«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата21.01.2017
өлшемі23,78 Mb.
#2323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
61
Х. Муса Ташделен*
Сакария Университетінің профессоры, 
әлеуметтану ғылымдарының докторы
(Стамбул, Түркия)
МҰСТАФА ШОҚАЙ: АЗАТТЫҚҚА АРНАҒАН ӨМІР
Мұстафа  Шоқай  1890  жылы  Ресей  империясы  құра-
мы на  кіретін  Түркістан  губерниясының  аумағындағы  Ақме-
шіт  қаласында  азаттыққа  ұмтылған  ортада  туған.  1902  жылы 
Мұстафа  Шоқай  орыс  тілінде  білім  беретін  Ташкент  гимна-
зиясына  оқуға  түсіп,  оны  1910  жылы  алтын  медальмен  үздік 
бітіріп шығады
1
. Ол Петербор университетінің заң факультетінде 
білім  алады,  әйтсе  де  оқуын  медицина  факультетінде 
жалғастырған  жағдайда  оның  стипендия  алуы  мүмкін  еді. 
Алайда, Түркістанның саяси және әлеуметтік мәселелеріне деген 
қызығушылық  М.  Шоқайды  адвокат  болу  арманына  жетелейді. 
Ол  өз  өмірінің  соңғы  кезеңдерін  Еуропада,  ішінара  алғанда 
Парижде өткізеді. 1941 жылы ол Герма нияға жіберіледі, Берлинде 
түркі мұсылман зиратында жерленеді.
Мұстафа  Шоқайдың  өмірін  екі  кезеңге  бөлуге  болады. 
Біріншісі – патшалық кезең, ал екіншісі – кеңес өкіметі кезеңі. 
Мұстафа Шоқайдың өмірінің бірінші кезеңі негізінен Түркістан 
мен  Ресейде  өткен.  Большевиктер  ұйымдастырған  төңкеріс 
жеңіске  жетті,  бірақ,  оны  ұйымдастыруға  ат  салысқан  Алаш 
Орда мен Қоқан автономиялық үкіметі жойылып, Мұстафа осы 
үкіметтердегі  атқарған  қызметі  үшін  өлім  жазасына  кесілді. 
Оның  Кеңестер  аумағынан  тыс  жерде  өткізген  өмірінің  екінші 
кезеңін эмиграция кезеңі деп атауға болады
2

Патша  империясы  құлағаннан  кейінгі  құрылған  жаңа 
социалистік  үкімет  өзінің  тағдырын  халықпен  байланыстырып, 
халықтарға  еркін  басқару  тізгінін  беруге  уәде  еткенімен, 
Түркістанға  тәуелсіздік  пен  автономия  бермеді
3
.  Большевиктер 
*  Сакарья  Университетінің  нақты  ғылымдар  факультеті  мен  әдебиет 
факультеті  әлеуметтану  бөлімінің  мүшесі.  Мария  Горина-Шокаева. 
Мұстафа Шоқайдың естеліктері, «Тұран» мәдени қоры. Стамбул, 2000. 57 б.
1  Мария Ж. Шокаева, Воспоминания о Мустафе Шокай, Культурный фонд 
«Туран», Стамбул, 2000 год, с. 57.
2  Абдулвахап  Кара.  Түркістан  жалыны  –  Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  мен 
күресі. Стамбул: «Da», 2002. 156-188 б.
3  Абдулвахап Кара. Мұстафа Шоқайдың өмірі және Орталық Азияның түркі 
мемлекеттерінің  тәуелсіздік  жолындағы  күресі,  докт.  дисс..  Әлеуметтік 
ғылымдар институты. Мимар Синан Университеті, 2002. 52 б.

62
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
үкіметі  барлық  саяси  және  әскери  күшті  жинап,  Түркістанды 
басып  алды.  XVIII  ғасырда  Түркістанда  басталған  орыс 
экспанциясы  ХХ  ғасырдың  басында  күшейе  түсті.  1917  жылғы 
Қазан  төңкерісінен  кейін  Түркістан  халқының  большевиктерге 
артқан  үміті  ақталмады.  Іс  жүзінде,  бұл  жағдай  Түркістанның 
геосаяси  орналасуымен  байланысты  еді.  Мұстафа  Шоқайдың 
ішкі  рухани  жағдайы  мен  идеалдарын  түсіну  үшін  ол 
өмір  сүрген  жердің  географиясы  мен  әлеуметтік  ортаның 
ерекшеліктеріне баса назар аудару қажет.
Мұстафа  Шоқайдың  Түркістан  бірлігі  идеалының 
негіздері: Түркістанның тарихи геосаяси жағдайы 
Орталық  Азияның  дала  халқын  құрайтын  түркілер 
мен  моңғолдардың  әлеуметтік  құрылымы  кландық  жүйеге 
негізделген.  Ал  олардың  саяси  жүйесі  осы  кландар  бірлігінен 
құралған.  Егер  де  қандай  бір  клан  басқаларын  өзінің 
басшылығына  алса  және  егер  де  ірі  мемлекет  құрылса,  ал 
кландар  билік  үшін  күресті  бастаса,  бұл  мемлекет  оңай  тарап 
кете  алар  еді.  Мемлекеттің  әлісеруінің  немесе  тарап  кетуінің 
негізгі  факторы  династиялар  мен  бауырластар  арасындағы 
билік  үшін  күрес  пен  кландар  қарсыластығы  болып  табылады. 
Кей  кездері  Орталық  Азияның  дала  халықтары  күшті  саяси 
одақ  құра  алған  кезде  Қытайдың  байлығын  пайдалану 
мақсатымен  оны  өзіне  бағындырды.  Алайда  өзін  қорғау  үшін 
Қытай  барлық  уақытта  бірдей  әскери  күшке  жүгіне  бермеген. 
Ол  осы  елдердің  әлеуметтік  және  саяси  жүйесінің  төмен 
деңгейін  олардың  өзеріне  қарсы  пайдаланған.  Қытайдың 
сенімділігі  Орта  Азиядағы  күшті  саяси  жүйенің  жоқтығымен 
байланысты  болды.  Бұған  Қытай  мен  көк  түркілер  арасындағы 
қарым-қатынас  мысал  бола  алады.  Қытай  провинциялардағы 
династиялар  мен  кландардағы  бауырластарды  бір-біріне  айдап 
салу саясатын ұстанып, көк түркілер мемлекетін күйретуге қол 
жеткізді. Өз мемлекетін өздері күйреткен көк түркілер өздеріне 
Қытайдың бұғауын киді
4

Түркістан аумағын кейінірек жаулап алған орыстар славян 
халқы  бола  отырып,  басында  түркілер  мен  моңғолдар  болған 
көрші  тұратын  этностық  топтардың  бір  бөлігін  өзіне  сіңіріп 
алған  аралас  этностық  топтар  болатын.  Орыстардың  өмір 
4  Ташагыл  А.  «Көк  түркі»,  I  бөлім,  Түркі  тарихи  қоғамы,  2-ші  басылым. 
Анкара, 2003 ж. 35-47 б. Ташагыл А. «Гёк-тюрки», I бөлім, Түркі тарихи 
қоғамы. Анкара, 1999 ж. 8-21 б.

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
63
сүретін  және  үстемдік  ететін  жері  Еуразия  болып  табылады. 
Олардың аумағына Еуразия, Ақ теңіз, Кавказ, Батыс Сібір және 
Түркістан  кіреді.  Этностық  өзіндік  сәйкестілік  саяси  күшке 
ұласқан орын Киев қаласы болып табылады. Х ғасырда орыстар 
православиелік  христиандықты  қабылдады.  Бұған  Византия 
маңызды  рөл  атқарды.  XIII  және  XV  ғасырлар  аралығында 
оқтын-оқтын  моңғолдар  мен  түркілердің  шабуылына  ұшырап 
отырған  Русь  Алты  Орданың  билігінде  болды.  Алтын  Орда 
тараған  соң  Русь  күш  ала  бастады.  Ішінара  алғанда,  1453 
жылы  Византия  тараған  соң  ол  православиелік  әлемнің  көш 
басшысына  айналып,  өз  ықпалын  Еуразия  аумағына  тарату 
саясатын бастады
5

Орта  Азия  аумағында  жеке  мәдениет  өкілі  болып 
табылатын  далалық  түркілер  мен  моңғолдар  мыңдаған 
жылдар  жергілікті  қытай  биліктерімен  тәуелсіздік  үшін 
күресіп  келді.  Дала  халықтары  бірлікке  қол  жеткізіп,  күшті 
әскери  және  саяси  күшке  айнала  алды  және  Қытайды  өз 
бақылауына  алып,  шекарасы  Үндістаннан  Еуропаға  дейін 
созылған  мемлекет  құрды.  Кландардан  және  аймақтардан 
тұратын  түркілер  мемлекетіне  жік  салып,  тұтастығын  бұза 
отырып,  Қытай  Орта  Азия  аумағын  өз  бақылауына  алды  және 
өз  қауіпсіздігі  мәселесін  шеше  алды.  Х  ғасырдан  кейін  славян 
«суперэтносының» бір тармағы болып табылатын орыстар Орта 
Азияға  бақылау  жасау  үшін  күреске  түсті.  Ішінара  алғанда, 
орыс  және  қытай  империясының  арасында  қалған  түркі 
халықтары  бірлікке  қол  жеткізіп,  тәуелсіздікке  және  билікке 
ие  болды.  Түркістанның  тарихи  геосаяси  рөлін  жақсы  түсінген 
Әмір Темір өзін «Түркістан Әмірі» деп атап, алдына Анатолыдан 
Үндістанға  дейін  созылатын  мемлекет  құру  мақсатын  қойды, 
алайда ол күнге жете алмады.
Түркістанның бірлігін жоғалтқан құрылымы көп жағдайда 
саяси және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан жеке саяси күштер 
болып табылатын Ресей мен Қытайдың ықпалымен байланысты 
болды.  ХХ  ғасырдың  басында  Түркістанның  батыс  және 
солтүстік  бөліктері  Ресейдің  қарамағына,  ал  шығыс  бөлігі  – 
Қытайдың  қарамағына  өтті.  Түркістан  халықтарының  геосаяси 
жағдайы  олардың  бірлігінің  алғы  шарты  болды.  Мұстафа 
Шоқай  интеллигент  бола  отырып,  саяси  және  әлеуметтік 
5  Вернадский  Г.  Ресей  тарихы  (Ч.  Мызрак,  Догукан  Мызрак  Эгемен 
аудармасы). Стамбул: «Selenge», 2009 ж. 19-35 б.

64
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
тұрақтылыққа  қол  жеткізу  үшін  Түркістанның  геосаяси 
жағдайының күрделілігін жақсы түсінді.
ХІХ  ғасырдағы  ұлттық  қозғалыс  және  Түркістан 
бірлігінің идеалы
Еуропадағы  индустрияландыру  мен  урбандалу  үдерістері-
не ықпал еткен әлеуметтік құрылымдар да ұлттық мемлекеттер 
құруға  негіз  қалады.  ХІХ  ғасыр  ұлттық  қозғалыстардың 
бүкіл  дүние  жүзіндегі  қоғамдастыққа  ықпалы  жүрген  ғасыр 
болып  табылады.  Бірінші  кезекте  бұл  ағымдардың  идеалдары 
Осман  империясынан  тыс  жатқан  мұсылман  қоғамдарына 
ықпал  етті,  кейіннен  ұлттық  мемлекеттер  құру  туралы 
интеллигенция  өкілдерінің  идеалына  айналды.  Бұрынырақ, 
Осман  империясы  бөлініп  кеткен  кезде  бұған  жеке  мысал, 
албан  халқы  мен  Орта  Азияны  мекендеген  араб  халықтары 
құрған  мемлекеттер  болды.  Түрік  Республикасының  құрылуы 
да  ұлттық  мемлекет  құрудың  нәтижесі  болды.  Осман 
империясынан  тыс  халықтар  да  автономиялық  және  тәуелсіз 
мемлекет құру идеалдарын, ішінара алғанда, біртұтас Түркістан 
құру  идеалын  сақтады.  Алайда,  Түркістанның  мұсылмандары 
ұзақ  мерзімді  перспективада  түркілердің  ғана  емес,  әлемнің 
барша  мұсылмандарының  бірлігін  қалады.  Түркістанның 
басы  бірікпеуі  мұсылман  түркі  халықтарын  қуатты  Ресей  мен 
Қытай  империялары  алдында  қорғансыз  күйге  әкеп  соқтырды. 
Дегенмен  де,  Түркістан  бірлікке  қол  жеткізе  алған  шақта  ол 
Түркістан  аумағында  өз  мемлекетін  құруды  мақсат  тұтқан 
күштерге қарсы тұра алатын күйде еді.
Бұл геосаяси шынайылықтар Түркістан мұсылмандарының 
бірігуді  мақсат  тұтқан  жиналыстарына  жиі  себеп  болды. 
Қазақтардан  және  қырғыздардан  құралған  Алаш  Орда  үкіметі 
шеңберінде  Султан  Галиев  басқарған  Итиль-Кама  үкіметі 
(еділ-кама  үкіметі)  мен  автономиялық  Түркістан  үкіметі 
арасында  бірігу  жолдары  талқыланды
6
.  Түркі  халықтары 
өкілдері  біртұтас  саяси  құрылым  құру  мақсатында  өткізген 
жиналыстарда үш негізгі мәселе бөліп қаралды:
-  түркілердің  тілдері  мен  мәдени  құндылықтарын 
сақтау және дәстүрлі өмір салтын қорғау;
-  шетел  күштерінің  басқыншылығын  тойтару  және 
тәуелсіздік алу;
6  Абдулвахап  Кара.  Түркістан  жалыны  –  Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  мен 
күресі. Стамбул: «Da», 2002. 118-155 б.

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
65
-  рухани және интеллектуалдық өмірді жаңарту
Ислам 
әлемінің 
модернизмі 
«жаңашылдар» 
мен 
«консерваторлар»  деп  бөлінуге  алып  келді.  «Жаңашылдар» 
бірінші кезекте, жаңару және білім жүйесін жақсарту жолдары 
арқылы,  осылайша,  ислам  әлемі  тап  болған  заманауи  өмір 
шындығына  сай  батыс  өркениетінің  деңгейіне  жетуді  ұсынды. 
«Жаңашылдар»  жаңару  идеясын  қорғап  жатқан  кезде, 
«консерваторлар» бұрыннан келе жатқан дәстүрлі құрылымды 
сақтау қажеттігіне сенді. 
Еуропадағы  ұлттық  қозғалыстар  империалистік  және 
отарлық  сипатта  болғандықтан,  олар  соғыстың  тууына  себеп 
болды.  Алайда,  Түркістан  аумағындағы  ұлттық  қозғалыстар 
империалистік  сипатта  болмай,  мәдени  құндылықтардың 
толық  қорғанышына  ие  болды.  Түркі  тілдес  халықтар  мен 
түркілік  мәдениеттегі  халықтар  бірлік  идеяларын  қорғады. 
Осындай  бірлік  түркі  халықтарын  сыртқы  күштердің  жаулап 
алуынан  қорғайды  деп  саналған.  Алайда,  біріктіру  идеясы 
жүзеге асқан жоқ. Басқаша айтқанда, тарихи тәжірибе осындай 
бірігуді  жазғанымен,  ол  жүзеге  аспады  –  Түркістан  Кеңес 
Одағының  құрамына  кірді.  Аталған  кезеңде  құрылған  түркі 
мемлекеттердің  саяси  жүйелері  түбегейлі  өзгеріске  ұшырады. 
Осы  өзгерістер  нәтижесінде  бұл  мемлекеттер  үш  ерекшелікті 
(кеңес одағынан) мұра тұтты:
– ескі  кеңестік  жүйенің  мұрасы  ретінде  таңдаулы 
жергілікті  басқару  өкілдері. Бұл адамдар жаңа мемлекеттердің 
негізін қалады; 
– авторитарлық 
басқару.  Коммунистік  партияның 
басшылары  басқарудың  тоталитарлық  сипатын  ұсынды.  Ескі 
жүйеден  мұраға  қалған  басқару  тәжірибесі  алынды.  Қазіргі 
түркі  мемлекеттеріндегі  басқару  әдістерін  авторитарлық 
демократия  деп  атауға  болады.  Коммунистік  партияның 
авторитарлық  демократиясы  тәжірибесінен  басқа  демокра-
тиялық 
тәжірибесі 
жоқ 
мемлекеттерде 
авторитарлық 
демократия  саяси  және  әлеуметтік  тұрақтылықты  қорғауда 
аса  функционалды  болып  табылады.  Саяси  және  экономи-
калық  жүйенің  күрт  алмасуы  аталған  елдерді  хаосқа  жетелеп, 
авторитарлық  басқару  қажеттігін  көрсетті.  Алайда,  авторитар-
лық  демократияның  ең  үлкен  қатері  диктаторлықты  қалыптас-
тыруға  бейімдігі  болып  табылады.  Қазақстан  саяси  және 
әлеуметтік  тұрақтылықты  қорғай  отырып,  диктаторлыққа 

66
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
бармаған  мемлекеттің  үздік  үлгісі  болып  табылады.  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  саяси  тәжірибесі  мен  білімі  оны  осы  көзқарас 
тұрғысынан ең сәтті көшбасшы жасады; 
– дәстүрлі 
әлеуметтік 
құрылым 
көшбасшылары, 
«ақсақалдар».  Жаңа  саяси  жүйенің  демократиялық  құрылым-
дарында  болмаған,  бірақ  әлеуметтік  құрылымның  дәстүрлі 
көшбасшыларынан  тұратын  «ақсақалдар»  тобының  да  саяси 
жүйеде саяси ойыншылар ретінде салмағы болды. 
1917  жылдың  басынан  саяси  күреске  белсене  қатысқан 
Мұстафа  Шоқай  күреске  жазушылық  және  философиялық 
тұрғыдан  мән  бере  бастады.  Ол  –  «Бірлік  туы»  және  «Ұлы 
Түркістан» газеттерін құрушылардың бірі, олар үшін мақалалар 
жазды,  сосын  Тфилисте  «Шафак»  газетін  ашып,  «Кувайи 
Миллийе» қозғалысын қорғады. Ол өз мақалаларын Стамбулда 
шығатын  «Ени  Туркестан»  журналында  бастырды.  1929-1939 
жылдары Берлинде «Жас Түркістан» журналын шығарды – бұл 
журнал  Түркістандағы  күреске  көп  ықпал  етті.  Бұл  басылым 
Еуропада  да,  Кеңестік  Ресейде  де,  сондай-ақ  түркі  әлемінде  де 
жіті бақылауда болды
7

Түркістан  жерінде  күрес  жүргізу  мүмкіндігі  болмаған 
Мұстафа  Шоқай  жолға  шығуға  шешім  қабылдап,  кезек-
кезегімен Баку, Тифлис, Батуми, Трабзон, Стамбул қалаларына 
сапар 
шекті. 
Стамбул 
басқыншылардың 
қол 
астында 
болғандықтан  өзін  қауіпсіз  сезіне  алмаған  М.Шоқай  өзінің 
достары  бар  Париж  қаласына  көшуге  бел  шешті.  Өзінің 
Еуропадағы  қызметінде  М.Шоқай  екі  ұйымға  арқа  сүйеді. 
Бірінші ұйым - Түркістан Ұлттық одағы болатын, ол Түркістанда 
құрылып,  кейінірек  Зеки  Велиди  Тоганның  басшылығымен 
Еуропаға  көшкен.  Оның  мақсаты  -  Еуропадағы  Түркістаннан 
шыққан  адамдардың  басын  біріктіру.  Орыс  демократтарынан 
қарым-қатынасын үзіп, ол кеңестер езгісіндегі халықтар құрған 
және  поляк  үкіметінің  қолдауына  ие  болған  «Прометейге» 
қосылды.  Осы  оқиғалардан  кейін  бірден  толықтай  тәуелсіз 
Түркістан  құру  идеясын  қорғай  бастады.  Украина,  Кавказ 
және  Түркістан  халықтары  өкілдерінің  саяси  қызметін 
үйлестірген бұл ұйым Еуропада Кеңес Одағына қарсы шыққан 
интеллигенцияның бірлігіне арқа сүйеді
8

Мұстафа Шоқай дүниетанымының негізгі желілері
7  Абдулвахап  Кара.  Түркістан  жалыны  –  Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  мен 
күресі. Стамбул: «Da», 2002. 309-327 б.

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
67
М.Шоқай  түркі  халықтарының  саяси  бірлігі  көп  дәрежеде 
геосаяси  жағдайларға  байланысты  деп  есептеді.  Қырымдағы 
және  Әзірбайжандағы  түркі  халықтары  одағына  қарағанда 
неғұрлым  берік  одақ  құру  қажет  болды.  Оның  пікірінше, 
Қырым,  Украина,  Әзірбайжан  және  Кавказ  халықтары  жақын 
достықта  болды.  Түркі  халықтарының  саяси  бірлігі  олардың 
мемлекеттерінің 
геосаяси 
жағдайларымен 
байланысты. 
Сондықтан,  М.  Шоқай  түркі  халықтары  арасындағы  кез 
келген жағдайларда мәдени ұйымдардың кез келген түрін құру 
идеясын  қорғады.  Алайда,  кезектескен  оқиғалар  М.Шоқайдың 
көзқарасын  ауыстыруға  әкеп  соқты  –  патшалық  кезеңде  ол 
автономия құру идеясын қорғаса, кеңес кезеңінде – тәуелсіздік 
идеясын  қорғады.  Бастапқы  прагматикалық  көзқарасты 
қабылдау  өзін-өзі  жаңартуға  және  қажет  болған  жағдайда 
көзқарасын ауыстыруға әкеп соғуы мүмкін еді.
Түркістанның  геосаяси  жағдайы  түркі  қоғамының  бірлігін 
талап  етті.  М.  Шоқайдың  идеалдарын  ақтаған  тарихи  және 
саяси өмір шындықтары орын алды. Алайда М. Шоқай мен осы 
идеяларды  қорғаған  басқа  да  интеллигенция  өкілдерінің  негізгі 
мақсаты болған бірлік кез келген басқа мемлекетке дұшпандық 
көзқарасқа  арқа  сүйеген  жоқ.  Тарих  үдерісінде,  Түркістанның 
тәуелсіздік  алуды  қалауына  Ресей  мен  Қытай  үкіметтері 
лайықты  құрметпен  қарамады,  бұл  өңірде  бейбітшілік  пен 
тұрақтылық  бұзылды.  Сондықтан  жалғыз  жол  Түркістан 
мен  оны  қоршаған  мемлекеттер  арасында  бір-біріне  қатысты 
зорлық  көрсету  емес,  мемлекеттердің  өмір  сүру  құқығына 
құрметпен  қарау  негізінде  достық  пейілдегі  және  сенімді 
қарым-қатынас құру болып табылады. М.Шоқай осы идеяларды 
қорғады.  Оның  Түркістанның  бірлігіне  сенімі  нәсілдік  немесе 
шовинистік  емес  еді.  Ол  орыстарға  қарсы  шыққан  жоқ, 
керісінше,  ол  орыс  демократтарымен  кез  келген  тұғырларда 
ынтымақтастыққа дайын болды.
Ол  қандай  да  бір  идеологияға  ес-түссіз  бой  ұрған  емес, 
әйтсе  де  идеалист  болатын.  Ол  көзқарастары  патриотизм 
негізінде  дамыған  бейбіт  ұлтшыл  болатын.  Түркі  дүниесі 
бетбе-бет  келген  проблемалар  алдында  оның  прагматизмі 
негіз  қалаушы  болды,  сонымен  бірге,  ол  басына  не  күн  туса  да 
идеологиялық ұстанымдардан алыс болатын. Ол өз өмірін елінің 
7  Бұл да сонда, 189-290 б.

68
 
СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ
идеалдары  мен  гүлденуіне  арнаған  күрескердің  үлгісі  болды. 
М.Шоқай  өзінің  негізгі  ұстанымдарын  нацистік  лагерлерде 
қорғады. Ол жаққа тұтқынға түскен түркі солдаттарына орасан 
көмек көрсете отырып, көп адамның өмірін құтқарып қалды.
Ол  орыстарға  қарсы  шайқасуға  тиіс  Түркістан  легионын 
басқарудан  бас  тартқаны  үшін  уланды  деп  ойлаймыз.  Өз 
ұстанымдары  үшін  ол  өмірін  қиды.  М.  Шоқай  прагматикалық 
оппортунизмді  қабылдамады,  ол  әрқашан  адамгершілік 
көзқарастар  мен  идеалдарды  өз  өмірінен  және  жеке  бас 
пайдасынан  жоғары  қойды.  Ол  ең  алдымен  шынайы  мұсылман 
және патриот болды.
Мұстафа  Шоқай  адамдармен  өте  жақсы  тіл  табыса  білді 
және  кез  келген  деңгейде  сұхбаттаса  алатын.  Айналасында 
адамдарды  ол  шыншылдығымен  және  табанды лығымен 
таң  қалдырды.  Ол  таңдаулылық  көзқарасын  қолдаған  жоқ 
және  халыққа  астамшылдықпен  қарамайтын.  Ол  халықтан 
шыққан  қайраткер  еді.  Халық  одан  өзін  көретін.  Мұстафа 
Шоқайдың  жоғары  әлеуметтік  жауапкершілік  сезіміне  ие 
өмірі  өте  мазмұнды  әрі  қайғылы  болды.  Және  де  медициналық 
факультеттің  орнына  заң  факультетін  таңдауына  әлеуметтік 
жауапкершілік сезімі өте күшті әсер етті. Бұл таңдау сондай-ақ 
интеллигент  рефлексінің  нәтижесі  болатын.  Интеллигенция 
өкілдері  қоғам  қиын  кезеңге  тап  болған  кезде  жол  көрсететін 
көшбасшылар  міндеттерінен  ешқашан  тайқыған  емес.  Өмірін 
өз  еліне  арнаған  интеллигенттер  өз  идеалдары  жолында  өмір 
сүреді.  Ал  Мұстафа  Шоқайдың  басты  идеалы  Түркістандағы 
әлеуметтік және саяси тұрақтылықты нығайтатын бірлікке қол 
жеткізу  болатын.  Мұстафа  Шоқайдың  өмірі  –  өз  идеалдарына 
сенетін  интеллигент  бола  отырып,  кез  келген  қиындықтарға 
қалай қарсы тұрудың үлгісі.
Қазақ  халқы  М.  Шоқайды  мақтан  тұтады,  оның  сіңірген 
еңбегін  жоғары  бағаламау  мүмкін  емес.  Дегенмен  де, 
Мұстафа  Шоқай  тек  қазақ  халқының  ғана  емес,  барлық  түркі 
халықтарының  көрнекті  қайраткері.  Түркі  халықтарының 
жүректерінен  орын  алған  оның  идеялары  мен  күресі  қазіргі 
заманғы  барлық  түркі  әлемі  қайраткерлері  үшін  үлгі  болып, 
оны  өз  өмірін  қазақ  халқы  мен  басқа  да  түркі  халықтарының 
бостандығына  арнаған  нағыз  көрнекті  тұлғаға  айналдырады. 
Оның жаны жәннатта болғай!

СӨНБЕСІН ОТ АЛАУЫ 
69
Каюм Кесиджимен сұхбат 
Саяси ғылымдар докторы, профессор
Еуропалық қазақтар Федерациясының төрағасы 
(Мюнхен, Германия)
АЛАШ МҰРАТТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРҒАН ҰРПАҚ
Каюм  аға,  Батыс  Еуропаның  қазақ  диаспорасы  туралы 
айтып беріңізші. 
Біз – шетелде тұратын қазақтар, Қытайдағы Шыңжаңнан, 
яғни  Шығыс  Түркістаннан  көшіп  келген  қазақтардың 
балаларымыз.  Мен  Түркиядағы  Стамбул  университетінің 
журналистика  факультетін  бітірдім,  одан  кейін  1980  жылдан 
1995  жылға  дейін  «Азаттық»  радиосында  жұмыс  істедім. 
Сосын  ғылымға  бет  бұрып,  саясаттанудан  диссертация  қорғап, 
бірнеше  жыл  Түркияның  университеттерінде  сабақ  бердім, 
Шетелдік  ғылыми  конферецияларға  қатыстым  –  Еуропаның, 
Американың 
университеттерінде 
баяндамалар 
жасадым. 
Менің  негізгі тақырыбым – Орталық  Азия мен Қазақстандағы 
саяси,  мәдени,  экономикалық  даму  және  осы  салалардың 
әсіресе  Қазақстандағы  өзгерулерін  зерттеу.  Бірнеше  жыл 
қоғамдық  жұмыстармен  айналыстым.  Ал  қазір  Еуропалық 
қазақтар  Федерациясының  төрағасының  міндетін  атқарамын 
(www.eurokazak.net). 
Біз  Германияда  Мюнхен  қаласында  ресми  органдарда 
тіркелдік,  2009  жылы  Еуропаның  қазақ  қоғамдарының 
Федерациясының  орталығын  ресми  түрде  құрдық.  Біздің 
Федерацияның  негізгі  мақсаты  –  шетелде  тұратын  қазақтар 
арасындағы  байланысты  сақтау,  жастарды  қазақтардың 
тарихымен,  мәдениетімен,  ұлттық  дәстүрлерімен  таныстыру, 
жастардың  ана  тілін  білуіне  қолдау  көрсету.  Сонымен  қатар, 
түрлі іс-шаралар арқылы шетелдік қазақ жастарының назарын 
тарихи Отаны – Қазақстанға назар аударту. 
Біз  жыл  сайын  еуропалық  қазақтардың  құрылтайын 
өткіземіз. 2010 жылы Құрылтай Венада өтті. Бұл біз үшін маңызды 
оқиға болды, себебі 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік 
және  Ынтымақтастық  ұйымына  төрағалық  етті.  ЕҰЫҰ-ның 
штаб-пәтері  Венада  орналасқандықтан,  біз  де  өзіміздің  кезекті 
құрылтайымызды  сол  қалада  өткізуді  жөн  көрдік.  Біздің  бұл  іс-
шарамыз сәтті өтті, біз үшін бұл екі бірдей қуаныш болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет