Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата19.01.2017
өлшемі424,89 Kb.
#2252
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тоғызыншы тарау

Ділді кір-тозаңнан таза, пәк ұстау

Адам болмысында жыртқыш жануарлар, шайтандар мен періштелер 

сипаттары бар деп әр кезде айтып жүрерсің. Адамның асылы періштелер 

гауһарынан   екенін   және   өзге   сипаттардың   жарамсыз   екенін   қандай 

дәлелмен білеміз? Адамды періштелер қасиетіне бейімдеп жаратып, басқа 

сипаттарды бейім етіп жаратпағанын қайдан білеміз? 

Бұл жағдайды білгенде ықтият болғын, оны тек дәлелмен білесің. 

Шын мәнінде, адам жыртқыш және төрт аяқтылардан кемелділік  шама-

шарқымен жоғарыда тұр. Алла әр нәрсеге бір кемел беріпті, ол кемел – сол 

нәрсенің   өзіне  тән  дәрежесі   ғана,  оны   тек   сол   қасиеті   үшін  жаратқан. 

Мұның мысалын ат пен есектің айырмашылығынан көруге болады. Есек – 

жүк   көтеру   үшін  жаратылыпты.  Атты   –   қазылар,   батыр  шабандоздар 

астында шабуыл, жарыс майдандарында шабу үшін жаратыпты. Есекке де, 

атқа  ұқсас   шабатын   қуат   беріпті.   Бірақ,  жаугершілікте  ат   үстінде   ер-

тұрман  салып  шабу   кемелдік   дәрежесін   байқатар.   Бұл   кемелдік   төмен 

болса, онда оған тоқым салып, есек орнына жүк артып пайдаланар еді. Бұл 

мәртебе – оның кемшілігі, кемелдіктен жұрдай екенін көрсетер еді.

Оныншы тарау

Діл ғаламы ғажайпатары шексіздігі

Ділдің  шарапаты   –   салыстыра   қарасаң,   барлық   нәрселерден 

ғажайыптығымен   ерекшеленеді.   Көптеген   адамдар   оның  қыр-сыры 

ақиқатынан  хабарсыз.  Сонымен ділдің  шарапатын  екі  жағынан байқауға 

болады: бірі – ілім жағынан болса, екіншісі – құдірет күші болар. Алайда, 

ділдің  шарапаты  ілімдік  жағынан  қарағанда екі топқа бөлінеді: біреуі – 

көзге  көрінетіндерден,   жалпы  халық   білетін  болса,  екіншісі   –   көзге 

көрінбейтін, жасырын болғандықтан, әркім біле бермес. Сондықтан да бұл 

бөлігі  біріншіден   ғазиздеу  болар.  Алайда,   бірінші   бөлігі   көзге   зайыр 

көрініп тұрғандықтан оны жалпы жұрт біледі.

Осы  тұрғыдан қарағанда  ділде барлық ілімді, барлық өнерді  еркін 

білетін күш-қуат бар. Барлық кітаптардың мәнісін түсінер сондай-ақ сызу 

ілімі   мен   есеп   ілімі,  дәрігерлік  ілімі  мен   астрономия,   жұлдызнама 

ілімдерін, шариғат ілімі басқа да түрлі кәсіп ілімдерін айтуға болады.

22


Соған да қарамастан ділдің бір бөлігі тағдыр үшін қабылданбас. Бар 

ілім оның қалыбына сыйып кетуге лайыты. Бәлкім барлық ғаламды ділге 

сыйғызып жіберу – дарияның тамшысы тәріздес. Әрбір сәтте өзінің пікір-

әрекетімен төменнен ең биікке, шығыстан батысқа сейіл құра алар. Солай 

болса да ол жер топырағына аяқ тіреп аялдайтындардан және барлап аспан 

жұлдыздары сызық жолдарының барар  бағдарын біледі. Балықты  иламен 

дария   тереңінен   шығарар.   Аспан  ауасында   ұшқан   құсты   жерге  түсірер, 

жолбарыс   пен   пілді,   жылқыны   және  бұдан   басқа   жан-жануарлардың 

күштілерін  өзіне  бағындырар.   Әрбір  нәрселер   ғалам  ғажайыптарынан, 

оларды да іліммен тану, қалау – бес сезім арқылы жүзеге асады. Бұлардың 

да   ғажабы,   ділдің   ішкі   жағымен  періштелер  ғаламы   –  жәннәт   бағының 

есігін  ашуға  мүмкіншілігі  бар  болар.   Сонымен,  ділдің  тысқы    жағынан 

ғалам  табиғи   болмысындағы   нәрселерді  танитын   бес   сезім   –  яғни  бес 

дарбазаның ашық екені.

Ғалам  болмысындағы  нәрселерге   түрлі  заттар  жатады.   Ғалам 

періштелер деп рухани ғаламды айтады. Толығырақ айтсақ, ғалам халқы – 

ғаламдық денелер, заттар. Ал  ілімнің жолы деп  бес сезім қалауын айтар. 

Бұл ілімнің  де  өмірі қысқа. Ділдің  ішкі  жағын  ғалами періштенің  тұрақ-

жайы деуге екі дәлел бар: оның бірі – түс көру. Адам ұйқыға барған кезде 

сезім жолы  байланар.  Сол кезде діл  құдіреті күшінде болар, яғни  ділден 

тысқарыға түндік ашылып, періштелер ғаламынан лауһіл-мақпұздан ғайып 

істерді көрер. Алдағы болар  нәрседен  хабар  берер. Біреулері  айдан анық 

көрінсе,   біреулеріне  түсініктеме  қажет  болар.  Ілімді  үйрену   үшін 

ұйықтамау   зиянды   деп  адамдар   күмән   қылады   екен.   Алайда   ояу   кезде 

ғайыпты болжай алмайды. Ал  түс  көргенде ғайыпты болжам біледі.  Түс 

көрмектегі  шындық  ақиқатты   бұл   кітапта   талдап  баяндап   беру  мүмкін 

емес.  Сонда да бір ғана білгенің жөн: діл –  айна  сияқты. Лауһіл-махпұз 

айнаға ұқсар, онда барлық нәрсенің суреті жазылып қойылған. Сондықтан, 

екі нәрсені қарама-қарсы қойса, бір айнадан сурет екінші айнаға түскенге 

– ұқсас, лауһіл-мақпұздағы бейнелердің суреті де – осылай, діл айнасынан 

көрінер. Бұл мәртебе сол кезде пайда болар – ол діл  айнасы таза болып, 

сезім   сәулесінен   өзінің   парқын  бөліп,   періште   ғаламына   өткізіп,   пайда 

қылса, сонда ғана періштелер ғаламы ғажайыптарды көзге көрсетер. Егер 

қалау  жолы  ұйқысынан   тұрған   жағдайда   бәрібір  қиял   өз   жайында 

ұқыптылықпен   тұрар.   Бұл   тұрғыдан   алғанда,     көрген   нәрселерді   қиял 

құралының мысал пердесінен көрер. Алайда, анық раушан күйінде көре 

алмас. Адам уақыты жетіп опат болса, не қиял қалар немесе қалау қалар. 

Әр нәрсені ешқандай тосқынсыз көрер. Сондықтан, Хақ тағаланың Құран 

Кәрімдегі Қап сүресінің 12-аятында: «Қатты күнді сізге қияметте тосылған 

кезде   көрсетеміз»   депті.   Сол   сияқты   Сажда   сүресінің   12-аятында: 

«Пәруәрдігер біздерді ғибрат көзімен көретін қыл, жан құлағымен естіп, 

жақсы амал істейтіндерден еткейсіз деп Алла тағалаға жалбарынады және 

«қиямет   күнінің   қорқынышын   көрдік,   сүрдің   даусын   естідік.   Сен   бізді 

23


қайта фәни дүниеге жібер, біз енді жақсы істерді істейміз» дейді. Ділдің 

барар   арман-мекені,   періштелердің   тұрақ-жай   екенінің   екінші   дәлелі   – 

ғажап,   сирек   парасатты   және   таңданарлық   мәслихаттар   Алланың 

айтуымен көңіліне түсетін ешқандай адам жоқ. Сондықтан да бұл мәселе 

Алланың   қалау   жолы   болмайды.   Бәлкім,   ғалам   ғайыптан   діл   мекен-

жайына түскен болар, яғни Аллаға тән рух болар. Енді бұл дәлелмен біліп 

алғын, діл – бұл ғаламнан емес, бәлкім періштелер ғаламынан екен және 

қалау,   ықылас   әуестігін,   бұл   ғалым   ілімін   кәсіп   қылмау   үшін   жаратты. 

Әлсіз,   нашар   ділге   періште   ғаламы   нұрлы   жайларын   көруге   перде 

тосқауыл   болар.   Қашан   қалау   ықыласы   кемелденбейінше,   періште 

ғаламына жол таппас.

Он бірінші тарау

Ділге, періште ғалам-жолы қақпасы ашылуы

Бұл   мекен-жай,   діл   не   ұйықтамай   не   өлместен   бұрын   дарбазасын 

ашпайды   деме.   Мәселе   олай   емес.   Мүмкін   ояу   кезде   де   кісі   өзіне 

қиыншылықты қабылдай білсе, ділді ғазап, ашу, шаһуат құмарлығынан, 

өзіне тән нәпсі құмарлықтан тыйып, өзін қоршаған ортадан оқшау ұстап, 

дүние   ісінен   назарын   аударып,   қалау   әуестік   жолына   тосқауыл   қойып 

ділдің назарын періште ғаламына аударып, онымен достасу талабын пайда 

қылса, Алла тағала сөздерін шын көңілмен және тілмен айтып, тілді басқа 

артық әрекеттерден тыйып өзінен және басқа да ғаламнан хабарсыз болып, 

Хақ нұрлы Алла тағаланы аузынан тастамай өзгеден үмітін үзсе, өзін осы 

қалпында ұстай білсе, егер ояу болса да жұмақ есігі ашылын өзгелердің 

ұйқыда   көргенін   ояу   кезінде-ақ   көреді.   Оңған   әруақтар   өрісі   және 

періштелер   пайда   болып,   жақсы   суретте   көрінер   және   Пайғамбарларды 

көрер, олардың медет-жәрдемдерін көрер. Аспан мен жер періштелері аян 

болар. Періштелер мекен-жайы ашылған кісіге, ұлық дәрежені нәсіп етер. 

Бұлар ауызекі айтылатын аңыздамадан тыс. Хақ тағаланың сөзінің Анһом 

сүресі 75-аятында: «Жерді, шығыс пен батысты, яғни барлық жер-жүзін 

көрдім,   аспан   мен   жер   періштелерін   Ибрахим   Әлейһисаламға 

көрсеткендей   көрсеттім»   депті.   Бәлкім   барлық   ғұлама   әулие,   әнбие, 

Әлейһус-саламға рухани жолы бір болар, таным мен тағылым жолы бір 

емес және бұл мәртебе, бұл дәрежелер қиыншылыққа төзіп, барлық күш-

қайратын   аянбау   нәтижесінде   қолға   келер.   Сондықтан   Алла   тағала, 

Муззамил сүресінің 8-9-аяттарында айтылған сөздерінің мағынасы «Батыс 

пен шығысың – пәруәрдігердікі. Басқа ешқандай Алла жоқ, тек оның өзі 

ғана бар. Сондықтан сіз өзіңіз үшін, Оны ғана бас өкіл етіңіз». Ал соңғы 

10-аятта:   «Сабыр   қылғын,   дінге   сенбейтіндер   айтқан   сөзге   (берген 

азарына)   олардың   сөзін   әдемілеп   жоққа   шығар»   депті.   Бұл   айтылған 

дәлелдер   жалпы   қиыншылыққа   төтеп   беріп   шыдай   білудің   тағылымы 

24


болар. Сондықтан да діл – халқының дұшпаны, дүниеқорлық және көзге 

түртіп   ерекше   көрініп   тұрған   нәрселермен   шұғылдану   ісінен   пәк   таза 

болуы   керек.   Сопылар   жолы,   әулиелер   жол-жорықтары   –   осылар. 

Дегенмен оқымақ пен үйренбектен, ілім-білімді болу ғұламалардың жолы 

болса, бұл ұлық шарапатты дәреже болар. Ал әулие мен әнбиелер кісіден 

тәлім алмай, Хақ нұрлы Алла тағаланың кеңдігінен, Алланың жолыменен, 

ділдері раушандалып арнайы жаһандік кәмілдікке қолы жетер. Бұл ілімге 

қол   ұрғанмен   бірдей.   Ол   ілімді     қысқаша   айтсақ,   діл   мекен-жайына 

жолдың ашықтығын тәжірибе жолымен де жетуге болатынын дәлелдейді. 

Егер саған бұл ілімдердің ләззаты мәлім болмаса да иман келтіріп сенгін 

және   куәландырғын,   сонда   үш   дәрежелі   ілімнен   махұрым   болмайсың. 

Сондықтан да діл ілімінің ғажайыптарының бірі осы болар. Осылармен 

ғана діл адамының шарапаты.

Он 

   екінші 

 

 тарау

 

 

Діл-жәннәт мекені

Бұл   мәртебе   мен   дәреже  тек  пайғамбарларға   ғана   тән   қасиет   деп 

күмәнданбағын. Бәлкім әр бір адамдардың гәуһары – асыл қасиеті етпелі 

дәуір мемлекет  талабына  ылайық  пайда болар. Сондықтан  да адам  ділі 

темірге   ұқсас,   жаратылысында   айна   сияқты,   жаһан   суреті   көрінгендей 

болуға   бейім   түрар.   Егер   айнаны   шаң-тозаң   басса,  тот  басып   қараңғы 

қалыпқа түсер. Ол айналық қасиетін жоғалтар. Дәл осыған ұқсас діл де 

дүние-қорлықтан, күнәға батудан кірленіп, пәктіктен айрылып, дәрежеден 

мақрұм болар Сондықтан өзіне лайықты әнбие, әулиелерге жақтастығынан 

Хақ нұрлы Алла тағала Асыраф сүресінің 172-аятында «Олардан сұрады, 

мен   рәббіңіз   емеспін   бе?   –   деп,   олар   дәл   солай   деп   жауап   берді». 

Сондықтан  да  барлық   адамдар   түптеп   келгенде,   Хақ   нұрлы  Алла 

тағаланың   кешіруіне   лайықты.   Бұған   дәлел   ретінде   Лұқман   сүресі   25-

аятында: «Ал егер сен (Мухаммед) кәпірлерден аспан мен жерді жаратқан 

кім деп сұрасаң, әлбетте Алла жаратқан» дейді. Бұл дәлелден білетініміз, 

бұл   Пайғамбарларымызға   тән  қасиет   емес,   өйткені   әулие-әнбие, 

Пайғамбарлар  да   адам  баласы   ғой   дегенге   саяды.   Қап   сүресінің   110-

аятында:   «Айтқын  Мухаммед  (С.Ә.У.)   мен   де   сіздерге   ұқсас   адам   ғой, 

алайда  тек  маған  Алла  уақи (аян) жіберген» депті. Бірақ  та  ол кісіге діл-

жұмақ   мекенінің   жолы   ашылып,   жалпы   халықтың   аңсағаны   –   халықты 

имандылыққа шақыру жарлығы болса, онда оны пайғамбар дейді. Сонда 

ғана  оның  халыққа   тағлым   берген   жолын  шариат   дейді  және   одан   па 

болғандарды әдет және муғжиза дейді.

25


Ол адамның діліне жұмақ  мекені  жолы ашылып халықты имандылыққа 

шақыруға жарлық болмаса, онда ол кісіні уали дейді. Ондайлардан пайда 

болған әдетген тысқары амалдар, керемет  дейді.  Әр кісінің діліне, жұмақ 

мекенінің ашылуы міндетті шарт емес. Иманға шақыру үшін мүхр белгісі 

болуы шарт. Уалиде бұның болуы  шарт  емес. Әзіреті Пайғамбардан соң 

(С.Ә.У.) дүниеге Пайғамбар келмейтіндігін еске сақтағын.Бірақ білгенің 

жөн, әулиелер кереметінің куәландырғанын дүрыс орындағын. Уалиліктің 

әуелгі шарты қиыншылыққа төзе білуі болар. Бұл істе, өз ықтияр қалауына 

да  жол бар. Әрбір кісі дәнді шашқанымен емес, орғанымен оның өнім- 

дәнін қолына келтірер. Бірақ, әрбір атқарылатын іс ғазиз да, шарапатты да 

болар.  Оны   табудың   жолы,   орындалатын   шарттарының   қиындығы  да, 

мүшкілдігі   де  болар.  Сондықтан,   мәртебелі   уали   адамның   ақуалының 

кемелденуі, оның шарапаты  болар.  Бұл мәртебені қиыншылықсыз талап 

қылмақ және кәміл пірсіз қолға келмес. Уақыты жетіп бұл екі шарт жүзеге 

асса,   қашан   жаратушыға   тәубесін   айтпағанша,   және   Хақ   нұрлы  Алла 

тағала   ешуақытта   бұл   бақытты   ол  кісіге  үкім   қылмаса,   мұратына   жете 

алмас. Бәлкім, дүниеде көзге көрініп тұрған ілімде көсемдік дәрежесіне ие 

болуы ықтимал. Бұдан басқа жағымсыз пейіл қалауының бәрі әзәл өкіміне 

лайықты, яғни Алла әміріне байланысты.

Он 

   үшінші тарау

 

 

Діл құдіреттері

Адам заттың білім жолындағы шарапаты мен қасиетін таныдың. Енді 

ділдің құдіреті жағынан  да  пайда болатын  қасиеттер  бар екенін біл. Бұл 

қасиеттер де періштелік сезімталдыққа тән, ол өзге хайуанаттарда жоқ. Ол 

қасиеттер негізінен періштілер ғаламына мойын ұсынар. Олар Әзіреті Хақ 

Тағала талабы арқылы халыққа қажет болған уақытта, жаңбыр жауғызады. 

Көктем   кездерінде   жел   ескізіп,   жан-жануарларға  

 

ана   сипатты   қамқор 



болып, жер жүзіне нұр шашып, жайнаған жақсы суреттерді пайда қылар. 

Сол   бір  жаратылыстың   әрбір  түрлі  жынысына   топ-тобымен  періштелер 

қамқоршы болар. Діл – адамға тән періштелер гауһары жынысынан болар. 

Оның  да  өзіне   тән   құдіреті   бар.   Ғалам   жыныстарының   кейбіреуі   ділге 

тәуелді. Бұлардың ғаламы – өзіне тән ғалам.Әрбіреуі – өзінше дене. Дене – 

ділге бағынышты.

Діл сыртқы дененің ықтиярында емес екені мәлім жағдай. Ілім де, 

жігер   де,  қайрат   та   -  дене   ықтиярынан   тыс.   Діл  жарлық  бергенде   ғана 

басқалар, яғни саусақ, аяқ, қолдар әрекетке кіреді. Кей кезде ділде ашу 

ғазабы   пайда   болса   дене   тамырлары   бадырайып   кетер   және   бұны 

жаңбырға ұқсас деуге  болады.  Кей кезде шаһуат қүмарлығы көңілге жол 

тапса, зауық шабыты белгі беріп, қиял ғаламын сан- саққа жүгіртер. Кейде 

тағам   жемекті   қаласаң   тіл   астынан   су  пайда  болып,   аузыңнан   сілекей 

26


ағатын жағдайлар да пайда болады. Бұлардан шығатын қорытынды, ділдің 

денеге   жасайтын   ықпалы   айдан   анық   және   дене   ділге   мойын 

ұсынатындығын білеміз. Бірақ біліп алғаның артық болмас, кейбір ділдер 

болады: бірі – артығырак, болса, бірі – одан кемдеу болады. Періштелер 

жауһарына бірі – жуықтау болса, бірі – қашықтау болады. Бұл сипаттағы 

ділдерге,   оз   денелерінен   өзге   болмыстағы   нәрселер   де   мүдделі,   тәуелді 

деуге  болар.  Мәселен   олардың   айбаты   арыстан   мен   жолбарысқа   түссе, 

арыстан мен жолбарысқа жеңіліп тұтқында мүдделі болар. Егер адам жан-

ділін салып кеселдерге қараса, ауруы жазылар. Егер дені сауға ашу-ызамен 

қадалса, ауру болар. Егер алыстағыны жақын қыламын десе, көзді ашып- 

жұмғанша алдыңа келтірер. Егер жаңбыр жаудыруды кеңілі. қаласа, күнді 

жаудырар. Бұл сияқты істерді орындау, тәжірибе іс-жүзінде белгілі. Көз 

тимек пен сиқырлық жасауда осыған ұқсас нәпсіқорлық пен әуесқорлық, 

шаһуат құмарлығының да денеге ықпалы бар. Сондықтан біpey қастықпен 

жануарға   немесе   адамға   таңдана   қараса   өліп   кетуі   немесе   нашарлауы 

ықтимал.   Осындай   жағдайға   байланысты   бір  хабарда  «Көз  тимек  — 

адамды қабірге кіргізер, түйені қазанға түсірер» депті. Міне, бұл да ділдің 

ғажайьп құдіреттерінің бірі. Бұл сияқты қасиеттер, егер халықты иманға 

шақыратын   адамнан  болса,  бұны   мұғжиза   дейді.   Ол   кісіні   Пайғамбар 

дейді.  Ал  егер иманға шақырмай қайырымдылық үшін істегендерді уали 

дейді.

    Ал егер, жаман істер үшін бұл сипаттағы ғажайыпта| пайда болса, оны 



сиқыр   дейді.   Сонымен   сиқыр  да,  керемет  те,  мұғжиза  да  адами   ділдің 

қасиеттері тобынан. Бұлардың арасындағы айырмашылық парықтары өте 

көп. Бұл * оны талдап, тәмәмдау мүмкін емес.

Он 

   төртінші 

 

 тарау

 

 

Ділдің шарапаттары мен қасиеттері

Адамдар  бұл   сияқты   мағыналарды   білмеген   екен.   Ақиқаттың   мөрі 

мен   ұлықтығынан   ешқандай  хабары  болмапты.   Дауыссыз   есіту, 

Пайғамбарлық  мөр,  нұбибат   және   уалилік   —   діл   ғаламының   дәреже 

шарапатынан   дедік.   Бұл   мағынаның   мәнінде   үш   қасиет   бар:   бірі   —  не 

нәрсені   де   жалпы   халық   түсінде   көрер,   Пайғамбар   мен   уали   оны   ояу 

кезінде де көре алар; екіншісі – жалпы халықтың ділі, өз денесіне ғана 

әсер  қылар.   Ал   Пайғамбарлар   мен   уалилер  басқалардың   денесіне  әсер 

қылар; үшіншісі – жалпы халық оқумен, үйренумен ілім-білімге ие болар. 

Ал   олардың   қасиеті  кісіден   үйренбейді.   Хақ   тағала   олардың   ішкі   жан-

дүниесін  кемелдендіріп  білдіріп қояр.  Зерек  те  таза  ділді  болғандықтан 

көптеген ілімдерді үйренбей-ақ біліп алар. Бұл сипаттағы ілімдерді іліми 

Ладуный дейді, яғни Аллалык, ілім дейді.Сондықтан  да  Хақ тағала Қахф 

27


сүресінің   65-аятында:   «Біз    Пайғамбарға  Алла  ілімінің   бағзыларын 

білдірдік» депті.

Осы   үш   қасиет   бар   кісі   –   Алланың   Пайғамбары,  не  әулиелер 

қатарында  болар.  Егер   бұл   үш   дәреженің   бірі   ғана   болса,соншалықты 

айырмашылығы  да болар.  Хазіреті расулі (С.Ә.У.) кемелі  мен  шарапаты 

осы   үш   дәрежеге   де   ие   еді.   Хақ   тағаланың   қалауымен   жалпы   халыққа 

әнхазірет  алайхи  салламның  мөр  нүбибаты   барын  білдірген.   Пайғамбар 

алайхи салламның айтқандарын  істеумен мәңгі бақилық бақытқа  қолың 

жетер.

Міне үш қасиетті  Алла  тағала адам баласына сый  еткен. Сондықтан 



түс   көрмек   бір   қасиет,   ақыл-парасатты  *  беріпті.  Екіншісі,   ілім   алуды 

табандылықпен үйрену ақиқаты, ушінші қасиет болар. Адамдарға өз нәсіл 

затында * нәрселерді куәландыру мүмкін емес. Әрбір нәрсе діл * арқылы 

суретінен көрмесе оны анық, айқын біле [алмайды]. Осы  себептерден де 

Әзіреті Хақ нұрлы Алланың   ақиқатын  өзінен өзге ешкім де біле алмас. 

Бұның жолы есепсіз көп. «Маонийн Асмоұллах» [Алла Тағаланың көркем 

есімдерінің мағыналары]  бұны жан-жақты анықтап баяндап бердім. Айта 

кетейін дегенім, әулие- әнбиелерде бұл уш қасиеттен басқада қасиеттер 

болуы   мүмкін,   бірақ   оны   біздер   білмейміз.   Бір   анығы   ондай   қасиеттер 

біздің жаратылысымызда түп орнымен жоқ деуге болады. Сондықтан  да 

нұрлы  Хақ  тағала   сырын  езінен  өзге  ешкім  де  біле  алмас.  Бұған  ұқсас 

әнбиелердің   қадір-қасиет   шарапаттарын,   әнбиелердің   өздері   білер, 

біздердің   іліміміздің   шама-шарқы,   әнбиелердің   қадір-қасиетін   игеріп 

қамтып   ала  алмас.  Сондықтанда   нұрлы   Хақ   тағала   біздерге   ұйқыны 

беріпті. Біреу бізге ұйқы жайлы әңгімелеп бер десе, ұйқы деп соны айтуға 

болады – егер кісі өзінен хабарсыз болып, барлық іс-әрекеттен қол үзіп, 

есіту, сөйлеу, көру, ұялу қасиегтерінен айырылса. Егер ояу болса көреді, 

есітеді және басқа  да  нәрселермен шұғылданып, олардың қадір-қасиетін 

білер еді. Бұл әңгімелерге біздер онша мән бермейміз. Сондықтан да Хақ 

тағала   Құрандағы   Жүніс   сүресінің   39-аятында:   «Олар   Құран   іліміндегі 

аяттардың мән-мағынасын білмей тұрып, жалған айтады» депті. Ал Ахкоф 

сүресінің 2-аятында: «Олар өздері тура жолды таба алмай, бұл ескі үлгі – 

ескі   қалып   дейді»   деп   мәлімдепті.   Бұл   сияқты   таңданарлық   қасиеттер 

әулиелер мен әнбиелерде ғана болар. Ол сипаттардың ерен қасиеттерімен 

ләззаттануға  болады.  Ал   басқаларда   бұл   сияқты   сипаттар   бола   бермес, 

ондай ләззаттардан құры алақан болар.



Он 

   бесінші тарау

 

 

Көзге аян ілім, сопылық жолының перделері

Жоғарыдағы   айтылған   тараулардан   діл   ғаламының   шарапаттары 

мағлұм   болды.   Сопылық   жолынан  да  хабардар   болдың.   Енді   бұларды 

28


білгеннен   соң,   сырт   көзге   аян   беріп,   Тасаууф   жолындағы   (сопылық) 

перделерін аңғарған соң – хабарың болсын, көзге анық аян ілім – сопылық 

жолының пердесі дер. Бұл сөзге таңданбағын, бұл сөз ақиқат шындық. Бұл 

құрметпен   сезім   жолы   арқылы   шұғылданып   тереңге   шомсаң,   әлбетте, 

перделерді   көресін.   Ақиқатына   келсек,   діл   мысалы,   су-қойма   һәуізге 

ұқсар, оның қалауы бес сезім  сияқты  бес  арыққа ұқсар. Бұл арықтармен 

һәуіз сияқты көңілге  де су  кірер. Егер көңіл қалап һәуіз түбінен  таза су 

шықсын десең, оның жолы һәуізге кіретұғын арықтарды бекем байлағын. 

Оның  ішіндегі  суды  шығарып   тастағанда,   түбін  терең  кеулесең  таза  су 

шығар.   Дәл   осыған   ұқсас   көзге   аян  ілімдер   діл   айнасының   талабы 

бойынша  бес   сезім  колымен  пайда   болар.   Мұнымен   шұғылданбаса,   діл 

тереңінен ілім бұлағының шығуы мүмкін емес. Сондықтан діл айнасының 

қалау   талабына   сай,   оның   жолы   мәлім   болатын   деректерден  хабардар 

болып,   һәуіз-ділдің   түбін   қиыншылық     кетпенімен   қазған   жағдайда, 

әлбетте,  таза  білім   бұлағының   көзі   ашылып,   айнасы   жақыннан   болар. 

Сонымен  көзге   аян   ілім   жолының   перделенуінің   себебі   сол   екен, 

уақытында   кісі   ақылы,   орындалатын   жол-жорық   және   жұртшылықтың 

көзқарас   әдет-ғұрпын   толық   білсе,   оны   басшылыққа   алса,   одан   үлкен, 

басқа   ілім   жоқ.   Егер   көңілге   ақиқат   жағынан   көктем   гүлдерінің   иісі 

сезілсе, бұл мен білген ілімдерге кереғар деп айтар едім. Бұл сияқты істер 

негізсіз. Сонымен бұл сияқтыларға ақиқат әр уақытта мәлім  бола  бермес 

және орындалуы шарт ақыл, сүннәт және  жамағаттың қалыптасқан әдет-

ғұрып   аңыздарға   негізделген.   Соқыр   сезімдер,  жалпылап   айтқанда, 

халықтық ақиқат қалыбында болып көрініс табар. Бірак, ол шын мәніндегі 

ақиқат емес және  білім деген  сол болар, ақиқат сол бір қалыптан  бойын 

тіктер. Сондықтанда ол сыртқы қабықтың ішіндегі маңызы сияқты.



Он 

   алтыншы тарау

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет