«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
41
қолымызбен  істеді.  Тәркілеуді  де,  ұжымдастыруға,  күштеп 
отырықшыға айналдыруға қарсы шыққан халықты «банда» деп, 
жазалаушы  әскермен  жуасытуды  да,  алапат  ашаршылықты  да 
Қазақтың  Автономиялық  Советтік  Социалистік  Республикасы 
деп аталатын еліміздің қуыршақ «үкіметінің» қолымен жасады. 
Сол  қуыршақ  өкіметтің  бүгінгі  мұрагері  –  тәуелсіз 
Қазақстан.  Ендеше,  егемен  еліміздің  билігі  мұрагер  ретінде 
өткен  қателікті  мойындауы  керек.  «Біздің  20-шы  жылдарғы  өз 
қолында  еркі  жоқ  үкіметіміз  дұрыс  саясат  жүргізбегендіктен, 
немесе орталықтан түсірілген қаулыны өте әсіре белсенділікпен 
орындаймын  деп  халықты  аштыққа,  қырғынға  ұшыратқаны 
үшін,  халықтың  бір  бөлігін  шетелге  кетіп  қалуға  мәжбүр 
еткені  үшін,  біз  опынамыз.  Өмірін  шетелде  өткізуге  мәжбүр 
болған  босқындардан,  өз  елімізде  жазықсыз  опат  болған 
миллиондаған  боздақтың  рухынан  кешірім  сұраймыз.  Енді 
біздің  тарихи  міндетіміз  –  сонау  қасіретті  жылдары  жол 
берілген кемшіліктерді түзету, орнына келтіру» деген жөн. Бұл 
мемлекеттік  үлкен  бағдарлама  жасауды  дәйектейтін  тарихи 
экскурс, өте қажетті шегініс және үлкен азаматтық, моральдық 
тұғыр  іспетті  соғылған  іргетас  болар  еді.  Сондай  тиянақтаудан 
соң:  «Тарихи  отанына  оралғысы  келген  азаматтарға  жағдай 
туғызуға міндеттіміз» десе – ешкім қарсы болмайды. 
Ондай бағдарлама мүлдем жоқ деп айта алмайсың – талай 
жұмыс істеліп жатқаны белгілі. Бірақ соның мән-жайын барлық 
халыққа ашып айту, түсіндіріп беру жағы көзге түспейді. Дұрыс 
насихаты  болмағандықтан,  адамдар  арасында  «өзімізде  жұмыс 
жоқта,  оларға  неге  жағдай  жасауға  тиіспіз»  дегендей  орынсыз 
төрешілдік  пиғыл  орын  алып  отыр.  Оны  әлгіндей  мемлекеттік 
мойындау-опыну құжатымен біржолата жойған жөн. 
Оралмандардың  елге  келгеніне  жұмыс  тауып  беруге 
тырыс,  оларды  бір  жерге  шоғырландырып  орналастыр,  басқа 
да  жағдайларын  жаса  –  билік  соған  міндетті  болуға  тиіс.  Біз 
бүгін  қайта  зерттеп  жүрген  Алаш  мұраттары  осыған  саяды. 
Алаш  халықты  тоздыруға  жол  бермеген  болар  еді.  Өйткені  ол 
халықты бақытты ету жолдарын, халықтың болашағын жарқын 
да  айқын  қылу  мәселесін  ұлттық  негізде  ойластырды.  Оған, 
өкінішке қарай, большевизм мүмкіндік берген жоқ. 
Алаштың,  Алаш  қайраткерлерінің  осынау  жойылмайтын, 
өзгермейтін  арман-мүддесін,  идеяларын  зерттеп,  оқып-

42
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
үйрене  беру  абзал.  Жақында  Астанада  Смағұл  Садуақасовтың 
өмірі  мен  қызметін,  одан  алатын  сабақтарды  қарастырған 
республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  болды. 
Ондағы  түйілген  басты  ойлардың  бірі  –Алаштың  мұрасын, 
Алашқа  қызмет  еткен  азаматтардың  мұрасын  насихаттау, 
оқу  орындарында  оқыту,  солардың  көзқарастарынан  барша 
ұрпақтың үлгі алып, үйренуі. 
Смағұл Садуақасовтың Қазақстандағы белсенді қызметі 27 
жасар  жап-жас  жігіт  шағында  аяқталды.  33  жасында  Мәскеуде 
опат  болды.  Оның  кремацияланып,  1933  жылдан  бері  Мәскеу 
зиратында  тұрған  мәйіт-күлін  қаралы  салтанатпен  елге  әкелер 
алдында  өткен  арнайы  конференция  оның  мұрасына  тағы 
бір  назар  аудартқан  белес  еді.  Смағұл  мұрасы  қайта  құру 
саясаты  басталғалы  бері  зерттеліп  келеді.  Бірақ  оны  зерттеу 
бар да, халыққа жеткізу бар. Смағұл мұрасын халыққа жеткізу 
жағынан ақсап жатырмыз.
Смағұл  Садуақасұлын  Алаш  қозғалысының  белсенді 
қайраткері  еді  деп  айту  қиын,  бірақ  ол  кезінде  алаштық 
жастар  ұйымында  істеді.  Алаштың  идеясын  қолдаған  жігіт. 
Коммунист  болды.  Өлкелік  партия  комитетінің  бюро  мүшесі, 
ағарту  комиссары,  өзге  де  жауапты  қызметтер  атқара  жүріп, 
ұлттық  мүддені  көздеді.  Ұлттық  бірлікті  ойлады.  Қазаққа 
таптық  күрестен  гөрі,  ұлттық  бірлік  жағынан  қарау  керек 
деген  мәселені,  яғни  коммунистік  практикада  Алаш  идеясының 
жүзеге асуын іс жүзінде қолдаған адам. 
Мәселен,  ол  Қазақстанның  экономикасын  шикізат  көзі 
деңгейінде  ғана  дамытқысы  келетін  пиғылға  қарсы  тұрды. 
Қарапайым сөзбен түсіндіріп көрейік. 
Қазақстанда  мал  көп,  одан  қырқылған  жүнді  пойызбен 
Мәскеуге әкетеді, сонда иіреді, мата етіп тоқиды, костюм тігеді, 
сосын пойыз дайын тауарды қайтадан Қазақстанға тасиды. Неге 
бізге  өзіміздің  шикізаттан  мата  тоқып,  костюм  тікпеске?  Неге 
бізге сол мақсатта экономиканың барлық желілерін жасамасқа? 
Кәдімгі өңдеуші экономиканы өрістетпеске? 
Смағұл  ел  дәулетін  осындай  жолмен  арттыруды  көздеді. 
Алайда  біздің  сол  кездегі  идеологтар  оны  республикада 
тұйық  экономика  жасауды  қолдаушы  деп  білді.  Садуақасов 
Қазақстанда  өзін-өзі  қамтамасыз  етіп  отыратын  тұйық 
экономика  жасамақшы,  ал  бізге  қайткенде  орталықтың  – 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
43
Мәскеудің  ұлғайғаны  және  нығайғаны  керек.  Демек  мынау  – 
ұлтшыл,  буржуазиялық  демократияның  ізін  салушы.  Бұлай 
болмайды... 
Мәскеулік  саясаткерлердің  осындай  пікірін  біздің  әсіре 
белсенділер  қызу  қолдайды.  Сөйтіп,  Ташкенттегі  Қазақ 
педагогика  университетінің  партия  жиналысы  Смағұлдың 
сілікпесін  шығарып,  ректорлықтан  түсіруге  қаулы  етеді.  Ол 
Мәскеуге  оқуға  кетеді.  Оқуын  бітіріп  Донбаста  инженерлік 
қызмет  істеп  жүргенінде  өндірістік  улануға  ұшырайды.  Соның 
салдарынан Кремль емханасына түседі де, ұзамай көз жұмады.
  Алаштың  идеясына  адал  қайраткердің  ұлт  мүддесі 
тұрғысынан 
айтқандарына 
елімізді 
жаңаша 
отарлаған 
большевизм  жол  берген  жоқ.  Ол  кезде  біз  автономиялық 
республика  деп  аталғанымызбен,  шынтуайтында,  коммунистік 
идеяның,  коммунистік  орталықтың  отары  болдық.  Ал  қазір 
біз  тәуелсіз  елміз.  Біздің  тәуелсіз  мемлекетіміздің  20-шы 
жылдарғы  Смағұлмен  жасты,  бәлкім  одан  сәл  ересегірек  жас 
интеллигенттері  –  Мәскеуден,  шетелден  оқып  келген  жігіттер 
–  90-шы  жылдары  үлкен  реформалар  жасады.  Көрнекті 
істерінің  бірі  –  ауылды  малдан  айырды.  Әлдебіреуінің  биік 
жиналыста «Қазақстанға отыз миллион бас малдың керегі жоқ, 
ет  қажет  болса  –  Австралиядан  сатып  аламыз»  дегенін  ешкім 
ұмыта қоймаған шығар. Тәуелсіздіктің сондай ұстанымдағы жас 
реформаторлары  ауылды  тағы  бір  жоңғар  шапқыншылығына 
ұшырағандай  ахуалға  түсірді.  Неге  олай  болды?  Себеп  мынада. 
Автономияның  қолында  билігі  болмаған  жас  реформаторы 
Смағұл  Садуақасовта  ұлттық  тамыр  мықты  еді,  ол  халыққа 
не  керек  екенін  білетін.  Ал  тәуелсіздіктің  қолдарына  бар  билік 
шоғырландырылған  жас  реформаторларында  ұлттық  тамыр 
болмады, олар не Мәскеуше, немесе шетелше ойлайтын. Бүгінгі 
тілмен айтқанда – оларды әлем азаматы деуге болатын-ды. Тек 
қазақтың  емес.  Сол  кезде  70  пайызы  ауылда  тұратын  қазақ 
немен  күн  көріп  жүр  еді?  Білмейді.  Нарық  жағдайында  ауыл 
немен  күн  көрмек?  Білмейді.  Білмегендіктен  де,  кеңес  өкіметі 
тұсында  бір  бұзылып,  қайта  қалыптасқан  қазақтың  ділін, 
өмір  сүру  салтын  олар  тағы  да  бұзды.  Бұл  –  Смағұл  сияқты 
азаматтар  дамытқан  Алаш  идеясын,  Алаш  азаматтарының 
мұрасын  білмегендіктің  салдары.  Тарихты  білмегендіктің 
салдары. Тарихты оқу керек, тарихпен әркім өзін өзі тәрбиелеу 

44
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
керек, мұндай әдет тек жасқа емес, бүкіл билік басындағыларға 
жұғысты болуға тиіс. 
Біздің  түрлі  жауапты  қызметкерлерімізге,  басқару 
тұтқаларын  иеленіп  ел  билегісі  келген  азаматтарға  осы 
айтылғандарды  бірінші  кезекте  ойлау  ләзім.  Өзіне  өзі:  «Менің 
ел тағдырына әсері тиетін осынау жұмысты атқаруға моральдық 
құқығым  бар  ма?»  деген  сауал  қоя  білуі  абзал.  Егер  де  бар 
дейтін  болса,  онда  сол  жолға  қалай  қызмет  етемін,  халыққа 
қандай  пайдамды  тигіземін  деген  тұрғыда  ойлануы  керек. 
Шынымен  ұлт  пайдасы  жолында  еңбек  етпек  болса,  онда 
көкейіндегі көздегенін Алаштың мақсат-мұратымен шендестіріп 
байқасын,  алаш  қайраткерлерінің  мұрасын  зерделеп,  сол 
арқылы  өзінің  ойын  ұштасын.  Егер  мұндай  азамат  алдына  ұлт 
мүддесі  хақында  айқын  бағдар  шығара  алса,  онда  басқарсын, 
істесін.  Ал  егер  тек  жеке  бас  қамын  көздейтін  болса,  онда  ол 
–  ұлт  үшін  өлген,  керексіз  адам.  Жәй  ғана  чиновник.  Қарын 
қамын ойлаған көп шенқұмардың бірі. 
Бүгінгі  өркениет  тұрғысынан  қарағанда,  Алаш  идеясы 
дегеніміз  –  халқымызды  жаһанданудың  топансуынан  аман 
алып  өте  алатын,  мың  жылдық  мемлекет  құруға  қабілетті  рухи 
күш. Сондықтан да ол өлмес мұраттар санатында. 
Сұхбатты өткізген Гүлден Емишева 
Алматы, 2010 жыл

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
45
Әбдіуақап Қара
Мимар Синан университетінің профессоры 
тарих ғылымдарының докторы, Шоқайтанушы ғалым
(Стамбул, Түркия)
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ 
ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАҒАЛАНУЫ
Қазақстанның  Кеңестер  Одағынан  тәуелсіздігін  алуына 
биыл  20  жол  толып  отыр.  Сондықтан  Елбасы  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  тапсырмасымен  Қазақстан  осы  атаулы  жылды 
жан-жақты  мерекелеуге  дайындалуда.  Бұл  расында  да  өте 
орынды.  Өйткені  ғасырлардан  кейін  әрең  қол  жеткізген 
тәуелсіздігіміз  баянды  болуы  үшін  мұның  халыққа,  әсіресе 
жас  ұрпаққа  жан-жақты,  нақты  түсіндірілуі  қажет.  Сонда  ғана 
ел  болып,  халық  болып  еліміздің  келешегі  үшін  жұмыс  істей 
аламыз. Бұл үшін тәуелсіздіктің мәнін жақсы түсіну қажет. 
Осы  орайда  әсіресе  тәуелсіздік  жолында  құрбан  болған 
арыста рымызды,  ұлы  тұлғаларымызды  әрдайым  еске  алып, 
құрмет теген дұрыс. Міне, осы тұрғыдан алғанда тарихи тұлғалар 
арасында  саналы  ғұмырын  Қазақстан  және  Түркістан  халық-
тарының  тәуелсіздігіне  арнаған  Мұстафа  Шоқайдың  орны 
бөлек.  Өкінішке  орай,  Кеңестік  кезеңде  түрлі  жалалар  жауып, 
есіміне тыйым салынған Мұстафа Шоқайға тәуелсіз діктен кейін 
20  жыл  өтсе  де  әлі  толық  бағасынын  берілмей  жатқандығы 
өкінішті.  Біз,  осы  мақаламызда  Шоқайға  кеңестік  кезеңде 
қалай  күйе  жағылғаны  және  бұл  күйені  жою  барысында  қазақ 
зиялыларының жүргізген күресі туралы тоқталмақпыз.
Өздеріңізге  белгілі,  Шоқайдың  саяси  күресінің  басты 
мақсаты  –  Түркістандағы  кеңес  билігінің  орнына  тәуелсіз 
ұлттық  басқару  жүйесін  орнату  еді.  Сол  себепті,  Шоқай 
кеңестер  үшін  режим  қарсыласы  еді.  Сондықтанда,  Мәскеу 
оның  өмірі  мен  идеялары  туралы  мәлімет  таратуға  тыйым 
салды.  Кеңес  идеологиясы  бойынша  Шоқай  халық  жауы  деп 
жарияланды. 
Шоқай  туралы  қатаң  тыйым-шектеулердің  тарала  бастауы 
Кеңестер Одағы құлауға бет алған 1990 жылдардың басына дөп 
келеді. Бірақ, бұл үдеріс бірден жүзеге аса қоймады. Шоқайды 
халық  жауынан  халық  қаһармандығына  көтерген  үдеріс  қазақ 
зиялыларының  өте  сақ  және  батыл  әрекеттерінің  арқасында 
жүзеге асты.

46
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Кеңестер  Одағының  алғашқы  кезеңдерінен  бастап-
ақ,  Шоқайдың  шығармаларының  басылуына,  таратылуына 
және  тіпті  оқылуына  тыйым  салынды.  Бұл  тыйымдарға 
мойын  сұнбағандар,  сірә,  оның  атын  атағандар  қатаң  түрде 
жазаланды.
1
 Халық жауы деген желеумен Шоқайға байланысты 
мәліметтер  оқулықтар  мен  энциклопедияларға  кірмей  қалды. 
Сол  себепті,  Қазақстан  мен  қазақ  халқына  қатысты  барлық 
мағлұматтарды қамту үшін дайындалған 12 томдық Қазақ Совет 
энциклопедиясында  Шоқай  туралы  ешқандай  мәліметке  орын 
берілмеді.
Тарих кітаптарында Шоқай отанын сатқан, опасыз ретінде 
көрсетілді.  Кеңес  дәуірінде  Қазақстанның  ресми  тарихы  болып 
саналған  “ҚазақССР”  атты  еңбекте  Түркістан  автономиясына 
байланысты  оқиғалар  баяндалып  жатқанда,  Шоқайдың  қарсы 
төңкерісшіл  элемент  екендігіне  баса  назар  аударылды.  1961 
жылы  Алматыда  жарық  көрген  “Қазақ  ССР  тарихы”  атты 
еңбекте Шоқайға байланысты мына жолдарды кездестіреміз: “...
Сонымен  қатар  ағылшын  империалистерінің  нұсқауларымен 
1917  жылдың  қараша  айының  соңында  Қоқанда  Қоқан 
автономиясы  деген  бір  автономия  құрылды.  Бұл  кертартпа-
төңкерісшіл  өкіметтің  ішінде  өзбек  буржуазияшыл  ұлтшыл-
дарымен  қатар,  қазақ  ұлтшылдары  М.  Тынышбаев  пен 
М. Шоқаев орын алды.
2
“Қазақ  ССР  тарихындағы”  осы  тұжырым  аса  маңызды. 
Өйткені, ол еңбек кеңестердің Қазақстан тарихы туралы ресми 
көзқарасын байқатады. “Қазақ ССР тарихы” сынды ресми тарих 
кітаптары  Компартияның  көзқарастары  мен  принциптерін 
көрсету 
барысында, 
партияның 
мұқият 
бақылауында 
дайындалады. 
Кеңес идеологиясын коммунистік партия белгілегендіктен, 
партия  басшылары  өзгерген  сайын  идеологияда  да  өзгерістер 
болып  отырды.  Соған  сәйкес  Қазақ  ССР  тарихы  да  өзгертіліп 
тұрды.  Тұңғыш  Қазақ  ССР  тарихы  1943  жылы  жарық  көрді. 
Бірақ  ІІ-дүниежүзілік  соғыстан  кейін  бұл  кітапта  жаңсақ 
пікірлер  жазылғаны  алға  тартылып,  қайта  жазуға  шешім 
қабылданды.  1948  жылы  Қазақ  ССР  тарихының  екінші 
1  Мұстафа Шоқай, Түркістанның қилы тағдыры.Жин. Байбота Серікбайұлы 
Қошым Ноғай, Алматы 1992, 4- б.
2  Қазақ ССР тарихы. Социализм дәуірі, Алматы 1961, ІІ т., 40- б. 

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
47
нұсқасы  жарияланды.  Бірақ,  кейіннен  бұл  кітап  та  зиянды 
деп  табылды.  1978  жылы  үшінші  және  соңғы  нұсқасы 
жазылып,  оқырмандардың  назарына  ұсынылды.  Қазақ  ССР 
тарихы  сияқты  маңызды  кітаптардың  мазмұнын  Қазақстан 
Коммунистік  Партиясы  Орталық  Комитеті  идеология  хатшысы 
тексеріп отырды.
Бұл  арада  жағымсыз  пікір  білдірген  Шоқай  туралы  бір 
адамның зерттеу жүргізіп, қандай да болмасын бір материалды 
жариялауы  мүмкін  емес  еді.  Өйткені,  Кеңестер  Одағының 
мүшесі  болып  саналатын  бір  елдің  тарихына  байланысты 
Кеңес  идеологиясы  бойынша  жазылған  тарих  кітаптары 
зерттеушілер мен тарихшылар үшін жол көрсетуші бір компас 
қызметін  атқарады.  Соған  сәйкес  тарих  бағалануға  тиіс  еді. 
Сондықтан,  айталық,  Қазақстанға  қатысты  шығарылатын 
тарих  кітаптары  мен  зерттеу  еңбектерінің  нәр  алатын  бұлағы 
“Қазақ  ССР  тарихы”  болып  табылады.  Қазақстан  азаматтары, 
әсіресе  ғалымдар  мен  өнер  қайраткерлері,  сондай-ақ  ақын-
жазушылар  мен  коммунизмнің  болашақ  құрушылары  деп 
айтылған  жастар  сол  кітаптың  көзқарастарымен  санасуға 
мәжбүр  еді.
3
  Сол  себепті,  “Қазақ  ССР  тарихында”  кертартпа-
төңкерісшіл  деп  сипаттама  берілген  Шоқай  туралы  сөз  қозғау 
әсте мүмкін емес еді.
Кеңестік Қазақстанның ресми тарихында тыйым салынған 
тек  Шоқай  мен  Түркістан  автономиясы  емес  еді.  Алаш  орда 
қозғалысы  мен  жетекшілеріне  де  тыйым  салынды.  Алайда, 
Алаш  қозғалысының  жетекшілері  билік  большевиктер  қолына 
өткеннен  кейін  Шоқай  секілді  шетке  шығып,  күрес  жүргізудің 
орнына,  олармен  бірге  жұмыс  істеуді  таңдап,  Қазақстанда 
кеңестік  басқару  жүйесінің  ұлттық  сипатталуына  маңызды 
үлес  қосты.  Олар,  әсіресе  оқу-ағарту,  ғылым  және  өнер  секілді 
салаларда  орасан  еңбек  етті.  Соған  қарамастан,  1925  жылдан 
бастап  Алаш  орда  мүшелері  кеңестік  әкімшілік  орындарының 
қудалауына  ұшырай  бастады.  1930-1932  жылдары  жүргізілген 
әр  түрлі  соттарда  Алаш  орданың  белсенді  мүшелері  халық 
жауы  және  шетелдердің  тыңшылары  деген  айыптар  тағылып, 
бас  бостандығынан  айырылды,  жер  аударылды  немесе  өлім 
жазасына  кесілді.  Бұл  соттардың  қармағына  ілікпей  аман 
қалғандары  1937-1938  жылдардағы  саяси  қуғын-сүргін  кезінде 
3  Мұхтар Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі. Алматы 1995, 7-б.

48
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
қырылды. Алаш орда қозғалысы мен оның жетекшілері туралы 
зерттеулер  жүргізіп,  еңбектер  жазуға  да  1935  жылдан  бастап 
тыйым салынды.
4
Шоқай бұл жағдайды тосырқамайды. Оның ойынша, кеңес 
билігіндегі  халықтардың  ұлт-азаттық  қозғалыстарын  кеңес 
тарихшыларының  бейтарап  жазуы  мүмкін  емес  еді.  Өйткені 
олар,  жалпы  алғанда,  тарих  ғылымында  бейтараптылықты 
қабылдамайды.  Сондықтан,  олар  тарихты  тап  күресі  үшін 
бір  құрал  ретінде  пайдалануға  бейім  тұрды.  Шоқай  тарихтың 
тек  өткеннен  сыр  шертетін  ғылым  ғана  емес,  сонымен  қатар 
болашаққа  бағыт-бағдар  беруге  жарайтын  бір  құрал  екендігіне 
кеңес тік  тарихшыларының  өте  жақсы  білгендігіне  баса 
көрсетеді.
5
Саяси  қызметтері  мен  көзқарастарына  байланысты 
Кеңестер  Одағында  ат-айдар  тағылып,  қылмыскер  атанған 
Шоқай  ғана  емес  еді.  Оның  туыстары  да  режим  үшін 
күдікті  адамдар  санатына  жатқызылды.  Ол  үшін  Шоқайдың 
көзқарастарын  қолдап-қолдамау  қажетті  емес  еді.  Оның,  яғни 
халық  жауының  туысы  болу  әртүрлі  жазамен  қысым  жасау 
жетіп  жатты.  Сол  себепті,  Шоқайдың  жақындары  кеңестік 
орындардың қысымына тап болды.
6
Кеңестер  Одағында  қандай  да  бір  себепке  байланысты 
Шоқайдың  аты  атала  қалса,  артынан  міндетті  түрде  жағымсыз 
сипаттарда  бірге  айтылатын  дағды  қалыптасты.  Оған  көбінесе 
Кеңестік  түркі  тілдес  республикаларында  ауыр  айыптаулар 
болып  табылатын  түрікшіл,  исламшыл,  ұлтшыл  немесе  әлем 
буржуазиясының тыңшысы секілді теңеулер жапсырылды.
7
Шоқайға қарсы кеңестік үгіт-насихат 1968 жылы шарықтау 
шегіне  жетті.  Сол  жылы  КГБ  офицері  Серік  Шәкібаевтың 
Шоқай  туралы  жазған  “Үлкен  Түркістанның  күйреуі”  атты 
повесі  жарық  көрді.
8
  Деректі  повесть  екені  алға  тартылған  бұл 
шығарма,  Шоқайды  шен-шекпен  үшін  елін  нацисттерге  сатқан 
опасыз  ретінде  көрсетуге  бағытталды.  Кеңес  дәуірінде  Шоқай 
туралы  тыйым  салынбаған  да  басылым  болып  табылатын 
4  Нүрпейісов, 9-14-б.
5  Мұстафа  Шоқай.  “Бир  “Ілми”  Ялғанға  Каршы  (Қоканд  Мухтариятинин 
14-Йылдөнімі  Мүнасебтиле)  //  Яш  Түркистан,  Желтоқсан  1931,  Но  25, 
б- 5.
6  Сарбұлақ Ібрашев.Мұстафа Шоқайұлы //Жас Алаш, 28 маусым 1991.
7  Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры, 3-4 б.
8  С. Шәкібаев. Үлкен Түркістанның күйреуі. Алматы, 1968.

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
49
бұл  повесть  Шоқайдың  нацисттердің  түрмесінен  Фашистік 
Германияның  Шығыс  министрі  Альфред  Розенбергке  хат 
жазуынан  басталады.  Хатында  Шоқай  Түркістанды  тек 
Германияның  құтқара  алатындығына  сенетіндігін,  сол  себепті, 
тұтқынға  түскен  түркі  тектес  кеңес  әскерлерінен  көмекші 
отрядтар  жасақтап,  неміс  армиясына  көмектескісі  келетіндігін 
білдіреді.  Осылайша,  Шоқайды  фашисттік  билік  астындағы 
Түркістанға  басшы  болу  үшін  елін  нацисттерге  бодан  етуге 
тырысқан  сатқын  ретінде  көрсетуге  бағытталған  оқиғалар 
тізбегі  өрбиді.  Повесть  бойынша  Шоқай  жақын  серігі  Уәли 
Каюм Ханбергеннің салдарынан өліп, сазайын тартады.
Шәкібаевтың повесін құжаттарға сүйене отырып, жазғаны 
рас  болғанымен,  пайдаланған  деректеріндегі  қателіктер  оны 
жаңсақ  оқиғалар  құрастыруына  жетеледі.  Шәкібаев  күмәнді 
кеңестік  деректерді  қолданды.  Бұл  деректердің  көпшілігі 
соғыстан  кейін  кеңестерге  қайтарылған  легион  мүшелерінің 
КГБ  тергеуінде  берген  жауаптарының  хаттамалары  еді.
9
 
Тергеуде  қысым  астында  әскерлерден  алынған  мәліметтердің 
көпшілігі  шындыққа  сай  келмейді.  Шәкібаев  повесін  осы 
жаңсақ  мәліметтер  бойынша  құрастырды.  Повесте  шындыққа 
қайшы  келетін  көптеген  мәліметті  кездестіруге  болады. 
Мысалы,  повестің  басында  Шығыс  министрі  Розенбергке  хат 
жазған  Шоқай  бір  жылдан  бері  түрмеде  отырады.
10
  Алайда 
Шоқай  ешқашан  түрмеге  отырмаған.  Шоқай  тек  үш  аптадай 
Париж  маңындағы  Компиен  лагерінде  тұтқында  болды.  Ол 
жер де түрмеден гөрі, бір оқу лагері секілді еді. Сондай-ақ, бұл 
жердегі пікірталас ортасы Шоқайға өте ұнайды. Сонымен қатар, 
ол  кезде  әлі  Шығыс  министрлігі  құрылмаған  болатын  және 
Розенберг де министр емес еді. Повесте Шоқайдың Петерборда 
Заң  факультетінде  Керенскиймен  бірге  оқығаны  айтылады.
11
 
Шындығында  екеуінің  бір  уақытта  студенттер  болулы  мүмкін 
емес.  Керенский  оқуын  бітіргеннен  кейін,  Шоқай  Петерборға 
келді.Өйткені,  1881  жылы  22  сәуір  күні  туылған  Керенский 
Шоқайдан  11  жыл  бұрын  Петербор  университетіне  түскен.
12
 
9  Әбу Тәкенов.Мұстафа Шоқай өмірінің кейбір қырлары //Қазақтарихы.
Қыркүйек-қазан 1996, Νо 5, 57 б.
10  Шәкібаев. 7, 14 б.
11  Шәкібаев. 1-б. 
12  Alexander Kerensky. The Kerensky Memoirs, Russia and History’s Turning 
Point. London, 1965, 17-б.

50
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
Шәкібаевтың  кітабында  Шоқайдың  ағылшын  тыңшыларымен 
жұмыс  істегені  алға  тартылады.
13
  Шоқайдың  ешбір  елге 
тыңшылық  істемегені  белгілі.  Шәкібаев  Шоқайдың  Еуропаға 
жұбайы  Марияның  қалауы  бойынша  келгенін  алға  тартады.
14
 
Шоқайдың  Еуропаға  өз  ықтиярымен  саяси  күрес  жүргізу  үшін 
келгендігі  Шоқай  туралы  зерттеулерде  бүгінгі  танда  нақты 
мәлім  болып  отыр.  Аталған  кітапта  Уәли  Каюмның  Шоқайға 
“ЯшТүркістан”  журналын  шығаруға  көмектескені  аталып 
өтіледі.
15
  Бұл  пікірдің  де  ешбір  қисыны  жоқ.  Өйткені,  Шоқай 
“ЯшТүркістан”  журналын  шығарып  тұрған  жылдарында  (1929-
1939)  Уәли  Каюмды  танымайтын  еді.  Олар  журнал  тоқтағаннан 
кейін, соғыс жылдарында танысады. Түркістан легионы туралы 
пікірді  алғаш  Шоқай  айтқан  екен.
16
  Шоқайдың  бұл  пікірді 
айтқандығы  туралы  ешқандай  мағлұмат  жоқ.  Қайта  керісінше, 
Шоқайдың  нацистік  тұтқын  лагерлерінде  алғаш  рет  болғаннан 
кейін  тұтқын  әскерлердің  майдандардан  қайтарылуы  және 
оқуларға  жіберілуі  туралы  ұсыныстар  жасалғандығы  жөнінде 
мәліметтер  бар.  Сонымен  қатар,  Шоқай  легион  жобасына 
қарсы  болған.  Сол  себепті  де  қайтыс  болады.  Шәкібаевтың 
алға  тартуына  қарағанда,  Шоқай  ағылшындармен  келісе 
алмағандықтан 
тұтқындалған.
17
 
Шоқайдың 
тұтқындалу 
себебі  тек  Кеңестерге  қарсы  болуы  еді.  Шәкібаев  романында 
Шоқайдың  легионерлерді  ұйымдастыру  ісіне  бар  жан-тәнімен 
кірісіп,  бұл  істің  жауапкершілігін  өз  мойнына  алғанын  негіз 
дейді.
18
  Бұл  пікір  шындыққа  толықтай  қайшы  келеді.  Өйткені, 
Шоқай  нацисттермен  әскери  салада  ынтымақтасуға  үзілді-
кесілді қарсы болатын. Повесть бойынша Зәки Уәлиди Парижге 
алғаш  рет  1937  жылы  келеді  және  Шоқай  оны  Берлинге  алып 
барып,  Ғалимжан  Идрисимен  бірге  “ЯшТүркістан”  журналын 
шығару  ісін  тапсырады.  Уәлиди  Стамбулға  кеткенге  дейін 
Идриси  екеуі  журналды  шығару  ісіне  жәрдемдеседі.
19
  Бұл 
пікірлердің  шындықпен  ешқандай  байланысы  жоқ.  Уәлиди 
Парижге  алғаш  рет  1937  жылы  емес,  1922  жылдың  соңында 
келеді.  Кейін  Түркияға  кетіп  қалады.  Сондай-ақ  ол  ешқашан 
13  Шәкібаев. 9 б. 
14  Шәкібаев.12 б. 
15  Шәкібаев. 13, 48-49 б. 
16  Шәкібаев. 15 б. 
17  Шәкібаев. 18 б. 
18  Шәкібаев. 19 б. 
19  Шәкібаев. 21-22. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет