Пробл ем ы ис то ри и каза хс тан а


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЬІНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата21.01.2017
өлшемі1,63 Mb.
#2386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЬІНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
  
А
.
С

Абдираймова
 - 
М. Тынышбаев атындағы  азККА доценті, т. ғ. к. 
             1991жылғы  16  желтоқсанда  Қазақстан  тəуелсіздік  туралы  Декларация  жариялады,  сөйтіп 
дуниежүзілік  қоғамдастыққа  енуге  мүмкіндік  алды.  1992  жылы  қаңтардан  9  шет  мемлекетпен 
дипломатиялық қатынас орнатты. Тəуелсіз Қазақстанды əлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып 
бауырлас  Түрік  республикасы  таныды.  1992  жылдың  ортасына  қарай  республика  тəуелсіздігін  жер 
шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пакістан, Канада, Швейцария т.б.
 
1999  жылдын  басына  қарай  дүние  жүзінің  150  мемлекеті  танып,  106  мемлекеткен 
дипломатиялық қатынас орнатылды.
 
Қазіргі Қазақстан шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық жəне консулдық өкілдіктер ашты. 
Алматы  мен  Астанада 50-ден  астам  шетелдік  елшілік  жэне  халықаралық,  ұлтаралық ұйымдардың  16 
өкілдігі  жұмыс  істейді.  Республикамыздың  сыртқы  саясат  ведомствосы  ұлттық  мүддемен  жалпы 
адамзаттық мүдделерді үйлестіріп жүргізетін дипломатиялық саясатқа кірісті.
 
               1992жылы  наурыздың  3-інде  Қазақстан  Республикасы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  (БҰҰ) 
мүшесі  болып  қабылданды.  Осы  жылы  откен  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  47-сессиясының 
трибунасынан  ОБСЕ.  сияқты  ұйымның  Азияда  да  құрылуы  туралы  Н.Ə.  Назарбаев  өз  ойын  айтқан 
болатын  [1].  Бірақ  ол  ксзде  оның  бұл  сөзінс  онша  сене  қоймаған  еді.  Міне,  арада  10  жыл  өткеннен 
кейін  2002  жылғы  маусымда  Алматыда  сенім  əрекеттестік  шаралар  туралы  саммиті  өтті.  Саммит 
жұмысына  16  мемлекет  басшылары  қатысты.  Оның  ішінде  7  ірі  державалар-  Қытай,  Индия,  Ресей, 
Иран. Түркия т.б. болды.
 
Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мəселеге ерекше назар аударады:
 
ТМД,  Азия,  Европа  елдері,  АҚШ,  Тынық  мұхит,  Таяу  Шығыс  аймағы  елдерімен  хадықаралық 
байланысты өркендету.
 
Мəдени-экономнкалық байланысты күшейте отырып, аддыңғы қатарлы өркениетті елдердін қатарына 
қосылу.
 
Қазақстанның  сыртқы  саясатында  ерекше  назар  аударатын  мəселе  ең  жақын  жəне  ірі  көрші 
мемлекеттермен, солтүстікте Ресеймен, шығыста - Қытай халық Респубдикасымен ойдағыдай қарым- 
қатынас орнату.
 
1992  жылғы  25  мамырда  Қазақстан  мен  Ресей  арасында  достық,  ынтымақтастық  жəне  өзара 
көмек  туралы  шарт  жасалды.  1995  жылғы  20  қаңтарда  -  Қазақстан  мен  Ресей  ынтымақтастығын 
кеңейту  туралы  Декларация  жариялады,  ад  1996  жылғы  27  сəуірде  Алматыда  екі  елдік  бірлескен 
Декларациясына қол қойылды. Декларацияның маңызы:
 
Екі ел арсындағы егемендікті, тəуелсіздікті құрметтеу.
 
Аумақтық тұтастық пен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау ұстанымдарын сақтау.
 
Жылғы  6  шілдеде  Мəскеуде  Ш  ғасырға  бағдарланған  “Мəңгі  достық  пен  ынтымақтастық  туралы” 
Декларация жарияданды. Нəтижелері:
 
1Каспий теңізінің құқықтық мəртебесі проблемасын шешуді алға жылжытты.
 
2.Қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеуді шешті.
 
3.Байқоңыр ғарыш орталығын бірлесіп пайдалану мəселесі қарастырылды.
 
жылғы  тамызда  Қазақстан  Президентінің  Қытай  халық  Республикасына  алғаш  сапары  болды, 
нəтижесінде  барлық  байланыс  жолдары  ашылды.  1994  жылы  сəуір  айында  Қазакстан  мен  Қытай 
арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 
шақырымдық).
 
1996  жылғы  сэуір  айыпда  алгашқы  Шанхай  келісімі  жүргізілді.  Бүл  келісім  барысына  Ресей,  Қытай, 
Қазақстан,  Тожікстан.  Қырғызстан  қатысты.  Мүнда  негізінен  -  шекарадарды  бүзбау,  бейтарап 
аймақтық  қашықтықты  100  шақырымға  дейін  жеткізу  сияқты  мəселедер  қаралды.  1997  жылғы  25 
қыркүйекте  Алматыда  болған  келіссөздің  нəтижесінде  -  Батыс  Қазақстан  мен  Батыс  Қытайды 
жалгастыратын  мүнай  қүбырын  жүргізу  жоніндегі  шартқа  қол  қойылды.  Қытай  үкіметі  бұл 
жұмысқамлрд.доллар жұмсауға келісті [11] 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
49 
 
1998-1999  жылдары  Қазақстан-Қытай  арасында  келісімдер  нəтижесінде,  шекараны  нақтылау 
негізінен аяқталды.
 
Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 
1991  жылғы  25  желтоқсанда  АҚШ  Қазақсіан  Республикасыңың  мемлекеттік  тəуелсіздігін  таныды. 
Қазіргі  кезде  АҚІІ.1-Қазақстан  экономикасының  аса  ірі  инвесторы.  1997  жылы  Қазақстан  мен  АҚШ 
арасында экономикалық эрінтестік багдарламасы жасалды.
 
Екі  ел  арасында  Қарашығанақ  кеніші  жөнінде  жэне  Каспий  қайранын  бөлісу  жөнінде 
келісімдерге қол қойылды.
 
жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде - екі ел арасындағы серіктестікті одан 
ары  дамыту,  АҚШ-тың  Қазақстанға  демократиялық,  экономикалық  өркендеуде  қолдау  көрсету, 
аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз егу мақсатында ынтымактастық үшін бардық 
мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мəселелер қаралды.
 
АҚШ Қазақстанға мəдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау керсетуде "Болашақ" 
бағдарламасы  шеңберінде  қазақстандық  студентгер  АҚШ,  Франция,  Германия  оқу  орындарында 
оқиды.
 
КСРО тарапыннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде
 
ядролық держава бар, АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.
 
1993  жылы  Президент  Н.Ə.  Назарбаев  Лиссабон
 
хаттам
асына  кол  қойды.  Қазақстан  ядролық 
арудан
 
еркін
 
айма
  болып  жарияланды.  Соғыс  өнімдерін  шығаратын  кəсіпорындарды  бейбіт 
заттар өңімдеріне айналдыру - (конверсия) жүзегс асырыла басталды.
 
1996  жылғы  31  қыркүйекте  Қазақстан  ВҰҰ-ға  мүше  129  елдің  қатарында  ядролық  қаруды 
таратпау  жөнінде  шартқа  қол  қойды.
 
Қазақстан  басшылығы  əскери-саяси  одақ  НАТО-мен 
ынтымақтастыққа  маңызды  орын  береді.  Бұл  ынтымақтастық  “Бейбітшілік  үшін  əріптестік” 
бағдарламасы  негізінде  жүзеге  асуда.  1997  жылғы  15-21  қыркүйекте  Шымкент  (Қазақстан)  жэне 
Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО əскери бөлімдерінің қатысуымен əскери жаттығу өткізілді.
 
             2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “III ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты 
халықаралық конференция ашылды.
 
Тəуелсіздік  алғаннан  бері  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болын  кіруге  республикаға  жол 
ашылды.  1997  жылдың  басына  қарай  Қазақстан  60-тан  астам  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып 
кірді.  Соның  бірі  ЮНЕСКО  -  ірі  халыкаралық  ұйым.  Ол  -  Білім

ғылым  жəне  Мəдениет,  “Адам  жəне 
биосфера”, “Адам табиғи ортада" т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.
 
ЮНЕСКО - Қазақстанда биологиялық əртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғайтын 
табиғи  аймақтарын  ЮНЕСКО-ның  Дүниежүзілік  табиғи  жəне  мəдени  мұрасы  жəне  “Адам  мен 
биосфера”  бағдарламасы  шеңберіндегі  аймақтар  тізіміне  кіргізу  туралы  шараларды  іске  асыруда, 
бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар. Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ - Біріккен Ұлттар 
Ұйымының  Балалар  Қоры.  ЮНИСЕФ  Қазақстан  Республикасындағы  өзінің  жұмысын  1992  жылы 
бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жəрдем көрсетуді насихаттайды.
 
ЮНИСЕФ-тің  Арал  аймағының  халқын  сауықтыру  жөніндегі  бағдарламасы  -  əйелдер  мен 
балалардың  денсаулығын  қорғау,  білім  беру,  балалардың  тамағын  жақсарту,  сумен  қамтамасыз  ету, 
санитарлық  қызметті  жақсарту  жөніндегі  нақты  шараларды  жүзеге  асыруға  бағыттталған.  Сонымен 
бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетарааық жəне үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
 
Егемен Қазақстанның  жаңа  мемлекет  құрудағы  философиялық  тұжырымдарында көрсетілген 
бағыттары  жəне  елдің  идеологиясы  АҚШ.  Франция,  Ресейде  белгіленген  философиялық 
ұстанымдарды  басшылыққа  алады.  Халықаралық  тəжірибе  тоталитаризмнен  демократиялық  бағыт 
жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан 
өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тəжірибесімен танысу өте маңызды.
 
Үстіміздегі жылдың 24 маусым күні ҚР Ирезиденгі Н.Ə.Назарбаев төрағалығымен ішкі саясат 
жəне  идеологиялық  жұмыс  мəселелсрі  бойынша  жиналыс  өткізілді.  Жиналыс  барысында  Президент 
қазіргі кезеңдегі ішкі саясаттың басымдықтарын белгіледі [2].
 
Жиналыс қортындысы бойынша Президент тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына тұрақтылық 
əлеуеті  мен  қазақстандық  қоғамды  біріктіруді  нығайтуға  бағытталған  ішкі  саясат  саласындағы 
жұмыстарды жетілдіру жəне ішкі саясаттың жаңа тұжырымдамасы мен осы саладағы іс 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
50 
 
əрекеттің үш жылдық жоспарын əзірлеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
 
Президенттің  елдің  ішкі  саясатының  басты  бағыттарын  анықтау  бойынша  конститутциялық 
өкілеттігі, мемлекеттік билік органдарының келісімді қызмет етуі мен өзара іс - əрекетін қамтамасыз 
ететін  Президенттің  Елбасылық  мəртебесінен  шығады.  Президенттің  бұл  айрықша  құзыретінің 
құқықтық аясы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының Конститутция мен республика заңдарына 
сəйкестілігімен байланысты. Өйткені ҚР Конститутцияның 40 бабында «Қазақсган Республикасының 
Президенті  -  мемлекеттің  басшысы,  мемлекеттің  ішкі  жəне  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыттарын 
айкындайтын,  ел  ішінде  жəне  халықаралық  қатынастары  Қазақстанның  атағын  өкілдік  ететін  ең 
жоғары лауазымды тұлға» ретінде конститутциялық нормамамен бекітілген.
 
Сондай  -  ақ  Конституция  бойынша  Президент  қысқа,  орта  жəне  ұзак  мерзімді  мақсаттар  мен 
міндеттер кешенінің барлығып емес тек қана оның басты бағыттарын ғана анықтайды. Оны Президент 
қана  емес,  өз  өкілеттіктері  шегінде  мемлекеттік  органдардың  барлығы  жүзеге  асырады.Президент 
əкімшілігі    анықтаған  ішкі  саясат  ережелерінің  директивтілігі  дəрежесі  туралы  мəселе  биліктің  заң 
шығару, атқарушы жəне сот тармақтарыиьщ бөліну мен дербестігі принциптерімен байланысты.
 
Осы  себепті  үстіміздегі  жылдың  27  тамыз  күні  ішкі  саясат  саласындағы  мемлекеттік 
органдардың іс - əрекеті мəселесі бойынша республикалық семинар - кеңес өткізіліп, онда Президенті 
берген тапсырмаларды орындау барысы талкыланды.
 
Президент  əкімшілігі  басшысы  орталықта  жəне  жергілікті  жерлердегі  ішкі  саяси  профильдегі 
құрылымдардың  жұмысын  жеткілікті  дəрежеде  үйлестіру  мен  алқалығын  күшейту  туралы  кесімді 
талап  айтты.  Сондай  -  ақ  Президент  Əкімшілігінің  ішкі  саяси  бөліміне  ішкі  саясат  саласындағы 
мемлекеттік  органдардың  жұмысын  бағалаудың  жаңа  жүйесін  енгізу  бойынша  ұсыныстар  əзірлеу 
тапсырылды.
 
Елбасы  бүгінгі  күнгі  идеологиялық  салада  төрт  шешуші  басымдық  деп  -  «Ұлттың  тұрақты 
дамуы».  «Мемлекеттілікті  нығайту»,  «ұлттың  бірлігі»  жəне  «Келешекке  сенім»  құндылыктарын 
негіздеді. Ішкі саясаттың жəне жаңа бір құндылығы «Ұлттың лидері» құндылығы. жəне де ол тек қана 
символ  ретінде  емес,  сондай  ак  қоғамды  бірлік  пен  даму  идеаларында  біріктірудің  қажетті  шарты 
ретінде де аталады.
 
Өткен  17  жыл  бойы  елдің  ішкі  саясатының  дəстүрлік  құндылықтары  мен  стратегиялық 
басымдықтары  -  ішкі  саясн  гұрақгылық,  ұлтаралық келісім  жэне конфессирарапық  диалог болды  Біз 
көптеген  сынақтардан  өтгітс,  қателескен  ксздер  де  болды,  бірақ  елді  сақтап  қалдық.  Ол  кезеңдегі 
азаматтық қоғамның жəне биліктің арқасы.
 
Біздің елдің дамуы үшін басты нəрсе ол тыныш жəне тұрақты даму.
 
Бүгінгі күнгі қоғам дамуындагы ішкі саясат үрдістері қазақстандық идеологемаларды басқаша 
қалыптастыру  мəселесін  қайта  қарау  қажеттілігін  туғызып,  жаңа  тəсілдерді  енгізу  мен 
трансляциялауда талап етіп отыр.
 
Бұл  проблеманы  шешудің  жолдарын  айқындаудап  алдын  осы  жаңа  қазақстандық 
идеологемаларды қалыптастырудың көздерін анықтап алған жөн болар.
 
Негізінен  қоғамның  базалық  құндылықтарын  идеологтар  арқылы  жасанды  жолмен  немесе 
басқа  өрксниеттің  тəжірибесінен  механикалық  түрде  көшіріп  алуға  болмайды,  ол  тек  қана  аталған 
мемлекет пен халықтың тарихи жəне əлеуметтік - мəдени дамуының салдары. Базалық əлеуметтік идея 
нақты бір қоғамда калыптасып калған, қоғамды дамыту мен оның тіршілігін сақтауды қамтамасыз ету 
үшін іс - əрскеттердің қандай да бір формалары мен мақсаттарын білдіреді [2].
 
Алдын  ала  жоспарланған,  мақсатты  əлеуметтік  өзгерістер,  ол  қашан  маңызды  болғанымен, 
қиындықпен  келеді.  Бұл  жерде  біз  қоғамдық  өзгерістердің  жоспарлы,  ойластырылған    жəне  тарихи 
қалыппен  өтіп  жатқан  əлеуметтік  өзгерісгер  деп  бөліп  қарауымыз  керек.  Біріншісі  ,саясаткерлер  мен 
қоғам қайраткерлері арқылы іске асса, екіншісі өзінен - өзі белгілі бір даму логикасына сай іске асып 
жатады.  Барлық  қоғамда  өте  үлкен  өзгерістер  болып  жатқан.  бірақ  оның  барлығы  мемлекеттік 
саясаттың  арқасы  емес.  Көбінесе  олар  ретсіз  пайда  болған  қоғамдық  қозғалыстардың  қызметінің 
нəтижесі. Мойындау керек бүгінгі күнде жаңа біріктіруші идеологемалардың қоғамның ішінен табиғи 
жолмен  дамуына  елдегі  азаматтық  сананың  жеткілікті  дəрежеде  дамымауы  кедергі  болып  отыр. 
Сондықтан  бұндай  жағдайда  шешуші  рөлді  құндылық  нормативтік  функциясы  зор  мемлекет  ойнауы 
қажет.  Сондай-ақ  мемлекет  халқының  санасында  өзінің  даму  бағыттары  мен  перспективалары, 
геосаяси жəне экономикалық мəртебесі туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға жауапты. Кез келген 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
51 
 
мемлекет  өзінің  институттары  арқылы  қоғамдық  сананы  қалыптастырады,  мемлекеттің 
идеалдары мен мақсаттарына сəйкестендіріп баулиды. Тек қана қоғамға білім беру, ағарту, азаматтық 
сананы  калыптастыру  арқылы  ғана  мемлекет  батыл  қадамдар  меи  міндеттерге  дайын  одақтас, 
серіктесті тəрбиелейді. К. Юнгтың сөзімсн айтқанда, «Ұлы құбылыстар ешқашан жоғарыдан келмейді, 
олар  əрқашан  ағаш  сияқты  талтырдан  жоғары  қарап  өседі.  Бірақ  тұқымның  жоғарыдан  түсетіні 
ақиқат».
 
Мемлекеттен - дəстүрлер, тəртіптер, нормаларға қатысты билік пен халықтың қарым - қатынас 
жүйесі.  Нормалар,  идеялар,  дəстүрлер  өз  кезегінде  идеологиялық  құратын  жүйені  құрайды. 
Мемлекеттік құрылым халықтың басым бөлігі мойындайтын түсінікті идеологиялық құраушысыз өмір 
сүре  алмайды.  Осылайша  мемлекет  пен  идеология  арасынан  жіпөткізе  алмайтын  біріңғай,  мызғымас 
жүйе, əлсіз идеологиямен күшті ел болмас, бұған тарих куə.
 
Əр  ұлттың бір елде тұрып жатқан адамдарды біріктіретін түсінікті принциптер мен мақсаттар 
тізбесі болуы шарт. Осы шарттар міне бүгін айкындалып отыр.
 
«Ұлттың 
тұрақты  дамуы»  -  аталған  идеолотемалардыц  ішіндегі  негізгісі  жəне 
байланыстырушы  қасиетке  ие  түрі.  Ол  «ішкі  саяси  тұрақтылық»  түсінігін  кеңейтеді  жəне  оған  даму 
элементін енгізеді.
 
«Мемлекетті  нығайту»  -  құндылығы  қоғамның  беріктілігін  арттыратын  бастау  болып  қала 
бермек. Ол ұлттық санаңың өзегі.
 
«Ұлттың  бірлігі»  -  басымдығы  қоғамның  бірігу  процесінің  жаңа  кезеңге  шыққанын  білдіреді. 
Бұл құндылық сəтті мемлекетті құруға бірлесе қатысу, ортақ мақсаттарға бірлесе жету идеологиясын 
енгізуді  қажет  етеді.  Бірінші  кезекте  бұл  -  елді  дамытудың  мақсаттары  мен  міндеттерін  түсінудегі 
бірлік.
 
«Келешекке  сенім»  -  елде  тұрақты  дамуға  өтуге  барлық  қажетті  жағдай  жасалған,  экономика 
мен  əлеуметгік  саланың  барлық  сынақтардағы  өміршендігінің  кепілдемелері  қалыптасқан.  Оған 
əлемдік  экономикадағы  дағдарыстық  құбылыстар  дəлел  бола  алады.  Қазақстандықтар  жарқын 
күндсрге  ұмтылуы  керек,  өздерінің  белсенділігі  мен  ептілігін  көрсетуге  қорықпау  керек.  Сонымен 
қатар  ол  тек  қана  өзінің  отбасына  ғана  емес,  сондай  -  ақ  өзінің  елі  үшін  де  жауапкершілікті 
қалыптастыруы керек.
 
Идеология - белгілі бір əлеумеггік топтың идеялары, көзқарастары, нормалары, құндылықтары, 
идеялдары  жүйесі.  Біздің  жағдайымызда,  Идеология  қазақсган  халқының  мүдделерін  білдіретін 
идеялар жүйесі.
 
Идеологемаларды - идеологияның бір элементі халықгың санасын қалыптсатырады. 
Дүниеге көзқарас.  құндылық  —  бағыттық  жəне  реттеушілік  функциялары  бар.  Ондағы  негізгі  идея  -
сонымен  қатар,  азаматтардың  көзқарасын  анық  бір  құндылық  -  мəнді  арнаға  бағыттайды. 
Идеологмалар  өзіне  ресми  жəнс  ресми  емес  өмірді  де  бағындырады,  философияда,  саясатта  жəне 
ғылымда,  өнер  мен  педогогика  да,  мораль  жəне  құқықта  орны  бар.  Олар  əлеуметтік  тəртіптің 
тұрақтылығын,  мызғымастығын  бұзатын  мəні  бар  ешқандай  түсініктерді  өзінің  ішкі  шегіне 
кіргізбейтін, нормативтік құрылымды құрайды [2|.
 
Идеология  қоғамға,  адамдардың  санасына  идеологиялық  аппараттармен  «трансляцияланады» 
тарқалады.  «Идеологиялық  аппарттар»  адамдардың  санасына  қонуға  тиісті  көзқарастар,  идеялар, 
нормаларлы  енгізетін  барлық  құралдар  мен  ұйымдардың  жиынтығын  құрайды.  Идеологиялық 
аппараттардың құрамында; отбасы, мектеп, дін, саяси партиялар, мемлекетгік ииституттар, бұқаралық 
ақпарат құралдары. Кейбір  даму  кезеңдерінде  идеологиялық аппараттар  саяси  жүйеге  мейлінше  əсер 
етуші  күш  болады.  Саяси,  қоғамдық,  діни  қозғалыстар  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жоғары 
рухани  біріктіруші  принциптерден  аулақ  болса,  адам  өмірі  құндылығы,  заңды  сақтау,  дəстүрлік 
мораладық нормалар өзінің мəнін жоғалтады. Бұндай жағдайларда қоғамда дезинтеграциялық ваккум 
пайда  болады.  Адамдардың  санасына  əсер  етуші  күш  құндылықтарды  бейтараптандыру  барлық 
қоғамдық  өмірдің  деругуляциясына,  элеуметгік  бірдейліктің  дағдарысына  алып  келуі  ықтимал. 
Социумдагы жаңа қарым қатынастар сипатыныц белгісіздігі, қоғамдық мораль саласындағы қарама - 
қайшылықтар - бұның бəрі қоғамның жіктелуінс алып келетін жағдайлар.
 
Идеологиялық құндылықтар - мақсаттарды басшылыққа алған саяси қатынастардың субъектілері мен 
тасушылар  саясатта  өзіндік  бір  коммуникативтік  кеңістік  -  дискурсты  орнатады.  Осында  өтетін 
тоқтаусыз  ақпарат  алмасу,  бір  саяси  жағдайды  əр  түрлі  бағалаулар  мен  талқылаулар,  саяси  «күн 
тəртібі»  бойынша  дебаттар,  идеялар  мен  көзқарсатар  күресі  жаңа  идеялық  ағымдар  синтезіне,  саяси 
мінез - құлықтың мотивациялық аясының күнделікті күрделене түсуіне əкеледі 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
52 
 
Идеологияның қызмет етуінің төмендеігі деңгейлерін ажыратуға болады:
 
-
 
теориялық - тұжырымдылық, бұл ұлттың мемлекеттің мүдделері мен идеалдарын ашатын 
негізгі қағидалар тұжырымдалатын деңгей;
 
-
 
 бағдарламалық  -  саяси  бұл  əлеуметтік  -  философиялық  принциптер  мен  идеалдар  саяси 
элитаның  бағдарламалары  мен  ұрандарына  өтетін,  басқарушылық  шешімдер  қабылдау 
жəне  бұқаранаы  саяси  мінез  -  құлқын  ынталандыру  үшін  идеялық  негіз  болатын  деңгей. 
Идеология қызметінің бұл деңгейі билік идеологиясының саяси талаптарын трансляциялау 
үшін  арнайы  құрылған  партиялар,  одақтар  мен  бірлестіктердіц  қызметімен  тікелей 
байланыстарының саяси салмағына да байланысты.
 
Алдымыздағы қойылған ішкі саяси мақсаттарға жетуге əсср ететін факторлар тізбесін анықтап 
көрейік. Бұл тізбені шартты екі топқа бөлсек болады: қолқабыс ететін факторлар жəне оны құраушы 
факторлар. Біріншісі, мақсаттарға  жету  жолдарын жеңілдететін  немесе қиындататын  факторлар.  Бұл 
факторлар жинала келе немесе өздері өз бетімен мақсатқа жету мүмкіндігі көрсеткішін жоғарылатады. 
Екінші тізбеде көзделген жағдайдағы қоғам құру үшін құрылыс материалдары көрсетілген. Екі тізімді 
қатар  қойсақ,  елдің  межеленген  мақсаттарға  қаншалықты  дайын  екендігі,  оған  не  жетіспей 
тұрғандығы туралы пікір қалыптастыруға болады.
 
Көмекші факторлар:
 
-
 
Заң жəне тəртіп, тыныштық;
 
-
 
сауаттылық, жалпы білімнің жоғары көрсеткіші, азаматтық білім; 
-
 
 көлемі бойыша елеулі дəрежеде дамыған орта таптың болуы;
 
-
 
заң билігі, тəуелсіз əділ сот, құқық қорғау органдарына деген сенім мен сыйластық
 
сезімі;
 
-
 
азаматтық қоғам жəне оның институттары.
 
Құраушы факторлар:
 
-
 
қолдау көрсету мен көп дауыс жинауда кедергісіз бір - бірімен бəсекеге түсе алатын саяси 
лидерлер мен партиялар;
 
-
 
еркін жəне əділ сайлаулар;
 
-
 
биліктің  атқарушы,  заң  шығарушы  жəне  сот  жүйелсі  арасындагы  тежемелік  жəне  тепе  - 
теңдік нормалардың бар болуы;
 
-
 
азаматтық қоғам институттарының бостандығы; 
-
 
 жеке пікір білдіру бостандығы; 
-
 
 бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы.
 
Екі  тізбе  де  бір  -  бірін  толықтырып  тұр  жəне  ең  бастысы  көптеген  қажетті  факторлардың 
жоқтығы жағдайында көздеп отырған ндеологемаларды калыпастырудың қиын екендігін көрсетіп тұр.
 
Біріктіру, демократизациялау жəне экономикалық дамуға кедергі келтіртін  
социологиялық факторлар да бар [3].
 
Ол  біріншіден  —  мəдени  ерекшеліктер.  Бірақ  бұл  ерекшелікті  бұқаралық  ақпарт  құралдары 
арқылы  жаңа  мəнмен  толтыруға  болады  деген  пікір  жасауға  болады.  Ол  адамдарға  əр  түрлі 
«сигналдар»  жіберу  арқылы:  білім  беру,  мəдени  алмасу  олардың  жеке  құндылыктары  меп  əдеттерін 
өзгерту бойынша атқарылатын жұмыстар.
 
Сонымен қатар мұндай көзделген социетальды өзгерістерге жетуге қолайлы факторлар да бар, 
ол  халықтың  сауаттылығының  жоғары  деңгейі,  əр  тұрғынға  шаққандағы  сауаттылығының  жоғары 
деңгейі,  мемлекеттік  шенеуліктердің  өкілеттіктерін  атқарудағы  кəсібилігі  жəне  сыбайлас 
жемқорлықтың төмен деңгейі.
 
Қоғамдағы  кейінгі  жағдай  мемлекет  əзірлегсн  стратегияларға,  сондай-ақ  қоғам  сұранысына 
сəйкес біртіндеп дами береді.
 
Келешекте  азаматтық  сана  проблемаларының  өзектілігіне  жəне  қазақстандық  қоғамның 
бірлесуіне байланысты идеология тек қана кейбір əлеуметтік топтардың идеялық тіретіпе ғана емес, 
бүкіл  қоғамның  болмысының  құралып,  оны  өзін  -  өзі  сақтауға  жəне  тəуелсіз  əлеуметтік  - 
экономикалық жəне саяси дамуға бірліктерін қажетті атрибуттық мəнге ис болуы кажет.
 
Қазіргі заманда идеологиялық аппараттардың жүйесіне орталық орынды бұкаралық ақпаратты 
басқару мен манипуляциялау мүмкіншілігі бар. Идеологиялық аппараттармен билік арасында олардың 
өзара тəуелділігіне негізделген тығыз байланыс орнайды. Бұл бірақ барлық елге ортақ  
 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  ХАБАРШЫСЫ , «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы,№4 (27) 2010ж 
 
53 
 
құбылыс  емес,  кейбір  жүйелердс  елеулі  ерекшеленетін  жағдайлар  да  қалыпты  саналады.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдары  арқылы  біздің  қоғамның  ұлттық  мəдени  дəстүрлері мен  идеологиялардың негізін 
бұзатын нормалар, құндылықтар мен көзқарастарды жапсыруға орын бермсу міндетін басты назарда 
ұстаған  абзал,  əдетте  оппазиция  пайдаланатын,  шындықты  əсіпе  боямалап,  əдемі  идеалдар  арқылы 
мейлінше  көп  жақтастарды  тартуға  ұмтылатын,  утопиялық  сипаттаты  идеологиялардан  абай  болган 
жөн. Идеология тек қана идеалдар мен құлдылықтарды үгіттеу - насихаттау жəне жарнамалаумен ғана 
емес,  азаматтардың,  партиялардың  жəне  басқа  да  саяси  қауымдастықтардың  іс  -  қимылдары  мен 
қадамдарын  мақсатты  түрде  ынталандыруы  шарт.  Сонда  ғана  идеология  өзінің  саяси  функцияларын 
атқара  отырып,  қоғамды  əлеумсттік  немесе  ұлттық  топтың  мүдделерінің  базасына  топтасгыруға 
ұмтылады.  Қазақстан  мемлекетін  дамытудағы  азамигтық  қоғамның  ролі  айкындаушы  рнл 
болғандығьшы атап өту кеоек. Біз демократияиы құрып жатырмыз. Сондықтан да бұл процестердегі 
оның  рөлі  алмаспайтын.  Барлық  жерге  қатыстылығы  бар  ролі.  Ол  тек  қана  мақсатталған 
экономикалық межерлерге  жету  үшін  ғана  смес,  сондай  -  ақ элеуметгік  саясатты  іске  асыру  шарасы 
да.
 
Қоғамды  іс  -  жүзінде  топтастыра  білу  қабілеті  идеологияның  идеялары  мен  қағидалары 
қаншалықгы  халықтың  дұрыс  деп  санайтын  өмір  стилі  туралы  күнделікті  көзқарастар  мен 
түсініктеріне  жəнс  аталған  доктринаның  қоғамдық  сананың  деңгейіне  сəйкестігіне  тікелей  қатысты 
13].
 
Стандарт  əмбебап  идеологияны  бүтіндей  бірден  əкелугс  болмайды.  Оны  тек  қана  көптеген 
бөлек  -  бөлек  элементтердің  -  идеологемалардың  көмегімен  енгізу  болады.  Олар  біртіндеп  халыққа 
танымал болып, өзінің идеяларымен, мəдени формулаларымен əсер қалдыратын болады.
 
1.Назарбаев  Н.А.(Стратегия  радикалного  обнавления  глобального  сообщества  и  партнерство 
цивилизаций —Астана: ТОО АРКО, 2009. - 264 с. 
2.Политика и интересы мировых держав а Казахстане / Поо. Ред. Б. Султанова. Алматы, 2002. — 
238 с. 
3.Казахстан сегодня: монография / под общ. ред. Б.К. Султанова. - Алматы: КИСИ при Президенте 
РК, 2009. - 416 с. 
Резюме 
          В  статье  рассматриваются  некоторые  аспекты  внешней  политики  Республики 
Казахстан на  
современномэтапе. 
                                                                   Summery  
The article deals the problems of external politics of the Republic of Kazakhstan 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет