Күй құДіреті
(Ығылман Әлжанов туралы)
Күйші тұғырға қонған қара бауыр қаршығадай қомдана
беріп, қос ішекті қағып-қағып жіберді. Домбыраның зарлы
үні жүйке-жүйені жібітіп, күжірене жөнелді. Күй әңгіме
шертеді, күй жырлайды, күй жылайды. Осы бір қайғылы
оқиғаны зарлана, күңірене алдыңызға әкеледі, Сіз шыдай ал-
майсыз. Қолыңыз ысып, маңдайыңыз бусана бастайды. Қос
тамшы көзіңіздің ұшына кеп үйіріле қалады. Денеңіз дуыл-
дап, бар дүниені ұмытасыз. Домбыра да, керек десеңіз күйші
де – бәрі-бәрі ұмыт болады. Тек сол бір суретті айна-қатесіз
жеткізген осынау егіз ішектің ғажайып үні жүрегіңнің тү-
біне кіріп алып, еріксіз «О, шіркін, дүние-ай!» дегізеді.
Кенет мынау отырған күйші аға қаһарлы ханның қарсы
алдында қасқая отырып қаралы ойды күй құдіретімен
жеткізген жетім баладай елестейді. Міне, қас-қабағы түксиіп
«мына күйші қайтед» дегендей боп биік тақта хан отыр,
үрейлері ұшқан уәзірлер мен хан тобыры қайда тығыларын
білмей аңырып қалған. Күйші қолындағы домбыра ғана
бебеулейді, безек қағады. Бар дүниені билеп алған сол дом-
быра, сол ырғақ, сол күй, сол күйші.
Ол аңға шыққан хан баласының өкінішті жорығын зар-
лана жеткізеді. Бір сәт ханзаданың асқақ бейнесі елестейді.
Ол паң. Айналасына иек қақса жанын құрбан етуге әзір
тұрған нөкерлер, құсбегі, тазы жүгірткіш – аңшылар. Бұлар
хан баласының көңілін көтермек, бойын сергітпек. Оның
астындағы ақтанау ұшқан құсқа жететін желден жүйрік
жануар. Айналаға алақ-жұлақ қарап, сақ келе жатқан топ
бір кезде қиқулады да қалды. Көз ұшында құлан үйірі
көрінді. Даланың ерке жүйрігі хан баласының қылығын
жақтырмағандай осқырынып алды да, жалт бұрылып жөніне
кетті. Тақым қысуды тақырши күткен ақтанау оқтай аты-
лып шыға берді. Көз ұшында көрінген құлан бірте-бірте
жақындады.
Бала зулаған бойда жебені тартып келеді. Бірде-бірі да-
рымайды. Дарытпайды қасиетті жануар. Бірақ соңғы оқ
287
құлан тірсегіне қадалды. Жанына батқан жарақатты ауыр-
сынған бишара жалтақ-жалтақ қарап, құтылудың амалын
ойлайды. Бар күш үш аяққа түскен соң қиналады кеп. Олай
қашты ойқастап, былай қашты. Ақтанаудың арыны барған
сайын үдеп барады. Құлан да мұны сезгендей, енді орғыта
шауып, бұлтыңға сала бастады. Бала шорт бұрылыстардан
бірнеше рет аттан түсіп қала жаздады.
Арттағылар бір сұмдықтың боларын сезгендей, алыс-
тан «Опырмайлап», «Тақсыр, аттың басын тарт, тарт!» деп
айқайлап келеді. Еліріп алған бала тыңдамайды, өршелене
түседі. Қуып жетіп тірідей ұстап, қызығына батпақшы.
Желіккен көңіл баланы ажал оғына жем қылғалы келеді.
Әдіс, айланы былай қойып, көзсіз батырлық жасамақ.
Қайтерсің? Талай қуғынды көріп, тар қыспақтан құтылған
құлан енді қашуды қойып, сойқан істі бастағалы кері
ұмтылды.
Топ шеңгелдің түбін айнала шауып әлек болған бала-
ны ақыры қос аяқпен қағып жіберді. Ұшып түсті бала. Тіл
тартпай кетті. Ақтанау ойнап шыға келді. Ойқастап барып
қайта оралды. Баланың басынан иіскеп шыңғырып жіберді.
Сұмдық оқиға оның да жанына батқандай көзінен жас мөлт-
мөлт төгіледі. Ал құлан ше?.. Құлан кең далада көсіле жор-
тып, сонау белден бір-ақ асты. Енді қауіптің жоғын білген
соң, кері бұрылды да, мазақ еткендей мекіреніп жіберді. Ол
шоқ, шоқ дегендей, сақ-сақ күліп даланы басына көтеріп
барады. Ал қаралы топ күңіренген күйі қала берді...
Бәрінен де қиыны қайырымсыз Жошы ханға жалғыз
баласының қазасын батылы барып кім айтар, қалай айтар?..
Осынау топтың бәрінен де батыл, бәрінен де әділ, бәрінен де
тапқыр күйші болды. «Мен айтамын ханға» деді ол. «Мен
жеткізе алмасам, домбырам жеткізеді» деді ол. Топ күйшіге
сүйінді, алал домбырасына сенді... Домбыра безек қағып,
жан ұшыра сөйлеп отыр, жырлап отыр, жылап отыр. Күй
аяқталар-аяқталмастан-ақ хан басын оқыс көтеріп ап: «Не
дейді мынау, не сұмдықты айтып отыр мына күй?! О, дү-
ние!.. Жалған! Жалғызың кетті... Тамырың қиылды, ша-
288
ңырағың ортаға түсіп ойран болды – дейді ғой мына дом-
быра» деп хан өкіре құлады. Домбыра кілт тоқтады. Жым-
жырт үнсіздік. Ауыр қайғыдан есеңгіреген хан ызаға бу-
лығып, бар қаһарын күйшіден алмақ. «Өшіріңдер мынаның
зарлы үнін!.. Құлағына қорғасын құйыңдар! Енді қайтып
еш нәрсені естімесін, еш нәрсені айтпасын». Хан жарлығы
қатал. Жазықсыз жан жапа шекпек. Күйші атып тұрып, дом-
быраны хан алдына тоса берді.
– Міне, тақсыр, құйсаңыз мынаның құлағына құйы-
ңыз. Бұл болмаса мен не айта алам?..
Уәжден тосылған хан амалсыз отырып қалған екен.
Мінеки, «Ақсақ құлан» күйінің айтары осы. Қаһарлы хан
бейнесі, өнер-иесінің өлмес кейпі, жаралы құланның жан
ұшыра қашуы домбыраның зарлы үнімен астасып, керемет
өрнек жасайды.
Күй біткен соң ғана сіз ес жиып, алдыңызда отырған
адамның кім екенін ұғасыз. Әлгінде ғана түрленіп, өсіп,
құлпырып, қозып кеткен күйші енді бәз-баяғы биязы қалпы-
на көшіпті. Домбырасын мейірлене сипап отыр. Ол сөзге
сараң адам. Әңгімесін күймен ғана айтады. Оның күйін
тыңдап, жанын ұққандай боласыз. Оның бар қасиеті, бар
құдіреті күй арқылы көрінеді. Әлгі «Ақсақ құлан» аңызымен
сізді жетелеп, қиын бір кездерге алып кеткен осы күйші.
Домбыраның үнін алуан саққа салып, адам жанын тебірен-
тер әуездерді күңіренткен мынау он саусаққа қайран қала-
сыз. Сол саусақтар өнер адамының өмір жолын домбыраға
өрнектеп салып жатқандай әсер етеді. Ол тартқан күйлер
Ығылман Әлжанов деген есімнің әрбір әрпін музыканың
ғажайып үнімен шебер құрастырып тұрғандай болады.
Ата-бабаның келер ұрпаққа тастап кеткен небір асыл
мүлкі бар. Сол асылдардың ішіндегі асылы күйлер, әндер.
Халқымыздың тарихын сан түрге бөлеп, сәулеттендіріп тұр-
ған әндер мен күйлерді ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа
алып келе жатқан есімі аңызға айналған адамдар бар. Олар
әншілер мен күйшілер, жыршылар. Ығылман Әлжанов со-
лардың жалғасы, солардан өнер эстафетасын алған адам, сол
топтың өкілі.
289
Өнер жолы – қызық жол. Оның соқтықпалы, соқпақты
салалары сан алуан. Әлжановтың да өнер әлеміне қилы-
қилы кезеңдерді кешіп келгені мәлім.
Өнерге құштарлық қалай басталып еді, өзі. Мінезі
ауыр адамды, дүниеде, сөйлету қиын. Әңгіме айтудан гөрі
домбыраны шертуді жеңіл көреді. Сонысынан болар, онан
да мына күйді тартып берейін деп тағы да домбыраны
сөйлете жөнеледі. Күйдің ырғағымен отырып, қазір елуді
алқымдап қалған Әлжановтың туған ауылын көз алдыма
келтіремін. Оның қара борбай балалық шағын ойға аламын.
1925 жыл... Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауда-
ны, әйгілі Сүттігенді көлінің маңы. Мыңдаған қарапайым
қазақ отбасылары сияқты Әлжандар да күнделікті тірші-
ліктің күйбеңімен әлек боп жатты. Жетіден асып ат мінуге
жарап қалған баласы Ығылман бұларға әжептеуір алданыш.
Әрнәрсеге әуес-ақ... Кейде кісі үйінде көріп қалған домбы-
раны ұзақ айналдырып, айырылмайтын қылықты шығарып
жүр. Әке-шешеден гөрі баланың талабын ерте байқаған
нағашысы Қызыл Құрмаш болды. Ол өзі әрі аңшы, әрі дом-
бырашы серілеу жігіт болатын. Ол келген сайын бала соған
үйіріліп, әжептәуір көңілі өсіп қалатын. Бір күні Қызыл
Құрмаш тағы келді. Құры келмеді, қойын-қонышы тола кел-
ді. Жиеніне тобылғы сапты қамшы мен қолдан шауып қашап
істеген қызыл қүрең домбыра әкелді. Шешесіне сандық
істепті.
Ығылманның қуанышында шек жоқ. Төбесі көкке жет-
ті. «Жиенім, Құрманғазы атаңның жолын қусаң, қор бол-
массың» деді нағашы. Осы сөз жас баланың көңілінде мәңгі
қалып қойған. Ешуақытта естен шығарған емес. Домбыраға
деген ынтықтығы өршіп келе жатқанда мейірімсіз тағдыр
әке-шешені жұлып әкетті. Бірақ Ығылман далада қалған
жоқ. Аялы алақанның қамқорлығына көшті. 1930 жылы
Орал қаласындағы №6 балалар үйіне кіреді. Еш нәрседен
жоқшылық көрмейді. 1935 жылдың 18 шілдесіне дейін
осында болады. Бұл кезде ЬІғылман домбыраны жап-жақсы
тартатын халге жетеді. Баяғы домбырамен ол талай-та-
290
лай концертке қатысып, сол төңірекке белгілі күйшілерден
күй үйренеді. Әсіресе облыстың радиокомитетте істейтін
Кәуен домбырашының жәрдемі көп тиді. Туған Сүттігенді
көлінің маңына демалысқа барғанда Қуаныш, Қангерей
деген күйшілерді жалықпай тыңдайды. Олардан да талай
күйді жатқа үйренеді. Сөйтіп сол кездің өзінде-ақ Орал
өңіріне домбырашы-бала деген аты тарай бастайды.
Әлжановтың өміріне күрт өзгеріс енгізген оқиға – ака-
демик Ахмет Жұбановтың 1935 жылы Оралға баруы болды.
Бұл қазақ мәдениеті мен өнерінің қаулап өсіп келе жатқан
алғашқы кезеңі еді. Кең-байтақ жерімізді кезіп жүрген
әнші, күйші, жыршыларды іздеп тауып, орталықа жинап
жатқан мезгіл. Осыдан бір жыл бұрын А. Жұбанов бірне-
ше домбыраның басын қосып, қазақ елінің тұңғыш ор-
кестрін ұйымдастырған болатын. Ол Оралға сол оркестрді
ала барған-ды. Көп домбараны қосып тартуға болатынын
тұңғыш көрген қазақтар таңдана қол соғып жатты. Ахаңның
басқаруындағы бұл топ екі түрлі қызмет атқарды. Бірінші-
ден, қазақ өнерін халқымызға кең насихаттаса, екіншіден,
сол өнер өкілдерін сарыла іздеп тауып, қомақты музыка
коллективін жасады. Міне, бұл оркестрдің өнер тарихында-
ғы осындай ерекше рөлін жақында өткен оркестрдің
30 жылдың мерекесі айқын көрсетті. Әлжановтың да өмірі
осы оркестрмен байланысты.
Оралдағы концертті көрген соң Ы. Әлжанов шыдай
алмай оркестрге өзі келеді. А. Жұбанов және атақты дом-
бырашылар Науша Бөкейханов пен Мәлік Жаппасбаевтар
тыңдап, жас жігіттің өнеріне риза болады да, өздерімен
бірге Алматыға ала кетеді. Нағыз өнер жолы енді бастал-
ды. Бұрын қалай үйренген, солай қара дүрсін тарта бере-
тін күйдің кейбірі қайта қаралып, қағыс та, перне басу да
тәртіпке түсті. Күй тартудың техникасы және әрбір күйдің
мазмұны, айтар әңгімесіне байланысты өзіндік стилі бола-
тыны туралы, жалпы музыка дүниесінің көптеген мәселелері
жайында әңгіме-лекциялар тыңдап, көзін ашады. Нота
үйренеді. Бірте-бірте Әлжановтың өзіндік бағыты байқала
291
бастайды. Және бір тартқанды қағып алатын қасиеті, жады
Ахаңның да, оркестрдің басшы домбырашыларының да
көзіне ілігеді.
1937 жылы атақты Динаның күйлерін үйренуге төрт
кісі белгіленеді. Соның бірі Ы. Әлжанов. Осы тұста Ығаң
«Қайран шешемді» боздата жөнеп еді, Құрманғазы баба-
мыздың алып тұлғасы алдыңа кеп тұра қалғандай, қайта
жанғандай болды. Күй тартудағы Динаның стилі, домбыра
қағысы үлкен дүние. Оны игеру кез келген адамның қолы-
нан келе бермеген. Міне, осыны байқаған акад. А. Жұбанов
алғыр деген төрт жігітті бөлген. Динаның өз күйінен басқа
білетіндері де ұшан-теңіз. Соны кейінгі ұрпаққа алып қалу
өте маңызды істің бірі. Бүгінгі күні, егер Динаша тарта-
тын адамды іздесек, алдымен Ы. Әлжанов еске түседі, егер
қазақтың күй өнеріндегі ерекше тұлға боп өткен Динаның
қазынасын түгел меңгерген күйші бар ма десек, алдыман
Ы. Әжанов тілге оралады. Сол бір 1937 жылдан былай
қарай Ы. Әлжанов өз өмірін Дина творчествосына бағыш-
тайды. Оның ғажайып еңбек сүйгіштігінің арқасында Дина
қалдырған мол дүние жинақталып отыр. Қазына иесі Әл-
жанов.
Динаның домбыра тартудағы күллі құпиясы бір сәт көз
алдымыздан өтіп жатыр, өтіп жатыр... Қасиетті ананың
«Домалатпасын» құйыңдай ұйтқыта жөнелгенде саусақ-
тарға зер салыңызшы.
Көз ілеспей жүйткізді-ай келіп. Шынында да, құйын
дерсіз. Алуан қағыстың астында сол қолдың қалайша үл-
геретініне қайран қаласыз. Төбеден түскендей тасырлата
жөнейтін күйшілер де болады. Әдетте мұндайлардың тарт-
қанынан тарсылы көбейіп кетіп, күйдің күллі қасиеті жете
алмай жатады. Алғашқыда астын-үстін қағыстырды жү-
гірте жөнелген Ығаңа да күдіктене қарайсыз. Япырай,
бүлдіретін болды-ау деген ой көкейіңізде тұрады. Бірақ
бірте-бірте бауырын жазып алған күйші әлгіндей ойдың
быт-шытын шығарып, өзіңізді әбден баурап алады. Көз
алдыңызда бір құдіретті күштің иесі отырғандай көрінеді.
292
Күйдің он екі мүшесі қызметіне түгел кірісіп, талай-талай
қиялдарға мегзейді. Жақсы есімдер жетегінде кете бара-
сыз. Сол бір тәтті арманның ізіне түсіп алып, айырылғыңыз
келмейді-ақ. Күйдің құдіреті осынысында ғой.
Кезінде күйшінің көбі Динаның домбыра тарту стиліне
төзе алмай, қиындықтан қашыңқыраған.
Сол бөлінген біраз күйшінің ішінде Ы. Әлжанов қана
аяулы ананың ғажайып өнерін түгел игеріп, келер ұрпаққа
ұзатып салып отыр. Осының өзі-ақ зерделі адамға біраз
нәрсені аңғартқандай. Динаның күйлерін Ү. Омаров, Ә. Ес-
қалиев сияқты атақты күйшілер тартады. Бұлардың орын-
дау стилі де тыңдаушыға керемет ләззат әкеледі. Шебер-ақ.
Таңдайды қағып отырасыз. Ал Әлжановтың орындауындағы
күйлер басқаша естіледі. Мәселен, мынау «Бұлбұл» Үріс-
тембек пен Әзидолла бұлбұлынан өзгешелеу. Динаның өзі
жасаған сурет бар мұнда. Мұнан Динаның ойын оқығандай
боласыз. Жалпы қандай күйді тартқанда да Әлжанов Ди-
наның ұлылығын, өзінің шеберлігін танытады. «Қара қасқа
ат»-ты тыңдаңызшы, аспанға шапшыған кербез аттың жү-
рісі көз алдыңызға келеді. Жалт-жұлт етіп, секіріп, ырғала
жортып ауыздықпен алысып, ұзап бара жатқан қарақасқа ат
ойыңызда қалып қояды.
Енді бірде қазақ қауымының ырысы – көген маңындағы
көріністерге көз саласыз. Маңыраған қой, көгендеулі қозы,
қиқулаған малшы кешкі мезгілді басына көтеріп, азан да
қазан боп жатқан сәт. Табиғат сұлулана бой тарап, күнді
иығынан асырып, алысқа ұзатып салып тұр. Төңірек тір-
шілік тынысына елтіп, ерекше бір заңдылыққа бағынғандай
балбырайды. «Көгентүн» осындай әсер береді. Мұның қа-
ғысы, құрылысы тіпті ерекше.
Дина жасының ұлғайған шағында заманының елеулі
кезеңдерін халқының қуанышы мен қайғысын егіз ішекке
түсіріп кетуді мақсат еткен. Оның қайсыбір күйін алсаңыз
да осы игі ниеттің куәсіндей жайтты байқайсыз. «16 жыл»,
«8 март», «Тойбастар», «Партия туралы күй», «Жігер»
293
осыған дәлел. Мұның қай-қайсысы да сол тақырып тө-
ңірегінде өзек қылын шертіп, музыкада әсем өрнек жасай-
ды. Осының бәрі Әлжанов әңгімелеуінде тіпті жанданып
кететін сияқты. Ол Динаның ішкі дүниесін, күйлерінің жа-
нын тамаша таныған. Міне, сондықтан ол Дина күйлерін
орындауға келгенде өзгелерден бөлек тұрады.
Қазір атағы шартарапқа кеткен Құрманғазы оркестрі-
нің репертуарын байытуда да Әлжановтың өзіндік үлесі
бар. Жоғарыда аталған «16 жыл», «Тойбастар», «Әсем қоңыр»,
«8 март», «Партия туралы» күйлері осы күйшінің орын-
дауынан жазылып, оркестрге түскен. Оркестрге түспегені
қаншама. Әсіресе «Жеңіс», «Жігер» күйлерін айтсаңызшы!..
«Жеңісте» жүректі кернеген қуаныш домбыраға түсіп, сол
арқылы әрбір адамның кеудесінде шаттық отын маздатып
жатқандай болады. Мұнда ананың ақ тілегі, елін, ерін, ұлын
сағынған жанның мұңы бар. Бұл пессимизмге толы мұң
емес, оптимистік күш-жігерге толы қуатты мұң. Жауын жең-
ген елдің орынды мақтанышы бар. Еліне, елінің еріне сүй-
сінген ананың махаббаты бар. Әлжанов әрбір күйдің сы-
рын осылай түсініп, осылай жеткізеді.
Ы. Әлжанов тек Дина күйлерімен шектелмеген. Оның
бұдан да басқа білетін халық күйлері, халық компози-
торларының күйлері тіпті көп. Құрманғазының «Ілмесі»,
Дәулеткерейдің «Қыз ақжелең», «Құдашасы», Мәменнің
«Ақшолпан», «17 жыл», «Баламайсаңы», Әлікейдің «Салық
өлген», «Қоңыраласы», Қазанғаптың «Домалатпай», «Торы
аты», Кәуеннің «Сән-ауы», Өскенбаев Мұраттың «Ақжар
мен Жеңісі» және толып жатқан күйлер Әлжановтың орын-
дауында ерекше өрнек тапқан.
Ы. Әлжанов 1948 жылға дейін оркестрде болған. Ал
1945-52 жылдары Қостанай облысына берген филармо-
нияның көркемдік жағын басқарады. Сөйтіп жастарды бау-
лу жағына көшеді. Өнерін халықтың ортасына барып көр-
сетеді. Музыка мектебіне сабақ береді. Талай-талай шә-
кірттері қазір халыққа өз бетімен қызмет етіп жүр. Әлжа-
294
новтың тәрбиесін көріп, оның шеберлігін үйренген шәкірті
Рахымжан Қасымов қазір Республикамызға еңбегі сіңген
артист атағын алды. Бұл нағыз ұстаздың еңбегі. Ұстазға
өз еңбегінің нәтижесін көруден артық бақыт бар ма?! Сол
сияқты Сапар Қырықбаев, Серік Құсайыновтар да күшті
домбырашылар қатарына қосылады.
1947 жылы Ш. Қажығалиев Ы. Әлжановты оркестрге
кері шақырады. 1964 жылға дейін оркестр құрамында белді
домбырашы болды. Қазір күйші Қазақконцерт жанындағы
халық аспаптар оркестрінде музыкант. Ол қай жерге бар-
масын, қай жерде істемесін халыққа қалтқысыз қызмет
істеуден танған емес. Кішіпейіл де қарапайым музыкант
өзінің қос ішікті домбырасымен, Динаның тамаша күйле-
рімен адамдар кеудесіне тәтті сезім сеуіп келеді. Қыс
демей, жаз демей жылдың кез келген мезгілінде оны сіз бірде
малшылар ортасынан көрсеңіз, бірде кенші қауымының құ-
шағында көресіз. Оның күйлері эфирге шыққанда құла-
ғыңызды тоса қоясыз. Сонда сіздің күйге, домбыраға де-
ген, жалпы қазақ музыкасына деген сезіміңіз қанаттанып,
дүниені шарлап кетеді. Күйшіге деген құрметтің көкесі осы
емес пе?!
ұлылық аЯСыНДа
Сәтбаев сынды ұлы тұлға туралы толғану – осынау
жарық әлемде адам атын иеленіп жүрген жанның, әсіресе
ғалым атаулының, бәрінің қасиетті міндеті саналады. Өйт-
кені ол, ең алдымен, ақыл-ойын, білік-білімін, бар өмірін
қазақтың, сосын бүкіл адамзаттың болашағы үшін сарп
еткен ғажайып тұлға. Ол мына ұлы даланың шежіресін
шерту үшін, қазыналы қатпарларын қазбалап тапқан асыл
мұраларын ел мүддесіне жарату үшін келген ертегінің ба-
тырларындай ереніміз!
Қанекеңнің тірі кезіндегі және дүниеден өткеннен ке-
йінгі замандастары, мамандастары, шәкірттері жазған те-
295
біреністі дүниелердің көбімен таныспын. Неше алуан әсер-
ге бөленіп, риза көңілмен оқып шықтым. Оның ішінде
Медеу Сәрсекеевтің арнайы кітабы да Қ. Сәтбаев тұлға-
сын сомдай түскен. Ал академик Мұқтар Бәкеновтың сәт-
баевтану ілімін қалыптастырудағы еңбегі бөлек әңгіме.
Менің мамандығым геологиядан алшақтау болғанмен,
ғалымдар санатынан екенімді есепке аламын, Сәтбаев ту-
ралы үнемі ой үстінде жүремін. Шамасы, әу баста ғылым
сарайына ұмтылуымның басты себепкері Қ. Сәтбаев бол-
ды. Там-тұмдап ол кісінің публицистикалық әуенмен жа-
зылған мақала, еңбектерін оқып жүрдім. Әсіресе, жер ана-
ның бауырына басып жатқан неше алуан асыл қазынаны
майын тамызып, түсінікті тілмен баяндауына тәнті болған
ем. Содан еліктеу мен құмарлықтың арқасында ҰҒА құра-
мындағы Тіл білімі (қазіргі А.Байтұрсынұлы атындағы)
институтына кіші ғылыми қызметкер ретінде қабылданып,
қасиетті қазақ тілінің зерттеушісінің біріне айналдым. Мен
сол өткен ғасырдағы 60-жылдың басынан бері қарай Сәт-
баев негізін қалаған ғылым ордасында ана тіліміздің қа-
тардағы жоқшысы ретінде ғылыми ізденістер соңындамын.
Қ.И. Сәтбаевтың бүкіл саналы өмірін саралағанда оның
ұлы іс-әрекеттерін, шынында да, ең күрделі үш салаға бөліп
қараған жөн сияқты. Біріншіден, еліміздің мыс-қоймасы –
Жезқазған, Ұлытау кен ауданы. Екіншіден, Геология инс-
титуты, үшіншіден, Қазақ ССР Ғылым академиясы. Бұл
үш асу – қазақ елінің еңсесін тіктеп, есін жиғызған ұлы
ерлік болатын. Қ.И. Сәтбаевтың ерен еңбекқорлығын, асқан
ғылыми ізденімпаздығын, керемет ұйымдастырғыштық қа-
білеті мен кемел басшы ретіндегі қабілет-қарымын та-
нытатын бар қасиеті осы үш саладан айқын аңғарылады.
Мәселенің бұл жағы қазақ, орыс ғалымдарының мақала,
естеліктерінде жан-жақты сөз болып келеді.
Қанекең жайындағы матеиалдарды қарап отырып, ол
кісінің қоғамдық ғылымдар саласынан да мол хабары бар
әмбебап ғұлама екеніне көзіңіз жете түседі. Оның әсіресе
296
әдебиет, өнер, мәдениет, тарих, тіл, экономика салаларының
асқан білгірлері М. Әуезов, А. Жұбанов, І. Кеңесбаев,
Н. Сауранбаев, С. Бәйішов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев,
С. Зиманов тәрізді ғалымдарды төңірегіне жинап, кемел
ойларын кеңесіп отыруы осыны аңғартады. Бұл оның төр-
тінші ерлігінің бір көрінісі іспетті емес пе?!
Оның ғажайып әншілігі жөнінде де тіпті мамандар да
тамсана әңгімелейді. Академик М. Қаратаев «Сәтбаев ән-
күйден жаратылғандай жан еді. Ол домбыраны бабына
келтіре тартып, өзі көп білетін қазақтың халық әндерін
сүйсіне айтатын» деп тебіренеді. Ал әйгілі музыка зерт-
теушісі А.В. Затаевичтің мына бір сөзіне құлақ түрелік:
«Қаныш Сәтбаев Томск технология институтынан білім
алған жас қазақ инженері, Баянауыл әндерінің тамаша білгірі,
әрі ғажайып орындаушысы, ол осы жинаққа (Қазақтың
100 әндері мен күйлері
, 1931 ж.) әуен ырғағы жөнінен
ғана емес, текстерінен де мол мағлұмат берді» деген ойын
таңбалаған.
Қанекеңнің «Бүркітбай», «Баянауыл», «Қорлан», «Қа-
напия» тәрізді әндерді мүлтіксіз орындау шеберлігіне тәнті
болған әйгілі академик Ахмет Жұбанов өзінің әсерін жа-
сыра алмай: «Қанышеке, сіз музыкаға кеткен болсаңыз осы
кезде Үлкен театрда Борис Годуновтың рөлін емін-еркін
ойнап жүрген болар едіңіз дегенімде, Қанышекең миығын
тартып күлді де, жауап қайтарған жоқ», – дейді де кейіні-
рек ғұламаны бір ән мен бір әншіге теліп қойғанын әбес
көріп, онысына өкініш білдіреді. Ия, ол өз жерінің тау-та-
сын, тамаша табиғатын ғана емес, өз елінің ән, жырын
да, ғажайып күйлерін де, өнерлі қазағының бар асылын
ардақтаумен өткен дүниеден.
Ол әл-Фараби мен Шоқаннан кейінгі бүкіл әлемдік
ғылым ғарышына көтерілген бірегей дана тұлға. Қанекеңнің
ғылымдағы, өмірдегі нар тұлғасын сөз бен өнердің алыбы
Мұхтар Әуезов сынды кемеңгерлер ғана жеткізе алған. Ал
біздердің еншімізге тиетіні Сәтбаев болмысына тамсану
мен таңдану ғана.
297
Достарыңызбен бөлісу: |