ТАҢЕРТЕҢГІ АСТЫ ТАСТАМАУ,
КЕШКІ АСҚА ҚАРАМАУ ТƏРБИЕСІ
Қ
азақ халқы ас-тағамды ерекше қадірлеп, қастерлейді. «Ас –
адам ның арқауы», «алдымен тағам, онан соң калам», «бір күн аш қал-
ған адамнан қырық күн ақыл сұрама» деп, аш адамнан ақыл, нысап,
ұят, қанағат, тойым қашатындығын ерте замандарда-ақ жақсы біл ген.
Сон дық тан да ас-тағамды – адам арқауы, тіршілік қайнары, өмір ті ре гі
деп, барша асылдардан да жоғары бағалаған. «Арпа, бидай – ас екен,
187
187
алтын-күміс – тас екен» деп, асты алтын мен кү міс тен де артық көр-
ген. Сон дық тан да үйлеріне келген барша адам баласына «қуыс үй ден
құры шықпа» деп, ас-тағамын ала ұшады. Тіпті, хан болса да, алдына
ас келгенде алтын тағынан түсіп, тəбеті тартпаса да, одан міндетті түр-
де ауыз тие ді. Қан дай əулие болса да алдыға ас келгенде тік отырып,
одан дəм та ту ға міндетті. Қазақ ұғымында, ешқандай адамның дəм нен
бас тарту құ қы ғы жоқ. Дəмнен бас тарту өте көргенсіздік, тəр бие сіз дік
саналады. Алайда, қазақ халқы «таңертеңгі асты тастама, кеш кі асқа
қарама» деп, қандай асығыс, шұғыл шаруасы болса да, таң ер тең гі асты
тас та май ішеді. Ең болмағанда одан ауыз тиеді. Керісінше, кеш кі асты
ба ғып отырмайды. «Кешкі асқа қарағанның – түні қараң» деп, кеш кі
асты бағып отыруды өте ерсі санайды. Олай болатын себебі, ертеде
қазіргі замандағы сияқты кез келген жерде барып тамақтана салатын
асхана немесе ауыл болмаған. Алдағы бір күнде қандай қиын дық тар
кездесетіні де белгісіз. Міне, сондықтан да таңертеңгі асты тастамай
толық ішу керек. Сонда ғана алда кездесер түрлі қиындықтарды жеңе
алады. Таңертеңгі асты жақсы ішкен ұрпақтың түрлі ауру-сыр қау лар-
ға қарсылық қуаты артып, ақаусыз өсіп-жетіледі. Зерек те зер де лі бо-
лады. Ал, кешкі асқа қарамау себебі, түрлі шаруашылықпен шұ ғыл-
да на тын дық тан, ертерек шаруаларын ыңғайластырып, ат-көлігін жөн-
дес ті ріп алу керек. Олай етпей, кешкі асты бағып отырса, мал-мүл кі не
қа уіп төнуі, өзінің көздеген жеріне жете алмай далада қалуы мүмкін.
Кешкі асқа қарамаудың жоғарыдағы себептерден тыс, белгілі ғы-
лы ми мəні бар. Кешке тамаққа сіреп алып ұйықтаған адамның ас қа-
за ны бұзылады. Дене мүшелерінің түрлі ауру-сырқауларға қар сы лық
қуаты төмендейді. Семіздік науқасына шалдықтырып, ми қыз ме тін
төмендетеді. Тіпті миды топастандырады.
ІЗГІЛІК ЖƏНЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ТƏРБИЕСІ
І
згілік пен жанашырлықты адам бойындағы ең тамаша қасиет
деп білген қазақ халқы, ұл-қыздарын ізгі ниетті, жанашыр, мейір-ша-
па ғат ты, адал азамат болып есеюге баулып, біреуге істеген жақ сы лы-
188
188
ғы ның есесі қайтуымен есептеспей, ізгілік пен жанашырлықты күллі
адам баласы алдында өтеуге тиісті парызым деп білуге дағ ды лан дыр-
ған. Яғни, əрбір ата-ана өз перзенттеріне: қарапайым шаруа болса,
астық, мал секілді өнімдерін сату, айырбастау істерінде адал болу,
бағаны үйлесімді қою, қандайда затты жалған ант ішіп сатпау, тара-
зыны əділ ұстау, алдап-арбамау, басқалардың саудасына килікпеу; ал
дəрігер болса, дəрігерлік парыздан аттамау, ауруға арашашы, жа ра лы-
ға медетші болу, барша ауру-сырқау адамға тең мəміле жасау, олар-
ды құдды өз туысындай көру; «қара ешкіге жан керек, қасапшыға мал
керек» дегендей, науқас адамдардың қиналып тұрған орайынан пай-
даланып құлқынқұмарлыққа салынбау керек. Олай істеу бұ за қы лық,
адамгершілікке жат жиіркенішті қылық есептеледі.
Егер би, қазы, хан-қаған, əкім, болыс тектес шенді болса, онда,
ар алдында адамгершіліктен аттамау, қара қылды қақ жаратын əділ
болу; өз халқы үшін адалдықпен қызмет атқару, көптің мұң-мұқтажын
елеп-ескеру, өзін халықтан жоғары қойып асып-таспау, көптің мүд-
де сі не кір келтірмеу, олардың бақыт-байлық жолын кеспеу, қызметін
пайдаланып пара алмау, арам мал-дүние жимау, халыққа үрей салмау,
бастарына қиындық тудырмау, сын, мін тағып, қарсы пікір айтқан
бұ қа ра сы нан өш алмау қажет. «Өз халқынан өш алған билеуші елге
береке таптырмайды», «пайдакөс ұлықта ұят, парақор ұлықта намыс
болмайды», «жемеңгер ұлық жеген сайын ашқарақтанады» деп, қазақ
хал қы ізгілік пен жанашырлықты білмейтін ұлықтарды қатты жек кө-
ре тін ді гін ұрпақтарының құлағына құйып отырады.
Ал, ұста, зергер, ісмер болса, алармандары мен қаридарларын рен-
жіт пеу, көз бояушылық, алдамкөстік істемеу, қоймашы, есепші, қа-
зы на бас қа ру шы болса, барынша адал, арлы болу, аманатқа қия нат
жасамау, суық қолдықтан, ұрлық-қарлықтан, арамзалықтан, көр се қы-
зар лық пен тойымсыздықтан аулақ болу керектігін ұрпақтарына жан-
жақ ты ұғындырып, ізгі ниетті, жанашыр жақсы азамат болуға баулып
отырған.
Бұл тəрбие ұрпақтарды жанашырлыққа, адалдыққа, арлылыққа,
жа уап кер ші лік ке, борыштылыққа, кешірімділікке баулып, адам ба-
ласын бұзақылықтан, қиянатшылдықтан, парақорлықтан, сон дай-ақ,
189
189
пай да көс тік сияқты жиренішті қылықтардан бойларын ау лақ ұс тай-
тын мұратты, қайырымды да қажырлы азамат болып же ті лу ге дағ ды-
лан ды ра ды. Адамдардың өзара сенімін бекемдеп, сү йіс пен ші лік те рін
те рең детіп, қоғамдық қарым-қатынастарын кеңейтеді.
КЕҢПЕЙІЛДІЛІК ПЕН КЕШІРІМДІЛІК
ТƏРБИЕСІ
К
еңпейілділік пен кешірімділік күллі адам баласын достық пен
береке-бірлікке жетелейтін, адамзат қоғамын ырыс-ынтымақты, тату-
тəт ті қоғамға айналдыратын ұйтқы деп қараған қазақ халқы, кең пе йіл-
ді лік пен кешірімділік жойылған жерде бақастық пен күн дес тік бас
көтеріп, қоғамдық қайшылық шиеленіседі, ел ырысы шай қа лып, өш-
тік пен қастық қабындайды, халықтың қалыпты тұрмыс тəр ті бі бұ зы-
лып, аңдысу мен алысу, шабысу мен салысу басталады деп есептеп,
ұр пақ та ры на жастайынан кеңпейілділік пен кешірімділік жолын үй ре-
те ді. «Кекшіл болма, көпшіл бол», «ə десе, мə деп кек алу – қа т е ге қа-
те мен мəміле жасағандық», «кең болсаң – кем болмайсың», «ке ші рім
кел ге лі тұрған пəледен сақтайды», «алдыңа келсе – атаң ның құ нын
кеш» деген сияқты халық даналықтарын жанды мысал, нақ ты ай ғақ-
тар арқылы егжей-тегжейлі ұғындырып отырады.
Кеңпейілділік пен кешірімділік тəрбиесінде əр отбасы кекшілдік,
қыз ған шақ тық, бақастық – кесірлі дерт деп қарап, ондай дертті бой-
ларына жұқтырған адам елге зиян, қоғамға лаң салады, тату-тəт ті ор-
таны бүлдіреді, ел тыныштығын кетіреді, қоғамдық қарым-қа ты нас ты
ірі те ді, адамдардың береке-бірлігі мен достығын бұзып, өш тік-қас-
тық ты арттырады деп, перзенттерін жастайынан кеңпейілді, ке ші рім ді
бо лу ға дағдыландырады.
Бұл тəрбиенің де өзіндік ғылыми мəн-мағынасы бар. Ол ұр пақ тар-
ды өскелең адамгершілікке баулиды. Əртүрлі пенделік бы лық-шы-
лық тар дан бойларын таза ұстауға дағдыландырады. Қоғамдық қа рым-
қа ты на сы кең, досы көп, жауы аз болады. Ел сенімі мен халық құр ме-
ті не ие азамат болып жетіледі.
190
190
ЕЛ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛУ,
КІСІЛІК БЕДЕЛ ОРНАТУ ТƏРБИЕСІ
К
үллі адам баласы мен қоғамға, елі мен жеріне, Отаны мен хал-
қы на шексіз адалдығы жəне азаматтығымен ел сеніміне ие болып,
шынайы кісілік бедел орнату қазақ тəлім-тəрбиесінде өте маңызды
орын алады. Мұнда, əрбір ата-ана өз перзенттерін адал, арлы болып,
əді лет пен ақиқатта берік тұрып, уəде-серттен таймай, барша ел-жұрт
алдында зор сенімге ие болып, тамаша кісілік бедел орнатуға баулып
отырады.
Ел сеніміне ие болып, кісілік бедел орнату тəрбиесі əр адамның өз
отбасынан басталған, яғни, ата-анасы мен туыс-туғандарына, ел-жұр-
ты мен халқына деген шынайы сүйіспеншіліктен бастау алған. Əр бір
азамат ел басына күн туған сын сағаттар мен қиын-қыстау кездерде
қара басының қамын қайырып тастап, атойлап алға шығып, ақи қат-
тан аттамағанда ғана ел-жұрт пен халықтың сеніміне ие болып, та-
маша кісілік бедел орнатуға болады деп қарап, дағдыландырған.
Сондай-ақ, сенімсіз, беделсіз адамдардың жұрт алдында қадір-қасиеті
аз болып, ондай адамдар ілікке алынбайтындығын жанды мысалдар
ар қы лы жан-жақты ұғындырып, ұрпақтарын ел сенімінен айырып,
бет-беделге нұқсан келтіретін жаман қылықтардан бойларын аулақ
ұс тау ға тəрбиелеген.
Бұл тəрбие ұрпақтарды тамаша мінез-құлық қалыптастырып, өмір-
дің мəн-мағынасын терең ұғынатын іскер, арлы да адал азамат етіп
же тіл ді ре ді. Жан дүниесі таза, тəні сау, сезімі сергек, рухы асқақ бо-
лады. Өрісі кең, қоғамдық қарым-қатынасы тығыз болып, ел-жұрт тың
сый-құрметіне бөленеді. Ешқашан жамандық көріп, жапа тартпайды.
СЫПАЙЫ ЖƏНЕ КӨРКЕМ
СӨЙЛЕУГЕ ТƏРБИЕЛЕУ
Б
ұл тəрбиеде қазақ халқы: «Сөз – жүректің айнасы», «өнер
алды – қызыл тіл», «қызыл тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады»,
«табыстыратын да – тіл, алыстыратын да – тіл», «сүйреңдеген қы зыл
191
191
тіл – сүйгенінен айырар», «жақсы сөз – жарым ырыс», «жылы-жылы
сөйлесең, жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең қатын дін нен
шығады», «ең құдіретті сөз – көркем сөз» деп, ұл-қыздарын жас та-
йы нан сөз өнеріне ден қойып, əдепті, сыпайы, көркем сөйлеуге бау-
лы ған. «Жақсы сөз сөйлесе ауыздан гүл төгіледі, жаман сөз сөй ле се
жын төгіледі», «сөз емес сөзді кісі емес кісі айтады», «ашық боламын
деп бəдік болма», «ойнап сөйлесең де ойлап сөйле» деп, аузына кел-
ген ді айтып, ойына келгенді істеп, басқалардың ар-намысы мен жан
жарасына тиіп, өкпе-ренішін қозғап, дау-жанжал тудырып, ел-жұрт -
тың күлкісі мен қарғысына ұшыраудан ерекше сақтандырып отырған.
Сыпайы əрі көркем сөйлеу тəрбиесінде əр отбасы өз пер зент те-
рін тілі шыға бастағаннан-ақ «сіз, біз» деп сыпайы, көркем сөй леу-
ге əдеттендіріп, жарасымды, жағымды, тəтті сөздермен бас қа лар-
дың ынта-ықыласы мен сүйіспеншілігін өзіне аударып, ма ңа йын да-
ғы адамдарға жақсы əсер қалдырып отыру қажеттілігін жан-жақты
ұғын ды рып отырған. Сондай-ақ əрбір адамның сөйлеген сөзіне қарап
оның қандай адам екенін, тəрбие көрген-көрмегендігін, мəдениетті,
мə де ниет сіз екендігін, білімді, білімсіздігін аңғаруға бо ла тын ды ғын
ұр пақ та ры на ерекше ескертіп отырған. «Əзілің жарасса – атаң мен
ойна» деп, жарасымды қалжың, тəтті сөзді өте жоғары ба ға ла ған əрі
елді күл ді ре мін деп аузына келгенін көкіп шатпақтаған бə дік, тілі
ашты адамдарды қатты жек көріп, сөз мəдениетінде əдеп ті лік ті ал-
ғы шарт ете отырып, перзенттерін сыпайы, көркем сөйлеуге ерекше
дағ ды лан дыр ған.
Бұл тəрбиенің де үлкен ғылыми мəн-мағынасы бар. Ол ұр пақ тар ды
тəртіптілікке, мəдениеттілікке, тектілікке баулып, көр кем, образды,
нақышты сөйлеуге, тіл заңдылықтарын терең меңгеруге дағ ды лан-
ды рып, балалардың шешен азамат болып есейіп ержетуіне мүм кін дік
жасайды.
КЕМ-КЕТІКТЕРДІ КЕМСІТПЕУ ТƏРБИЕСІ
К
ем-кетік, ауру-сырқау адамдарды кемсітпеу, келемеждемеу
тəр бие сін де қазақ халқы ұрпақтарына «кем-кетік адамдарға күлме,
192
192
келемеждеме, күлген күле жетеді, екі етегін түре жетеді, мүгедекке
ұят сыз адам күледі» деп, кем-кетік, ауру-сырқау адамдарға күліп, ма-
зақ тап, келемеждеудің тəрбиесіздік, білімсіздік болатындығын ай қын
ұғын ды ра ды. Сондай-ақ, қандай жағдайда да кем-кетік, ауру-сыр қау,
мү ге дек адамдарға күлмеу түгіл, оларға тесіліп қарамау жөнінде де
ерекше ескертіп отырады. Мүгедек, кем-кетік, ауру-сырқау адам дар ға
күлу, үңіле қарау, мазақтау, қорлау олардың намысына тие ді, жанын
жаралайды, өмірге деген үміткерлік сенімін бо саң сы та ды, тіп ті, қар-
ғап лағынет айтады. Сондықтан ондай жандарға қашанда қам қор лық
көрсетіп, жанашырлық танытып, үнемі қол ұшын беріп отыру сау
адам дар дың азаматтық жəне адамдық парызы екендігін ұр пақ та ры-
ның құлағына құйып отырады.
Қазақ халқы біреудің айыбын бетіне баспайды жəне адамның дене
мүшесіндегі кем-кетік айыбын ашпайды. Біреудің айыбын ашып,
бетіне басу ең ауыр күнə деп қарап, досы түгіл қас жауының да айы-
бын ашпайды.
Біреуге ат қойып, айдар тағу, өз атымен атамай, лақаппен ша қы ру,
кекеп-мұқау секілді қылықтар адамгершілікке жат жаман қы лық екен-
ді гін ұрпақтарына жан-жақты ұғындырып, перзенттерін осы сияқ ты
жаман қылықтардан ерекше сақтандырып, оларды адам гер ші лік, із гі-
лік жолына баулып отырған.
Бұл тəрбие ұрпақтарды мейірімділікке, кішіпейілділікке, мə де ниет-
ті лік ке баулиды. Адамдардың қарсылық, өштік пиғылдарын жойып,
дос тық, түсіністік ниеттерін тереңдетіп, əлеуметтік қарым-қатынасын
ке ңей те ді. Адамдардың ашу, ыза, кек, өштік, қастық пиғылдары сал-
дарынан рухани жағынан түсетін түрлі қысым болмайтындықтан, ұр-
пақ тар сау-сəлемет, ақаусыз өсіп жетіледі.
КӨҢІЛ АЙТУ, ЖҰБАТУ ТƏРБИЕСІ
К
өңіл айту, жұбату тəрбиесінде қазақ халқы ұрпақтарына «жы-
ла ған ды жұбатпағаннан без, жамандықты қуаттағаннан без» деп, бас-
тарына қаралы күн туып жылап-сықтағандарды жұбату, қи нал ған дар-
ға қол ұшын беруді адамдық парыз деп ұғындырған. Сондай-ақ, туыс-
193
193
туған, таныс-біліс, ағайын-достарының қаралы хабары жеткен заман
дереу оның туыс-туғандары мен жанашыр жақындарына барып кө ңіл
айтып жұбатып, марқұмды жуып-шайып, жаназасына қа ты на сып, өз
уақытында жерлеп, өз қолдарымен бір күрек топырақ салуды өте са-
уапты іс деп ұғындырған. Сондай-ақ, көрші-қолаңдары қай тыс бол-
са, күндіз-түні тік тұрып, өлімге келген марқұмның туыс-ту ған да ры
мен дос-жарандарына қызмет көрсетіп, жетпей жатқаны болса бе ріп,
нəзір-құзыр істеріне барын салып көмектесіп, қолдан келген жақ сы-
лық та рын аямау əр адамның адамдық жəне азаматтық міндеті екені
жан-жақты түсіндіріледі.
Қазақ халқының көңіл айту, жұбату салтында, марқұм болған кісі
үлкен адам болса, көңіл айтуға барғандар жақындықты, жан кү йер лік-
ті білдіру үшін, марқұмның туыс-туғандарына: «Ой, бауырым-ай! Ой,
асқар тауым-ай! Ой, бас қалқам-ай!» – деп дауыс шығарып барса; ал,
қай тыс болған адам жас жігіт, бойжеткен қыз жəне бала-шаға болса,
онда «Ой, жал-құйрығым-ай! Ой, жеткіншегім-ай! Ой, қа ра ғым-ай!»
деп барып көріседі. Онан соң тоқтау айтып жұбатып, қос қол да рын
бе ріп, «өткенге иман, қалғандарға береке берсін!» деп айтады. Ал қай-
тыс болған жас бала-шағалардың бірі болса, онда «Құдай тұ рым ды-
сын берсін! Қалған бала-шағаның жасы ұзақ болсын! Қанаты бү тін
сұң қар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ! Болмас іске болаттай берік бол
деген, сабыр қылыңыздар, қайрат көрсетіңіздер!» – деп, қаралы адам-
дарды жұбату дағдысы ұғындырылады.
Қазақ салтында, қаралы жиындарда жыртаңдап күлу, əзіл-қал-
жың айтып мəре-сəре болу, арақ ішу, ұрыс-керіс тудыру, дүние қы-
зы ғын айтып даурығып сөйлеу сияқты қылықтар адамгершілікке жат
жаман қылық болатындығы, сондықтан, өлім болған жерде барлық
адам марқұмды қимастық қайғылы сезіммен еске алып, өздерін сал-
мақ ты, салауатты ұстау, қаралы адамдардың қайғысын же ңіл де ту ге,
марқұмның соңғы істерін жақсы істеуге қол ұшын беру қа жет ті лі гі
жан-жақты ұғындырылады. Сондай-ақ, көз жұмған адамның тір лі гін-
де істеген жағымсыз қылықтарын айту – өте ауыр күнə бо ла тын ды ғы
ұр пақ тар ға ерекше ескертіледі.
194
194
Қазақ халқының өлім ұзату, өлім хабарын жеткізуінің де өзін дік
жол-жосыны бар. Қазақ халқы марқұмның қайтыс болған хабарын
туыс-туған, ел-жұртына жеткізуден бас тартқан, көңіл айтқаннан, жа-
назасына қатынасқаннан жəне оны жерлеуден қашқан адам – ең па-
сық, ең көргенсіз жаман адам есептелетінін ұрпақтарына егжей-тег-
жей лі түсіндіріп, перзенттерін ондай пасық, жаман қылықтан ау лақ
болуға жетелейді. Бір адам қайтыс болса, қандай шұғыл шаруасы
болса да қайырып тастап, дереу барып марқұмның бала-шаға, туыс-
ту ған да ры на көңіл айтып жұбатып, марқұмның жаназасына қа ты на-
сып, жерлесіп қайту адамдық жəне азаматтық парыз екендігін мұ қият
ұғын ды рып, ұрпақтарын адамгершілігі асқақ, ізгі ниетті азамат болып
же ті луге баулып отырған.
Бұл тəрбие адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдетіп, рухани жан
дүниесін сергітеді. Адамдарды үміткерлікке, қайсарлыққа, та бан ды-
лық қа жебейді. Ұрпақтарды ізгілікке, бауырмашылдыққа дағ ды лан-
ды ра ды. Адамдар арасындағы өзара достық сүйіспеншілікті, жана-
шыр лық ты, жақындықты тереңдетіп, ұрпақтардың əлеуметтік қа рым-
қа ты на сын кеңейтеді.
ӨТІРІК АЙТПАУҒА, ШЫНШЫЛДЫҚҚА
ТƏРБИЕЛЕУ
« Ө
тіріктің шырынын ішкенше – шындықтың уын жұтқан ар-
тық», «шындықты айту – ерлік істеумен барабар» деп қарайтын қазақ
хал қы ұл-қыздарын «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп қа шан
да шын сөйлеуге, өтірік-өсек айтпауға тəрбиелейді. «Өтірік бір лік ті
бүл ді ре ді, жалқаулық тірлікті бүлдіреді» деп, адам баласы үшін өтірік-
өсек айтудың өте жаман, жиіркенішті қылық екендігін тəптіштеп тү-
сін ді ріп, əрқандай сөзді адамның бетіне айту, сырттан, сөйлемеу,
əр қа шан ізгі ниетті болу өте тамаша моральдік қасиет екендігін жан-
жақ ты тү сін ді реді. Яғни, көрмегенді – көрдім, естімегенді – естідім,
іс те ме ген ді – істедім деу – өтірік; ал, бетке айтпай, сырттан сөйлеген
сөз тү гел өсек болатындығын перзенттерінің құлақтарына құйып, жү-
195
195
рек те рі не ұя ла ту ға күш салады. Сондай-ақ, «өтірікшінің шын сөзі зая»
деп, өті рік ші адамда ешқашан сенім, ешқандай бет-бедел бол май тын-
ды ғын ұр пақ та ры на жанды мысал арқылы егжей-тегжейлі ұғын ды-
рып, олар дың шын сөзді, адал азамат болып жетілулеріне дұрыс жол
сіл теп отырады.
Бұл тəрбие ұрпақтарды үлкен адалдыққа, арлылыққа, мə де ниет ті-
лік ке баулиды. Шын сөйлеудей тамаша қасиет қалыптастырады. Қо-
ғам дық қарым-қатынасы кең, досы мен қолдаушысы көп, дұшпаны аз
болып, ел алдындағы сенімі мен беделі жоғары болады.
УƏДЕ, ОПА, АНТ ТƏРБИЕСІ
« У
əдесінде тұру, аузынан шыққан сөзіне опа қылу, ант бұз-
бау – түзіктіктің белгісі, уəдеге опа қылмау, ант бұзу – бұ зық тық тың
бел гі сі» деп білген қазақ халқы, ұрпақтарын əрқашан уəде-серттен
тай мау ға, айтқан сөзіне опа қылып, ант бұзбайтын адал азамат бо лу ға
баулиды.
Уəде, опа, ант тəрбиесінде тəрбиелі ата-аналар өз перзенттеріне:
уəде – белгілі бір адам немесе топқа белгілі бір істі орындап беремін
деп адамдық ар алдында ауызекі берген келісім, яғни серт; опа – əр-
қа шан айтқан сертінде тұру, істеймін дегенін сөзсіз істеп беру, мой-
нына а лған қарыз-парызын адалдықпен атқару; ал, ант болса – өзіне
жү к тел ген міндетті адалдықпен атқаратындығына берген уəде, сон-
дай-ақ, азаматтардың жеке басының ақтығын, пəктігін дəлелдеу үшін
көп ші лік алдында берген салтанатты серті екендігін жан-жақты тү-
сін ді реді.
Қазақ халқы уəде, ант жолы өте ауыр жол деп есептеп, кім кө рін-
ген ге орынсыз уəде беріп, ант-су ішуіне қатаң тыйым салған. «Уəде –
тəңір аты» деп, уəде еткен істерін шартсыз орындауға, айтқан сер ті не
опа қылуға ерекше күш салған. Орынсыз ант ішкен адамдарды қат ты
жек көрген. Ақ болса да əртүрлі қиын жағдайда мүмкіндік болса, ант
ішпеуге құлшынған. «Ақ болсаң да ант ішпе» деген сөз содан қал-
ған. Тек өте қиын жағдайда, яғни, жеке басына нақақ пəле, қыл мыс
тағылған сəттерде ғана амалсыз алға шығып, өзінің ақтығы мен пəк-
196
196
ті гін дəлелдеу үшін ант ішкен… Ал, хан-сұлтандар мен билер ал ғаш
билік тізгінін ұстар алдында халыққа адал қызмет іс тей тін де рі жө нін-
де ант берген, əрі берген анттарын бұзбауға күш салған.
Қазақ ұғымында «уəде-ант» – өте қасиетті, киелі ұғым, оны кез
келген жерде айтып, кез келген жерде қайтып алуға болмайды. «Ант
атады» деп, ант бұзудан қатты қорқады. Ант бұзғандарын «ант ат-
сын!» деп қарғайды. Сондықтан əр отбасы ұрпақтарын орынсыз уəде
бе ріп, ант ішуден қатаң тыйып, біреуге уəде, ант бере қалған жағ дай да
оны адамдық ары, ардақты жанымен шартсыз орындау қа жет ті лі гін
жан-жақты ұғындырып, ант ішкіш, ант бұзғыш, уəдесінде тұр май-
тын опасыз адамдар өте пасық адам саналатындығын пер зент те рі нің
құлақтарына құйып, ондай жаман қылықтардан аулақ болуға баулып
отырады.
Əдетте ант мынадай жағдайларда ішіледі:
1. Ел билігін жаңа алғанда.
2. Жаудан кек аларда.
3. Адамдар арасында жəне еларалық өте маңызды келісім сəт те-
рінде.
4. Нақақ жалаға жолыққанда өз адалдығын дəлелдеу үшін.
5. Ауыр күнəсі мен жиіркенішті қылықтарын қайталамау үшін.
Міне, осындай жағдайларда ант ішушілер қолдарына Құран кі та-
бын ұстап тұрып: «Уəдемнен таяр болсам, мені ант ұрсын! Егер солай
істеген болсам, мені ант атсын!» деген сияқты ант мазмұнына қа рай
əртүрлі айтып, бір түйір дəн жеп, бір ұрттам ант суын ішеді.
Бұл тəрбие ұрпақтарды адал, арлы болуға, қандай жағдайда да
берген серт, айтқан уəде, ішкен антына адамдық ар алдында берік
бо лу ға, ешқашан халықтық салт-дəстүрден аттамауға, түрлі пенделік
бы лық-шылықтардан бойларын аулақ ұстауға баулиды. Мəдениетті,
тəр бие лі, текті болуға дағдыландырады жəне бір жақтан халықтың
сү йіс пен ші лі гі мен сеніміне ие болып, ел алдында беделін арттыра-
ды. Қо ғам дық қа рым-қатынасын кеңейтіп, барыс-келіс, алыс-бе ріс-
те рін жақ сар та ды.
197
197
Достарыңызбен бөлісу: |