қатып  қалған  «тәртіп 
адамы» деп ойлайсыз ба?  
10)  Балаңыздың  бойындағы  жағымды, 
жағымсыз  қасиеттері  ұстазынан    алынған 
тәрбиенің жемісі деп ойлайсыз ба? 
Сыныптағы  оқушылардың  ата-анала-
рымен келісіп тәрбие беру, балалардың оқу-
ларын  ұйымдастырулары,  күн  тәртіптері, 
олардың  орындалулары,  нәтижелері  айты-
лып,  тәжірибе  алмасулар  жүргізілсе,  сөзсіз 
ұтымды болады. 
Сондықтан, әсіресе, бірінші оқу жылда-
рында ата-аналармен шыдамдылықпен түсін-
діру  жұмыстарын  жүргізеді.  Сонда  біртін-
деп, "өмір  мектебі"  ата-аналармен ынтымақ-
тастық  қарым-қатынаста  бола  алады.  Бұл 
процестің  қарқынын,  яғни  мектептің  жанұя 
тәрбиесіне  ықпалын  арттыру  үшін  "өмір 
мектебі"  ата-аналарға  есігін  айқара  ашады. 
Бұл  ата-аналарға  балалармен  өткізілетін 
әртүрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға 
қатысуына  мүмкіндік  туғызады  деген  сөз. 
Тіпті  кейде,  ата-аналар  арнайы  дайындықты 
талап  ететін  үйірмелерді  басқаруға,  саяхат-
тар  мен  серуендерді  ұйымдастыруға  шақы-
рылады.  Оларға  оқушылар  тарапынан  кон-
церттер  мен  қойылымдар,  көрмелер  ұйым-
дастырылып,  ынталандырылады.  Қажетті 
болғанда мұғалімдер мен сынып жетекшілері 
жанұяда  оқушы  арқылы  баласының  сабақ-
тағы  үлгерім  жетістіктері  мен  ұнамды  әре-
кеттері  жайлы  хабарлап,  хаттар  жолдайды. 
Жылына екі рет ата - аналар өз балаларының 
жетістіктері  туралы  толық  баяндалған 
пакеттер  алады.Пакетте  баланың  жеке 
басының 
рухани-адамгершілік 
дамуына 
педагогикалық мінездеме беріледі. 
"Өмір мектебінің" ата-аналармен жүргі-
зетін  жұмысының  негізгі  мақсаты  мыналар-
дан тұрады: 
Біріншіден, 
ата-аналар 
мектепті 
балалардың  шын  жүрегімен  қабылдайтын 
үйі  деп  санап,  өздері  де  мектеп  жұмысына 
көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; 
Екіншіден, ата-аналарды жанұяда бала-
ларымен  өзара  тұлғалық-гумандық  қарым-
қатынаста  болуға  үйрету.  Көптеген  педагог-
тар  тәжірибелерін  қорытындылай  отырып, 
бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалық 
қасиеттерін  дамытуды  сынып  жетекшілері-
нің  ата-аналармен  жүргізетін  жұмысының 
төмендегідей  әдістемесін  ұсынуға  (№5 
кестесі). 
Жанұя  тәрбиесі  жағдайында  бастауыш 
сынып  оқушыларын  жеке  тұлғасын  қалып-
тастыруата аналардың педагогикалық білімін 
жетілдіру  жұмыстарын  жүргізу  өте  тиімді. 
Ол  ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыстар-
дың  мазмұнына  жанұя  тәрбиесі  мәселелері 
жайлы  білімдерді  ендіру  арқылы  жүзеге 
асырылады.  Сондықтан,  ең  алдымен  сынып 
жетекшілерінің  білімін  көтеру  жолдарын  із-
деу  ата-аналардың  педагогикалық  білімін 
көтеруде пайдаланылатын білімдер қорын ең 
алдымен  сынып  жетекшілерінің  жетік 
меңгеруі тиіс. 
Сынып  жетекшілердің  ата  -  аналармен 
жұмыс  істеудің  тағы  бір  әдісі  -  ата  -  аналар 
жиналысы.  Бұл  сынып  жетекшінің  отбасы-
мен  байланысының  аса  маңызды  түрі.  Ата-
аналар  әр  мектепте,  әр  түрлі  кездерде,  әр 
түрлі жағдайларда болады. 
"Сынып жетекшісінің жұмысы туралы" 
әдістемелік  хатта  былай  делінген:  "Ата-
аналар жиналыстарында педагогикалық  оқу-
ағарту  жұмыстарымен  қатар  мектеп  пен 
отбасында  бала  тәрбиелеудің  тәжірибесін 
алмасу  жүзеге  асырылады,  ата-аналар 
қолданып  жүрген  тәрбие  әдістерінің  сәтті 
және сәтсіз жақтары талқыланады". 
Мектептің тәрбие жүйесінің өзегі: бала 
(оқушы).  Сондықтан  қандай  жаңашыл  идея, 
технология  болмасын  –  балаға  бағытталған, 

 
     
 
86 
сол  баланы  дамыту  жолдарын  көздеген 
болуы керек. 
Сонау  ХХ  ғасырдың  басында  зиялы 
азамматтардың 
ұлт 
болашаған 
ойлап, 
мектептің негізгі бағыт-бағдары – ана тілінің 
табиғи  тазалығы,  мектепте  оқытылатын 
пәндердің 
бәрі-ұлттық 
болмысымызға 
үйлесуі  қажеттігін  көрегендікпен  болжап 
кеткен  сол  ой-пікірлер  өз  қажеттегін  осы 
күнге 
дейін 
жойған 
жоқ. 
Зиялы 
ағаларымыздың  ойларын  түйіндей  келе, 
ұлттық  мектептің  өзіндік  қалпын  (моделін) 
қарастыруға болады. 
Мектептің  мақсаты:  «...жалғыз  құрғақ 
білім  үйрету  емес,  біліммен  бірге  жақсы 
тәрбиені қоса беруі»... (М.Дулатов). 
Пайдаланған әдебиеттер. 
1.
 
Каргин  С.Т.,  Кадирбаева  Д.А.  Халықтың 
географиялық  білімінің  этнопедагогикалық 
құндылығы  //  Білім  беру  жүйесіндегі 
этнопедагогика. – 2008. -№5. 2-4 б. 
2.
 
Қожахметова  К.Ж.  Ұлттық  мектептің 
тәрбие  жүйесіне  қойлатын  талаптар//Білім 
беру  жүйесіндегі  этнопедагогика.  –  2008.  -
№5. 21 б.  
 
 
 
 
 
ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ. СӨМКЕҢДЕ НЕ БАР? 
 
Абдрахманова Ж.К., 
№35 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі 
 
Пәні: қазақ тілі Сыныбы:1 «Д» 
Сілтеме: интербелсенді тақта, тақырыпқа байланысты суреттер, смайликтер, оқу 
кұралдары- заттар, жұмбақ, ойындар, синквейн, кластер,шығармашылық жұмыс. 
Мақсаты: Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру. Жеке, 
жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қолдана алуға 
үйрету.Сөздік қорын байыту.Ойлау қабілеттерін дамыту.Сабаққа,тілге қызығушылығын 
арттыру, ұқыптылыққа баулу. 
Оқыту нәтижесі: оқу құралдарына сипаттама бере алады, сөз қорын байытады, өз бетімен 
жұмыс жасап үйренеді. 
уақыты  стратегиялар  ресурстар  Мұғалімнің іс-әрекеті  Оқушының іс-әрекеті 
3 мин. 
 
 
Диалог арқы- 
лы оқыту 
Смайликтер, 
«Көңіл-күй 
экраны» 
Ұйымдастыру кезеңі 
Сәлеметсіңдер ме?  
Ал, балалар, кәне, 
бүгінгі көңіл- 
күйлеріңді алдарында 
жатқан смайликтер 
арқылы көрсетіп 
жіберіңдер.Өте жақсы. 
 
 
Сабаққа психологиялық 
дайындық жасайды. 
Орындарынан тұрып 
мұғаліммен амандасады. 
Қол ұстасып, әдемі 
шеңбер жасайды, бір- 
біріне жауқазын гүлін 
сыйлайды.Жүректен 
жүрекке жылы сезімімін 
білдіртеді. 
«Кел,балалар күлейік 
Күлкі- көңіл ажары 
Күліп өмір сүрейік!» 
Біз бақыттымыз! 
2 мин 
 
 
Топтастыру 
Үй жануар-
лары 
төлдерінің 
суреттері 
Топқа бөліну. 
Оқушыларға бақыт 
ағашынан алмаларды 
алып, орнын тауып 
Оқушылар қалаған түсті 
алмаларды алып,сол 
бойынша орнын 
табады.Сөйтіп үш топқа 
                                                                                                    
 
Ұ
СТАЗ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
 

 
87 
     
 
отырғызуға бағыт 
береді.(қызыл, жасыл, 
сары) 
Қызыл алма- 
Құлыншақ тобы 
Жасыл алма- Ботақан 
тобы 
Сары алма- Қошақан 
тобы 
бөлінеді. 
1 топ – Құлыншақ 
2 топ – Ботақан 
3 топ – Қошақан 
5 мин 
 
 
Сергіту сәті 
«Бала, бала, 
балақан» 
 
Үй тапсырмасын сұрақ- 
жауап, « Кластер әдісі 
арқылы тексеру. 
Қорытындылау: Өте 
жақсы, балалар, оқу 
құралдардың атауларын 
жақсы біледі екенсіңдер  
 
Интерактивті тақтадағы 
оқу құралдарын атайды 
және сөз тіркесін 
кұрайды. 
 
5 мин 
 
 
Мига шабуыл  Интерактивті 
тақта 
Қызығушылықты 
ояту. «Сөзден сөз 
жасау» ойыны.  
Синквейн әдісімен 
жұмыс өткізіледі. 
1.Бұл не?  
2.Қандай?  
3.Не істейді?  
4.Не үшін керек? 
5.Неге жатады?. 
Мадақтау әдісі. 
Оқушылар ойланып, « 
Балақаным» деген 
сөзден –қалам деген 
сөзді шығарады.Қалам 
туралы өлеңді жатқа 
айтады, сөйлем 
кұрастырады. 
Синквейн арқылы 
оқушылардың жауабы 
1.Қалам. 
2.Қызыл, әдемі 
3.Жазамын, аламын, 
саламын 
4.Жазу үшін керек 
5.Оқу құралы 
Үш шапалақ. 
10 мин 
 
 
 
Интерактивті 
тақта 
Негізгі бөлімі 
Жұмбақ арқылы 
сабақтың тақырыбы 
мен мақсатын аштыру.  
-Бұл затты балалар 
қолдарына 
ұстайды,иығына,арқасы
на іледі. Түрлі түсті 
болады. Мектепке 
жиналған кезде ата- 
аналарын бәріне де 
сатып алады.Бұл не 
екен? 
Қандай сөмкелері бар 
екенін анықтату. 
Мұғалім тақырыпқа 
байланысты жаңа 
сөздерді интерактивті 
тақта арқылы 
таныстырады.(сөмке- 
Оқушылардың жауабы- 
Бұл- сөмке. Қалай 
білдіңдер? Ойларын 
ортаға салу. Сөйлету. 
Менің әдемі көк сөмкем 
бар. Мен сөмкеме оқу 
құралдарын 
саламын.Менде үлкен 
сөмке бар. Сөмке – оқу 
құралы. 
«Не артық » ойыны- 
оқушылар ой- істерін 
қорытындылайды. Алма- 
жеміс, сәбіз – көкөніс, 
қуыршақ – ойыншық. 
Қалған суреттер- оқу 
құралдарына жатады. 
Бұл – қаламсап, сөмке, 
калам, сызғыш, дәптер, 
кітап, өшіргіш. Оқу 

 
     
 
88 
сумка, қаламсап- пенал) 
Суретпен жұмыс. 
Мүғалім оқушыларды 
сурет арқылы оқу құрал 
атауларымен 
таныстырады. (слайд) 
Оқулықпен жұмыс – 
145 бет,1-і тапсырма 
1 – тапсырма. Диалогті 
оқы, аудар. 
Тапсырма бойынша 
жеке жұмыс 
ұйымдастырылады 
құралдары туралы 
өлеңдерді еске түсіреді, 
жатқа айтады. 
 
 
1 топ- құлыншақ тобы- 
диалогті оқиды, 
аударады 
2 топ- ботақан тобы – 
диалог арқылы сұрақ- 
жауап 
3 топ – қошақан тобы – 
диалогті толықтырады 
3 мин 
 
 
Сергіту - 
тренинг 
Интерактивті 
тақта, 
бейнеролик 
Сергіту сәті. Мұғалім 
«Балапандар» сергіту– 
тренингін қосады 
Оқушылар экранға қарап 
қайталайды. 
 
10 мин 
 
 
Кластер, 
топтық жұмыс, 
сыни тұрғыдан 
ойлауға үйрету 
Интерактивті 
тақта, плакат, 
суреттер 
Тақырыпты бекіту
 Кластер жасау.  
Сөмкеңде не бар? – 
Құлыншақ тобы 
Сөмкеңе не саласың? – 
Ботақан тобы 
Сөмкеңнен не аласың? 
– Қошақаным тобы 
Әр топ өзінің кластерін 
тақтаға шығып қорғайды 
Үш шапалақ. 
5 мин 
 
 
Шығарма-
шылық жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
Рефлексия 
Интерактивті 
тақта 
Көп нүктені орнына 
бүгінгі сабаққа қатысты 
сөздерді тап, өлеңді 
толықтыр. 
 
Қолыма ............ аламын 
............... ........... 
саламын 
Мен .................. 
барамын 
Жақсы ............... 
боламын  
 
 
 
«Пойыз» ойыны 
арқылы сабақты 
қорытындылау. 
Оқушылар тақырып 
бойынша алған 
білімдерін 
қорытындылайды. 
Топпен жұмыс, жеке 
жұмыс. 
Балалар сабаққа қатысты 
сөздерді еске түсіріп,, 
өлеңді толықтырады. 
Қолыма сөмке аламын 
Оқу құралдарын 
саламын 
Мен мектепке барамын 
Жақсы оқушы боламын 
«Үш шапалақ», 
мадақтау. 
Оқушылар смайликтерді 
бақыт ағашына 
жапсырып, сабақтың 
ұнағанын көрсете біледі 
1 мин 
 
Үйге тапсырма 
беру 
Интерактивті 
тақта 
Оқулық-145 бет, 1-і тапсырма диал
огті оқу,жаңа сөздерді жаттау. 
1 мин 
Бағалау 
 
 Формативтік бағаларды ескере отырып, 
суммативтік баға қою.  
 
 
 
 

 
89 
     
 
ҚОЙНАУЫ ТАРИХ,КИЕЛІ МЕКЕН-КЕМЕРШИІМ  
 
Абдуллина А.Н., 
Байғанин ауданы Кемерши ауылы Қ.Жазықов атындағы орта мектебінің мұғалімі 
 
Мақсаты:  Туған  жеріне,  еліне  деген  сүйіс-
пеншілік  сезімін  қалыптастыру.  Туған  ауыл 
жайлы ой тебіренту. Өз ойларын жүйелі түр-
де жеткізі білуге үйрету. 
Көрнекілігі: суреттер, слайд 
Әдісі: баяндау, монтаж 
Өткізу жоспары: 
1. Кіріспе 
2. «Кіндігімнің жас қаны 
Тамған  жерім  ауылым»  әдеби  музыкалық 
монтаж 
3.  «Қойнауы  тарих,киелі  мекен-Кемершиім» 
ауылымыздың елді мекендері 
4. «Ауыл айшықтары» 
5. «Ауылымның келешегі 
Менің болашағым» ой қозғау бөлімі 
6.Қорытындылау І бөлім.Кіріспе 
Мұғалім:  Бүгінгі  күн-біз  үшін  есте 
қаларлық  қасиеті  Олай  болса  балалар,  туған 
жеріне,  еліне  деген  сүйіспеншілік  сезімін 
қалыптастыру мақсатында «Ауылым алтын 
бесігім» 
атты 
тақырыбында 
тәрбие 
сағатымызды бастаймыз 
Хор: Біз Отанның ұланымыз 
ІІ-бөлім. «Кемерши-туған мекенім 
Мәңгілік  мақтан  етемін»  ауылымыз-
дың елді мекендері. Бұл бөлімде ауылымыз-
дың елді мекендеріне тоқталып өтейік. 
Туған жер-тұғыр, сенен өскен ботаңмын 
Ер жеткенде үлесті саған қосармын. 
Толғанып тұрып қамыңды ойлар ұланмын. 
Үнімді қосам коркеюіне ауылымның. 
Кемерши  -  бұл қазіргі, Кемерши село-
сы  тұрған  жер.  Кемерши  селосының  оңтүс-
тігінде  тау  сілемдері,  ал  солтүстігінде  ұзын 
қырқалар  бар.  Міне  осы  екуінің  арасымен 
бұрындары  Жем  өзені  аққан  дейді.  Жем 
өзені  арнасы,  яғни  кермері  өзен  арнасы 
азайған  соң,  бұл  жерге  қалың  ши  шыққан. 
Көрген  кө-не  қариялардың  айтуы  бойынша 
шидің  қалыңдығы  сонша,  атты  адамның 
бойы  көрінбеген  деседі.  Міне  осы  екі  сөз 
тіркескесін “Кемерши” атауы шыққан. 
ЕрасылКөктүбек  –  бұл ертеден келе 
жатқан  елді  мекен.  Көктүбек  аталуында 
ерекше  тарихи  мағына  жоқ.  Жем  өзенінің 
иініне  орналасқан.  Бұл  иін  теңіз,  көлдердегі 
түбектерге ұқсас, сонымен қатар шөбі шүйгі. 
Жем  өзені  табанына  жақын  болғандықтан 
жазда  үнемі  кқк  күйінде  болады.  Бұл  жерде 
өалыңды ну жиде тоғайы болған. Сондықтан 
да бұл жер көк және түбек сөздерімен бірігіп 
“Көктүбек” деп аталған. 
Нұрбол.  Қызылшоқы  –  жердің  топы-
рағына  байланысты  аталған.  Жақын  жерде 
үлкендеу  биік  шоқы  бар.  Сол  шоқының 
баурайына  шөп  шықпайтын,  қызыл  құмақ 
иелеген. 
Ақниет. Ақбұлақ – ақ кебірдің арасын 
жарып, сылдырап аққан бұлақ. Жем өзенінің 
арғы  жақ  бетінде.  Айналасында  бордан 
құралған таулар бар. 
Жем-Сағыз 
Жем-Сағыз-қалың жұртым жайнаған жер, 
Маңыратып төрт түлік айдаған жер. 
Қаптаса таудай нарлар, сәйгүліктер, 
Қойлары семіздіктен майлаған жер. 
Жем-Сағыз-әке шешем жайлаған жер, 
Коктемде бәйшешегі жайнаған жер. 
Басына жас ботаның үкі тағып, 
Құлынды қоңыраулатып байлаған жер. 
Жем-Сағыз-күй тербетпей қоймаған жер, 
Балалық асырға тоймаған жер. 
Топталып жан-достарым құшағында, 
Таласып талай асық ойнаған жер. 
Жем-Сағыз-жастық күнді тойлаған жер. 
Біз өмір өршіл қалпын ойлаған жер. 
“Ақбұлақ’’,''Қызылбұлақ'',”Көкбұлағы” 
Өзінен шымыр-шымыр қайнаған жер 
Жем-Сағыз жігер жанып,қайраған жер, 
Жем-Сағыз-сұлулығын сайраған жер 
Өзінен шыққан талай серілері. 
«Сазымның сәні болған бай далам» дер 
Қалиев  Мейрамбек.  Құртұрмас  – 
Жем  өзеннің  бойындағы  ең  биік  шоқылар-
дың  бірі.  Бұрынғы  жаугершілік  заманда  қа-
зақ  даласында  қалмақ,  түркімендер  соғыс 
ашып малдарын айдап, ұрлап барымта жасап 
тыныштық  бермеген,  шьн.  Сондықтан  осы 
бір  биік  шоқының  үсті  күндіз-түні  қарауыл 
қойып, ел тыныштығын күзеткен. Содан бері 
осы шоқыны «Құртұрмас» деп атаған. 
Данагүл.  Ордабай  –  осы өңірде Орда-
бай рулы елі қоныстанып мекен еткен. Жерге 

 
     
 
90 
өз  руларының  атын  қойып,  меншңктеген. 
Бұл  жер  Кемерши  өңірінің  шығыс  жағында 
орналасқан. 
Аякөз.  Қызылбұлақ  – елді мекені өте 
құнарлы,  шөбі  мол  жер.  Төбелер  қызыл  құ-
мақ, төсін бұлақ жарып шыққан. Жердің гео-
графиялық  жағдайы  ескеріліп  осылайша 
аталса керек. 
Нұрбол.  Егінді  бұлақ-мөлдір,  таза 
бұлағын  елдің  баршасы  біледі.  Бұлақтың 
бойын  өрлей  екен.  Жері  егін,  мөрдір  бұлақ 
болған соң жер аты осылай аталған. 
Ән:  Туған  жер  Орындайтын:  Ақжол 
мен Әсем. 
ІІІ-бөлім:Ауыл айшықтары 
Жаныма  жерің,  ауаң  ем  Атыңа  сенің 
бас  ием;  -дей  келе,  келесі  кезекте  туған 
жерге  көрік  беріп  тұрған,әрқайысысының  өз 
тарихы 
бар 
«Ауыл 
айшықтарына» 
тоқталамыз. 
Мешіт туралы 
Тарихтың  тереңіне  үңілген  cайын  ата-
бабаларымыздың имандылық,  ізгілік қасиет-
терді берік ұстанғандығы тәнті етеді.Сондай 
адамдардың  бірі  Ермағанбет  ишан  өткен 
ғасырдың бас жағында ,дәлірек айтсақ, 1909 
жылы ауылымызға мешіт салдырыпты. Одан 
бері талай су ақты,заман өзгерді Ермағанбет 
ишинның  өзі  37-жылдардың  қудалануына 
ұшырады.  Мешіт  интернат  үйіне,  кейінен 
мұнда қойма орналасты. 
Іңкар:  Кезінде  сол  мешітте  сол  төңі-
ректің  ұл-қыздары  ислам  ілімінің  үйренсе, 
төңкерістен  соң  да  бұл  киелі  орын  білім 
ордасына  айналған.  Сол  кездерде  мектепте 
Қалиев Жәрдем, Мырзалин Ғани, Ыбырашев 
Ғайнеш  мұғалімдік  қызымет  атқарған.Киесі 
көшпеген осы көне жұрттан Ақтөбе өңірінің 
айтулы  азамат,  академик  Сақтаған  Бәйішев 
осы жұрттың түлегі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет