Бірінші тарау
Діліңді білсең өзіңді танырсың
Сенің қалыбыңның өзі неден тұрады? Сенің қалыбың екі нәрседен
құралады: бірі – көзіңе көрініп тұрған дене құрылысың: оны тән деп
атайды, мұны көзбенен анық көруге болады; екіншісі – ішкі жан-дүниең:
оны жан деп те, діл деп те атайды. Бұл көзге көрінбейтін жасырын ішкі
жан-дүниеңе жайғасқан. Бұны көкірек көзімен ғана тануға болады. Көзбен
ақиқатты керуге болмайды. Сенің бар ақиқатыңнын өзі осы ішкі жан-
дүниеңде.
Әрбір нәрсе бұл мағыналы жан-діліңнен өзгеше бөлек болғанымен,
оның тәуелді сарбазы деуге болады. Шын мәнінде басқа нәрселердің бәрі
де – оның қызметкері. Өйткені, ол жан-дүниеңе діл деп ат қойыпты. Енді
ділдің қасиеті мен ерекшеліктерін баяндайын.
Ділдің мұрат-мақсаты, ақиқаты – тек адамға тән. Оны кейде рух деп
те атайды. Кейде, ішкі жан-дүние дейді. Діл деп көкіректің сол жағына
жайласқан бір парша етті айтпас па екенбіз? Оның ешқандай қисыны жоқ.
Ол ет хайуанда да бар, өлген өлікте де бар. Бірақ оның ақиқаты, сыртқы
13
көзбен көруге болады. Сол көзге көрінбейтін (көкірек көзіне
көрінетіндерді), бұл дүниеге тән емес нәрсені – ғалами көрсеткіш дейді.
Ділдің шын мәніңдегі түпқі ақиқаты – бұл ғаламға тән емес, ол бұл
ғаламда бір ғаріп мүсәпір ғана.
Діл – бұл ғаламның көне керуен сарайынан, ақыреттің жәннат
жайына қайту үшін келіпті. Ал бір парша ет – жүрек, падиша ділдің
мінетін аяқұлауы, құрал-жабдық дастарқаны. Денедегі барлық мүшелер
оның сарбазы. Қысқасын айтқанда, діл – барлық дененің падишасы. Діл
падишаның мақсаты – Алла тағаланы танымақ және Алла тағаланың кемел
жамалын кермек. Падиша – ділдің сипаты және оның жәрдемшісі –
сөздері. Ұсыныс та, үндеу де, уәде де, атақ та – соның қолында. Ұлық та,
бақыт та, жоғары дәрежедегі ықпал да – ділдің сипатында. Ал дене болса –
әруақытта оның қызметкері. Падиша-діл және оның сипаттарын тану –
Әзіреті һах нұрлы Алла тағаланы танымақтың кілті болар. Бар күш-
қайратыңды жұмсап, ділдің ақиқатын танығайсың. Діл гауһары – ғазиз
періштелер гауһарының жынысынан болар. Ал ділдің кені де, әсілі де –
жалғыз Жаратқанның кеңдігі болар. Кеңдігі арқылы – келуші де, қетуші
де, бұл ғаламның қонақжайына ғаріп саудаласу мен рұқсат үшін келіпті.
Ділдің саудаласуы мен рұқсатынан баяндайын.
Иншалла тағала.
Екінші тарау
Діл ақиқаты
Ділдің ақиқатын тану үшін ділдің, жаратылыс болмысын
білмейінше, мүмкін емес екендігін білгенің жөн. Әуелі ділдің болмысын
білгейсің, одан кейін діл ақиқатын талап еткін, ол не нәрсе өзі?
Сонан соң, падиша ділдің сарбаздарын танығайсың, ол неше
тайпалардан өткен? Одан кейін падиша ділдің және оның сарбаздарының
арасындағы байланыс қарым-қатынастарын білгейсің. Ділдің сипаттарын
танығанда һақ нұрлы Алла тағаланың ілім-білімін қалай білу керек?
Осылардың мән-мағынасының, әрбіреуіне қатысты белгілерін де
көрсетіпті.
Алайда ділдің жаратылыс болмысының сырт көрінісімен аспан, жер
және басқаларды да сырт көзімен көруге болады. Бәрін тани білсе де, өз
болмысын нашар таниды. Ақиқатында сыртқы дене, аспан мен жер, тағы
да басқалардан толық хабардар емес. Алайда, өзінше бәрінен де толық
хабардарға ұқсайды. Әруақытта бұл істерден хабары болып, тырысып,
жақсы әрекет қылса, ақырет ақиқатын да сонша жақсы таныған. Сенен бұл
сыртқы тәндерді алатынын және сені сондай жерге жеткізетінін, сен фәни
дүниеден ол мекенге баратын кездер келетінін біліп, есіңе алып жүр.
14
Үшінші тарау
Рух ақиқаты
Жалпы рух ақиқаты нелерден тұрады және оған тән сипаттар нешеу?
Бұларды баян қылуға шариат рұқсат бермейді. Сондықтан да бұны Әзірет
Расулі Әлейһи салам талдап түсіндіру қажет деп таппапты. Сондықтан һақ
тағала Ал-исра сүренің 85-аятында айтыпты: «Ей Мұхаммед, сенен рух
туралы сұраса айтқын – рух жаратушы ием әмірінде, сендерге өте аз
мәліметтен басқа ілімнен ештеме берілмеді» деп.
Әр нәрсе өзіне лайықты өлшем көлемінде жол тапса, оны
болмыстық деп атайды. «Болмыс» деген сөз сөздікте өлшем, сандық,
сапалық мәнін түсіндіретін ұғым. Діл жәуһарінің ойдай өлшемі жоқ.
Сондықтан бөлшектеуді қабыл етпейді. Егер бөлшектеуді қабыл қылса,
сол бөлшектері жөнінде ілімнің болуы мүмкін болар еді. Сонымен діл
қожасы бір жағдайда білімділікке, бір жағдайда надандыққа жақын
болады. Рухтың бөлшектеуді қабылдамауынан, әр түрлі көлемдегі
бөлшекке жол таппауынан – Әзреті хақ нұрлы Алла тағаланың сөз сыйы
өлшемдерін жарату мәнісіне тіреледі. Сонымен осы мән-мағынамен, яғни
көлемді өлшем – сырт көрінісін тапқан нәрселер, ғалам халқының
тобындағылар. Ал көлемді өлшемдер жол таппайтын нәрселер ғалам
халқына (тобына) жатпайды. Бір тайпалар рухты байырғы ғой деп күмән
қылып, таңданыпты. Ол тайпалардың айтуынша, рух – өткінші, баянсыз,
өзінше нақты бір нәрсе емес деп ерсі көреді. Өткінші – өз затында
мызғымайтын қатып қалғаннан емес, бәлкім және бір жәуһардың
қызметкері болар. Рух адам жаратылысы болмысының асылы болар.
Барлық дене құрылысы соның қызметшісі. Сонда қалай ол өткінші
баянсыз болмақ? Сол тайпалар тобы рухты «дене» деп айтыпты.
Таңғаларлығы, тән тағдырын қабылдап, рух тағдырын қабылдамауында.
Жалпылап айтқанда, рух деп аталып, оның тағдыры қабыл
қылатыны не дегенде, төрт аяқты хайуандардың де денесінде рух бар ма
деген сауал туылады? Біздің рух асылы дейтініміз – Құдай тағаланың бізге
сыйлаған білім орны. Хайуандарда бұл рух жоқ. Рух – дене емес, бөлінетін
де емес, нәзік бір жәуһар десе болады. Періштелер осы жәуһар
жынысынан болар. Бұл рух ең бір нәзік ақиқатты танымақтық, оны
талдауға рұқсат жоқ. Әрі сопылықтың алғашқы жолында бұдарды танудың
қажеті жоқ – бұл дін қағидасының жолындағы алғашқы қиыншылық, яғни
дүние ләззатынан безу. Уақыты келіп сопылықтың шарттарын орнына
келтірген жағдайда, білім асылы пайда болады. Оны кісіден есітудің
қажеті болмас. Білім – тура жолға жетекшілік ететін жолбасшылар
сипатты. Хақ нұрлы Алла тағала Құранның Анкабут сүресінің 69-аятында
айтқанындай: «Біз үшін жанқиярлықпен күрескендерді, біз өзіміздің
жолымызбен алып жүреміз». Егер әрбір кісі қайратын тауыспастан
15
сопылық қиыншылықтарын жеңіп кемеліне келтірмесе, ол кісіге рух
ақиқатын баян қылмақ қажет емес. Алайда, ол күш-қайраттың тарихын
білмектен ілгері, ділдің сарбаздарын танымағы ләзім. Әр уақытта әрбір
кісінің сарбазы болмаса жеңіске қолы жетпес.
Төртінші тарау
Бес сезім
Білгейсің, дене – падиша ділдің мемлекеті болар. Осы мемлекетте
падиша ділдің түрлі-түрлі сарбаздары бар. «Мудассир» сүресінің 31-
аятында: «Пәруердігердің сарбаздарының (періштелерінің) санын өзінен
басқа білмес» депті. Алла ділді ерекше етіп жаратыпты, Ақырет үшін
ділдің мақсаты – әйімі бақыт талап қылмақта. Оның бақыты – Һақ
тағаланы танымақ, оның жарату құдіретін және жаратқан нәрселерін
білмекпен бірге пайда болғысы келетінінде. Бұл тұрғыдан қарағанда,
ғалам – жаралатындар тобынан, діл – ғалам ғажайыптарынан.
Алла тағала адамдарға бес қасиет беріпті. «Адамдар бұлардан
пайдалансын» депті. Бұл бес қасиеттің тұрар жайы дене болар. Әзіреті
нұрлы Алла тағалының ілім-білімінің аулайтын аушысы діл болады. Ал
діл сол бес қасиет – бес сезімнің қақпаны болар, ақиқатында көзге көрініп
тұрған дене, сол қақпанды көтеріп тұрған көлігі. Міне, сондықтан да ділге
көзге көрініп тұрған дененің қажеті бар. Сыртқы дене – судан, топырақтан,
ыстық-суықтан, ылғалдан сақтайды. Дененің күшсіз әлсіздігі түрлі-түрлі
жағдайларға байланысты. Дене ішкі жағынан – аштықтан, шөлдеуден,
және сыртқы жағынан – от, су, ұры, дұшпан, қаскөйлер тағы да басқа
себептерден қауіп-қатерде болады. Дененің ашығу, шөлдеу себебінен,
тағам және су шербетке қажетті жағдайы болады. Дененің ішпек және
жемек жағынан екі топ сарбазға қажеті бар. Бұл екі топ сарбаздың бір
тобы көзге көрініп тұрған – қол, аяқ, ауыз бен көз, киінбек; екінші тобы –
ішкі дүние сарбаздары, бұлар шаһуат және ғазаптардан тұрады. Тамақты
көрмей, талап қылу мүмкін емес. Дұшпанды көрмей, шабуыл жасамайды.
Сол сияқты ділге де қажетті нәрселер бар. Бұлардан сыртқы көзге
көрінетіндері бес сезім – бес қасиет, ол: көз, құлақ, мұрын, татып
білмектік, сипап, тұтып көрмектік. Бүл түйсіктердің ішкі жан-дүниеге
қатысы да бесеу болар: 1. Қиялдау, 2. Ойлау қуаты, 3. Еске сақтау-зейін
қуаты, 4. Түйсік пен қабылдау қуаты, 5. Сезім мен ерік қуаты. Бұл бес
қасиеттің тұрақты жайын ми деп атайды.
Осы қасиеттердің әрбіріне қатысты өзіне ғана тән атқаратын іс-
әрекет амалдары бар. Осы қасиеттердің біреуінің орындалуына қарсылық
туылса адамдардың атқаратын ісіне де қарсылық пайда болады және бұл
сарбаздардың бәрі де, ішкі және тысқы ділдің жарлығына бағынады. Діл –
16
бұлардың әмірші падишасы. Ол, кейде тілге жарлық берсе – сөзге келер,
егер қолға жарлық берсе – бір нәрсені ұстар, кейде аяққа жарлық берсе –
әрекетке кірісіп журер, көзге жарлық берсе – көрер, ой қуатына жарлық
берсе – ой-пікір ісімен шұғылданар. Жалпылап айтсақ, ол сарбаздардың
бәрін падиша ділдің мүддесіне, жарлығына бағындырыпты. Әрдайым
падиша діл бұл сарбаздардың күшімен дене мемлекетін дұшпандар
шабуылынан сақтап, ақырет сапары жол азығын дайындап, өзінің баратын
жері, яғни Алла тағаланың ілім-білімінің мекені – ақырет қамын жейтін
жайға жеткізіп, бақыт ұрығын шашады. Бұл сарбаз, падиша ділдің
қарауында болып, періштелердің Хақ тағала қарауында болғаны сияқты,
жарлығын мүлтіксіз орындайды. Өз ықтияры, қалауы бойынша
тапсырмаларын беріп отырады.
Бесінші тарау
Діл қызметкерлері
Ділдің сарбаздары жайлы баяндау біраз ұзаққа созылар. Солай болса
да, мысалдармен баяндап берейін. Денені, мысалы, бір шаһарға теңесек,
қол, аяқ, денедегі басқа да мүшелер – сол шаһар өнершілерше ұқсайды.
Шаһуат зауқы шаһар халқынан алым-салық жинаушысына ұқсайды. Ғазап
бұл шаһардың түнгі падишасы сипатты. Діл дегеніміз сол шаһардың
падишасы, ақыл – оның уәзірі. Падишаларға бұлардың ауадай қажеті бар.
Өйткені, мемлекет ісі тек осылармен бірге орындалады. Ал шаһуат –
алым-салық жинаушы амалдарға ұқсас, жалғаншы мен жаман қылықты,
ақты «қара» дейтіндер сияқтысы да болады. Әрқалай жағдайда уәзір-ақыл
айтар, шаһуат оған қарама-қарсы іс қылуды қалайды. Әрдайым қалауы
мол байлық болар. Ол, дене мемлекетінде баршылық, одан салық
сылтауымен өзіне көбірек алуға тырысады. Ғазап болса, шаһардың түнгі
падишасы – қатты, қайсар, наһақ жаман істерден қорықпайтыннан болады.
Әруақытта өлтірмек, сындырмақ, жаман істерді істеп, қан төкпекті
жаратар. Сондықтан бір шаһардың падишасы әрбір істі уәзірімен бірге
істеп, қызметкер шабармандарының құлағын бұрап отырса, сол сияқты
қызметкерлерінің жаман істерін әшкерелеп, тиым салып, түн падишасын
да уәзірі қарамағында мықтап ұқыптылықпен ұстап, артық қадам
бастырмастан қадағалап отырса ғана мемлекет ісі өз дәрежесінде болар.
Бұған қоса падиша діл уәзірдің кеңесімен ақылдасып іс қылса, шаһуат,
ғазап жайын уәзірдің ақыл зердесінен тыс қалдырмай, жарлығының
шегінде, дене мемлекеті оның иелігінде болар. Сонымен қатар, бақыт
жолын тауып, Хақ тағаланың ілім-білімінен баһар алар. Егер уәзір ақылды
шаһуат және ғазап қолына тұтқын қылса, дене мемлекеті ойрандалып,
падиша діл де тұтқын болып, бақытсыздыққа тап болар.
17
Алтыншы тарау
Діл қалауы (Діл сезімі)
Жоғардағы айтылған сөздерден біліп алдың, ғазап және шаһуатты –
жемек және ішпек, денені сақтамақ үшін жаратыпты. Солай болса, ғазап
пен шаһуат дененің қызметкері болар. Дене – жоғарыда айтылған бес
сезімді көтеру үшін жаралыпты. Сонда дене сезімдердің қызметкері
болмақ және оның қалауы, уәзір-ақылға тыңшы болмақ үшін
жаратылыпты. Анығында, ақыл сезімдер жәрдемімен Хақ тағаланың
ғажайып сирек кездесетін құдіреттерін білер. Қалау сезімінің өзі ақылдың
қызметкері болар, ақылды діл үшін жаратыпты, ақыл – ділдің шамшырағы
болар. Сондықтан да ол шам нұрымен Әзіреті пәруердігердің нұрлы
жамалын іздейді, ол – жамалы кемелденген падиша ділдің жәнаттында
болар. Сондықтан да ақыл – ділдің қызметкері болар.
Ділді Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағала кемел жамалын іздеу үшін
жаратыпты. Сәті түсіп сол кемел жамал нәсіп болса, Хақ тағаланың
қызметкері және пендесі екендігіне лайықты болғаны. Сондықтан, Алла
тағала, Ва-з-зорият сүресінің 56-аятында: «Мен жын-періні және
адамдарды мені тану және ғибадат қылу үшін жараттым» депті. Олай
болса, падиша ділді сый етіп, оған мемлекет пен сарбазын сеніп
тапсырыпты, дене дейтін мінетін көлігін де беріпті. Бұл мінетін көлік
сарбазы, көмекшілерімен бірге ғалам топырағынан биіктің ең биігіне
сапар қылар. Бұл жердегі несібе, ризықтарын тауысу үшін және пенделік
шартын орнына келтірмекті қаласа діл падишаның басшысы мемлекет
басында отырар. Хақ тағала жамалын көруді мақсат қылар. Ақыретті отан
тұрағы – денені мінетін көлік етіп, дүниені шолақ деп түсінер. Ақылды –
уәзір, қол-аяқ, басқа мүшелерді – қызметкер және шаһуатты – ақылдың
көмекшісі қылғай. Ғазапты – падиша қалауының тыңшысы етіп, бұлардың
әрбірін бір іске жегіп, ғалам хабарларын біліп отырғай.
Қиял-қуатының көмейін толтырарлықтай қазынамен қамтамасыз
еткен жөн. Өйткені хат-хабарларды қиял жүзеге асырып, оны сақтап, өз
уақытында уәзір-ақылға арыз етер. Уәзір-ақыл бұлардан хабардар болып,
райына қарай мемлекет ісін жайғастырып орнына қойып, падиша ділдің
сапарының керек-жарағын дайындап берер.
Кейде бұл сарбаздардың бірі, мысалы шаһуат ләззәті, ашу-ғазәбы,
бұдан басқасы да падиша ділге жақын болғансып ділдің бағытынан жүз
үйіріп қарақшылық жасаса, уәзір-ақыл бұлардың амалын тауып, керекті
жағдайда күрес жүргізіп, жеңіп, есебін тауып жөнге салғай. Оларды
өлтірмегені мақұл, өлтірсе мемлекет ісі бұларсыз ойдағыдай орындалмас,
бәлкім бұларды тағат ибадатқа мойын ұсындырып, мәртебеге жеткізгені
жөн. Өйткені, олар сапар шебінің алдында жүреді. Қанша қас, жолтосар
18
қарақшылар болса да, падиша ділге дос-жаран, жолдас болады. Егер де
уақытты сәтімен бұл сипатта дос-жаран болса, бақыттылық нышаны мен
үлесіне ие болғаны. Егер олай болмаған жағдайда ана мен мынаның
шылауында кетіп қаскөй дұшпан, қарақшылар қармағына түссе, бақытқа
қолы жете алмас және оның жазаларын тартып қиыншылықтарын көрер.
Ғалам иесі – Алла!
Жетінші тарау
Діл қалауы сипаттары
Діл ғаламында адам денесі шаһаріндегі сарбаздарының әрбірінің
алыс-беріс қатынастары бар, падиша ділге бұл сипаттардың әрбірінен әр
бөлек сипаттағы жағдайлар да болар. Бұл қасиеттердің бағзы бірі жаман
сипаттардан болып, падиша ділді құртқысы келетіндер қатарында
болатынын білгені жөн. Кейбіреулері жақсы сипаттардан, олармен діл
падиша тағдырлас болып бақытқа қолы жетер. Бұл қатынастарды айта
берсек есепсіз. Жалпы, оны төрт бөлікке айыруға болады: 1. Төртаяқты
хайуандар сипатындағы қатынас-байланыстар; 2. Жыртқыштар
сипатындағы қатынас-байланыстар; 3. Дию-шайтан сипатындағы қатынас-
байланыстар; 4. Періштелер сипатындағы қатынас-байланыстар.
Сол сияқты адам денесінде шаһуат ләззатын жаратыпты. Оның
қалауы төртаяқты хайуандар ісін істемек: азарлау, ішпек, жемек, жыныс
қатынасын жасамақ. Және осы денеде ашу ғазабын да жаратыпты, оның
қалауы – ит, бөрі, арыстан сияқты жыртқыштардың ісін істемек. Сонымен
қатар балағаттап сөгу, ұру, өлтіру, халыққа қолмен, тілмен азар беру
сияқты басқа да қастандықтарды жаратты.
Дию-шайтан сипатындағылар қалауы – мекерлік, ила-әдіс қолданып
ақты «қара» деп, халық арасында қулық пен сұмдық, аярлықты
асқындыру. Адам денесінде ақылды пайда қылыпты, оның қалауы –
періштелер ісін қылмақтық, ол ғұламалар мен ілімді дос тұтып, жаман
істерден бойын тартып, халық арасында туралыққа жол ашып, қысастық,
бақылдық, мейірімсіздік пен қаталдықтан өзін тоқтатпақ, жақсы істерімен
шаттанбақ, надандықты ар, намыс қылмаққа шақырады.
Ақиқатында адам денесіне тән төрт сипат бар. Олар: иттік,
доңыздық және диюлық пен періштелік. Осылардан иттің халық арасында
жексұрын, жаман атануы, оның бас, аяқ терісі басқа да сыртқы суретіне
байланысты емес. Оның ішіндегі жаман сипаттарынан, халыққа азар
беруінен, жаман нәрселерге құмарлығына байланысты. Доңыз сыртқы
сипатына байланысты ғана емес, ішкі дүниесінің настығы, лас жаман
нәрселерге құмарлығынан жексұрын атаққа ие.
Сонымен, рухтың ақиқаттын және ішкі жан-дүниесіндегі иттік және
доңыздық сипаттарды аңғардың. Енді мағыналарын да осыған сай
19
пайымдауға болады. Айтылған нұсқаларда адамға жарлық беріп
келтірілген нұр – періштелердің нұры сипаттас. Ол нұрмен шайтанның
мекерлік айла тәсілін біледі екен. Сондықтан да шайтан мекерлік пен
пітна-құлыққа жол таппай қор болады екен. Сондықтан Әзіреті рассули
әкрам саллалаху Әлей уасаллам айтқан екен: «Әр адамның бір шайтаны
бар және менің де шайтаным бар. Бірақ, Құдай тағала мені ол шайтаннан
басым етіпті. Шайтан менің ашу-қаһарымның қолында – тұтқын. Менің
қолымнан шығып ешқандай залал жасай алмас» депті. Адамға жарлық
етіпті, ышқуаздық шаһуат-доңызы және ашу-итті әдеппен ұстап, ақылдың
алақанынан шығармау қажет. Ақылдың жарлығынан тыс қадам баспауға
тиісті. Егер бұл жағдайлар орындалса жақсы сипаттар пайда болып бақыт-
сағадат ұрығын қолыңа келтіресің. Егер бұлай болмай шаһуат құмарлығы,
ашу ғазабы алдында қызмет істесе, адамгершілікке жат сипаттар пайда
болып, шаһуат-құмарлық ұрығын қолыңа келтірерсің. Егер өз хал-жайын
дәрменсіздік, ұйқысыздық немесе ұйқыдағы жағдайда ұстаса, сөз жоқ
доңыздың, не иттің және шайтанның алдында қолы байланғанын
көресіздер.
Кімде-кім бір мұсылманды кәпірдің қолында тұтқында көрсе, ол
мұсылманның күнді қалай кешетіні белгілі жағдай. Ал адам періштені,
иттің немесе доңыздың, я болмаса диюдің қолында тұтқын екенін көрсе,
оның жағдайы одан да төмен болатыны белгілі жайт. Ғалам халқы егер
нысап қылса, істеген амалдарын есептесе, күндіз-түні жан-дүниесінің
қалауына қызмет кемерін байлағанын көреміз. Бұлардың халі шын мәнінде
осындай. Олардың суреттері адамға ұқсар, қиямет пердесі ашылғанда
олардың шын мағынасы әшкере болар. Суретімен де мағынасымен де
өздерінің шын бейнесін көрсетер. Егер ол кісінің шаһуат құмарлығы
басым болса, қиямет күні халық көзіне доңыз суретінде көрінер. Ғазап
ашуы басым кісілер, ит не бөрі суретінде көрінер. Осы бір жағдайларға
байланысты анықтық – егер адам түсінде итті не бөріні көрсе, оның жоруы
залым дұшпанға тап болар. Егер түсінде доңызды көрсе, оның жоруы нас,
лас жаман адамға кездесер. Сондықтан да ұйқы өлімнің бір белгісі, інісі
деуге де болады. Аңдағанға ұйқының өзі, бұл ғаламнан жырақта екен.
Сурет – мағына-мәннің бағынышты көлеңкесі. Әр адам ішкі жан-
дүниесіне сай көрінгісі келер. Бұлардың мән-мағыналарын талдай беру
бұл кітаптың ауқымына сыймайды.
Сегізінші тарау
Ішкі дүниенің төрт қызметкерін бағындыру
Ішкі жан-дүниеңде төрт қызметкердің барын білетін боларсың:
отырмақ және тұрмақ, тіпті әр түрлі жағдайда өз әліңе ықтиятпенен
қарағын, бұл төрт бұйрық берушілердің қайсысына бойұсынатыныңды
20
анықтап алғын. Әрбір пейіл құны саған жүз беріп байқала қалса, ол
пейілдің бір сипаты көңіліңде сақталсын.
Көңілің жай тауып, ол ғаламға сенімен бірге барар. Бұл сипаттарды
адамгерішлік дейді. Барлық адамгершілік, осы айтылған төрт іс
жүргізушілерге байланысты пайда болар. Егер шаһуат доңызының
ықпалында болсаң, сенде ұятсыздық, нас, ластық сипаты, құмарлық,
бақылдық пен қарабеттік, бұлардан да басқа жаман сипаттар пайда болар.
Егер төмен шаһуатты, яғни доңыз шаһуатты нәпсіні жеңіп, оны қолға алып
әдеппен ұстасаң, сенің қол астыңда тәртіп пен қанағат сипаты және ұят,
парасаттылық, зеректік,
тақуалық, яғни пәктік, дәмеленбеушілік сипаттар
пайда болар. Егер ашу иттің ықпалында болсаң, сенде жаман істерге
бейімділік, настық, ожарлық және өзін жоғары, өзгені төмем қор санамақ,
халыққа азар бермек және бұдан да басқа жаман сипаттар пайда болар.
Егер ашу итті өз билігіңде әдеппен тұтсаң, сенде сабыр сипаты және
біреудің ауырын көтермек, кешірімділік, қошкөңілділік, жомарттық
сияқты сипаттар пайда болады. Егер, ол шайтанның ісін істегісі келсе,
оның ісі шаһуат доңызы мен ашу итті орнынан қозғап, бұларды шыр
айналдырып, ила-мекерлігін үйретер, Сонымен, шайтанның ықпалында
болсаң, сен де жақсы амалдан қиянат сипатын қолдап, ақты «қара» деп көз
бояп, халыққа теріс жол көрсетіп, тура жолдан адасарсың. Бұдан басқа да
жаман істер көрініс беруі ықтимал. Егер, ол шайтанның мекерлігін
істемей, оның мекерлік иласына кіріптар болмаса, яғни алданбаса ақыл
сарбазына жар жолдас болса, сенде ұлықтық қасиет және ілім, білім,
хикмет, жақсылыққа жаны құмар көсемдік сипаттар пайда болар. Бұл
жақсы қасиеттер сенің ықтиярыңда дәйімі болса бақыт ұрығын қолыңа
келтірерсің. Жамандық туындайтын кейбір пейілдер бар, оны күнә деп
атайды. Кейбір пейіл-құн болады – олардан жақсы сипаттар пайда болады,
оны тағат деп атайды. Адамдардың өлмек-тұрмағы осы екі жағдайдан шет
болмайды. Шын мәнінде, адам ділі раушан-айна сияқты. Ал жаман
сипаттар зұлматқа ұқсар. Егер діл айнасын шаң басатын болса, сөз жоқ
оны қараңғыландырар, қиямет күні Әзіреті пәруәрдігердің жамалын, өз
кемелін де көре алмастан мақұрым қалар.
Ал, жақсы сипаттар нұрға ұқсас, ол нұр – діл айнасында қарар тапса,
барлық зұлмат күнәларды айқын көрсетіп тұрар. Осыған байланысты
Әзіреті расулі әкірам саллалаху әлейкі уассалам айтыпты: «Әрбір жаман
амалдан кейін бір жақсы амал істегін, сол жақсы амалың жаман істеріңді
жоқ қылар». Сонымен қиямет күнінде раушан ділдер Алла тағаланың
пенделеріне мархаббат қылады екен. Ол жәнінде Шура сүресінің 88-89-
аятында: «Күнәкәрларға малы, дүниесі мен перзенттері пайда бермейді,
Хақ тағаланың кеңдігіне раушан, пәк қалыбында келгенде ғана пайда
береді» депті.
Қорыта айтқанда, адам ділі, шындығында, темірге ұқсас, сондықтан
айна сияқты раушанданып тұрар. Егер, айнаны таза және пәк ұстаса,
21
барлық нәрсе одан жарқын көрінер. Егер ол айнаны шаң-тозаң басса, оның
ішінен еш нәрсе де көрінбес. Осы жайында Һақ тағала Мүтаффифун
сүресінің 1-аятында: «Ақиқат биігін шаң баспаған жағдайда адамдар
қылған амалдарын көңіл айнасынан көрер», - депті.
Достарыңызбен бөлісу: |