Бесінші
та
pay
Пендешілік жолы
Ей, перзент, пендешілік жолынан оның мән-мағынасы жайлы
сұраған екенсің жауап берейін. Пендешілік үш иегізгі мәселеден тұрады:
Бірінші – шариғат істерін қолға алып, оны амалға асырмақ. Екіншісі –
Алланың тағдыры мен әзәлі қазасының қадіріне көну. Үшіншісі – Алланың
ризалығын тілеп, нәпсі талап еткен нәрселерді шектемек (яғни нәпсіні
тимақ).
Және тәуекел жайлы сұраған екенсің. Тәуекел – бұл шапағатты және
мейірімді Алланың мархабатына пендесіне атаған уәделеріне сенімділігі
берік және күшті болуда ғибрат алар. Басқаша айтқанда, бір нәрсені саған
жан-жақтың бәрі лайық көрмей қайтарса да, саған сол тағдырыңа
жазылған болса немесе керісінше, сол бір нәрсе тағдырыңа жазылмаса
саған нәсіп болмайтынына сенуің берік болуы шарт. (Дүние төңкеріліп
кетсе де тағдырға тәнтілік жасау қажет)
Ей, перзент, ықылас жайында сұраған екенсің. Ықылас деген істеген
іс амалдарың, (Алла үшін) және егер сені біреу сыртыңнан мақтаса, одан
сенің діліңе артықша мастандық пайда болмауы, мадақтаған жағдайдың
өзінде, пәруәйіңә алмаған дұрыс. Түптеп келгенде, істеген іс-әрекет
амалдарың пенделер үшін емес Алла үшін істеліп отырғандығы есіңде
болсын. Адамдар ізет-құрмет жайына қойып тағзым етіп жатады. Ал
бұндай жағдайдан рия пайда болады. Рияны қайтарудың дауасы,
адамдарды Алланың құдіретіне мойын ұсынған жағдайда көру болар.
Пенделер саған ақиқат мағынадағы рахат, яки машақатты қиыншылықты
жеткізе алмас. Оған құрбы қуаты жетпейді. Жаратылыстағының бәрін
жансыз бір нәрсе сияқты есепте. Егер де жұртшылықты ұлық мақсаттың
бірден-бір иесі деп күмәнданатын болсаң, рия сенен қашықтамайды. Бүл
рия мен сен Алла жолына емес халайық үшін ғибадат қылған боласың.
Ей, перзент, басқа да қалған мәселерді сұраған екенсің. Оның
жауабын басқа кітаптарымнан тауып аласың. Кейбіреулерін жазу – күпір
(арам). Енді, өз білгеніңше ic-әpекет амалыңды атқару үстінде
білмегендеріңнің беті ашылады.
Ей, перзент, бүгіннен бастап тілге алудың өзі лайықсыз нәрселерді
сұрамағын. Жан-жағыңа назар салсаң, әр жерден таңданарлық та түңілетін
де істерді көресің. Сопылықтың бастамасы жаннан кешу деген сөз. Бүл
жолы да жаннан кешу керек. Зүннүн Мисри шәкірттерінің біріне: «Егер
жаныңнан кешуге қүдірет-тағатың жетсе, бұл жолға кір жетпесе,
сопылықпен шұғылданба» депті.
Ей, перзент, сегіз насихат айтайын, қабылдағын. Алдымен, істеген іс-
әрекет амалдарың қиямет күнінде өзіңе дұшпан болып шықпасын. Бұл
сегіз амалдың төртеуіне рия қылғын, қалған төртеуінен баз кешіп үміт
74
етпе! Үмітіңді үзетін төрт амалдың алғашқысы – бірде-бір мөселе үстінде
біреумен тағатың таусылғанша бақастасып жанжал шығатын дәрежеде
тартыспа. Өйткені мұның пайдасынан гөрі, зияны көбірек. Рия — қастық,
тәкәппарлық, кінәмшілдік, дұшпандық және басқа кеселді жаман
қылықтармен тектес болар. Мысалыға: сұхбаттасың иә сені мен
ақылдасушы ортасында бір мәселе шығып қалса, сол мәселенің шешімісіз
кетуіңді қаламауды талап қылсаң, ол жағдайда ақиқатты анықтауға рұқсат
беріледі. Алайда, мұның екі жағдайы бар. Біріншісі – мәселенің құжаты,
ақиқат дәлелі сенің тіліңнен шығады ма, я сұхбаттасың жағынан шығады
ма? Бұрмаламай бұның өзіңе артық-кемдік те санамай, теңдік дәрежедегі
ақиқат сөзді тауып айтуың керек. Екіншісі – бақас халайықтың қоршауынан
гөрі, оңашалау жайда болғаны мақұл. Бақастықтан бұл қорыққандығың
емес, бәлкім бұл Алланың ризалығы болар. Ұмытпағын, сен үшін бір
қызметкер бар қадірі мүшкіл болған меселені ғалым данышпандардан
сұрап білмегін. Кеселдінің хал-жайы білгір тәуіпке емдеткендей нәрсе. Ол
мәселе шешімін тапқан жағдайда ауырған жерің шипа тапқандай болады.
Ей, перзент жадыңда болсын. Надан білімсіз адамдардың болмыс бітімі
ауру адамдарға ұқсаған болар. Оларды емдейтін тәуіп, ғалымдар мен
данышпандар болар. Алайда, надан адам бұған ынтызар емес. Әрдайым
нағыз (тәуіп) ғалымдар ғана кеселдінің жазылуына көзі жетсе ғана емдей
алады. Өз кезегімен кеселге берген дәрі-дәрмегін шама-шартына қарай
қабылдайды. Егер жазылмайтын дертке тап болған жағдайда білгір
тәуіптер ем қонбайтын бұл сияқты кеселді алдынан біліп, бостан-босқа
ауре болмайды. Ей, перзент, надандық кеселі төрт түрлі болар: оның
бірінші түрі — берген дәрі-дәрмекті қабыл етуші. Қалған үш түрі — бұған
керісінше, басқаша. Осы үш түрлі кеселділердің бірі — кімде-кім саған
қарсы сауал берсе, сен оған иба-ізет сақтап, мәнді жауап қайтарсаң да, я
әдебіне лайықты мәмлелі жауап берсең де саған барібір бастапқы ашу-
ғазабымен қарай берер. Жақсысы мұндай адаммен сауалына жауап
іздеумен шұғылданбай, сөйлемей қоя салу. Ақымаққа айтылатын
жауаптың ең жақсысы сөйлемей қоя салу. Бәйт:
Ақымаққа ақыл айтсаң жаудай болар,
Өзге – төбе, өзі бір таудай болар.
Алла тағала Құран Кәрімде хабар беріпті. «Ей, Мұхаммед Құраннан
жүз үйірген кісілерден сен де жүзіңді үйір. Олар бұл дүниедегі өмірден
басқаны қаламайды және нәпсі қызығына ілесіп өліп тынады» депті. Шын
мәнінде қастандықпен нені қылмасын, не демесін, бәрі барлығын да отқа
жағады. Бір себеп болып Пайғамбарымыз Мухаммед Әлейһисалам
айтыпты: «Алау оты жанғандай, қастандық адамдағы бар жақсылықты
жағушы» деп. Надандықтың екінші түрі — емді қабыл етпейтін кесел –
ақымақтық болар. Сондықтан Иса Әлейһисалам: «Өлікті тірілтуге құрбым
жетеді, бірақ ақымақты емдеуге шамам келмеді» депті. Ақымақ сондай
кісі болар. Аз ғана уақытта, ақыл шарқы арғы-бергі ілімдерден хабары
75
болады да, кез-келген адаммен сол үйренгендері жүзесінен әңгіме көтеріп,
тартысып бағады. Ақылға ауыр келген мәселелерді ұлық данышпандай
ішінде түсініксіз күмән қылады және ол асыл заттардың қадіріне жетпейді.
Берген сауалдары майда-сиқалыққа негізделген, демек ақымақтықтан
алшақ кете алмайды. Міне сол сияқты ақымақтардың сауал жауабына
тұтылып қалмағының мақұл. Ал үшінші – емдеу кеңесі әсер етпейтін
надандар қауымына, мына топтағыларды жатқызуға болады. Егер де әрбір
жан ақиқатты талап қылса, жалпы ұлықтардың бұл атыраптағы сөздерін
пайымдай білсе, бұны өзінің пайымының нұқсандығы екенін біле тұра
соған қарамай бір нәрседен үміткер болып сауал бере берсе, бір сөзбен
айтқанда, ақиқатты білуге зейін парасаты жетпесе, ондай адаммен
мәмлелесіп өзіңді қинама. Бәрібір сөзіңді ұқпайды. Сондықтан
Расулланың (С.Ә.У.): «Біз, Пайғамбарлар, халықтың ақылына орай
сөйлеуге бұйрық алғанбыз» дегенін еске алған жөн. Төртінші – дәрі-
дәрмекті қабылдаушы кесел, яғни надан жайлы кісі ақылды, пайым-
парасатты, ақиқатты сүйетін, күнәмшілдік, қастық сияқтылардан аулақ
және мал-дүние, абырой мәртебеге берілмеген сұраған сауалдары
қастандық күмән әдепсіздіктен болмай, ниеті қалыс жолда болса, бундай
кесел дәрі-дәрмекті уақыты мезгілінде қабылдауға лайықты. Оның
сауалдарына тиянақты жауап берсе болады. Жауап берілу қажет те.
Өйткені, берген жауаптарын оның надандық кеселіне ем болады. Алайда
жоғарыда, айтылған қаскөй надандардың сауалына жауап жоқ. Енді осы
сегіз насихаттың (істелмеуге тиісті терт амалынан) екіншісінің баяныны
келейін. Ақыли момынға бағзы бір сөздерде айтуда ықтият болған жақсы.
Өйткені, сөз сейлеушіге апат көп. Егер айтатын үгіт-насихаттарыңа
алдымен өзің амал қылып, соңынан халыққа айтсаң бұл сөзің дұрыс болар.
Ей, перзент, Иса Әлейһисаламға айтылған сездерді есіңе сақта: «Ей,
Мариам ұлы, әуелі өзіңе насихат айт
,
қабылдасаң оны халыққа айтуға
жүзіңді бұр. Егер өзің насихатты қабыл етпесең, құдайдан қорық,
халықтан ұялып оларды мазалама» деген екен. Егер кейбір істерді
орындамауға ләжің қалмаса екі нәрсеге сақ бол. Біріншісі – сөздерің
артықша ишараттар, негізсіз хикаялардан, мағынасыз өлең-жырлардан
жалпоштанып, көпірме сөзге айналмасын. Өйткені, Алла тағала ондай
көпірме сөзділерді ұнатпайды. Оларды дос тұтпайды. Шеттен шыққан көп
сөзділіктің ішкі мазмұнының мағынасыз да, мәнсіз, өкінішті екенін
дөлелдеп тұрады. Кейбір сөйлеулердің мән-мағынасы пенде ақыретті еске
алып, Алла алдында өзінің әлсіз екенін мойындағаны, өткен өмірінің
пайдасыз істермен зая кеткенін және болашақта небір қиыншылықтар
күтіп тұрғаны, Әзірейіл жан-алғыш алдында халі қандай болатыны,
Мүнкір-нәкір сұрауларына жауап беруге дайын, не дайын еместігі жөнінде
қиямет күні Махшардағы ақуалы, сират көпірінен өту жағдайы
жаһаннамға түсіп кетпеудің қамын жеуі сияқтылардан құралады. Міне,
осы қиыншылықтар дәйімі бағзы тыңдаушылардың жады-қаперінде
76
болуы, өн бойында оттай жанып тұруы және бой көрсеткен кейбіреулердің
қайғы-қасіретінен ғибрат алғаны жөн. Насихат деп соны айтады, яғни
халыққа насихат айтпақтағы мұрат-мақсат — ең бір қажетті деген
ақиқатты жиналған мәжіліс қауымына хабардар ету, сыналған кем-кетік
олқылықтардан жұртшылықты хабардар ету. Кейбіреулердің айыптарын
бетіне басу, болатын қайғы-ғам оттарын болмыс жан-дүниесіне алып
кіріп, көңілін жылытып, сол қайғы ғаламатынан сергектендірмек. Өткен
өмірлерінің қорытындыларын қал-қадірінше жүйелеп, Алла ғибадатынан
тыс кешкен күндеріне қасірет-өкішштерін білдіріп, тәубеге келу болар.
Сол сияқтыларды насихаттар мазмұны деуге болады. Мысалға, бір
адамның үйін сел басып келе жатыр дейік, сен бұл жағдайдан хабардар
болып, сол адамның үй-ішін ойда-жоқта, төтеннен селден қашыңдар,
сақтаныңдар, деп хабарландырасың. Сол қатерлі жағдайда үйдің иелеріне
тосыннан болған оқиғадан хабар айтып, сөз сөйлеп, оларды селден
құтқару жайлы айтқандарын олардың көңіліне дұрыс келіп сендіре алдың
ба? Жоқ, әлбетте, егер сен қандай соз болмасын айтып, тез оларды апаттан
құтқарып қалуың керек қой. Түсіндіріп отыру ақылға лайық па? Насихат
дегенің де сол сияқты. Халайыққа көр азабы, жаһаннам азабынан хабардар
етіп, қалайда болмасын тезірек түсінетін тілде апаттан құтқарып қалу
шарт. Кейбір түсіндіруден өте сақ болмақ абзал.
Үгіт-насихат айтуда өте ықтият болмақтъщ екінші жағы —
насихаттың мақсаты – мәжіліс қауымын таң қаларлықтай, олардың ынта-
ықласын аударып, «Ой, қандай ұлық аталы сөздерден насихат айтылды!»
дейтіндей дәрежеде сөйленіп, тыңдағандар жағасын ұстап, мейір-
махаббатын асырып, өзіне қарай бетін аудара білу керек. Өйткені,
олардың бәрі риякерлікке жақын. Ал рия деген – білімсіздік, артта
қалушылық, оралымсыздықпен ұштасып жатады, Бәлкім бағзы
айтатындардың негізгі мақсаты – халықты фәни дүниеден ақыретке қарай
назарын аударып, күнәдан – ғибадатқа, ашкөздіктен – нысаптылыққа,
бақылдықтан – сақилыққа, ақыретке күмәнданудан – каміл сенімге,
білімсіздіктен — білімділікке,
астамшылықтан
–
тақуалыққа,
кішіпейілдікке бетін бұрғызу қажет. Бұл мағынасыз қалыбына ақырет
ышқы махаббатын пайда етіп, өткінші дүниеге көңіл бөле бермей, ғибадат
жолдарына түсуге беттерін бұру керек.
Тағы да айтатын бір мәселе, Алланың жақсылық мархаббаты мол,
мейірім-шапағаты елшеусіз деп халықты адастырып қоймағын! Өйткені,
бұдан оның көңіліне жайбарақаттық, астамшылық кесепаты пайда болар.
Шариғат жолына кірместен, Алла рүқсат етпеген істермен шұғылдану
жаман құлықтарды арттырады. Бұның орнына келешекте кияметте
болатын азапты оқиғаларды ескертіп, олардан қорқу қасиетін жан-діліне
жарастыру қажет. Олардың ішкі жан-дүниесіндегі жағымсыз кеселдерді
жойып, сырт көрінісі де жүз берген жаман іс-амалдарын жақсы істермен
алмастырып, тағат-ғибадатқа бет бұрып, мейір-шапағат нышандарын
77
арттыра түсіп тартынбастан, қол ұрған күналардан арылуға бетін бұрып,
тәубе қылуға шақыру керек. Үгіт-насихат айту жолы, міне, осындай болуы
шарт. Әрбір айтылған үгіх-насихатта жоғарыда айтылған шарттар
орындалмаса, онда насихатшының да, тыңдаушының да халі мүшкіл.
Бәлкім бұл сияқты риягерліктен, білімсіздікпен, құдіретсіз насихат
айтушылар – шайтанның көмекшісі. Олар халықты тура жолдан аздырып,
апатты жаман жол жаққа қарай жетелейді. Ал халық деген бұл сияқты
үгітгердің жетегіне тез көнуге бейім тұрады. Бұл сияқты үгіт дінді
соншалықты бұзады. Ондай іс шайтанның да қолынан келе бермейді.
Кімде-кімнің құдіреті жетсе, осы сияқты насихат-уағыз айтатын
риякерлерді мінбеден түсіріп қуу керек. Ондайларға әмір, мағрұп жайлы
насихат уағыз айттырмай тойтарыс беру керек (шариатқа жаман саналған
істі айтатындарға тиым салу қажет демекші) Енді сол сегіз насихаттың
орындалмауға тиісті төртеуінің үшіншісіне тоқталып, баяндаймын.
Өзіңді падиша әмірлерінің үйлеріне жақындатып, сұхбаттас болма
және оларға дәме көзіңмен қарама! Өйткені, олармен бірге отыру көңілдес,
сұхбаттас болудың үлкен апатты жағдайлары болады. Ілуде бір реті келіп,
бірге отырып қалатын жағдайда оларды мақтап, дәріптеуден өзіңді аулақ
ұстағын. Пасық залымдар мақталған уақытта, Алла тағала ғазаптанып
ашуланады. Кімде-кім, залым пасықтардың мансап-мәртебесінің мәңгі-
бақи өсе беруіне қол көтеріп дұға қылса, Алла тағала оларды өзі жаралған
жерінде тұрып күнә ісгеуге лайықтымын дегендерден депті. Шын мәнінде,
залым-пасықтардың күнәдан басқа істейтіндері жок қой. Істеуге тиым
салынған төрт амалдың бірі — төртіншісі, есіңде болсын, әміршілердің
сыйын әр уақытта қабылдай бермегін. Тіпті, ол адал, сый болған
жағдайдың өзінде алмағаның жөн. Өйткені әкімдердің сыйяпатына
дәмеленудің өзі бұзады. Дәме – дінді де, болмыс-қалыбыңды да бұзады.
Егер берген сыйларды қабыл кыла қалсаң әкімдерге жақтас, бұл
жұмысыңмен сен де ақыретіңді ойламай дүниені қамтып қалу жағына
шығып, үстемдік жағында болып, халыкқа жасаған жәбір-зұлымдығына
разылық, қошеметшілдік сияқты істерден жиренбейтіндер қатарынан
көрінерсің. Мұндайлардың атын «іріген келісімпаздар» дейді. Айталық,
сен олардан арзымайтын сауға-сый алдың, ал ол сыйың саған істелген
сиқырдың жадысындай залым қуларды дос тұтып қаласаң, залымға дос
болу деген — оның өмірі ұзақ, мәртебесі биік болуына өмір-бақи тілектес
болу деген сөз. Кімде-кім, залым әкімнің өмірі ұзақ, мансабы биік, мәңгі-
бақи болуына тілектес болса, ол әкімнің қол астындағыларға зұлымдық
жасауға, ғаламды қарап етуге разылық бергенінің ғаламаты болар. Міне,
сондай кісілермен (әкімдермен) дос тұтынсаң дінді таланға салып, иман
саламаттығын қатерге тап ететін ең залалды кеселге тап боларсың.
Ей, перзент, шайтанның айла-шарына түсіп қалмауға әрекет жаса.
Шайтан саған залымдардан тіллә-байлықтарды алғаның мақұл деп
азғырады, мүсәпір-ғаріптерге нәпәқа бергін деп айла жасайды. Сен
78
шайтанның мұндай айласына алданба! Өйткені, шайтан осылайша талай
иманы толық адамдарды қармағына түсірін қор қылған, шайтанның
азғыруында неше түрлі жасырын апаттар бар. Ол жайлы жан-жақты білгің
келсе «Эхия-ул-улым» кітабын оқы.
Енді, осы сегіз насихаттан өзіңді дұрыс бағытта ұстауыңа қажетті
төрт амалдың біріншісін баяндайын: ол Алла тағалага деген мәмлең, қарым-
қатынасыңның қандай болмағы жөнінде. Бұл мысалы, сатып алған құлың
сенімен қай жосында мәміле қылса, сенің көңіліңе ұнап оның қызметіне
разы болсаң, Алла тағалаға сен де дәл сондай разы болатындай дәрежеде
қызмет істеуің керек. Құлының кейбір теріс істерінен ренжісең, Алла
тағала да сенің теріс істеріңнен разы болмайды. Мұндай мәмілені Аллаға
ор уақытта лайықты деп ойламағын. Ол сенің шын мәніндегі ұлық
қожайының ғой! Төрт жақсы амалдың екіншісі – әр уақытта адамдармен
бірге іс істемек болсаң, өз ақылыңа мақұл келген нәрсені оларға да
айтқын. Өйткені, өзің мақұл келген нәрсені басқа бір мұсылманға
түсіндіріп оны қабылдамайынша, ешбір пенденің саған деген сенімі артып,
иманы кәміл болмайды. Үшінші насихат – төмендегіше, егер талап қылып
білім алсаң, ол ілімің нәпсіңді тазалап жан-дүниеңді нұрландырып
жарқырата түсетіндей болсын. Егер өміріңнің аяқталын қалғанын сезсең,
қисын-логика сияқты пайдасы шамалы ілімдермен шұғылданба. Өйткені,
бұл ілімдер ақыретте саған ешқаңдай пайда бермес. Жән-тәніңді шүбәсіз
пәктеу үшін нәпсінің зиян апаттарын жан-жақты танып қана қоймай,
дүниенің барды-келділерінен жүз үйіргенің мақұл. Тек қана нәпсіңді
жаман қылықтардан тазалап, оны жақсы сипаттармен безендіргенде ғана
Алла махаббатымен шұғылдануға лайықты боларсың. Өйткені жетіліп-
пісіп қалған адам, фәни дүниенің ешқандай да уақытын бос өткізбей,
дүниеден алаңсыз болғаны абзал. Осы тұрғыдан қарағанда бір күн өмірің
қалған болса да жан-тәніңді қадыбына келтіретін нәпсіңді пәктеуге
бағытталған істермен шұғылданғаның жөн. Ей, перзент, бұл сөзім
әруақытта құлағыңда болсын және әрқалай ойланып көргін! Одан
ешқандай зиян таппайсың. Егер саған бір аптадан кейін Падиша үйіңе
зиаратқа келеді деп хабар берсе, анық сенемін осы қысқа мерзім ішінде
ғалам иесінің назары түседі – үй-жайың, киім-кешегің, түр-тұлғаңды
тазалап, ішіп-жейтіндеріңді реттеп бәрін де дайындап қоюдан басқа
істермен шұғылданбағайсың. Сен нәзік пайымдыдансың, неменелерге
ишарат етіп айтып отырғанымды сезіп отырған шығарсың? «Зерек
пайымдыға — бір сөз, ақылдыға – бір ишарат жеткілікті» дейді. Бұл
дүниенің падишасы үшін, оның назары түсуі мүмкін болғаны үшін –
соншалықты желіп-жортып жүрдің – падишалардың падишасы болатын
Акиқат Падиша – Алла тағаланың назары қиялыңа келді ме? Бірақ Алла
тағаланың назары жан-тәніңнің қалыбынан басқа жерге түспейді.
Жаратылыс қалыбыңды дүниеңнен де таза нәк ұстай біл! Расулла (С.Ә.У.):
«Ақиқатында Алла тағала сіздердің суреттерің мен амалдарыңа
79
қарамайды, оның назары жан-дүние, жаратылыс-қалыбыңа, ниеттеріңе
қаратылған» депті. Егер қалып жағдайынан кеңірек хабардар болғың келсе
«Эхия-ул-улыма» және басқа да жазған кітаптарыма қарағын. Өйткені,
қалып ілімін білмек – парыз, Алланың парыздарын орындау жайлы
жетерлі мөлшерде тахарат, намаз, ілім және басқа да ілімдерді иеленбекке
парыздың өзі жетіп жатады. Алла тағала саған нысап берін тәубаға
келтірсін. Менің бұл насихаттарымды ішкі жан-дүниеңе жайғастырып
иелік етуге әрекет қылғайсың. Ендігі төртінші насихат, бір жылға жетерлі
мөлшерден артық байлық жинама. Бұл жөнінде Мұхаммед (С.Ә.У.) бағзы
бір үйлеріне қатын, бала-шағалы отандарға қажетті ас-ауқат басқа да
қажеттіліктерді дайындауда айтады екен: «Ей, Рәббім, Мухаммед
үйлерінің қажетті нәпақасын өз мөлшерінде қылғын, көп те қылма, аз да
қылма» депті. Мухаммед Әлейһисалам барлық үйлеріне қажетті напақаны
жинамайды екен, кейде қиналып қалмасын деп ас-ауқаты азайып қалған
үйлеріне тарығып қалмауына сенімгерін күшейтіп тәуекелге бел байлатып,
бір күндік немесе жарым күндік ризықтарын жеткізіп тұрған екен.
Алтыншы
тарау
Кітаптың соңғы сөзі
Ей, перзент, бұл тарауда сен сұраған мәселелер хақында сөз
қозғамадым, себебі, амалды іске асыруды өз міндетім деп білгейсің. Ал
мені жақсы дұғалармен есіңе алып тұрғайсың! Қайсы дұғаларды оқудың
қажеттігін сұрапсың, оларды өзің «Сахиқи Бұхари», «Сахиқи Муслимге»
ұқсаған жақсы кітаптардан іздеп тапқын. Бұл кітаптағы дұғалар
Расуллаилла дұғалары. Бұл дұғаны әрдайым оқып жүр, әсіресе, намаз
соңында: «Ей, тәңірім, біздер сенен бар асылық және күнәлардан
сақтамақты, бар рахымыңмен денсаулықты, түрлі тіршіліктегі қошуақ
өмірді (сенен келетін қияметтeгі пайдаларды), мейірбандықты, кемел
адамгершілікті, жалпы ризық, несібеңді тілеушіміз! Пәруардігер сенен
өтінішіміз, әруақытта жақсылықты біздің пайдамызға нәсіп ет! Арыз
үміттеріміздің орындалу жолын ашық ет! Арыз үміттерімізді артығымен
ақиқатқа айналдыр, ертелі-кеш саламаттығымызға сәттілікті сауға етіп,
өміріміздің соңында келетін ажалымызға асқан шеберлікпен алып барар
жеріңізге рахметіңнің сара жолымен жеткізіп, күнәларымызды Ғәфу
жаңбырымен жуып, айыптарымызды түзетіп, жөндеу істерін бізге нәсіп
еткін және тақуалық рухани мән-мағынамызды саламаттықта сақтауға
себепкер болып, оны тәнімізге киім етіп кигізе гөр! Күш-қайратымызды
діл жолына жолдап, тәуекелімізді өзіңе бағдарлатып тұрар мекенімізді
жұмақ айы болуға несіп ет!
Ей, Рәббім, бізді тура жолға түсуге себепкер болып қиямет
қиыншылықтарынан сақтап, күнәларымыздың ауырлығын жеңілдетіп,
80
жақсылар қатарынан, ризық-мәртебе, көңіл-күй, адалдықпен пайда беріп,
арамдық жиіркеніштерінен, жауыздардың жауыздығынан сақтап, ата-ана,
аға-іні, апа-қарындастарымызды қиямет қасіреттерінен және жалпы
момындар мен момунияларды жаһаннам азабынан азат қылғайсын.
Ей, Ғазиз, ей, ұлық, жалпы ғалам көсемі, құдіретті күштісі,ей, айып
нұқсандарымызды бүркеп бекітүші, қүрметтілер ішіндегі жеке сайып
құрмет Иесі!
Ей, мейір – шапағат, рахым – рахматы мен шапағаттылар
арасындағы жеке – дара шапағатты Алла.
Әмин!
81
Имам Ғаззали батасы *
Ей , пәруердігер рахым ет ,
Жақсылығыңды жақын ет .
Мейір шапағатыңмен ,
Күнәмізді ғапу ет.
Мұратымызды асыл ет,
Зияныңнан әрдайым,
Пайдамызды асық ет.
Кемел дидарыңа ,
Жан-ділімізді ғашық ет .
Рахмет жаңбырыңмен жуып ,
Күнәмізді жеңіл ет,
Сауабымызды басым ет.
Кетпес дәулет, кең пейілді
Жан-тәнімізге хасіл ет.
Аманатыңды асан алып ,
Иманымызды кәміл ет.
Адаспайтын ақ жолды
Дін-Исламға ашық ет!
Ата-ана, аға-іні ,
Қарындас, қауым, момыннан
Нұрлы жамалыңды көретін
Жәннат жайын нәсіп ет!
Әмин! Аллаху акбар!
*Имам Ғаззалидің қарасөз батасын өлеңге түсіріп аударған Тұрсынәлі
Айнабекұлы
82
Имам Ғаззали
Бақытқа жету әліппесі
(өзбек тілінен аударылған )
83
Достарыңызбен бөлісу: |