Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата19.01.2017
өлшемі424,89 Kb.
#2252
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҮШІНШІ БӨЛІМ

«ЕЙ, ПЕРЗЕНТІМ...»

Тағы бір айтатын мәселе, Алланың  жақсылық,  мархаббаты мол, мейірім-

шапағаты өлшеусіз ден  халықтыадастырып қоймағын!

Жүз  жыл білім үйреніп, мың кітапты оқып  шықсаң да ондағы 

айтылғандарды іске асырмасаң  Алланың  мейірім-шапағатынан

үміт етуге хақың  жоқ. 

Өлгеннен соң халім мүшкіл болмасын  десең,  бүгін ойлан!

63


Бірінші тарау

Ілім және оны іске қосу 

(Тараудың алғы сөзі)

Ей,  перзент,   сақ   болғын,   Расулилланың   үмбеттеріне   айтқан 

ақылдарының бірінде: «Алла тағала пендесін өз кеңдігінен жырақ ұстауының 

себебі — ол пенденің ақыретте пайда бермейтін істермен шұғылдануынан 

болар. Ол кісі өмірінің титімдей болса  да  бір сәтін босқа өткізсе, соның өзі 

қиямет күні өкінішті жай. Бір адамныц өмірі қырық жастан өтсе, жақсы істері 

жаманынан   артық   болмаса,   бұл  кісі   де  жаһәнға   дайындық   жасай   берсін» 

депті. Осы бір хадисте ақыл ілімін қастерлейтін ұлық ғибрат бар. Ей, перзент, 

насихат айтпақ оңай. Алайда оны қабыл ету қиын екен. Кейде насихат айту 

кеңіл талабына сай келгенмен істі атқарушы кісінің табиғатына сай келмеуі 

ықтимал. Оның себебі, шариғатта жаратпай тасталған нәрселер. Сол бір сәтте 

ол кісінің көңіліне мақұл келіп, оны қолынан шығарып тастағысы келмейді. 

Ақиқатында, сондай кісілерге каләм, шарип басқа да қисынды ойлау ілімінің 

талабынан тыс айналып, заң ілімімен керегінен артық шұғылданып, көңілі 

қалаған дүние істеріне ес-түсі бүтіндей ауып кетеді. Бұларға да насихат айту 

өте ауырға айналады. Өйткені олар: «Бұл жеке іліміміз Алланы разы қылуға 

және жаһаннамнан құтылуға пайдасы болар» деген күмәнді пайымдауларға 

берілгендер. Және ілім болғанымен де іске қажеті жоқ деген ұғымға  сай  іс 

істейтіндерден. Осы сияқтылардың өзімен ғана қанағаттанып, істерін істеп 

жүргендер баршылық. Мұндай кісілер шариғатты құрметтеген болып, олар 

ілімі   бола   тұрып   амалға   аспаса  да  бұл   сияқты   жайттан   пайда   жоқтығын 

білмейтіндерден.   Қабыл   етіп,   оқып   үйреніп,   оны   іске   асырмай   тастаған 

адамдардың қиямет күніндегі азабы екі есе артық болар. Расулилла (С.Э.У.): 

«Оқыған   ілімі   пайда   бермеген   ғалымның   қияметтегі   азабы   қатты  болар» 

депті.  Айтылып келе жатқан дерекке қарағанда, Жүнайт Бағдади дүниеден 

өткен соң, бір кісі түсінде ол бір қасиетті ғазизден сұраған екен: «Ей, Абул 

Қасым халіңіз қалай?» деп. Сонда ол: «Оқылған ілімдер бекер болды. «Оны 

істе, бұны ісгемеге» ұқсаған нәрселер жоқ  болды. Тек  түнде тұрып оқыған 

намаздар ғана пайдаға қалды» депті.

                                  Ей, перзент ісіңде амалсыз болма,

Сопылардың сөзінен хабарсыз болма.

Іске   асырылмаған   ілім   ешқашан   пайда   бермейді.   Мәселен,   бір   кісі   шөлде 

жалғыз қалды делік. Оның он бірдей үнді қылышы және басқа да құралдары 

бар болсын, өзі де мықтылардан бола қойсын. Кенеттен бір жолбарыс оған 

қарсы шабуылға шықса, сол құралдарының өзі апаттан сақтай ала ма? Жоқ 

64


әлбетте, оны өз қолымен қайратын іске қосқанда ғана, апатган аман сақтап 

қалады.


Құрылысшы бір кісі жүз мың мәселені оқып-үйреніп, оны басқаларға 

үйретсе, ал өзі оны біле тұрып амал қылмаса, іске асырмаса, мұнда өзіне 

келетін не пайда бар? Айтайық, бір адамның ыстығы асып, запыранды дертке 

жолықса   оның   емі   —   „Сканжабин”   —   запыран   айдайтын   дәрі   болар. 

Кеселденген   сол   дәріні   тауып   ішіп,  іске   асырмаса  оның   ақуалы   дұрыс 

болмас.


Екі мың қадақ шарапты шөлмекке өлшеп құйсаң да,

                      Mac болмайсың ішпесең, жан-жағыңа қойсаң да.

Мысалы: Жүз жыл ілім үйреніп, мың кітапты оқып шықсаң  да,  ондағы 

айтылғандарды   іске   асырмасаң   Алланың   мейірім-шапағатынан   үміт   етуге 

хақың жоқ. Бұл сияқтыларды Алла тағала Құран Көрімде: «Адам әр уақытта 

істеген   істерінің   нәтижесінде   пайда   көрер.   Кімде-кімнің  Алла  тағаланың 

жамалын   көруден   үміті   болса,   жақсы   істерді   істесін.   Уақытында   істеген 

жақсы   істері   —   өзіне   жақсы   сый,   жаман   істері   өзіне   жаман   жаза   болып 

қайтады. Көптеген кісілер иман келтіріп, тура, таза жолменен жүрер. Оларға 

жаратқан ие Фирдауси жұмағын мекен етер» депті.

Ей, перзент,  бұл хадиске  не  дейсің?  Ислам бес  амалмен жүзеге шығып 

іске   асады:  біріншісі   –  Құданың   жеке  даралығы,   Мұхамедтің 

Пайғамбарлығына сену иман келтіру; Екіншісі – бес уақыт намазды орындау; 

үшіншісі   - зекет  беру;  төртіншісі  –  рамазан  айында ораза тұту;  бесіншісі – 

шамасы келсе адам өмірінде бір рет қажылыққа зиярат ету.

Осы   бес   амалдың   алғашқысы   иман   жөнінде.   Иман   –   Пайғамбардың 

айтып кеткен үкімдерін тілмен  айтып,  ділмен тастықтап, жан-тәніңмен оны 

амалға   асыруыңда.   Керекті,   пайдалы   амалдар   үшін   есепсіз   амалдар   көп. 

Бірақ,   пендесі   жалғыз  Алла  тағалаға   тағат   ғибадат   қылады.   Сонда   ғана 

жаратқанның жарылқауымен жұмақтан жай алуға қолы жетеді. Өйткені, тек 

ізгі істерді істеумен ғана Алланың мейір-шапағатына лайықты болар. Егер 

сұрау  беріп: «Жалғыз  иманмен кісі жұмаққа  бара  алады  ма?» десе:  «Бара 

алады» дейміз. Бірақ иманмен жұмаққа жеткенше пенденің алдында көптеген 

тар  жол,   тайғақ   кешулі   асулар  бар.  Осы   асуларды   асып   өтпей   жұмаққа 

жетудің мүмкіндігі жоқ, ол асулардың ең әуелгі және қатерлісі «Иман тауы» 

болар.  Әр  пенде  өмірінде   иманын   шайтанның   қармағынан   сау-саламат 

жеткізе ала ма, жоқ па — әңгіменің бар түйіні осында  жатыр. Осы қиын 

істердің үдесінен шығуға күші жеткенде ғана,   жалғыз иман мен жұмақтан 

жай   алуы   ықтимал.   Қасан   Басири   Рахматтула   Әлейһи:   «Ертеңгі   қиямет 

күніңде   Алла   тағала   пенделеріне,  ей,  пенделерім  тек  менің   рахым 

шапағатыммен   жұмаққа   кіріңдер   де   істеген   істеріңе   жараса,   үлестеріңді 

алыңдыр»   деп   жазыпты.   Сол   айтылғандай   жақсы   істері   жоқ   адамдар, 

65


жаратушы   Алланың   беретін   үлестерінен   құры   алақан   қалады   екен.  Ей, 

перзент, ықтият бол, амал қылмасаң

 

cayaп таппайсың!



Х И К А Я Т  Бани Исраиыл халқынан бір кісі жетпіс жыл Құдайға тағат-

ғибадат етеді. Құдай бұл кісінің ақуалын періштелерге білдіруді жөн керіп, 

бір   періштені   оның   құзырына   жолдайды  да:  «Барып   айтқын   сонша 

ғибадатымен   ол   пенде   менің   жарылқауыма   лайық   емес   дегін»   дейді. 

Алланың   бұл   сөзін   қалт   жібермей,   ол   пендеге   жеткізеді.  Сонда  ол   пенде 

жауап береді: «Біз ғибадат үшін жаратылдық, ғибадат ету біздерге міндет» 

депті. Періште Алланың құзырына қайтып келіп:  «Я Алла  ол пенденің  не 

дегені өзің аян" деді.

Сонда   Алла  айтыпты:   «Ол   пендем   маған   ғибадат   етуден   бетін 

қайтармады.   Енді,   мен  де   оны  жарылқаудан  жүз   үйірмегенім   болсын.  Ей, 

періштелерім, куә болыңдар мен оны марапаттап жарылқадым» депті. Міне, 

көрдің, бұл кісі тек ғибадатпен Алланың ризалығына лайықты болыпты.



Х А Д И С .   Мұхаммед  (С.Ә.У.)   айтқан   екен:   «Қияметтің   сұрауларынан 

бұрын,   өзіңе-өзің   есеп   беріп   тұрғын.  Алла  қиямет   таразысына   тартуға 

қоймастан   бұрын,   өз   істеген   іс-   амалдарыңыздың   салмағын   өлшеп 

жүріңіздер» деп.

Али   Карамулла   құрмет   иесі   айтыпты:   «Кімде-кім   бір   жақсы   амалға 

әрекет   қылмастан,   жұмаққа   кіремін   деп   үміт   қылса,   ол   жақсы   кәсіпсіз 

Алладан тілеушілер қатарында (яғни бір кәсіпті үйренбестен алдын, білгір 

кәсіпкерлердің ісін атқарамын дейтіндерден). Өз әлін білмей өзге жақсы іс 

істегендермен бірге жұмақтан жәй аламын дегендер де өзін қиыншылыққа 

қалдырар».   Қасан   Басри   Рахматулла:   «Амалсыз,   яғни   жақсы   істеріңсіз 

жұмақты талап етпек — күнәһарлық» депті. Және бір сөзінде: «Амалға сеніп, 

оған сүйеніп те қалма. Амалды жоққа шығарып одан жүз үйіруші де болма, 

тек  сонда ғана, жұмақтан орын алуға лайықты боларсың»  депті. Мұхаммед 

Әлейһисалам   айтқан   екен:   «Ақылды  кісі   деп  соны   айтамыз.   Егер,   оның 

ақылы нәпсісінен басым келсе және өлгеннен кейін тірілуді біліп, жақсы істің 

амалдарын іске асырар. Ал ақымақ кісі, сол кісі болар, нәпсінің қалауына 

ілесіп   және   жаратқанның   жарылқауынан   үміттенетін   жандар»  деп.   Ей, 

перзент, ықтият бол, түнімен кітап оқып, ұйқыңды арам қылдың. Мұндағы 

мақсат не? Егер ниетің – дүниелік абырой-атақ алу, мүлік жинау, я бұл фәни 

дүниеде   бірден-бір   мансап   –   лауазымға   ие  болу,  немесе   жақындарың   мен 

теңдестеріңнің арасында мақтану болса, онда шама-шарқыңа болайын! Егер 

мақсатың   –   Рәсулилла   шариаттарын   тірілдірмек   немесе   мінез-құлқыңды 

тазаламақ,   пәктеу   арқылы   жамандыққа   бұйырушы   нәпсінің   мойнын 

сындырмақ болса, онда саған екі дүниеде де ғазиз бақыт орнасын! Ақындар 

айтқан екен:

Көзім хақтан басқаны ойлап, ұйықтамауы бекер дүр,

                     Көзім хақтан басқаны іздеп, жылауы да қате дүр.

66


Жыламақ,  тек Алла  үшін ғана болмағы шарт.  Ей,  перзент, Алланың әмірімен 

бұл дүниеге қанша қаласаң, сонша жасағын, бәрібір адал ақиқаты сол, сен оны бір 

күні тастап кетесің. Өлгеннен соң халім мүшкіл болмасын десең, бүгін ойлан! 

Нені қаласаң соны өзіңе дос тұт! Бірақ, бәрібір одан ажырасасың.  Не  істі амал 

қылсаң, қалауың да, істеген ісіңе қарай тағдырың да - солай болар. Жақсы амал – 

жақсы   ісіңе   жақсы   үкім,  жаман  ісің   –   жаман   үкім.  Ей,   перзент,  қисын   және 

қарама-қайшылық   жайлы   ілімдердің   саған   пайдасы   шамалы.   Ақіретте   пайда 

бермейтін бұл сияқты дүниелік ілімдермен шұғылданып,  Алла  алдында күнәһар 

болып өміріңді зая өткізесің.

Ұлық иесі Алланың құрметімен Иса Әлейһи саламнан түскен Інжілден көрдім. 

Мүрдені   жаназа   уақытынан   қабір   басына   жеткізгенше  Алла  одан   өзінің 

ұлылығымен қырық сұрау береді екен. Алғашқы сауалы: «Ей,  пендем, сен неше 

жыл  бойы  пенделердің   көзі  түсетін  жерлеріңді  тазалап,  пәктеп  жүрдің  ғой,   ал 

менің назарым түсетін жерлерді  неге  бірде-бір рет  таза  сақтап жүрмедің! Мен 

болсам ол жағдайдан үміт етіп күн сайын саған қарайлаудамын. Ей, пендем, адам 

киіміне оранып алып, менен басқаларға  не  істеп,  не  істемедің, халің бұл екен, 

менен басқаның ықпалынан пайдаланып, бір сәт  те  болса, демалудың өзі саған 

лайық емес еді. Сөйле, жоқ әлде сөзді естімейтін саңыраумысың?!» дейді екен.

Ей, перзент, сақ болғын, іске аспайтын амалсыз ілім - делбеліктен басқа ештеңе 

де   емес.   Бірақ,   ілімсіз  амал   да  ешқандай  пайда  келтірмейді.   Соны   білгін   де 

есіңнен шығарма. Әр қандай ілім болса да бүл дүниеде күнәдан аулақтатып тағат-

ғибадатқа ықпал етпесе, ондай ілім қиямет күні сені жаһаннамнан қайтара алмас. 

Бұндай ілімнен сақтан!

Егер сен бүгінге дейін және бұдан кейін де істеген істеріңе амал қылып өткізген 

және өткізбеген күндеріңді есіңе келтіріп, есепке алмасаң қиямет күні әрқашанда: 

«Біздерді фәни дүниеге қайтар, енді туралыққа негізделген жақсы жолды амал 

қыламыз» дегеніңде, саған: «Ей, ақымақ, өзің ғой сол бір дүниеден келген және не 

дейсің?» деп жауап береді.

Ей,   перзент,  рухыңа   құрмет   қыл,   нәпсіңе   сынықтықты   қарсы   қоя   біл.   Тән 

үкіміне өктемдік етіп өлтіре біл. Рух деген ұлық нәрсе, ол кілең жақсы амалдарды 

қалайды. Соны білгін де жақсы іс, жақсы амалдарды істе. Нәпсің бұйырған істерді 

істесең, ақыры бір күні жеңілерсің - нәпсіңді тый, оны сындыра  біл. Тәніңнің 

талабына ерік берсең, ол семіріп кетеді де ғибадат ету мәселесі қиындай түседі. 

Сондықтан   әрі   тәніңді   бағындырып   (арықтатып)   ғибадат   етуте   жеңіл   болғын. 

Түптеп   келгенде,   баратын   жерің   -   қабір,   Ол   қабір   қай   күні,   қай   сағатга 

баратыныңды   күтіп   тұрады.   Сен   болсаң,   олар   алдын   сауығасыз,   яғни   жақсы 

ғибадатсыз барудан сақтанғын. Сенен қабірде ренжімесін.

Абу Бәкір Сыддық разияалла анху: «Бұл дене – құстардың қапасы және жабайы 

хайуандарды   қамайтын   ағылқана.   Ал   сен   ойлан,   осы   екеуінің   қайсысына 

лайықтысың. Егер жоғарыда аспандап үшатын құстар қатарынан болсаң, яғни ізгі 

ниетті   ғибадатты   кісілер   тобынан   болсаң,   Алла   тарабынан   келетін  «Ей,  пәк, 

жаратылған» деген хабарды есітіп, жоғарыға қарай ұшқайсың. Сен жұмақтың ұлы 

дәрежелі жайларын құшарсың!»

67


        Бір   себеп   болып   Расулилла   саллаллаху   Әлейһи   уассалам  айтқан   екен: 

«Неліктен  Сайд  ибн   Муаз   ғаламнан   өткен   күні   Алланың   ғаршысына   келелді? 

Әйтеуір,   оның   иәк   тәнінен   шыққан   пәк   рухы   ғарыш   Аллаға   көтерілген   еді. 

Алайда, Алланың өзі сақтасын. Бұл жағдай екінші тайпадағыларға нәсіп болмады. 

Өйткені,   Алланың   өзі  хабар  беріп:   «Бүл   имансыздар   хайуандар   сияқты,   тіпті, 

хайуандардан да артық адасқандарданды» депті. Бұл халде оларға, дүниеден тура 

жаһаннамға   барып   түсуден   басқа   жол   қалмаған   еді.   Айтылған   деректерге 

қарағанда: «Хасан Басриға мұздай су берген екен. Ол кесені қолына алысымен 

есінен айырылады да кесе жерге түседі. Есін қайта жиғанда: «Сізге не болды, уа, 

Абу Сайд?» деп сұрады. Сонда  ол жауап беріп: «Ертеңгі қиямет күнге тозақтың 

дәйімі тілегені — арыз-наласы.  Ей,  жұмақ жайы, бізге мұздай су беріңіздер деп 

жалынғаны есіме түсті де есімнен танып қалыппын» депті. Ей, перзент, сен біліп 

алғын, егер іс-амалсыз ілімнің өзі ғана пайда қылатын болса, Алла тағала» менен 

сұраушы, мағрипат талап қылушы, тәубе қылушы бар ма деп сұрамаған болар 

еді».

Екінші тарау

Ғибадат

Аңызнама  Бір   жамағат   сахабалар   Расуллидың   қатысуымен  Абдулла  ибн 

Омарды   естеріне   алды.   Сонда   Расулла   айтқан   екен:  «Абдулла,  әлбетте   жақсы 

кісіден егер, түнімен намаз оқымаса ондай кісі мадақтауға жатпас еді». Расуилла 

(с.а.у.) сахабаларының біріне айтқан екен: «Ей, пәленше, көп ұйықтама. Алла көп 

ұйықтайтындарды қиямет күнінде кедейлендіреді» деді.

Ей, перзент, түнде нәпіл намаздарды оқу - Алла тағаланың өзі бұйырған дәстүр. 

Алла  таң сәріде тұрып оқыса, мағрипат талап етушісі момындарды мадақтайды. 

Бұл жөніндегі аяттар біздерге терең түсінуді талап етеді.

«Таңертең тұрып ғибадат қылу, Алланың талап еткен сөзі  Мухаммед  (С.Ә.У.) 

Алла тағала үш дауысты дос тұтады» депті.



Біріншісі – сәр уақытта шақыратын қораздың дауысы, ол адамдарды намазға 

оятады;  екіншісі  – Құран тіләуәт қылған кісінің даусы,  үшіншісі  – сәр  уақытта 

Алладан мағрипат ілім-білім тілейтіндердің дауысы. Суфиани Саури

 

Рахматуллах 



айтыпты: «Құдай тағала бір самал-желді жаратыпты.  Ол  сондай самал  екен, сәр 

уақытта дүниені кезіп есетін және түрлі дуаларды, жақсы сөздерді, ұлық падиша 

Құдай   тағаланың   құзырына   көтеріп   жеткізеді»,   Әуелі,   ақшамда   күн   батқанша 

ғарыш астынан хабар беріп жақтан дауыстап: «Ей, ақылды момын, тұр орныңнан, 

уақыт

 

жетті» дейді. Момындар тұрып қалауынша  намаз  оқиды және  бір  дауыс 



болады:  «Ей,  Құдайдан қорқушы  момындар,  тұрмайсыңдар ма?» деген. Алладан 

қорқушы пенделер тұрып,  сәр  уақыт біткенше  намаз  оқумен шұғылданады. Күн 

шыққан   кейін  хабар  беруші:  «Ей,  өкініште-   қалған  пенделер,  орындарыңнан 

тұрмайсыңдар   ма?»   дегенде,   олар   дәл   қабірде   жатқан   өліктердей   төсектерінен 

қозғалады.

68


Әрбір   момын   мұсылман  сәр  уақытында   ұйықтап   ғапыл   қалушылар   тобында 

қалудан сақтанғаны абзал. Лұхман һәкім балаларына насихат етіп айтқан  екен. 

«Ей,  ұлдарым, ерте тұруда сенен қораз пысық болмасын,  сәр  уақытында қораз 

шақырғанда  сен  ұйқыда боласың». Жұхет ақынның нәзік бір өлеңі еске түседі: 

«Бір ағаштың басына қонған кептер әуезі пәс болса  да  түнімен зікір айтып, ән 

салып   шығады.   Ал   біз   болсақ,   түнімен   ұйықтаймыз.   Аллаға   айтарым,   мен 

жалғаншы болдым. Егер шынымен ғашық болғанымда, Аллаға ғашықтығыммен 

жылағанымда,   хайуандар   мені   тауда   қалдырмас   еді,   Бұл   халмен   жыламасам, 

хайуандар  басын төмен салмайды. Мен болмысыз өзімді, Алланың ғашығы деп 

күмән қыламын. Әрбір өкініште қалған адам осыған келісетін болсын» депті. Бұл 

тарауда әуелі хайуандар айтқан пікірден ғибрат алуды жөн көрдім.

Үшінші тарау

Ғибадаттың мұрат-мақсаты

Ей, перзент, ілім алудың басты мұраты – тағат-ғибадаттың түпкі мақсатына 

жетуі болар. Біліп алғын, тағат-ғибадат жақсы және жаман, әдемі, сұлу  да  және 

көріксіз де, адал және арам істер де, сөз бен нақты іс амал да шариғатқа араласуда 

көрініс табады. Әрдайым сөйлегеніңді істегенің, сөйлемегеніңді істемеуің, бәрі де 

шариғатқа сай келетін  болсын.  Егер шариғатқа сай емес деп табылған істі істеу, 

күнә   деп   саналады.   Айт   немесе   қатерлі  операция  күндерінде   ораза   тұттың,  я 

біреуге күш көрсетіп тартып алған киіміңме намаз оқыдың. Бұлар сырт қарағанда 

ғибадатқа   ұқсаса  да  шариғатқа   сай   келмегендіктен,   бәрібір   күнәһар   қатарында 

боласың.  Ей,  перзент, айтар сөзің де, пейіл құның  да  шариатқа теріс келмесін! 

Өйткені,   шариатқа   сай   келмейтін   ілім   де,   іс   амалың  да  адамды  тура  жолдан 

жаңылыстырушы   болар.   Надан   сопылардың   шариаттан   тыс   айтқан   сездеріне 

алаңдамағайсың, сен солардың суретіне емес, iсі мен жүріс- тұрысына бақ. Нағыз 

сопылық махамы ғибадатқа түгелдей берілмек. Нәпсілік шаһуат талабын қырқуы 

шарт.   Нәпсіге   бейімделіп   тұрғанды   ар-ұят   семсерімен   шабу   арқылы   жүзеге 

асырар.   Кейбір   жүзеге   асыратын   істер   жасырын   қупия   атқарылар.   Бірақ  та 

шариатқа қарсы сөйлеу, нағыз шариғатқа жанаспайтын істерді істеп, бейсеубет 

сөздерді ауызга алмақ сопылыққа жатпайды.  Ей, перзент,  бұл тіл жақсы, жаман 

сөздерді   сөйлеуші   және   бұл   жағдай   шаһуат   ғапілетімен   толысқан   жағдайда, 

бақытсыздық ғаламаты алыс емес екенін біліп алғын. Қашан сен нағыз ғибадатқа 

бел байлап, осы нәпсілік кеселдерін жеңіп өлтірмесең, жалпы жағдайың, болмыс 

қалыбың, мағрипат нұрына малына алмас!



Төртінші тарау

Бағзы бір парыз мәселелері

69


Ей,   перзент,  жазған   хатыңда   кейбір   мәселелерді   сұрапсың.   Бірақ   оларды 

жазып,  не  айтумен түгел сипаттап  беруге  болмайды. Оның мән-мағынасы  мен 

жай-жапсарына   қанығып   ілесе   алмасаң,   көбі   көңіліңе   аян  болмайды.  Өйткені, 

сенің   сұраған   ілімің   рухани   шабытқа   байланысты,   көркем-   өнер,   сұлулық, 

әдемілікке әуестеніп, қызығу ілімі. Оны «Зауық ілімі» кейде оны (іліми хал) деп 

те  атайды.   Айтып   өткеніміздей,   ол   ілімге   тиісті   ілімдерді   сөзбен   жан-жақты 

сипаттап айтуға мумкіндік жоқ. Өйткені, бұл ащы,  не  шырын тағамның дәмін 

татып көргенде ғана сезіп білінетін жағдай іспетті. Хикаяда айтылған екен: «Бір 

кісі өзінің тәуір керетін досына жьшыс қатынасының ләззаты қандай болады» деп 

хат жазғанда, досы: «Ей, пәленше, мен сені тек жынды деп есептеп жүрсем, енді 

білдім, сен жынды-ақымак, екенсің» деп түңіле жауап жазыпты. Құрылысшының 

қалау,   сезім-ләззатына   терең   тусініп   ілесе   алған   жағдайда   ғана,   бұл   ілімге 

қызығып   тереңіне   бойлап   қадірін   білерсің,  ал   тек  айтып   жазғанмен   ешқандай 

нәтижеге жете алмайсың. Ей, перзент, сұраған бағзы мәселелерін «Эһя ул - улым» 

атты   кітабымда   талданып   айтылса  да  төменде   қысқаша   тоқталып   өтемін.  Ей, 

перзент,  шариғатқа тән амалдың  алғашқы сагысы  сабыр-ықтиятың берік болсын! 

Оны әрдайым, басқа көлденең кесірлерден сақтай біл.  Екіншісі –  тәубеге келген 

соң, қайтадан күнә істерді ісгеме.  Үшіншсі  –  сенен Хақ тағала талап еткендерді 

түгел орында, бойыңда біреудің ақысы қалмасын.

  Алланың әмірлерін орындауға жететін, саған ақіретте пайда беретін ілімді 

бойыңа   сіңіріп,   жинақтауың   керек.   Осы   бір   мөлшерден   артық   білім   алу   саған 

міндет емес.  

ХИКАЯ. Шибли Рахматуллах Әлейһи айтқан екен: «Төрт жүз пірі мұраттарына 

қызмет етіп, төрт мың хадисті оқып тусіндім. Бірақ сол төрт мыңнан, тек біреуін 

бекем ұстап, сол хадисті пайдаға асырдым. Басқасына көңіл аудармадым. Басқаша 

айтқанда,   терең   және   жан-жақты   пікір   ойлап   сенімді   болдым,   жаһаннамнан 

құтылуды  ойлап,  осы хадиске сүйеніп ілім үйрендім. Өйткені, сол бір хадистің 

өзі, қажетті ілімнің жиынтығы екен. Сондықтан, сол хадисті пайдаландым» депті.



Хадис.  Расулла саллалаху Әлейһи уассалам кейбір сахабаларына айтқан екен: 

«Бұл   дуниеде   қанша   уақыт   тұруыңа   қарап   іс   қылғын.   Алайда   артық   істермен 

шұғылданып, өміріңді босқа өткізбе. Ақіретте қанша уақыт тұратыныңды ойлан 

(мәңгілін   ескертіп   отыр).   Аллаға   өлшеусіз   мұқтаждығыңды   және   жаһаннам 

жалынына қаншалықты шыдай алатыныңа қарап  іс  істегін».  Бұл  хадисті терең 

аңғарып   мойындағын.   Жаһаннам   алаңында  сен  тағат   қыла   алмассың   және 

қажетгіліктің   күнәкәрліктен   айырмашылығы   болар.  Ей,   перзент,   осы  хадистің 

маңызына   түсініп,   оны   амалға   асырып   іс   істесең,   есепсіз  ілімдерді  оқып-

үйренудің қажеті де болмайды. Шақиқи Балқиямен сұхбаттас болғандардың бірі, 

Хатам Ұл-Асамнан (Алла екеуін де жарылқағай) және бір басынан өткен хикаядан 

айтайын, сен құлағыңды салғын. Бір күні Шақиқи Хатамнан сұрапты: «Міне отыз 

жылдан   бері   сенімен   сұхбаттаспыз,   шыныңды   айтшы,   сол   уақыттан   бері   осы 

сұхбаттастығымыздан  не  пайда көрдің?  Хатам  айтыпты: «Бұл уақытта үйренген 

ілімдерімнен   сегіз   пайда   көрдім»   осы   сегіз   пайда   мені   жаһаннамнан   сақтауға 

70


ықпал   жасар   деген   үмітім  бар»   депті.  Бұл  сегіз  пайдаң   нелерден   құралады 

дегенде, бірінші пайда  сол — халыққа жүзімді бұрын көрдім.

Әрқайсысының  езіне  лайықты  ғашық-машық,  сүйген  дос  жараны бар,  Бағзы 

біреулері   өлім   шербетін   ішкенге  дейін  сұхбаттас   болып,   ажырамас  кейбір 

сүйіскендер қабір жанында да бірге болады. Ол ғаламнан өткеннен кейін жалғыз 

өзін қабірге қойып қайтады. Бірде-бір ғашықтардың екі бірдей сүйгендері жоқ. 

Сүйген жарымен бірге қабірге кірсе, (ғаламнан өткен соң ) ол ғашық-машықтар 

бір   біріне-   жанашырлық   жасап   көмектесе   алмайды.   Соларды   ойлап   өзіме-өзім 

айттым: «Ең жақсы сүйіктім сол болар, ол өлгеннен соң, көрге өзіммен бірге кірер 

және   жанашырлық    жасап   жәрдемін   береді.   Өзіме   ізгі   іс,   ізгі-амалдан   басқа 

қамқор сүйіктіні таппадым, соны ғана дос тұттым, өйткені, ол қабірде де маған 

жарық нұр болсын және мені жалғыз қалдырмасын!» дедім. Екінші пайда халыққа 

бетімді бұрып және бір көргенім бәрі де көңілі ұнаған бағытқа бет бұрып,нәпсі 

талабын орындауға асығады. Бұл жағдайды аңғарып  Алла  тағаланың мына бір 

айтқандары   есіме   оралды.   «Кімде-кім  Алла  алдында   жауап   беруден   қорқып, 

нәпсісін жамандықтан  тиса, әлбетте  жұмақ оның жайы болары ақиқат» дегені. 

Анық білгенім, Құран – Хақ және Шындық. Алдымен Алла айтқан ғибадаттарына 

разы  болып, мойын ұсынғанша нәпсіге қарсы тұрдым. Оған қарсы ұрыс ашып, 

өзімді   жаман   пікірлерден   қайтарғанша   қатты   қиналдым.  Үшінші  пайда  —   әрбір 

адамдарды көрдім. Мал-дүние үшін жиған желіп-жортып, жиған малдарын бекем 

ұстап қайырлы және cayaп  істерге жұмсамайды. Бұны көріп Алла тағаланың бір 

сөзін есіме алдым. «Сіздерде болған мал мен байлық таусылады. Алла алдындағы 

байлықтар таусылмайды” деген. Бұл дүниеде  не бір  байлық арттырған болсам, 

бәрінде Алланың разылығы жолында жұмсадым  да  және оның  құзыры алдында 

жариялық   тапсын   деп   кедейлерге   таратып   бердім.  Төртінші  пайда –  кейбір   ел-

жұртты көрдім: «Біздің абырой ізетіміз қауым-қарындастарымыздың көптігінен» 

деп   мастанып,   астамшылыққа   салынады.   Кейбір   халықтар   өздерінің   абырой 

ізеттерін,   оның   себебін   мал-мүлкінің   және,   перзентгерінің   көтігінен  деп 

ойлайтыны да болар. Басқалары өз аброй атағының асқақтауынан десе, біреулері 

зұлымдықпен мал топтаса, біреулері зорлық-зомбылықпен тартып алып, дүниесін 

көбейтсе,   тағы  біреулері   бар  мал-мүліктерін   қажет   емес   жерлерге   сарп   етіп, 

ысырапқа жол берушілік жағдайды армандайды. Сонда Алланың сөзі еріксіз есіне 

түседі:   «Шын   мәнінде   сіздің  абырой  ізетке   ие   болуыңыз,   Алладан   қорқып 

тақуалық   жасауыңызға   байланысты»   деген.   Ал   тақуалықты   қалап,   Құранның 

һақтығына,   шындығына   сеніп,   иман   келтірдім.   Әлгі   кісілердің   күмәнденуі, 

сенбеуі ғапілетте  қалып, адасып  абыржуының  дәлелі.  Бесінші  –  пайда  көптеген 

адамдарды көрдім, кейбіреулері бір-бірін жамандап, сыртынан сөгіп, өсек-аянмен 

шұғылданып, ғайбат жасаумен болады. Бұлардың негізі пенделердің мал-дүние, 

мәртебе   үшін   бір-біріне   қастандық   жасау   деп   түсіндім.  Алла  тағаланың   «Мен 

олардың   бұл   дүниеде   толық   жақсы   жасауы   үшін   жеткілікті   ризық-несібелерін 

бөліп бердім» деген сөздерін есіме алдым. Ризық-несібенің бөлінуі, әзалда  Алла 

тағаланың   ұйғаруымен   бөлінген   және   алдын-ала   белгіленіп   қойылған   екен. 

Сондықтан ешбір жанға қастандык, жасамастан, Алланың қалауына разы болдым. 

71


Алтыншы  –  әрбір  адамдарды  көріп,   өткінші   дүниенің   мәртебе-мансабының 

қызығына   кенеле   беремін   деумен   бір-бірін   дұшпан   санап,   өзара   дау-дамай 

туғызып,   араздасады   екен.   Сонда   Алланың   бір   айтқан   сөзі   еріксіз   есіме   түсті 

«Шайтан сіздердің дұшпандарыңыз болар, шайтанды өзіңізге дұшпан деп біліңіз». 

Анық   аңғарғаным,   шайтаннан   басқаның   дұшпандықта   артық   емес   екеніне 

күмәнсіз көзім жетті. Жетінші пайда – не бір кісілерді көрдім. Байлықты көбейту 

жолында желіп жортып жүріп, қулық-сұмдықтан жиренбей, басын  от пен шоққа 

ұрып, өздерін арам, шүбәлі ісгерден аулақ ұстамастан өз қадірін кетіріп, өзін-өзі 

төменге тартып қор болуда. Бұларды көріп, Алла тағала сөзін есіме алып қайталап 

айттым. «Жер жүзіндегі барша мақұлықтың ризығын жеткізуші – жалғыз  Алла 

тағала   ғой!»   дегенді   қайта   айтуға   мәжбүр   болдым.   Шын   мәнінде,   ризық   — 

Алланың ықтиярында екеніне кезім жетіп, оның ғибадатына басымды иіп, басқа 

жақтан үмітімді үздім.  Сегізінші пайда  –  қайсы бір пендені көрмейін, сүйеніші де 

таянышы да өзіне ұқсаған және бір пенде. Яғни, мақұлык, болып жаратылады да 

және   бір   мақұлыққатты   паналайды.   Кейбіреуі   пұлына,   кейбіреуі   үй-мүлкіне, 

біреуі   кәсібіне   біреулері   өзіне   ұқсаған   нашар   мақұлық   қатарында 

жаратылғандарға сүйенеді. Соларды көріп, Алла тағаланың мына бір сөздері есіме 

түсті: «Кімде-кім  Алла  тағалаға тәуекел қылып сүйенсе,  Алла  оның жәрдемшісі 

болар.   Әлбетте,   ол   кісінің  Алла  ісін  оңынан   келтіріп,  кемеліне  келтірер,  Алла 

тағала сөзсіз әрбір нәрсені және құбылыстарды өз тағдыры мен жаратушыдан деп 

Алла  тағалаға   тәуекел   қылдым.   Ол   менің   сүйенішім   де,   жақсылық   етушім   де, 

ұлық жарылқаушым да!».

Шақиқи   Балқи   айтқан   екен:«Мен   Тәурат,   Забур,   Інжіл   және   Құранды   оқып 

тәмамдадым. Сол төрт кітап мына айтылған сегіз пайдаға ие болуыма себепкер 

болып әмірін айтуда, кімде-кім осы сегіз пайдалы амалға асырса, сол төрт ұлық 

кітапқа сүйенгені болады» депті.  Ей,  перзент, жоғарыда айтылған екі хикаядан 

білдің. Көп ілімге емес, көп амалга асыратын істерге мұқтаж екенсің. Енді сен 

Хақ жолын ұстағын! Оның астанасына қадамыңды басқын! Қадам қойған кісіге 

нелердің   орындалуы   міндет   екенін   жоғарыда   баяндадым.   Біліп   алғын,   Хақ 

жолына   кіруші   кісіге,   әлбетте,   кемел   тәрбие   беріп,  тура  жолға   бастаушы 

қиыншылықпен   қол   жеткізуге   болатын  тура  жол.   Жаман   мінез-құлықтарды 

қалыптастыру   үшін,   шайық   ұстаз   қолында   болу   міндетті   жағдай.   Шайықтың 

мүридті тәрбиелеуі жерден өнген егіннің жақсы өнім бермегі үшін дихан, оның 

маңайын   бөтен   арам   шөптен,   тікендерден   тазалағаны   сияқты   жағдай.   Дәл   осы 

сияқты   әрбір   мүридке   Алланың  тура   жолын  нұсқап,   сара   жол   көрсетіп, 

тәрбиелеуші пірі керек болады. Шайықтың шарты - ол тәрбие беруге лайықты, 

Расулла міндеттеген жолға жетектеп жүре алатын ғалым болмағы шарт. Алайда 

әрқандай   ғалым  да  шайықтыққа   жарай   бермейді.   Мен   бұны   әрбір   кісі   «Мен 

шайықпын» деп жалғаннан жаңылыстырып жүрмесін деп шайықтардың кейбір 

ғаламат әрекеттерін қысқаша баяндап беремін. Өйткені, шайыққа ілескен әуелі 

мал-мүлік   заттай   байлық   жинаудан   жүз   үйіруі   шарт,   мансап-   мәртебе, 

қызықшылық   дегеннен   бастартып,   Расулилланың   жолына   бас   иіп,   сара   жолға 

түсуі  керек.  Және  аз  жеп,  кем  ішіп, көп  намаз  оқып, көп тағат-ғибадат қылатын 

72


ораза тұтып, садақаларын беріп, нәпсісін қиын  да  болса тыюы  шарт. Міне, осы 

сияқты   нағыз   шайыққа   ілесіп,   төмендегі   мінез-құлықтарды   өзіне   жолдас   етсе, 

сабыр-тағат   шүкірлік,   Аллаға   тәуекел,   сыпайылық,   сақилық,   қанағат, 

нәпсіқорлықтан   өзін   тыйьп,   мүләйім,   кемтарлыққа   бейім,   білімпаз,   шыншыл 

қиялдай   білетін   және   опалылар   қатарында   болуы   керек.   Міне,   осындай 

белгілерінен ерекшелеген шайық - Расулла нұрына кенелгендерден болар. Қане 

енді,   сондай   шайыққа   жолығып,   оның   артынан   ілесетін   болсаң!   Алайда,   бұл 

сияқты шайықты  табу  қиын. Бұл сияқтылар қымбат баға қызыл тастан  да  ғазиз 

болар, Кімге егер бақыт күліп қарап, сондай шайық кез болып, ол шайық оны 

қабылдаса, сол мүрид шайықтың құрметін ашық жарияда ішкі жан- дүниесімен 

құпияда қастерлеуі керек. Жария дегеніміз, сол әр маселеде шайықпен таласып 

тартыспасын. Ұстаздың қатесін сезіп қалғанда  да бәрібір оған құжат көрсетумен 

шұғылданбасын және құрметсіздік қылмасын. Жайнамазыңды шайықтан аддын 

жазбағын. Шайық намазын таусып бітірген соң, мүридтік сыпайылығымен, оның 

жайнамазын жерден жиып алатын болғын. Шайық алдында нәпіл намаздарды бос, 

артықша оқымағын, шайық нені бұйырса, қолыңнан келгенше орындағын. Енді 

құпия, яғни жасырын құрмет дегеніміз, сырт көріністе естіп, нені мақұлдаса, екі 

жүзділіктің   ғаламат   белгісі   байқалып,   немесе   соған   жақындап   қалмауы   үшін 

ішінен, сол сырттан есіткенін түгел тастықтауға құмар болмасын, Яғни, сөзі мен 

ісінде   айырмашылық   болмасын.   Егер   де   кейбіреулердің   сыртқы   көрінісі   ішкі 

дүниесіне сай келмесе,  оны  екі жүзділік дейді немесе соған жақындау болады. 

Егер мүрид осы айтылғандардың үдесінен шыға алмаса, онда ол тысқы да ішкі де 

дүниесіне  сай   келгенше,  шайықтың   сұхбатын   жоққа   шығарып   тұрғаны   мақұл. 

Ілгеріде   баяндап   өткізгеніміздей   мүрид   өз   нәпсісіне   тиым   салып,   оған 

жанашырлық жасауы қажет, Бұл дәрежеге  негізінен, жаман пасық адамдардың 

сұхбатынан   сақтану   арқылы   қолы   жетеді.   Көңілінен   жайғасқан   түпкі   тегі 

жындардан   болған   шайтанның   билігінен   тазарасың.   Сонда   ғана   оның   қалыбы, 

жан-дүниесі   шайтанның   азғыруынан   құтылады.   Әр   уақытта   кедейлікті 

қалағайсың.

Міне, осы айтылған насихаттарды сопылық жолға түспекші болған мүрид үшін 

бұлжытпай орындау - бірден-бір міндет болмақ.  Ей,  перзент, біліп ал, сопылык, 

екі іс болар. Бірі  Алла  бұйрығымен  тура  журмек.  (Алла  мұсылмандарға  парыз 

қылған   істерді   амалға   асыру)   Екіншісі   -   көпшіліктен  шектемек,   яғни   халық 

арасындағы жаман істерден өзін аулақ, ұстамақ. Кімде-кім Алла бұйрығын толық 

орындаса,   жүріс   тұрысы,   мінез-құлқы   адамдармен   мәмілесі   мүләйім   жағымды 

болса,   сондай   жандарды   шын   мәнінде   сопы   деуге   болады.   Жаратушы  Алла 

бұйырғандай  тура  болмақ нәпсіні  Алла  жолында Құрбан қылудың жағдайымен 

барабар.   Құлықты  таза,  тәбеті   азада   адамдармен   мәмледе   болмақтың   жолдары 

мынандай, Адамдарға өз қалау ықтиярымен өкіміңді өткізбе, егер шариғатқа теріс 

келмеген  халде  олардың  да  қалау   ықтиярымен   есептесе   отырып,   байланыста 

болғаның жақсы болар.

73



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет