Зайниддин Мұхаммад Имам Ғаззали бақЫТҚа жету әліппесі астана 2014



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата19.01.2017
өлшемі424,89 Kb.
#2252
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Отыз бірінші тарау

Дүниенің адал игіліктері

Нақақтан   жамандауға   әдеттенген   өсекшілер   –   дүние   шарабынан 

жаратылғандардан.   Дүниедегі   бар   нәрсенің   бәрі   түптеп   келгенде,   жаман 

болып шығатынына күмәнданбағын. Бәлкім жаратылысы дүниеге тән емес, 

дүниеде   кейбір   нәрселер   бар   шығар.   Сондықтан  да   ілім  және   оны 

пайдаланып амал қылмақ – дүниелік болғанымен, түптеп келгенде, дүниелік 

болмай   шығады.  Ілім  мен  амал  –  адаммен   бірге  ақыретке  баратындардан. 

Амал шын мәнінде өзі жолдас болса, оның әсері де жолдас болар. Амалдың 

әсері   екі   түрге   бөлінеді.   Әуелгі   бөлігі   –   діл   жауһарын   пәк   және  сап   таза 

сақтамақта. Күнә қылудан басқа да қолайсыз нашар істерден күтіне, сақтана 

білу  керек.  Екінші  бөлігі  – Хақ  тағаланың  айтқан  сөздерімен  бір  пікірлес 

55


болу керек. Тағат және ғибадатқа бар ықыласымен кірісіп, оны бұлжыттай 

орындауымен асыл болар. Сонымен ілім мен амал ең қажетті істер қатарына 

жатады.   Ақыретте   адаммен   бірге   болатындардан,   сондықтан,   Хақ   тағала 

Құран   Кәрімнің   Қаһф   сүресі   46-аятында:   «Жақсы   істер   мәңгі-бақи   қалар» 

депті.   Сонымен   ілімнің   ләззаты   —   ғибадат   етіп   сыйыну   ләззаты.   Хақ 

тағаланың сөздерімен  бір пікірлес болып, оны  жан-діліңмен қабыл алудың 

ләззаты   —   бар   ләзаттардан   артық  та  және   ұлық   та  болар.   Ілім   мен  амал 

дүниелік  те,  дүниелік  емес   те  дедік.   Ал   ләззаттардың   барлығы,   оның 

мазмұны бола бермес. Бәлкім кейбір ләззаттар дүниелік болмауы ықтимал. 

Ал біреулері дүниелікке тән болады  да,  өлгенінде ақыретке  жолдас болып 

бірге бара алмас. Сондықтан қатын алмақ және тағат етуге қуат беруші азық, 

тамақ,   киім-кешек,   отан   құрмақ   жыныс   қатынасы   –   бірден-бір   дүниелік 

қажеттіліктерге   жатады.   Ал   бұларды   қадір   тұту,   ақырет   жолдарының 

шарттары   болар.   Дүниеден  тиетін   бұлардың   үлесіне   қанағат   қылу   керек. 

Кейбір   қарама-қайшылық   болса  да  бұлармен   ақырет   ісін   үлкен   талап-

талпыныспен орнына келтіру керек. Бұл жолда болған адамдар ақылый дүние 

(есі-түсі дүниеге шығып кеткендер) қатарында болмас. Дүниенің мазмұндық 

мәртебесі сол болар. Дүниеден ақырет мақсатының нәтижесін табу болмаса, 

бәлкім өкінішке себеп болып, бұл ғаламда тұрақтап қалуға көңілін байлап 

және   ақыретке   жиіркенішпен   қараса,   бұл   жағдайда   болмақ   жиіркенішті 

мазмұн   болар.   Осыған   байланысты,   Әзірет   (С.Ә.У.)   дүние   лағынатталған 

(жиіркенішпен  қараланған)   және   түрлі   нәрселер   дүниеде  болар.  Олар  да 

лағынатталған. Егер Хақ тағаланың айтқаны мен сөздеріне сай болса медет, 

көмек беретін нәрселер мақтауын тауып, жақсылығы баяндалады. Сонымен, 

бұл дүние мақсаты мен ақиқатын мұншалықты сөз етуімнің өзі жеткілікті 

шығар, қалғанын үшінші бөлімде баяндармын. Інші Алла тағала.



Отыз екінші тарау

Ақырет ақиқатын тану

Біліп   алғын,   ақыреттің   ақиқатын   ешкім   де   тани   алмас.   Қашан   өлім 

ақиқатын   танымағанша,   өлімнің   ақиқатын   білмес.   Қашан   тірлік   ақиқатын 

танымағанша,   тірлік   ақиқатын   танымас.   Қашан   рухының   ақиқатын 

білмегенше,   рухын   тану   ақиқаты,   өз   жаратылысын   танумен  байланысты 

екенін жоғарыда   айтып өткенмін.  Жоғарыда   айтылғандай,  адамның  денесі 

қызметкерлерден ғой. Екі асылдың бірі – рухы, біреуі – дене болмысы. Ал 

рух – атты кісіге, дене болмысы – оның қызметкеріне ұқсар және бұл рухқа 

ақыретте   қызметкер   орындаушы   ретінде,   дене   қалыбының   қажеті   болар. 

Және оған жұмақ пен тозақ та бар. Ол pyx қалыбының ешқандай серік немесе 

өнімі болмай, өз затына да қажеті болмас. Онда тозақ пен жұмақ, бақыт пен 

бақытсыздық  та бар. Бар  игілік ләззаттары діл қалыбына  сай  пайда болмай, 

өздігінше пайда болар. Бұларға «Жұмақ рухани» деп ат қойдым. Ғалам және 

56


бақытсыздық, дене қалыбының орындаушысы болмастан, рухқа жетуін  «От 

жалын   руханиы»  деп   атадым.   Бұларды   «Жұмақ   пен   тозақ»   деп   атайды. 

Орындаушы қызметкер денемен бірге болар. Жалпыға мәлім жұмақта түрлі-

түрлі дарақ, миуа,  шербет,  пәк  таза  шарап, әдемі  сарай,  қор қыздары, түрлі 

қажетті   игіліктердің   бәрі   бар.   Ал   тозақ   ішінде   жылан-шаян,   от-жалын, 

көлеңкесіз, көріксіз ербиген алып дарақ, ысқырған ыстық самал және бұдан 

басқа  да  азаптаушы  ғаламаттардың  көп  екені  мәлім.  Жұмақ   пен  тозақтың 

сипаты   Құран   хабарларында   мәлімденген.   Бәрін   де   пайымдайтындай   етіп 

„Ихио”   атты   кітабымда   өлім   жайлы   айтылған   сөзімде   баяндағанмын.   Бұл 

жерде   өлім   ақиқатын   баяндамаймын.   Рухы   жұмақ   және  тозаққа   ишарат 

жайынан айтпақпын. Бұларды әр адам біле – бермес. Осы жайында Хадиси 

құдсида  хабар  беріп:   «Жақсы   жолдағы   пенделерім,   жақсы   жолдағы 

пенделерім үшін, бәрін де дайындап қойғанмын, оларды біреу көрмеген де, 

біреудің құлағы есітпеген де, олар ешкімнің де қаперіне келмеген де" дейді. 

Ал бұл дәулет пен игіліктер жұмақ руханида болмақ, ділдің ішкі жағынан, 

ғалами   періште   жағына   қарай   есік   бар.   Сол   есіктен   жоғарыда   айтылған 

игіліктердің бәрі ешқандай шүбәсіз анық көрінер. Ол адамдарға жұмақ есігі 

ашық   болар.   Ақыреттің   бақыты,   шарапатының   несібесі,   өткір   көз, 

сезімталдық   —   қасиетті  нәтижесімен  раушандалып,   анық   көрініп   тұрар. 

Есітіп,   ғибраттанудың   қажеті   жоқ.   Бәлкім,   сондықтан  да   денеге  тәуіптің 

бақыт   әкелуі   немесе  бақытсыздық   әкелуі   мүмкін,  оны   саулық   немесе   кесел 

ауруы деп айтар. Саулықтың себебі, аз-аздан өте тоя жемеу. Бір қалыпты 

мөлшермен жеу керек. Ал кеселденудің себебі, мөлшерден артық тоя жеудің 

себебінен  болар.  Осыған   ұқсас   тәжірибелерімен   мәлім   болуға   тиіс.   Ділге, 

яғни рухани адамға  бақыт  та,  бақытсыздық  та бар.  Ғибадат  пен  мағрипат 

(ілім-білім)   бақыттың   дәруі,   білімсіз   надандық   –   бақыттың   тосқауылы,   у-

захәәрі   деуге   болады.   Сонымен,   бұл   ілім   –   ең   бір   ғазиз   және   теберік  те. 

Ғұламалар   бұл   ілімді   көп   үйрене   алмадық  деп  өкініште  болар.  Бәлкім 

кейбіреулер   ілімге   іңкәр   емес,   тән   алмайтындар   болуы   мүмкін.   Жұмақ-

тозақты   қолымен   ұстап,   көріп,   сезетін   жанды   дүние   деп   түсінер   және 

ақыретті тану үшін есту, тыңдау, ғибраттану арқылы нақпа-нақты біле алмас.

Бұл сөздерді кең түрде талдауды „Ихио" атты кітапта көптеген дәлелдермен 

баяндағанмын. Адамдар зерек және дана  болып, ішкі жан дүниесін күнәдан 

таза  ұстаса, бұл ілімге жол тауып ақырет діліне мықты және берік болар. 

Керісінше жағдайда, халықтың иманы ақыретке зағиб және сус болар (яғни 

ақыретке соқыр сеніммен  бару  деген сөз). Егер ақиқатты қаласаң, өлімнің 

әсерінен осыларды пайым қылғайсың адамда екі рух бары белгілі болды. Бірі 

– хайуани рухы, бірі – періште рухы жынысынан. Бұны адами немесе Инсани 

рухы деп атайды. Рух – хайуанидың мағынасы сол діл болар. Бұл деген – бір 

парша  ет,   адам   кеудесінің   сол   жағына   жайғастырылған.  Рух   –  хайуани 

құрылыс   шеберлерінің   тілсіз   сөздеріне   ұқсас,   хайуаннаттың   ішкі   жан-

дүнисінен  болар.  Оның   мінезі   мен   әдеттері   тағат   ғибатшылар   сияқты. 

Рухани-хайуани – бұл бір рух. Яғни, зауарип атты тамырдың әрекет ықпалы 

57


мен көмейге және дененің қабат ағзаларына тарар. Рухы күш-қуат, қимыл-

әрекеттерді көтеріп жүруші болар.  Уақытымен бұл рухы тамырмен көмейге 

жетсе   ыстығы   көтеріліп,   тағат-ғибатшыл   болғысы   келер.   Көз   сол   рухтың 

қуатымен көре алар. Құлақ  та  соның ықпалымен ести алар. Бәлкім жалпы 

еезімдердің бәрі де, сол рух деп қуаттанар. Сонымен рух-хайуанның мысалы 

– шыраққа ұқсар. Шырақты қараңғы үйге қойса қараңғылықты жарық етер. 

Осыған ұқсас, Әзіреті Хақ, нұрлы тағаланың құдіретімен рух хайуани денеде 

болмақпен бірге көру, есту және басқа да сезімдер арқылы қуатқа ие болар. 

Егер  бағзы тамырға тоған байлап, рух-хайуани сейілге шықса, ол түрлі іс-

әрекеттерден   қалып,   қураған   шөлге   айналар.   Сонымен   рух-хайуани   — 

шырақтың отына ұқсас, ал діл — пілігіне ұқсас. Сондықтан шырақта  май 

болмаса   шырақ   өшер.   Осыған   ұқсас   адам   ішіп-жемесе   хайуани-рух   халі 

нашарлап, жеңіліске ұшырап, адам өлімге тап болады. Шырақтың пілтесі май 

талап   еткен   сияқты,   хайуани-рухы  да  ішіп-жеуді   талап   етер.   Сол   сияқты 

шыраққа таяқ  немесе  тас  тисе  ұшып түсер.  Егер  пілік пен майы орнында 

болса   жанады.   Осыған   ұқсас   адамға,   хайуанға   қатты   зақым   жетсе,   оның 

себебінен өлер. Егер рух хайуанидың сипаты тағат-ғибадатта болған күнде 

де,  рух-хайуани қуатпен сезім әрекеттерін Хақ нұрлы  Алла  тағаланың  жол 

дәстүрімен,  аспан  періштелері – нұр сәулесі арқылы қабылдар. Уақытымен 

рухи-хайуани мінез- сипатындағы ыстықтық үстемдігі,  не  болмаса суықтық 

қасіретінің   көбеюі,   басқа   себептердің   басымдығымен   періштелер   нұрын 

қабылдауға   мүмкіндігі   болмай   қалар.   Сол   себептен   айнадай   анық,   болса, 

барлық  суреттерін  қабыл  қылар.  Уақыты  өтіп шаң  басса,  қараңғы   күңгірт 

тартса,   ешқандайда   суретті   қабылдай   алмас.   Рух-хайуани   періштелер 

нұрларын қабылдауға, бар қалыбымен ғибадатта болуы шарт. Уақыты жетіп 

рух-хайуани   әдеті   жоғалса  періштелер  нұрларын   қабылдай   алмас,   сезім 

әрекетінен де қалар. Сонымен адам мен хайуандардың өлгені осылар болар. 

Бұл рух хайуани әдеттерін қатардан шығарылып тасталудың себептерін іске 

асырушы,  Алла  тағала   Махлуқатының   махлұғы   оны   «мәләкул   мәуіт»   деп 

атар,   халайық   содан   біліп   алар.   Рух   ақиқатын   танымаған   жағдайда 

хайуанаттың

 

өлгенінің мағынасы осы  болар.  Жалпы адамның өлуі және бір 



себеппен болар. Өйткені адамда рух-хайуани бар ғой. Және бір рух бар екен. 

Оны   рухи   адами   деп   атағанбыз.   Және   оған   діл   деп   ат   қойдық.   Өткен 

тараулардың   кейбіреулерінде   баяндаған   болатынбыз.   Алайда,   рух-адами   – 

рухи-хайуанидан   емес.   Рухи-адами   жасайды,   яғни   дене   емес.   Сондықтан 

тағдырды қабылдамайды. Хақ тағаланың

 

ілім-білім мағрупаты рухи-адамида 



қарар табар. Хақ тағала   жеке дара болғандықтан, ілім үлесін қабыл қылмас. 

Даралардың   мағрипат   ілімі   де   жеке   болмақ.   Ілім   үлесін

 

қабылдамас.   Хақ 



тағаланың   мағрипаты   ілім   үлесі   өзінде   ғана   қарар  табар.  Сонымен   пілік, 

шырақ оты, нұр шырақ, бұл үшеуін байқап көргін: пілік – ділдің мысалы, 

шырақ оты – рухани-хайуанидың мысалы, шырақ нұры — рухи-адамидың 

мысалы.  Сондықтан   шырақтың   нұры,   шырақ   отынан   абзалырақ.   Оған 

анықтаманың керегі болмас.  Рухи-адами да  осыған ұқсас – рухи-хайуаннан 

58


артығырақ үлес тарату оған жол таппас. Бұл мысал рухи-адамидың маңызы 

мен нәзіктігіне назар салмақпен анықталар. Және бір  себеппен,  бұл мысал 

анық   дәлелденбес.   Шырақтың   нұры   шыраққа   бағынышты   және   оның 

шашыраған шапағаты бұтақ тармағы сияқты. Уақыты келіп, оның әсілі, негізі 

жоқ   болса,  одан   тарайтын   нұры  да  жоқ   болар.   Сонымен   рух-адами,   рух-

хайуаниға тәуелді емес. Анығы рух-адами жоқ болмас, бәлкім, мұны қаласаң 

иман   нұрын   жоғары   етерсің,   шырақтың   нұрынан   жақсырақ   болсын   десе, 

шырақтың бір жағы ол нұрмен болғай. Ол уақытта бұл мысал дұрыс келер. 

Ал рухи-хайуани – рухи-адамидің қызметкері сипатты. Уақыты жетіп рухи-

хайуани   жоқ   болса,   өлсе   –   солай   болмақ.   Онда   бәрібір   рухи-адами   өз 

жайында қалар. Бірақ қызметкерсіз әлсіздікте болар. Ал қызметкердің өлуі, 

хал-жағдайын   нашарлатқанымен,   атқа   мінерлері   де   түгелдей   жоқ   болмас. 

Сонымен  рухи-   хайуани,  рухи-адамиға   куш-қуат   беретіндерден   екен.   Хақ 

нұрлы Алла тағала, мағрипат ілім-білімін көсем басшы еткей! Егер мағрипат 

көсемін   қолға   берсе   хал   жағдай   және   қызметкерлері   жоқ   болмағы,   рухи-

адамиға   жақсылық   болған   артықшылықтан   құтылар.   Бұл   жайлы   Әзіреті 

расул акрам: «Өлім – болмысқа сауға да тартуда» депті. Сонымен кісі әрбір 

демін сайдтік үшін (көсемдік үшін) сақтар. Уақытымен сайдтік қолға келсе, 

демінің таусылып жоқ болуын ғанибет деп білер. Егер Алла тағаладан  пана 

тілемек,  сайдтік  қолға келместен ілгері (бұрын), бұл жағдайға сай қызметі 

болмаса,   оның   қасіреті   мен   күнәсіне   шек   жоқ.   Бұл   ғалам   қасірет-   азабы 

қабірінің алғашқысы болар.



Отыз үшінші тарау

Адами рухтың ақиқаты

Осы   кезден   біліп   алғын,   хайуани-рух   –   бұл   ғаламдық   төменгі 

дәрежедегі тән түзілісі болар. Шығыт тастындылары төртке бөлінеді: олар – 

су, от,  топырақ, жел-ауа және  әуестену әдеті (яғни қалауы) сол сияқты қан, 

қақырық, запыран, жалқық. Сонымен су, от, тонырақ, ж ел және қалау қалпы 

қызығу, әуестену әдеті, әр түрлі де, бір-бірімен сабақтас болмақта. Ыстықтық 

пен   суықтық,   ылғалдық   пен   құрлық,   мығдарлық   өлшемінің   ара-қатынасы 

тәуіп, дәрігерлік іліміне қажет болады. Бұл төртеуінің орта дәрежедегі ара-

қатынасы ыстық және суық, құрғақтық пен ылғалдылық тең түсуі — орташа, 

жағымды   делінеді.   Орташа   ұстамақпен  хайуани-рух   қалыбын   (сипатын) 

сақтай білу керек. Бұл адамиға-рухқа қызмет етіп, күш-қуат беретіндерден 

болар.  Сонымен   адами-рух,   бұл   ғалам   сапындағылардан   емес.  Бәлкім, 

жоғарғы ұлық, ғалам періштелер жауһарынан болар. Бұл ғалам да  рухы тән 

шахарында   ғаріп-мүсәпірлерден,   бірақ   бұл   адами-рухқа   ғаріптік   себебінен 

ақырет   сапарына   қажетті   заттарын   дайындап   берер.   Сол   себептен   де   Хақ 

тағала Бахара сүресінің 38-аятында, 71-72-аяттарында: «Бұл – ақиқат, адамды 

59


топырақтан халық етіп жаратқан мен боламын. Уақытында  дайындап адам 

жасайтын,   адам   денесіне   өз   рухымды   пайда   қылдым»   дейді.   Міне,   бұл 

аяттарда екі рухтың  бар  екендігіне ишарат бар. Біреуін алғаш, яғни лайға 

қарығанда пайда қылыпты. Және оның жаратылыс қалыбына бұл ғибаратпен 

бірге жақсы хабар жіберіп, оны шын мәнінде, жан-жақты дайындадым депті. 

Міне, қалыпқа түсіру деген осы  болар.  Одан  кейін  рухиды өзіме тән  дейді. 

Бұның мысалы сол болар. Бір парша матаға от тұтатпақшы болсаң, әуелі ол 

матаны отты қабылдауға жақсылап дайындау қажет, одан кейін матаны отқа 

жақын келтіріп үрлер, содан кейін ғана  от тұтанар.  Хайуани-рухқа да сипат 

қалыбы қажет, және тәуіп-дәрігерлік ілімінде ол рухидың қажеттілігін біледі. 

Осы   жолмен   аурудың   алдын   алып,   өлім   қаупінен   аман   сақтайды.   Осыған 

ұқсас адами-рухтың ақиқаты діл болар. Оның да қалыбы бар. Жақсы ғибадат 

және   ұқыптылықпен  шариат  жолы   арқылы   оны   білуге   болады.   Өйткені, 

шариат адами-рухды бір қалыпта сақтар. Оның саулығына себеп болар. Бұдан 

кейін  мұсылмандықтың   ұлық   дәрежесін   баяндаймын.   Кісілер   ақиқатында 

адами-рухты   білмесе,   ақыретті   де   зеректік   парасатымен   тани   алмас.   Хақ 

тағаланы   танымақ  та  мүмкін   емес.   Өз   жаратылысын   танымақ   -   ақыретті 

танымақтың кілті болар. Діннің негіз әсілі — иман келтіріп, Алланы тану мен 

ақыретті тану болар. Осы тұрғыдан алғанда бұл ілімді жан-жақты талдадым. 

Жалпы адами-рух ұлықтығының  бір  сырын  баян  еткенім жоқ. Себебі оны 

баяндауға   рұқсат   жоқ.   Ол   ешбір   жанның  да  пайымына   сыя   бермес.   Хақ 

тағаланы танымақ және ақыретті танымақ — бәрі осы бір әсілге байланып 

қойылған. Қиыншылықта, оны жеңу қайратының тарихымен ғана ол әсілді 

білерсің.  Егер  біреуден естісең оны қолға түсіріп тұта алмассың. Ал халық 

Алла  тағаланың өлшеусіз бұл сипатын аңғарған-ды, бірақ  сене берме.  Бұл 

сипат   адам  болмысында   бар   екеніне   қалай  сенесің?   Бәлкім,   ол  сипат   Хақ 

тағаладағы   жаратылыста   бар   екеніне   аят,   хадистен   айдан  анық   дәлел   жоқ 

болар. Пайым ақылына сыймаған сөзді, халық естумен ғана іңкәр болар деп 

Пайғамбар Әлейһумус салам: «Адамға ақыл және пайымына сыятын сөзді 

айтыңдар»   депті.   Әнбиелердің   кейбіреулеріне   уақи  хабар  келіпті: 

«Сипаттарымнан   халайықтың  пайымына  сыймайтынын   баяндамаңдар.  Тек 

пайымы жететінін ғана айтыңдар, егер пайымы жетпей іңкәр болса, өздеріне 

зиян болар".

Отыз төртінші тарау

Рухтың мәңгі – бақилығы

Шындығына   келгенде,   адами-рух   –   қалыпсыз,   өз   затында   –   мәңгі-

бақилық. Өз затының жөн-жоба, діл сипаттарының қалыбын айту қажетсіз. 

Өлім – ақиқат рухын набыт қыла алмас. Бәлкім, өлгеннің мәнісі – адами-

рухты   қолына   алудың   әрекеті  болар.  Өлу,   өлгеннен   соң   тірілу,   мәңгі 

ұйқының   мағынасы   ол   емес.   Рухының   өлгеннен   соң   тірілетініндігі  болар. 

60


Бәлкім   мағынасы   сол  болар,   рухын  қалыбына   келтірер.   Бұл   мән   арқылы 

набыт   болған  денені  жан-жақты   дайындап,   рухының   қолына   берер. 

Сондықтан   әуелгіде   де   бұл   сияқты   жағдай   жасаған   болатын.  Мүмкін 

алғашқысынан   оңайлау  болар.  Ілгеріде   де   рух   қалыбы   айқындаған   еді. 

Ұйқыдағы   кезінде   рух   мәңгі-бақи,   ол   қалыбының   дәрменсіз   әлсіздігі   де 

мәңгі-бақи болар.



Отыз 

 

 бесінші тарау

 

 

Дене және рух

Жолдары   белгілі   бұл   мәндегі   діл   ілімділерінің  арасында  адамның 

өлімімен   бірге   рухы  да  жоқ   болады   дегендер   табылар.  Тек  одан   кейін 

қайтадан денеге келтірер дегендер де болар. Бұл қаулы – теріс қаулы, әр кісі 

біреудің   сөзімен   амал   қылса,   құрыалақан   болар.   Сонымен,   кісі   бұл   жолға 

бара қойсын, ақылдың ішкі көрінісі емес, сыртқы көрінісі деуге де жарамас. 

Егер ақылдың ішкі көрінісінен хабары болса білер еді, дененің өлмегі - рух 

ақиқатын набыт қыла алмас. Егер акылдың сырт көрінісі болса, аят пен хадис 

мазмұнымен білер еді.

Адам өлгеннен кейін рух екіге бөлінер: бақыттылар, бақытсыздар рухы деп 

аталады. Бақыттылар рухы жөнінде Құранның Әл-и  Имран»  сүресінің   169-

170-аятында: «Ол тайпалар Хақ жолында өліпті, өлік күмәнданбағын, бәлкім, 

олар  Хақ  Тағаланың  өз   пәзіл-кәрәмінен  сый  еткен   игіліктерінен  аямастан, 

мархабат етіп берген түрлі  нәрселерінен  шад-шадыман көңілденген болар». 

Алайда, кәпірлер оның сыбайластары жөнінде, Әзіреті расуллі акрам (С.Ә.У.) 

Бадр   шайқасында   өлтірілген   кәпірлерді   жинатып   бір   құдыққа   тастатты. 

Әзіреті  расуллі  Әлейһихус  салам  ол  құдықтың   басына  барып,   кәпірлердің 

әрбірінің   атын   атап  айқайлап:   «Ей,  пәленше   уәде   бойынша   Құдай   тағала 

дұшпандарға қаһар ашуын төгіп, жаза беруді біздерге тапсырып еді. Бәрін де 

шын мәнінде орындап шықтық. Құдай тағала ол уәделерін ақырына жеткізді 

және   сіздерге   де   өлгеннен   кейін   азап   қинауға   саламын   деген   уәделерінің 

ақиқат   екенін   көрдіңдер   ме?»   деген   екен.   Сахабалар:   «Я,   Расулилла,   бұл 

мүрде өлік қой, өлілер  де  сөзді есітеді ме?»  -  дегенде,  Әзіреті Пайғамбар 

(С.Ә.У.):  «Қасам   етемін,    Құдайдың   атымен,   Мұхамедтің   жаны   –   оның 

құдіретті   қолында.   Өліктер,   сіздерден   есіткіштеу,   бірақ   жауап  беру 

қасиетінен   айрылған»   депті.   Әрбір   адамдар   өліктермен   тамырлас   болған 

хадистер   және   ақпарлардан   хабардар   болса,   соншалықты   ақыл,   қайғы-

қасіретінен  хабардар  болмағы  және  зиярат  қылғанды және ғаламда  болып 

жатқан жағдайлардың бәрінен де хабары болар. Сонымен сенімді хабарларға 

қарағанда, рухының жоғалуына ешқандай негіз жоқ. Бәлкім сипат уақыт жоқ 

болар.  Сондықтан, хадисте келтірілгендей қабір –  адам  рухы жасайтын ғар 

(үңгір) және ол – тозақтың ғарларынан жұмақтың бау-бақшаларынан болар.

61


Өлумен бірге, өз затыңнан және затыңа ұқсас тиісті сипаттардан ешқайсыда 

жоқ болмайды. Бірақ қалау сезімдерінен: әрекет, тағлым, тәбет, кемей мен 

ағзалар   мақсаты   бір   еді.   Өлген   соң   бұлар   жоқ   болар.   Дүние   ләззатынан 

бөлектенерсің (оңаша, жеке қаларсың). Сондықтан адам денесі қызметкерге 

ұқсар. Кісінің аты өлсе, жаяу қалар. Ал кісі білімсіз болса, данышпан болмас. 

Егер   көр   болса   құрылыс   үй-жайларды,   түрлі   өрнектерді   көре   алмас, 

керісінше де солай болар. Атсыздар жаяу қалар, сонымен дене қызметкердің 

де   рухы   атқа   мінер.   Рухы   бар   қажетті   заттардан   өзін   аулақ   ұстап,   Хақ 

тағаланың   айтқандарының   ағысына   ғарық   болып   шомған   күйінде,   бір 

пікрлестікті   табандылықпен   алып  барса,  сонда   ғана   сопылық   жолының 

даңғылына түсер. Ол жолдың талап-талғамы осындай болар. Ақырет ақуалын 

көре білуге талпынар. Өзгелерге өлгеннен кейін мәлім болатын нәрселерді, 

болған, көрген нәрселердің бәрі де есте қала бермес. Бірақ әсері мәңгі-бақи 

қалар. Жұмақты оған көрсеткен  болса,  pyx  рахат  және шаттықта  болар.  Ол 

кісіге көңіл шаттығы нәсіп  болар. Егер  оған тозақтың белгілерін көрсетсе, 

азап-қиыншылыққа   тап  болар.   Ал  көрген   оқиғалары   жадында  болса, 

әңгімелеп берер. Сондықтан айтылған нақыл бар екен. Әзіреті расуллі акрам 

(С.Ә.У.) намазда тұрып, қолдарын созған екенн Намаздан  кейін  сахабалары 

арыз   айтып:  «Ей  Расулилла  не  себептен   намазда   тұрғанда   мүбәрәк 

қолыңызды ұзатгыңыз» дейді.  Расулилла  (С.Ә.У.) айтыпты: «Жұмақтан  бір 

бас   әдемі   піскен   жүзімді   алғын   деп,   бұл   дүниеге   келтіруді   жөн   көріп 

қолымды созғанымда кенеттен ғайып болды» депті. Ал сен, жұмақ игілігін 

бұл ғаламға келтіруге болмас па еді деп, күмәнданбағын. Жұмақтың игілігін 

бұл ғаламға  келтіруге болар  еді.  Егер  Әзіреті  Расулла  (С.Ә.У.) келтіремін 

десе   келтірер   еді.   Оның   қажет,   қажет   еместігін   әңгімелеу   ұзақ.   Бұл 

кітабымыздың   көлеміне   сыймайды.   Әзіреті   расул   Әлейһисалам   жұмақтың 

ақуалын Жабрейіл Әлейһисаламнан есіту арқылы баян қылады дейді. Әзіреті 

расуллі акрам (С.Ә.У.) жұмақты өздері керіп баяндағаннан. Жұмақ ақиқатын 

бұл ғаламнан көрген жоқ. Өзі бұл ғаламнан ғайьп болып, ол ғаламға барып 

көрді.   Бүл   жағдай  Расуллі   акрам  (С.Ә.У.)   бір   уақытта   Миғражға   барғаны 

дәлел  болар. Сонымен  қатар ғайып  болу  екі жағдайда пайда болар. Бірі – 

хайуани – рухтың өлуіне байланысты, бірі – адами-рухтың сейіл қылуына 

байланысты.  Алайда жұмақты бұл ғаламда көруге болмас. Сондықтан жеті 

қат аспан, жеті қабат жер бір пісте шопағына сыймас. Осыған ұқсас жұмақ та 

бұл   ғаламға   сыймас.   Адамидың   бұл   ғаламдағы   қалауы,   әуестік   сезімі   – 

жұмақты көрмекке тағат келтіре алмас. Ал ол ғаламның қалау-әуестік сезімі 

– өзгеше болар.

62



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет