70
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Біз сонымен қатар, жастарды қазақ тарихына, мәдениетіне,
тіліне жақындастыру мақсатында екі рет қазақ диаспорасының
конференциясын өткіздік. Бірінші конференция 2009 жылы
сәуірде Мюнхенде өтті, біз Еуропадағы неміс тілді қазақ
жастарының интеграциясы мен бірегейлігі мәселелерін
талқыладық. Екінші конферецияны шведтік қала Вестороста
2009 жылы желтоқсанда өткіздік, мұнда да осы мәселелерді
қарастырдық. Екі конференцияға да Қазақстанның өкілдері
қатысты. Біріншісіне Қазақстан жастары Конгресінің атқарушы
директоры Нұрлан Сыдықов қатысты. Вестороста өткен екінші
конференцияға Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше
және Уәкілетті Елшісі Қайрат Әбусейітов қатысты. Сонымен
қатар, Еуразиялық ұлттық университетінің журналистика
факультетінің деканы, профессор, доктор Қайрат Сақ та болды.
Осылайша, мемлекеттік органдардан, университеттерден,
жастар ұйымдарынан Қазақстан өкілдерінің шетелдегі қазақ
жастарының ұлттық өзіндік санасын оятуға бағытталған іс-
шараларға қатысуы осы іс-шаралардың тиімділігін нығайтады.
Қазір жастар осындай қызық және пайдалы іс-шаралар
әрі қарай да болып тұрғанын қалайды. Қазіргі кезеңде
бұл іс-шараларды Еуропалық қазақтар Федерациясының
президиумы ұйымдастырып, өткізіп жатыр. Біз ағылшын
тілінің аббревиатурасынан алынған ФЕКА деп атайтын
Федерацияның құрамында қазір Германияның Кельн, Берлин,
Мюнхен қалаларының қазақ мәдени орталықтары, сондай-ақ
Голландияның, Францияның, Ұлыбританияның, Данияның,
Норвегияның, Швецияның, Австрияның және басқа елдердің
қалалары бар. Тұтастай алғанда, ФЕКА құрамына Еуропаның
елдерінің 10 қазақ мәдени орталықтарын біріктіреді.
Қазақтар Еуропаға қандай жолдармен келген?
Қазақтар Еуропаға екі топпен келген. Бірінші топ
Шыңжаңнан, яғни Шығыс Түркістаннан келгендер. Бұл топ
ұлттық-азаттық күрестен кейін 1930-1950 жылдары Үндістанда
болды. Олардың тарихы туралы айтпаймын. Олар біраз
уақыт Үндістанда және Пәкістанда тұрды. 1953 жылы жұмыс
іздеу барысында олар Түркияға көше бастады, ал Түркиядан
60-жылдары –Еуропа елдеріне көшуді бастады. Еуропаға көшу
60-жылдары басталып, 80-жылдарға дейін жалғасты және ол
әлі тоқтаған жоқ. Екінші топ 1930-жылдары аштық кезеңінде
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
71
Қазақстаннан Ауғанстанға, Иранға, ал сосын 80-жылдары
Түркияға, ал Түркия арқылы Еуропаға қоныстанды. Бұл топ
саны жағынан азырақ.
Сіз осы топтың қайсысына жатасыз?
Мен бірінші топқа жатамын. Менің ата-бабаларым Алтай
мен Баркөлден Шығыс Түркістанға Гансу және Шыңхай дүңген
жерлері арқылы, Тибет арқылы Үндістанға қоныс аударды.
Олар бір жағынан, қытай биліктерімен күресті, ал басқа
жағынан қатал табиғатпен күресіп, Гималай тауларынан және
Тибет тау жотасынан өтті, 40-жылдары Үндістан мен Пәкістанға
қиындықпен жетті. Бұл көші-қонды Елісхан Әліпұлы басқарды.
Мен өзім Пәкістанда туып, Түркияда өстім, ал қазір Германия
тұрып жатырмын.
Көшіп-қонушылардың басшысы Елісхан Әліпұлы туралы
айтып беріңізші...
Елісхан Әліпұлы Шығыс Түркістаннан Үндістанға бірінші
болып көшкен қазақтардың көшбасшысы болды. 1930-жылдары
ол көш басқара отырып, дүнген жерлерінен Үндістанға көшті.
1941 жылдың тамызында Үндістанда соның басқаруымен келген
3 мыңға жуық қазақтар болды. Сол кезеңде Ұлыбританияға
бағынатын
Үндістанның
билігі
оларды
лагерьлерге
Музафарабат атты жерге орналастырды. Бұл лагерьде 2 мыңға
жуық адам көмектің жоқтығынан, үйреншіксіз климаттың,
түрлі аурулардың әсерінен қайтыс болды. Нәтижесінде, Елісхан
Әліпұлы Үндістандағы британдық губернатордың қамқорлығы
арқасында Пәкістанның мұсылмандарымен байланыса отырып,
бұл лагерьден Пәкістанға ауысуға мүмкіндік тапты. Осылайша,
қалған қазақтар қиын жағдайлар мен аурулардан құтылды.
Бұл кезеңде Елісхан Әліпұлының жақын көмекшілерінің бірі
молда Ахметқали болған еді. Ол лагерьдің қиын жағдайларына
қарамастан,
ағартушылық
жұмыстарын
жалғастырып,
балаларды оқытты. Ахметқали молданың шәкірттерінің бірі –
бәріне танымал Халифа Алтай.
Ол адамның тағдыры қандай?
Ол Пәкістанда қайтыс болды. Оның жалғыз қызы болды, ол
70 асты, Стамбулда тұрады. Семейден шыққан Ахметқалидың
туыстары Қазақстанда да, Қытайда да бар. Оларды табуға
болады.
Сіз өз отбасыңыздың шежіресін жинайсыз ба?
72
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Бізде мәліметтер жинап жүретін адамдар бар. Мен жеке
өзім мұнымен айналыспаймын, әйтсе де, әрине әркім өзінің
7 атасын білу керек, мен де білемін. Біз 70 жыл бойы көшіп-
қонып жүрдік, сол себепті шежіремен айналысуды жөн
көрмедік, өйткені бұл жекешеленуге алып келеді.
Шетелдің қазақ жастары өздерінің шежірелерін біле ме?
Аздап біледі, әрине. Біздің 7 атаға дейін құдаласпайтын
дәстүріміз бар ғой. Бұл дәстүр бізде сақталады.
Сіз Шығыс Түркістан туралы айттыңыз. Толығырақ
айтып беріңізші.
Шығыс
Түркістан
–
бұл
Қытайдағы
Синьцзян-
Ұйғыр автономиялық ауданы. Түркі әлемінде бұл ауданды
Шығыс Түркістан деп атайды, ал ресми атауы – Синьцзян.
1930-жылдары Шығыс Түркістанда сол кездегі Қытай билігінің
отарлаушы саясатына қарсы көтерілістер болды. Ұйғыр
Қожаниязов пен қазақ Әйімбет батыр бастауымен болған 1933
жылғы көтеріліс Шығыс Түркістанды Ислам Республикасы
құрумен аяқталды.
Нәтижесінде Қожаниязов Шығыс Түркістанның қытай
губернаторы Шыншысаймен келісіп, оның орынбасары болып,
Шығыс Түркістан Ислам Республикасын басқарудан бас тартты.
Кейбір ғалымдар бұл іс-әрекетін сатқындық деп есептеді.
Осылайша, Шығыс Түркістан Ислам Республикасының үкіметі
таралды. Сосын Шығыс Түркістан Республикасы 1944 жылы
Әлихан Төренің басқаруымен тағы да құрылды. Өз кезегінде
Кеңестер бұл Республиканы қолдап отырған.
Алаш қозғалысы туралы не білесіз?
Алаш Орда туралы жас кезімізден білімді адамдардан,
үлкендердің әңгімесінен білеміз. Бізге Міржақып Дулатов,
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев,
Мұстафа Шоқайлардың есімдері белгілі. Олардың есімдерін біз
бала кезімізден білеміз. Алаш Орда рухы қазақтардың, әсіресе
шетелдік қазақтардың жүрегінде. Қазақстаннан тыс тұратын
қазақтардың көбісі сол баяғы кезден бері Міржақыптың «Оян,
қазақ» өлеңін біледі.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты!
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Міржақып
өлеңдерін
жатқа
айтатын
адамдар
да
болған. Бұл өлеңдерді тыңдап, біз Алаш Орда рухымен
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
73
тәрбиелендік десек те болады. Ол кезде Қазақстанда Алаш орда
қайраткерлері туралы айтуға болмайтын, олардың кітаптары
басылмайтын, билік жағынан қарсылықтар болған. Осылай,
Алаш Орда қайраткерлерінің еңбектері шетелдік қазақтардың
қолында қалды, және біздің зиялы қауым осы еңбектерді
насихаттап, талқылаған. Бұл адамдардың қатарына Хасен
Оралтайды жатқызуға болады, ол ақырында Германияда қайтыс
болған. Дәулеткерей Тағыберлин «Азаттық» радиосында қазақ
редакциясын құрған болатын. Оны Мюнхенге әкеліп, жұмысқа
орналастырған Хасен Оралтай еді.
1950 жылдары «Түркі елі» журналы басылып жатты,
онда Алаш орда туралы мағлұматтар жарияланды. Мысалы,
Малекеш Қайбалдин Асан Қайғы деген лақап атпен жазған
болатын. Бұл журнал Мюнхенде 5 тілде шығатын – қазақша,
өзбекше, қырғызша, түрікше, тәжік тілінде.
Осылай, шетелдік қазақтар арасында Алаш Орда
қайраткерлерінің есімдері ұмытылмады. Қазақтар оларды есте
сақтаған және құрметтеген, оларды мақтан тұтқан. Меніңше,
олардың үлгісі қазір де қазақ диаспорасын рухтандырады. Алаш
қозғалысы туралы шет елдерде көп жазылатын және біз соның
барлығын оқитынбыз.
Шетелдік ғалымдар да Алаш орда туралы көп жазған.
Мысалы, Эдвард Аккорд, Александр Бенсон, Зенковский.
Шетелдік ғалымдар үлкен жұмыс атқарды. Алаш орда туралы
америкалық жазушы Эндерс те жазған болатын. Біздің
жерлестеріміз бен шетелдік ғалымдар еңбектері арқасында
біз Алаш Орда туралы біліп жатырмыз. Алаш орда көсемдері
туралы аңыздар да бар. Қазіргі таңда Қазақстанда Алаш орда
басшыларының еңбектері басылып жатыр, олардың есімдері
көшелерге берілуде. Олардың армандары орындалып келеді,
Қазақстан Еуропада үлкен мәртебеге ие болды, еуропалық
елдердің серіктесі болды. Әрине, біз білеміз, бұның бәрі қазіргі
елді басқарушылардың, ең алдымен – Президентіміздің
сіңірген еңбегі.
Шетелдік қазақ жастары Алаш қозғалысы туралы біле
ме?
Әрине, жастар Алаш орда туралы біледі, бірақ барлығы
жақсы біледі деуге болмайды. Біз бұл мәселелерді жастар
конференцияларында талқылап, Әлихан Бөкейханов сияқты
74
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Алаш Орда қайраткерлері қазақ ұлтының бірігуіне үлес
қосқаны туралы айтамыз.
Өзіңіздің «Азаттық» радиосындағы атқарған қызметіңіз
туралы айтсаңыз...
Мен «Азаттық» радиосында 1980 жылдан 1995 жылдар
арасында жұмыс істедім. Менің соңғы қызметім - бітіруші
редактор. Біз халықаралық қатынастар туралы жаздық.
Тыңдармандарға әлемдегі саяси оқиғалар жайлы, ондағы
өзгерістер туралы айттық. Сол кезде мен ұлттық сұрақтар,
тілдің дамуы сұрақтары бойынша мақалалар жазып жаттым.
«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» демей ма? Ол кезде
қазақ тілі жайлы, қазақ тілінің болашағы туралы көп айтылып
жатты. Мұндай мақалалар «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз»,
«Социалистік Қазақстан», «Мәдениет және тұрмыс» деген
газеттер мен журналдарда жарияланды. Мен Алаш Орда туралы
мағлұматтарды қазақшаға аударғандардың алғашқыларының
бірі болдым. Біз басқа тілдерден аударып, шетелдегі
қазақтардың өмірі туралы жаздық. Біз өзіміздің Отанымыз
естісін деп жұмыс істедік. Кейіннен Қазақстан тәуелсіз
мемлекет болды, сол кезде біз өз қызметіміздің біткенін ұғып,
«Азаттық» радиосынан кеттік.
Қазіргі кезде Сіз «Азаттық» радиосымен қызмет етесіз бе?
Жоқ, олармен ешбір байланыста емеспін. Қазір біздің
орнымызда Қазақстаннан азаматтары – сол кезде Қазақстанға
көшіп келгендердің балалары жұмыс істеп жатыр. Мен
Қазақстанға алғаш рет 1990 жылы шілдеде бардым, ол кезде
мен «Азаттық» радиосында қызметте едім. Ол кезде Қазақстан
Кеңес Одағының құрамында болатын. Бұл менің «Азаттықтың»
ресми қызметкері ретіндегі іс-сапарым еді. Мен ол жақтан
жақсы көзқараспен қайттым. Содан бері мен Қазақстанда жиі
болып жүрмін. Қазір менде қоғамдық жұмыс көбейіп кетті.
Бұрын біз басқа лагерьлерде болатынбыз, қазір біз біргеміз.
Айтыңызшы, Мұстафа Шоқай туралы Сізге не белгілі?
Мұстафа
Шоқай
шетелде
тұрғандықтан,
көптеген
шетелдік қазақтар ол туралы білетін. Ол Берлинде жерленген
болатын. Оның Парижде тұрғаны бізге белгілі, ол туралы
оның жерлестері, оқушылары көп айтататын. М.Шоқай
Түркістан идеясын ұсынғандықтан, ол туралы өзбектер,
түркімендер, қырғыздар, тәжіктер де көп жазған. Оны шетелде
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
75
құрметтейтін, ол туралы жақсы пікірде болған. Мұстафа
Шоқай – бұл жердегі Алаш Орданың ең танымал қайраткері.
Ол қауымға 1940 жылдардан бастап, оның қызметін оқып
біліп, мақалаларын жариялай бастаған сәттен белгілі бола
бастаған. Шоқай 1930 жылдан 1940 жылдар арасында Түркия
мен Еуропада тұрып, әрқашан жазу үстінде болатын. Ол «Жас
Түркістан» журналын шығарып, тарата бастаған. Шет елдердегі
қазақтардың көбісі осы журналды қолдаған еді. Сондықтан
Мұстафа Шоқай туралы қашан болсын жазылғандар, мүмкін,
кейбір ерекшеліктер болмаса, шетелдік қазақтарға жаңалық
болып есептелмеген.
Мұстафа Шоқай туралы барлық білімді адамдар білетін,
оның идеяларын білген. Әсіресе өзбектер – олар Мұстафа
Шоқайдың Түркістан туралы ойларын қызу қолдаған. Мен
шетелдегі өзбек диаспорасы туралы айтып жатырмын. Олар әлі
де осы идеяны қолдап келеді. М. Шоқай туралы оның шәкірттері
көп айтатын. Мысалы, Түркияда тұрған профессор Тахир
Шағатай. Ол Мұстафа Шоқай туралы көп еңбек жазған. Aхмет
Тоқтар есімді өзбек те М.Шоқай туралы көп жазған. Ол туралы
түрік тілінде де көп жазылған. Осылайша, М.Шоқай Түркістан
тақырыбын зерттеген ұйым арасында кең танымал болған.
М.Шоқай туралы көптеген ақпараттар мұрағаттарда сақталған.
Мысалы, «Жас Түркістан» журналын зерттеудегі неміс тіліндегі
материалдар Германия мұрағаттарында сақталған. Француз
тіліндегі материалдар да кездеседі. Мұстафа Шоқай туралы
жазғандардың көбісі, - баста айтылып кеткен Тахир Шағатайдың
шәкірттері, қайтыс болғаннан кейін оның атындағы қор
құрылған болатын. Бұл қорда М.Шоқайдың идеялары
баяндалған көптеген құжаттар сақталуда. Өткен жылы қор
жұмыскерлері Т.Шағатайдан қалған хаттар мен құжаттарды
Қазақстанға берген болатын.
Сіздің ойыңызша, Мұстафа Шоқайдың басты идеясы
неде болатын?
Шоқай идеясы – бір тудың астына қазақтар, өзбектер,
тәжіктер, түркімендер, қырғыздарды жинау болатын. Сонымен
қоса, сыртқы қысымға қарсылықтарға бар мүмкіндіктермен
қамтамасыз ету қарастырылған. Мұстафа Шоқайдың көздеген
ең негізгі идеясы оның демократияның жақтаушысы екендігі
еді. Басқа жағынан, ол барлық Түркістан халқын біріктіріп,
76
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
олардың ортақ мемлекетте ішкі дербестігін сақтап, ал басқа
елдерге біртұтас мемлекет ретінде қаралуын қалады. Осы
жолмен ұлттық мәдениет, тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың
сақталуын қамтамасыз етуге болушы еді. Ол бұл туралы,
әсіресе революция кезінде, ашық айтқан еді. Мүмкін, сол
кезде ол әсіресе қазақтарға керек болатын, олар М.Шоқайдың
үлкен Түркістан туралы идеясын қолдаған, себебі сол уақытта
Орта Азия халықтарының арасында қазақтар басым болатын.
Қазақтар сол кезде, шетелдік басылымдардан білуіміз бойынша,
батыстың құндылықтары мен дәстүрімен таныс болатын.
Олармен танысуы Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай
Алтынсариндармен басталса, кейіннен оны Міржақып Дулатов,
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар жалғастырды.
Мұстафа Шоқай Петербургтегі заң факультетін бітірген
болатын. Оны Түркістан автономиясын құрғандардың ішінде
ол жалғыз орыс тілінде білім алған қайраткер деп айтсақ
қателеспеген болар едім. Мысалы, адамзатқа Француз
революциясы ұсынған жаңа ұстанымдар (принцип) мен
идеяларды қазақтар бірінші болып қабылдады. Бұл туралы
Әлихан Бөкейхановтың мақалаларында оқуға болады. Ол былай
жазыпты: «….бауырластық, теңдік, еркіндік, ерік – адамзатқа
деген сый. Оны алғаш адамзатқа француз революцияшылары
сыйлады». Ә.Бөкейханов еңбектерінен біз сол кездің өзінде
қазақ жерінде демократиялық процесс құрылуына бай
тәжірибе жиналып жатқанын байқаймыз.
Сіз қалай ойлайсыз, қазіргі таңда Мұстафа Шоқайдың
еңбектерін оқып-білудің қажеті бар ма?
Әрине, бұл – қазіргі таңдағы маңызды сұрақтардың бірі.
Халықтың М.Шоқайды танып білуі үшін, оның еңбектерін
қайтадан басып, кең тарату керек. Қазіргі реалийлерге сай
келетін жерлерді белгілеп, ал қалғанын тарихи мұра ретінде
қалдырып, мұрағаттарда сақтау қажет. Керектісін алып,
керек емесін қалдыру қажет. Негізінен, егер оның еңбектерін
басылымнан шығарсақ, халық өзі керектігін таңдайды. Мұстафа
Шоқайдың еңбектерін халыққа жеткізу – өте маңызды іс.
Тарихшылар, ғалымдар мен зерттеушілер мұрағаттарда жұмыс
атқарып, оның еңбектерімен танысып, М.Шоқайдың идеяларын
оқырмандарға жеткізуі керек.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
77
Сіз Алаш Орда белсенділерінің идеялары қазақ
диаспорасының сақталып қалуына көмектескенін айттыңыз.
Өз ойыңызды нақтылап айтып кетесіз бе?
Иә, олардың идеялары диаспораға көмектесті. Олар біздің
халқымыздың бірлігін сақтап қалуға, ұлттық рухымызды құруға
мүмкіндік берді. Міржақып Дулатов және басқа қайраткерлер
Шығыс Түркістанда және Қытайда болып, Алаш Орда
идеяларын таратты. Шығыс Түркістандағы көптеген ақындар
бұл идеяларды қабыл алды. Осы ақындар мен білімді адамдар
Алаш Орда идеяларын халыққа таратты. Алаш Орданың негізгі
идеясы – барлық қазақтарды біріктіріп, тәуелсіз елді құру.
Біз – Алаш Орда идеяларына енген адамдардың ұрпағымыз.
Олардың бар еңбектері Алаш Орда ықпалымен жазылған
болатын. Мысалы, біз жастайымыздан Мағжанның «Түркістан»
өлеңін білеміз.
Түркістан-екі дүние есігі гой.
Түркістан-ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Тәңірдің бізге берген нәсібі ғой.
Немесе:
Көп түрік енші алысып тарасқандай,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ қой.
Осы өлеңдерді балалық шағымызда жаттайтынбыз.
Біз оқимыз және кездесулер, конференцияларда біздің
жастарымызға талқылаймыз. Мен, мүмкіндік болып жатса,
жастарға арнап, осының бәрін түсінуге көмек ретінде, кітап
жазуды армандаймын.
Оспан батыр туралы айтсаңыз…
Оспан батыр – қазақ және жалпы түркі халықтарының
ұлт-азаттық қозғалыстарының батыры. Ол туралы оның туған
жерінде айтпаса да, оны ұлт батыры ретінде әлемде таниды.
Оспан батыр туралы орасан көп жазылған. Ол туралы алғаш
Түркияда тұратын қазақтар танытқан болатын. Қазір ол
туралы түріктер де, басқа халықтар да барлық түркітілдес
халықтардың ортақ ұлт-азаттық қозғалыстың батыры ретінде
таниды. Жыл сайын оған естелік ретінде семинарлар мен
басқа іс-шаралар өтіп жатады. Түркия қазақтары мен Шығыс
Түркістан қазақтары бірігіп, Оспан батыр атынан футбол
78
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
турнирлерін өткізеді. Оспан батыр туралы, оның идеялары мен
ерліктері туралы 70-жылдары жаза бастады. Оспан батыр –
тек қазақ жұртына ғана емес, барша түркі халықтарына, бар
әлемге танымал қайраткер. Ол туралы шетелдік ғалымдар да
жазған болатын, зерттеушілердің көбісі Түркияда басылған
өз еңбектеріндегі жұмыстарды Түркияға көшіп келген
ақсақалдардың әңгіме-хикаяларынан алған болатын.
Соғыс кезінде құрылған Түркістан легионы сарбаздары
туралы айта аласыз ба? Олар соғыстан кейін немен
айналысты? Олардың ұрпақтары қалды ма?
Мен ол адамдардың ішінде кейбіреулерін танитынмын.
Мысалы, Абдолла Дусифұлы Екінші дүниежүзілік соғыста
тұтқынға түскен болатын, тірі қалып, кейінгі жылдары
«Азаттық» радиосында жұмыс істеді. Мен онымен бірге істедім.
Ол Шығыс Қазақстан облысындағы Қатон-Қарағай ауданынан
болатын. Оның әкесі қайтыс болған кезде, ол жерлеу рәсіміне
бара алмады, бұл Кеңес Одағы кезінде болатын, өкініштен
тіпті ауырып қалған еді. Абдолла Мұстафа Шоқай артынан
ергендердің бірі, оның жақтасы болған. А.Дусифұлынан Аттила
есімді ұлы қалған, бірақ оның қайда екенін мен білмеймін.
«Азаттық»
радиосының
түркімендік
басылымында
Ташмұрат есімді кісі болатын. Ол соғыс кезінде тұтқынға
түскен болатын, кейін саяси іспен айналысты. Түркиядағы
Түрік комитетінде маңызды орында қызмет етті. «Азаттық»
радиосында Төлеміш Якубұлы есімді қырғыз редакциясының
бас редакторы жұмыс істеді, ол да соғыс кезінді тұтқынға
түскен болатын. Ол қазақша сөйлейтін, қазақша әндер
айтатын, қазақтармен араласатын және өз ұлына Мағжан деп
ат берген. Бұл адам да соғыс кезінде немістерге тұтқынға түскен
қазақтармен, Дәулеткерей Тағыберлинмен дос болған. Ол
қазақ тілін, әдебиетін, тарихын жақсы білетін. Д.Тағыберлин
«Азаттық» радиосындағы қазақша басылымның негізін қалаған
алғашқы қазақ редакторы болатын. Оған дейін «Азаттық»
радиосында өзбек, қазақ, ұйғыр, түркімен бағдарламалары
ортақ есіммен – «Түркістан» деп өтетін. Дәулеткерей
қазақтарды бөліп, қазақ редакциясын құрды. Ол нағыз патриот
болатын, өз халқын сүйген еді. Мен онымен таныс болмадым,
өзім «Азаттық» радиосына жұмысқа тұрған кезде, ол кісі
зейнетке шыққан болатын. Ол 1987 жылы АҚШ-да дүние салды.
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
79
Жерлестер оны осы жерде, Мюнхендегі мұсылман зиратына
жерледі. Дәулеткерей өз уақытында «Азаттық» радиосына
Хасен Оралтайды орналастырып, оның шығармашылығына
өз әсерін тигізді, олар өте жақын достар болатын. (Алланың
мейірімі жауып, жатқан жері жәннәтта болсын).
Тағы Қарыс Қанатбай – тау инженері болатын. Ол
Қазақстанда жоғарғы білім алып, соғыс кезінде немістерге
тұтқынға түсіпті. М.Шоқайға аса жақын адамдардың бірі
болатын. Егер Мұстафа Шоқай ерте қайтыс болмаса, осы
адамды өз мұрагері етіп қалдырып кетуі мүмкін еді. Қ.Қанатбай
1950 жылдары Түркияның және Түркістанның ұлт-азаттық
комитетін құрған болатын. Ол комитетте жұмыс істейтіндердің
барлығының – Д.Тағыберлин, Абдолла Дусиф, Германияда
жерленген басқа да Қазақстан, Қырғызстан азаматтарының
– тұтқынға түскендердің барлығының басшысы болатын. Ол
туралы кезінде Қазақстанда шыққан «Үлкен Түркістанның
құлауы» атты кітапта жазылған болатын, критикалық кітап.
Әрине, олар нағыз қазақ мемлекетін құрғысы келді,
қазақтарға тәуелсіздік алып, өз еліне еркіндік бергісі келетін,
сол үшін күресті. Қазіргі таңда олардың армандары орындалды,
тіпті олар армандағаннан да жоғары шамада. Қазақстан
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, Еуропада үлкен құрметке ие болды.
Мүмкін, егер де олар тірі болса, қуаныштан жылар ма еді. Бұл
адамдар қазақ диаспорасының ұлттық дәстүрлері, ұлттық
рухы сақталып қалу үшін көп еңбек атқарды. Олардың еңбегі,
сіңірген қызметі ұмытылмауы тиіс. Қарыс Қанатбайдың
құлпытасында – «Ұмытпаймыз» (Unvergessen) деп жазылған.
Бұл адамның сіңірген еңбегі өте зор. 1950 жылдары ол
«Түркістан» журналын шығарып, Қазақстан тәуелсіздігі үшін
күресті. Ол кезде Шығыс Түркістаннан қазақтар Үндістан мен
Пәкістанға көшіп барды. Ол сол қазақтармен байланыс ұстады.
Өз журналында ол Оспан батырдың атылғанын жазып, бүкіл
әлемге жәрия етті. Тағы осы жерге көшіп келген қазақтардың
жағдайы жайлы жазды. Әрине, біз, шетелдегі қазақтар, бұл
адамдарды ешқашан ұмытпаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |