«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

Олардан ұрпақ қалды ма? 
Олардың  балалары  болған  жоқ,  Қарыс  ағада  да,  Дәулет 
ағада  да  (Дәулет  Тағыберлин).  Олардың  жұбайлары  басқа 

80
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
ұлт  өкілдері  болатын.  Олардың  өздері  де  бұл  жерде  балалары 
туылғанын қаламаған еді. 
Түркістан 
легионының 
құрылуындағы 
Мұстафа 
Шоқайдың  рөлі  туралы  айтсаңыз.  Бұл  туралы  әр  түрлі 
ақпараттар өте көп кездеседі. 
Мұстафа  Шоқайға  Түркістан  легионын  құру  туралы 
ұсыныс  жасалған  болатын,  бірақ  ол  немістермен  бірігіп 
қызмет  етуден  бас  тартты.  У.Қайымхан  легион  құрылуы 
туралы  айтқан  болатын,  бірақ  М.Шоқай  оны  қаламады.  Кейін 
Берлинге барып және тұтқынға түскендермен көріскеннен соң, 
ол  тифпен  ауырып  1941  жылдың  27  желтоқсанында  қайтыс 
болды. М.Шоқайдың өлімі туралы әр түрлі айтылады. М.Шоқай 
Түркістан легионын құрудан бас тартты. Ол қазақтар, өзбектер 
мен  қырғыздардың  тізімін  жасап,  оларды  сақтап  жүрді. 
М.Шоқай  қайтыс  болғаннан  кейін,  У.Қайымхан  Түркістан 
легионын құра бастады. 
Сұхбатты өткізген Ботагоз Ракишева
Мюнхен, Германия, 2010 жыл 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
81
Дихан Қамзабекұлымен сұхбат 
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет 
және рухани даму институтының директоры, 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
(Астана, Қазақстан)
АЛАШ ЖОЛЫ – ЗАЙЫРЛЫ ДА ТАҒЫЛЫМДЫ ЖОЛ
Еуразия 
ұлттық 
университеті 
жанынан 
«Алаш» 
институты  құрылған.  Осы  орталықтың  мақсаты  не?  Қандай 
жұмыстар атқарып жатырсыздар? 
2007  жылы  Алаш  Орда  үкіметінің,  Түркістан  мұхта рия-
тының,  жалпы  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының 
мемлекет  құру  тәжіриесіне  90  жыл  толды.  Осы  айтулы  сәт 
жақындап  келе  жатқанда,  Қазақстанда  кейбір  азаматтар 
тарапынан игілікті жұмыстар істеле бастады. Әсіресе, Алматыда 
біраз  шаруалар  жасалды.  Мәселен,  «Алаш  қозғалысы» 
секілді  құжатты  кітаптар  дайындалды.  Осы  үрдіске  біз  де 
қосылып,  2006  жылы  күз  айында  университеттегі  Ғылыми 
кеңестің  шешімімен  «Алаш»  мәдениет  және  рухани  даму» 
атты  институт  құрдық.  Астанадағы  «Алашты»  ашудағы 
тағы  бір  себеп:  Ұлттық  ғылым  академиясы  қоғамдық  қана 
мәртебеге  түскеннен  кейін,  «ғылым  университтерге  баруы 
керек,  ғылыми  зерттеу  орталықтары  ашылу  қажет»  деген 
ниетке  үн  қосу  еді.  Институттың  негізгі  мақсатын  қысқаша 
үш  бағытпен  түсіндіруге  болады.  Бірінші,  Алаш  зиялылары 
еңбектерінің  мәтінін  жинау.  Оның  көп  бөлігі  Ресей  мұрағат, 
кітапханаларында  екенін  айта  кетейін.  Екінші  бағыт  -  сол 
мәтіндерді  саралау,  бүгіннің  пайдасына  жарату.  Үшінші,  тіл, 
мәдениет,  өнер  саласында  Алаш  құндылықтарын  ғылыми  және 
практикалық бағытта ретімен, орнымен нәсихаттау-тын. 
Қаржылық қолдауды қайдан аласыздар?
Негізі,  университет  жанындағы  институттар  тек  өзі  ұтып 
алатын  гранттар  бойынша  ғана  жұмыс  істейді.  Қазақстанда 
іргелі  ғылымдарға  грант  жарияланатыны  мәлім.  Сондай-
ақ,  аралықта  уақыты  шектеулі,  өтпелі  гранттар  болады.  Бір 
бағыт  үшін  ұзақ  жылдарға  арналған  грант  жоқ.  Алаш  деген 
-  біздің  мәңгілік  тақырыбымыз.  Қазақ  «қазақ»  болғалы  рухы 
мен  мәдениетіне  өлшем,  тұтқа  болған  осы  ұғым  болған  соң, 
бұл  бағытқа  ұзаққа  арналған  қаржылар  бөлінетін  шығар  деп 

82
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
ойлаған  едік.  Бірақ,  айтарлықтай  қолдау  көрсеткен  ешкім  бола 
қоймады.  Мысалы,  2007  жылы  Білім  және  ғылым  министрлігі 
«Ұлттық  идея»  деген  ғылыми  грант  жариялады.  Қызық  ретінде 
айта  кетейін,  сол  грантқа  Астанадағы  біздің  де,  Алматыдағы 
қазақтың тарихын, шежіресін зерттейтін «Алаш» орталығының 
да  жобалары  өтпеген.  Сонда  бұны  қалай  түсінуге  болады?!  Өзі 
жарияланып  отырғаны  ұлттық  идея  болса,  Алаш  ұғымы  соның 
темірқазығы  емес  пе?!  Бұның  себебі  мынада  деуге  болады, 
билік  басында  жүрген  тарихты  білмейтін  біраз  сабаздар 
«Алаш»  деген  сөзден  әлі  күнге  қорқады.  Алаш  атауына  үрке 
қарап,  оны  қоғамның  тұрақтылығына  зиян  келтіретін  «бүлікші 
идея»  ретінде  қарайтындар  кездесіп  жүр.  Қазір  біз  институт 
ісіне  қолдау  табудың  басқа  жолын  қарастырудамыз.  Мәселен, 
«Аджип»  компаниясының  мемлекеттік  тілді  дамытуға  арналған 
грантын  ұтып  алдық.  Оның  негізгі  мазмұнын  Алашқа  қатысты 
дүниелермен  толтырдық.  Қазір  немістерге,  ағылшындарға, 
француздарға  арналған  «Қазақ  тілі  мен  мәдениетінің  оқулығы» 
деген  кітап  дайындап  жатырмыз.  Оқулықтың  ішінде  Алаш 
зиялыларының  ой-пікірлері,  өмірбаяндары  болмақшы.  Ұлт 
тарихына,  соның  ішінде  Алашқа,  жәдитшілдікке,  Еуразиялық 
жаңаша танымға байланысты сөздіктер түзіп жатырмыз.
Білім жүйесінде Алаш тақырыбын оқыту жайы қалай? 
Мектептегі  білім  жүйесіне  Алаш  түсінігі  соңғы  бес-алты 
жыл  ішінде  бара  бастады.  Алдында  тек  қана  А.Байтұрсынұлы, 
М.  Жұмабай,  Ж.Аймауытұлы  ғана  айтылатын.  Қазір  Алаш 
қозғалысы  қазақтың  өміріндегі  жаңғыру,  қоғамдық  реформаға 
ұмтылыс  екені,  парасатты  әрекетпен  қазақ  даласына  қозғау 
салғаны  тарих  оқулығының  белгілі  бір  тарауларына  енді. 
Бұрын  ХХ  ғасыр  басына  қатысты  аспаннан  түскендей  бір-екі 
адамның  ғана  суреті  жүретін.  Егер  баладан  «осы  адамдардың 
біздің  ұлтымызға,  тарихымызға  қатысы  қандай?»  деп  сұраса, 
оқушы  оған  жауап  таба  алмайтындай  еді.  Қазір,  Алашты 
таныту  кезеңінде,  Қазақстанда  біз  секілді  жүз  орталық 
болса  да  көп  демес  едім.  Осы  бағыттағы  танымдық  ұйым 
балалардың  арасында  да  болсын.  Мәселен,  жақында  ғана 
біздің  университетте  «Алаш  жастары»  деген  қоғамдық  ұйым 
құрылып, жұмысқа кірісті. Оның ұйытқысы - шетелден келген 
қазақ жастары. Алматыда Сандуғаш Жұмағұлова деген студент 
басқаратын  «Алаш  қыздары»  атты  ұйымның  жұмысына 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
83
ризашылықпен  қараймыз.  Олар  «қазақ  қызы  ашық-шашық 
жүрмесін,  темекіден,  жат  жүрістен  аулақ  болсын,  тарих  пен 
дәстүрге үңілсін, сабақ алсын» деп бастама көтеріп отыр. 
Алаш  зиялыларының  мамандыққа  байланысты  ерекше 
ұстанымы болды ма?
Негізі,  Әлихан,  Смағұлдар  саяси  қайраткерлер  еді.  Бірақ, 
өз  қолымен  толтырған  өмірбаян  деректерінде  «мамандығыңыз 
не?»  деген  жерге  барлығы  «журналист»  деп  көрсетеді.  Сонда 
журналистиканың,  публицистиканың  тууының  өзі  «публикаға 
яки  халыққа  шығу»  деген  сөз.  Олар  сөзін  ауызша  да,  жазбаша 
да жұртқа жеткізе алу үшін журналист болды. Алаштың серкесі 
Әлихан  Бөкейхан  «Мен  ішкі  дүнием,  табиғатым  әдебиетші 
болғандықтан  әдебиетші  болғаным  жоқ,  уақыт  мәжбүрлеп, 
халқымның  қажетіне  жарау  үшін  әдебиетші  болып  отырмын» 
деп  жазғаны  бар.  Осы  секілді  дүниелерді  оқығанда  адам 
тебіренерліктей жауап табасың. 
Мұстафа Шоқайдың Түркістан мен Алаш жағында қатар 
жүруінің себебі неде?
Өйткені, 
патша 
өкіметі 
құлағаннан 
кейін 
жаңа 
құрылымның  негізі  «Учредительное  собраниеге»  қалайда 
бір  заңды  мемлекеттілік  құрылымның  атынан  өкіл  ретінде 
қатысатын  жүйе  құру  керек  болды.  Мысалы,  олар  «Қазақ 
даласының  атынан  келдім»  деп  айтпайды  ғой.  Сондықтан, 
«қайсымыз  тез  үлгерсек,  сонымыз  әрекет  етейік»  деген 
мақсатпен  Түркістан  жақта  да,  Қазақстан  жақта  да  асығып 
жатты.  Осындай  жағдайлардың  бәрін  кинода  көрсету  керек 
еді.  Қазіргі  фильмдердің  философиясы  Үнді  фильмдеріндей 
түсінікті. Айырмашылығы – біздікінің шетелден атақ алу үшін 
түсірілгендігінде.  Міндетті  түрде  оның  ішінде  бір  жебірейдің 
шалы  немесе  баласы  жүру  керек.  Дәл  қазіргідей,  мемлекеттің 
іргесін  мықтап  жатқан  кезде  біздің  фильмдер  15-16  миллион 
болатын  өз  халқымыздың  мүддесіне  қызмет  етсе  -  жетеді. 
Елдік  мүддеміз  түзелсе,  әлем  базарына  шығатын  кез  -  алда. 
Екінші  жағынан,  Алаш  зиялыларының  балалық  шағы  бар. 
Мәселен,  Әлихан  кішкене  кезінен  өзіндік  ерекше  қасиеті  бар 
бала  болған.  Ахметтер  де  сондай.  Олардың  нағыз  сапалы  тұлға 
дәрежесіне көтерілген адам екенін тарих та, халық та мойындап 
отыр. Енді солардың сапалық негізінде халықты да, ұрпақты да 
тәрбиелеуге болады ғой. Сондықтан бұл бағыттағы кино түсіру 

84
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
жұмысы  өте  өзекті  мәселе.  Егер  бізден  кеңес  сұрап  жатса, 
қолдан  келгенді  жасауға  даярмыз  дер  едім.  Бірсыпыра  Алаш 
тұлғалары  еңбектерін  құрастыруға  қатыстық.  ҰҚК  архивінен 
«Алқа» бағдарламасын, Әлихандардың хаттарын таптық. Негізі, 
мәтінді  оқыған  кезде,  сараптаған  кезде  адамға  көп  ой  келеді. 
Мәтін  деген  –  мәдениеттің  алақаны,  алақандағы  айнасы.  Оған 
қарап отырып, сол дәуірге бойлайсыз. 
Алашқа  байланысты  қандай  жаңаша  ұғымдарды  қоғам 
ескеру керек деп санайсыз? 
Әрине,  ел  өз  тарихының  сапалы  кезеңін  тұжырымдамалы 
түрде  айқындап  алуы  тиіс.  Ол  үшін  үлкен  мемлекеттік  құжат-
тарда,  мысалға,  Ата  Заңның  өзінде,  ауқымды  тұжырым-
дамаларда  «Алаш  жолы»  деген  ұстаным,  бағыт  енгізілуі  керек. 
Бізде  «Алаш  жолы»,  «Алаш  қозғалысы»,  «Алаш  бағыты»  сынды 
құндылықтарға  ғалымдар,  саясаттанушылар,  философтар  бәрі 
біріге  отырып,  баға  беруі  қажет.  Мәселен,  оған  «ұлтымыздың 
сапалы жаңғыру кезеңі» деген баға берілсе, соның өзі Алаштың 
парқын  жете  түсіну  болар  еді.  Қай  ел  болсын  өзі  жүріп  өткен 
тарихтағы  бір  жолды,  белгілі  тұлғаларды  өзіне  темірқазық 
ретінде  үлгі  етеді.  Мысалы,  Абылай  хан,  Кенесары  сынды 
тұлғаларын  ту  етеді.  Айналып  келгенде,  олардың  тағылымы 
қайтадан  алдан  шығып  отырады.  Ал,  Алаш  жолына  көз 
салыңызшы:  зайырлы  ма  –  зайырлы!  Білім  жолы  да  бар. 
Патриот  десең,  патриот.  Ұлтын  жанындай  сүйген.  «Байырғы 
қазақ  жерінде  мемлекет  құра  отырып...»  деп  жаздық  қой 
Конституцияға. Байырғы қазақ жерінің ең сапалы биігі - «Алаш 
кезеңі»  болса,  ол  неге  Ата  Заңда  жазылып  тұрмауы  керек? 
Себебі,  ұлт  тарихындағы,  ел  дамуындағы  ең  бір  құнды  идея, 
елдіктің үлкен бір арқауы болған сөзді қолдану – заңның тіліне 
қайшы  келмейді.  Сосын  бір  айқын  нәрсе,  осыны  кез-келген 
зиялы  азаматпен  сөйлессеңіз  бәрі  түсініп,  дұрыс  екен  дейді. 
Бірақ,  нақты  іске  келген  кезде  ақырын  тайқып  шығып  кетеді. 
Жалпы адами заңдылық бойынша, алдымен әкесі, сосын баласы 
туралы  айтылады  ғой.  Өкінішке  қарай,  кейбір  мықты  деген 
азаматтарымыз сұхбат берген кезде баласынан әкесін тудырып 
қоятын  жағдайлар  кезігіп  жатады.  Бұны  айтып  отырғаным, 
Алаш  кезеңін  қатысты  бұл  жағдайды  байқап  та  жүрміз. 
Айталық,  болшевиктік  бағыт  ұстанған  қазақ  оқығандарының 
да тарихта өзіндік орны бар. Әйткенмен, олар Алаш арыстарына 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
85
қарағанда  жолы  да,  қызметі  де  кейін  тұр.  Кейінгі  бағыты 
жұртқа мәлім, ал басында олар Әлихан-Ахметтің шәкірті іспетті. 
Сіз жақында С. Сәдуақасұлы сүйегінің күлін Мәскеуден 
Астанаға  жеткізген  бастамашыл  топтың  ішінде  болдыңыз. 
Қайта жерлеу мәселесі қаншалықты маңызды еді?
Әрине, С. Сәдуақасұлының өлімінің тарихын білетіндер аз 
болған соң, «сүйекті қозғап не керек?» дейтіндердің табылғаны 
рас.  Сол  себепті  олар  ойлаған  шығар:  «Баяғыда  сүйегі  қурап 
қалған бір қайраткерді Қазақстанға алып келмек пе? Ондайлар 
көп  емес  пе?»  деп.  Мұны  жай  адам  айтпайды,  әжептәуір 
қызметте жүргендер айтады. Бұған да ашулану артық-ау деймін. 
Зерттеу  нысанамыздың  бір  саласы  смағұлтану  болған-
дықтан,  қайталап  айтқанды  артық  көрмейміз.  С.Сәдуақасұлын 
1933  жылы  ОГПУ-НКВД-ның  төңкеріске  қарсы  элементтерді 
түрлі  тәсілдермен  көзін  жою  бөлімі  өлтірген.  Қайраткер  16 
желтоқсанда,  дәл  58  жылдан  кейін  Қазақ  елі  тәуелсіздігін 
жариялайтын  күні  құрбан  болған.  Арнайы  қоштасу  рәсімінен 
соң  сүйегі  19  желтоқсанда  кремацияланған  (өртелген)  соң 
арнайы  ыдысқа  салынып,  Дон  монастырының  қабырғасына 
қойылған.  Атеизм  заманында,  әрине,  бұл  монастыр  діни 
қызметін 
тоқтатқан-ды. 
1992 
жылдан 
діни 
қызметін 
жалғастырды. Былайша айтқанда, С.Сәдуақасұлы сүйегінің күлі 
тұрған  жерде  күн  сайын  христиан  дінінің  шаралары  тоқтаусыз 
атқарылып жатты. 
Ал, ойлаңыз, біз осыған қалай қарауымыз керек? Әлбетте, 
Смағұл  –  шаһит  кешкен  тұлға.  Яғни  оның  сүйегі  қайда  тұрса 
да,  Алла  үшін  ол  –  шаһит.  Біз  солай  қабылдаймыз.  Діни 
құндылықтарымыз  солай  дейді.  Бірақ  ...  артында  іздеуге  тиіс 
тәуелсіз  елі  бар,  иманды  жұрты  бар  ұлт  қайраткерін  осылай 
жат  діннің  қорымына  тастап  кете  ме?..  Бұл  елдікке  сын  емес 
пе?  Оның  үстіне  әлгідей  жағдайда  бақиға  озған  мұсылман 
тұлғасының  сүйегі  (күлі)  қара  жер  қойнына  берілмеуі,  қай 
жағынан  қарасаңыз  да,  қисынсыз,  дәстүрсіз,  ұят  нәрсе.  Біз 
соны  ойладық.  Мұны  Сабыр  Қасымов,  Берік  Әбдіғали  үшеуміз 
әп-сәтте  шеше  салған  жоқпыз.  Зиялылармен,  діндарлармен, 
елшіл  азаматтармен  ақылдасып  барып  осындай  тоқтамға 
келдік.  Әр  нәрсенің  сәті  болады,  Смағұл  сүйегі  күлінің  елге 
жету сәті 2011 жылы 21 қаңтарда туды. Бұған дейін 1 ай ішінде 
біз  республикалық  газеттерге  сұхбат  бердік,  мақала  жаздық, 

86
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
ғылыми-практикалық конференция өткіздік. Тіпті бұл мәселені 
халық қалаулылары парламент мінберінен де көтерді.
Смағұл  сүйегін  жерлеу  туралы  мәселе  нақты  шешілді 
ме?..
Смағұл  жай  адам  емес.  Оны  20-жылдары  қатарластары 
«Біздің  заманның  Кенесарысы»  деген.  Ол  –  Алаш  көсемі 
Ә.Бөкейханның күйеу баласы. Ол – қу жақ Глощекинге қарсы 
тұрған  қайсар  тұлға.  Ол  –  кезеңінде  жастардың  көшбасшысы 
және  білім  министрі  болған  қайраткер.  Ол  –  артына  мол  мұра 
қалдырған  жазушы,  сыншы,  журналист.  Ол  –  қиын  шақта 
қуғындалған  Алаш  зиялыларына  қамқор,  қалқан  болған 
азамат.  Біз  бүгін  классик  деп  мойындайтын  Мұхтар  Әуезовтер 
Смағұлдың  қайраткерлігі  мен  азаматтығының  алдында  тік 
тұрған. Мойындап, оны төрге шығарып, басын сыйлаған.
Осындай  дәрежедегі  тұлғаны  зерттеу  бір  басқа,  ал  нақақ 
қорланған  сүйегін  қадірлеу  немесе  елге  әкелу  бір  басқа. 
Соңғысының жауапкершілігі мен салмағы өте ауыр. Сол себепті 
оған  жүрексіне,  қобалжып  кіріскенімізді  жасыра  алмаймыз. 
Неге?  Негесі  сол,  мұны  ел  болып  көтеруіміз  керек  еді  ғой. 
Мемлекет – мемлекет, онда талай саяси ағыстар, амалдар бола 
береді. Қоғамдық белсенділікке, парасатқа не жетсін?..
Смағұл  сүйегінің  күлін  жерлеуге  байланысты  біз  неге 
сынға  ұшыраймыз?  Кінәлі  біз  бе,  қоғам  ба?..  Әрине,  бастаған 
– біз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 20 жыл толған қоғамның 
мүшесі ретінде бастадық. 
Тарихи 
тұлғаға 
тарихи 
қызмет, 
тарихи 
мүдде, 
мемлекетшілдік  парасат  керек.  Оны  бір  адам  немесе  бірнеше 
адам жасай алмайды.
Смағұл  Сәдуақасұлын  әкелерде  сүйегін  жерлейтін  жерді 
анықтағанбыз.  Ол  не  Жастар  ықшамауданындағы  Кенесары 
сарбаздары жерленген ескі қорым, не «Қабанбай батыр зираты» 
деген  Астана  шекарасынан  9  шақырым  жердегі  биік  болатын. 
Біз қоғамға «осы қалай болады?» деген ой салғанбыз.
Смағұл Сәдуақасұлын қайта жерлеуге қоғам мен мемлекет 
санасы  әлі  даяр  емес  екенін  аңғарғанымызда,  «Не  де  болса, 
әйтеуір  елге  жеткізейік.  Бір  мәнісі  болар.  Халықтың  сынын 
атқарушы билік түсінер» деп шештік. 
Жасырып  не  керек,  Ресейдің  орталық  қалаларындағы 
зиратханаларға  байланысты  дау-дамайды  күнде  интернеттен 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
87
оқып  отырмыз.  Оның  үстіне  сол  елдегі  діни  реңкпен 
сипатталатын терроризм ылаңы бір күні христиан қабірстанына 
да  жететінін  болжау  қиын  емес.  Біз  сонда  өкініп  қалуымыз  да 
мүмкін  ғой.  «Алаштан  қалған  жалғыз  Смағұл  сүйегіне  ие  бола 
алмадық» дейміз бе сонда?..
Қазіргідей  саяси  науқан,  сайлау  т.б.  мемлекет  болған  соң 
ешқашан бітпейді. Ал, «әруақ риза болмай, тірі байымайды». Ол 
шаралар елдік іске кедергі келтірмеуі тиіс.
Айтқандайын,  11  ақпанда  ОСК  Лингвистикалық  комис-
сиясында  болып,  Н.Ә.  Назарбаевтан  емтихан  алып  отырып 
Астанада  орнауы  тиіс  ұлттық  қабірстан  (пантеон)  туралы 
сұрадым.  «Улатпай-шулатпай,  саясиландырмай  Смағұл  сүйегін 
әкелдік. Енді не болады?» дедім. Елбасы «Биылдан кешіктірмей 
Қабанбай  бабамызға  қойылған  кесененің  жанынан  пантеон 
ашамыз» деді. Қазақта «Хан екі айтпайды» деген тағылымды сөз 
бар. Сондықтан жақсылықтан үміттенеміз.
Смағұл  Сәдуақасұлының  мәйітінен  кейін  шеттегі  басқа 
да  тұлғалардың  сүйегін  әкелу  мәселесі  жүйесіз  қозғалады 
деп қорықпайсыздар ма? 
Бұл  мәселеде,  әрине,  жүйе  болуы  тиіс.  Мысалы,  біз 
мұсылманша  жерленген  тұлғалардың  сүйегін  елге  алып  келу 
міндетті  емес  деп  есептейміз.  Кезінде  біреулер  «Германиядағы 
Мұстафа Шоқай сүйегін елге әкелейік» дегенде, мен «Мұстафа 
бізге сүйегін емес, сөзі мен ісін аманаттаған» деп қарсы мақала 
жаздым.  Себебі,  Шоқайдың  қилы  тағдыры,  Еуропадағы  бейіті 
(түрік-мұсылман  қорымындағы)  зиялылар  тарихын,  қуғын-
сүргінін еске түсіріп тұрады. «Енді олай жасамайық» дегендей. 
Ал,  Төле  би  мен  Әйтеке  бидің  сүйегі  қазақ  жерін  айқындап, 
ершатқа соғылған мөрдей болып тұр. Оны қозғау да қисынсыз, 
әрі себеп жоқ. 
Осыларға  қарасақ,  Смағұл  сүйегінің  ерекше  екенін 
түсінесіз.  Оны,  әлбетте,  Мәскеудің  мұсылман  қорымына 
қоюға  болушы  еді.  Бірақ  ақыры  қозғаған  екенбіз,  елге  неге 
жеткізбейміз?..  Астанаға,  өзі  аңсаған  тәуелсіз  елінің  қақ 
ортасына?.. Біз осыны ойладық. 
Туысқан  Әзірбайжан  елінде  әрбір  қонақ  келіп  көретін  екі 
тағылымды қабірстан бар: бірі – шаһиттер қабірстаны, екіншісі 
– ұлттық патеон. Бұл олардың ұлттық мәдениетінің бір бөлшегі 
болып қалыптасып кеткен.

88
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Әрине,  бізде  ұлттық  қабірстан  ашылса,  мемлекеттік 
деңгейдегі оның қатаң тәртібі мен ережесі болуы тиіс.
Қазір  Алаш  мұраларын  зерттеу  ісі  айқын  көріне 
бермейді.  Мұның  себебі  неде?  Осыдан  кейін  қай  тұрғыдан 
зерттелгені дұрыс деп санайсыз?
Тәуелсіздікке бет бұрған жылдарда Алаш мұрасын зерттеу 
үлкен  қайрат-жігермен  басталды.  Қазір  саябырсып  қалғаны  да 
рас. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, ғылым жүйелілікті 
қалайды.  Жүйелілік  болған  жерде  нәтиже  де  болады.  Біз 
мұраны  түгелдеуге  асығыстау  кірістік.  Сонымен  қатар  бұл 
шаруаның  басы-қасында  осы  мәселені  аздау  білетін  кісілердің 
де  жүргені  жасырын  емес.  Екіншіден,  шәкірт  тәрбиелеу  ісінде 
де айқын бағытымыз болмады. Қошке Кемеңгерұлы өз тұсында 
“Қазақ  әдебиетіне  тойып  секіретін  күн  әлі  туған  жоқ”  деген. 
Бүгін де соны айтамыз, тойып секіретін күн әлі туған жоқ. ХIХ 
ғасырдағы,  ХХ  ғасырдың  басындағы  ақын-жазушылардың 
біразының  жеке  жинақтары  жарияланған  жоқ.  Бұл  –  өкінішті 
жағдай.  Бір  ақынның  мұрасын  зерттеу  жөнінде  тақырып 
бекіткенде оған сол ақынның кітабын дайындауды қоса тапсыру 
керек.  Жасыратын  несі  бар,  біздің  кейбір  ағаларымыз  мен 
әріптестеріміз  шәкірттеріне  тезірек  қорғалатын  тақырыптарды 
ұсынады.  Әрине,  теориялық,  методологиялық  еңбектер 
де  қажет.  Бірақ,  алдымен  бүкіл  қазақ  әдебиетінің  тарихы 
түгенделгені  жөн.  Бізге  қажетті  мәтіндер  әлі  жиналмай 
жатыр.  Осы  мәселе  алаштануды  шідерлеп  отыр.  Филология 
факультеттерінде  суденттерді  осы  бағытқа  бейімдеу  жағы 
кемшін қалды. Арнайы курстар оқыту керек еді. Қазіргі диплом 
жұмыстары  көшірімпаздыққа  итермелейді.  Жүз  жұмыстың 
онын  студент  өз  бетімен  жазса,  қуанасың.  Тестомания  мен 
тестология жағдайында тақ-тұқ нәрселер қаптап кетті. Осының 
бәрі оларды мұраға деген құмарлықтан аулақтатады. 
Жеке 
тұлғалардың 
мұрасы 
бойынша 
мамандар 
тәрбиелеуді  қолға  алған  жөн.  Мәселен,  Алаш  көсемі  Әлихан 
Бөкейханның  жазған  еңбегі  бүгінгі  жиырма  баспа  табақтық 
жүйемен  қарайтын  болсақ,  кемінде  он  бес  том  болу  керек. 
Қазіргі  жарияланғаны  –  Сұлтанхан  Аққұлыұлы  даярлаған 
үш  том  көлеміндегі  дүние.  Қалғандары  әлі  игерілген  жоқ. 
Бұл  Әлихандай  Алаш  дәуірінің  үлкен  бір  кесек  тұлғасын 
қаншалықты  дәрежеде  танып  отырғанымызды  көрсетеді. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
89
Қалған он үш томын кім дайындайды, ғылыми түсініктемені кім 
жазады? Біз Смағұл Сәдуақасұлының, Қошке Кемеңгерұлының, 
Хайретдин  Болғанбайдың,  Сәдуақас  Ғылманидың  еңбектерін 
шығардық.  Жүсіпбектің  5  томдығын  даярластық.  Бірақ  бұл 
теңіздегі тамшыдай ғана әрекет. 
Ендігі  кезеңде  ғалымдар  Алаш  мәтінін  қазіргі  ғылым 
жетістігі  негізінде  салаландыра  зерттеу  керек.  Алаш  – 
гуманитарлық ғылымдардың бәрі үшін де таусылмайтын келелі 
тақырып.
Сұхбатты өткізген Ботагоз Ракишева 
Астана, 2010 жыл 

90
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Намазалы Омашев, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті Журналистика және саясаттану
факультетінің деканы, Журналистика мәселелерін зерттеу
институтының директоры, профессор.
ТҮРКІ ЖҰРТЫНА ОРТАҚ БАСЫЛЫМ
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университетінің 
Журналистика  мәселелерін  зерттеу  институты  мемлекеттік 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  өткен  ғасыр  басындағы 
баспасөз  жарияланымдары  негізінде  «Алаш  көсемсөзі»  10 
томдығын  жарыққа  шығаруды  қолға  алды.  Қазіргі  күні  10 
томдықтың алғашқы 4 томы көпшілік қолына тиді. 
«Алаш  көсемсөзінің»  1,  2  томдары  1922-1923  жылдары 
Ташкент  қаласында  шығып  тұрған  «Шолпан»  журналына 
арналды.  Оның  түпнұсқасы  көрші  Өзбекстанның  астанасы 
–  Ташкент  қаласындағы  мемлекеттік  мұрағаттан  әкелінді. 
Соның  арқасында  халқымыз  алаштың  ұлтжанды  азаматтары: 
Нәзір  Төреқұлов,  Сұлтанбек  Қожанов,  Санжар  Асфендияров, 
Тұрар  Рысқұлов,  Ораз  Жандосов,  Міржақып  Дулатов,  Халел 
Досмұхамедов, Иса Қашқынбаев, Аққағаз Досжанова, Әбубәкір 
Диваев, Мырзағазы Есболов, Кәрім Жаленов, Сегізбай Айзунов, 
Жаһанша  Досмұхамедов,  Шәкәрім  Құдайбердиев,  Мағжан 
Жұмабаев,  Мұхтар  Әуезов,  Сара  Есова  тағы  басқалардың 
бұрын  көпшілікке  белгісіз  болып  келген  құнды  көсемсөз 
мұраларымен  танысты.  Бұл  еңбектің  журналистика  ғана  емес, 
ғылымның басқа салалары үшін де құны өлшеусіз. 
Ал,  10  томдықтың  3,  4  томдарына  енгізілген  «Жас 
Түркістан»  журналы  жарияланымдарының  орны  тіпті  ерекше. 
Алаштың  ардақты  ұлы  Мұстафа  Шоқайдың  эмиграцияда 
жүріп  1929-1939  жылдары  Франция,  Германияда  шығарған 
«Жас  Түркістан»  басылымының  түпнұсқасы  еліміздің  бірде 
бір  архивтерінде  жоқ.  Ол  журналдың  барлық  сандары  Нью-
Йорктағы  Колумбия  университетінде,  Анкарадағы  Аяз-Тахир 
Түркістан  Еділ-Орал  қоғамының  кітапханасында  сақталған. 
Америкадағы  нұсқасына  байланысты  айтарымыз  –  Мұстафа 
қазасынан кейін оның кітаптары Париждегі музейде сатылымға 
шығарылады.  Міне,  осы  кезде  кейбір  жеке  кітаптарымен  бірге 
осы  «Жас  Түркістанның»  Мұстафа  қолындағы  сақталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет