Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет2/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Пайдаланылған   әдебиеттер: 
1.
Н.Ержанов. Оқушылардың   шығармашылықпен   жұмыс  істеу қабілеттерін ашу. (Мектеп  
технологиясы, №7, 2003)                                                                                                                                        
2.
Ж.Рүстемов.Оқушылардың     шығармашылық қабілетін дамыту. (Бастауыш  мектеп, №1, 2003)                
3.
Оқушы    шығармашылығын  арттырудағы   білім технологиялары. (Білім   технологиялары.(№4,  2009)
4.
Шығармашылықпен    жұмыс істеуге  баулу. (Бастауыш мектеп. №5,2009).  Б . Тұрғынбаева.  
5.
Шығармашылық   қабілеттер  және   дамыта   оқыту.(Алматы,1999)                                                                
6.
Д.Кішібаева. Оқушыларды  шығармашылыққа баулуда белсенділігін, қызығушылығын арттыру 
жолдары.(Бастауыш мектеп №3,2009)                                                   
7.
А.Нұрсұлтанова. Шығармашылықпен жұмыс істеуге  баулу жолдары. (Бастауыш мектеп №3,2009)           
8.
Ш.Жантілесова. Бастауыш сыныптарда шығармашылық қабілеттерді  дамыту. (Бастауыш мектеп 
№5,2009)
9.
Дайрабаев.Е. «Мектепте шығарма жаздыру методикасының кейбір мәселелері» Алматы, 1973
10.
Ерматов.С.,Әбішева.Т. «Пәнге қызығудың қалыптасу динамакасы» «Қазақстан мектебі» №2, 2007
11.
Игенбаева.Б.Қ. «Мен – Адаммын» Алматы, Дәуір, 2000
12.
Иманбекова.Б., Әбдіреймова.К., Мазаржанова.Қ. «Оқытудың негізгі формасы – сабақ» Алматы, 2003
13.
Қараев.Ж.А. «Деңгейлік саралау технологиясы»
14.
Қосымова.Г., Құрманова.Н. Қазақ тілі. Әдістемелік нұсқау. Алматы. Мектеп, 2008
15.
Мақпырұлы.С. Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау. Алматы. Мектеп, 2008
16.
Платонов К.Г. «Структура и развитие личности». Москва, Наука, 1986 
17.
Бордовская Н.В., Реан А.А. «Педагогика» Санкт-Петербург, 2000
18.
Хусаинова Н.Ю. «Культура общения руководителя» Казань, 1996
19.
Андреев В.И. «Педагогика» Казань, 1996 
20.
Тәжібаев Т. «Жалпы психология» Алматы, 1993
21.
Лейтес Н.С. «Умственные способности и возраст» Москва, 1971
22.
Леонтьев А.Н. «Деятельность», «Сознание личности» Москва, 1975   
23.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
24.
М.Махмутов «Мектептегі проблемалық оқытуды ұйымдастыру» Алматы «Мектеп», 1981
25.
Л.С.Выготский «Педагогическая психология" Москва, 1967 
26.
М.М.Поташник «Как развивать педагогическое творчество» Москва «Наука», 1987
10

ДЕНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫ БАҒЫТЫНДА ӘРЕКЕТ ЕТЕТІН КҮШТІҢ ЖҰМЫСЫ
Атырау облысы Жылыой ауданы. №4мектеп. 
Шегірова Ақгүл Сайлаубайқызы
Сабақ жүргізген 
мұғалімнің аты-жөні:
Шегірова Ақгүл
Сайлаубайқызы
сынып
Атырау облысы
Жылыой ауданы
№4мектеп
Апта:
11.04.2014
Сабақ:56.1
Сабақтың атауы:
Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы.Қуат.
Сілтеме:
Физика және астрономия оқулығы.Алматы: Атамұра, 2012.
Физика және астрономия оқыту әдістемеесі 7- сынып.
Есептер мен жаттығулар жинағы 7 – сынып В.И. Кем, Б.А.Кронгарт Алматы, 
Мектеп, 2005.
Ғаламтор материалдары. Презентация.
Жалпы мақсаты
Оқушыларға механикалықжұмыс, қуат, формуласы, өлшем бірлігі туралы 
жалпы мағлұматтар бере отыра, жаңа ұғымды меңгерту.
Міндеттері:
1. Оқушыларғамеханикалық жұмыс, қуаттуралы түсінік алуға жағдай жасау.
2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақта туындаған 
негізгі идеялар:
1.Оқушының қауіпсіздік шараларын қаншалықты білетініне сүйену.
2.АКТ – ға сүйене отырып, жаңа ой дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
Механикалық жұмыс, қуаттуралытолық меңгеріп шығу.
Механикалық жұмыс, қуаттыңарасындағы айырмашылығын ажырата білу, 
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқушылардыңбірін - бірібағалай білуге, топпен жұмыс жасау мүмкіндіктерін 
жасау
Тапсырмалар
Флипчартқа салғанөз ойларын ортаға салу, слайдта берілген сұрақтар, 
сәйкестендіру тесті, тәжірибелер, есептер шығару,физикалық диктант.
Дереккөздер және 
жабдықтар:
компьютер, видеопроектор, интерактивтік тақта, флипчарт қағаз, түрлі – 
түстіфломастерлер, скотч, карандаш, слайдтар, сызғыш,
100 г-дық жүктер жиынтығы, ағаш көсегі, динамометр, магниттер.
ӨНЕР, БІЛІМ – ТАУСЫЛМАС АЗЫҚ. «БАҚЫТТЫ СӘТ ОЙЫНЫ» 
Сыныптан тыс сабақ. 6 сынып (Ер балалар мен қыз балалар)
Астана қаласы. № 38 мектеп – лицей
Жарасбаев М.А.  Жарасбаева Д.А.
Технология пәні мұғалімдері 
Мақсаты:
1. Білімділігі: Технология пәнінен үйренгендерін, алған білімдерін көпшілікке көрсету. Оқушыларды өз 
ойларын еркін, ашық айта білуге,мәдениетті сөйлеуге үйрету. Жас ұрпаққа ата-баба дәстүрі, әдет-ғұрып туралы 
мағлұмат беру.
2.Дамытушылығы: Еңбек туралы ой-өрісін дамытып, өз бетімен әрекеттеніп жұмыс жасауға баулу  және 
іскерліктерін арттыру. Оқушылардың танымдық жеке шығармашылық икемділігін дамыту.
3. Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын ұштап, өнерге,шығармашылыққа тәрбиелеп, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекіліктер,құрал-жабдықтар: Нақыл сөз,асыққа оралған сұрақтар,фишкалар(бір түсті), конкурс 
тапсырмалары, секундомер, қағаз,қалам,парақ,түрлі-түсті бояулар, мата қиындылары,қайшы,ине-
жіп,үлгілер,шаблондар.
Сабақтың түрі: Ойын сайыс сабағы
Сабақтың барысы: 
11

1. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа даярлықтарын тексеріп,керекті құрал-жабдықтарын 
қадағалау,назарларын сабаққа аудару.
2. Жұмыс барысы: Сынып екі  командаға бөлінеді,әр команданың өз капитаны және атауы болады.
І бөлім: « Бой сергіту»
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар,
Ақ Орда аспанына ән қалықтар.
Күтіп тұр арман қуған өрендерді,
Ән жырмен ойға толы сын сағаттар.
Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 мин. Бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді,ал 
бәсекелестері жауаптың дұрыстығын қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп,әрі дұрыс жауап берген команда  
фишканы ұтады.
ІІ бөлім: « Қалтадан шыққан  сый» 
Өнер білім негізінен, Өтеді енді сынақтар.
Мазалайтын, ойланатын, Қойылады сұрақтар. 
Команда мүшелері қалтадан нөмірлері бар түрлі-түсті  асықтар алып шығады. Асықтың түсімен тақтада 
тығылып тұрған сұрақты таңдап,өз тобына барып 1-2 мин ішінде талқылаған соң, жауап береді.
ІІІ бөлім; «Тапқыр болсаң  тауып көр»
Қолөнері халқымның өрістесін,
Әрқашан алла берсін берекесін.
Өнерін ортаға сап өскен өркен,
Мақал-мәтел айтысып сөз сапьасын. 
 Мұнда мақал – мәтел жарысы. Жүргізуші мақалды бастайды ойыншылар жалғастыру қажет. Қай команда көп 
жауап берсе оларға фишка беріледі.
ІҮ бөлім. «Адамды адам еткен - еңбек»
Көрсетті өрендерім әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей  бір жай ұшып
Қолөнердің сан алуан түрін меңгерген,
Жанкүйерлер ат салыссын осы арада жарысып.
 Әр команданың жанкүйерлер тобынан 2 ер бала,2 қыз бала шеберліктерін көрсету. Қыздар мата 
қалдықтарымен жұмыс жасайды,ер балалар ағашпен жұмыс жасайды.
Ү бөлім. «Сен маған,мен саған» Үй тапсырмасы.
ҮІ бөлім. «Тығырықтан шығар жол» Сергіту сәтіндегі сұрақтар (ситуациялық тапсырма)
3.Қорытынды.
Көгере бер, өсе бер,
Өмір жолы еңбекпенен шешілер.
Шыңға шығар шынар болып шынайы,
Кездеспесін ешқашанда кесірлер.
Барына риза болсын көрермендер,
Байқауда білгенді де,білмегенді,
Осымен бұл қызықты тәмәмдасақ,
Тағы да үйренерміз аман болсақ.
І бөлім: « Бой сергіту»
 І топ.
1. Ұлттық  ет тағамдарының түрлерін  атаңыздар (қазы, қарта, жал-жая, ет, шұжық)
2. Ұлттық сүт өнімдерді атаңыздар (қымыз, шұбат, сүт, айран, құрт, сүзбе)
3.Мал терісінен жасалатын ыдыстар (саба, мес, торсық)
4. Зергерлік бұйымдарды атаңыздар ( алқа, білезік, сақина, сырға, шолпы)
5. Қол тігістері түрлері ( көктеу,  көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
6.Ағаштан жасалған бұйымдарды ата(күбі, құмыра, зерен, тегене, ожау, кебеже, асадал, кепсер, тостаған)
7. Жұқа фанерлы ДВП  оятын ара (лобзик)
8. Ағашты көркемдеп оятын құрал (қашау)
9. Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды ата ( құрақ)
10. Заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма қалай аталады.         (натюрморт)
ІІ топ.
1.
Ұлттық киімдер түрлері (көйлек, бешпент, қамзол, шапан, сәукеле, тақия)
2.
Ұлттық ұн тағамдарын ата (бауырсақ, шелпек, кеспе нан)
3.
Былғары бұйымдардың түрлерін ата (торсық, мес, саба)
4.
Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді атайды ((шалбар, белдемше, шорты)
5.
Тігін машина тігіс түрлері ( сырып тігу, қосып тігу, көмкеру, қондыру, бастыру, айыра, қайып тігу)
6.
Тоқты өткізбейтін қорғаныш зат (резеңке)
7.
Ағашты түйіндестіріп қиылыстыратын шеге (ағаш шеге)
12

8.
Қатты ағаш (емен), жұмсақ ағаш ( бал қарағай)
9.
Қазақтар киім тігуге өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған (жүн, тері)
10.
Табиғи көріністі бейнелейтін көркем шығарма (пейзаж)
ІІ бөлім: « Қалтадан шыққан  сый» Жұмбақтас.
1.
Екі семсер айқасқан,
Оқта – текте шайқасқан.  (Қайшы)
2.
Дәмді – дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.  (Дастархан)
3.
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар – қыруар іс өнер.  (Қол)
4.
Адамның сәні,онсыз жоқ мәні.  (Киім)
5.
Дорбаға тығып бас бағын,
Байлай салдым бас жағын.  (Тымақ)
6.
Іші егіс,сырты тегіс.  (Тон)
7.
Аузы бір қбыр.  (Шалбар)
8.
Дөңгелек өзі,төртеу көзі,
          Ұстайды мықтап,тұрғанды сырттан.  (Түйме)
  9.        Әшекейлі күбіні,
Кигіздім биік төбеге.  (Сәукеле)
10.      Екі тышқан бірлесіп, кесіп-пішіп береді,
Жүрмесе егер бірлесіп,жоқ қой оның керегі.  (Қайшы)
ІІІ бөлім; «Тапқыр болсаң  тауып көр». 
(Мақал – мәтелдерді тауып жаз.)
1.
Өнерді үйрен де жирен.
2.
Білім көп жерде - өнер көп.
3.
Үйренгенің өзіңе,істегенің өзіңе құт.
4.
Шебердің саусағы алтын.
5.
Ою ойғанның ойы ұшқыр
6.
Ырыс алды ынтымақ.
7.
Қыз еркем,кестесімен көркем.
8.
Өнер өрге жетелейді
9.
Еріншектің ертеңі бітпейді
10.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
11.
Өнер таусылмас қазына,жұтамас байлық.
12.
Бейнет түбі зейнет.
13.
Еріншектің ертеңі бітпейді.
14.
Оюды оя алмаған ойланбаған.
15.
Шеберді шеге қағысынан байқа.
ІҮ бөлім. «Адамды адам еткен - еңбек»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Осы бір сайыстардан бәйге алуға,
Барлығы аянбай – ақ жан салыпты.
Ән «Мектебім» Орындайтын 
Ү бөлім. «Сен маған,мен саған» Үй тапсырмасы.
ҮІ бөлім. «Тығырықтан шығар жол» Сергіту сәтіндегі сұрақтар (ситуациялық тапсырма)
1.
Әпкеңіз мұғалім. Ал сенің досың әпкеңіздің сабағын өткізуге еш мүмкіндік бермейді. Саған айтып еді, 
досыңа айтып ескерттің. Аз уақыттан кейін әлгі жағдай қайтып жалғасты. Сіз не істер едіңіз?
2.
Сыныпта досың екеуің оқу озатысыңдар.Достықтарың кішкентай кезіңнен жалғасып келеді.Бірде 
мектеп әкімшілігі әр сыныптан бір оқу озаты ғана жолдамамен «Балдәурен» демалыс лагеріне баратынын 
айтты. Осы жағдайда досыңызбен қандай шешімге келер едіңіз?
3.
Құрбы досыңыз математика сабағынан есеп шығарып беруді өтінді. Сен шығарып бердің.Осылайша 
бірнеше рет қайталанды. Бірде досыңнан география пәнінен көмектесуін сұрадың. Досың «басқалардан 
сұрасаңшы» деп теріс айналып кетті.Досыңды қалай бағалар едің?
4.
Сен сабаққа дайындалып жатырсың,орындайтын тапсырмалар көп.Кенеттен апаң сені дүкенге барып 
келуіңді сұрады.Сен осы уақытқа дейін анаңның тілін қайтарған жоқсың.Сен дүкенге барарма едің,әлде 
басқаша істерме едің?
13

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»
  Х.Санбаев атындағы орта мектептің
 қазақ тілі мен әдебиет  пән мұғалімі 
Рзақанова Сандуғаш Амандыққызы
Өзекті мәселе: Қандай да болмасын бір жұмысты қызыға, құлшына атқарудың нәтижесі адамның қабілетін 
шыңдайды.   Шығармашылық   тапсырмаларды   орындау   арқылы   оқушылардың   пәнге   деген   қызығушылығы 
оянады.   Шағын   әңгіме,   ойтолғау,   салыстырмалы   мінездемелер   жазу,   кейіпкер   портреті,   эссе   жазу   жоғары 
сыныптарда   балалардың   шығармашылық   тұрғыда   көркем   жанрда   еркін   қалам     сілтеуіне   жағымды   әсерін 
тигізеді. Жақсы берілген тапсырмаларға бала бар ынтасымен кірісіп, оны білуге, меңгерге талпынып, алуан 
түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.
Мақсат:  Баланың   бойындағы   білімге     құмарлығын,   қызығушылығын   жойып   алмай,   оның   үнемі   алға 
жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
Міндеттер:
- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
- өз әрекетіне мақсат қоя білуге үйрету;
- білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
- өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру;
-  шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
-
оқушылардың   пәнге   деген   қызығушылығы   артып,   шығармашылық   қиялды,   нақты   нәрсені   еркін, 
қызықты түрде қабылдай алады; 
-
әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдіретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алады; 
-
оқушылардың кітап оқу шеңбері ұлғаяды.
1.
Кіріспе.     Қызығушылық   –   адам   бойындағы   ең   асыл   қасиеттердің   бірі.  Өмір   сүрудің   өзі 
қызығушылықпен  біте  қайнасқан.  Қызығушылықтың  да   шарықтау  шегі  бар.  Ол   –  шынайы  махаббат.  Өмір 
сүруге құштарлық. Өнер- білім үйренуге деген талпыныстар, туған жер табиғатын аялау, мәпелеу – бәрі де 
қызығушылықтан туындаса керек. 
«Қызығушылық   »-   кең   мағынадағы   ұғым.   Ол   адамның   саналы   әрекеті.   Адам   айналасындағы   сан   алуан 
заттарға   ерекше   көңіл   бөліп,   қызығып   отырады.   Қызығушылықтың   үлкен   бір   орын   алатын   психикалық 
әрекетінің бірі – тілек. Адам не тілесе де, барлығы мұқтаждықтан туындайды. Ол үшін қызығатын нәрселер  
адамға   тек   жағымды   эмоциялық   сезімдер   туғызуы   керек.   Адам   алдына   мақсат   қойып,   өзінің   ерік-   жігерін 
жұмсап, кейбір заттармен үнемі шұғылданып отырады. Мәселен, оқушы оқуға қызығу үшін оқылатын дүниенің 
мазмұнын   түсінуі   қажет.   Қызығушылық   түсінік   болмаған     жерде   болмайды.   Қызығушылық   оқу-   тәрбие 
жұмысында   өте   қажетті   шарттар   болып   табылады.   Баланың   жақсы   оқуына   ,   жақсылап   түсініп   алуына   , 
балаларды   әдепті   етіп   тәрбиелеуде   ,   олардың   бойына   адамгершілік   қасиеттерді   енгізуде   ықпалы   зор.   Егер 
баланың   алжына   тұтқан   мүддесі,   қызығуы   болмаса,   оқу   пәніне,   тәрбие   жұмысына   ешбір   қызықпаса,   онда 
оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмайды. Қызығушылық нақтылы қоғамдық жағдайлармен де байланысты. 
Қызығушылық ортаның әсерінен, үлкендердің қылықтарынан пайда болып отырады.
Баланың қызығушылықтары оның жас ерекшеліктеріне де байланысты. Баланы еліміздің байлығымен, туған 
жерімізбен, қоғамдық өзгерістермен әрдайым таныстырып, қызықтыру қажет.«Туған жердей жер болмас, туған 
елдей  ел болмас» деген  қасиетті  ұғым баланың  отансүйгіштігін  оятатындай  болуы тиіс.  Қызығушылықтың 
дамуында   балалар   өздерінің   күшіне   сеніп,   атқаратын   жұмысына   ынталы   кірісуі   керек.   Ол   жұмыстың 
нәтижесін, табысын көрсе, онда көңіл күйі, рухы да көтеріңкі болады. Адамның іс- әрекетінің барлығы белгілі 
бір мақсатқа, мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Белгілі бір мақсаттарға жету кейде арман да болады.  
Арманға жету – адам бақыты. «Арман», «бақыт» дегендердің бәрі де өмірде қызығушылықпен астасып жатса 
керек.Оқуда болсын, еңбекте болсын адам алдына мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруды көздейді.Ең басты 
мақсат пен мүдде адам тұрмысында жетекші орын алып, адамды алға қарай жетелеп, жігерлендіріп отырады. 
Қалыпты жағдайда адамның барлық әрекет қылығы саналы болады. Саналы әрекеттің маңызды сипаттарының 
бірі – шығармашылық. Шығармашылық та – адамның өмірге деген қызығушылығының, махаббатының көрінісі. 
Шығармашылықтың   дамуында   жеке   адамның   ерекшеліктері   өте   маңызды   орын   алады.   Біздің   күнделікті 
тіршілік   әдетімізде   шығармашылық   әрекеті   болмаса,   онда   ешбір   жаңа   ой,   пікір   қалыптаспай,   нәтижелі 
табыстарға жетпеген болар едік. Шығармашылық  бар жерде қиял да, арман да бар. Қиял шығармашылықтың 
негізгі бір психикалық құрамы болып табылады. Шабыт – адамның бір іске деген қызығушылығының пісіп- 
жетілген, ептеп қана ағаш бұтағынан алынатын жемісі. Шабыт – адамның барлық қабілетінің қозып, жігерлі 
түрде әрекет етуінен туындайтын күй. Шығармашылықтың жемісті де нәтижелі болуы түрлі дағдыларға қызыға 
машықтануға байланысты. Дағдылану еңбектің түрлі салаларында өте үлкен орын алады. Адам өзінің істейтін 
еңбегіне орай тиісті дағдыларды меңгермесе , ол істейтін жұмысының тетігіне жете алмайды. Сонымен қатар 
14

жұмысын   дұрыс   ұйымдастырып,   еңбегінің   өнімін,   жемісін   көбейте   алмайды.   Әсіресе   дағдыланудың 
педагогикалық   үдерісте   алатын   орны   ерекше.   Егер   оқушы   оқу   үдерісінде   оқуға,   жазуға,   есеп   шығаруға 
машықтана алмаса, ондай оқушының ғылым негізін игеріп әкетуі неғайбыл болады.
Оқушының   ойыны,   оқу,   еңбегі   тек   қана   қызығушылық   болған   жерде   нәтижелі.   Бала     қызығушылығын 
тәрбиелеуде оқу мен еңбектің, ойынның маңызы ерекше. Бұлар жоқ жерде қызығушылық та жоқ. Ойын – бала 
әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің  
психикалық   ерекшеліктерін   қалыптастырады.   Мысалы,   кез   –   келген   бала   жалғыз   ойнамайды.   Құрбысымен 
бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бала бір – бірімен қарым – қатынас жасайды. Ойын баланың түрлі қасиеттерін,  
оның қызығушылығын дамытанын, баланың қабілетін, белсенділігін ұштайтынын білеміз.
«Үлкендер өмір үшін жұмыс, қызмет етеді, әрекет ету қандай орын алатын болса ойын да сондай үлкен 
маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке 
тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады » деген А.С.Макаренко.
Шәкірт ең алдымен өзіне білім – тәрбие беретін мұғалімнің жақсы қасиеттеріне қызыға қарайды. Мұғалімнің  
дене сымбаты, киген киімі, жүріс – тұрысы үнемі оқушының бақылауында, назарында болады. Егер мұғалім  
сабағын   ерекше   тартымды,   оқушының   бәріне   де   түсінікті   етіп   өткіземін   десе,   ең   әуелі   оқушылардың   сол 
сабаққа деген қызығушылығын оята білуі керек. Қазіргі мектеп оқушыларының талғамы терең. Себебі балалар 
күнде де, түнде де теледидар алдынан кетпейді, әдеби кітаптар да оқитын сауатты балалар жетіп артылады.  
Сабақты қызығушылықпен өткізуде мұғалімнің сөйлер сөзі ерекше маңызды. Мәнерлі тілмен   айтылған сөз, 
ұстаздың дауыс мәнері, актерлік шеберлік  нышандары оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырады. 
Шәкірт   қызығушылығын   сабақта   дамытып   тәрбиелеуде   мұғалімнің   сабақты   әр   алуан   түрде   өткізуі   ерекше 
маңызды. Әркез өткізілетін сабақ оқушыларды тек қуанышқа бөлесе дейміз. Қуаныш бойды билесе, сабаққа 
деген қызығушылығы өшпейді.  «Алдында ешқандай қуаныш болмаса, адам жарық дүниеде  тіршілік етіп жүре  
алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы -  ертеңгі қуаныш» (А.С.Макаренко) 
Шәкіртті сабақта түсініп оқуға бірден – бір қызықтыратын – ұстаз ғана. Оның ерекше бір әсермен, тебірене 
де, жігерлене де, шабыттана да, күңірене де айтқан бір ауыз сөзі. Ұстаздың тіл өнері. 
Қызығушылық – дүниедегі заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып білуге бағытталған адамның жеке 
ерекшеліктерінің бір көрінісі. Қызығушылық кезінде адам бір нәрсеге қызығып, соған зейін аударады. Өзіне  
тартып,   құмарттыратын   нәрсенің   бәрі   қызығушылықтың   нысаны   болып   табылады.   Қызығушылық 
құбылысының   табиғаты   өте   күрделі.   Ол   ең   алдымен   өзінің   көлемі   жағынан   түрліше   болады.   Бір   адамның 
қызығушылығы жан – жақты, кең болып келсе, екінші адамның қызығушылығы өте таяз, тар болып келеді. 
Адамның  қызығушылық  саласындағы  ерекшеліктері  де әр түрлі. Бұл  өзгешеліктер  адамның  іс – әрекетіне, 
көзқарасы мен талғамына, мұрат, мүддесіне байланысты. Адамның қызығушылығы сан алуан болуы мүмкін. 
Осылардың  ішінде  біреуі  басыңқы болады. Мұндай  қызығушылық  еңбек. Оқу, өнер  – білім әрекетінде аса 
қажет. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс – әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады.
II. 1. Көркем әдебиетке деген қызығушылықты оятудағы шығармашылық жұмыстардың түрлері.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – білімді ұрпақ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел 
халқына жолдауында  «ХХI ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны 
жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады» - 
деп сапалы білім  беруге ерекше назар аударып отыр. Ендеше еліміз саяси – әлеуметтік және экономикалық 
дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білімді, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының 
алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Ал қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің міндеті – жас буынды 
кітап оқуға, сөз өнерін түсінуге, сезім мен адамгершілікке тәрбиелей отырып, жеке қабілеті мен белсенділігін 
дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін– өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол 
табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы 
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына 
көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең 
маңызды мақсаты болып табылады. Әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе жатқан 
қабілеттің ең алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде 
ықпал ете алады. Ол үшін мұғалім мейірбан болып, балаларды сол қалпында сүюі тиіс. Тентегін де, тіл 
алғышын да, жалқауын да, ыждағаттысын да бірдей жақсы көруі қажет.                                                                       
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу 
үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді 
қолдануға болады. Олар мынандай:
1.
Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.
Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу. ( анаграмма, сөзжұмбақ, 
құрастырмалы ойындар, т.б)
4.
Берілген  тапсырмаларды түрлендіру бағытындағы жұмыс. (мәтін мазмұнын  өңдеу, шығарма, шағын 
мәтін құру, эссе, ойтолғау, т.б)
5.
Әңгіменің ұқсастығын салыстыру,бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
15

6.
Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
7.
Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
8.
Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
9.
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Партада отырған әрбір бала – жеке тұлға. Шығармашылық – осы тұлғаны дамытудың тиімді тәсілі. Алдына 
нақты   мақсат   қою   арқылы   биіктерге   беттеу,   болашаққа   ұмтылу   және   нәтижелерге   жету   тек   шығармашыл 
адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатындығы 
ғылымда дәлелденген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет