ІІ. Негізгі бөлім.
Қазіргі кезде толғандыратын мәселелердің ең негізгісі -еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайып кеңге
сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Балабақша -келешек ел басқарар,жер суына иелік етер,ел -халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін
биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя."Ауылына қарап, азаматын
таны" дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иман жүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен ата-анасы, одан
соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша-бұл бала тұлғасы мен санасының
қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі.
Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашықы баспалдағы.Елбасымыздың
жолдауында: "Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады" деген. Баланың,
жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайынтайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы
нәтиже деген ұғыммен егіз.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық модельіне өту оқыту мен
тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық
диагностиканы қабылдай алатын,педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл
педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.
164
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиясын таңдауға
көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай
пайдалану, педагогтен үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып
өсуі жаңа техниканы меңгеру,адамгершілік, рухани, азаматтық және басқада көптеген адами қабілеттің
қалыптасуы, өзін-өзі дамытатын оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.
Қоғам талабы-заман талабы, өйткені, "Әр адам-өз заманының баласы", сәбиі есті,саналы, сергек етіп
тәрбиелеу отбасы мен қоғамның тәрбие орындарының бірден бір парызы. Сондықтан қазіргі балабақшадағы
оқу білім беруге арналған инновациялық қызмет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары 3 . “ Бала мен
балабақша» журналы ¹7. 2012ж педагогтарының кәсіби дамуының ең басты факторы болып отыр.
"Инновация" термині латын тілінен алынған, ол-"Жаңарту, өзгеру, дегенді білдіреді. Бұл түсінік ХХI ғасырдағы
зерттеулерде пайда болып,белгілі бір мәдениеттің кейбір элементтерідің бірінен екіншісіне енгізу дегенді
білідіреді. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері мақсаты мен мазмұнын
педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыру жаңалық енгізуді білдіреді.Қазіргі заман инновациялық
қызметі-балабаұша балаларымен жұмыс істеуде. Инновациялық технологиялар,әдістер, балалардың
психологиясы мен педагогикасын терең білуді педагогтарға нақты бір жетістіктерге көмектеседі. Нақтылап
айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы,сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады
деп айтуға болады.
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі жеке тұлғаға бағдарланған инновациялық оқыту
технологиясының кең қолданысқа енуі. Қазірігі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны
ендіруге көптеген күш жұмсалады. Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді
дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып
қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау.ХХI ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология
бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан -2050" стратегиялық
жолдауында "біз білім -ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз,
біріншіден ,бұл -уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры" деп атап көрсеткен болатын.
Э.Роджерс "Иновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея" десе, Мейлс"Иновация-арнайы жаңа
өзгеріс.Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,шешімдерін күтеміз"дейді. Яғни иновацияны жаңаны
көру,жаңаға ену,жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге,компьтерлік оқыту
бағдарламаларына негізделеді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай оң
нәтиже беруде. Кез келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде электрондық оқулықты пайдалану балалардың
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен
еңбек етуге жағдай жасайды. Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмасада, зерттеуші ғалымдар білім
беру жүйесінде жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Сондықтан инновациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіне
енгізуді кезеңдерге бөліп қарастыру қажет.
Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич "Жаңа технологиялық сабақ педагогтың өз әдісін жаңартуға арналған емес,
баланың пайдасына , қажеттіліне арналу қажет, сонда ғана сапа болады" -дейді. Қазіргі кезеңде білім берудің
ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық
технологияларды игерген, психологиялық, педагогикалық диагоностиканы
қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті
және нақты тәжірбиелік іс -әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға,икемді шығармашыл педагог-зерттеуші,
ойышыл педагог болуын қажет етеді. Ұлы ойшыл ғұлама Әл-Фараби "....адам бойындағы ең үлкен қасиет-
қабілет, өмірді түсіну, қанағат тұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық" деген. Ғұламаның осы
өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады. Академик Т.Тәжібаев
"Адамның жеке қасиеті-қабілет,қабілет-іс әрекеттің түпкі нәтижесі" деп жазады. Ендеше жеке тұлғаға
бағыттталған оқыту технологиясының мәні -нәтижеге бағытталған білім үлгісі.
Нәтижеге бағытталған білім-белгілі бір мақсатқа құрылған тәрбие, оқыту, білім беру, даму және қалыптасу
арқылы жүзеге асады. Инновациялық үрдістің негізгі-жаңалықтары қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік,сондай ақ,уақытша жоспарға жатады.Бұл яғни, бір педагог үшін
табылған жаңа әдіс.
Жаңа инновациялық технологияны меңгеруге тәрбиешінің жан-жақты, білімі қажет.
Ол үшін қазіргі тәрбиеші;
-Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
-Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
-Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
-Балалармен ортақ тіл табыса алатын;
-Білімді, іскер, шебер болуы керек;
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері-өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,жаңа педагогикалық идеялары мен жаңалықтарды өмірге әкелу.
Осындай жаңа инновациялық технологияларды толық меңгерген тәрбиешіден білім алған қазіргі жаңашыл
бала:
165
-Дүниетанымы, қабілеті жоғары;
-Дарынды,өнерпаз;
-Іздемпаз,талапты;
Оқу -тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрін атап
кетейін.
-Дамыта отырып оқыту.(Л.Занков)
-Триз әдісі
-Оза отырып оқыту(С.Лысенкова)
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңызы
зор.
Білім беруде қолданыс тапқан жаңа инновациялық технологиялар мыналар:
-Саралап -деңгейлеп оқыту;
-Лысенкованың тірек сигналдары арқылы желделдете оқыту;
-Ізгілендіру технологиясы (баланың қабілет қызығушылығын дамыту,тәрбие негізгі рол атқарады,салауатты
өмір салты,шығармашылыққа жетелеу)
-Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
-Модульдік оқыту технологиясы;
-Ұжымдық оқыту технологиясы;
-Монтессорри технологиясы;
Инновациялық технологияларды тиіміді пайдаланудағы қол жеткізетін жетістіктер мыналар:
1 Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
2 Білімін кеңейтуге,тереңдетуге жағдай жасайды.
3 Ой идеясының ішкі астарына үңілуге,өзекті терең барлауға бағыт.
4 Белсенділігін дамытуға,жаңалықты ашуға,ізденуге
5 Өзін-өзі басқаруға жетелейді.
Сонымен қатар білім беру жүйесі мынадай инновацияларды қамтиды:
-Педагогикалық инновация;
-Технологиялық инновация;
-Ұйымдастырушылық инновация;
-Экономикалық инновация;
Педагогикалық инновация-бұл жаңа педагогикалық технологияны оқыту қызметінің жаңа әдістерін,тәсілдерін,
әдістемелерін әзірлеу және тарату.
Педагогикалық технология бөліктері 3 құрамдас бөліктен тұрады.
1.Тұжырымдамалық негізгі,басты қағидалары.2.Жүйелі құрылымы және негізгі кезеңдері.3.Атқару жолдары
және тиімді әдіс-тәсілдері. Педагогикалық технологияның ерекшеліктері мыналарды құрайды.
1. Консептуалды негізінің болуы.Технологияға қандай да бір философиялық педагогикалық психологиялар
ғылыми тұжырымдамаларға негізделуі тиіс.
2.Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық байланыста болуы.
3.Басқаруға оңтайлылығы. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға және нәтижеге өңдеу енгізу
мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі.
4. Тиімділігі білім беру стандарттарын қанағаттандыруды тиіс.
Инновациялық оқыту дегеніміз-қазіргі кезеңдегі әлеуметтік, мәдени ортадағы инновациялық өзгерістерді
жете қарастыратын үрдіс және оқу білім беру әрекетінің нәтижесі.
Қазақстанда тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыруда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып келеді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев.... "егер технологияларды басқалардан алуға ғана сүйенетін болсақ,біз өзіміздің
технологиялық артта қалушылығымызды сол күйінде тұмашалап,технологиялық және ғылыми тұрғыда
дамыған елдерге тәуелсіздікте боламыз.Сондықтан бізге өз ғылымызды дамыту керек" деген болатын.
Жаңа педагогикалық технология кәсіби шеберлікті арттырудың негізі болып табылады.
"Жаңадан бастау" "жаңарту", "өзгерту" деген мағынаны білдіретін педагогикалық технологияның басты
белгілерін былай тұжырымдауға болады:
-Оқыту үрдісінде жүзеге асатын келелі де маңызды педагогикалық мәселені шешуге бағытталады;
-Педагогикалық жаңаландыру мәселелердің жаңа шешімін ұстанады;
-Педагогикалық жаңаландыру жаңа педагогикалық үрдісінің жаңғыруына қол жеткізеді;
Білім беруді ақпараттандыру технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту
мақсаттарын жүзеге асыратын жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы.
Педагогикалық технологиядағы басты міндет-баланың танымдық әрекетін жандандыра отырып,педагогтың
кәсіби қызметін жаңғырту арқылы алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады.
Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.
Меніңде тәрбиеші ретінде алға қойған мақсатым-балаларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен
қатар олардың шығармашылық қабілетін арттыру.Сол себепті Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін идеялық
166
жағынан ғылыми негізде өмірмен байланысты ұйымдастырып, баланың қызығуын, білім құштарлығын таныту.
Әр ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінде балаларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын, ауызша,
мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру әрбір педагогтың абыройлы борышы.Ұйымдастырылған оқу
іс -әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдалана өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:
психологиялық ахуал туғызу; балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қызығушылықтарын
(ынта,ұмтылыс)тудыру; ақпараттық-коммуникативттік технологиялармен орындалатын жұмыстардың қызықты
болуы; топтағы әр деңгейлі балалар ескерілуі керек; өзіндік пікір,идеялар,тұжырым,түсінік келтіру; өз бетінше
орындауға берілген жұмыстарды шығармашылықпен орындауға үйрету; балалардың өзінің үйренгені мен өз
түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио,видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта,интернеть,
мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпарат банк,
инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық
бөлімдер, қозғалмалы обьектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп
шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен
пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс -әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар
еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдалануға болады.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, электронды ойындар, электронды
көрнекіліктер, электронды ойыншықтар біріншіден балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін
қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.
Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады.Өйткені ,
балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге , ойыншықтарға ,әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық құрал электронды оқулықтар бала үшінде, тәрбиеші үшінде күнде дамытылып отыратын
анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология құралдарын
қолданудағы мақсат баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, балада танымдық қызығушылықтың
болуы олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімнің сапалы болуына жағымды мінез құлықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда оқу тәрбие үрдісінде, балалардың оқу танымдық іс-әрекетін белсенділігінің тиімді жолдары
мыналар:
-танымдық дидактикалық ойындар;
-әңгімелеу,қызықты математика
Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштин тәрізді ғалымдардың еңбектерінде "тұлғаның қалыптасуы мен
оның шығармашылық танымдық ұабілетінің негізгі даму факторы іс -і-әрекет, қызмет барысында жүзеге асады"
деп атап көрсетіледі. Іс -әрекет -балалардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны,ішкі жан
дүниенің көрсеткіші,дамуының,өздігінен жетіліуінің шешуші белгісі. Мектеп жасына дейінгі балалардың
дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.Жаңа заман баласын қалыптастырып
,дамыту үшін,тұлғаның ішкі дүниесімен оның қыр сырын анықтап,мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына
жан-жақты білім алуына белсенді,шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі қазіргі таңдағы әрбір педагогтың
міндеті болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып
еңгізілуде.
-Ынтымақтастық педагогикасы;
-білім беруді ізгілендіру;
-ойын арқылы оқыту;
-проблемалық оқыту;
-модульдік оқыту;
-тірек сигналдары арқылы оқыту
-дамыта оқыту;
-оқытудың компьютерлік технологиясы;
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ.
М\ы: Мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктері қамтамасыз ету.Кез
келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді,
педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесін терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологияның
бірнеше түріне тоқталайын:
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық
механизмі жек бастың өзіндік талап талғамдарына сүйенеді.Баланың бойындағы білімділік,танымдық,
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбекте. Ойын айналадығы
дүниені танудың тәсілі ,сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңіу жолын
үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады.Ойын әлеуметтік қызмет.
167
Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Проблемалық оқыту технологиясы-бұл баланы өз бетімен ізденуге үйрету,танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамыту.Яғни балалардың белсенділігін арттыру, оқу материалына баланы қызықтыратындай
мәселе тудыру,бала материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды,білімге деген қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында меңгеруді,бала оқытуды өмірімен және еңбегімен байланыстырады.
Өздігінен дамыту технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу,бала санасында
нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сондағана
бала өзін дамыта алады. М.Монтессори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға
дейін барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Бұл технологияның ерекшелігі
оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды,әркім табиғат берген даму жолмен жүреді.
Ынтымақтастық педагогикасы-педагогтың талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшуі.
Балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі: тәрбиеші бала, бала-тәрбиеші, бала-
бала, яғни балада, тәрбиешіде субьектілер болып табылады. Сонымен қатар, баланың жеке басына ізгілік
қарым-қатынас, бала мен тәрбиеші арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас жасау. Бұл
технологияның негізгі мақсаты азамат етіп тәрбиелеу,олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту,
баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату.
Деңгейлеп саралап оқыту технология-білім,білік,дағдыны меңгерту болып табылады. Әр баланы қабілеті
мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту,балалардың әр түрлі топ ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды бейімдеу,
ыңғайлау.
Модульдік оқыту технологиясы-оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді
көздейтін педагогикалық процесті ұйымдастыру, тәрбиешіге нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені
таңдау және құру.Балалармен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін қиыншылықтардың алдын алу және түзету
жұмыстарының жүйесін құру.
Дамыта оқыту технологиясы-баланы оқыта отырып, дамыту бала бойындағы еркіндік,мақсаткерлік, ар намыс,
мақтаныш,сезім,дербестік адамгершілік,еңбексүйгіштітік, белсенділік т.б. қасиеттерін дамыту.
Монтессори технологиясы- Монтессори технологиясының негізгі принципі-балаға өзін-өзі тәрбиелеуге,өз
бетінше оқуға,өз бетінше дамуға жағдай жасау. Монтессори балабақшасы жеке жұмыс жасауға, яғни өз-өзіне
қызмет етуге үйретеді.Жаңа оқытудың технологиясына мән беріп қарасақ, педагогикалық технологиялар
мынадай төрт негізгі шартты қанағаттандыруы тиіс:
-Оқытудағы педагогикалық экспременттерді жою;
-баланың танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие процесінің жобасын негіздеу;
-Оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау;
-Іс жүзінде оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз ету.
Мультимедиялық технологияны оқу іс-әрекетінде қолдану –балалардың Қазақстан республикасының мектепке
дейінгі жалпыға міндетті білім беру стандары бойынша базалық білімін бекітіп,әрі қарай жетілдіріп,олардың
танымдық дамуын арттыра отырып, жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіншілік тудырады. Өз тобымда топ
балаларына арналған мультимедиялық орталық жалпы ақпарат бұрышы жұмыс істейді. Балалар аталған
орталықта компьютерді қолдану,компьтер арқылы тапсырмаларды орындау, кеңістікті бағдарлау,
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, мозайкамен жұмыс жасай отырып,ойлау қабілеттерін жетілдіру, сурет
салу, қуыршақты киіндіру,әсемдеу,боямақпен жұмыс істеу, гүлдерді күтіп баптау,қоршаған ортамен танысу.Осы
аталған жұмыстардың бәрі ақпараттық құрал компьютер арқылы жүргізілуде.Топта не бары бес компютер
жұмыс істесе, сонымен қоса балаларға заманауи ақпараттық ойыншықтарды үнемі оқу –іс әрекетінде және
күннің екінші жартысында қолданып келеді.Мысалы заманау электронды ойыншықтардың ішінен атап
айтсақ,өлең айтатын қуыршақ, компьютер,электронды әліппе, электронды кітап, электронды карточкаларды т.б.
айтуға болады.Осы электронды ойыншықтарды үнемі оқу –іс әрекетінде пайдаланып келемін. Бұл электронды
ойыншықтар балалардың есту,сезу,ойлай қабілеттерін,психологиясын,көру,ой-өрісін дамытады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның көмегімен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қалай өткізуге
және не істеуге болады деген сұраққа,өз тәжірибемде мынандай бағыттарын ұсынар едім:
-Илюстративті (насихаттық) көрнекіліктер
-Ақпараттық видео роликтерді құру және көрсету
-Слайд шоу,ертегілер
-Электронды ойындар
-Электронды логикалық тапсырмалар
-Ғажайыпстанға саяхат.
-Электронды слайд шоу
-Электронды дыбыстар
-Айналамен таныстыру,экология бойынша бейне сюжеттер
-Биленгвалды компоненттерге арналған слайд шоу
Қазіргі таңда мен осы айтылған ақпараттық құралдарды үнемі, өз тәжірибемде оқу іс -әрекетінде пайдаланып
келемін. Мысалы: Мен өз оқу іс-әрекетімнен бір ұйымдастырылған оқу іс –әрекетімді қысқаша айтып өтсем.
Білім беру саласы:Әлеуметтік орта
168
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Әкология негіздері.
Тақырыбы:Үй жануарлары. Қой,ешкі.
Мақсаты : а) Үй жануарлары түйе,сиыр,жылқы,туралы түсініктерін кеңейте отырып,қой ,ешікімен
таныстыру.Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейте отырып,адамдарға пайдасы бар екенін
түсіндіру.Жануарладың тіршілігі адамның қамқорлығына,күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра
отырып,қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер : Үй жануарларының суреті,слайд.
Әдіс –тәсілдер: Сөздік,көрнекілік,ойын.практикалық.
Сөздік жұмыс:Сиыр-Корова, қой-овца,ешкі-коза.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс -әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивация
лық
қозғаушы
күш
Ұйымдастыру кезеңі:
Қимылды ойын: «Кім шапшаң!»
Мақсаты: Үстел үстіне шашылған асықтарды тез жинаған
балалар жеңімпаз болады.
Балалар үстел үстіне шашылған асықтарды тез жинауға
тырысады.
Тәрбиеші: Балалар рахмет,енді орнымызға жайғасайық.
Күтпеген сәт:
Электронды карточка арқылы тәрбиеші балаларға
білдіртпей бір тосын жасайды.
Мә-мә –мә деген тосыннан бір дыбыс естіледі.
Тәрбиеші : Ой балалар бұл не болды екен? Қай жануардың
дауысы?
Өте дұрыс бұл төрт түліктің бірі қой мен ешкінің дауысы
дейді.Сендерге көп рахмет ,ендеше бүгін біз осы үй
жануары қой ешкімен танысатын боламыз.
Балалар
ойынға
қызығушылықпен қатысып
ойнайды.
Балалар тосын дауыст
ыестігенде таң тамаша
болады.Бір-біріне таңырқай
қарайды.
Апай бұл қойдың дыбысы ғой
деп жауап береді.
Іздену
ұйымдастыр
ушы
Тәрбиеші :Ендеше балалар мен сендерге осы үй
жануарлары туралы жұмбақ жасырамын,сендер сол
жұмбақтың шешуін табуға дайынсыңдарма?
Балалар :Ия дайынмыз.
1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар(қой)
2. Басында екі таяғы бар,
Төрт аяғы бар
Сегіз тұяғы бар
Иегінде сақалы бар (ешкі)
Тәрбиеші: Ендеше балалар назарымызды теледидарға
аударайық.
№1 слайд теледидардан көрсетіледі.
-Балалар мынау қандай жануарлар?
-Неге үй жануарлары деп ойлайсыңдар?
-Ал мыналар қандай жануарлар?
-Қойдың төлін не дейміз?
-Ешкінің төлін ше?
Қойдың орысша атауы-Овца
Ағылшынша атауы-
Ешкінің орысша атауы-Коза
Ағылшынша атауы-
-Ал олар немен қоректенеді?
-Шөп, су, жеммен қоректенеді.Біз оларға қамқорлық
жасап,оларға жем ,су шөп беріп оларды күтіп баптауымыз
керек балалар сонда ғана біз олардан жақсыпайдасын
көреміз.
-Өте дұрыс балалар осы жануарлар үй маңында,қорада яғни
адамның көмегімен тіршілік ететіндіктен үй жануарлары
деп атаймыз екен.
-Соның ішінде Қой мен ешкі малы өте өсімтал екен.
-Мынау балалар ешкі малы,ешкінің сүтін ішеміз,етін
жейміз,жүнінен әжелеріміз түбіт жасайды.Ешкінің сүті
ананың сүтімен тең екен,ертеде осы ешкі малының сүтін
Балалар жұмбақтың шешуін
табады.
Балалар назарын теледидарға
аударады.
-Үй жануарлары.
-Себебі,адамдардың
қасында,қорада тіршілік етеді.
-Қой,ешкі
-Қозы.
-Лақ.
-Шөп, су, жеммен қоректенеді
169
емдік үшін пайдаланған екен.
-Ал мынау қой малы,қой малыныныңда сүтін
ішеміз,жүнінен киіз басып,түрлі киімдер тоқимыз.Бір
сөзбен айтқанда осы төрт түлік малдың адамдарға пайдасы
көп екен.Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен
айналысқан халық.Мал олардың киімі, тамағы,көлігі,тіпті
балалар осы төрт түлік малдың қиын отынСондықтанда осы
төрт түлік малды жақсы көріп,оларды көбейтуді көздеген
екен.
-Ал балалар мынау не?
-Асық.
-Ия өте дұрыс балалар бұл асық,асықты қой малының асық
жілігінен аламыз.
(түрлі түске боялған асықтар арқылы түстерді
айыру,ажырату және неше түсті асық бар екенін сұрау)
№2 слайд теледидардан көрсетіледі.
-Қой мен ешкі малының айырмашылығы барма?
-Ия ешкі малының сақалы бар,мүйізі бар,түстері әр түрлі.
(сурет бойынша айырмашылықтарын сипаттау)
Топтастыру:
етін
жейміз,
киіз
басамыз
сүтін ішеміз, қолғап тоқимыз, тон тігеміз, жүнін аламыз
Оларға қамқорлық көрсету үшін:
Қораға қамайды, Жем береді,Оларды бағады
Су береді Шөп салады
Қорасын тазалайды Сауады
Үстін тазалайды.
Көлеңке театры: «Ненің көлеңкесі?»
-Балалар сендерді аналарың,әкелерің,ата-әжелерің не деп
еркелетеді?
Міне осы төрт түлік малда өз төлін еркелетеді екен.
Қой сүйеді баласын, қоңырым деп
Ештеңені білмейтін момыным деп,
Ешкі сүйеді баласын лағым деп,
Тастан –тасқа секірген шұнағым деп.
Балалар қой қалай дыбыстайды?
-Қой мен ешкіні қалай шақырамыз?
-Ешкіні шөрелеп ,шөре-шөре
-Қойды пұшайт-пұшайт деп шықырамыз
-Осы төрт түлік малдың өз пірі,яғни қамқоршы аталары
болады екен
-Қой атасы кім балалар?
-Шопан ата
-Ешкі атасы?
-Сексек ата
-Өте дұрыс балалар.
Дидактикалық ойын: «Өз төлін тап?»
(жек баламен жұмыс)
-Балалар енді зейінімізді теледидарға аударайық.
№3 слайд. Теледидардан көрсетіледі.
(Бейне сюжет арқылы үй жануарларының тыныс тіршілігін
тамашалайды)
Бейне сюжет арқылы сұрақтар беру.
-Балалар ,енді үй жануарлары туралы көп ақпарат
алып,олардың тіршілігін бейнетаспадан көрдік,енді осы
жануарлардың тіршілігін өз көздеріңмен көріп,оларға
қамқорлық жасағыларың келеме?
-Ендеше балалар ата мен әженің мал бағып отырған
жайлауына саяхатқа барсақ қайтеді?
Балалар зер салып тыңдайды.
-Асық.
Балалар
түрлі
түсті
асықтардың
түсін
ажыратып,айтады.
Балалар қой мен ешкінің
айырмашылықтарын айтады.
Оларды тақтаға шығып
топтастырады.
Қай жануардың көлеңкесі
екенін ажыратады.
Аналарының
недеп
еркелетіндерін айтады.
Мә-мә-мә
Ал ешкі ше?
Ме –ме-ме
-Ешкіні шөрелеп шөре-шөре
-Қойды пұшайт-пұшайт деп
шықырамыз
-Шопан ата
-Сексек ата
Балалар алдарына берілген
тапсырмаларды орындайды.
Төр түлікті өз төлідеріне
сызық арқылы қосады.
Балалар бейне сюжет арқылы
жануарлардың
тыныс
тіршілігімен танысады.
-Ия.
-Балалар ата мен әжемен
амандасады.
Жайлауға келіп балалар атай
мен әжеге қолғабыс береді.
Балалар екі топқа бөлініп
қыздар жағы әжеге жүн түтіп
170
-Жайлау бізге алыс емес екен,ендеше таза ауада жақсы ән
айта отырып жаяу барайық.
-Балалар жайлауға келіп қалдық.
-Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе ! Әже біз балдырған
балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушілерімен бірге
сіздің үй жануарларыңызды өз көзімізбен көруге және
олардан қандай өнім алуға болатын менің балаларым білгісі
келеді.
Әже: Ал жарайсыңдар! Сендердің келетіндеріңді
білмедік,Аталарың қысқы шөп қамымен егістіктегі
алқаптың соңғы шөптерін жинауға кеткен.Мен жайлауда
өзіммін жүріңдер мен сендерге көрсетейін.
Әже сізге көп рахмет,енді біз балабақшамызға қайтайық сіз
арқылы балаларымыз көп нәрсені өз көздерімен
көріп,қолдарымен ұстап үйренді.
Әже : балаларым сендерге көп рахмет,маған біршама
қолғабыз еттіңдер!
№4 слайд теледидардан көрсетіледі.
Дидактикалық ойын: «Бұл қандай жануардың дауысы?»
-Балалар енді осы үй жануарлары туралы тақпақ білесіңдер
ме?
көмектессе,ал ұлдар астауға
шөп салып,жем,су беріп және
атайға көмегіміз болсын деп
қора құрастырып береді.
Сау болыңыз Әже.
Топқа оралады.
Балалар теледидардан қай
жануардың дауысы екенін
айтады.
Балалар тақпақтарын айтады.
Рефлексивті
кореккция
лаушы
Дәптермен жұмыс.
Тәрбиеші : Ұйымдастырлыған оқу іс әрекетін сұрақтар қою
арқылы қорытындылайды.
Балаларды мадақтап,сыйлыққа «Жеті лақ» ертегі
кітапшасын ұсынады.
Ән : «Қошақаным»
Дәптермен жұмыс жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Тәрбиеші апайдың сыйлығын
қуана қабыл алады.
«Қошақаным» әнін саз
жетекшінің сүйемелдеуімен
шырқайды.
Достарыңызбен бөлісу: |