Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім ұстаз шығармашылығЫ



Pdf көрінісі
бет26/30
Дата27.01.2017
өлшемі6,96 Mb.
#2822
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

11. ҚорытындыҚазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз
Қорытындылау, бағалау
* * * * *
151

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «ҮШІН, ТУРАЛЫ, ДЕЙІН (ШЕЙІН) ШЫЛАУЛАРЫ»
 
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі
Кутешова Жадыра Серикалиевна
Сабақтың тақырыбы: Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары Қазақ тілі 4 сынып 
Сабақтың мақсаты:Үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары септік жалғаулы сөздермен тіркесіп келіп,оған 
қосымша мән үстеп тұратындығын және алдындағы сөздердің септік жалғауда тұратыны қажет ететінін 
түсіндіру.
Міндеттері:1.Шылау және оның қолданылуы жайлы білімдерін тереңдету.
2. Жаттығуларды ауызша, жазбаша орындату арқылы шылау туралы алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу 
дағдыларын қалыптастыру. 
3.Сабақ барысында еңбекқорлыққа, іздемпаздыққа, салт-дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау, ой қорыту, өз бетімен жұмыс, сын тұрғынан ойлау технологиясы 
Көрнекіліктер: кесте, семантикалық карта, слайд,үш түсті смайликтер, шашу табағы. 
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу сәті
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансыз ба, ұстаздар!
Сіздерді көрсем қуанам.
 Психологиялық даярлық
Күннің сәні - шуағымен 
Қыстың сәні-  қырауымен 
Көлдің сәні - аққуымен
Оқушы сәні - біліммен
ІІ.Өткенді қайталау кезеңі. Ойын «Жалауша»
Жалаушадағы  сұрақтар мен тапсырмалар:
24.
Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылықтары бар?
25.
Не себепті шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды?
26.
Сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды атаңдар.
27.
Өзі тіркескен сөзге сұраулық мағына үстеп тұратын шылауларды қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
(Жалауша артынан қазақтың салт-дәстүрі «Шашу» туралы түсінік шығады, 1 оқушы дауыстап оқиды
оқушылардан шашуды қайда, кай кезде шашылатыны сұралады)
Мұғалімнің сөзі: - Балалар бүгін мен сендерге шашу табағын алып келдім. Бұл табақтағы теңгелерді сабаққа 
жақсы қатысқан балаларға беріледі. Ал осы шашу табағынан дәм татуға ат салысайық, әрі өзіміздің білімімізді 
көрсетейік.
2.Ережелерді еске түсіру. Семантикалық карта. 
Сөз 
таптары 
Зат есім, сан 
есім,
сын есім 
орнына 
жұмсалатын 
сөздер
Өз алдына  
дербес 
мағынасы 
жоқ сөздер
Заттың 
атын 
білдіретін 
сөздер
Заттың 
санын, 
ретін 
білдіретін 
сөздер
Заттың 
түрін,түсін
сапасын 
білдіретін 
сөздер
Заттың іс 
-әрекетін, 
қимылын 
білдіретін 
сөздер
Іс-
әрекеттің
мезгілін,
мекенін, 
сын-
қимылын 
білдіретін 
сөздер
Зат есім
Сын 
есім
Сан есім
Етістік 
Есімдік 
Үстеу 
Шылау 
3. Семантикалық картаны мысалдар келтіре отырып, дәлелде(оқушылар өздерін тексереді,бағалайды)
ІІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі. Жаңа тақырыпты ашу
Өрнектердің мәнін тауып, жаңа тақырыпты ашады.(Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары)
250×6+350×6=3600
              (176+124)×450=135000
152

(125+875)×24=24000
                                    3600×2+450×2 =8100
 ІІІ. Мағынаны тану кезеңі
А)Тақтада төмендегідей кесте көрсетіледі. 
1.Атам маған Қамбар батыр ...  жыр айтып берді. 
2.Ана баласы  ...  түн ұйқысын төрт бөледі. 
3.Әлі тау басына   ...   біраз жер бар.
              Туралы, үшін, дейін (шейін)
Оқушылар мынадай тапсырмаларды орындайды:
-
Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып, сөйлемдерді оқиды (Атам маған Қамбар батыр туралы 
жыр айтып берді);
-
Шылаулардың тіркесіп тұрған сөздері қай сөз табы және олар қай септікте тұрғанын анықтайды 
(Қамбар батыр туралы ).
Тапсырманы орындап болған соң , «Базарлық» туралы түсінік беріледі.                                                                      
ІҮ. Ой толғаныс  кезеңі
 Оқулықпен жұмыс.
25 -жаттығу ауызша  орындалады.(Оқушыларды сөйлемдерді оқып,әр сөйлемдегі шылауды тауып, не үшін 
қоланылып тұрғанын, байланысқан сөздің қай септікте тұрғанын дәлелдейді)
Қорытынды шығарады:
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларының өзіндік белгілері қарастырылады:
9.
Шылау, туралы, дейін (шейін) шылаулары өзінің алдындағы сөздерінің белгілі бір септікте тұруын 
қажет етеді;
10.
Үшін, туралы шылаулары атау септіктегі, дейін, шейін шылаулары барыс септіктегі сөздермен 
тіркеседі;
11.
Бұл  шылаулар белгілі септік жалғаулы сөздермен тіркесіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, т.б.) мән 
үстейді.
12.
Өздері тіркескен сөздерден бөлек жазылады. 
Тапсырманы орындап болған соң,қалжа туралы түсінік беріледі.
Дәптермен жұмыс.Көркем жазу. Ққ қалжа 
Қолға қалам алайық
Сауатты, әдемі жазайық.
26- жаттығу. Жатқа жазу.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
(Оқушылар мақалды жатқа жазады, мағынасын түсіндіреді.Шылауды тауып, қай сөзбен тіркесіп 
тұрғанын,алдыңғы сөздің қай септікте тұрғанын анықтайды.)
Сүндет той туралы түсінік беріледі .
19.
Көңілді үзіліс .Сергіту сәті (Кірпімен бірге «Қара жорға» билейік)
Видео көрсетіледі, оқушылар кірпі қимылын қайталай отырып,қара жорға билейді.
Өзіндік жұмыс.Туралы, дейін (шейін) шылауларын қатыстырып, сөйлем құрастырып жазу.
(Оқушылар сөйлемдерін оқи отырып, шылауларды тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын, ол сөздің қай 
септікте тұрғанын анықтайды.)
Сүйінші туралы түсінік беріледі.
28- жаттығу. (Интерактивті тақтамен жұмыс) Көру диктанты 
Айжан түске дейін кітапханада болды. Барлаушылар туралы кино көрдім. Жақсы оқу үшін тыңғылықты 
дайындалу керек.
 Үшін,туралы,дейін,шейін шылауын алып тастап оқып көріңдер.
Қорытынды шығару:
13.
Үшін, туралы  шылауы атау септіктегі сөзге тіркесіп, екінші сөзге байланысып тұр және сөз тіркесін 
құрап тұр. 
14.
Дейін, шейін  шылауы барыс септіктегі сөзбен байланысып тұр.
Қыз ұзату салт –дәстүрі туралы түсінік беріледі.
ҮІ. Қорытынды  кезең
а)Топтастыру стратегиясы бойынша сызба толтыру.
Үшін,туралы,дейін,шейін шылаулары сөзге мезгілдік,мекендік,мақсаттық т.б үстеме мағына береді
ә) Кесте толтыру
Етістік 
Үстеу 
Сын есім
Шылау 
Оқушылар  кесте толтыра отырып, сөз таптарының ұқсастығы мен айырмашылығына тоқталады.
б) Ойын «Наурыз көже» 
- Наурыз көже қай кезде жасалады? Қандай нәрселер қосылады? 
- Ендеше біздің бүгінгі наурыз көжеге қандай нәрселер қосамыз,оны ойын барысында анықтаймыз.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Үшін, туралы шылаулары қай септіктегі сөздермен тіркеседі?(ет)
153

2.Дейін, (шейін) шылаулары ше?(сүт)
3.Үшін,дейін  шылауларын қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңдар.(құрт)
4.Шылау сөйлем мүшесі бола ?(бидай)
5.Мен, бен, пен шылаулары не үшін қолданылады?(су)
6.Шылаулар қалай жазылады?(тұз)
7. Өтірік айтпа. Ол сабаған оқып па? Екі сөйлемді салыстыр.(тары)
В)Үйге тапсырма. 30-жаттығу.(170 бет)
 Бағалау. (өзін –өзі бағалау)
– Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсене қатыстым, өте жақсы жауап бердім десе 1- ші смайликті таңдайды. «5» 
деген баға
– Жаңа сабақты түсіндім, бірақ белсене қатыспадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа 2-ші смайликті 
таңдайды. «4» деген баға
– Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – 
3-ші смайликті таңдайды. «3» деген баға
* * * * *
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Атырау қаласы   Ғани Мұратбаев орта мектебінің І ші санатты   
 математика  пәні мұғалімі    Қанатова Талшын Иватқызы
         
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы   азаматтық   құндылықтар,   ғылым   жетістіктері   негізінде   жеке   адамды   қалыптастыруға   және   кәсіби 
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім 
беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» делінген. 
Қазақ елінің болашағы бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше, ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан 
жақты жетілген, бойында ұлттық тәрбие, ұлттық сана қалыптасқан, білімді, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру 
басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстап жүруіміз қажет. Бүгінгі таңда білім беру мазмұны жаңару үстінде. 
Сол   жаңару   жолындағы   міндеттерді   іске   асырушы   маңызды   мекемелер   балабақша,   мектеп,   жоғары   оқу 
орындары. 
Мектеп   қабырғасынан   бастап   ұрпағымызды   парасатты   да   білікті,   мәдениетті   де   білімді   етіп   тәрбиелеп, 
олардың   дүниетанымын   жалпы   адамзаттық   деңгейде   дамытамыз   десек,   бойында   ұлттық   және   азаматтық 
намысы бар, ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық өмірдің өзегін келешек ұрпақ тәрбиесіне, соның ішінде 
ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге бағыттауымыз керек.  
Олай болса, басты мақсат  – жас ұрпақты ұлттық  игіліктер мен  адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени 
мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. 
Мұғалім жан - жақты жетілген, білімді, халықтық дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана ерекшеліктерінен 
сусындаған   шәкірт   тәрбиелеуі   тиіс.   Өйткені,   білім   мен   ғылымды   өз   дәрежесінде   меңгерген   елдер   ғана 
экономикалық
 
дамуда
 
әлемдік
 
дамудың
 
алдыңғы
 
көшінде
 
бола
 
алады.
Қазақ халқы ерте замандарда ғылым мен білімге еркін қолы жетпесе де өмірлік тәжірибеден оқып үйреніп 
талғай біліп, шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен  сақтап, біздің дәуірімізге жеткізе білген.
Қазақ   ағартушысы   М.   Жұмабаевтың   «Әрбір   ұлттың   баласы   өз   ұлтының   арасында,   өз   ұлты   үшін   қызмет 
қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелі қылуға міндетті» деген ұлағатты сөзі 
қазіргі
 
заманға
 
сай
 
еліміздегі
 
ұлттық
 
мектептің
 
қалыптасуын
 
меңзейді.
Елбасымыздың  сөзімен  айтқанда,  «Қазақстан  біреулердің  қазақтарға тартуы  емес,  олардың  тарихи  Отаны». 
Адам   бойына   біткен   алуан   қасиет,   дарын   туған   топырақтан   дариды.   Туған   жерге   деген   сүйіспеншілік   пен 
мейірім
 
кейінгі
 
ұрпаққа
 
ана
 
сүтімен,
 
бесік
 
жырымен
 
сіңірілген.
Оқушылардың   пәнге   деген   қызығушылығын   туғызудың   жолдарының   көзі   қазақ   халқының   тәрбиелік   және 
танымдық мәні бар, баға жетпес асыл қазынасы, тарихи – мәдени мұраларында жатыр. Соның бірі – Қазақтың  
ұлттық шежіресі. 
«Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, біліп оны ескерсе, дүниедегі алыс-жақын мен 
жақсы-жаманды білгені мен көргені көп болған адам білімді болады» - дейді Абай Құнанбаев.  [1]   
Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлттық ойын түрлерін өтетін 
тақырыпқа лайықтап пайдалану – тасада қалып келген дәстүрлерімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына 
сіңіруге үлкен көмегін тигізеді. Сонымен бірге оқушылар халқымыздың өткен тарихына ойлы көз тастап, 
қарым-қатынасты, салт-дәстүрлерді саналы түрде сезінеді.
«Квадрат теңдеу» тақырыбында “Зерде” ойынында мақал-мәтелдер, даналық сөздер жүргізуге болады. Оның 
ішінде екі сан есім квадрат теңдеудің түбірі, яғни Виет теоремасына кері теоремасы бойынша квадрат теңдеу 
құру керек.
1. х2-11х+10=0/   х1=1; х2=10
Бір тал кессең, (он тал ек).
154

2. х2-8х+7=0/   х1=1; х2=7
Жеті рет өлшеп (бір рет кес).
3. х2-9х+8=0/     х1=1; х2=8
Жігіт сегіз қырлы (бір сырлы).
4. х2-70х+1200=0/     х1=7; х2=7
Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі білім ал)
5. х2-10х+24=0/   D=4   х1=6; х2=4
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді (төртеу түгел болса, төбедегі жетеді).
6. х2-1001х+1000=0/   D=998001   х1=1; х2=1000
Білімді мыңды жығады (білекті бірді жығады).
 Санға қатысты жұмбақтар:
28.
Бес, он,
Жиырма, елу,
Жүз, екі жүз, бес жүз,мың бар.
Әрқайсысының құны бар.                      (Теңгелер)
2. 100 мүйізі бар
Үстінде киізі бар.         (Киіз үй)                              
3. Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар
Салдыраған 8 жерден таңбасы бар.
Бұлбұлды жолға салып айдағанда,
Салатын неше түрлі жорғасы бар.                           (Домбыра)
                                                       
Математикалық сандармен берілген мақал – мәтелдер:
Ел құлағы –  елу.
Елу жылда–  ел жаңа.
Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем бер. 
Халық педагогикасының тағылымдарын математика сабақтарында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік 
мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш 
рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.
5 сыныпта бөлшек тақырыбын өткен уақытта бөлшектің негізгі ұғымын біздің ата бабаларымыз өте ерте 
кезден  бері қолданғаны туралы айта кеткен жөн, яғни қазақтың төрт түлігі он екі жілікке , төрт аяқ бөлінген. 
Бір жілікті -  бөлік ,   бір аяқты     бөлік .
Ет мүшелеу дегеніміз - сойылған малдың етін жілік-жілігімен бөлшектеу. Малдың төрт аяғындағы 12 
жіліктегі жамбас, ортан жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік, жауырын сүйектеріне орай ет мүшелегенде осы 
жіліктерді буын-буыны бойынша ажыратып жіліктейді.
жамбас - 2, ортан жілік - 2, асықты жілік - 2, бел омыртқа - 1, сүбе қабырға - 2, (сүбемен бірге бүйректен 
жоғары 5 қабырға кетеді), қабырға - 2, төс - 1, омыртқа - 1, жауырын - 2, тоқпан жілік - 2, кәрі жілік - 2, бұғана - 
1, мойын - 1 етіп бөледі .
 Ұлттық құндылықтардың бірі халықтық есептер. Табақ тарту есебі.
Тәттібек дейтін кісінің үйіне қонақ келді. Шайдан соң қонақтарға табақ тарту кезінде Тәттібек жұбайына 
келіп, «Екеу ара табақ тартсаң, онда бір табақ ет артылып қалады, не істеу керек» деген екен. Сонда қонақ 
қанша? табақ қанша? 
Шешуі Х қонақ, У табақ
3у-3=2у+2
3у-2у=3+2
у=5
х=2у+2=2*5+2=12
Жауабы: 12 қонақ, 5табақ.
Шәкәрім мұрасы математикалық жұмбақтарын өзімнің сабақтарымда жие қолданамын. 
Тоғыз жиылып бір толғатқан
Бірін бірі буазғыз жуандатқан
Тоғызының киімі тоғыз түрлі
Келген кісі сияқты әр тараптан...
Ал,балалар бұл не?
(математикалық цифрлар)
Тамам сөзді сөйлейді сөйле десе,
Етінен ет кесемін сөйлемесе 
Айт демес, айтпайтұғын жауабы жоқ.
Сүйгенімді сөйлеттім әлденше. 
(қарындаш)
Оқушыларға тек пәндік білім, білік дағдыларын меңгертпей  ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мақсатын 
155

түсіндіре отырып сабақтарда қолдану қажет. 
Байтерек монументтінің шармен қосқандағы биіктігі  105  метр, шарсыз биіктігі 97 метр. Осы сандарды 
пайдаланып дұрыс бөлшек,  бұрыс бөлшек және аралас сандарды жазыңдар.
Киіз үйдің биіктігі 4м  20см. Бұл оның керегесінің, уық бөлігінің және шаңырағының биіктіктерінің 
қосындысына тең. Оның керегесінің биіктігі 1м 60см,уық бөлігінің биіктігі  2м. Шаңырағының биіктігі киіз үй 
биіктігінің қандай бөлігін құрайды.
Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойына (В 
нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді. А,В және С нүктелерін  
координаталарымен жазыңдар.
Домбыраның басы(құлағы)   м, мойны   м, шанағы   м. Домбыраның ұзындығы неше метр.
Сандықтың биіктігі 50см. Ұзындығы 1м 50см, ені 55см. Сандықтың көлемін және ауданын тауып, оларды 
бұрыс және дұрыс бөлшек түрінде жазыңдар.  
6 сыныпта өстік симметрия тақырыбын өткенде үй жиһаздарына бедерлеп салынатын ою өрнектер түзуге 
қатысты симметриялы түрде салынатынын айтып кеткен жөн. 
Бабаларымыз ошақпен мосыны жасауда және пайдалануда «бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте арқылы 
жазықтық жүргізуге болады және ол біреу болады» деген заңдылықты тұрмыста шебер пайдалана білген. Конус 
тақырыбын түсіндіргенде қазақ қыздарының басына киетін сәукеле ер адамдардың басына киетін тақияны 
айтып кеткен жөн.  
Халқымыздың осындай асыл тәрбиелік мұраларын күнделікті сабақ мазмұнымен байланыстыра оқушыларға 
жеткізіп отыру жас ұрпақтың таным дүниесін кеңейтіп, ұлттық тәлім береді. Халқымыздың маңдайына біткен 
ұлттық құндылықтарымызды сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан 
халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс 
жасамайынша оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып ықпалдастыру мүмкін болмайды. Еліміздің тұғырын берік 
ұстап тұра алатын оны одан әрі дамытып көркейтетін ұрпақ даярлау мақсатымыз.
* * * * *
ТАРИХ ПӘНІНЕН ҰБТ-ГЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ӨТКІЗІЛЕТІН ТЕСТ ТҮРЛЕРІ
Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Красноармейка орта 
жалпы білім беру мектебі. Тарих пәні мұғалімі
Мырзабекова Дана Ержановна
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңінде тарих пәнінің   оқытылуы айтарлықтай қиыншылықтар туғызып 
отыр. Сондықтан тарих пәнінің әрбір сабағы көп ізденуді, қосымша деректермен толықтыруды керек етеді. 
Мұғалім тақырыптың мазмұнын кеңейтетін және толықтыратын  қосымша материалды кең  қолдану арқылы 
дәстүрлі   емес   сабақ   түрлерін   өткізіп,   оқушылардың   тарих   пәніне   деген   қызығушылығын   үнемі   арттырып 
отыруға   тиіс.   Осы   міндеттермен   талаптарды   мұғалім   сабақ   барысында   қолданып,   баланың   білімдік   және 
біліктілік дағдыларын қалыптастыра алады
Тарих пәнін оқытудың басты міндеті – жас ұрпақты адамзаттың шынайы тарихымен таныстыру, дүниежүзілік 
мәдениеттің негізгі жетістіктерімен сусындату, тарихты сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын 
шығармашылықпен жұмыс істеп, дұрыс қорытынды жасай алатын оқушыларды тәрбиелеп шығару.
Әзірлеген  баяндамамның  мақсаты – бүгінгі күнде педагогикада қолданылатын тест түрлерімен таныстыру 
және өзімнің оларды тарих сабағында пайдаланудың әдіс-тәсілдерімен бөлісу. Мұнда тест түрлеріне жалпы 
шолу және 6 сынып курсы бойынша Ұлттық Біріңғай Тестілеуге дайындық кезінде өзім қолданатын  тест 
тапсырмаларының  үлгілері берілген. 
Тест тапсырмаларының типтері мен түрлері.
Тест тапсырмаларының формасы олардың мазмұны мен тестілеу мақсатына байланысты болады. Бүгінгі 
күнде педагогикада кез келген пән бойынша тест тапсырмаларын құрастырудың негізі болып табылатын тест 
тапсырмаларының негізгі төрт формасы қалыптасқан.

Дұрыс жауап (жауаптар) таңдауы бар тапсырмалардың жабық формасы.

Дұрыс сәйкестілікті анықтауға бағытталған тапсырма. 

Ашық формалы тапсырмалар (толықтырулары бар) – жауабын оқу өзі арнайы орынға жазады. 
Толықтырған соң оқушы дұрыс немесе қате жауабын алады. 

Дұрыс бірізділікті анықтауға бағытталған тапсырмалар: әрекет, операция, есептеу т.б.
Ашық типті тапсырмалар екі түрлі болады – толықтыру және еркін баяндау тапсырмалары. Мұндай 
тапсырмалардың ерекшелігі – оларды орындау үшін оқушы бір немесе бірнеше сөз (сан, әріп, сөз тіркесі
сөйлем) жазуы тиіс. 
Жабық типті тапсырмалар (баламалы жауаптары бар, көп ішінен таңдау, сәйкестікті орнату және бірізділікті 
орнату) берілген сұраққа түрлі жауап нұсқаларын таңдау мүмкіндігі бар: ұсынылған бірнеше жауаптар ішінен 
бір немене одан да көп дұрыс жауаптар таңдап алынады, тізімнің ішінен дұрыс (немесе қате) элементтер 
156

алынады т.с.с. Бұл тапсырмалар қойылған сұраққа алдын ала дайындалған бірнеше жауаптардың болуын қажет 
етеді. 
Жабық типті тапсырмалар.
1.Баламалы жауаптар тапсырмалары.
Баламалы жауаптардың әрбір тапсырмасына тек екі жауап нұсқасы беріледі. Тест өтуші біреуін таңдауы 
тиіс – «иә», «жоқ» немесе «дұрыс», «қате» т.с.с.
Тапсырма формасы
Тапсырма мәтіні (сұрақ)
Жауабы 
1 тұжырым 
Иә
Жоқ 
2 тұжырым 
Иә
Жоқ
3 тұжырым 
Иә
Жоқ
...
...
...
Баламалы жауаптар тапсырмасына арналған нұсқаулық: Сізге өзіңіз дұрыс санайтын жауаптың бір нұсқасын 
таңдап алу қажет
Баламалы жауаптар тапсырмалары көбінесе күрделі анықтамаларды игеру деңгейін, біршама күрделі графиктер, 
диаграммалар, сызбаларды білуін анықтау үшін қолайлы. 
Баламалы жауаптар тапсырмаларының ерекшелігі – мұндағы сұрақ тұжырым ретінде қойылуы тиіс, себебі, 
жауап келісуді немесе келіспеуді білдіреді.
Мысал.
Нұсқаулық: өзіңіз дұрыс деп санайтын жауап нұсқасын таңдап алыңыз.
Сұрақ: Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей ме?
Жауап нұсқалары:
3.
Иә
4.
Жоқ
Жауап: иә.
2.Көп ішінен таңдау тапсырмалары.
Бұл нәтиже тесттерінде қолданылатын тапсырмалардың негізгі түрі. Көп ішінен таңдау тапсырмалары таңдау 
нұсқаларының болуын меңзейді. Тестті орындаушы ұсынылған жауаптың ішінен біреуін таңдауы тиіс, көбінесе 
олардың біреуі ғана дұрыс болады.
Көп ішінен таңдау тапсырмаларын ұсыну формасы:
Сұрақ (тұжырым):
А) 1 жауап нұсқасы
В) 2 жауап нұсқасы
С) 3 жауап нұсқасы
Д) 4 жауап нұсқасы
Е) 5 жауап нұсқасы  
Көп ішінен таңдау тапсырмаларына арналған нұсқаулық: Дұрыс жауап нұсқасына сәйкес келетін әріпті 
(әріптерді) таңдаңыз.
Мысал 1. 
Нұсқаулық: дұрыс жауап нұсқасына сәйкес келетін 
әріпті таңдаңыз.
Сұрақ: қазақтардың патша үкіметіне қарсы 1783-1797 
ж.ж. болған ұлт-азаттық көтерілісін басқарған 
қолбасшы:
Жауап нұсқалары:
А) К.Қасымұлы
В) С.Датұлы
С) М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы
Д) Есет Көтібарұлы
Е) Тентектөре
Дұрыс жауабы: В)
Мысал 2.  
Нұсқаулық: дұрыс жауап нұсқасына сәйкес келетін 
әріптерді таңдаңыз.
Сұрақ: XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың патша 
үкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшыларын 
атаңыз:
А) К.Қасымұлы
В) Әмір Темір
С) С.Датұлы
Д) Қ.Рысқұлбеков
Е) А.Иманов 
F) Есет Көтібарұлы
G) Тентектөре
H) М.Өтемісұлы, И.Тайманұлы
Дұрыс жауаптар: А, С, F, H.
3.Сәйкестікті орнатуға арналған тапсырмалар. 
Мұндай типті тапсырмаларға екі тізім, екі қатар элементтерінің арасында сәйкестікті орнату 
тапсырмалары жатады. 
Сәйкестікті орнату тапсырмаларын ұсыну формасы:
157

Нұсқаулық: 1 және 2 бағанда жазылғандарды сәйкестендіріңдер.
Сұрақ:
Жауап нұсқалары:
1 баған
2 баған
А
1
В
2
С
3
Д
4
Е
5
Мысал. 
Нұсқаулық: 1 және 2 бағанда жазылғандарды сәйкестендіріңдер.
Сұрақ: Қазақстан жерінде ертеде мекендеген тайпалық одақтарды билеушілерінің титулымен 
сәйкестендіріңдер:
Жауап нұсқалары:
1 баған
2 баған
А) Сақтар 
1) шаньюй
В) Үйсіндер
2) көсем
С) Қаңлылар
3) гуньмо
Д) Ғұндар
4) хан
Е) Сарматтар 
5) патша
Дұрыс жауаптар: А-5, В-3, С-4, Д-1, Е-2
Мұндай түрдегі тапсырмалардың басты артықшылығы – нақты ғылым саласындағы білім, білік, дағдыларды 
жылдам бағалау және тесттегі тапсырмалардың үнемді орналасуында.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет