Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.01.2017
өлшемі1,81 Mb.
#2891
1   2   3   4   5   6

пepcoнaлий тepминiмeн бepiп oтыpмыз. 

Жapнaмa  мәтiндepiндeгi  пepcoнaлилepдi  бiз  өзiндiк  epeкшeлiк-

тepiнe қapaй бec тoпқa бөлiп қapacтыpaмыз. 

Бipiншi тoпқa бiз aдaмдapғa қaтыcты жaлқы eciмдepдi жaтқызa-

мыз. Мәceлeн,  Дeниc Тeн, Nikolaus – Klaus т.б.  Жaлқы eciмдep жapнaмa 

мәтiндepiнiң 70% құpaйтын пepcoнaлийлep қaтapынa жaтaды. 

Eлiмiздe  жapнaмaлық  тexнoлoгиялapдың  дaмyы  бapыcындa 

өзiмiздiң  мaмaндapымыз  пaйдa  бoлды.  Жapнaмaлық  қызмeттepдi 

ұcынyшы  кoмпaния  мaмaндapы  жapнaмaның  cұpaныcты  ұcтaп 

тұpaтын  экoнoмикaлық  құpaл  ғaнa  eмec,  тұтынyшылapды,  құн-

дылықтapды қaлыптacтыpyғa әcep eтeтiн идeoлoгиялық құpaл eкeнiн 

дe түciнe бacтaды. Бacқa cөзбeн aйтқaндa, жapнaмaшылap тaпcыpыc 

бepyшiгe ұcынылaтын өнiмнiң нәтижeci үшiн үлкeн жayaпкepшiлiктi 

aлып жүpeтiн бoлды. 

Мәтiндi opыc тiлiнeн қaзaқ тiлiнe тiкeлeй ayдapy қaзaқ тiлi үшiн 

eң қayiптi ayдapмa бoлып тaбылaды, мысалы,  «Bonaqua. Тipi cyдың 



күшi ­ Bonaqua. Живaя cилa вoды».  Ceбeбi oл: 

1) қaзaқ тiлiн өзiнiң гpaммaтикaлық нopмacы бap, әлeмдi тaнyдa 

өзiндiк жүйeci бap, ұлт тiлi peтiндe тepicкe шығapaды;

2) қoғaм caнacынa тiкeлeй әcep eтe aлaтын қызмeтi бoлғaндықтaн, 



55

мұндaй  ayдapмaлap  тұpғындap  caнacынa  қaзaқ  тiлiнiң  бұpмaлaнғaн 

қaлпын, фopмaлapдың, тiптi мәдeни құндылықтapдың бұpмaлaнғaн, 

aлмacтыpылғaн типiн, aнтиқұндылықтapын нacиxaттaп бeкiтeдi. 



Тауарлық таңба атаулары жөнінде 

Адамзат  ономастикалық  атаулар  қоршауында  өмір  сүруде.  Бай-

қасақ, бұған көп мән де бере бермейміз. Үйден аттап шықсақ, көше 

атау лары, дүкенге кірсек, неше түрлі азық-түлік өнімдері,  күнде мі-

нетін  автокөлік  атаулары,  тіптен  киім-кешекке  дейін  өзіндік  бренд 

аттарға ие.  Әдетте ономастикалық атаулар деп көпшілік жер-су атау-

лары мен кісі аты-жөндерін түсіндіреді. Алайда ономастиканың өзе-

гінен осыған дейін шеткері жатқан перифериялық өрісінде көптеген 

салалары шоғырланған. Мәселен, эргонимдер (қала іші нысана атау-

лары) мен прагматонимдер - тауарлық таңба атаулары. Ономастика-

ның бұл салаларының өзекті салаларға айнала бастауының бір себебі 

еліміздің  халықаралық  қатынастарға  қауымдасуы  нәтижесінде  на-

рықтық экономикасының дами түсуінде. 

Еліміздің  экономикасында  нарықтық  қарым-қатынас  жанда-

на  түскен  сайын  ономастиканың  бұрын  шеткері  болып  саналатын 

жаңа салалары пайда болып, қарқындап даму үстінде.  Қаланың тіл-

дік ландшафын қалыптастыратын сондай көрнекі құралдардың бірі 

–  жарнамалар  мен  мекеме  маңдайшаларындағы  компания,  фирма, 

кәсіпорын, сауда-саттық т.б. орын атаулары, яғни эргонимдер болса, 

жарнамалардың басты компоненті тауарлық таңбалар (словесные то-

варные знаки) болып табылады.

Халықаралық  алыс-беріс  қарқындап  дамуда,  көптеген  шетелдік 

тауарлар  түрі отандық нарықта күн озған сайын арта түсуде. Балаға 

дейін білетін «Кока-кола», «Сникерстен» бастап, мыңдаған  шетел-

дік тауарлар Қазақстан нарығында айналысқа еніп, оның атауларына 

көз де үйреніп, құлақ та үйренісіп, күнделікті  тұрмыс-тіршілігімізге 

сіңісті болып кетті. Әрине, бұл да жаһанданудың бір көрінісі, алыс-

жақын шетел өнім атаулары мен кең танымал әлемдік брендтер  атау-

лары отандық өнімдер мен брентерден сан жағынан, әрине, салысты-

руға да келмейді, анағұрлым асып түседі. 

Алайда  Қазақстанда  өндірілетін  тауар  аттарының  тілдік  сипаты 


56

қандай дегенге келсек, тек бір-екі өнім  туралы ғана сөз етеміз. Мы-

салы, ұн – нан  класына жататын өнімдердің мынадай атауларын кел-

тіруге болады: Цесна, Мукатай, Сұлтан, Ақсай нан, Алматинский, 



Ароматный,  Ассорти,  Бабушкин,  Баварский,  Багетта,  Батон,  Бе­

лый,  Бородинский,  Бутербродный,  Городская,  Горчичный,  Дарвиш, 

Деликатесный, Диабетический, Домашний, Достык, Трапеза, Дрож­

жевой, Зерновой, Измайловская, Илийский, Казанский, Калач, Кара­

вай свадебный, Красносельский, Тандырнан, Лепешка, Ақмарал, Май­

ский, Нарезной, Народный, Особый, Отрубной, Пикантный, Пита, 

Казахстанская,  Подмосковный,  Подовый,  Полувыпеченный,  Прези­

дентский, Ржаной, Ромашка,  Российский, Свердловская, Сельский, 

Серый,  Славянская,  Сладкий,  Алейна,Социальный,  Старорусский, 

Столичный, Студенческий,  Сушки, Здоровье, Тостерный, Украин­

ский, Формовой, Фруктовый, Хала,  Цельнозерновой, Чайные, Элит­

ный, Южный.

Мұндай  мысалдарды    өзге  кластағы  отандық  тауар  өнімдері-

не  қатысты  да  келтіре  беруге  болады.  Мысалы,  кондитерлік  өнім-

дер, салқындатқыш сусын атаулары  мыңдап саналады және басым 

көпшілігі  орыс  тілінде  екеніне  көз  жеткізуге  болады.  Біз  танымал 

қазақстандық азық-түлік өндірушілерінің прайс парақшаларын бір-

сыпыра талдап көрдік.  Тауар атауларының тізімінің ішінен  Аста­

на, Рахат, Баян Сұлу,  Әйгерім, Айтыс, Балапан, Махаббат, Гүлдер, 

Қызыл  таң,  Ажар,  Алтын  құм,  Отырар,  Песни  Абая,  Әсем,  Нұр, 

Алатау Астана бөбек, Тойбастар, Тойбастар бөбек, Әсем, Арман,  

және т.б қазақ тіліндегі атаулары көз қуантады. Бірақ олар саусақпен 

санарлықтай. Ал кейбір өнім түрлерінен бірде-бір қазақша атау көре 

алмайсыз. Буревестник, Василек, Вечер, Ласточка, Любимые Бэлис, 



Каприз,, Сафари, Молодежные, Цитрон, Этюд, Для тебя, Желаем 

счастья,  Гармония,    Кипарис,  Рахат,  Северное  сияние  конфеттері 

мен Сарыағаш-тан өзге Буратино, Фантазия, Тархун, Легенда, Здо­



ровячок сусын атаулары шұбырып кете береді. 

Бұл ең алдымен, тіл мәдениетін, өсіп келе жатқан ұрпақтың тіл-

дік талғампаздығын  қалыптастыратын фактор екенін ұмытпауымыз 

керек. Дүкен сөрелеріндегі тауар атаулары Қазақстанда емес, Ресей-

дің бір қаласында жүргендей елес береді. Бұл құбылыс өнімдердің өз 

тіліміздегі атауларына деген немқұрайлы көзқарас қалыптастырады.  



57

Дегенмен,  Қазақстан  өнімдерінің  қайталанбас  ұлттық  бет-бей-

несін  айқындайтын,  этномәдени  семантикаға  бай    мынадай  ата-

уларды  келтіруге  болады:  Астана,  Қазақстан,  Отырар,  Айтыс, 



Тойбастар,    Айналайын,  Ажар,  Рахат,  Баян  Сұлу,  Қыз  Жібек,           

Әйгерім және т.б.  Олар кумулятивтік қызмет атқара отырып, ұлттық 

құндылықтарымыз ды  халықаралық  деңгейде  насихаттау  құралына 

айналуы тиіс. Бұл да елімізді әлемге танытудың бір жолы.

Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның топонимдік 

кеңістігіндегі жағдаятқа талдау

Еліміз  егемендікке  ие  болып,  тәуелсіздік  туын  тігуі  және  қазақ 

тілі мемлекеттік мәртебеге ие болуы, ең алдымен, міндетті түрде  Қа-

зақстан жер-су атаулар жүйесінің ұлттық сипатқа  қайта орала баста-

уына негіз болды.  Ұлттық сананың жаңғыруы  қазақ халқын мәдени, 

әлеуметтік өмірінің барлық салаларында көрініс тауып, ұмыт болған 

салт дәстүрлер рухани болмысты жандандырды. 

Ономастика  саласында  жаңаша  бетбұрысқа  мұрындық  болған  

қазіргі Қазақстан Республикасындағы елді мекен атауларын өзгерту-

дің, реттеудің, қалпына келтірудің  ең алғаш Тұжырымдама жобасын 

академик Ә. Қайдаров пен профессор Т. Жанұзақов жазып,  баспасөз 

бетінде  жарияланып,  кең  қоғамдық  пікір  тудырып,  осы  саладағы 

істің  айтулы  бастамасы  болды.    1990  жылдың  20  сәуірінде  Қазақ 

КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қазақстан Үкіметі жанынан 

Мемлекеттік ономастикалық комиссия құрылды. Осы қаулыдан соң 

Ә. Қайдар мен Т.Жанұзақовтың  «ҚазКСР-індегі Мемлекеттік  және 

әкімшілік  –  территориялық  бірліктердің  атауларын  реттеудің,  елді 

мекендердің аттарын өзгерту және тарихи, географиялық атауларын 

қалпына келтірудің Тұжырымдамасы» және Қазақстан Республика-

сы Үкіметінің  1996 жылғы 5 наурызда  № 281 қаулысымен бекітіл-

ген  «Қазақстан  Республикасындағы  кәсіпорындарды,  ұйымдарды, 

мекемелерді,  теміржол  станцияларын,  әуежайларды,  сондай-ақ  фи-

зикалық-географиялық  объектілерді  атау  мен  қайта  атаудың  транс-

крипциясын  өзгертудің  Тәртібі»  республиканың  барлық  деңгейде-

гі  ономастикалық  комиссияларының  жұмыстарында  басшылыққа 

алынды. 


58

Бұл тұжырымдамада «Қазақстан халқының географиялық атаула-

рын қалпына келтіру, реттеу, қайтадан өзгерту, елді мекен атауларын 

қалпына келтіру  жөніндегі өскелең  талаптарын, сондай-ақ, респу-

бликадағы мемлекеттік және әкімшілік-территориялық объектілердің 

айтылуындағы ономастиканың тарихи, лингвистикалық  және ғылы-

ми принциптерінің елеулі түрде бұзылғандығын ескере келіп, Қазақ 

КСР Министрлер кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық 

комиссия қазақтың ежелгі тарихи, географиялық объектілерінің атта-

рын заңсыз және орынсыз өзгертуді жою, республика территориясын-

да әр атаудың көп қайталануын  реттеу, олардың қазақша жазылуы 

мен орысша транскрипциялануын бірізге түсіру мәселесін қарауды  

қажет деп санайды», - делінген және оның  баптары мен тармақтары  

алғаш рет  елді мекендерге жеке тұлғалардың есімдерін бермеу, бір 

әкімшілік бөлініс шеңберінде  үш реттен артық қайталанбауын т.б.  

регламенттейтін  бағдарлама құжат болды.

Тәуелсіздіктің  бастапқы  кезеңі,  яғни  90-шы  жылдары  бүкіл  Қа-

зақстан аймақтарында тарихи әділеттілікті қайтару мақсатында  он-

даған ірі елді мекен, облыстық орталық, ірі қалалар  мен жүздеген, 

мыңдаған    кент,  ауылдар  мен  аудан,  ауылдық  округ  атаулары    өз-

гертілді, кейбіреуінің бұрынғы тарихи атаулары қалпына келтірілді, 

мысалы, Гурьев – Атырау, Шевченко – Ақтау т.б.  Сондай-ақ, бұрма-

ланып жазылып жүрген  атаулардың орысша транскрипциялары тү-

зетілді, мысалы, Кокшетау (Кокчетав емес), Бурабай (Боровое емес), 



Шымкент (Чимкент емес), Жетысай (Джетысай емес), Шортанды 

(Щучье емес), Бозашы (Бузачи емес),  Талдыкорган (Талды-Курган 

емес),  Кызылорда (Кзыл-Орда емес), Алматы (Алма-Ата емес) және 

т.б.  Мемлекеттік, облыстық, жергілікті ономастикалық комиссиялар-

дың жүргізген қыруар жұмыстарының арқасында мыңдаған бұрма-

ланған атаулардың ұлттық үрдіске сай орфографиясы  түзетілді, мы-

салы, Аблакетка – Абылайтекен, Калагир – Құлаайғыр, Чурбай­Нура 

– Шерубай –Нұра, Ктай – Ақтай т.б. 

Егемендік алған жылдардан бері Республиканың ірілі-ұсақты бар-

лық елді мекендері топонимикасында да орасан зор өзгерістер болды. 

Қазақ халқының өткен тарихында із қалдырған, жеріміздің тұтастығы 

мен азаттығы үшін күрескен хандар мен батырлардың, ақын-жырау-

лар мен би, шешендердің, қуғынға ұшыраған Алаш қозғалысы қай-



59

раткерлерінің  есімдері  қалаларымыз  бен  ауылдарымыздағы  көше, 

алаңдарға  берілді.  Мәселен,  Алматы  қаласының  өзінде  орталық 

көше мен даңғылдарға Абылай хан, Наурызбай батыр, Қабанбай ба­

тыр, Қазыбек би, Бұхар жырау, Қарасай батыр, Сүйінбай ақын т.б. 

көптеген қайраткер есімдері берілді. Алғашында өткен өмірдің елесі 

ретінде  қазіргі  заманауи  қала  концепциясында  үйлесім  таппай,  та-

рихи анахронизм сияқты қабылданады деп наразылық білдірушілер 

де болды. Алайда уақыттың өзі таразы демекші, он-он бес жылдың 

ішінде  бұл  атауларға  қала  тұрғындарының  да  құлақтары  үйреніп, 

ешбір қиындықсыз үйлесім тауып, заманауи атаулар ретінде қабыл-

данып отыр. Жас елордамыз Астананың да орталық даңғылдары мен 

алаңдары Тәуке хан, Қазыбек би, Әбілхайыр хан т.б. сынды атаулар 

қала сәулетімен сіңісіп, бірден үйлесім тапты деуге болады.



Жаһандану  жағдайындағы  ұлттық  ономастика.  Әлемдік  ақпа-

раттық кеңістікте  жаһандану үдерісі етек алуы ұлттық топонимикаға 

оң және кері әсер ететіндігі ақиқат. Қалаларымыздың тілдік ландшаф-

ты  әлі күнге орыс тілі, графикасы, жалпы мәдениетінің ықпалынан 

толық шыға алмай келеді.  Оның үстіне  жаппай жаһандануға байла-

нысты орыс тілінен өзге, ағылшын, қытай, кәріс тілдерінің әсері де 

күшейіп  отыр.  Бұл  үдеріс  негізінен,  қала  ономастикасына  қатысты  

болып келетіндігін айту керек.  

Қазіргі  Қазақстан  ономастикалық  кеңістігінде  оң  өзгерістер  мен 

қатар жаһандану, американдану, вестерндену үрдісі айқын байқалады. 

Мемлекеттік тілде қойылған атаулар, түрлі мекеме маңдайшаларын-

дағы атаулар, визуалды сыртқы жарнама құралдары санада мықтап 

орнығады. Сондықтан ұлттық сананы, ұлттық идеяны қалыптасты-

руға, әсіресе, қала іші ономастиканың дені мемлекеттік тілде, ұлттық 

үрдісте қалыптасуы кезек күттірмейтін шаралар қатарына жатады.

Еліміздің  қалалары  мен  ірі  елді  мекендерінің  ішкі    кеңістігінде, 

көше,  ғимараттарында  ағылшын  тілді  маңдайшалар  көптеп  кезде-

седі. Олар  түрлі сауда-саттық, ойын-сауық кешендері, супермаркет, 

мейрамхана,  жүздеген  компания,  акционерлік  қоғамдар  мен  фирма 

атаулары шет елге еліктеп, ағылшын тіліндегі немесе қазақ тілінде-

гі атаулар ағылшын графикасымен таңбаланады. Әсіресе, еліміздегі 

ірі қаржы институттары, банктер, сондай-ақ, қызмет көрсету меке-

мелері т.с.с. өзге тілде ат қоюға үйірсек келеді. Қала көшелеріндегі 


60

маңдайшалар  мен  көрнекі  құралдардың  мазмұндарының  космопо-

литтік  сипаттың  басым  болып  бара  жатқандығына  мысал  ретінде 

Сити  центр,  Мегацентр,  Силк  Уэй  (бәрі  ағылшын  графикасында 

орындалған) тәрізді кешен атауларын келтіруге болады. Мұны қала 

топонимиясындағы жаһандану үрдісінің кері ықпалы, американдану, 

батыс еуропалық құндылықтарға мойынсұну, шамадан тыс еліктеу-

дің әсері деп есептейміз. Өз кезегінде бұл фактордың ұлтжандылық, 

патриотизмдік сезімді, өскелең ұрпақты ұлттық негізде тәрбиелеуге 

кері әсер етері сөзсіз. 

Астана және Алматы қалаларының ономастикасындағы

 кейбір мәселелер

Астана  қаласының    тұрғын  үй  кешендері    атауларының  жалпы 

саны  490,  оның  ішінде  қазақ  тіліндегі  257  атау,  орыс  тіліндегі  233 

(ішінара шеттілдік атаулар кириллицамен берілген), ағылшын тілін-

де, латын графикасымен 49 атау берілген, яғни 10 пайызы.

Тұрғын кешен атауларының семантикасына назар аударсақ, Аста-

на қаласында кездесетін қазақ тіліндегі атаулар: Алтын Бұлақ, Алтын 

Ғасыр, Алтын Жиек, Алтын Қорған, Алтын Ұя, Жайдарман, Елімай, 

Еңлік, Еркежан, Арман Қала, Әсем Қала, Атамекен және т.б. 

Ал орысша атауларға келсек олар, Венский квартал, Английский 



квартал, Верный, Версаль, Визит, Виктория, Возрождение, Време­

на года, Гармония, Городской романс, Гранд Астана Элит,  Замеча­

тельный, Звезда Астаны, Зелёный квартал  және т.б. Бұл атауларда  

қазақша және шеттілдік  аралас элементтер көп кездеседі екен.

Латын  графикасындағы  ағылшын    тіліндегі  атаулар:  Premier 

Palace,  Millennium  Park,    Barselona,  Arman  De  Lux,  Akbulak  Hills, 

Grand Alatau, Golden Towers, Rixos Khan Shatyr,  Краун плаза, Англий­

ский квартал, Французский квартал және т.б.

Алматы  қаласы  бойынша  да  тұрғын  үй  кешен  атауларының  тіл-

дік бейнесі осыған жақын келеді, бірақ жалпы сан жағынан басым 

келетіндігі белгілі.  Ағылшын тілді атаулардың сипаты Apple Town, 



Dostyk Residence, Esentai Palace, Royal Gardens деп кете береді. 

Салыстыру мақсатында Мәскеу қаласының тұрғын үй кешен атау-

ларының тілдік сипатын байқап көрдік, олардың санына жете алмай 


61

кеттік,  мың жарымнан едәуір асып түседі. Бірақ бізді таңқалдырға-

ны,  ағылшын  тіліндегі  атаулар  шашамен  5-7  пайызға  әрең  жетеді 

екен. Негізінен таза орыс тіліндегі төл атаулар, оның ішінде Мәскеу 

қаласының тарихи жерлері қайталанып келетін немесе поэтикалық, 

көркем атаулар көптеп кездесетінін көруге болады. Мысалы, Князь 



Долгоруков, Спасские ворота, Пречистенка, Малиновый ручей, Ма­

рьина роща, Чеховский посад, Снегири, Назарьевские пруды, Лазо­

ревый  проезд,Ботанический  сад,  Ольховка,  Новое  Ступино,  Белые 

росы,  Мытищи,  Новое  Медведково,  Высокие  Воробьи,  Дом  у  ручья  

және т.б. Мәскеуліктердің тарихи, мәдени, эстетикалық, жалпы ұлт-

тық танымын айқындап тұр.

  Жарайды,  мұны  жаһанданудың  лебі  делік,  одан  айналып  өткен 

бірде-бір  мемлекет  жоқ  шығар.  Бірақ  Алматыдағы  негізінен  таза 

ағылшын  тілінде  қолданылатын  эргонимдердің  арасында  қызмет 

көрсету нысандарының, оның ішінде түрлі фитнес клубтарының ат-

тары біздің назарымызды еріксіз аударды.  Олардың басым көпшілігі 

тек ағылшын тілінде  келеді екен. Мысалы, бір сөзбен келетін ата-

улардан өзге  келесі үлгідегі күрделі атаулар көп кездеседі: Crossfit 



Brute  Force  (Кроссфит  Брут  Форс),  Fideliti  Helt&Spa  (Фиделити 

Хэлс энд Спа), Invictus Fitness&Crosfit (Инвиктус Фитнес Энд Кросс­

фит), Vira Bhadra Yoga Rooms (Вира Бхадра Йога Румс. Бұлардан кім 

не түсінеді? Қатардағы қала тұрғындарының барлығы бірдей оқи да, 

түсіне де алмайды. Бізге әйтеуір фитнесс сөзі ғана таныс. 

Осыған ұқсас пікірді жаңаөзендік М.Лұқпан деген азамат та айта-

ды: «Жаңаөзендік құрылыс мекемелерінің атауы аталғанда құлаққа 

жағымды,  жүрекке  жылы  тиетіні  анық.  Мысалы,  құрылыс  жұмы-

старын жүргізетін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден «Жер-

Су»,  «Жақ-Жал»  (Жақсылық-Жалғас),  «Құрылыс  монтаждау  ЖК», 

«Өзен құрылыс», «Алғыс», «Өркен-1» деген сияқты атаулармен ата-

лады.  Ал  Ақтаудан  келіп  құрылыс  жұмыстарын  жүргізетін  кейбір 

жеке  серіктестіктердің  атауынан  ат  үркеді.  Шынын  айтқанда,  әлгі 

мекемелердің атын атауға жетекшілерінің де бірден тілі келмей қала-

тын шығар. Маңдайшадағы атын бірден оқып түсіну мүмкін емес. Ал 

мағынасының қалай екенін екінің бірі біле бермейді. Оған көз үйрен-

беген басқа қаріптермен бізге жат тілде жазылғандығы себеп болып 

отыр. Сондықтан ондай атаулар жалпы жұрттың есінде қала бермей-



62

ді. Мысалы, «NEW dynamic sistem» ЖШС, «Caspian Dive Services» 

ЖШС,  «Design  School»  деген  ЖШС-лардың  атауынан  не  түсінуге 

болады? Бұлардікі тек қана өзгелерге еліктеу сияқты. Әйтпесе, бұл 

компаниялардың қожайындарына мекеменің атауын осылай ата деп 

ешкім зорлық жасамаған шығар».  Бұл – тек ірі қаладан тыс шағын 

қалалардағы эргонимдердің қолдану  ахуалын  қатардағы қарапайым 

азаматтың көзімен көрсететін шындық.

 Расында, бұл атаулардың ең болмағанда санын азайтуға болмас 

па  екен?  Айтпағымыз,  еліміздің  екі  мегаполисінің  ономастикалық 

кеңістігі, тілдік ортасының мазмұнын, атаулар репертуарын ұлттан-

дыруға ұмтылу керек. 



63

ҚОСЫМША 


Ұсынымдық сипатта беріліп отырған атаулар

ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты

(өзге қоғамдық­гуманитарлық институттар

 ұсынымдары негізінде)

ТАРИХИ ЖЕР­СУ АТАУЛАРЫ

1. 


Ұлы дала Елі – түркі тектес халықтардың, соның ішінде, қазақ 

халқының    ғасырлар  бойы  қалыптасқан  материалдық  және  рухани 

құндылықтарының, этномәдени жүйесінің тарихи және табиғи тұр-

паты;


2. 

Мәңгілік Ел – қазақ елінің ұлттық идеясы;

3. 


Нұрлы  жол  –  Қазақстанның  жаңа  кезеңде  мақсатты  даму 

бағдарламасы; 

4. 

Қазақстан – Орталық Азия мен Шығыс Еуропада орналасқан 

мемлекет;

5. 

Тәуелсіздік – әр халықтың дербес мемлекет ретінде өмір сүруі,  

қазақ халқы үшін бұл ұғым аса қымбат;

6. 

Астана – Қазақстан Республикасының астанасы;

7. 


Алтын Орда – қазіргі Қазақстан жеріндегі іргелі мемлекет ата-

уы, Қазақ хандығы осы мемлекеттің мұрагері болды;

8. 

Сарыарқа – Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және 

табиғи-тарихи аймағының бірі;

9. 

Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қа-

ланған. Ақ Орданың астанасы болған;

10. 

Сарайшық – орта ғасырлық қала, Алтын Орданың ірі сауда 

және экономикалық орталығы болған;

11. 

Сығанақ – ортағасырлық қала, Ақ Орданың астанасы болған;

12. 


Түркістан – ортағасырлық қала, Қазақ хандығының астанасы 

болған;


13. 

Тұран – Түркістан өлкесінің көне атауы;

14. 


Ұлытау  –  Сарыарқаның  оңтүстік-батыс  бетінде  орналасқан 

тау, хандар ордасы;

15. 

Алаш – қазақ халқының байырғы және ұлт-азаттық қозғалы-

сының атауы;



64

16. 


Ақмола – тарихи қала, өңір;

17. 


Алматы – Қазақстандағы ең ірі қала, мәдени орталық;

18. 


Алакөл – Қазақстанның шығысындағы ірі көл; 

19. 


Алатау – Жетісудың оңтүстік бетіндегі тау жүйесі;  

20. 


Алтай – Азия құрлығының орта тұсындағы тау жүйесі, түркі 

халықтарының тарихи мекені;

21. 

Ақмешіт  –  Қазақ  АССР-інің  тұңғыш  астанасы,  қазіргі         

Қызыл орда қаласының бұрынғы  тарихи атауы;

22. 

Аңырақай – қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы 

азаттық соғысына бетбұрыс жасаған 1729 жылғы ең ірі шайқасының 

атауы; 

23. 


Арал – Қазақстанның оңтүстік-батысындағы ірі көл;

24. 


Алтынемел – Жетісу өңіріндегі тарихи мекен;

25. 


Аягөз – Шығыс Қазақстандағы ірі өзен;

26. 


Орбұлақ – қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы 

азаттық соғысындағы ірі жеңісінің атауы;

27. 

Мұғалжар  –  Қазақстанның  батысындағы  тау  сілемі,  мұнда 

көне дәуірдегі тарихи кешендер сақталған;

28. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет