СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
51
“ЯшТүркістан” журналында қызмет атқармады. Романда
сонымен қатар, Шоқайдың өлімінен кейін Түркістандық
босқындардың Зәки Уәлидиді Түркістан Ұлттық Комитетіне
жақындатпағаны туралы пікір айтылады және 20 мамыр күнгі
(жылы көрсетілмейді) ТАСС хабар агенттігінен үзінді алынып,
түрік полициясының фашисті кұйым мүшелері Нихал Атсыз,
Оғуз Түрккан және Зәки Уәлидидің үйлеріне тінту жүргізгеніне
тоқталады.
20
Жазушы бұл жерде де шындықтан алшақтап
кетеді. Уәлиди соғыс кезінде Германияға еш болмаған. Сол
себепті оның Түркістан Ұлттық Комитетіне кіру секілді әрекеті
туралы айта алмаймыз. Екінші жағынан, жазушы әдейі жылын
көрсетпей, тек 20 мамыр деп атаған оқиғасы 1944 жылы болған.
Жазушы оқиғаның жылын көрсетпеу арқылы оқырманға
Түркістан Ұлттық Комитетімен Зәки Уәлиди арасында бір
байланыс болғандығын көрсетуге тырысады. Идрис Ғалимжанға
қатысты жазғандары да шындыққа жанаспайды. Оның не
Шоқаймен, не “Яштүркістан” журналымен байланысы жоқ
еді. Тіпті, мұрағат деректеріне қарағанда, Ғалимжан Шоқайдың
тұтқын комиссияларында қызмет атқаруына қарсы еді және
бұл туралы неміс органдарына баяндамалар беруден де
тартынбаған.
Осылардың
барлығы,
егер
деректерге
негізделген
болса, легионда қызмет атқарған әскерлердің өзара ойдан
шығарған аңыз әңгімелерінен басқа ештеңе емес. Бұл әскерлер
Шоқайдың қашан өлгендігі туралы да нақты білмейді. Сол
себепті, Шәкібаевтың романында 1941 жылы желтоқсан айында
қайтыс болған Шоқай 1942 жылдың наурызында әлі тірі болып
көрінеді.
21
Өйткені, тұтқын лагерлеріндегі әскерлер Шоқайдың
1942 жылы сәуір айында қайтыс болған деп сенетін. Тұтқын
лагерлеріндегі түркістандық әскерлерден Қарыс Қанатбай
Шоқайдың өлімі туралы хабардың өздеріне сәуір айында
жеткендігін айтады.
22
Қысқасы деректі повесть деп көрсетілген
шығармада оқиғалар желісінің пайдаланған материалдарының
қате болуына байланысты шындықтан алыстап кеткені
анық. Сондай-ақ, жазушының Шоқайдың қызметтеріне
кеңестік идеология тұрғысынан баға беруге тырысуы, оның
адасуын одан әрі тереңдете түседі. Мысалы, повесть бойынша
20 Шәкібаев. 206 б.
21 Шәкібаев. 49 б.
22 Мария Чокайоғлу, Я пишу вам из Ножана, Алматы, 2002, 140 б.
52
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Розенберг Шоқайға Түркістанның неміс отары болатындығын
және ұлттық армиясы мен мемлекеттігі болмайтындығын
айтады. Шоқай болса, бұған қарсылық білдірместен келіседі.
23
Жазушының Розенбергпен Шоқай арасындағы кездесуді
әрқандай бір дерекке сүйене отырып, жазбағандығы анық. Бұл
жерде оның толықтай кеңестік идеологияға сай бір бейнелеу
жасауға тырысқандығы даусыз.
Шәкібаевтың кейіннен орысшаға да аударылған повесінің
Шоқайдың нацисттермен ауыз жаласқан сатқын екендігі
жөнінде халық арасында жаңсақ ұғым қалыптасуына елеулі
қызмет атқарғаны күмәнсіз. Сонымен, Шоқайдың саяси
қызметтерімен басылымдарынан Түркістан халқына қарсы
ешқандай бір мін таба алмаған кеңестердің үгіт-насихат
құралдарының Шәкібаевтың жалған деректерге негізделген
повесі арқылы діттеген мақсатына қол жеткізуге тырысқанның
деп айтуға негіз бар.
Қазақстанда 1960 жылдардың соңынан бастап кеңестік
идеологияның белгілеген шеңберінен асып Шоқай туралы айту
мүмкін емес екенін жоғарыда атап өткен едік. Бұл жағдай 1985
жылы кеңестік биліктің басына өткен Михаил Горбачёвтың
қайта құру және жариялылық саясатына дейін жалғасты.
Горбачёвтың кеңес қоғамын барынша демократияландыруға
және бүкіл тарихи шындықтарды бүкпесіз ашық талқылауға
шақырған
жаңа
саясаттарынан
кейін
жағдай
өзгерді.
Қарапайым халық пен зиялылар Қазақстанда идеологиялық
себептерге байланысты тыйым салынған тарихи оқиғаларды
ашық талқылай бастады. Бұл процесс әсіресе, 1987 жылдан
бастап белең алды. Алаш орда қозғалысы мен жетекшілері, 1933
жылы үш миллионға жуық қазақтың өліміне жол ашқан аштық
зобалаңы, 1937-1938 жылдардағы зиялылардың қуғын-сүргіне
ұшырауы секілді сан жылдар тыйым салынған тақырыптар
ашық талқыланды.
Алаш орда мен жетекшілері туралы айтыс-тартыстар
1988 жылдың соңында өз нәтижесін берді. Қазақстан Кеңестік
Социалистік Республикасының Жоғары Соты 1988 жылы
желтоқсан айында қабылдаған бір шешім бойынша Алаш орда
жетекшілерінің қарсы-төңкерісшіл және антисоветшіл деген
айыптауларға ұшырағандығын мойындады. Осылайша Алаш
23 Шәкібаев. 82-б.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
53
орда көсемдері ақталды. 1989 жылы қаңтар айында Қазақстан
Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті де бір мәлімдеме
жариялап, Алаш жетекшілерінің әлеуметтік, саяси және әдеби
қызметтері туралы тарихи шындықтардың зерттеліп, халыққа
жария етудің қажеттігін атап өтті.
24
Сөйтіп, Қазақстанда 1989 жылдың қаңтар айынан бастап,
Алаш орда қайраткерлеріне қатысты шындықтардың бетін
ашудың алдында тұрған кедергіліктер жойылды. Енді гәрі, Алаш
қайраткерлері туралы ешқандай тыйым-шектеу жоқ еді.
Алайда, осы құбылыстар болып жатқанда, ешкім аузын
ашып Шоқай туралы ләм-мим деп ешнәрсе айта алмады. Бұл
жағдай бізге Шоқай туралы сөз қозғаудың ұлттық тарихтың
өзге ақтаңдақ беттері туралы сөз қозғаудан әлде қайда қиын
екендігін көрсетеді. Екінші жақтан мұны кеңестік үгіт-насихат
механизмінің өзге Алаш орда жетекшелеріне қарағанда,
Шоқайға қарсы әжептәуір күштірек жүргізгенінің бір көрінісі
ретінде бағалауға болады. Горбачёвтың тарихтың ақтаңдақ
беттерін толтыруға шақырған жариялылық саясатының өзі
Шоқай туралы шындықтардың бетін ашуда ешқандай қауіп жоқ
екендігіне ешкімді сендіре алмаған көрінеді.
Сондықтан ешкім ортаға шығып, Шоқай туралы мәселе
қозғауға батылдық көрсете алмады. Бұл турасындағы кідіріс
бәрінен басым болды. Қазақ тарихының кеңес дәуірінде
бүркемеленген барлық шындықтары айтылғаннан кейін ғана,
Шоқай туралы әңгіме қозғалатын еді. Шоқай жариялылық
саясатының аясында талқыланатын қазақтың ұлттық тарихы-
ның соңғы ақиқаты еді. Бұл құбылыста талқыланған жағдайда,
қазақ тарихында ешқандай ақтаңдақ бет қалмайтын еді.
Ақырында Кеңестік қазақ тарихының соңғы шындығын
жұртшылық талқысына ұсынған алғашқы қадам 1990 жылы 17
мамыр күні басылды. Бұл қадамды басу батылдығын көрсеткен
жазушы – журналист Бейбіт Қойшыбаевтың “Беймәлім тағдыр
Мұстафа Шоқаев туралы бірер сөз” атты мақаласы “Ана тілі”
газетінде жарияланды.
25
Шоқай секілді кеңестік режимнің
қайсар қарсыласы туралы пікір таласты бастатқан алғашқы
мақаланың “Ана тілі” газетінде жарық көруде кездейсоқтық
емес еді. Өйткені “Ана тілі” газетіде қайта құру саясатының
24 Қазақ әдебиеті. 6 қаңтар 1989.
25 Бейбіт Қойшыбаев. Беймәлім тағдыр Мұстафа Шоқаев туралы бірер сөз
// Ана тілі. 17 мамыр 1990.
54
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
туындысы болып табылады. Газет кеңестік идеологияның тіл
саясатының кесірінен ұзақ жылдар орысшаның тасасында
қалған қазақ тілінің өміршендігін қалпына келтіру сынды ол
кезең үшін бет бұрыстық бір мақсатта құрылған “Ана тілі”
қоғымының органы еді. Шоқай іспетті қиын бір мәселе жөнінде
сөз қозғаған мақалада тек осынау бір баспасөз органында орын
алар еді.
Қойшыбаев мақаласын, сақтықта қорлық жоқ дегендей,
абайлап жазды. Шоқайдың кеңестердің ымыралас жауы
болғандығы
жөнінде
ресми
тарихта
айтылғандардың
шындығына таласпайтынын атап, өткен автор қайта құрудың
жаңашыл рухына сай дұшпанды да танып білудің қажет
екеніне көрсетеді. Осындай кіріспеден кейін Қойшыбаев
Шоқайдың өмірімен бірқатар шығармаларын таныстырады.
Бірақ, Шоқайды ақтауға тырыспайды. Тек мақаласының
соңында Шоқайдың нацисттермен бірге жұмыс істегені туралы
алға тартушылықтың анық еместігін, өйткені оның Түркістан
Легионының құрылуынан бұрын 1941 жылы 27 желтоқсан күні
беймәлім жағдайда қайтыс болғандығын тілге тиек етеді.
26
Шоқай туралы екінші мақала тағы да Қойшыбаевтың
қаламынан шықты. Мақала алғашқысынан алты айдан соң, атап
айтқанда 1990 жылы қараша айында Қазақстанның ең ықпалды
баспасөз органдарының бірі болып табылатын “Қазақ әдебиеті”
газетінде жарияланды.
27
Қазақстан Жазушылар Одағының
көп тиражды газетінде орын алған мақаласында Қойшыбаев
алғашқысына қарағанда көбірек батыл және айқын позиция
ұстанады.
Шоқайдың өмірімен шығармалары туралы оқырманға
мәлімет беруді көздеген Қойшыбаев оның “Түркістан
кеңестер билігінде” атты еңбегімен “ЙениТүркістан” және
“ЯшТүркістан” журналдарын таныстырады. Олардан үзінділер
беріп, Шоқайдың саяси идеяларын таныстыруға тырысады.
Автор шетелдерде жақсы танымал бұл еңбектердің Шоқайдың
өз елінде беймәлім қалып отыруының ойландырарлық жайт
екендігіне назар аударады. Қойшыбаев сондай-ақ Украинаның
бұрынғы Сыртқы Істер министрі А.Чулгин, Социалистік
интернационалдың мүшесі, француз саяси қайраткері Пиер
26 Сол жерде.
27 Бейбіт Қойшыбаев.Мұстафа Шоқай //Қазақ әдебиеті. 2 қараша 1990,
10-11 б.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
55
Ренодел және профессор Тахир Чағатай секілді көрнекті
тұлғалардың Шоқайды жоғары бағалаған тұжырымдарынан
үзінділер келтірді. Мақаласының соңында сақтық шара
қолданған Қойшыбаев бұл жерде қайсы бір адамдық аралау
немесе айыптауды мақсат етпейтінін, тек тарихтың кейбір
ақтаңдақ беттерін толтыруға күш жұмсағанын айтады.
28
Қойшыбаевтың осы мақаласынан кейін Шоқайдың
еңбектерін үзінділер газет-журналдарда тұжырым жасалмастан
беріле бастады. Олардың арасында Қазақстан Коммунистік
партиясының баспасөз органдары да болды. Компартияның
күнделікті баспасөз органы болып саналатын “Социалистік
Қазақстан” газеті 1991 жылы қаңтар айында алғаш рет
Шоқайдың еңбектерін оқырмандарға таныстырды. Газеттің
екі санында Шоқайдың “Түркістан Кеңес билігінде” атты
еңбегінен үзінділер түсінік берілместен жарияланды.
29
Компар-
тияның теориялық және саяси тақырыптардағы айлық
баспасөз органы болып саналатын “Қазақстан Коммунисі”
журналы да көп кешікпей Шоқайға көңіл бөлді. Журналдың
1991 жылы мамыр, маусым және шілде айы сандарында
Шоқайдың “1917 жыл естеліктерінен үзінділер” атты кітабынан
үзінділер жарияланды. Оған арналған қысқа кіріспеде Бейбіт
Қойшыбаевтың “Ана тілі” мен “Қазақ әдебиеті” газеттерінде
Мұстафа Шоқай туралы ойлантарлық мақалалардың орын
алғандығына назар аударылып, Шоқай туралы шындықтың
анық-қанығына жету үшін оның шығармаларымен танысып
шығудың қажеттігі көрсетіледі. Шоқайдың “1917 жыл
естеліктерінен үзінділер” атты еңбегін 1988 жылы профессор
Саадет Чағатайдың түрік тілінде жарияланғанын атап өткеннен
кейін, бұл шығарманың Қазақстанда алғаш рет жарияланып
отырғандығы айтылды.
30
Шоқай туралы үшінші және толықтай батыл мақала 1991
жылы мамыр айында Әнуар Әлімжановтың қаламынан шықты.
Мақала Кеңес Одағының шаңырағы шайқалып, ыдыраған
дыбыстары естіле бастаған және Қазақстанның Мәскеуден
тәуелсіздігін жариялайтын желтоқсан айына бірнеше ай қалған
кезеңге сәйкес келді. Әлімжановтың “Мұстафа Шоқай!..Ол
кім?” атты көлемді мақаласы “Қазақ әдебиеті” газетінің екі
28 Сол жерде.
29 Социалистік Қазақстан. 11 және 12 қаңтар 1991.
30 Қазақстан Коммунисі. мамыр 1991.
56
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
санында орын алды.
31
Әлімжанов осы мақаласымен Қазақстан
баспасөзінде Шоқайды қазақтардың көсемі, тәуелсіздік
күресінің қажымас жауынгері және ұлы тұлға ретінде
бағалаған алғашқы кеңестік қазақ жазушысы болып табылады.
Сонымен, Шоқай Қазақстанда алғаш рет халық жауынан халық
қаһарманы дәрежесіне көтерілді. Бұл процесс Шоқайдың
тағдырының елінің тәуелсіздігімен тығыз байланысты екенін
айдай анық көрсетеді. Ол елінің демократиялық құқықтарын
қорғау үшін 1921 жылы шетелге кетті. Шетелде елінің
тәуелсіздігі жолында сан түрлі қиыншылықтарға төзе отырып
мойымай, күресіп жүргенде 1941 жылы қайтыс болды. Бірақ,
кеңес билігіндегі Қазақстанда халық жауы деп жарияланып,
күрес жолымен идеяларының таныстырылуына тыйым
салынды. Осындай тыйымдар Қазақстан тәуелсіздікке қарай
нақты қадамдар басып келе жатқан кезде ғана жойылды.
Қазақстанда Шоқайдың ұлттық қаһарман екендігін
алғаш рет бүкпесіз ашық айтқан Әлімжанов мақаласының
кіріспесінде былай дейді: “...Бүгін қайта құру күндерінде біздің
жүзеге асыруға тырысқан пікірлерімізді ол сонау 1917 жылдың
өзінде ұсынған болатын. Сол себепті оған “түрікшіл”,
“исламшыл”, “ұлтшыл”, “әлем буржуазиясының итаршысы”
деген айыптар тағылды. Соңына НКВД қызметкерлері түсті.
Оның тек шығармаларына ғана емес, атын атаудың өзіне
де қатаң тыйым салынды. Байқаусызда атын атағандар
қуғындалып, хабар-ошарсыз жоғалып кетіп жатты.”
32
Шоқайдың Қоқан автономиясындағы қызметтеріне де
тоқталған Әлімжанов оның бұл жердегі қызметтеріне дәстүрлі
кеңес тарихы көзқарасынан өзгеше түрде баға берді. Шоқайдың
Отанына сатқындық жасаған адам емес, қайта бүкіл саналы
өмірін ұлтына арнаған отан сүйгіш, ұлт жанды азамат екендігіне
баса назар аударды.
Әлімжановтың бұл мақаласынан соң Қазақстанда Шоқай
туралы алаңдаушылықтар айтарлықтай сейілді. Баспасөз
саласының бүкіл органдары ол жөнінде материалдар басуға
ықылас таныта бастады. Шоқайдың өмірі мен еңбектері туралы
мақалалар жарияланды. Олардың ең маңыздыларының бірі
Қазақстан Коммунистік Партиясының Жастар ұйымының
31 Әнуар Әлімжанов. Мұстафа Шоқай!..Ол кім? //Қазақ әдебиеті. 24 мамыр
және 31 мамыр 1991.
32 Әлімжанов. Қазақ әдебиеті. 24 мамыр 1991.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
57
(комсомол) баспасөз органы “Лениншіл Жас” газетінде
орын алды. Газеттің екі санында бірінен соң бірі, екі күн
бойы жарияланған “Мұстафа Шоқайұлы” атты көлемді
мақаланың авторы Сарбұлақ Ибрашев Шоқайдың көзі тірі
туыстарын танытты.
33
Олардың Шоқайға байланысты көрген
қиыншылықтарын әңгімеледі. Осы орайда автор Шоқайдың
туыстарымен кездесіп, сұхбаттасты. Бірақ туыстары Шоқайға
тағылған “халық жауы” деген айыптаудың көпшілікпен
Компартия назарында күшін жойғанына әлі сене алмай
жүрген еді. Ғани Әлішев осы алаңдаушылығын тілге тиек
етіп, авторға былай деді: “Мұстафа Шоқай туралы мақала
жазамын деп біз душар болған қысым қудалауларға ұрынып
жүрме. Ол туралы жазғанмен еш нәрсе өнбейді. Кеткен адам
кетті. Жабулы қазан жабулы қалсын, онымен айналыспа.”
34
Шоқайдың туыстарының кеңестердің құлауының қарсаңында
әлі жалғасқан осынау алаңдаушылықтары, олардың Шоқайға
байланысты не бір қиыншылықтарды бастан кешіргендерінің
белгісі болса керек.
Қазақстанның 1991 жылы 16 желтоқсан күні тәуелсіздігін
жариялауынан кейін Шоқай туралы алаңдауға ешқандай
негіз қалмады. Өйткені, оның бүкіл саяси күресінінің
нысанасы болған Кеңестер Одағы келмеске кеткен еді. Оның
орнына Шоқай бүкіл өмірін арнаған туған халқының ұлттық
демократиялық басқару құрылған еді. Сол себепті, жаңа
Қазақстан мемлекетінде Шоқайдың өмірі мен еңбектері
үшін алаң болуға ешқандай себеп жоқ еді. Қайта ол осы
жаңа мемлекеттің ұлттық қаһарманы ретінде дәріптелуге
лайықты еді. Бірақ, жетпіс жылдық кеңес билігі кезіндегі
үгіт-насихаттардың ықпалынан әлі арыла алмай жүргендер
кенже емес еді. Олардың ой-өрістері бір кезде халық жауы
атандырылған Шоқайдың жаңа Қазақстан мемлекетінде
қалайша ұлттық қаһарманға айналғанын түсінуге жетпеді.
Мұндай көзқарастағы адамдардың көш бастаушысы
Шоқайға қарсы жүргізілген кеңестік үгіт-насихаттың ең тиімді
шығармасы – “Үлкен Түркістанның күйреуі” атты кітаптың
авторы Серік Шәкібаев болды. Шәкібаев Шоқайдың Қазақстан
үшін ұлттық қаһарман болып жариялануын мойындамады және
33 Лениншіл жас. 27 және 28 шілде 1991
34 Лениншіл жас. 28 маусым 1991.
58
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
бұл ойын көпшілікке таратқан мақаласын жазуда да кешікпеді.
“Қазақ әдебиеті” газетінің 1992 жылы шілде айындағы санында
басылған мақаласында Шәкібаев бұл наразылығын былай
деп ортаға салды: “Бұл мақаланы жазу менің парызым болып
табылады. Шоқай менің қаһармандарымнан бірі болғандықтан
ол туралы мерзімді баспасөз беттерінде түрлі пікірлер алға
тартылып жатқанында, әсіресе оның фашисттермен ауыз
жаласуын кейбіреулер шүбәлі жайт секілді көрсетіп, тіпті
терістеуге тырысып жатқан кездерінде менің үнсіз қалуым
оқырмандарым үшін түсініксіз жайт болатын еді.”
35
Шәкібаев “Құрғақ долбар – дәлел емес” атты осы
мақаласында Қазақстан баспасөзінде соңғы кездері Шоқаймен
оның шығармалары туралы жиі мақалалар шығып тұруына
деген мазасыздығын тілге тие кетті. Шәкібаевтың пікірінше,
мұндай мақалалар халықтың Шоқайдың ұлттық қаһарман
екені жөнінде жаңсақ пікір қалыптастыруына себеп болуда. Ал
шындығында Шоқай әсте қаһарман емес еді. Ол “фашисттердің
қолжаулығы болған сатқын”еді. Ол құрған “Түркістан легионы”
Германияның фашисттік армияларымен бірге Түркістаны
жаулап алып, Германияның бір отарына айналдыруды көздеген
еді. Шәкібаев осылайша, Түркістан халқын немістердің
боданына айналдыруды көздеген адамды қаһарман мәртебесіне
көтеруге
болмайтындығын
атап
өтеді.
Байқағанмыздай,
Шәкібаев бұрынғы кеңестік дәуірде Шоқайға бағытталған
айыптаулардың ықпалынан әлі айыға алмаған сыңай танытады.
Шәкібаев сөйтіп мақаласында Шоқайдың отан қаһарманы
еместігін, “фашисттермен ауыз жаласқан сатқын” екендігі
туралы
кеңестік
айыптаулардың
растығын
дәлелдеуге
тырысып бақты. Онын бұл мақаласына жауап Әлімжановтан
келді. Әлімжановтың мақаласы “Қазақ әдебиеті” газетінің
Шәкібаевтың мақаласы басылған санында және сонымен бір
бетте жарияланды. Демек, “Қазақ әдебиеті” газетінің редакция
алқасы Шәкібаевтың мақаласы өздеріне келіп түскеннен
кейін, онымен Әлімжановтың танысып шығуына мүмкіншілік
берген, сөйтіп оған жауап боларлық бір мақаланың жазылуын
қамтамасыз еткен еді. “Ұлы адамның аруағымен алыспайық”
деген мақаласында Әлімжанов Шәкібаевтың мақаласын
35 Серік Шәкібаев.Құрғақ долбар – дәлел емес //Қазақ әдебиеті. 24 шілде
1992.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
59
КГБ-ның әдеттегі күйе жағу әдісі ретінде бағалады. Оның
пікірінше, Шәкібаев не осы мақаласында, не “Үлкен
Түркістанның
күйреуі”
атты
повесінде
Шоқайдың
нацисттермен елінің мүдделеріне қарсы одақтасқандығын
көрсететін ешқандай сенімді дәлел ұсына алмаған еді.
Әлімжанов мақаласының соңында Шоқайдың отаны
үшін жасаған қызметтерінің айдай анық көрініп тұрғанын
және ешкімнің қорғауына мұқтаж еместігін мына сөздермен
атап өтеді: “Мұстафа Шоқайұлы ешкімнің ақтауына мұқтаж
емес. Ол өзін-өзі шығармаларымен, ерлігімен ақтап отыр.
Оны тарих пен уақыт ақтады. Түркі тілдерінде сөйлейтін
халықтар оның өзіне лайық бағасын беруде.”
36
Әнуар Әлімжановтың бұл мақаласы Шәкібаев үшін
қанағаттандырарлық жауап болмады. Шәкібаев Шоқаймен
байланысты алға тартушылықтарын одан әрі жалғастырды.
Қазақ тарихшылар арасынан Әбу Тәкенованың Шоқайға
қатысты
шындықтардың
зерттеліп,
толықтай
ортаға
салынбаудан туындаған тұманды ортаны пайдаланып қалуға
тырысқандығын айтады. Шәкібаев “Үлкен Түркістанның
күйреуі” атты шығарманы қайтадан бастырды. Қазақстанда
оқырманын көбейтіп, көбірек кірім келтіру мақсатында
даулы мәселелерді күн тәртібіне қоюмен танылған бір
газетте Шоқайға байланысты пікірлерін тілге тиек етті.
Шоқайдың немістердің жыртысын жыртқан “Түркістан
легионының” құрушысы екендігін, сондықтан генерал шенімен
марапатталғандығын және Гитлермен әскери одақтастық
жасағандығын т.б. алға тартты. Тәкенованың осылайша,
Шоқайды бейбітшілік пен ізгі ниетті жандардың жауы етіп
көрсетуге тырысқандығын айтады. Бірақ, Шәкібаев бұл
істерінен көздеген мақсатына жете алмады. Сол себептен, басқа
амалдар іздеп Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасына
қылмыстық іс қозғатуға дейін барды.
37
Бірақ, енді Шоқай тәуелсіз Қазақстан Республикасының
халық қаһарманы еді. Ол бұған іс-қимылдары және идеяларына
байланысты лайықты деп танылды. Осы атақ-бедел Шоқайға
қатысты шындықтардың беті ашылған сайын нығая түсуде.
Осыған орай, Шоқайдың мұрасымен мен қызметтерін
36 Әнуар Әлімжанов. Ұлы адамның аруағымен алыспайық //Қазақ әдебиеті.
24 шілде 1992, 7-б.
37 Тәкенов. 56-57 б.
60
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
жандандыру жолындағы іс-шаралар күн өткен сайын қарқынды
түрде жалғасуда. Шоқай туралы айтулы жұмыстардың бірі 1994
жылы туған қаласы Қызылордада жүзеге асырылды. Сол жылы
кешігіп болса да, Шоқайдың жүз жылдық мерейтойы атап
өтілді. Аталмыш қалада сонымен қатар, 1996 жылы Мұстафа
Шоқай ескерткіші салтанатпен ашылды. Қазақстанның бірқатар
қалаларында көшелер мен даңғылдарға, мектептерге есімі
берілді.
38
Сөйтіп, Шоқай Қазақстан ұлттық мемлекетінің тарихи
тұлғаларының ішіндегі ең көрнекті есімдердің біріне айналды.
Шоқайға көрсетілген осы ықылас қарқынмен жалғаса береді.
Өйткені, оның күресі мен идеялары Қазақстанның тәуелсіздік
тарихының маңызды бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар,
Қазақстанның тәуелсіздік тарихының мазмұны Шоқайдың
есімімен тереңдей түседі.
Дегенмен, Шоқайдың тарихи тұлғасы әлі Қазақстанда
толық құрметтеліп отыр деп айта алмаймыз. Өйткені,
Қазақстанның мәдени ордасы Алматыда Шоқайдың аты
берілген көше қаланың бір шетінде кішігірім болумен қатар,
қалада оған арналған бірде-бір ескерткіш жоқ. Ал бас қала
Астанаға келер болсақ, бұл жерде тәуелсіздіктің символ тұлғасы
Шоқайдан ешбір белгі-із таба алмайсыз. Осындай жағдайда,
Шоқайдың екінші отаным деген Францияның астанасында
өткен жылы туғанына 110 жыл толуына байланысты Шоқай
атында парк ашылып, мүсін қойылуы ерекше назар аудартады.
Міне, бұл өркениетті елдің белгісі. Енді Шоқайдың бірінші
отаны Қазақстанның тәуелсіздігінің 20-жылдығында оған
деген халқының толық құрметін көрсететін уақыт жеткен
сияқты. Бүгін Қазақстан тәуелсіздігінің және дамуының
символ қаласына айналып отырған Астанада Шоқай және бүкіл
Алаш тұлғаларына арнап бір музей ашу, бір даңғыл, көшеге
Шоқайдың атын беру және Астананың төріне Шоқайға арнап
ескерткіш орнату әділеттілік пен өркениеттіліктің белгісі болар
еді.
38 Базарбай Атабаев. Біз Мұстафаның ауылынанбыз //Қазақ елі, 10 қаңтар
1997.
|