Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ЕҢбектері



Pdf көрінісі
бет26/77
Дата22.01.2017
өлшемі4,12 Mb.
#2420
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77

                                                              Сурет-2 

 

Негіз: Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы, ауыл (село) дамуының 



мониторингі, Шымкент, 2000-2006 жылдар. 

 

Жоғарыдағы  суретте  кҿрсетілгендей,  мақта-шикізатын  ҿндіру  2001  жылдармен 



салыстырғанда 2005 жылы 48,5 мың тоннаға 111,6% артқан, мақта ҿндірісімен 38,9 мың 

ауылшаруашылық құрылымдары айналысады.  Мақта ҿндірісі ҿнеркҽсіптің, соның ішінде 

мақта,  тоқыма  жҽне  тамақ  ҿнеркҽсіптерінің  шикізат  базасы  болып,  халық  тұтынатын 

тауарлар ҿндірудеде маңызды орын алады. 

 

 

 



 

 

 



 

Мақта-  жеңіл  ҿнеркҽсіпте,  жіп  иіру  мен  тоқыма  саласы  үшін  ҿте  бағалы  шикізат 

ретінде де маңызды орын алатын техникалық дақыл.   

 

Мақтаны 



ҿсірудегі, 

баптаудағы  негізгі  мақсат  -  оның  талшығын  алу.  Қазақстанның  Оңтүстігінде 

ауылшаруашылығы  дақылдарының  ішінде  мақтаның  орны  маңызды.  Себебі    мұның 

талшығы  басқа  талшықты  ҿсімдіктермен,  яғни  кенеппен  салыстырғанда  сапалы,  жеңіл 

технологиямен  ажыратылады.  Кенеп  ҿсіру  кҿлемі  бұрынғы  ТМД  елдерінде  едҽуір 

тҿмендеген  болса,  мақта  ҿсіру  кҿлемі  бірқалыпты,  ал  Оңтүстік  Қазақстан  облысында 

жылдан жылға артып отыр. Сонымен  қатар  мақта  талшығы  ҿзге  химиялық  жолмен 

алынатын  жасанды  талшықтармен  салыстырғанда  бҽсекелестікке  тҿтеп  беріп  ҿз  орнын 

тұрақты  түрде  сақтап  келеді.  Оның  негізгі  басымдығы  ҽмбебаптық  кең  тұтынушылық 

қасиеттерінде. Мақта талшығынан маталардың бірнеше түрлерін жасап шығаруға болады. 

Қазіргі  кезде  экономиканың  кҿптеген  салаларында  мақта  талшығынан  тоқылған  маталар 

мен заттар кең түрде пайдаланылады. 

 

 

 



 

 

Мақта 



талшықтары ҿндірісте жүн жҽне жібекпен аралас түрде де пайдалынылады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



Мақтаның  шиті  де  ҿте  бағалы  шикізат 

болып  есептеледі.  Шиттен  талшығы  ажыратылған  соң  оның  бір  бҿлігі    егістік  үшін 

тұқымдыққа алынып ҽзірленеді, басым бҿлігі тауарлар алу үшін ҿңделеді, соның ішінде ең 

маңыздысы-  мақта  майы.  Шиттен  мақта  майының  шығымдылығы  озық  технологиялар 

бойынша  21-28%  дейін,  ал  бізде  қолданылып  жүрген  технологиялар    бойынша  14%-тен 

аспайды.  Мақта  майы  азық-түлік  тұтыну  тауары  болып  табылады  жҽне  техникалық 

мақсатта  да  қолданыс  табады.  Рафинацияланған  (тазаланған)  мақта  майы  азық-түлік 

дайындауда  теңдесі  жоқ,  сондықтан  азық-түлікті  консервілеуде  ұтымды  қолданылады. 

Сонымен  қатар  маргарин  жасау  ҿндірісінде,  жасанды  құйрық  май,  сабынның  бірнеше 

түрлерін шығаруда, техникалық май мен олифа ҿндірісінде де кең пайдаланылады. Мақта 

      

287


 

       


416,5

 

      



360,4

 

       



402

 

       



466,4

 

       



465

 

       



455

 

 



    2000ж   2001ж     2002ж   2003ж    2004ж     2005ж        2006ж 

 

188 


майынан глицерин, стеарин жҽне басқада химиялық ҿнімдер  алуға болады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



Майы  сығып  алынған  шит  қалдығы  мал 

шаруашылығында  қоректендіру  элементтері  мол  жем  болып  табылады.  Жалпы  шитті-

мақтаны терең ҿңдеу жолымен 250 артық түрлі ҿнеркҽсіптік, ауылшаруашылық ҿнімдерін 

алуға болады. 

 

 

 



 

 

 



 

Оңтүстік  Қазақстан 

облысында  шитті-мақтаны  бастапқы  ҿңдеуші  кҽсіпорындар  саны  22  олардың  жобалық 

жалпы қуаты 750-770 мың тонна шитті –мақта ҿңдеуге есептелген.   

 

 

 



 

 

 



Соның ішінде 12 кҽсіпорын негізгі  мақта ҿсіруші  –Мақтаарал 

ауданында  басқалары  Шымкент,  Түркістан қалаларында,  Шардара,  Сарыағаш,  Ордабасы 

жҽне Отырар аудандарында орналасқан.   

 

 



Орташа  жылдық  қуатын 

пайдалану  деңгейі  40-45  тонна  шитті  мақтаны  құрайды  яғни  кҽсіпорындардың  жылдық 

жүктемесі 60% ға тең. 

 

 



Мақта ҿсірудің негізгі  мақсаты барынша сапалы 

талшық  алу.  Шитті  –мақтаны  бастапқы  ҿңдеу  үдерісінде  джиндеу  (талшықты  шиттен 

ажырату)  жҽне  грединг  (сұрыптау  жҽне  талшықты  бағалау)  технологиялары  жүзеге 

асырылады.  

 

Шитті –мақтадан алынатын ҿнімдер тепе-теңдігі, орташа шығымдары % есебімен 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Негіздеме: Автордың зерттеулері нҽтижесінде құрастырылған. 

Сызба -1 



 

Қазіргі  кезде  кҽсіпорындар  пайдаланып  жатқан  жабдықтар  тозған,  техникалық 

модернизациялауды  қажет  етеді,  олардың  басым  кҿпшілігі  1970-80ж.ж  құрылған.  Ҿңдеу 

ҿнімділігі  мен  жылдамдығы  тҿмен.  Мақта  талшығы  ҿндірісінде  грединг  негізгі  ҿнім 

сапасын  бағалайтын  үдеріс:  талшықтың  ұзыдығы,  пысықтығы,  тығыздығы,  реңі,  қысқа 

талшықтар мен ластықтың деңгейі, осы кҿрсеткіштерге сҽйкес тиісінше рыноктағы бағасы 

анықталады. 

 

Сондықтан  грединг  үдерісіне  мемлекеттік  стандарттау  ҽзірлеу  жолымен  мақта 



саласын дамытып ҽлем рыногындағы бҽсекелестік қабілетін ҿсіру керек. Ол үшін қазіргі 

заманғы рыноктың талабын  қанағаттандыратын, талшықтың сапасын бағалау үшін жаңа 

аспап, жабдықтармен жарақталған зертханалар жүйесін құру керек. 

 

Қазақстанның  ҽлем  рыногындағы  мақта  талшығының  кҿлемі  бойынша  үлесі  0,65-



0,75%  құрайды.  Ҽлемдегі  мақта  талшығын  тұтыну  кҿлемін  екі  фактор  анықтайды:  ҽлем 

экономикасының жҽне халықтың  санының ҿсімдері. 

Мақта  –талшығы  облыстағы  негізгі  экспорттық  ҿнім,  оның  жалпы  экспорт 

кҿлеміндегі  үлесі  жылдан  жылға  артып  барады,  соңғы  жылдары  45-49%  жеткен.  ҿңірдің 

экономикасы шитті мақтаны бастапқы ҿңдеп соңғы ҿнім алу арқылы, қосылған құн үлесін 

арттыру жолымен едҽуір тиімділікке қол жеткізуі мүмкін.  



Шитті мақта  

100 

Талшық 

34-36 

Линт 

3-4 

56-60 

2-3 

Қалдық

 

Шит 

 

189 


Облыс  экономикасы  мақта-талшығын  терең  ҿңдеу,  соңғы  тұтыну  ҿнімін  алу 

жолымен тиімділікті арттыруға болады. Мысал ретінде тҿмендегі есептеулерді келтіреміз: 

 

330  тонна  шитті  мақтадан  100  тонна  талшық  алынады,  оның  бағасы  120  мың 



АҚШ доллары 

 



100  тонна  мақта  талшығынан  90  тонна  кард  жібі  алынады,  оның  бағасы  211 

мың АҚШ долларына тең, 1 тоннасының бағасы 2344 АҚШ долларына тең. 

 

90  тонна  кард  жібінен  600  мың  шаршы  метр  мата  тоқылады  (1  погон  метрі 



ҿлшемдері 1х1,4), оның бағасы 6340 мың АҚШ доллары болады. 1 тоннасының 

бағасы 634 АҚШ доллары, 1 шаршы метр 150 грамм кард жібі. 

 

600  мың  шаршы  метр  матадан  170  мың  дана  тігін  бұйымдары  дайындалады, 



оның бағасы 952 мың АҚШ доллары, 1 тоннасының бағасы-9520 АҚШ доллар, 

қосылған құн коэффициенті-7,93; 1 тігін бұйымына шығын болатын мата –3,50 

шаршы метр, салмағы –530 грамм. 1 тігін бұйымның құны –5,60 АҚШ доллары 

немесе 672 тенге. 

Жай есептеулер 1 тонна мақта талшығының дайын бұйым түрінде құны 9520 АҚШ 

долларына тең екендігін кҿрсетеді яғни бастапқы құны 7,93 рет артқан. 

 

Мақта-тоқыма  кластерінің  негізін  қалыптастыру  мақсатында  2005-2006  жылдары 



―Оңтүстік‖  АҼА  құрылып,  оған  200  га  жер  бҿлінді.  Бұл  аумақта  15  жіп  иіру 

кҽсіпорындары болады, 6000 жұмыс орны ашылады. Осы шараларға бюджеттен 820 млн. 

теңге бҿлінген. 

 

 



 

 

 



Аталған 

аймақта 


ҿндірілген 

тауарлар ҽлем рыногында ең жоғарғы бҽсекелестік қабілетке ие болуы керек. Сондықтан 

қандай  дайын  ҿнімдерді  ҿндіру  керектігін  зерттеп,  сұранысқа  ие  тауарлар 

номенклатурасын анықтау қажет.   

2000-2005  жылдары  дамыған  мемлекеттерде  жан  басыны  мақта  ҿнімдерін  пайдалану 

3,62  кг-ды  құраған.[3]  Осы  норманы  қолданып  Қазақстан  Республикасының  ішкі 

рыногынының мақта талшығының кҿлемі болжаулары тҿмендегідей болып есептелген:(1-

кесте) 


1-кесте 

Қазақстан Республикасының мақта талшығының ішкі рыноктағы сиымдылығының 

кҿлемі туралы болжаулар 

 

Жыл 

дар 

Халықтың саны, 

мың адам 

Ішкі тҧтыну 

кӛлемнің 

болжауы (жан 

басына орташа 

тҧтыну 

нормасы, 3,62 

кг), мың тонна 

Нақты 

талшық 

ӛндірісі, 

мың тонна 

Нақты 

экспорт 

кӛлемі, 

мың тонна 

Ауытқ

улар, 

мың 

тонна 

 

2001 


14851,1 

53,7 


112,2 

88,6 


- 23,6 

2002 


14866,8 

53,8 


137,4 

135,1  


+2,3 

2003 


14951,2 

54,1 


132,6 

129,6  


+3,0 

2004 


15074,8 

54,6 


140,1 

120,1  


+20,0 

2005 


15219,3 

55,1 


143,1 

139,1  


+4,0 

Негіз:ҚР статистика агентігінің мҽліметтерінен  автор құрастырған. 

Осы норманы негізге алып жасалған есептеулер ҚР-ның ішкі рыногының тұтыну 

сиымдылығының болжауын жасауға мүмкіндік береді, жоғарыдағы кестеде 

кҿрсетілгендей бұл кҿрсеткіш 53,7-55,1 мың тоннаны құраған яғни жалпы талшық 

ҿндірісінің 35,8-36,7% тең. 

Болжаулар бойынша елімізде ҿндірілетін мақта талшығының бір жылдық тұрақты 

кҿлемі 140-150 мың тонна болса, оның экспорттық ҽлеуеті 95-100 мың тоннаға жетеді. Бұл 



 

190 


ҿнім  сыртқы  саудаға  терең  ҿңделіп  мақта  иірім  жібі,  мақта  матасы  жҽне  киім-кешек, 

дайын тауар түрінде шығару кешеннің экономикалық тиімділігін 2-8,4 есеге арттырады. 

1кг  мақта  талшығынан  5  шаршы  метр  ақжаймалық  мата  немесе  12  шаршы  метр 

шыт,  20  шаршы  метр  бҽтіс  тоқып  шығаруға  болады.  Жоғарыдағы  қабылданған  норма 

бойынша Қазақстан халқының жан басына тұтынатын мақта матасының болжам мҿлшері: 

ақжаймалық -18,1 шаршы метр, шыт-43,4, бҽтіс-72,4 шаршы метрге тең болады. 

Ішкі  рынокта  тұтынылатын  ақжаймалық  шамамен  -1000  млн  шаршы  метр,  шыт-

2400 млн, бҽтіс-4000 шаршы метрге тең болады. 

Қазақстан республикасында нақты ҿндірілген мақта маталары, арнайы маталардан 

басқа: 2002 жылы 14,2 млн шаршы метр, 2003ж-20,0 млн, 2004ж-16,4 млн, 2005ж-29,3 млн 

шаршы метрді құраған.[1] 

2005  жылы  мақта  мата  ҿндірісі  ақжайманың  ішкі  рыноктағы  тұтыну  нормасының 

болжау  кҿлемінің  2,9  %  немесе  шыттың  1,2  %  жҽне  бҽтістің  0,73%  құраған.  Рыноктың 

басқа сиымдылығы импорттың: соның ішінде Қытай тауарлары басым. 

Қазақстан  Республикасында  тоқыма  жҽне  тігін  ҿнеркҽсібі  ҿнімдерінің  құны 

2001жылы-40344 млн тенге, 2002-39673, 2003-37839, 2004-38556, 2005-32454 млн. теңгені 

құраған. [1] Жеңіл ҿнеркҽсіп ҿнімдерінің құнының соңғы бес жылда 20% тҿмендеген. 

2-кесте 


Мақта ҿнімдерінің рыноктағы сиымдылығы болжамдары 

 

Ӛнім атаулары 

2006 жыл 

Болжау кезеңдері 

Орта мерзімді 



Ҧзақ мерзімді 

Шитті-мақта, 

 мың тонна 

456 


472,5 

487,5 


Ҿңдеуден соңғы 

ҿнімдер: 

Мақта талшығы, 

мың тонна 

158,1 

170,1 


175,5 

Соның ішінде: 

Ішкі рынок: 

кластер 


фабрикалары; 

мың тонна 

18,0 

59,1 


65,0 

Сыртқы сауда: 

экспорт, мың 

тонна 


100,1 

111,0 


110,5 

Мақта шиті май 

үшін, мың тонна 

253,0 


255,0 

261,0 


Мақта шиті 

тұқымдық үшін, 

мың тонна 

2,8 


5,0 

7,0 


Негіз: Автор зеттеулері нҽтижесінде құрастырылған. 

Жоғарыдағы  кестеде  кҿрсетілгендей  2006  жылмен  салыстырғанда  шитті  –мақта 

кҿлемі 106,9 %, мақта талшығы -110,0%, май үшін шит -103,2 жҽне тұқымдық шит кҿлемі 

2,5 есеге артады. 

Баға белгілеу саясаты ішкі жҽне сыртқы факторларға тікелей байланысты. 

Ішкі  факторларға  агроқұрылымдар  мен  ҿңдеуші  кҽсіпорындардың  маркетингтік 

стратегиясы жҽне ҿндірістік шығындардың деңгейі жатады.  

Сонымен  қатар  мемлекеттің  ішкі  тұтынушылары-  кластерлік  жүйедегі 

фабрикалармен интеграциялық ҿз-ара байланыс деңгейіне байланысты. 

Сыртқы  факторлар  ҽлемдегі  мақта  рыногының  жағдайына,  бҽсекелестікке  ҿндіріс 

пен  тұтыну  кҿлемдері  шешуші  ролге  ие.  Осы    тұрғыдан    мемлекетіміздің    халқаралық  


 

191 


рыноктарда  бҽсекеге    қабілеттіген    БСҰ  –  ға  кіру  арқылы  арттыру    керектігі  атап 

кҿрсетілуде.   

Осы  стратегияға    байланысты  ҽлемдегі  ауыл  шаруашылық    ҿнімдерінің  соның 

ішінде    мақта  рыногының  жағдайы  мен  орнын    зерттеу    маңызды  проблема.    Нарықтық 

қатынас  жағдайында мақта ҿндірісінің жҽне  тұтыну кҿлемдерінің  егістік  жер кҿлеміне 

жҽне баға белгілеуге  ықпалын айқындау ҿзекті мҽселе болып қала береді. 

Ҽлем   рыногында мақта ҿнімдерін тұтыну деңгейі 2004 -2005 жылдары  алдыңғы 

екі жылмен  салыстырғанда 10% артып, 23,4 млн. тоннаға жеткен, осыған байланысты 

ҽлем бойынша  келесі жылға  ҿтпелі мақта қоры 10,5 млн. тоннаға жетті. 

Болжамдар бойынша болашақта аумақта мақта ҿсіру кҿлемі артады. Сондықтан 

инвестицияның ҿнімді терең ҿңдеуге бағыттау экономикалық-ҽлеуметтік жағынан тиімді. 

Оңтүстік аумақта мақтаны терең ҿңдеудің іс-шаралары басталып кетті. Шымкенттегі 

ЖШС ―Южтекс‖, ―JNADA-Tectile‖, ―Меланж‖ АҚ, ―Қазақ-Орыс альянсы‖, тағы басқалар 

осы бағыттағы жобаларды іске асыруда. Біздің зерттеулеріміз бойынша терең ҿңдеу 

кҽсіпорындарын қаладан мақта ҿндіретін Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш, Түркістан тағы 

басқа аудандарға, орналастырып, шикізат кҿздеріне жақындатуды жобалау.  Бұл аймақтың 

біраз артықшылықтары бар. Олар: 

 



арзан шикізат кҿздеріне жақындығы; 

 



арзан қуат тасымалы; 

 



еңбек ресурстары жеткілікті мҿлшерде болуы; 

Тағы бір мҽселе кластердің халықаралық үлгілерін терең үйрену, білікті мамандарды 

шоғырландырып, жаңа банктер қызметін үйымдастыру, консалтинг, бухгалтерлік 

қызметерді дамыту. Алматыда ұйымдастырылатын Ҿңірлік Қаржылық Орталық 

кластерлік қызмет жасайтын алғашқы ұйым болуы керек. 

Қазақстан республикасында соңғы кезде бірқатар аса маңызды бағдарламалар 

қабылданып орындау үстінде, бұлардың қатарында индустриалды-инновациялық жҽне 

кҿшбасшы ірі корпарациялар ұйымдастыру.  Терең ҿңдеу, кластерлер ұйымдастыру 

бағдарламасы да солардың қатарынан орын алып, оңтүстікте жаңа салалар, тоқыма жҽне 

жеңіл ҿнеркҽсібін ҿркендету мүмкіндіктерін жасайды. Мақташы шаруалар кластерге 

қатысып ҿз еңбегінің нҽтижесін кҿреді, пайдалануға  қол жеткізеді, бұл ҿңірде 

экономикалық-ҽлеуметтік жедел дамудың жаңа кезеңі басталады. 

 

Ҽдебиеттер  



1. Қазақстан республикасы статистикалық агенттігі., Қазақстанның қысқаша 

статистикалық жылнамасы., Алматы, 2006., 151 бет 

2.  ОҚО статистика басқармасы. Оңтүстік Қазақстан облысының 2001-2006 ж.ж 

ҽлеуметтік-экономикалық дамуы, Шымкент, 2002-2007ж.ж. 

3. Панорама, 20 января 2006г.В процессе создания хлопкового кластера необходимо 

разрешать спорные вопросы и учесть интересы структур, задействованных на всех 

этапах производственного процесса. 

 

 



Резюме 

В статье приводятся  некоторые результаты исследования состояния хлопкового рынка 

на Юге Казахстана и пути его развития определены эффективность глубокой 

переработки хлопка и реализации хлопково-текстильной программы в регионе. 



 

ҼОЖ 338.43



 

 

192 


Дҥниежҥзілік мақта рыногының жағдайы, мемлекеттік реттеу және ӛндірушілерді 

қолдау тәжірибесі 

Серіков Б.С.,  ―Сырдария‖ университеті, Жетісай қ.,  

 

 

Дүниежүзілік  экономиканың  ғаламдасу  үдерісінің,  Қазақстан  Республикасы 



экономикасының  интеграциялануының  қарқынды  дамуы  жҽне  ДСҰ  мүше  болып  кіру 

бағдарламасын  жүзеге  асыруы  ҽлемдегі  мақта  рыногының  жағдайын,  шет  ел 

мемлекеттерінің осы саланы реттеу жҽне қолдау тҽжірибесін зерттеу кҿкейтесті проблема. 

 

Дүниежүзі  бойынша  мақта  ҿсірумен  39,  ал  мақта  талшығын  бастапқы  жҽне  терең 



ҿңдеумен 80 астам мемлекет айналысады. Мақта талшығының жалпы ҿндірісі бір жылда 

21-26  млн.  тоннаны  құрайды.  Бұл  кҿрсеткіш  соңғы  екі  жылда  5,5  млн.  тоннаға  артып, 

мақта ҿсіру мен ҿңдеуші кҽсіпорындарда жұмыспен қамтылғандары саны 200 млн. адамға 

жеткен.  Дүниежүзі  бойынша  ҿндірілетін  мақтаның  70 

    астамы  алты  аумақта:  Қытай, 



АҚШ, Үндістан, Пҽкістан, Түркия жҽне Орталық Азияда шоғырланған (1- кесте). 

1- кесте  

Дүниежүзіндегі негізгі мақта ҿндіруші мемлекеттер мен аумақтар  

туралы мҽлімет. 

мың тонна (талшық) 

 

 



Мемлекеттер 

Жылдар 


2005/06 жылы 

2000/03 


жылымен 

салыстыру, 

  

2002/03 



2003/04 

2004/05 


2005/06 

АҚШ 


3750 

4000 


5050 

5100 


136,0 

Қытай 


5970 

5900 


6250 

5500 


92,1 

Үндістан 

2200 

3000 


4050 

4050 


184,1 

Пҽкістан 

1640 

1600 


2450 

2050 


125,0 

Орта Азия 

1464 

1398 


1676 

1702 


116,2 

Түркия 


910 

1200 


1180 

1000 


109,9 

 

 



 

Соңғы жылдары мақта талшығын ҿндіруде едҽуір табысқа жеткен мемлекеттер қатарында 

Қытай, АҚШ, Үндістан жҽне Пҽкістан бар. Ең жоғарғы кҿрсеткішке жеткен Қытай – 6250 

мың тонна, АҚШ  пен Үндістан тиісінше 5500 жҽне 4050 мың тоннаға, ТМД елдерінде ең 

жоғарғы кҿрсеткіштер 2005-2006 жылдары 1600-1700 мың тоннаға жеткен. Соның ішінде 

Ҿзбекстанның үлесі 60 

 артық, Оңтүстік Қазақстан облысынының 



 8-10 

  тең.  Сонымен  қатар  Африка,  Австралия,  Грекия  Сирия,  Парагвай  жҽне 



Аргентинада  бұл  салада  алға  жылжу  бар.  Ал,  Мексика,  Бразилия,  Египетте,  Перу, 

Колумбия жҽне Израильде мақта ҿндірісінің дамуы байқалмайды. 

 

Соңғы  50  жылда  дүние  жүзінде  мақта  ҿсірілетін  егістік  кҿлемі  орташа  34,0  млн. 



гектарды құраған, оның мҿлшері 31,9-35,8 млн. гектар аралығында ауытқыған. 

1



  


 

193 


 

Мақта  дақылы  егістік  жер  кҿлемінің  үлесі  бойынша  басқа  ауылшаруашылық 

дақылдарының арасында 3,8-4,8 

 аралығында ҿзгеріп тұрған. (1 - сызба)



 

 

 



Дүниежүзіндегі мақта ҿндіретін елдерде мақтаның егістік кҿлемі соңғы 2004-2005 

жылдары  тиісінше  35,7-35,8  млн.  гектарға  жеткен,  бұл  ең  тҿменгі    1999  жҽне  2002 

жылдармен салыстырғанда тиісінше 12,2 – 18,2 

 артық. 



Мақта ҿндірісінің ҿсімі негізінен АҚШ пен Қытайда едҽуір болды. Оған себеп ҚХР 

бұрынғы  ҽкімшілік  -  ҽміршілік    жүйенің  орнына  келісім-шартпен  жұмыс  ұйымдастыру 

жүйесі  ендіріліп,  осы  негізде  50  млн.  артық  қожалық  үй  іргесі  шаруашылығында  еңбек 

етті.  АҚШ-та    мақта  ҿсіруді  ұйымдастырудың  құқықтық  негізі  мемлекеттік  реттеу  мен 

қолдау  арқылы  жүргізілді,  яғни  мақсатты  баға  белгілеп  тауар  ҿндірушілерді  қаржылай 

қызықтырудың  тиімді  жолдарын  қолданды.  Осының  ықпалымен  мақтаның  ҿнімділігі 

гектарына 10кг/га ға ҿсіп, орташа ҿнім 650 кг/га ны құрады. Ал, экономистердің болжамы 

бойынша  2000-2005жылдары  ҽлем  рыногында  мақта  талшығына  сұраныс  22-23,0  млн 

тоннадан артады. 

Мақта  ҿнімдерін  кҿптеген  елдер  тұтынады.  Еуропа  жҽне  Азия  мемлекеттерінің 

фабрикаларында  мақта  ҿнімін  пайдалану  басым.    Жалпы  тоқыма  ҿндірісінде 

пайдаланылатын  талшықтың  жартысын  мақта  ҿнімдері  құрайды.  Соңғы  кезде  Қытай, 

АҚШ,  Үндістан,  Пҽкістан  жҽне  Бразилия  мақта  талшығы  ҿндірумен  қатар  оны 

пайдалануда  да  алда  келеді.  Бұл  мемлекеттер  дүниежүзілік  мақтаның  58-60

    сатып 



алады. Ҽлем бойынша ҿндірісінде  мақтаны ең кҿп пайдаланатын мемлекеттер қатарында 

Ресей мен Жапония да бар, олар мақта ҿсірумен айналыспайды.  

Негізгі мақта ҿсіруші мемлекеттердегі саясат тауар ҿндірушілердің мақта ҿсіруден 

алатын  табысын  молайтуға  бағытталған.  Осы  мҽселеде  АҚШ-тың  бағдарламасы  назар 



 

194 


аударуға  тұрарлық.  Онда  нарықтағы  баға  интервенция  деңгейінен  тҿмендеп  кеткен 

жағдайда, ел үкіметі фермерлерге тікелей тҿлем жасап, олардың табыс деңгейін кҿтереді. 

Ал баға белгіленген мҿлшерден тҿмендеп кетсе үкімет жергілікті тоқыма фабрикаларына 

жҽне Америка мақтасын экспортқа шығарушыларға тҿлем жасайды. Осылайша Америка 

рыногының баға бойынша бҽсекелестік қабілетін сақтайды. 

  

Соңғы  кезде,  орта  талшықты  мақта  ҿндірісін  қолдау  үшін  мемлекет  тарапынан 



жылына 1 млрд. доллардан астам қаржы жұмсалған. Сондықтан АҚШ-та мақта ҿндірісінің 

кҿлемі  5100  мың.  тоннаға  жетті.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  үкімет  ҽр  жылы  34  цент/кг 

мҿлшерінде  немесе  ҽрбір  фунт  ҿндірілген  мақта  үшін  15  центтен қаржы  жұмсаған,    ―А‖ 

индексінің  орташа  деңгейі  1  фунт  үшін  71  центті  құраған,  ал  сол    мақтаны  Еуропаға 

жеткізу  үшін  тасымалдау  шығындарын  алып  тастасақ  60  центке  дейін  тҿмендейді.  Осы 

бағамен есептеулер жасағанда үкіметтің фермерлерді қолдау үшін бҿліп отырған қаржысы 

барлық табыстың тҿрттен бірін құраған.[4] 

Бұл  бағдарлама  бойынша  АҚШ  фермерлері  ҽр  жылдың  жағдайына  қарай,  белгілі 

мҿлшерде мақта егістігінің кҿлемін азайтуға келісім беріп отырады. Осыған сҽйкес  егістік 

кҿлемі 5-25

 аралығында ҿзгеріп тұрады. 



Мақта  ҿндірісі  бойынша  Еуропа  экономикалық  Одағына  мүше  мемлекеттердің 

саясаты АҚШ-тың саясатына ұқсас. Еуродақта ҽр маусымда мақта бағасына интервенция 

жасалады. Ал рыноктағы баға интервенция  бағасынан тҿмендеген жағдайда ҿндірушілер, 

фермерлерге  мақта  ҿңдеушілер  арқылы  субсидия  беріледі.  Мақта  ҿндірісі  болжам 

мҿлшерінен  артық  болған  жылдары  субсидия  қысқартылады,  импортқа  рұқсат  беріледі 

жҽне трансферттер дүниежүзілік бағамен жүзеге асырылады. 

Еуропа  экономикалық  Одағыныд  1987-1992  жылдары  фермерлерді  қолдау  үшін 

жасаған қаржысы 203 млрд. ЭКЮ-ге тең болды. Ал, жалпы ҿнімнің кҿлемі 1,6 млн тонна 

талшыққа жетті, ҽрбір фунт мақта үшін жұмсалған шығын 0,674 ЭКЮ-ға немесе жылына 

89 центке тең. Осы кезеңде ―А‖ индексі 73 цент, яғни  субсидияның кҿлемі орташа рынок 

бағасынан 120

 артық болған. .[1] 



Қытай үкіметі тоқыма ҿнеркҽсібінің талабына сай жҽне ауылдық жердің ҽлеуметтік 

жағдайын  кҿтеру  мақсатында  ҽр  жылға  ҿндірушілерден  сатып  алынатын  мақтаның 

кҿлемін белгілейді, сатып алу бағасын бекітеді. Осыған орай жергілікті жерлердегі үкімет 

уҽкілдері ұлттық жоспарды орындау үшін ҿндірушілермен алдын ала келісім-шарт жасап, 

мақта  егістігінің  жер  кҿлемін,  керекті  болған  ҿндірістік-материалдық  ресурстардың 

түрлерін  жҽне  мҿлшерін,  ҿндірілетін  мақта-шикізатының  ең  тҿменгі  деңгейін  жҽне 

сапасына  қарай  кепілденген  сатып  алу  бағасын  анықтайды.  Осыған  сҽйкес  үкімет 

фермерлерге  ҿндірістік  ресурстарды  сатады  жҽне  жеңілдетілген  несие  береді.  

Ҿндірушілер  қызығатын  баға  белгілейді,  ҿндірістік  ресурстарға  субсидия  жҽне  несиелер 

беріп,  қажет  болған  мақта  кҿлемін  ҿндіру  үшін  жан-жақты  жағдай  жасайды.  Осы  іс-

шаралардың ішінде Қытай үкіметі ерекше кҿңіл бҿліп отырған мҽселе-мақтаны сатып алу 

бағасы.  Оған  мысал,  мақтаның  1  кг-ның  бағасы  2003-2004  жылдары  14,5-19,5  юаньға 

дейін  кҿтерілген.  Бұл  бағаны  центпен  есептесек  43  тен  84  центке  дейін,    яғни  екі  есеге 

жуық ҿскен.[2] 

Қытай  мемлекеті  мақта  ҿсіруде    орталықтанған  жоспарлы  жүйеден 

ауылшаруашылық  ҿңірлерде    еркін  рынок  қатынастарына  ҿтуге  ұмтылыс  жасауда,  бұл 

ҽрекеттің  ҿз  ерекшеліктері    болғанымен    оның  оң  ҽсері  бар.  Мақта  ҿндірудің  кҿлемін 

бірқалыпты 5,5-6 млн тонна мҿлшерінде ұстап тұруға мүмкіндік тудырып отыр. 

Қытай  соңғы  30  жылдың  ішінде  ҽлемдегі  ең  басты  мақта  ҿндіруші  мемлекетке 

айналып АҚШ-тан озды.  

 

1980  жылы  БСҰ-на  енуінен  бастап  ҽлем  рыногынан  жайлап  жаңа  тауашалар  ала 



бастады.  Бҽсекелес  халықаралық  рыноктағы  жарыста  Қытай  кҽсіпорындары  шыңдалып 

 

195 


сыннан ҿтті. Солай етіп жаһан рыногында Қытайдың ҿнеркҽсібінің маңыздылығы артқан 

үстіне арта береді. 

Қытайда,  мақта-ауылшарушылығының  ең  маңызды  дақылы  жҽне  ҿнімі,  сондай  бола 

тұра  мемлекеттік  экономикада  мақта  ҿнімдерінің  импорты  орын  алады.  Ондаған 

жылдардан бері Қытай Үкіметі мақта ҿндірісіне қолдау саясатын белсенді алып барады. 

Сондықтан түрлі табиғи апаттардың болуына қарамастан мақта ҿнімі тұрақты артуда.  

 

Егер  1950  жылы  Қытай  дүниежүзіндегі  жалпы  ҿнімнің  15%  ҿндірген  болса,  бұл 



кҿрсеткіш 1980 жылы 25 %дейін артты.(2-кесте) 

2-кесте 


Мақта ҿндірісінің Қытайдағы жҽне дүниежүзі елдеріндегі деңгейінің салыстырмалы 

кҿрсеткіштері. 

                                                                                                         млн. тонна 

Негіз: ICAC мҽліметтері. .[5] 

Қытайда мақта ҿнімінің ҽлем деңгейіне  үлес мҿлшерінің артуы мақта ҿндірісінің 

ұйымдастыру тҽсілінің ерекшелігінде, бұл ―орталықтан бытыраңқы‖ жүйе,  

орталықсыздандыру ҿңірлердің топырағы жҽне табиғи ерекшеліктеріне негізделген. 

Қытайда мақта ҿндіруші негізгі үш ҿңір бар: Янцзы, Сары ҿзендері ойпаттары жҽне 

Хубэй. Негізгі мақта ҿндіруші ҿңірлеріне 10 облыс жҽне автономиялық ҽкімшіліктері 

кіреді. 


 

Ҿңірлерде  ұсақталған  фермерлер  жҽне  жеке  кішігірім  жанұялық  шаруа 

қожалықтарында  мақта  ҿндірісімен  айналысады.  Қазіргі кезде  Қытайда  жанұялық  шаруа 

қожалықтарының саны 50 млн-нан артық, олардың ҽрбірінің жер кҿлемі орташа 0,1 га тең. 

Мұндай  жағдай  егістіктің  ҿнімділігін  арттыруға  мүмкіндік  бермейді.  Десекте 

ауылшаруашылығы  құрылымдары,  кооперативтер  жҽне  ғылымның  ықпалымен  ҽрбір 

жанұяның  ҿнімі  артып  келеді,  оның  деңгейі  1997  жылдан  бастап  дүниежүзілік 

кҿрсеткішке жақындаған. Бұл кҿрсеткіш бойынша 3-ші орынға шықты, Австралия, Түркия 

елдерінен кейінгі орында. 

Кейбір  мемлекеттің  Үкіметтері  мақта  ҿсіру  саласын  басқаруда  ҿндірушілер  үшін 

салыстырмалы түрде бірқалыпты баға белгілейді.  Ал тоқыма фабрикалары үшін талшық 

Жылдар 


Қытай, млн. тонна 

Дүниежүзі елдері, 

млн. тонна 

Үлес 


мҿлшері, % 

1950-1959 

  1,28 

  8,96 


14,2 

1960-1969 

  1,47 

  10,96 


13,4 

1970-1979 

  2,23 

 13,08 


17,0 

1980-1989 

 3, 4, 

 16,29 


24,6 

1990-1999 

4,61 

 18,77 


24,5 

2000-2003 

  5,13 

  20,16 


25,47 

 

196 


сатып  алу  бағасы    бҽсекелестік  ортада  қалыптасады.  Сонымен  қатар  ішкі  тұтыну 

мҿлшерінен артық талшықты дүниежүзілік нарық  бағасымен экспортқа шығаруға рұқсат 

берілген. 

Мақта  ҿндірушілерге  қолданылып  отырған  бағаны  олар  пайдалана  алмай  отыр, 

ҿйткені  ол  баға  еркін  нарықтық  қатынастағы  бағадан  тҿмен.  Осындай  жағдай  Пҽкістан, 

Үндістан  жҽне  Зимбаба  мемлекеттерінде  орын  алған.  Пҽкістан  ҿкіметі  ішкі  рыноктағы 

бағаға  ҽсер  ету  мақсатында  жҽне  мақта  талшығының  экспортын  бақылауға  алу  үшін  екі 

түрлі  баға  жүйесін  қолданып  келеді.  Бұл  мемлекеттің  экономикасында  мақта  ҿсіру 

саласының  маңызы  зор.  Жалпы  валюталық  табыстың  19

    мақта  талшығын  экспорт 



жасаудан түседі. Ал, тоқыма тауарларынан түсетін  - 23

  тең.  Мақта  ҿндірумен  2,5  млн-



нан  астам  фермерлер  айналысады,  оған  қосымша  мақтаны  баптау,  жинау  жҽне  ҿңдеу 

сияқты маусымдық жұмыстарға бір млн. адам қамтылған. Пҽкістанда қоғамдық секторда 

жұмыс  жасайтын  адамдардың  үштен  бірі  мақта  матасын  ҿндіру  саласында  еңбек  етеді. 

Сондай-ақ жекеменшік секторында, киім-кешек тігу ҿндірісінде 220 мыңнан  астам жұмыс 

орны ашылған. .[1] 

Пҽкістанда  мақта  ҿсіру  жҽне  мақта  ҿнімдерін  ҿңдеуге    маңыз  беріп,  бұл  салаға 

арнайы қызығушылық танытып отыр. Мақта кешенінде мақта жібін ҿндірушілер  мен оны 

экспорт  жасаушылар,  фермерлер,  джиншілер,  мақта  матасынан  тауар  ҿндірушілер  жҽне 

Үкімет ҿкілдерінің арасында қызу бҽсекелестік жүреді. Соңғы жылдары Пҽкістан Үкіметі 

тоқыма ҿндірісін ұлғайту мақсатында мақта талшығының экспортына шектеу қойып, оны 

дүниежүзілік бағадан тҿменгі бағамен сатып алуға рұқсат берді. Осылайша  фермерлерге 

мақта сату бағасына қолдау кҿрсетті,  мақта экспортерлеріне ішкі  рыноктағы ең жоғарғы 

бағаны, ал экспорттық мақта талшығына ең тҿменгі бағаны қолданды. Мақтаны экспортқа 

шығарудың  квотасын  бекітті,  мақта  жеткіп  берушілерге  ҽртүрлі  салықтар  белгіленді. 

Мақта  жібі  үшін  экспорттық  салықтан,  ал  тоқыма  ҿнімдерін  импорттаудан  қорғау 

шараларын іске асырды. 

Мақта шикізатын ҿндіруші фермерлер үшін сату  бағасын қолдау жүйесі бар. Бұл 

жүйе  бойынша  Үкімет  ҿндірушіні  алдын  ала  қолдау  үшін  сату  бағасын  белгілейді.  Сол 

баға маусымның соңына дейін тұрақты болады. Егер фермерлерді қолдау бағасы ҽлемдік 

рыноктың  бағасынан  тҿмен  болса,  фермер  ҿндірген  мақтасын  жеке  алушыларға  сату 

құқығына  ие.  Дегенмен    фермерлерді  қолдау  бағасы  олардың  сенімін  арттырып,  мақта 

ҿндіруге деген ынтасын асырды. 

Осы  мҽселелер  бойынша  мамандардың  пікірі    еркін  нарықтық  қатынасқа  ҿту, 

мақтаның  бағасын  мемлекеттік  реттеу  жҽне  қолдау,  ҿндіріске  субсидия  бҿлу, 

инфрақұрылымдар  жҽне  маркетинг  жүйесін  құру,  жалпы  мақта  кешенінің  пайдалылық 

деңгейін    арттырып,  ұдайы  даму  мүмкіндігін  туғызады.    Ал  мақта  кешенінің    тұрлаулы 

дамуы    одан  дайындалатын  тауарлар  мен  бұйымдардың  тұтыну  кҿлемін,    халықтың 

қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін  асырады. 

Резюме 

 

В  статье  анализируется  современное  состояние  мирового  рынка  хлопка, 



государственного регулирования и опыт поддержки товаропроизводителей. 

 

Summarу 



This  article  are  analized  modern  condition  of  world  market  cotton,  governmental 

management and praktice of supporting productmakers. 

 

Ҽдебиеттер 



1. Reforming Economic Systems in Developing Countries Harvard Studies in  International 

evelopment. 1991. Harvard Institute for International Development. 

2. Cotton. Review of the World situation. 1993. May-June. ICAC. 


 

197 


3.  Cotton  World  Statistics.  1993.  April.  Bulletin  of  the  International  Cotton  Advisory 

Committee. 

4. The 1990 Farm Act . The 1990 Budget Reconciliation Act. 1990. November. USDA. 

5. ІСАС мҽліметтері 1995-2000 ж.ж. 

 

ҼОЖ 338.43




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет