Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата19.01.2017
өлшемі424,89 Kb.
#2252
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жиырма алтыншы тарау

«Субханаллаһ уалхамду лиллах» мағынасын білу»

Сүбханаллаһи   уалхамду   лиллахи   уа   лә   иләһә   илаллаһу   уаллаһу 

әкбар!   Мағынасын   білгейсін,   бұл   сөз   талдаудың   қысқаша   жинағы.Хақ 

тағаланың   пәктігін   білгенін   –   Сүбханалланың   мәнін   білгенін 

болар.Уақытымен өзіңнін падишалығыңның іс-әрекетінен Хақ Сүбханаһу 

уә тағаланың падишалығын таныдың да,жалпы мақсатқа жету құралдары 

оған   тәуелді   және   жазушы   қолындағы   қалам   оның   мысалы   болар. 

«Әлһамдулиллаһ»   мағынасын   білсен,   Хақ   тағаланы   білсен   өзге   ризық-

несібе   беруші жол екенін білгенің. Ал Хақ тағаладан өзгеге мадақ пен 

шүкіршілік етуге лайықты арзитындай да еш нәрсе жоқ және Лә иләһә 

илаллаһ  мәнісін білгенін болар. Енді Аллаһу әкбардын мәнісін білгейсін. 

46


Біліп алғың, Хақ тағаланы халық өздеріне ұқсас қылмақ пенен ғана біле 

алмас. Аллаһу әкбардын мағынасы, Алланың өзінен өзгелерді ұлығырақ 

деп болмас. Талдап көрсек Хақ тағалаға теңдес ешбір де зат жоқ екен, Хақ 

тағалаға осыны лайықты деп тану мен бірге жалпы ұлықтық онда болса 

және барлық жаратылыс Хақ тағалаға нұр шұғыласынан болар.Мәселен 

жалынның нұрын сол жалыннан ұлығырақ деп болмас,сол сияқты бөліп те 

болмас. Сондықтан Аллаһу әкбардың мәнісі сол болмақ-адам ақылы оны 

тек салыстырмалы жағдайда ғана танығай. Алла сақтасын. Қазіреті Хақ 

тағаланың пәктігімен дәулеті, адамның пәктік дәулетіне ұқсас болмас. Хақ 

тағала жалпы жаратылысқа ұқсамақтан сап таза,адамдарда нендей ықылас 

болмақ,   Аллаһ   сақтасын!   Хақ   тағаланың   падишалығы   пәк   және   биікте-

адамдарда қандай ол сияқты қәдір шарапат болар.

Бәлкім  бұл  айтылғандағы  лайықты   үлгі   шығар-Әзіреті  Хақ   нұрлы 

Аллаһ тағаланың кемелі және ұлылығын танымаққа.Адамдар кемшіліксіз 

емес-әлсіздеу   де,тек   болжам   көрегендікпен   жол   табады.Сонымен 

баяндалған сөздерде мысалы –соған ұқсас.Егер нәресте бізге сауал берсе:

«Падишалық   және   мемлекет   басшысы   болмақтық   амалы   мен   ләззаты 

қандай? десе, жауап айтар едік: «Асық, доп ойнаудың ләззатына ұқсар » 

деп . Өйткені жас нәресте бұдан артық айтқанды түсіне бермес және адам 

ол нәресенің   нендей зат екенінің ақиқатын танымақ қой салыстырумен 

оны біліп болмас. Мәлім жағдай – падиша салтанатының ләззатына, асық, 

доп ойнау ләззаты жанаспайды. Бірақ әр екеуіндегі  шаттықты ләззат деп 

айтса болады. Жанына жақын болу себебінен де салтанат ләззатын, ойын 

ләззатындай деп балаға анғартуға болар. Ал бұған ұқсас Хақ тағаланың 

кемелі мен  ұлықтылығының ақиқатын өзінен өзге ешкім де білмес.

 

Жиырма жетінші тарау



Адамның бақыты - пенделікті өтеуінде

      Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала ілім-білімін талдай берсек өте үзақ, бұл 

кітапқа симас.

      Мұншалықты талдаудың өзі жеткілікті болар - егер талапкерге барлық 

ілім-білімді үйренуге қүштарлық зауқым пайда қылса. Адамдықтың бар 

бақыты – Хақ тағаланың ілімін үйренбек пен оған ғибадат етіп, пенделігін 

өтемекте. Себебі уақытымен адам дүниеден өтсе Хақ тағаладан өзге пана 

болмас. Алладан өзге шара көрсетуші жок, яғни қайтып баратын жер – 

Хақ тағаланың кеңшелігі ғана. Әр кісінің баяндылығы өз достымен сүйгені 

құзырында болар, достығы қаншалықты шынайы болса бақыты да одан 

артық   болар.   Хақ   тағаланың   ілімін   білмейінше,   оның   сөздерін   толық 

айтпағанша Алла тағаланың махаббаты оның діліне жайласа алмас. Егер 

адам   не   нәрсені   дос   түтса,   оның   айтқанын   тұгел   орындайтыны   мәлім 

жағдай. Сол сөз арқылы жасалған мәмлелер арқылы достығы қалыптасып 

47


бекемделе түсер. Бұл жөнінде Алла тағала Дәуіт (а.с): «Сенің дертіңе дауа 

қылушы және панаң мен болармын. Барлық қол басшың мені білер, менің 

айтқандарымнан бір сәтте ғапыл қалмағын» деп хабарлапты.

         Ал көңіліңдегі көрікті сөз сол сәтте ғана жеңіске жетер – егер пенде 

тағат пен ғибадатқа бой ұсынып оны міндетіне алып ғибадаттың ләззаты 

мен   азабына   шыдағанда   ғана   пайда   болар.   Алатын   алыс-берісдүние 

ләззатынан қолын үзсе, сол сияқты шаһуат нәпсісін де тиіп қолын үзген 

жағдайда күнә істеуден қолын тиса ғана, жеңіске қолы жетер. Ал күнәдан 

қол тартпақтың мәнісі, көңілін суыту жағдайын пайда қылмақ себебінен 

болар. Тағат және ғибадатта орнына келтірмектік Хақ тағаланың айтқан 

соөздерінің   жеңіске   жеткені   болар.   Бүл   екеуі   де   Хақ   тағаланың 

махаббатының себебінен. Адамдық бақытының үрығы осылар болар, бүл 

мағынадан тек жақсылық, қайыр-сақауат, басқада ізгілктер пайда болар. 

Яғни   бүл   істер   Хақ   тағаланың   махаббатына   тән   жағдайлар.   Хақ   тағала 

жарлық беріп, Ағла сүресінің 14-15 аятында: «Ол момындарға мағрифатты 

махаббатты заттан. Олғарыш ұлығы аталатын өте биік дәрежелерден», - 

деп   хабарлаған.   Жалпы   амал   Хақ   тағалаға   ғибадаттан   абзал   емес   және 

жалпы дүние ләззатынан қол жию да шарт емес. Өйткені егер адам тағам 

жемесе   өледі.   Егер   ерле-қатынның   қатынасы   болмаса   ұрпақ   көбеймес. 

Кейбір ләззаттан қол тартқанмен бағзы біреулерін орындауы ләзәм, яғни 

нәпсісі орта дәрежеде үстағаны жөн. Екі жағынанда құр алақан болмағаны 

жөн.  Адам  өзінің ақыл  қалауын шын  көңілімен іске  асырар  немесе  бір 

кісіден   үйрену   арқылы   жүзеге   шығарар.   Сондықтан   әуестік   қалауы 

жеңіске   жетуінің   жалғасы,   рухани   Хақ   тағаланың   көңіл   көк   жиегінде 

сақтауда болар. Әр бір мұрат-мақсат, нәпсінің – қалауы болар. Ол дүрыс 

емес   нәрсені   кісіге   дүрысқа   ұқсатып   көрсетер.   Сонымен,   сен   ықтияр 

тізгінің   әуес   қалауының   қолына   бермегейсің.   Мүмкін,   бір   кісіге 

тапсырарсың. Ол – халайықтың таңдап алған таза тап-тұйнақтай әулиелер 

сәлемдемесі іспетті болар. Ал төмен тәртіпсіз шариат және молласымақтар 

Хақ   тағаланы   өзі   тарапынан   таратқысы   келер   өздерін   дақындатуға 

бейімдер. Пенденің бақыты мен құлшылығы да осыларға ұқсар. Әрбір кісі 

шариғат   талабынан   шығып   өз   ықтиярымен   амал   қылса   қатерден   аулақ 

болмас. Осы бір мағынаны Хақ тағала Талақ сүресінің 1-ші аятында: «Кісі 

Хақ тағаланың жарлығынан шет шықса, ол ақиқатында өзіне зұлымдық 

жасар» депті.

Жиырма сегізінші тарау

Ақыл еркіндігі қателіктері

Бүл ақыл еркіндігіне қол қою өз алдына бір мәселе. Хақ тағаланың әр 

бір   жарлығынан   шағатындардан   екен.   Ал   бүл   мәселенің   қате   болмағы 

білімсіздіктен пайда болар.

48


Әуелі негіз-  көптеген  білімсіздіктен құралады да, Хақ тағалаға  иман 

келтірмеуге тіреледі. Хақ тағаланыда  көзбен көріп қолмен ұстап көруді 

талап қылар. Оның мекенсізде тұлғасызда екенін білместен, көзбен көргісі 

келер.   Жалпы   жаратылыс   ақуалын   жұлдыздармен   табиғатқа 

байланыстырар.   Олардың   айтуынша   адам  мен   жан-жануарлар   –  барлық 

жаратылыстағы   құбылыстар   өздігінен   жаралған   өзінше   пайда   болған 

дейді. Әр уақытта пайда бола бермек дейді. Ия бәрі де о бастан табиғи, 

өзінше   пайда   болар   және   біреудің   себебімен   пайда   болар   деп   бар 

даусымен жариялар. Сондықтан бүл топтағылардың мысалы - бір сауатты 

жазылған   кітапты   көріп   бұл   кітапта   өздігінен   пайда   болған   дегенге 

ұқсайды.   Турасын   айтса,   бұл   ғаламның   жаратылуына   іңкәрлығын   ғана 

аңғартар. Адамдар бұл жағдайға бой ұрса бақытсыздықтан өзгені көрмес 

Табиғатшылар   мен   жолдасшылардың   қате   көзқарастары   жоғарыда 

баяндалды.

       Екіші негіз –  ақыретті қаламаушылар. Олардың айтуынша, адам жан-

жануар және өсімдікке ұқсас. Уақыты жетіп өлсе жоқ болар. Оған сауап та 

азап   та   болмас.   Ал   бұл   білімсіздер   өз   жаратылысына   сәйкестендіріп 

өздерін әрбір жәндік немесе өсімдік қатарында  санар. Ол топтағыларда 

адам   ақиқаты   жайында   айтылғанымен,   оны   танымайды,   ол   рух   мәңгі-

бақилық өлмейтіннен екенін білмес. Денеден ол рухты алады, оны өлім 

деп   атайды.   Бүл   сөздердің   ақиқатын   төртінші   тарауда   баяндағанмын, 

иншалла Алла Тағала.

     Үшінші негіз –  бұл білімсіз топтар. Құдай тағаламен ақыретке иманы 

кәміл болар, бірақ шариғат мән-мағынасын білер емес. Олардың айтатыны 

–   ғибадат   және   күнә   оның   кеңдігіне   барабар.   Бұл   жағдайды   Құранда 

көрмейді ме екен Хақ нұрлы Алла тағала «Фитир» сүресінің 18-ші аятында 

және   «Анкабут»   сүресінің   6-шы   аятында:   «Кісілер   өзін   күнәдан   пәк 

ұстапты, бұдан өзге емес те, өз жаратылысының мән-мағына қасиеті үшін 

күнәдан өзін пәк ұстапты. Адамдар кәпірлермен күрес істепті. Бұдан басқа 

ештеңе   де   емес,   өз   жаратылысының   қадір-қасиеті   үшін   күресіпті   және 

олар жолдарын туралаушылардан, тек өз жаратылысының қадыр-қасиетін 

істер.   Яғни,   бұл   қылған   амалдарын   қиямет   күні   өзі   көрер.   Ал   бұл 

сияқтылар шариғатқа теріс қарайтындардан».

      Кейбір   күмәнданатындар,   қызметті   –   кісі   Құдай   үшін   істер,   өз 

табиғатынан істемес дейді. Бұлар, мысалы, сондай ауруларға ұқсар - өзі 

күтінбесе, тәуіптің айтқанын істеу-істемеуден тәуіпке келетін не зиян бар 

дейтіндерден. Бұл сөзі шындық, бірақ күтінбегені – аурудың асқынуына 

себепкер   болушы,   ал   тәуіп   сауығудың   жолын   көрсетуші   және   оны 

дәлелдеп   беруші   ғой.   Сондықтан   дәріні   жеу-ішумен   қатар,   күтіну   – 

дененің саулығына себепкер. Тағат қылмақтан ілімділік пайда болса, күнә 

істеуден   сақтанып   күтіну   –   ділдің   саламаттығына   себепкер   болар. 

«Шуара» сүресінің 88-89 аятында: «Ол күнде мал дәулеті пайда бермес 

егер Алла құзырына таза келген кісілерге ғана пайда берер» депті.

49


Төртінші   негіз   –  бұл   топтың   өкілдері   шариғат   үкімдерін 

білмейтіндерден   тұрады.   Олардың   айтуынша   шариғат   үкімі   ділден   – 

шаһуат пен ғазап  ашуды және екіжүзділікті босату  шарт дейді. Ал бұл 

сөздер   дүрыс   деуге   болмайтын   және   орындалмайтын   қыйын   үкім. 

Сипаттап   айтсақ,   олардың   бұл   сөздері   қара   киізді   жуумен   арту   керек 

дегенге үқсайды. Бұл болмайтын сөз, бұл білместік және ақымақтық деуге 

болады. Шариғат бұндай іске жарлық бермейді. Ал шариғатты жарлығы 

«шаһуат пен азаб  ашуды – ақылдың тұсында тұтқын етіп ұстау керек» 

дейді.   Шариғатқа   ақылға   басым   болмасын   және   көсемдік   жасамасын 

дейді.   Ал   пенде   шариғатты   әр   дайым   есінде   сақтағаны   ләзім   және 

күнәхарлықтан сақтанғаны жөн. Сонда ғана Хақ Тағала кешірімді болар. 

Бұл істерді орындайдың мүмкіндігі бар. Көп адамдардың бұл мәртебеге 

қолы жеткен, Әзіреті Расул Акрам саллалаху алайхи салям: «Адамдардың 

ойында ашу ғазабы, шаһуат шабыты болмаса қатын құрлы емес. Мен де 

адаммын, ашуланамын кейбір адамдар ашуланғаны сияқты» депті. Алла 

Тағала «Әл-и имран» сүресінің 137-ші аятында: «Сіздерден де ілгері көп 

жолдар   –   тәжірбиелер   өткен.   Ал   жерді   айналып   жұріп   Алланың   дінін 

жалған дегендердің жаман салдарының қандай болатынын бір көріңдер» 

деп хабарлапты.

   Алла тағала ашуын жұтушы, халықтың күнәсін кешірушіні мадақтапты. 

Тегінде ашусыздарды мадақтамапты.  

  

Жиырма тоғызыншы тарау

Дүниенің ақиқатын тану

        Дүние – мезгіл сипаты. Адамдар – жолға шығулар, олардың жолдары 

Алла   тағаланың   кеңдігіне   аттанады.   Дүние   базары   –   кең   байтақ,   дала 

сахара   жолдарымен   шектесіп   жатар.   Тек   мүсәпірлер   ғана   ол 

базарданкеректілерін   алады.   Дүние   мен   ақырет     екі   түрлі   қасиетімен 

ерешеленер. Өлуден ілгерге кееңді дүниені дейді. Ал өлгенннен кейінгі 

кезеңдң ақырет дейді. Мақсат сол болар, бұл дүниеде ақыретке қажетті 

заттарды.   Дайындап   алу   болар.   Алла   адамды   әуелде   жаратқанда   өте 

қарапайым көптеген кемшіліктермен жаратыпты. Солай болған күнде де 

уақыты   жетіп   кемелденуне   жағдай   жасапты.   Әзірет   Хақ   тағала   өзінің 

кеңдігімен   кемелдендіріпті,   ол   жарылқағандарына   да   жамалын 

көрсетушілерден. Адамның ең соңғы бақыт сағадаты да осы болар. Адам 

көрушілер   қатарында   бола   алмас,   қашан   көңіл   көзі   ашылмағанша,   ішкі 

жан дүниесінің көзі ашылмай, Хақ тағаланың жамалын көре алмас. Сол 

сияқты   ілім-білімін   де   көре   алмайды.   Ал   ілім-білім   –   Алла   тағаланың 

дидарын көрудің кілті. Хақ  тағаланың ғажайып  жаратылысымен кемде-

кем   ұшырайтын   күшіті   құдіретін   көрудің   құлыбын   ашып   берер.   Алла 

тағаланың жарату тәртібінің  кілті бес сезім қалауында болар. Тән қалауы 

50


– адамдағы ажырамайтын қалыпты жағдай су мен топыраққа байланысты. 

Сондықтан   су   мен   топыраққа   түсіпті.   Ал   бұл   ғаламнан   керек-жарақты 

заттарын   дайындап,   өз   жаратылысын   тану   мен   қалау   жолы   өнерімен 

Алланы   тану   арқылы,   Хақ   тағала   ілім   –білімін   бойына   дарытар.   Қалау 

сезімі – адам тәнінің дос-жараны, қорғашысытірлігінің белгісі де. Уақыты 

жетіп   қалау   қасиетінен   айрылса   ақыретке   барғаны   болар.   Ал   адамның 

дүниелік   болмысының   себебі   осыларға   сабақтасатыны   баяндалады. 

Адамның   дүниде   болуы   екі   түрлі   жағдайға   қажетті.   Бірі   –   діл.   Ал   діл 

талаптары – Хақ тағаланың ілім-біліміне құштарлығында. Таратыңқырап 

айтсақ, әр нәрсенің дәм-тұзы өз кезегінде қажетіне лайықты болар. Бұл 

жағдай   жоғарыда   баяндалды.   Ділдің   жойылуы   себебі   сол   болар   Хақ 

тағаланың өзге нәрселермен достасуға бет бұрар болса, тәнді сақтау діл 

үшін   қажет.   Тән   –   пәни-өткінші,   діл   –   мәңгі-бақи   болар.   Сонымен   тән 

ділге,   қажылардың   түйесіне   ұқсау   деуге   болады.   қажылар   қажылық 

жолында сапарда жүргенде қажет болғандықтан түйелерге су, пішен, басқа 

да жетіп алса, ол бейнеттер естен шығып кетер. Ал түйелерді бағу, қажетті 

жағдайлардың   бірі   еді.   Уақыттымен   әр   қажетті   жағдайларға   көңіл 

бөлінбесе кеуен тобынанажырап қалып адасып опат болуы сөзсіз жағдай. 

Дәл   осыған   ұқсас   адам   да   денесін   тәрбиелеуге   көңіл   бөліп   қарамаса, 

қажетті   қару   жарақтарынан   жұрдай   болып,   ақырет   бақытынан   марқұм 

қалар. Дене – бұл дүниеде үш нәрсені қажет етпеуі мүмкін емес: жемек, 

кимек,  және  мекен-жай.  Ішпек-жемектік   –  тағат-ғибадат   қылу  үшінқуат 

пайда қылар. Ал киім денеңді сақтауға қажет, мекен-жай ыстық-суықтан 

сақтап   басыңа   пана   болар.   Сонымен   адамға   дүниеде   бұлардан   қажетті 

зәрулер кем болар. Бәлкім дүниенің негізгі қажеттілері де осылар болар. 

Ал   ділдің   ең   қажеттісі   –   Хақ   тағаланың   ілім   білімі   болар.   Егер   бұдан 

айырылса, жоғалғаны жеуге болады. дегенмен Хақ тағала адам денесіне 

шаһуат   құштарлығын   пайда   қылыпты,   оның   қалауы   әрдайым   мазалы 

тамақ ішпек-жемек, жеңіл әдемі киінбек және үй салуды талап етер. Ал 

дене   болса,   рухының   қызметкері   қашан   өлгенінше   шаһуатты   бойында 

сақтар.   Шариатты   Пайғамбар   Әлейһус   салам   сөздерімен   жіберді. 

Шариаттың негізгі шарттарын сақтауға ықтияттық жасау қажет. Алайда 

бұл   шаһуат   шабытын   адам   денесіне   жас   сәбилік   шағында   пайда 

болғандықтан ақыл мен шариғатқа көсемдік жасады. Сондықтан адамда 

бар қымбатын тағам және киім, үй-жайға жұмсады.

Осымен   сен   дүние,   ақырет   ақиқатымен   дүниелік   талаптардың 

(қажеттіліктердің) бәрін таныдың. Енді дүниеде бұтақталуын және шүбәлі 

жерлерін танып ал. 

51


Отызыншы тарау

Дүниеге берілмектің зияны

Уақытымен дүниенің жай жапсарына назар аударсаң үш нәрседен 

ғибраттануға болар. Біріншісі – жердің бетінде жаратылғандардың есепсіз 

көптігі.   Бұлардың   жанды-жансыз   деп   те   өсімдік,   хайуанат   деп   те   атап 

жатады. Жерді мекен етіп зиярат ету үшін жаратқан. Ал ондағы заттар – 

алтын, күміс, мыс, және темір – құрал сайман, басқа да заттарды жасау 

үшін қажеттілер. Ал жануарлар жемек, мінбек үшін қажет. Адамдардың 

жан   ділдерін   бұларға   үйір   қылыпты.   Бірақ   та   ділді   дүниеге 

қызықтырмапты.   Ол   тәннің   қабілеттілігін,   дұрыс   қызмет   істеуін   жолға 

қойып отырар. Ділді дүниеге қызықтыру мәселесінде неше түрлі сипаттар 

пайда   болар,   оның   себебі   тәннің   өлуіне   байланысты.   Сонымен   бірге 

ашкөздік пен бақылдық, қастандық пен дұшпандылық басқа есепкерлер де 

баршылық. Денені дүние игіліктеріне дос еткеннен кейін діл өзін ұмытар 

және   кейбірі   бар   қымбатын   дүниеге   сарп   етер.   Сол   себептен   дүниенің 

негізгі   игілі   үш   нәрсаеден   тұрады:   тағам,   киім,   мекен-жай.   Өнермен 

нашықтану   адамға   қажет.   Оларда   үшке   бөлінеді:   диқаншылық, 

тоқушылық,   құрлысшылық.   Бұлардың   әрбірінің   бұтақшылары   бар. 

Мысалы   тоқушылық,   шығырықшы   және   жіп   иіруші,   бұлардың   ісіне   де 

көмектесіп   қажетті   дәрежеге   жеткізер.   Сондықтан   тоқушы   және   егін 

егушілердің   түрлі   аспап,   құрал-саймандардың   қажеттілігі   болар.   Ағаш, 

темір бұданда басқа заттар қажет болар. Ал адам бар қажеттіліктерді бір 

өзі тауып тауыса алмас. Басқаға қажеті түскен себебінен халықара қызметі 

пайда болар және әр кісі өз ақысына риза болмай, бір-біріне қастық жасар. 

Бұл жағдайдан да үш түрлі сипат пайда болар: бірі - салтанат пен саясат, 

біреуі   –   қазылық   және   бірі   –   өкімет.   Бұлардан   басқа   діни   қағида,   жол 

жоралғы   мен   салтанат   және   саясат   заңдарын   халыққа   жария   етер.   Осы 

істермен дүниенің ой-қыры толықтанып, адамдар рухани бақыт сағадатын 

жоқ  болар,   ұмытар.   Бұл   дүниенің   асыл  негізі   үштіктен   тұрмайды   екен. 

Тағам, мекен-жай және киім бұлар тәнді сақтау үшін, ал тән – ділді сақтау 

үшін керек. Себебі, дене – ділдің қызметкері. Діл – Хақ тағалаға тән. Ал 

адам   ол   дүниеге   жалғыз   кетумен   бірге,   өзін   де   және   Хақ   тағаланы  да 

есінен   шығарыпты.   Сонымен   қажылық   ниетімен   шыққан   адамдар 

түйелерін  семірітекпен  шұғылданып,   керуеннен   қалып   кетіп   өзін   де, 

Қағбаны да есінен шығарғандықтан адасып, қажы бола алмай, қор болған 

«Қажылардың» халіне ұқсар. Міне, дүниенің ақиқаты осында болар. Әр 

кісі өзін бұл дүниеде: мүсәпірлік жағдайда тұтпаса және қымбат дегенін 

ақыретке   арнамаса,   дүниенің  уақ-түйегінен  қолын  үзе   алмай,  қызығына 

түсумен әуре болса, ол дүниенің негізгі асылын; танымағаны болар. Бұл 

білместіктің   себебін,   Әзіреті   расулі  акрам  салалаху   Әлейһи   уассалам 

айтып кетіпті. Дүние Харут пен Маруттан да артығырақ (жәдігерлеу), одан 

52


азар болып  шеттеген жөн. Уақыт өте дүниенің жәдігөйлігі мәлім  болар. 

Оның мекерлігі мен адастырушы екенін білмек халықтың парызы  болар. 

Енді дүниенің жәдігөйлігін бірнеше мысалдармен білдірейін.

Әуелгі мысал – дүниенің жадылығы сол  болар,  өзін саған екі ғаламда 

опа   қылғандар   қатарында   көрсетер.   Әрдайым   сенімен   бірге   болғандай 

қалпын сақтар. Шын мәнінде олай емес. Бәлкім дәйімі сенен ұзақтап қашуда 

болар.  Бей опалылық, бейбақтығын аңғартар. Алайда астыртын әрекетінен 

опасыздық,   қулық,   сұмдығын   саған   білдірмес.   Өзіңнің   көлеңкеңе   ұқсап 

жақындап, саялағың келсе сенен қаша берер. Бірақ жырақтап кеткені саған 

мәлім болмас. Ал өміріңде сенен қашатындардың – бірі, одан сенің хабарың 

болмас. Жақын  да,  жаны  да сенімен бірге  ұқсап көрінер. Және бір  мысал, 

дүниенің   сыйқырлығы   сол   –   саған   өзін   дос   көрсетер.   Ал   сен   оған   ғашық 

боларсың, саған сондай болып көрінер, тіпті, одан өткен әлемде сұлу жоққа 

ұқсар. Бірақ уақыты келгенде дұшпандығын аңғартып, сыртын көрсетуі де – 

лезде.   Және   бір  мысалы,  ол   –   жәдігөй   немесе   жәдігөй   кемпірге   ұқсар. 

Халықты өзіне ғашық етіп адастырар, үйіне кіргізіп оп-оңай қолына түсіріп, 

жеңіске жетер. Иса Әлейһісалламнан қалған нақыл екен. «Қанша ой-пікірін 

жүргізіп, көзбен көріп, қолмен ұстап, дүниені – сұлулар суретінде, өздерін 

тіпті білмейтін сипатты, сұлу жүз назды көзқарастарымен безендіре көрсетер. 

Бір   сұлудан   «неше   ерің   бар?»   деп   сұраған   екен:   Дүние   көптігінен   оның 

санының қанша екенін білмеймін депті. «Бұларды сен талақ еттің бе, жоқ 

өлтірдің бе?» дегенде  айтқан екен: «Бәрін де өлтіргенмін, қалғандарын  да 

өлтіруге дайынмын» депті. Иса Әлейһісалам айтыпты: «Таңым бар менің, ол 

–   ақылсыздар,   дүниенің   қулық-сұмдығын   көре-біле   тұрып   және   соған   бар 

ықыласымен   ұмтылып,   өзгелерден   ғибрат   алмайды»   депті  де:   «Ей,  Құдай 

тағала, сақтағын бізді дүниенің сыйқырынан»  деген  екен. Және  бір мысал, 

тағы бір сиқыры көзіңе көрінгенді мейірімді және опалы сияқты жарқырата 

безендіріп   көрсетер.   Халыққа   жеткізетін   бәлелер   мен   бейнетті   жасырып 

тасада ұстар, білімсіз надандар оның сырт-сыпайы көрінісіне сеніп, таңданар. 

Оның мысалы нағыз сайқалдарға ұқсар, жүзіне перде жамылып, әсем киімдер 

киініп,   безенген   түрлі   заттарды   тағып   алып,   өзіне   жасанды   көркемдік 

беретіндер   сияқты.   Кімде-кім   оны   алыстан   көрсе   ғашық,   болмауы   мүмкін 

емес.   Уақыты   жетіп   оның   пердесін   сыпырса,   боямалығы   мағлұм   болып, 

өкінішті жағдайға тап болар.  Сенімді хабарларда дүниені, байлықты қиямет 

күні кейіпсіз, түсі жаман, аяр қатындарға ұқсатып қояр. Жүзі кір, лас, көзі 

көк,   тістері   ақсиып   аузынан   шығып   көрініп   тұратын   сұмырай   суретімен 

халыққа көрсетер. Халайық оның аузынан шығатын сасықтарынан шошына 

жиреніп,   бұл   шерменділік   пен   рәсуалық   қалпынан   бойын   тартып, 

шыдамсыздықпен шеттеуге мәжбүр болады екен. Періштелер айтады: «Бүл 

дүние   сендердің   жақсы   көрген   сұлуларың   еді,   бұның   соңына   түсіп   бір-

бірлеріңе   қастық   қылып,   нақақтан   қанын   төктіңдер,   рахымсыздықпен 

қарындас-қауымдарыңды   жұрдай   қылып   қапаландырдыңдар,   бұған   құмар 

болдыңдар».

53


Шын мәнінде, дүние сені тозаққа тастар. Дүниелік ақыл да жақсы көрген 

байлықтарыңа ілесіп, отхана мен асхананың – ошақтарына енер. Және  бір 

мысал, адам өз әзәлдағысына жақсы eceп берсе, әзәлдің бұл дүниеде болғаны 

жоқ.   Сол   сияқты  eceп  берсек,   аты   шулы   абатшылық  та  бұл   дүниеде 

болмапты.   Байқағын,   әзәл   мен   абатшылықтың   арасында   неше   күн   бұл 

дүниеде   болды   екен?   Бұл   дүниенің  мысалы  мүсәпірдің   сапар   қылатын 

жолына   ұқсар,   әуелі   бесік   болса,  ақыры   –   көрдегі   жай   болар.   Ал   мұның 

расында неше санаулы уақыттар бар. Әр жыл – бір маусымды мезгіл. Әрбір 

сағат   –   бір   қадамға   ұқсас.   Әрбір   ай   –   бір   парсаңға   ұқсар   «парсаң   6 

шақырымға  жуық». Әр күн – бір милге «4000 қадамға»  тең болар. Адам бұл 

сапарда   дәйімі   жүрумен   әуре.   Кейбірі   маусымға   жетер,   кейбірі   парсаңға 

кетер.  Бұл   дүниеде  он  жыл,  я  он  күн  болуың  мәлім  емес.  Дүниелік   ақыл 

ләззатын   дүниеден   көрер.   Ал   оның   ренішін,  расуалығын   ақыретте   көрер. 

Мұның мысалы сол бір кісінің халіне ұқсар – тағамның майлы тәттілерін 

мөлшерден асық  жеп, оны асқазаны сіңіре алмай күпті болғандарға ұқсар. 

Бұл кеселден көрген машақаты – жегенін желкесінен шығарып, ақыры үлкен 

өкінішке   тап   қылар.   Сондықтан   тағам   тәтті   болғанымен   де   оны   сіңіру 

жағдайы сөтті  бола  бермес. Дүниенің ләззаты  да  әрдайым бойға тарап  кете 

бермес. Бұл жағдай жан берер уақытта мәлім болар. Әрбір адамның бағы – 

бостандығы, құл-кәнизагы, алтын-күміс сияқты қазыналары көп бола қойсын. 

Дүниеден  өтіп жан берер уақтында онымен қоштасып, айырылысу жағдайы 

өте   қиын  болар.  Дүниемен   қоштасу   –   өлу   –   қиыншылық,   ренжулерімен 

тынбас. Ол достық ділінің сипаты болар. Ділге – өлім жол таба алмас. Және 

бір мысал, дүниенің ісі адамдарға жеңіл де, қысқа  да  көрінер. Ал адамдар 

бұған күмәндана қарап, бұл іспен шұғылдану жағдайын ұзақтатқысы келер. 

Жақыны – сол бір істен мың іс пайда  болар. Бар  өмірі  де  сонымен тәмәм 

болар.  Иса   әлейху   саллам   айтқан   екен:   «Дүние   іздеушілердің   халі,  Шор-

Дария суынан ішушілердің халіне ұқсар, қанша ішсе шөлдегені сонша өрши 

түсер, қашан өліп тынбайынша шөлдегені басылмас». Әзіреті расуллі акрам 

саллалаху   Әлейһі   уасаллам   айтқан   екен:  «Cyғa  түскеннің   құрғақ   шығуға 

шарасы жоқ" деп. Дүниеге былғанған кісінің бұзылмауына лажі жоқ. Және 

бір мысал: бір адам дүниеге келіп ержеткен соң кісіге ұқсап бір атақты қонақ 

үйге   түсіпті.   Ол   қонақ   жайдың   иесі   қонақ   түсетін   сарайын   жарқырата 

өсемдеп – бар жағдайларды жасап, алтын табақтарға түрлі тағамдарды салып 

дайындап,   күміс   табақтарға   қош   иісті   сусындарды   құйып,   оқтын-оқтын 

қонақтарды аралап, ұша етін пісіртіп, бір-бір кесегін қонақтарға береді. Ол 

кісі   ақылды   еді.   Қонақ   үй   қожасының   әдетін   білетін.  Берген  тағамдарын 

рақаттана   ішіп-жеп,   жан   жадыратар   шербеттерінен   шөлін   қандырып,   өз 

мекеніне   қайтатын   еді.   Кейбір   надан   опасыздар   кетер   уақытында  да  сол 

дастарқандағылардан сүйгендерін үйіне алып кетеді деп күмәнданатын. Міне 

дүние мысалы — осыған ұқсас қонақ сарайы, мүсәпірлер бар жайып қойған 

қажеттілерін ішіп- жеп кете береді. Бірақ алып кетемін деп дәме қылмайды.

54


Және бір мысал, дүние-ай, ақылдың дүниеге қызығып, ақыретті ұмытуы – 

кемеге мініп, теңізде сапарға шығып, жазира  шөл  жиегіне жеткен қауымға 

ұқсайды.  Жиекке  шығып  табиғи  қажеттіліктерін  өтеп,   дәрет  алып  келмек. 

Кемеші   тысқа   шыққандардың   бір   нәрсеге   айналып   кешігіп   қалмауын 

ескертеді. Дәрет алудан басқа іске алданбауы керек. Өйткені кеме кешікпей 

жүріп кетеді. Сонымен бір топ адамдар жазираға шығады. Ол топ тез дерет 

алып кемеге кіріп, таза ауалы жақсы жайға орналасады. Бір тобы, жазирадан 

ғажайып таң қалғандай әдемі құстардың даусын ecтіп, көз жауын алатындай 

лағыл-маржан сияқты заттарды көремін  деп  кешігіп келіп,  кемеден  жақсы 

жай таба алмай, көңілсіз қараңғы жерге орналасады. Және бір тобы көргеніне 

қанағаттанбай,   таңсық   заттардан   олжаланамын   деп,   тіпті  кешігіп  келіп 

кемеден   отыратын   жай   таппай   қалады.   Бұл   топтағылардың   реңі   қашып, 

тапқан   олжалары   бойына   тарамай,   қиын   жағдайда   қалып,   ренжу   азабын 

тартады.   Бір   тобы   жазираның   ғажайыптарын   тамашалаумен  кемеден  ұзап 

кетеді.  Кеме оларға қарамай жүріп  кетеді. Сол  жазирада кейбіреуі шөлдеп 

өлсе, бағзыларын  жыртқыш  хайуандар  жеп қояды.  Сонымен,  әуелгі  топ – 

тәртіп   сақтайтын   момындардың   мысалы   деуге   болады.   Ақырғы   топ   тілге 

көнбейтін тәртіпсіз кәпірлердің мысалы. Өйткені өздерін Құдай тағала және 

ақыреттен   хабарсыз   етіп,   бар   ықыласын   дүние-байлық,   қызықшылыққа 

жұмылдырып,   есі-дерті   дүние  қамы   болып,  ділдері   де   дүние   махаббатына 

байланғандардан. Нақыл сүресінің 107-аятында: «Дүниенің тіршілігін және 

достық   махаббатын   ақыреттің   мәңгілік   өмірінен   артық   көргендер»   деп 

айтқандарға   осы   топтағылар   жатады.   Арадағы   екі   топ,   момын   жалпы 

пенделердің мысалы. Бұлар иман негізін саламат сақтағандар. Бірақ дүниеден 

қол жимағандар. Бағзылар  байлығының  көбеюімен көңілді, бағзылар  ауыр 

тұрмыс   жағдайында   өмірі   өтсе,   кейбіреулер   кезбеліктің   киімін   киіп, 

қиыншылықпен өмірін еткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет