Алтын сандық Пәндер интеграциясы
Жылдар
2011
2015
2020
Сәкен Сейфуллин шығармашылығы
Ү. Қорытынды
«Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел үшін еңіреген ер, қайтпас қайсар күрескер. Сәкен – өлеңнен өрнек өрген ақын,
қара сөздің сиқырын игерген прозашы. Сәкен – тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтын сырлы да сазды әндер
шығарған талантты композитор.
Рас, Сәкен өз заманының саясатына қызмет етті, сол кездегі жаңа құрылған қоғамның болашағына сенім артты. Бірақ, ол –
өз халқының болашағына деген сенімі еді. Егер ол тірі болса, бүгін, сөз жоқ, өзіне тән өткірлікпен, от пен судан
қорықпайтын батырлықпен тек халық мүддесі жағында ғана тұрар еді» Н.Ә. Назарбаев
Үйге тапсырма: “Сәкен- лирик ақын” тақырыбында реферат жазу.
Тірек конспектісін жазу. Бағалау.
* * * * *
99
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: М.ӘУЕЗОВТІҢ
«ҚАРАШ-ҚАРАШ ОҚИҒАСЫ» ХИКАЯТЫНАН ҮЗІНДІ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Қаржауова Арайлым Жасенқызы
Пәні: Әдебиет Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді.
Білімділік: «Қараш-Қарақ оқиғасы» хикаятының мазмұнына, кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып,
Бақтығұлдың прототипі Рысқұлдың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасату.
Тәрбиелік: Хикаят мазмұны арқылы адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа,
қайсарлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушы ойын белгілі бір мәліметтер арқылы дәлелдеуін, кейіпкердің іс-әрекеттеріне сай баға бере білуін,
өз ойын ашық жеткізе білуін дамыту.
Түрі: Қорыту-жинақтау сабағы.
Типі: Проблемалық оқыту.
Жаңа технология: Дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау.
Әдіс-тәсілдері, стратегиялар: проблемалық сұрақтар, іздендіру, баяндау, сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту, терме диктант,
ой шақыру, топтастыру.
Көрнекілігі: Слайдқа салынған суреттер, сызбалар, бейнефильм, портреттер.
Пәнаралық байланыс:
1.
Қазақстан тарихы: «Т.Рысқұлов»
2.
Әдебиет: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»
3.
Қазақ тілі: Терме диктант.
4.
Кино өнері: «Асуда атылған оқ»
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасы.
Жазушы, ірі суреткер, ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз М.Әуезов жайында айтылған естелік ой-пікірлер туралы ізденіп жазып
келу.
1.
З.Қабдолов: «Мұхаң - әрі жазушы, әрі ғалым, әрі ұстаз, әрі қоғам және мемлекет қайраткері. Ол осының бір де
бірінде осалдық көрсетпеген, бәрінде де орасан күшті, бәрін де қатар және тең ұстаған адам. Ол ғажайып бүтіндіктің, «сегіз
қырлы, бір сырлылықтың», Абайша айтқанда «Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісімнің» үлгісі болатын.
2.
Ш.Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет
тұтып өзіммен бірге қастерлей ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», Бірі – Мұхтар Әуезов».
3.
Сырбай Мәуленов, «Мұхтар асуы».
Жайылып кең құшақтардай,
Ірілік мінезіңмен,
Мінбелерге көтерілдің,
Кесек турап, ұсақтамай.
Шығарса атыңды Абай,
Шығардың атын оның.
Сөнбейтін ақындардай,
Өлмейтін батырлардай,
Өмірде жатыр жолың...
4.
Сәкен Жусуев (қырғыз ақыны)
Көп жүрдіңіз қырғыздың айылында,
Көп ойланып қазақтың арасында.
Құмар болып талай күш, талай жырға,
Көтердіңіз Қырғыздың «Манасын» да,
Көтердіңіз қазақтың Абайын да...
М.Әуезовке арналған ақын-жазушылардың ыстық ықылас сезімдері мен өшпес махаббаттарынан туған дүниелермен
таныстық.
ІІІ. Жаңа сабақ: М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятынан үзінді.
Өткен сабағымызда М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятының мазмұнымен танысып, тараулары бойынша
бөлімдерге бөліп, тақырып қойған болатынбыз. Бүгін осы шығарманың мазмұнына, кейіпкерлерінің іс-әрекетіне, тілінің
көркемдік ерекшелігіне талдау жасаймыз. Ол үшін алдымен шығарманы еске түсіріп өтейік.
ІҮ. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» стратегиясы.
Кинофильмнен үзінді көрсету арқылы өтілген материалды еске түсіреміз.
1. Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қызғызфильм» киностудиялары бірігіп түсірген
«Выстрел на перевале» (Асуда атылған оқ») көркем фильмі.
2. Фильм кімнің, қай шығармасы желісі бойынша түсірілген?
М.Әуезовтің «Қ-Қ о» повесі негізінде түсірілген.
3. М.Әуезовтің бұл шығарманы жазуына не себеп болды?
Оқиға аса дәулетті және белгілі байлар басқарған рулардың арасында ұдайы талас-тартыс өршіген таулы ауылдарда
ХХ ғасырдың бас кезінде өтеді. Жарасбайға адал қызмет етуге тырысқан Бақтығұл кедей, байдың бұйрығы бойынша
өзімен араз байдың жылқысын айдап әкетеді. Алайда, Жарасбай қастандығының нәтижесінде Бақтығұлды кедей байлардың
сотына береді, олар түрмеге қамау туралы үкім шығарады. Бірақ Бақтығұл қашып кетеді де, Қараш асуында Жарасбаймен
есеп айырысады. Міне, Бақтығұлдың яғни, Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты
100
жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарады.
5.
Хикаяттың негізгі тақырыбы қандай?
Хикаятта Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының айқын картинасы, таптық сананың ояна бастағаны сезіледі.
Ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.
6.
Шығарманың негізгі идеясы қандай?
Жазушы Бақтығұлдың тағдырын суреттей отырып халықтың әділетсіздікке қарсы тұра алар қайраты мен биік рухын,
жігерін көрсеткен. Хикаяттың басты идеясы осы.
Ү. Мағынаны тану бөлімі.
Бұл бөлімде түрлі түсті ұяшықтардың астында жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша
шығарманың проблемасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әңгімелесеміз.
1.
Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр?
2.
Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3.
Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Барымта деген не?
4.
Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
5.
Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
6.
Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
7.
Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
8.
Бақтығұл Жарасбай болыстан неге пана іздеді, сондағы мақсаты не еді?
9.
Бақтығүл өзінің қателескенін қашан түсінді?
10.
Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
11.
Шығарма неге «Қ-Қ о» деп аталған?
12.
Повесть деген не?
ҮІ. Бақтығұл бейнесін ашу. Мәтінмен жұмыс.
1.
Бақтығұлдың портреті. Бақтығұл өзі кесек, балуан денелі, иықты, кеуделі келген. Қалың тік қара мұртты.
2.
«Топтастыру» стратегиясы арқылы Бақтығұл кім, қандай деген сұрақтарға жауап беру арқылы
топтастыру.
Жылқышы
Намысшыл
Қорғансыз
Аңғал
Бақтығұл
Панасыз
Батыл
Шыдамды
Сенгіш
Кек алушы күрескер
Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Сорлы
Еңбекқор
3.
Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері, монологтары арқылы Бақтығұлдың
бейнесін, жан дүниесі, психологиясын көрсету.
А) Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып-өсіріп, қысы-жазы байдың жылқысының соңында
болды. Жиырма жыл бойы Сәлменнің жылқышысы болды. (Бұнда Бақтығұл жылқышы, еңбекқор, байдың малайы екенін
көреміз)
Ә) Күздің ұзақ түні мынау. Қазір алған малмен соқтырып кетсем, таң атқанша ұзап кетем. Осы жауын ізімді шаяды. Түк
алмай қайтпақпын ба? Қаңғырып жүріп, қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? (Аш, күдікті, ой үстінде, ұйқы көрмеген
Бақтығұл)
Б) Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау? Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді! Енді сүйенетін кісі
таппай болмас. (Налыған, өмірден әділдік іздеген, қорғансыз жан)
В) Бағымды осымен де бір сынап көрейінші. Қозыбақ ауылының атаған абақтысынан құтқарса, осы құтқарар болар ма?
(Үміттенген, не айтса да көнуге дайын Бақтығұлды көреміз)
Г) Мына сияқты итшілеп жүрген тіршіліктен біздей кісіге өлсек те, түк етпейді екен. (Жау дүние, мейірімсіз тіршілікке
суынған, кегі қайнаған Бақтығұлды көреміз)
Ғ) «Мен бүгін бір бұғы атып келемін». (Дерт пен ызадан құлантаза сауыққан, сергіп ойнақшыған кейіпкерді көреміз)
ҮІІ. Тіл шеберлігі. Терме диктант. Шығарманы оқи отырып, М.Әуезовтің адам психологиясын, сезімін, қоршаған ортаның
сұлулығын суреттеудің шебері екеніне тағы да көзіміз жетіп отыр. Бұған дейін де «Көксерек» әңгімесімен, «Абай жолы»
романынан үзіндімен танысқанда бұған көзіміз жеткен болатын. Ендеше осы шығарманың тіліне де талдау жасап өтейік. Ол
үшін терме диктант жүргіземін. Тақтада сөз тіркестері берілген, сендер ішінен бір бағанға эпитетті, бір бағанға теңеулерді
теріп жазыңдар.
Балаша құшақтады, қаңбақтай сезінген, кескен теректей, әлсіз жүзін, сотқар бай, арыстандай арысым, қара түн,
қаскөй дауыл, аш қасқырдай бұралып, сорлы күй, қой торыған бөрідей, оң шырай, суық жүз, бетке соққан қамшыдай,
буалдыр күңгірт күз.
Терме диктант
Эпитет
Теңеу
Эпитет деген не? (Заттың құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету)
Теңеу деген не? (Көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу)
ҮІІІ. Сабақты бекіту. «Тұжырым кестесі». (Шығарманың оқиғаларына сүйене отырып, кейіпкерлердің
іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасаймыз. Ол үшін кестені толтырамыз.
Кейіпкер
Адами қасиеттері
Жарасбай
Сәлмен
Қатша
101
Тектіғұл
1.
«Мөлтек сыр». Сенің ойыңша Әуезов әлемі қандай?
1.
Әуезов шығармаларының мәңгілігін танып, өшпес тарихи мұра екенін білдім.
2.
Мұхтар деген аттың бізге соншама ыстық, қазақ елінің мақтанышына айналған есімге құрметпен қараймыз.
3.
Әуезовтің қиял ойы шексіз терең.
4.
Қазақ әдебиетінің дүниежүзілік аренаға шығуы Әуезов шығармаларының арқасы екенін толық түсініп білдік.
5.
ХХ ғасырдың басында өткен қазақ ауылының айқын картинасын суреттеуші.
6.
Әуезов – ұлы жазушы, ғалым, шешен, зерттеуші.
7.
Әуезов – тілге мейлінше бай жазушы.
ІХ. Сабақты қорытындылау. Міне, оқушылар біз бүгінгі сабағымызда осы шығарманың мазмұнына, кейіпкердің іс-
әрекетіне, тілінің көркемдік ерекшелігіне тоқталып, талдау жасадық. Осы шығармадағы басты кейіпкер Бақтығұлдың
өмірдегі прототипі Рысқұл екенін өткен сабақта айтқан болатынмын.
Прототип – көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Тарихи тұлға
Жылқайдаров Рысқұл – Тұрардың әкесі. Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған
Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Бақтығұлдың
інісі Тектіғұл – Молдабек,
Баласы Сейіт – Тұрар, Қатша – Тұрардың анасы Ізбайша, Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров. Өздерің байқағандай
Рысқұл оқымаған болғанымен көкірегі ояу, еті тірі, пысық, тындырымды адам болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен
ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орын тауып отыр. 6-сыныпта өткен «Тұтқын балада»
Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр.
Х. Үйге тапсырма «Автор орындығы» «Егер автор орнында мен болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға
жауап беру.
ХІ. Бағалау.
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: «МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР»
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Садихова Алма Садихқызы
І. Сабақтың тақырыбы: «Мақал-мәтелдер»
ІІ. Сабақтың мақсаты:
1.
Білімділігі: мақал-мәтелдердіңғасырлдар шежіресі екенін ұғындыра отырып, өзара ерекшеліктерімен түсіндіру,
мақал-мәтелдердің шығу тарихынан мәлімет беру.
2.
Дамытушылығы: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, шығармашылық қабілетін дамыту.
3.
Тәрбиелілігі: мақалмен мәтелдің мамұнын талдай отырып, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, тапқырлыққа,
шешендікке, тіл шеберлігіне тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: танымды сабақ.
ІV. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру, қоырытындылау т.б.
V. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (сынып оқушыларын түгендеу, ысыныптың сабаққа дайындығын қадағалау)
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далдам тілі-өз тілім,
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім.
Кезекті қазақ тілі сабағын бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тұрақты сөз тіркестері. 119-жаттығу.
Қызығушылықты ояту. Төмендегі мысалдарды мұқият тыңдап, тұрақты сөз тіркестерімен жауап беріңдер.
1.
Еңбек пәнінің мұғалімінің білмейтіні жоқ; бәрін де өзі істей алады. Олсуретші де, ол ағаш шебері де. Музыкалық
аспапатарда ойнап, тамаша би билейді. Ондай адамды бір сөзбен қандай адам деп атауға болады?
(сегіз қырлы, бір сырлы немесе он саусағынан өнері тамған).
2.
Болаттың жақсы досы бар.Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі айтып отыруды не дейді?
(аузынан тастамау)
ІІІ. Қайталау-оқу анасы (сұрақтар арқылы өткенді пысықтау).
Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
Омомнимдер дегеніміз не?
Синонимдер дегеніміз не?
Антонимдер дегеніміз не?
Табу сөздер жеген қандай сөздер?
Эвфемизм мен десфемизмнің айырмашылықтарын ата.
Тепсе темір үзеді, қас пен көздің арасында, бармағын тістеді, жүрегінің түгі бар-тұрақты сөз тіркестерінің
баламасын айт.
ІV. Жаңа сабақ. Оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда мақал-мәтелдер тақырыбына тоқталамыз. Сіздер кішкене
кездеріңізден халық ауыз әдебиетінің кәусар бұлағымен сусындап, соның ішінде мақал-мәтелдерді естіп, жаттап келесіздер.
Олай болса, әдебиеттен халық ауыз әдебиетінің бір саласы – мақал-мәтел туралы, олардың тақырыптарын есімізге түсірейік.
Еңбек туралы
Отан, туған жер, Ерлік, батырлық туралы
халық туралы
102
Ынтымақ,
бірлік туралы Достық туралы Оқу, білім, өнер
туралы
-Бәрекелді,оқушылар, өте көп мақал біледі екенсіңдер, ендеше бүгінгі сабағымызда мақал-мәтелдердің анықтамасын біліп,
олардың айырмашылығына тоқталамыз. Кәне, бәріміз, экранға зер саламыз.
Мақал Мәтел
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ой-пікір бейнелі, тұспалдап айтылған
жасайды, яғни айтар ой түсінікті ишара түрінде болады, оны оқығанда
болады. бірден түсіне қоймайсың, әбден ойланып,
1.
Әке көрген оқ жонар, тұжырым жасайсың.
Шеше көрген тон пішер 1. Біреу тоңып секіреді,
2.
Үлкенді сыйласаң-қадірлі боласың, Біреу тойып секіреді.
3.
Кішіні сыйласаң-құрметті боларсың 2. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.
Венн диаграммасы
V. Кітаппен жұмыс.
124-жаттығу, 56 бет. (жазбаша)
125-жаттығу 57 бет (ауызша)
VІ. Мақалбай атайдың сұрақтарына жауап берейік (жауап мақал-мәтел түрінде болу керек)
І-топқа 1.Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? Көз-қорқақ, қол батыр
ІІ-топқа. 1.Тауықтың түсіне не кіреді? Тауықтың түсіне тары кіреді.
ІІІ-топқа 1.Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? Ер бір рет, қорқақ мың рет өледі
Асты сызылған сөздерге дыбыстықталдау жасаңдар.
VІІ. Мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін анықтап, үш тілдегі баламасын табу керек.
І-топқа. ІІ-топқа ІІІ-топқа
1.Құлақтан кірген ...... 1.Бас кеспек болса да, 1. Ілім-бұлақ,
Жүрекке барып мұз болар. .... кеспек жоқ .... - шырақ
(сөз-слова-word) (тіл-язык-language)(білім-знание-knowledge)
2.Таза мінсіз асыл .... 2. Сөз анасы – құлақ,2. Жігіт бір сырлы,
Су түбінде жатады, ..... анасы – бұлақ. ..... қырлы
Таза мінсіз асыл сөз, (су-вода-water) (сегіз-восемь-eight)
Ой түбінде жатады. (тас-камень-stone)
VІІІ. Грамматикалық мақсаттағы жаттықтыру жұмыстары.
І-топқа.
-Үндемеген неден құтылады?
-Пәледен
-Қоян неден қорқады?
-Көлеңкесінен
ІІ-топқа.
-Неден от шығады?
-Ойыннан
-Асыл неден шығады?
-Тастан
-Ақыл кімнен шығады?
-Жастан
ІІІ-топқа.
-Таяқ неден өтеді?
-Еттен
-Сөз неден өтеді?
-Сүйектен.
ІХ. Сергіту минуты. Қалай дер едіңдер?
-Есік алдындағы қалың қарды арырақ күреп тастаңдар, күн жылынса былғаныш болар,-деді тәрбиеші апай.
-Осынша қарды қалай күреп бітіреміз,-деп күбірлесті балалар.
Жабылып келіп кірісіп еді, жұмыстың қалай аяқталғанын да сезбей қалды. Бұны көрген тәрбиеші не деген мақал айтты деп
ойлайсыңдар? (көз-қорқақ, қол-батыр немесе жұмыла көтерген жүк жеңіл)
Х. Бекіту. «Мақал қалай шықты?» Ертеде еріккен хан уәзірлерін шақырып:
-Ертеңге дейін маған мақал шығарыңдар. Егер бұйрығым орындалмаса, бәріңнің де бастарыңды аламын,-депті. Уәзірлер не
істерін білмей дал болыпты. Көшеге шығып, бір адамды ұстап алыпты да:
-Тез, бізге бір мақал шығарып бер,-депті. Әлгі адам мақал шығара алмапты. Бірақ өз жандары үшін дал болған уәзірлер оны
өзенге апарып, суға батыра бастапты. Әлгі сорлының жаны көзіне көрініпті, әбден жаны қиналған адам:
-Мені ханға апарыңдар. Сендерді де, өзімді де өлімнен құтқарамын,-депті. Уәзірлер оның айтқанын орындапты. Сондағы
шыққан мақал мынау екен:
«Көп қорқытады, терең батырады...» Сондықтан мақал-мәтелдер жайдан-жай емес, өмірлік тәжірибеден
алынатындағына көздеріңіз жетті ме? Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Мақалдың да мақалы бар» дегендей, төмендегі
мақалдар сендерге өмірлік серік болсын.
Соғыста мылтық қандай керек болса, өмірде білім сондай керек.
Білімнен қуатты күш жоқ.
Біліммен қаруланған адам жеңілмейді.
ХІ. Гипертекс арқылы оқушыларға мәтін тыңдату. Мақал-мәтелдерді сүйіп оқып, көңілдеріңі тоқып жүрсеңдер,
сендердің де тілдерің байып, сөйлеген сөздерің сұлу, әсерлі шығады. Өздеріңе ұнаған, жандарыңа жақын мақал-мәтелдерді
күнделіктеріңе жазып жүріңдер, кейін пайдасы көп тимек.
ХІ. Бағалау.
ХІІ. Үй тапсырмасын беру. 134-жаттығу, 58-бет. (мәтін құрау, іщінде міндетті түрде мақал-мәтел болсын)
* * * * *
103
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АБАЙДЫҢ ОТЫЗ БІРІНШІ ҚАРА СӨЗІ
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Таласова Алмагүл Жұмағазықызы
Қазақ әдебиеті. VІ б сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Абайдың отыз бірінші қара сөзі.
Сабақтың мақсаты: білімділігі: Оқушыларға ұлы ақынның шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, қара сөздерінің
адам өмірінде алатын орнын ұғындыру.
Тәрбиелігі: Абай шығармаларынан ғибрат алуға, адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын, сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.
Қара сөздерін оқуға қызығушылықтарын туғызу
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ Әдісі: түсіндіру, талдау, салыстыру, сұрақ-жауап
Жаңатехнология: СТО, АҚТ
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, Абайдың өмірі мен еңбектері туралы Сызба, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Мұхтар Әуезов: «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол біздің де үнге қосылып,
жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Абай туралы не білдім?» «Шоқпардай кекілі бар, «Ат – ер қанаты»
қамыс құлақ» өлеңімен жұмыс шығарма жұмысы
ІІІ.Мағынаны тану
1.
Топтастыру
Ғұлама ойшыл
Ұлы ақын
сазгер
дастаншы
Абай
ағартушы
аудармашы
шыншыл, сыршыл
ақын
Аудио оқу кұралы арқылы Абайдың бірінші қарасөзін тыңдату. Қара сөз жазудағы мақсаты жайлы түсіндіру.
31 қара сөзін түсіндіру.
Абайдың отыз бірінші қарасөзі
Идеясы
Әдеби жанры
Ақылды болуды насихатттау
Публицистика
Естілген нәрсені 1. Көкірегі байлаулы берік болмақ керек
ұмытпастыққа 2.Сол нәрсені көргенде, я естігенде ғибрәтлану
4 түрлі себеп бар
керек
3. Сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап ойланып,көңілге бекіту керек.
4. Ой кеселді нәрселерден қашық болу керек
1. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға қара сөзді мәнерлеп оқыту, түйінді сөздерін айтқызу.
Сұрақтар: 1. Абай айтқан сөзінде қандай кеңес айтқан?
2. Хрестоматиядан 19 қара сөзді оқу. Мағынасын ашу. Оқушылардан қара сөз туралы сұрау.
Венн диаграммасы. Он тоғызыншы сөз. Отыз бірінші сөз
1. Адамның есті Үндестігі болуының жолдары.Абай екі қара1.Адамның
2.Ақыл кеңесі сөзде де адамныңестіген нәрсені
естілердің айтқан сөзін есті болуына қажеттіұмытпауының себептері
-ескеріп жүрген адам іс-әрекеттерді талдап2.Ақын кеңесі.
есті болады , түсіндіреді.
-естілерден .
естіп білгенАқын адамның естіген нәрсесін естенәрсесін есте
жаман дегеннен сақтанса сақтаудың 4 себебі
іске жарайды бар екенін айтады
1. Көкірегі байлаулы берік
болмақ керек
2.Сол нәрсені естігенде я
көргенде ғибрәтлану керек
3.Сол нәрсені ішінен қайталап
ойланып, көңілге бекіту керек.
4.Ой кеселді нәрселерден қашық
болукерек
Достарыңызбен бөлісу: |